Дипломдық жұмыстың мақсаты - ағылшын әдебиетінің дамуы сатыларына қысқаша тоқтала отырып, оның қазіргі ағылшын әдебиетімен салыстыру.
Дипломдық жұмыстың мақсатына, объектісіне, тақырыбына сәйкес келесі зерттеу міндеттері қойылды:
1. Ағылшын тілінің пайда болу тарихын және мәдениетін сипаттап, талдау.
2. Ағылшын әдебиетінің даму жолын қарастыру.
3. Ағылшын әдебиетінде орны үлкен ағартушылар мен авторлар туралы мәліметтер жинау.
4. Орны елеулі авторлардың шығармаларының ағылшын әдебиетіндегі рөльдерін анықтау.
5. Қазіргі әдебиет пен бұрынғы ағылшын әдебиетін эксперименталды түрде салыстыру.
Дипломдық жұмыстың нысаны ретінде ағылшын әдебиетіндегі авторлар мен шығармалар қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың пәні – оқушыларға ағылшын әдебиетін жеткізу.
Дипломдық жұмыстың әдістері: теориялық (зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттерді талдау, нормативті); эмпирикалық (жинақталған тәжірибені қорыту, бақылау, салыстыру, эксперимент).
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе проблеманың өзектілігін және зерттеу тақырыптарын негіздейді, зерттеудің мақсатын, объектісін, пәнін, оның гипотезасы мен міндеттерін анықтайды, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын ашады.
Бірінші тарау ағылшын әдебиетінің және мәдениетінің шығу тарихын негіздейді, сонымен қатар шығармалардың мәнін ашады.
Екінші тарауда ағылшын әдебиетінің негізгі тіректері мен қалаушылары жайлы зерттеу жүргізіліп, сатыларға бөлінеді. Ағылшын әдебиетін орыс әдебиетімен салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері жалпылау деңгейінде келтірілген.
Жұмыста 12 сурет, 3 кесте бейнеленген.
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Ежелгі британдықтар және олардың мәдениеті
Бірнеше маңызды тарихи оқиғалар біз қазір ағылшын деп атайтын тілдің пайда болуына және дамуына әкелді.Британдықтар туралы алғашқы ескерту б.з.д. IV ғасырда және онда өмір сүрген адамдар британдықтар деп аталды.Олар кельт нәсіліне жататын және кельт тілінде сөйлейтін.Британдықтарды Друидтер деп аталатын діни қызметкерлер класы басқарды. Кельт тілінің іздері ағылшын тілінде аз кездеседі.
Кельттер Британ аралдарына Франциядан шамамен 3000 жыл бұрын келген. Олар кельт тілінде, кельт мәдениетінде, яғни өмір салтында сөйледі. Олардың ойлауы мен табиғатты түсінуі өте қарабайыр болды. Кельттер күшті жауынгерлер болды және көршілес жатқан аймақтармен сауда-саттық жасады. Олар алғашқы британдықтарды ығыстырып, шотландықтардын, ирландықтардың және уэльстіктердің ата-бабалары болды.
Пикт деп аталатын кельт тайпалары солтүстіктегі тауларға мекен кетті. Кейбір
Пиктер, шотландықтар сияқты, солтүстікке қоныстанды. Бұл аймақта басым бөлігі шотландықтар қоныстанғаннан кейін, уақыт өте келе бұл елге Шотландия атауы берілген. Елдің басым бөлігін қуатты кельт тайпалары, британдықтар иеленді. Кельттердің қалалары болған жоқ және ауылдарда тұрды. Олардың қолдану құралдары мыс, темір және қалайыдан жасалды, олар ірі қара мал мен қой ұстады. Британдықтар басқа тайпаларға қарағанда мәдениетті болды. Олардың киімдері түрлі түсті матада тоқылған жүннен жасалған, ал басқа тайпалар теріні киген.Кельттер табиғатқа табынған және көптеген құдайларға сенген. Друидтер класы - оқыту мен басқаруға шебер болған діни қызметкерлер британдықтарды басқарды.Олар ақ халат киіп, қасиетті тоғайлар деп аталатын қараңғы, тығыз ормандарда кездесті. Друидтердің зор күші болғанын қоспағанда, олардың діні белгілі британдықтардың үстінен билігін жүргізді. Олар діни рәсімдер жасады, сот ісін жүргізді және т.б., қысқасы,олар заң шығарушылар болды.
Олар өз құдайларына жануарларды ғана емес, адамдарды да құрбан етті. Құрбандар себеттерге салынып, өртелді. Тағы бір рәсім емен ағаштарында өсірілген - омелат кесу, бұл әдет-ғұрып британдықтар Рождество күнінде де еске алады.Барлық ежелгі халықтар сияқты, кельттер де өз құдайлары мен батырларына туралы көптеген аңыздар құрастырды.Батырларға арналған аңыздар сагалар деп аталды. Бұл дастандардың кейіпкерлері және олардың шытырман оқиғалары ойдан шығарылған. Алайда, олар бізге Кельттіктердің өмір салты туралы түсінік береді, олардың мамандықтары, еңбек құралдары, қару-жарақтары, әдет-ғұрыптары және діндері. Мұндай дастандардың ең үлкен қаһарманы болған Кучулайнн ['ку: кулин]. Аңыз бойынша, ол Ирландияда (Ольстер) өмір сүрген. Кучулайнн - грек батыры Ахиллес [e'kili: z] сияқты ең ұлы жауынгер.
Достарыңызбен бөлісу: |