Дипломдық ЖҰмыс «ҚР нарық жағдайында шағын кәсіпкерлік дамуын жетілдіру» «Прогресс-см»


«Прогресс-СМ» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық жағдайын талдау



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#133609
түріДиплом
1   2   3   4   5

«Прогресс-СМ» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық жағдайын талдау

Кәсіпорынның қаржы жағдайы – бұл айналым процесіндегі капитал жағдайын және белгілі уақыт мерзімінде шаруашылық субъектінің өзін - өзі дамыта алу қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.

Қамту, өндіру, өткізу, қаржы – шаруашылық процесінде капиталдың үздіксіз айналым процесі болып отырады, қаражаттар және олардың пайда болу көздерін құрылымы, қаржы ресурстары және оларға деген қажеттіліктер нәтижесінде кәсіпорынның қаржы жағдайы өзгеріп отырады.

Қаржы жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризисті болуы мүмкін. Және оны көптеген көрсеткіштер арқылы сипаттауға болады:


  1. төлем қабілеттілік көрсеткіштері. Оларға абсолютті, аралық, жалпы өтеу коэффициенттері жатады;

  2. қаржы тұрақтылық көрсеткіштері: меншік коэффициенті, қарыз қаражаттар үлесі, қарыз және меншік қаражаттар қатынасы;

  3. жұмыс белсенділік көрсеткіштері: жалпы айналым коэффициенті, айналым жылдамдығы, меншік қаражаттарының айналымдылығы;

  4. рентабельділік көрсеткіштері: кәсіпорын мүлкі, меншік қаражаттары, өндірістік қорлардың жалпы рентабельділігі және т.б.

«Прогресс – СМ» ЖШС – ң қаржы жағдайын талдау үшін қаржы тұрақтылық, табыстылық (рентабельділік) және төлемқабілеттілік көрсеткіштерін қолданамыз.

14 кесте - Қаржы тұрақтылық көрсеткіштері





Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқулар, +/-

2002

2003

2004

2003-2002

2004-2003

1

Тәуелсіздік коэффициенті

0,1

0,1

0,07

-

-0,03

2

Тәуелділік коэффициенті

0,9

0,9

0,93

-

0,03

3

Қаржыландыру коэффициенті

0,2

0,1

0,07

-0,1

-0,03

4

Инвестицияларды жабу коэффициенті

0,1

0,1

0,34

-

0,24

Тәуелсіздік коэффициенті кәсіпорын активтерін құру көздерінің жалпы көлеміндегі өзіндік капитал үлесін көрсетеді. Жоғарыдағы кестедегі мәліметтер кәсіпорынның қарыз капиталына тәуелді екенін және меншік капиталымен еркін қызмет атқара алмайтындығын білдіреді. Оған тәуелсіздік коэффициентінің төмен мәні кепіл: 2002 ж. – 0,1; 2003 ж. – 0,1; 2004 жылы 0,03- ке төмендеп, 0,07- ге тең болды. Осыған сәйкес тәуелділік коэффициенті де өсіп отыр. Кәсіпорын үшін оптималды мән:

- тәуелсіздік коэффициенті Кн = 0,5 – 0,6

- тәуелділік коэффициенті Кз = 0,4 – 0,5

- қаржыландыру коэффициенті Кф1

- инвестицияларды жабу немесе қаржы тұрақтылық коэффициенті

Кф. у.≥ 0,5

Біздің мысалымызда қаржыландыру коэффициенті 2002 жылы 0,2 - ге, 2003 жылы 0,1, 2004 жылы 0,07 – ге тең болды:

Кф =0,2; Кф =0,1; Кф= 0,07. Яғни Кф 1.

Бұл кәсіпорын активтерінің негізінен қарыз капиталынан қаржыландыратынын көрсетеді.

Инвестицияларды жабу коэффициентін талдасақ, меншік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капитал ішіндегі үлесі азғантай екнін байқауымызға болады. 2004 жылы бұл көрсеткіш сәл көтерілді: мәні 0,1- ден 0,34- ке көтерілді. Көтерілу себебі 2004 жылы кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер тартты. Және алдағы жылда да тарту көзделуде.

15 кесте - Табыстылық көрсеткіштері





Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқулар, +/-

2002

2003

2004

2003-2002

2004-2003

1

Кәсіпорын активтерінің табыстылығы

10,6

12,5

2,6

1,9

-9,9

2

Ағымдағы активтердің табыстылығы - Дт.а.

17,4

27,7

3,6

10,3

-24,1

3

Өндірістік қорлар табыстылығы - Дп.ф.

15,5

25,1

3,5

9,6

-21,6

4

Сату көлемінің табыстылығы - До.N

17,7

12,5

10,4

-5,2

-2,1

5

Өткізілген өнім табыстылығы - ДN

2,5

4,3

0,5

1,8

-3,8

6

Меншік капитал табыстылығы - Дс.к.

70

97,4

37,4

27,4

-60

7

Негізгі қызмет табыстылығы - До.д.

3

5,1

1

2,1

-4,1

Кәсіпорын активтерінің табыстылығы- кәсіполрын мүлкінің тиімділігінің жалпы көрсеткіштерінің бірі. Ол таза табыстың жалпы активтерге қатынасымен анықталынады. 2002 жылы ол 10,6 %- ға тең болды, 2003 жылы 2%- ға жуық көтерілді. Бұл таза табыстың өсуімен түсіндіріледі. 2004 жылы керісінше төмендеген- 10 %- ға. Себебі таза табыс кезең шығындарының жоғарылау есебінен азайды. Яғни осы көрсеткіш 1 тенге активтер бөлігі құнынан табыстың неше ақша бірлігі алынғанын көрсетеді. Оған өткізілген өнім табыстылығы және жалпы актимтердің айналымдылығы әсер етеді. 13- кесте бойынша 2004 жылы активтердің табыстылығы төмендеген, байқап отырсақ, өткізілген өнім табыстылығы да 2004 жылы лезде түсіп кетті.Оның төмендеуіне өнім өткізуден түскен табыс пен таза табыс қатынасы ықпал етті, ал ол өз алдына жалпы табыстылықтың азаюына себепші болды.

Ағымдағы активтер табыстылығы төмендегідей формула арқылы табылады:

Дч

Дт.а.= ----------

Та

Дч- таза табыс;

Та- ағымдағы активтердің орташа шамасы.

Кәсіпорынның ағымдағы активтерге салынған 1 тенгеден қанша табыс алатынын көрсетеді.

Ағымдағы активтердің табыстылығы 2002 жылы- 17,4%, 2003 жылы - 27,7 %, 2004 жылы 3,6 %-ды құрды.

Өндірістік қорлар табыстылығы таза табыстың негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны мен айналым өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Мына формула арқылы көрсетеміз:

Дч

Дп.ф = ---------------------

ГСОПФ + ГСОб.ПФ

ГСОПФ - негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны

ГСОб.ПФ - айналым өндірістік қорларының орташа жылдық құны

Сөйтіп, 2002 жылы ол 15,5 %- ға, 2003 жылы 25,1 % - ға, 2004 жылы 3,5%- ға тең болды.

Сату көлемінің табыстылығы 2002 жылы 17,7 % болып, 2003 жылы 2,2% - ға төмендеп, 12,5% - ды құрды, ал 2004 жылы 10,4 % - ға дейін жетті.

Меншік капитал табыстылығы мына формуламен анықталады:

Дч

Дс.к.= -----

Ск

Бұл- өте маңызды көрсеткіш. Ол өнімнен түскен табыс пен өзіндік капитал айналымдылығына тәуелді. 2003 жылы 2002 жылға қарағанда оның мәні таза табыстың өсу есебінен өсті. Ал 2004 жылы 38 % - ға азайған. Өйткені 2004 жылы таза табыс көлемі 4214 мың тенгеден 961,6 мың тенгеге дейін төмендеді.

Негізгі қызмет табыстылығы 2002 жылы 3% болып, 2003 жылы 5% - ға дейін көтерілді. Өйткені өткізілген өнімнің өзіндік құны және кезең шығындарының өсуі негізгі қызметтен түскен табыстың алдыңғы жылмен салыстырғандағы өсімінен жоғары болды. Ал 2004 жылы 1% - ға дейін төмендеп кетті. Оған кезең шығындарының тым өсіп кетуі, өзіндік құнның өсуі әсер етті.

Баланстың өтемділік көрсеткіштері негізінде «Прогресс-СМ» ЖШС төлем қабілеттілігін талдау.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі- оның төлем қабілеттілігі., яғни қолда бар ақша ресурстарымен уақытылы өзінің төлем міндеттемелерін өтеу мүмкіндігі. Төлем қабілеттілік кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығының сыртқы көрінісі.

Төлем қабілеттілікті талдау кәсіпорын үшін тек қаржы қызметін бағалау және болжау мақсатымен ғана емес, сыртқы инвесторлар үшін де қажет. Несие берер алдында банк несие алушының несие қабілеттілігіне сенімді болу керек. Бір- бірінен экономикалық қатынасқа түсу үшін кәсіпорындар да осылай жасайды. Оларға серіктесінің, егер оған қандай да бір коммерциялық несие немесе төлемді мәулетке қалдыру туралы сұрақ туындаған жағдайда қаржы мүмкіндіктерін білу- өте маңызды.

Сыртқы инвесторлармен төлем қабілеттілікті бағалау ағымдағы активтердің өтемділік сипаты негізінде іске асады. Ол активтердің ақша қаражаттарына айналуы үшін қажетті уақытпен анықталынады. Неғұрлым берілген активті инкассалау уақыты аз болса, соғұрлым оның өтемділігі жоғары. Баланс өтемділігі дегеніміз, шаруашылық субъектінің активтерін қолда бар ақшаға айналдырып, өзінің төлем міндеттерін өтеу мүмкіндігі, нақтырақ айтсақ- бұл кәсіпорынның активтерімен қарыз міндеттемелерін жабу деңгейі десек те болады. Олардың ақшаға айналу мерзімі төлеу міндеттемелерін өтеу мерзіміне сәйкес келеді.

Кәсіпорын өтемділігі - бұл баланс өтемділігіне қарғанда жалпы түсінік. Баланс өтемділігі төлем қаражаттарын, яғни активтерді тек ішкі көздер есебінен қарастырады. Бірақ егер кәсіпорын өзінің қызметі аясында сәйкес иммиджге ие болса, несие қаржыларын тарта алады.


Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі







Кәсіпорынның өтемділігі




Баланс өтемділігі







Кәсіпорын иммиджі,

оның инвестициялық

тартымдылығы





Активтердің

басқару


сапасы




    1. сурет - Кәсіпорынның өтемділік пен төлем қабілеттілік көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс.

Төлем қабілеттілік және өтемділік түсінікткері өте ұқсас болғанмен, олардың арасында айырмашылық бар. Төлем қабілеттілік өтемділік деңгейіне тәуелді болады десек, қателеспейміз. Бірақ сонымен бірге өтемділік есеп- қисаптың қазіргі жағдайын да, оның перспективаларын да сипаттайтын көрсеткіш. Кәсіпорын есепті кезеңде төлем қабілеттілігі бар, бірақ болашақта қажетті мүмкіндіктері болмауы мүмкін. Олардың арсындағы байланысты 2- суреттен көруге болады.

Баланс өтемділігін талдау кему өтемділігі деңгейі бойынша топталған активтер бойынша қаржыларды тез өтеу деңгейі бойынша топталған пассивтер бойынша қысқа мерзімді міндеттемелермен салыстыруға негізделеді.
16 кесте - «Прогресс-СМ» ЖШС өтемділігін сипаттайтын көрсеткіштер



Көрсеткіштер шрщшрнщмн

Жылдар

2002

2003

2004

1

Абсолютті өтемділік

0,0007

0,02

0,05

2

Тез өтемділік

0,126

0,123

0,32

3

Ағымдағы өтемділік

1,186

1,147

1,5

Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерге сүйенсек, абсолютті өтемділік коэффициенті 2002 жылы- 0,0007, бұл- әрине төмен көрсеткіш. 2002 жылы абсолютті өтемділіктің соншалықты төмен болу себебі, ақша қаражаттарының аздығымен түсіндіруге болады. 2002 жылы ақша қаражаттары 4444 мың тенгені ғана құрды. 2003 жылы ақша қаражаттары 144 есе өсіп, 640176 мың тенгеге жетті, соның есебінен көрсеткіш жоғарылады. Ал 2004 жылы 813 мың тенгеге артып, 1453339 мың тенгені құрды. Бұл жылы көрсеткіш сәл ғана көтерілді. Жыл сайын көрсеткіш мәндері өсіп отырған, бірақ бұл әлі де жеткіліксіз, және біз кәсіпорынның абсолютті өтемділігі, яғни ақша қаражаттарымен қарыздарын өтей алу мүмкіндігі төмен.

Тез өтемділік коэффициенті- абсолютті өтемді активтер мен тез өтемді активтердің кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздапының қатынасына тең. 2002 жылы ол 0,126- ға, 2003 жылы 0,123- ке тең болған. Салыстырмалы түрде азғантай ауытқу болды. 2004 жылы баланстағы ақша қаражаттары, сонымен бірге дайын өнім, тауарлардың өсуі салдарынан көрсеткіш мәні жоғарылап, 0,32 - ге жетті.

Ағымды өтемділікке талдау жасасақ, жалпы бұл көрсеткіш қарстырып отырылған кәсіпорынның- «Прогресс-СМ» ЖШС ағымдағы активтерінің ағымдағы пассивтерін жабу деңгейін көрсетеді. 2002 жылы ағымды өтемділік- 1,186 , 2003 жылы- 1,147- ге тең болды, тек 2004 жылы 1,5 - ке дейін көтерілді. Ауытқуға ағымдағы активтердегі ақша қаражаттар бабы, дайын өнім, тауарлардағы өзгерістер, сонымен бірге пассивтердегі несиелік қарыздардың төмендеуі, салықтар бойынша қарыздардың өтелуі әсер етті. Әрине алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл жақсы көрсеткіш, бірақ жеткіліксіз. Себебі қанағаттанарлық мән: К2

Кәсіпорынның қаржы жағдайын тек осы көрсеткіштер арқылы бағалау дұрыс болмар, өйткені бұл- күрделі процесс, және оған толық сипаттама беру қиын. Сол себепті өтемділікті толық және объективті бағалау үшін келесі жалпы көрсеткіштің факторлық моделін қолданамыз:

Ағымдағы активтер Таза табыс

Клик = --------------------------- х --------------------------------- = Х1* Х2

Таза табыс қысқа мерзімді қарыздар


7491 796

Х1 2002 = ------ = 9,4 Х2 2002 = ----- = 0.1

796 617

33774,4 4214



Х1 2003 = ---------- = 8 Х2 2003 = -------- = 0,1

4214 29448,5

36675,2 961,7

Х1 2004 = --------- = 387 Х2 2004 = -------- = 0,03

961,7 24231
Х1 - 1 тенге таза табысқа қанша ағымдағы активтердің келетінін

сипаттайды.

Х2 - қаржы тұрақтылықты сипаттайтын және өзінің қызметінің

нәтижелері есебінен өзінің қарыздарын өтей алу көрсеткіші.

Сонда 2002 жылы 1 тенге таза табысқа 9,4 тенге ағымдағы активтердің құны келді. 2003 жылы - 8 тенге, 2004 жылы бұл көрсеткіш өсіп, 387 тенгені құрды. Неғұрлым көрсеткіш мәні аз болса, соғұрлым тиімді.

Таза табыс есебінен қысқа мерзімді қарыздарын өтеу көрсеткіші 2004 жылы төмендеді. Яғни өтеу мүмкіндігі азайды.



