Дипломдық жұмыс Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану Дайындаған: Жетекшісі: жоспар



бет11/18
Дата18.11.2023
өлшемі0.52 Mb.
#483628
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Дип.-Кәсіпорынның-негізгі-капиталын-пайдалану

Ескертпе - "Жамбылгипс" АҚ-ның мәліметтері бойынша есептелінді

Қолда бар жалпы кәсіпорын активтерінің табыстылығын есептейтін болсақ есепті , өтекен кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда 26 мың теңгеге азайып, 4,6 мың теңге құрап отыр.


Негізгі құралдарының табыстылық деңгейі талдап қарасақ, есепті жылы негізгі құралдардың 1 теңгесіне шаққандағы табыс көлемі 24,53 теңгені құраса, базалық жылы бұл көрсеткіш 6,07 теңге болған. Яғни кәсіпоры активтерінің басым бөлігін құрайтын негізгі қорлардың да табыстылығы
19,8 пайызға жоғарылаған.
Кәсіпорын активтерінің өтімді бөлігі болып саналатын ағымдағы активтері 15,4 пайызға артып отыр. «Жамбылгипс» АҚ –ң өнімдерінің өткізілуін біршама тұрақты деп қарастыруға болады.
Меншікті капиталдағы табыс үлесі 22,2паызға артып отыр.
Ал енді негізі құралдардың бір жылдағы айналымына келетін болсақ, 2003 жыл 23,4 айналым жасаған болса, 2004 жылы 13,5 –ке төмендеген. Меншікті капитал айналымдылығында өзгеріссіз екі жылдада 3,4 айналым жасағанын көрсетіп отыр.


2.2 «Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау

Негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталының жалпы сомасының үлес салмағынан тұрады. Негізгі қордың саны, техникалық деңгейі тиімді пайдалануы кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне байланысты болады. Олар; өнімді шығару, оның өзіндік құны, пайда, рентабелділік дәрежесі және қаржылық жағдайлардың тұрақтылығы.


Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдаудың негізгі міндеттері- оның қорлардың көлемін, құрамы мен динамикасын талдау, техникалық жағдайын бағалау, кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін және олардың құрылымдық бөлімдер арасында бөлінуінің ұтымдылығын анықтау, пайдалану көрсеткіштерін зерттеу, пайдаланылу көрсеткіштеріне факторлардың жасайтын ықпалын анықтау, негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту резервтерін анықтау, пайдаланылу тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеу.
Кәсіпорынның негізгі қорлармен қамтамасыз етілуі және оларды пайдаланудың тиімділігі өнім өндірудің көлемін анықтайтын аса маңызды факторлар болып табылады. Осыған байланысты талдау процесінде кәсіпорынның негізгі қорлармен қалай қамтамасыз етілгенін және оларды қаншалық тиімді пайдаланатынын жан-жақты зерттеу қажет.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты негізгі қорлардың өнімді барынша көп шығару жөніндегі мүмкіндіктерімен анықталады. Өндірістік қуат негізгі қорлардың құрамының әркелкі болуына тікелей байланысты болады. Қорлардың бір бөлігі өндірістік процеске тікелей қатысады да, өндірілген өнімнің көлеміне тура ықпал жасайды, енді бір бөлігі өндіріс процесіне тікелей қатыспағанымен, өндірістің қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қажет болады. Бұған қоса кәсіпорындардың өндірістік мақсатқа жатпайтын қорлары да болады. Осыған сәйкес өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі қорлары өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлар мен өндірістік мақсатқа жатпайтын негізгі қорлар болып бөлінеді. Талдау кәсіпорындардың негізгі қорларының құрамын және осы талданып отырған кезеңде құрамда болған өзгерістерді зерттеуден басталады. «Жамбылгипс» АҚ негізгі құралдар құрылымы келесі кестедегідей болып қалыптасқан.
Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді 11.
Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.
5 кесте – “Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі құралдарының құрылымын талдау



Негізгі құралдардың топ атауы



2004
жыл


мың тг

­%

2005
жыл


мың тг



%

Ауытқулар

+;-
мың тг

%




Негізгі құралдардың барлығы

143132,0

100

168915,0

100

25783,0

118,0

1

Үйлер, құрылыстар

5450,0

3,8

11268,0

6,6

5818,0

2,06 есе

2

Ғимараттар

126,0

0,09

96,0

0,9

- 30,0

76,2

3

Көлік құралдары

4440,0

3,1

17049,0

10,1

12609,0

3 есе



4

Өткізгіш құралдар

2035,0

1,4

1835,0

1,09

- 200,0

90,2

5

Машиналар мен жабдықтар

128946,0

90,1

138667,0

82,5

22330,0

116,7

6

Өндірістік мүкәммалар

1884,0

1,3

2268,0

1,3

384,0

120,4

7

Басқа да негізгі құралдар

251,0

0,2

185,0

0,1

- 66,0

73,7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет