Дипломдық жұмыс тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәні арқылы 5-6 сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту мүмкіндіктері
Дипломдық жұмыстың көлемі: 70 бет, 7 сурет, 1 кесте.
Кілттік сөздер: Тұлға, шығармашылық, іс-әрекет, шығармашылық әлеует.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларының шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау және оны «Өзін-өзі тану» пәні арқылы дамыту мүмкіндіктерін тәжірибелік-сынақтан өткізу.
Зерттеу нысаны: 5-6 сыныптың оқу-тәрбие жүйесі.
Зерттеу пәні: «Өзін-өзі тану» сабағында оқушылардың шығармашылық-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру үдерісі.
Шығармашылық- алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау. Пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді.
Шығармашылық іс-әрекет – жаңа нәрсені жасауға бағытталған іс-әрекет. Шығармашылық іс-әрекет – бұл өзінің жеке тұлғалық қасиетін тереңірек, жаңа қырынан көрсете білу. Бұрын да шығармашылық іс-әрекеттер аспектілерін психологиялық тұрғыдан қарастыру басым болса, бүгінгі таңда шығармашылықтың философиялық-әлеуметтік теориясын жасауға баса мән беріліп отыр. Даму бар жерде шығармашылық та бар.
Зерттеу жұмысының нәтижелері:
1. Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды;
2. «Тұлға», «шығармашылық», «іс-әрекет», «шығармашылық әлеует» ұғымдарының мәні педагогикалық және психологиялық тұрғыда ашылды және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту мүмкіндіктері сипатталды;
3. 5-6 сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған мазмұндық-құрылымдық модель құрылды және сол арқылы өзін-өзі тану қабілеттері артты;
4. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы 5-6 сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған әдістемелердің тиімділігі тәжірибелік-сынақ арқылы дәлелденді.
РЕФЕРАТ
Достарыңызбен бөлісу: |