3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. ҚР шағын кәсіпкерліктің болашақ даму мәселелері және оны шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары
24 наурыз күні Астанада басталған Қазақстан кәсіпкерлерінің коргресінде Елбасымыз өз сөзінде „Экономикамыздың,мемлекетіміздің дамуының қазіргі кезеңінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту алдымызда тұрған ең үлкен міндеттердің бірі, деп. атап өтті.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары жүргізілгенмен, әлі де болса көп мәселелер сипат алуда. Осыған байланысты де Нұрсұлтан Әбішұлы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға тоқталды.

Осы бағытта „2006 – 2008 жылға Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік дамыту мен қолдау бағдарламасы” шықты. Ол „Қазақстан – 2030” даму Стратегиясын, „ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы” Заңын, „2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалды – инновациялық даму Стратегиясын, 2005 жылдың 18 ақпанында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауындағы және 2005 жылы 25 наурызда болған Қазақстан кәсіпкерлер Конгресіндегі мәліметтерді жүзеге асыру мақсатында, кәсіпкерлік инициативасының еркіндігін іске асыру үшін жағдайлар туғызу және мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесін құру мақсатында құрылды.

Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері – жыл сайын 40,5( 50 ) млрд. теңге көлеміндегі республикалық бюджет қаржысы.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 3 жылда 150 мыңға жуық жұмыс істейтін ЗТ нысанында жаңа шағын бизнес субъектілері құрылады, сонымен бірге жұмыс істейтін ШБС саны (шаруа фермер қөожалықтарын есепке алмағанда) 2006 жылы – 180 мың, 2007 жылы – 240 мың, 2008 жылы – 300 мың болады деп күтілуде.

Бұдан басқа Индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев ұсынысы қолдау тауып, Қазақстан бизнес өкілдерінің „Атамекен” жалпыұлттық одағы құрылды

Елдегі шағын кәсіпкерліктің мәселелерін және оларды шешу жолдарын 17 кестеде көрсетеміз.

17 кесте- Шағын бизнестің макро-микро деңгейіндегі проблемасы және он мүмкіндік шешу жолдары



Макродеңгей

Микродеңгей

Проблемалар

Шешу жолдары

Проблемалар

Шешу жолдары

Салық заңының нақты еместігі, салықтың жоғары деңгейде болуы.

Материалды өндіріс саласына салықты төмендету.

Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің төмен болуы.

Соңғы дәрежелі құрал-жабдықтарды пайдалану, жоғары сапалы шикізат; өнім сапасын жоғарылату; инновацияны енгізу.

Құқықтық базаның жетілдірілмеуі, арнайы заңның жоқтығы.

Заңды жетілдіру, арнайы заң қабылдау.

Ликвидті кепілдіктің жоқтығы.

Несиелеу және сақтандыру қоғамын құру.

Несиелеу дәрежесінің жоғарылығы, аз уақыт ликвидті кепілдікпен қамтамасыздығының жоқтығы.

Материалды өндіріс саласының несиелеу уақытын азарту, дәрежелерін төмендету; коммуналды меншік, кепілдік банктерінен кепі қорын құру; лизингті несиелеуді дамыту, сонымен қатар венчурді қаржыландыру.

Маманның төменгі деңгейінің болу себебінен тәжірибенің жетіспеушілігі.

Жұмыскерлердің квалификацияларын үйрету семинарлары, тренингтер арқылы көтеру, алдыңғы қатарлы өзіміздің және шетел тәжірибелерін оқып білу.

Бюрократты прессинг

Қадағалау органдарының ұқсас функцияларын жою.

Ақпаратпен қамтамасыздан-дырудың төменгі деңгейі.

Кәсіпорындарда маркетинг қызметін үйымдастыру, біртекті апарат базасын құру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін кооперациялау.

Ақпаратпен қамта-масыздандырудың әлсіздігі.

Мемлекеттік және аймақтық дәрежеде ақпаратты, маркетинг тік орталықтар құру.

Нақты қызметті жоспарлаудың жоқтығы.

Бизнес жоспар құру барысында стратегиялық, оперативті менеджмент және маркетингті қолдану.

шағын кәсіпкерлікті қолдау инфроқұры-лымының дамымауы.

Лизингті компанія-лар, франчайзинг орталығы, венчурді қор, бизнес –инкубаторлар, технопарк тер, инновация орталықтарын құру.

Материалды-техникалық базаның әлсіздігі.

Франчайзинг, лізинг жүйелері арқылы ірі және орта кәсіпорындар-мен кооперациялау.

Шағын бизнестің сауда-делдалдық салада белсенді даму.

Материалды өндіріс саласындағы кәсіпорындарға протекционисті саясат жүргізу.

Коммуникационды саясат икемділігінің жетіспеушілігі.

Өнімді алға жылжыту барысында маркетингті қолдану (жарнама, жәрмеңке, өткізуді ынталандыру жүйесі және т.б.).

Шағын бізнес саласына кадр жүйесін даярлау жоқ.

Басқару және кәсіпкерлік кадрларды оқыту фондын құру, кәсіпкерлік қызметті Кармен қамтамасыздандыру программасын құру.

Өткізу проблемасы.

Өнімді топтастыруда маркетинг элементтерін қолдану (икемді көтерме және бөлшекті өткізу каналдарын құру).

Біздің Республикамызда дамыған мемлекеттер қатарындағыдай кең тараған шағын, орта және ірі кәсіпорындардың кооперациясы жоқ. Шағын, орта кәсіпкерлік сауда және қызмет көрсету саласында жақсы дамығанымен, материалдық өндіріс саласында жеткілікті дамымаған. Біздің тауар тұтыну нарығы арзан импорт өнімімен толып кеткен, оның көбісінің сапасы өте төмен. Сол себептен халық тұтыну тауарларын өзіміздің шағын, орта кәсіпорындарында жасап шығаруға болушы еді. Шағын, орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтерінің икемділігін жоғарылату үшін және он іске асару үшін қоғам – мемлекет тарапынан қолдау керек.

Салық заңына жиі өзгерістер енгізу, ол жаңа процедуралар, жаңа есеп беру оның төлеу уақыттарын өзгертеді. Орта есеппен әр шағын кәсіпорын бюджетне 50 % табысын аударады, ал 40 %-дай шағын кәсіпорындар бюджетне 61 % табысын аударады. Мысалға, батыс мемлекеттерінде мүндай кәсіпорындардан 33-35 % табысын алу дұрыс деп. саналады. Несие жайлы айтатын болсақ, мунда жаңа өз ісін бастап келе жатқан кәсіпкерлер қиындық көреді, олар өзінің ісін негізін құрып және одан әрі дамыту үшін толықтыратын басқа инвестиция түрлері керек. 1997-1999ж.ж. одан кейінгі толықтыруларға қарамастан шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы заңға қарамастан біршама проблемалар бар. Кәсіпкерлер басына әр түрлі үкімет тарапынан әртүрлі өзгертулер және министірлік, ведомстволардан түсуде. Мұның бәрі заңдылықтың нақты болмауы, әртүрлі заңды актілердің тура іске аспауы кәсіпкерлік ортаның және инвестиция белсенділік таныту үшін қолайлы жадай жасалынуға мүмкіндік бермейді.

Еліміздің шағын кәсіпорындарныда шығарылған өнімдерінің төмен бәсеке қабілеттілігі, ол сапасы төмен, арзан бағамен алынған шикізат өнімдері және ескіріп кеткен құрал-жабдықтардың себебі. Бұның шешу жолдары лизингті республикамызда жетілдіру жолдары болушы еді. Осы себептен де біраз жылдар бойы сауда делдалдық қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бір ден-бір қол жетерлік болып қалуда. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60 %-дан астамын құрайды.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмегені және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкердің нарыққа кіру кезінде сыртқы және ішкі ортадағы барлық шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау қажеттігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі.

Республикада шағын кәсіпкерлік секторының ары қарай дамуын тежейтін негізгі кедергілердің бірі- қаржы жеткіліксіздігі мен алдыңғы қатарлы шет елдік технологияға қол жетерліксіз болумен сипатталатын отандық тауар өндірушілердің төменгі дәрежедегі бәсеке қабілеттілігі. Бұл жағдайларда бизнес – инкубаторлар өнімнің бәсеке қабілеттілігін өсіруді көздеп, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін лизингтік қызметтер көлемін ұлғайтуға бағытталған қызметін кеңейтуге көңіл бөліну керек.

Мониторингтік зерттеулер нәтижелері бизнес - инкубаторлардың жпртысынан астамы халықаралық тәжірибеде жасалған инфрақұрылымның бұл нысанын құрудың концепциясына сай келмейтінін көрсетті: олар тек оффистік және өндірістік орындарды берумен шектеліп қана қояды, немесе мәселелердің азғантай спектрі бойынша қызмет көрсетеді. Бұл зерттеулер бойынша респонденттердің 31,35 % - бизнес- инкубаторлар қызметін мүлде пайдаланбаған. Бизнес – инкубаторлар қызметін кеңейту қажет.

1 кесте – Шағын кәсіпкерлерге Халықаралық стандарт бойынша бизнес – инкубатормен көрсетілетін қызметтер

Көрсетілетін қызметтер сипаты

Қызметттер түрлері

Льготалық жағдайларда өндірістік және оффистік орындармен қамту

Өндірістік орындарды жалға беру; қоймаларды, конференц – залдарды, кенлісім жүргізу бөлмелерін, асхана, кафелерді пайдалану

Оффистік қызметтер

Секретарьлық қызмет; ақпаратты мәліметтер базасын пайдалану; тілмаш қызмттері, почталық қызмет көрсету;

жарнамалық және т. б. жалпы пайдалану қызметтері



Қазіргі заманғы телекоммуникациялық құралдармен қамту

Интернет, электрондық почта, видеоконференциялар, т.б.

Кеңес берушілік қызметтер

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген аспектілері бойынша мамандарға алғашқы және үнемі кеңес беріп отыру;

Бизнес – жоспарлар, маркетинг стратегияларын жасау;

Заңдық кеңестер; бухгалтерлік қызметтер; компъютерлерді, электрлік құрылғыларды пайдалану бойынша ұсыныстар;

Қаржыландыру көздері бойынша кеңестер;

Зерттеу жұмыстары бойынгша ғылыми жетекшілік.


Оқыту бойынша қызметтер

Нарықтық экономика негіздері;

кәсіпкерлік қызмет;

менеджмент және маркетинг;

«дөңгелек үстел», семинарлар жүргізу, тәжірибе алмасу;

мамандық және техникалық білімдер.


Іскерлік байланыстарды жөндеу

Іскерлік сыбайластарды, инвесторларды тарту;

Инвестицияларға жобаларды тарту;

Сыртқыкеңес берушілер, шикізат жабдықтаушылары, дитрибъюторлармен байланыстырды жөндеу


Сыртқы клиенттерге қызметтер

Бизнес – жоспарлар құру, жобаларды талдау, қаржы басымдылықтарын бағалау, т.б.

Шағын кәсіпкерлікті ілгері дамыту үшін елде мынадай шаралар жүргізу қажет:



  1. Шағын кәсіпкерлікке қатысты салық саясатын өзгерту:

  • Шағын кәсіпкерліке жағымды салық климатын құру;

  • Салық органдарына есеп берудің нысандары мен мерзімдерін қайта қарау. Бұл міндеттер жұмыс уақытының 25-30%-н көлемінен аспау керек;

  • Салық салу жайындағы сұрақтар бойынша барлық нормативті – құқықтық актілерді жариялау, салық есептілік бланкілерін ақысыз тартуды қамтамасыз ету.

  • Салық жеңілдіктерінің тиімді жүйесін жасау. Депрессиялық, экономикалық бейберекет аумақтарда орналасқан, сонымен бірге инновациялық қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 3 жылдан 5 жылға дейінгі корпоративті салықтан босату түрінде салық жеңілдіктері берілу керек;

  • Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық есебі мен салық есептемелікті барынша қарапайымдау.

  1. Кәсіпкерлікті дамыту саясатында өзгерістер жүргізу.

  • Жалпы экономикалық, әлеуметтік және аймақтық дамыту мәселелерінде шағын кәсіпкерлік секторы үшін сандық және сапалық негізделген мақсаттарды қою, және олардың қол жетерліктей болуын қамтамсыз ету;

  • Мемлекеттік қаржыландыру көмек көлемі мен Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету;

  • Қабылданған бағдарламалар шегіндегі жергілікті қабілеттіліктерге сәйкес шағын кәсіпорындарға көмек көрсетуге жергілікті өкіметті міндеттеу. Бағдарламалардың жүзеге асырылуын жалпы бақылау;

  • Шағын кәсіпкерлік секторының жағдайын тиісті және тұрақты талдауын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының орындалуын және бұл бағдарламаларды жүзеге асырудағы соңғы нәтижелердің оларды құруда көзделген мақсаттарға сәйкестігін анықтау үшін қажетті шаралар қолдану;

  • Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен үйлестірудің тиімді механизмін жасау.

  1. Заңның барлық заңды актілерден үстем тұруын бекіту, сонымен бірге шағын және орта бизнеске қадағалау – ьақылау прессингін төмедету :

  • Кәсіпкерлікті ынталандыру, бюрократиялық процедураларды жеңілдету;

  • Шағын және орта бизнеске қатысты қадағалау – бақылау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдар санын азайту. Мемлекеттік органдарда реттейтін процедураларды азайту мен антимонопольді заңдардың тиімді орындалуы бойынша нақты жоспар болу керек;

  • Шағын кәсіпкерлерге қатысты тіркеу, лицензиялау және әкімшілік процедураларды жүргізуде электронды Үкімет жүйесі элементтерін енгізу.

  1. Шағын кәсіпорындар үшін, әсіресе кәсіпкерлік қызметті бастар кездегі алғашқы капиталды құру үшін қаржы инструменттерді қайта қарау.

- Қаржыландыру көздеріне кепілдік қамтамасыз ету мәселелерін шешу және шағын және орта бизнеске берілген заемдар бойынша банктік %- рды төмендету арқылы жою кәсіпкерлердің қол жетерлігіне байланысты кедергілерді жою;

- Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорларын жеткілікті көлемде құру;

- Шағын бизнес үшін қаржылық қызмет инфрақұрылымын дамыту(лизинг, венчурлі капитал несиелік серіктестер, микрокредитті ұйымдар, франчайзинг және т.б.);

5. Шағын кәсіпорындарға консалтингтік қызметтер көрсету:

- Консалтингтік қызмет көрсету бойынша инфрақұрылымын құру;

- Бюджет қаржысы есебінен қаржыландыру жүйесі арқылы өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге консалтингтік қызметтің қол жетерлігін қамтамасыз ету;

- Шағын кәсіпорындар қажеттіліктерін анықтау негізінде бизнес сферасында консалтингтік қызметтердің толық кешенін қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуда қызмет ететін инфрақұрылымдар элементтер қызметін біріктіруді қамтамасыз ету.

6. Шағын бизнес инфрақұрылымын дамыту.

- Шағын бизнес субъектілері үшін республикалық және жергілікті деңгейдегі қажетті барлық қызметтер кешенін көрсетуге қабілетті шғын бизнес орталықтар, бизнес – инкубаторлар, өнеркәсіптәк парктер, оқу орталқтары, ақпараттық - көрмлік орталықтар, т.б. біртұтас және тармақталған торабын құру,

- Осы орталықтардың тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ете алатын және шағын бизнес субъектілеріне жоғарғы сапалы көмек көрсетуге қабілетті инфрақұрылым элементтерінің жоғары білімді басқару персоналы мен жұмыскерлерін оқыту мен дайындауды ұйымдастыру.

Шағын кәсіпкерлікте оңды өзгеріс болу үшін, ол шағын кәсіпкерліктің дұрыс, нақты дамуына жол бермейтін жаман жақтарын жою керек.

Шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі экономикалық-ұйымдастыруының

қамтамасыздандырылуына қарай отырып, оның күшті және әлсіз жақтарын көруге болады, шағын кәсіпкерліктің Қазақстанда даму мүмкіндіктері.

18 кесте- Қазақстан Республикасының кәсіорындарының қызметіне SWOT –есеп беру


Күшті жақтары


  • сұранысқа байланысты, оның өзгеруіне байланысты икемділігі, қабіліттілігі;

  • тұтынушыға тауар және қызметтің жақындай түсуі;

  • тұтынушылармен жеке қатынасу, оның ойын білу;

  • басқарушыны жоғары деңгейде мотивациясы;

  • адамдардың творчествалық потенциалын іске асару;

  • жаңа жұмыс орындарын құру;

  • жергілікті бюджет базасын қатайту.





Әлсіз жақтары


  • кәсіпорындарды құру барысындағы бастапқы капитал проблемасы;

  • несие алу қиындықтары, кепілдікпен қамтамасыздандыру;

  • сыртқы орта жайлы ақпараттардың тапшылығы;

  • өндірістік процесстің қамтамасыздануына ресурс жеткіліксіздігі және оның құнының тым жоғары болуы;

  • материалды-техникалық базаның әлсіздігі және оған қызмет көрсететін мамандандырылған мекемелердің жоқтығы.





Мүмкіндіктері


  • заң жетілдірілуі;

  • салық төлеу жеңілдігі;

  • салааралық программаны құру;

  • „Импортты ауыстыру” программасын іске асару;

  • шағын кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылымын дамыту;

  • ірі және орта кәсіпорындармен франчайзингті және субподрядты қарым-қатынасты дамыту;

  • нарықтағы лізинг қызметін дамыту;

  • мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікке заказды көбейту.





Қатер төнуі


  • мемлекеттік және шетелдік Ірі және орта кәсіпорындармен бәсекелестік;

  • мемлекеттік органдармен арақаныстық проблемасы;

  • апарат бірлігінің жоқтығы;

  • сұраныс тарапынан төлеу қабіліттілігінің төмендігі;

  • нарықта арзан импорттық өнімнің болуы.



Республикамыздағы кәсіпорындардың жағдайына бір жағынан қарайтын болсақ, сұраныстың өзгеруіне байланысты жоғары икемділік, игерімділік танытады. Әсіресе ол сауда және қызмет көрсету салаларында тұтынушылармен тығыз қатынаста екендігін көрсетеді. Басқа жағынан шағын кәсіпорындардың әлсіз жағын айтпай кете алмаймыз, ол тұтыну нарығында арзан импорт өнімдерінің болуы, бұл олардың өнімінің бәсеке қабіліттілігін төмендетеді. Ал бәсеке қабілеті өнім өндіру үшін үздік технология, құрал-жабдақ қажет, бірақта оған бәрінің жағдацы келе бермейді.

Кәсіпкерлік қызметті белсендету үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқылық жадай ғана емес, ал сонымен қатар білікті, білімді кәсіпкерлер керек. Мамандарды дайындайтын, олдардың квалификациясын жоғарылату, байта дайындау арнайы мекемелер, оқу орындары, жоғарғы оқу орындары болғанымен, көптеген шағын және орта Қазақстанның қалаларында кадр дайындау жүйесі енді құрылып келе жатыр. Мұнда шағын кәсіпкерлікті қолдауда ресубликалық, аймақтық, жергілікті органдардың қаржымен қамтамасыздандырудың жетіспеушілігі болды.

Шағын кәсіпорын жұмыскерлерін, басқарушыларын дайындау, қайта дайындау курстарында жоғары дәрежелі, нәтижеге жеткен білікті кәсіпкерлер ат салысуы керек. Сонымен қатар кәсіпкерлер кадрларын алдыңғы деңгейдегі өзіміздің және шетел кәсіпорындарында тәжірибеден өткізу керек, және де бизнес-инкубаторларында. Кәсіпкерлерді дайындауын қаржыландыруда мемлекет тарапынан, әртүрлі қорлардан (мемлекет аралық), демеушілер және меценаттармен ғана емес, сонымен қатар коммерциялық негізде де қаржыландыру керек.

Сон дай-ақ жоғары оқу орындарында, орта арнайы оқу орындарында, мектеб тарапынан кәсіпкерлік қызметпен байланысты жұмыссыз тұрғындарды оқыту, мамандық беру. Бұл бағытта мынадай программаны қамту керек: өз ісін ұйымдастыру; бизнес концепцияларын табу; маркетинг тік зерттеу; бизнес-жоспар құру; менеджерлер командасын құру; бизнес құрылымын ұйымдастыруды таңдау; қаржылық құжат және есеп беру; қаржы көздері және т.б.

Кәсіпкерлерді дайындауда бизнес-инкубаторлар, өнеркәсіп аймақтары және технопарктер, бұл тоқтап тұрған өндіріс қуат орындарында ұйымдастыруға болады, бұл аймақтағы экономиканың дамуына алкен үлесін қосады: біріншіден, жұмыс орындарын құрады; екіншіден, өндіріс өнім көлемінің өсу себебінен экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Республикамызда белгілі бір деңгейде қолданылмаған өндіріс қуат потенциалы бар, бұл көптеген кәсіпкерлерге өз ісін бастауға мүмкіндік көзі.

Шағын кәсіпкерлік саласында квалификациялауда дайындау, байта дайындау жағдайларын жақсарту мақсатында мыналар қажет:


  • арнайы оқу-методикалық әдебиеттерді шығаруды ұйымдас-тыруды қолдау және қаржыландыру;

  • насихатты түрде қолдау (кәсіпкерлік тұлғаны жақсы түрде жалпы апарат құралдары арқылы жеткізу және т.б.);

  • кәсіпкерлікті қолдауды, мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыздандыратын көпдәрежелі оқытушылар, кеңес берушілер, мемлекет және мемлекттік емес құрылым жұмыскерлерін дайындау жүйесін дамыту;

  • тұрғындарға кәсіпкерлік қызметтің негізін дистанционалдық және электронды технология базасында оқытуды жеңілдету;

  • „кәсіпкерлік қызметті кадр жүйесімен қамтамасыздандыру” туралы комплексті мемлекетті программа құру, келесі министірліктер күшімен іске асырылады (алдымен, Білім және ғылым Министірлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау Министірлігі) бұл жалпы Индустрия және сауда Министірлігі кәсіпкерлік қоғамының ұйымымен бірге отырып басқарылуы керек;

  • әр облыстарда басқару және кәсіпкерлік кадрлар оқыту қорларын құру;

  • шағын кәсіпорындардың жұмыскерлерінің квалификация дәрежесін көтеруге кететін соммадан табыстан түсетін салықтан босату.

Кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуде біршама қиыншылықтар бар, ол ақша жетіспеушілігінен мамандандырылған, білікті бухгалтер жоқтығынан кәсіпкер басқарушы және бухгалтерлік жұмысын өзі жүргізеді. Сол себептен сауда-өнеркәсіп палата бөлімшелерінде кәсіпкерлерге консалтингті қызмет көрсететін жүйесін қамтамасыздандыру. Ал мұның ақысын әр кәсіпкердің қалтасына байланысты төленілуі керек. Кәсіпкерлер өз қызметінің жүру процессінде салық заңының қайта-қайта толықтырылуы және өзгеруін жеткілікті деңгейде уақтылы біле бермейді. Сол себептен кәсіпкерлерге салық органдарынан білікті мамандардың кеңес алуын ұйымдастыру керек, бұны осыған орай кәсіпкер күні деп белгілеуге болады.

Шағын кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету туралы актуалды проблемаларды шешу үшін келесідей жағдайлар жасалуы тиіс:



  • құқықты ақпаратсияқты мемлекеттік ақпарат ресурстарын алу және тарату жағдайын жақсарту; мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік программалар туралы апарат;

  • еліміздің және шетел шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарының ақпараттық алмасуды дамыту.

Жоғарыда айтылып кеткендей шағын кәсіпкелікті бастауда үлкен капитал көзі көп уақытқа берілетін аренда (лизинг) болып табылады. Бұл қолданыстағы құрал-жабдықтарды сатып алумен салыстырғанда және негізгі қорды құруда арзанға түседі. Өнеркәсібі дамыған шетелдерде лизинг есебіне 25-30 % әр жылдағы тура инвестиция көлемі келеді, ал негізгі лизингтің субъектілері шағын және орта кәсіпорын иеліктері болып табылады. Лизинг көмегімен келесі шағын және орта кәсіпорындар саласы дамыған: механикалық алғашқы өңдеу – 86 %, станок жасауда – 78 %, полиграфия өндірісі – 70 %, өнеркәсіптік құрал-жабдық өндірісінде – 66 %.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуда қаржы-несиелік қолдау әдіс-тәсілдерінің қатарына болып венчурлік қаржыландыру формасын жатқызуға болыды.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруда икемді таңдау салық саясаты керек. Бұл жүйенің бастр мақсаты болып инвесторлардың салымын және өндірісті дамыту үшін кәсіпорын табысына салық салынбау және сон дай НИОКР, әлеуметтік сала объектілерін қамтамасыздандыру; қазіргі салық салымын 35-40 % төмендету бұл кәсіпорынның функционалды капиталын бюджетне аудармау үшін; жаңа жұмыс орнын құру үшін, жалқы қорынан азауту; салық салу деңгейін материалды өндіріс саласына азайтып, делдалдық салака көбейту, негізгі салада енді өз ісін бастап келе жатқан кәсіпорындарға салықты жеңілдету; лизингті компанияларға салықты жеңілдету. Салық жағдайын салық төлеушінің экономикалық белсенділігін төмендететін деңгейге жеткізуге болмайды.

Шағын және орта кәсіпорындардың дамуын ынталандыру үшін мынадай альтернативті қаржы-несие қолдауын көрсету керек, ол лизинг, венчурлі қаржыландыру, франчайзинг, тура қарыз беру, бұның бәрі дамыған мемлекеттер қатарында кең түрде дамыған.

Шағын, орта өндіріс орындарын дамытуда салық жағдайын жеңілдету. Шағын және орта кәсіпкерлік туралы салық саясатын икемді жүргізу жүйесінде бұл белгілі бір қызмет түрімен айналысатын кәсіпкерлерге салық ставкаларын дифференциялдау. Әсіресе материалды өндіріс саласына, сауда-делдалдық және әлеуметтік салада айналысатын субъектілерге жасалуы тиіс. Міндетті түрде біздің тәжірибеге дүниежүзілік тәжірибеде тексерілген қаржы-несие қолдау ынталандыра түсу керек, бүл әрине өзінің жақсы нәтижесін береді.

Былтырғы, 2004 жылы 19 наурыздағы, Президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтып кеткендей: Бәсеке қабілетті экономика туралы бөлімінде 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттары мыналар болған:



  • экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюракратиясыздандыру;

  • Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;

  • Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;

  • Инфрақұрылымдарды дамыту.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында даму басымдықтарын айта кеткен жөн.

Біз экономикамызды дамытуда іс жүзінде тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз керек. Соның бір саласы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.

Биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсеке қабілетті салалар жиынтығы) айқындап алуымыз қажет. Даму институттары болса, алдыңғы міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралдарына айналу керек.

Сонымен қатар перспективалы бағыт – шетелдің жетекші банкілері және комапнияларымен бірлескен жобалар. Осы бағыттағы жұмыстар нәтижесінде Еуропа банк імен байта құру және даму банктерімен бірлесе отырып, „Солтүстік-Оңтүстік” электр желісі магистральдарының құрылысын қаржыландыруға кірісті. Жобаның құны 280 млн. доллар.

2003 жылы „Қазақстан-Инжиниринг” ұлттық компаниясы біздің ірі машина жасау зауыттарымызды жаңғырту мақсатында „Сингапур Технолоджизбен” бірлескен мекеме құрады.

Еліміздің экспорт әлеуетінің өсуіне индустрияның базалық салаларын, бір інші кезекті металургия мен метелл өңдеу саласын одан әрі дамыту оң ықпал туї тиіс. Шет елдердің тәжрибесіне келсек, мунда жаңа индустриялды мемлекеттерді алсақ – бұл дамушы мемлекеттер тобі, бұл мемлекеттер индустриализация, ғылымды өндіріс түрлері, сонымен қатар халықаралық саудаларды нақты жақсы нәтижелерге қол жеткізген, сонымен қатар бұл мемлекеттер тобы өнеркәсіп өнімдерін және қызмет көресту секторларын экспортты бағытта өндірген. Кейбір әлеуметтік-экономикалық көресткіштерге қарайтын болсақ жаңа индустриалды мемлекеттер дамыған мемлекеттер деңгейіне жетіп қалған.

ЖИМ-тобына мынадай 8 мемлекет кіреді: оның қатарындағы 4 мемлекет Азиялық – Оңтүстік – Шығыс-Малайзия, Индонезия, Тайланд, Филипина. Бұл мемлекеттерді жиі „жолбарыс” мемлекеттері деп танылады. Егер де біз Уолт Ростоу даму стратегиясына көңіл бөлсек, онда „жол\барыстар” үшінші (Индонезия, Филипины), төртінші (Малайзия, Тайланд) қатарында.

Қалған 4 мемлекетке: Латин Америкасы – Мексика, Бразилия, Аргентина, Чили жатады.

Біз ЖИМ-ң Азия регионнындағы негізгі экономикалық дамуын қарастырайық. Қарастырып отырған Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер тобі ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін арата қалған, аграрлы колониялар, оның ішінде күріш пен біршама пайдалы қазбалардан басқа ештеңке өндірілмеген. Ал қазіргі кезде бұл аймақтағы мемлекеттер дүниежүзі бойынша тез дамып келе жатқан елдер қатарында, бұлар АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа елдеріне шейін мынадай тауарлармен қамтамасыз етеді, олар – үй шаруашылығына коректі электронды техникалар және аяқ киім, киім, азық-түлік. Ал бұл өнімдердің сапасына сай жоғары стандарттарға сай, технологиялары болса өздерінің прогрессивтігімен ерекшелінеді, өндірісі мен тауарлары экологиялық өсуде. Бұл „жолбарыс” елдері дүниежүзілік қаржы орталықтарына және капитал экспортына шығаруда дүние жүзінде алдыңғы орында.

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ЖИМ-ң экономикалық даму ерекшеліктері.

Ең біріншіден О.Ш.А-ғы ЖИМ-ң даму моделіне ең бірінші айтып кететіін жай, ол шығыс мемлекеттерінің мәлени даму ерекшеліктері. Осы шығыс мәдениеті мен минталитеттерінің арқасында олар осындай нәтижеге жетіп отыр.

Индустриалландырудың алғашқы негізі, ол біріншіден, артта қалған тоқыма өндірісі болған. Бұл аймақтағы мемлекеттер дүниежүзілік нарыққа арзан, сапасы төмен өнімдерді экспорттаған болатын (киім, аяқ киім және т.б.). Сапасының төмендігімен, бірақ түрінің жақсы болуы (қаптары), мол ассортиментті өніммен олар бастапқы орнын табуға мүмкіндік алды. Экспорттан түскен пайда өндірісті модернизациялауға жұмсалып отырды және Жапониядағыдай экономиканың жаңа секторларын дамытуға жіберіліп отырылды.

Оңтүсік-Шығыс Азия мемлекеттерінің экономикалық дамуында мемлекет үлкен роль атқарды. Үкіметтің соғыстан кейінгі экономикалық стратегиясы классикалық меркантелизмнен айырмашылығы үлкен болмады: экспортты ынталандыру және импортты айтарлықтай қатаң тежеу. Импортқа кеден жіне әкімшілік жол бермеушілік туралы протекционизм саясаты өзінің өндірушілерін шетел бәсекелестігінен қорғаған. Ал ішкі нарықта імпорт алмастыру саясаты жүрген, бұл: жергілікті тұтынушылар тек жергілікті тауар өндірісін қамтамасыз еткен. Бұндай тежеулер индустрализациялауды тездету, ұлттық өндірушілерді қорғау және экспорт өндірісін ынталандыруға әкеледі.

Бірқалыпты Оңтүстік-Шығыс Азия өндірісіне шетел капиталдарын белсенді тарту, жаңа өндірістерге инвестиция салынып, үздік технологиялар алынып жатты. Шетел капиталының ағылу себебі жұмысшы күшінің құнының төмен болуы және оңтайлы инвестициялық климат. Шетел капиталы мен технология алынған есебінде аймақтарында бәсеке қабілетті өндіріс орындары пайда болды. Аса маңызды даму барысындағы импорт саясатының ролі болып:



  • жергілікті өндірушілерді батыс елдерінің сапасы күшті өнімдерінен қорғайтын жоғары кеден салымдары;

  • тиімді жергілікті өндіріс тауарлары ішкі нарықты тез толтыруына әкелді;

  • экспорттан түскен шетел валюталары тұтынуға арналған импорттық тауарларға жұмсалмай, оған үздік құрал-жабдықтар мен технологиялар алынды, бұл әрине индустрализациялану процессін ынталандырды.

Экономикалық стратегисяның даму барысында, халық шаруашылығының негізгі салалары, экспортты даму әдістері және шетел бәсекелестігінен жергілікті өндірушілерді қорғау – бұның бәрін мемлекет анықтаған. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің үкімет тарапынан дұрыс шешім қабылдауының нәтижесінде осындай даму таңқаларлықтай емес, олардың экономика саласындағы негізгілерін таңдауы дүниежүзілік нарық конъюнктурасына тез енуінде. Мемлекеттің экономикаға толық араласуына қарамастан негізгі шешімдер, нарық заңдарының негізінде, нарық жағдайына және сұранысқа байланысты қабылданған. Протексионизм саясатының жергілікті өндірушілердің сыртқы нарыққа бағыттарымен икемді келуі бұл аймақтағы елдерге өте жақсы нәтиже әкелді.

Мемлекеттің өнеркәсіп саясаты әрдайым өзгеріліп отырды. Мемлекет тарапынан белсенді қолдау және қаржыландыру жаңа негізгі ашылған салаларға көрсетілді және уақытша монополия берілді. Ал дамыған салаларға мемлекет тарапынан біркелкі саясат жүргізілді, оның ішінде олар мемелекет тарапынан әртүрлі жеңілдіктер алып тұрды.

Артықшылығы бар салалар және кәсіпорындарды қолдаудың негізгі элементі болып: төмен пайызбен несие алу болды. Осының негізінде экономиканың жоғары деңгейде нақты ұстап тұруда капитал жетіспеушілігінің проблемасы шешілді. Нәтижесінде әр салада маманданған ірі компанія- конгламеранттарының құрылуын ынталандырды. Мұнымен қатар жергілікті компанияларға үкімет өз тарапынан кепілдік берді, бұл шетел несиелеріне жол ашты.

Егер де біз жоғарыда айтылғандай Оңтүстік-Шығыс Азия „жолбарыстарының” тәжірибесін қолдансақ, SWOT есеп беру де көрсеткендей „әлсіз жақтары” несие алу қиындықтары қарастырылған болатын, біздің кәсіпорындарға несие алу барысында үкімет тарапынан кепілдік берілсе, сонымен қатар Елбасының 2004 жылғы жолдауындағы индустрализациялау бағдарламасын орнықты орындасақ, „жолбарыс” Оңтүстік—Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін дұрыс пайдалансақ, онда жаңа салада кәсіпкерлікті құру барысында мемлекет тарапынан қолдау және қаржыландыру, сонымен қатар оларға уақытша монополия мумкіндігін берген жағдайда жоғары нәтижелерге ие боламыз. Елімізде қазба байлықтар жеткілікті деп. айтуға болады, экспортқа шығарылатын шикізат түрлері: минай, түсті металургия және т.б. экспортталуынан түскен пайдадан (жаңа үздік технология, құрал-жабдықтар) жергілікті кәсіпорындарға үздік технология, құрал-жабдықтар алынса, отандық өндіріс орындарын жандандыра отырып, импорттық өнімдерге кедендік салымдарды көбейте отырып, қадағалап индустрияландыруды ынталандыруға болады. Біз экономикамызды дамытуда іс жүзінде тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз керек. Соның бір саласы индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың бірден - бір қуатты факторы ретінде кластерлік әдісті қолдану.

24 наурыз күні Астанада басталған Қазақстан кәсіпкерлерінің коргресінде Елбасымыз өз сөзінде „Экономикамыздың,мемлекетіміздің дамуының қазіргі кезеңінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту алдымызда тұрған ең үлкен міндеттердің бірі, деп. атап өтті.

Ел экономикасын дамытудың бизнес белсенді қатыса алатын келесі бір келешегі мол бағыты ретінде Елбасымыз кластерлерді қалыптастыруды атады.

Шет елдер, әсіресе индустриалды дамыған елдер үнемі тиімді біріктіруді іздеуде болуда, барлық өндіріс факторларын кешенді және балансталған түрде қолданудың ең тиімді әдістерінің бірі – кластерлік әдіс. Қазақстанға бұл әдісті жіте тексеру керек. Әлемде сәтті жұмыс істейтін кластерлер көп. АҚШ – та бұл тек «Силиконовая долина» ғана емес, сонымен бірге елдің әр штатындағы көптеген кластерлер. Итальяндық, финдік, шведтік, қытайлық, сингапурлік кластерлер бар. Олар Ресейде де пайда болуда. Санкт- Питербургте және Перм облысында бірнеше кластерлер өзінің қызметін іске асыра бастады. Ресейлік - белорустық бірлескен кластер қрылды, және оның жаңа өнімі Скиф 500 әлемдегі ең қуатты суперкомпъютерлердің бірі болып табылады. Украинада облыстық және аймақтық кластерлер жоспары жасалынған, ал «Подолье первое» атты алғашқы украиндік кластер осыдан 8 жыл бұрын құрылған және бүгінгі күні Украинада бір кездері депрессиялық болған аймағында – Хмельнец облысында жұмыс істейді. Қысқасы, кластерлік интеграциялық процестер жалпылама сипат алуда.

Әр кластердің өзіне тән ерекшеліктері бар, және ол локальді, аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейде құрылады. Класикалық түсінікте – бұл өзара байланысқан жабдықтаушылар, өндірістік емес сфералар торабы, университеттермен, зерттеу мекемелерімен, инфрақұрылымдық ұйымдармен және тұтынушылармен жасалынған стратегиялық альянстар.

Дамушы елдердің тәжірибеі көреткендей, оларда кластерлердің келесідей типтері орын алуда:

- ірі ұлттық фирмалар мен жергілікті жабдықтаушылар кластерлері;

- микро-, шағын және орта кәсіпорындар кластерлері;

- трансұлттық корпорациялар мен жергілікті кәсіпорындар жабдықтаушылары боп келетін кластерлер.

Қазақстанға кластерлік өндірістік жүйелерді құру мақсатында экономика құрылымын талдау қажет. Жұмысты бірнеше бағытта, жалғасымды түрде жүргізу керектігі көзделуде. Ең алдымен аймақтық экономиканың аудиті, оның кластерлерді селекциялау үшін мүмкіндіктерін зерттеу. Одан кейін қандай да бір аймақта жүзеге аатын экономикалық механизмдерді талдау. Сонымен біргше кластерлік әдісті талдауда жек және мемлекеттік секторлардың міндеттерін анықтау керек.

Мемлекет экономиканың бәсеке қабілеттілігі өсімінің катализаторы ретінде болып анықтаушы рольді атару керек. Мысалы, Финляндияда кластерлердің пайда болу және дамуында басты рольді мемлекет атқарады. Басқа бір мысал. Бұрынғы ГДР- да Дрезден қаласы тоқырау жағдайында болған. Германияның бірігуінен кейін мемлекеттің көмегімен бұл қалада 760 компаниядан тұратын кластер құрылған болатын. Ол 10 жылдың ішінде тек ФРГ экономикасында ғана емес, бүкіл әлемде алдыңғы позицияларға шықты, және «Силиконды Саксония» аталуға құқылы. Бұл кластердің құрылуына мемлекет федералды бюджеттен 840 млн. доллар және жергілікті бюджеттен 200 млн. доллар бөлу арқылы көмектесті. Бастапқы этапта кластерлердің даму потенциалы бар экономика секторларында саны шектелген жобалар жасай бастауға болады. Бұл металлургия, мұнай – химия, биотехнология, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдар өндіру және т.б.экономика секторлары. Бұл туралы Алматыдағы кластерлік саясат бойынша халықаралық «дөңгелек үстелде» жалпы әңгіме болған.

Кластерлік әдіс негізгі кәсіпорындарды жақын орналасқан жабдықтаушылар іздеуге, олардың өнімінің сапа мен бәсеке қабілеттілігін көтеруге көмектеседі. Жаңа жағдайларда бұл импорталмастыру саясатын тиімді ауыстырушы ретінде қызмет істеуі мүмкін.

Кластерлердің жарқын халықаралық үлгілері - Нью-Йорктегі Уол-стрит пен Лондондағы Сити сияқты қаржы орталықтары. Оларда білікті кадрлар, мамандарндар шоғырландырылған. Инфрақұрылым мен олардың даму тенденцияларын ескермейінше тиімді бизнесті аяғынан тік тұрғызу шын мәнінде мүмкін емес. Сондықтан да бәсеке қабілеттіліктің кепі лі – ауқымды ойлай білу. Үшінші әлемнің арата қалған елдерінің айналасы ондаған жылдар ішінде „ Азия елдерінің тәжірибесі мұндай көзқарастың дұрыстығын айшықты дәлелдейді. Әлемнің аса Ірі екі экономикалық орталығының – Еуропа одағ ы мен Азия – тынық мұхит өңірінің аралығында орналасқан Қазақстан үшін бұл өте – мөте көкейкестідеп ойлаймын, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы

Локальді және аймақтық кластерлер жайлы айта кету керек. Оларды Қазақстан кәсіпорындарында құру - өте маңызды. Премьер – министр Даниял Ахмтов, Шымкент облысында болып мақта кластерін құру қажеттігі туралы айтқан болатын. Мақта өсіру шаруашылығын, мақтаны қайта өңдеу кәсіпорындарын, тоқыма өндірісін және тігу кәсіпорындарын біртұтас өндірістік тізбеге біріктіруге мүмкіндік беретін өте перспективті идея. Бұны қосылған құнның тиімді тізбегі деуімізге болады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кластерлік әдіс, әсіресе аймақтық кластерлер шағын және орта бизнесті дамытуға қуатты күш береді. Кластерлердің әйгілі компаниялары қызметті негізгі бағыттарға орталықтандырады және аралық өнім өндірісі мен шағын кәсіпорындарға қызмет көрсетуді делегирлейді. Мұндай әдіс әсіресе аймақтарға тиімді, өйткені жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне, аймақ табыстылығының көтерілуіне мүмкіндік береді, тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілу мәселесін шешеді.

Кластерлік әдіс жағдайында инвестициялық саясат белгілі бір өзгертулерге ұшырайды: салымдар тек жеке фирмалардың ғана емес, бүкіл кластердің бәсекеге қабілеттілігіне жетуді мақсат ету қажет. Бұл сонымен бірге, шағын және орта кәсіпорындарды инвестициялық ресурстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Елімізде ақпараттық технология және биотехнология бойынша екі жоғары технологиялы кластер құру мүмкіндігі бар. IT –кластерге қатысты бастама бар. Бұл Алатау поселкесінде құрылып жатқан технопарк. Ал екіншісі Степногорскіде, онда ең жаңа қазіргі замаңғы технология және ғылыми база мен кадрлардың жоқтығынан оның болашағы анық емес. Басқа да генно-инжинерлік және биотехнологиялық мекемелер қиын жағдайда. Сондықтан, Степногорскідегі базаны, персоналды, ұлттық биотехнологиялық орталықтың ғылыми лабораториясын қомақты қаржы бөлу арқылы қайта құру қажет.

Әрине, өнеркәсіпті модернизациялау үшін қандай-да бір қазіргі замаңғы технологияны біз шет елдерден сатып аламыз немесе шет елдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар шығарады. Бірақ, республикадағы индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыратын ғылыми әлеуетті тиімді қосу мәселесі әлі де өзекті. Ал, әлеует біздің мекемелер мен университеттерде бар.

Шет елдік тәжірибе көрсеткендей кластер құру үшін сәйкес әлеуметтік орта қажет. Ең алдымен, бұл- билікпен де, бизнеспен де жаңа өндірістік жүйе құру тиімділігін түсіну. Маңызды болып үйлестіруге республиканың әртүрлі салаларының кәсіпорындары, экономиканың, жұмысшылардың психологиялық дайындығы табылады. Өкінішке орай, біздің экономикамыз фрагментарлы, ал үйлестіру маңыздылығын түсіну өте төмен деңгейде. Бизнесмендерді үйлестіру тиімділігіне сендіру және оларды алдыңғы тәжірибелермен таңыстыру үшін аймақтарда, сондай-ақ салаларда дағдыландыру топтамасын, семинарлар, таңыстыру және аналитикалық шаралар өткізілуі қажет.

Біздің инновациялық бағдарламаның кадрмен қамтамасыз ету маңыздылығын айта кету қажет. Инновацияны басқару, инновациялық менеджмент- бұл арнайы кадрларды дайындауды қажет ететін спецификалық, іскерлік қызметтің маңызды саласы. Инновациялық менеджмент саласы бойынша кадрларды дайындау жүйесін қайта құру талап етіледі. Өкінішке орай, жоғары білім мамандықтарының арнайы стандарттарды жоғары оқу орындарына мұндай қайта құру мүмкіндігін бермейді. Білім және ғылым министрлігінде мамандарды дайындаудың жалпы уақыт бюджетінде оқу бағдарламаларының жартысына дейін ЖОО-ның өздерінің қалаулары бойынша өзгерістер енгізуге мүмкін жаңа стандарттар құрастырылуда. Бұл министрліктің ең өзекті кәсіп және мамандықтар бойынша кадрларды дайындау мүмкіндігін ашатын дұрыс және перспективті шешімі.

Сонымен, Қазақстандағы кластерлік саясаттың жобасына берілетін ұсыныстар:


  1. отандық экономиканың негізгі сипаттамаларын кластерлік әдіс тұрғысынан талдау;

  2. салалар қатарынан шектеулі санынан кластерлік жобаны таңдау және оларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жасау;

  3. үрдісті ынталандыру үшін индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына және реформаларды қолдаудың экономикалық механизміне түзетулер енгізу қажет;

  4. инновациялық менеджмент бойынша кадрларды дайындау және қайта дайындау;

  5. кластерлік әдіс олармен байланысты қиындықтарды бағалау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ оларды жеңуге шешім қабылдау;

6. жиналған тәжірибе негізінде жаңа кластерді талаптандыру.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет