Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі кәсіпкерлік қызметтің тиімділігінің негізгі факторы ретінде
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе елдің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік, ер кін сауда, жеке меншік билігі, т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезеңінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы факторлардың анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімді перспектива кәсіпорнының әрі қарай гүлденіп, өркен жайылуының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке қабілетті жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функцияналды бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін болып отыр.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселе көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегиясының бастр ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жоғынан ерекшелінетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және жағдайларын нығайтуға ұмтылу керек.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бұл экономиканың, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің жиынтығы.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің альп отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе үлкейтуге жеткілікті әлеуетті.
Қазіргі кезде кәсіпкерлікті дамытудың жаңа талаптары мен жаңа идеологияся белгіленген. Оның негізгі мақсаты – ел экономикасының өсуін жаңа сапаға көтеру, яғни қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Елбасымыз Қазақстан кәсіпкерлер Конгресіндегі кәсіпкерлерге арналған үндеуінде мемлекет біздің экономикамыздың негізі ретінде кәсіпкерліктен үлкен үміт күтетінін, оның бұл жолдың бірден – бір сенімді жол екеніне сенімін білдіретінін, бірақ бизнестің өзінің белсенді ұстанымынсыз мемлекет тарапынан күш – жігердің бәрі зая болмақ атап өткен болатын. Бұл - өте орынды.
Кәсіпорынның қызметін жүзеге асыру процесінде оның тиімділігіне әр түрлі факторлар әсер етді. Олар сыртқы және ішкі болуы мүмкін.
„Прогресс – СМ” ЖШС - ң негізгі қызметі – цинкіленген болаттан жасалған майысатын профильдер дайындау. Және кәсіпорын негізінен тапсырыс бойынша өнім өндіреді. Ол құрылыс материалдар өндіріп шығару саласында қызмет етеді. Мұнда үлкен тәуелділікті байқауға болады. Егер сұраныс азайса, өндіріс уақытша болса да, тоқтап қалады. Тәуелділіктен құтылу үшін, олар маркетинг қызметін жақсарту керек. Ол үшін кәсіпорын бәсеке қабілеттілігін арттыру керек.
Нарық жағдайындағы «ПРогресс – СМ» ЖШС – ң өндірістік қызметін жетілдіру керек. Ол үшін :
1 ұсыныс- тұтынушылармен экономикалық ара қатынасты жетілдіру.
Кәсіпорын қызметін талдағаннан кейін енді оның қызметіне әсер ететін сыртқы факторларды қарастырайық.
Сыртқы орта факторларына жабдықтаушылар, заңдар, тұтынушылар және бәсекелестер жататынын білеміз.
Тұтынушыларға келсек, олардың мінез – құлқын зерттеп, нарықтағы сұранысты зерттеу, талдау және оны арттыруға ұмтылып, шаралар кешенін жасап шығару қажет.
Мынадай шаралар кешенін жүргізу керек:
1 жүргізетін шара - тұтынушылар ретінде жеке тұлғаларды айқындап, тұрақты клиенттерге айналдыру
Кәсіпорынның негізгі тұтынушылары - құрылыс компаниялары Олар мысалы, „Реал – Пласт” ЖШС, „Меркурстрой Сервис” ЖШС, Гепро – Терезе” ЖШС, ”Кали””ЖШС, „Металпласт” ЖШС және т.б. Олардың барлығы заңды тұлғалар болып табылады. Сонда кәсіпорын тұтынушыларының 90 % – ға жуығы - заңды тұлғалар. Оны прайс – листтен көруімізге болады. Бұлар - тек арнайы профиль сатып алушылар. Кәсіпорынға тұтынушылар санын арту, сұранысты көбейту, яғни тұтынушылар нарығын кеңейту мақсатында жеке тұлғаларды тарту, олардың санын көбейту ұсынылады.
-
жүргізілетін шара – соңғы тұтынушыға өнім өндіру
. Мысалы кәсіпорын сирек шығаратын профнастил өндірісін керісінше ұлғайту. Себебі профнастил құрылыс саласында өте қажет материал, мысалы „Центросталь – Домсталь” ЖШС отандық құрылыс компанияларын осы құрылыс материалымен қамтамасыз ету үшін Польшадан алып келіп жабдықтаумен айналысады. Мұнда бұл материалға сұраныстың үлкен екенін байқауға болады. Сонымен бірге оны тек құрылыста ғана емес, үй шаруашылығында да пайдалануға болады. Мысалы, гараждардың , навестердің үстін жабуға, қаптауға болады. Арнайы профиль дайындауда техника қарулану деңгейі мен технологияға байланысты тек белгілі ұзындық бойынша профиль өндіріледі. Ал клиентке ұзындығы қысқарақ профиль қажет болуы мүмкін. Сондықтан қалған бөлігі қоймада қалып қояды. Оны қалдық деп айтуға болмайды. Себебі оларға прайс – лист жасалып, дайын өнім ретінде сатуға мүмкіндік бар, бірақ мұнда уақыт шығынын ескеру керек.
3 жүргізілетін шара – бәсекелестерін анықтау, олардың артықшылықтарын бағалау, өткізу нарықтарын зерттеу.
Әрине кәсіпорынның ішкі күрделі прблемалары бар. Және оларды шешпесе мемлекет тарапынан болсын, инвесторлар жағынан болсын көрсетілетін көмектің бәрі де бекер болуы мүмкін. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: маркетинг әдістері мен принциптерін іске асыру, өнім мен өндірісті диверсификациялау, бәсеке қабілетті өнім шығару, нарықты үздіксіз бақылап отыру және нарық конъюнктурасындағы өзгерістерге тез бейімделу, ол өзгерістерге сезімталдықты төмендету, ынталандыру және экономикалық талдау жасау, жаулап алушылық стратегиясын негіздеу және іске асыру, және де сыртқы нарыққа шығу және т.б
Осы және тағы басқа да ұйымдастырушылық, техникалық және технологиялық сауалдар барлық қайта ұйымдастырылудан кейін қайта құрылған кәсіполрындардың мәселелері болып табыдады.
«Прогресс - СМ» ЖШС жабдықтаушыларымен өзінің өнім арқылы төлем жүргізе бастауы себебінен олардың барлығымен күресе алмады.
Тұтынушылармен ара қатынасты жақсарту үшін маркетинг және өткізу қызметінің ролін арттыруға бағыт ұстап, нарық пен тұтынушылардың маркетингтік зерттеулерін жүргізу керек. Сол себепті келесі сұрақтарға жауаптар іздеп, табу керек:
- Кәсіпорынды аналогиялық өніммен кім жабдықтайды ?
- Біздің өнім не үшін қалай пайдаланылады ?
- Кәсіпорында өнім сапасын тиімді қолану үшін оны жақсарту
мүмкін бе?
- Кәсіпорын өзінің қызмет нәтижесімен қанағаттана ма ?
- Қызмет аясында қандай өзгерістер енгізілу керек ?
- Басқа кәсіпорындар, яғни бәсекелестер немен ерекшеленеді ?
- Олардың шығаратын өнім сапасы қандай ?
- т.б.
Осы сұрақтар бойынша маркетингтік қызмет жүргізілу керек. Кәсіпорында маркетинг бөлімі жоқ. Бірақ олар үшін маркетингтік қызметті келісімшарт бойынша «ASV – снаб» ЖШС жүргізеді. Бірақ бұл жеткіліксіз.
Кәсіпорында мүлдем кәсіпкерлік қызметті жетілдіру саясаты жоқ деп айту дұрыс болмар. Мысалы, 2002 жылы жаңа өнім енгізу арқылы, соған сәйкес өндірістік қуаттылықты арттыру есебінен өндірілген өнім көлемі артып, өнімді өткізуден түскен табыстың артып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 201,4 % -ға артқанын төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте. Кәсіпорын табысын талдау
№
|
Көрсеткіштер
|
Өлш. бірлігі
|
Жылдар
|
%-қ үлес салмағы
|
Ауытқу
+/-
|
2002
|
2003
|
2004
|
2003/2002
|
2004/2003
|
2003-2002
|
2004-2003
|
1
|
Өнім өткізуден түскен табыс
|
мың тг
|
32086
|
96696
|
188212
|
301,4
|
194,6
|
64610
|
91516
|
2
|
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
|
мың тг
|
26381
|
84552
|
168659
|
320,5
|
199,5
|
58171
|
84107
|
3
|
Жалпы табыс
|
мың тг
|
5705
|
12144
|
19553
|
213
|
161
|
6439
|
7409
|
Мысалы, 2004 жылы өнім бағасын төмендету саясаты қолданды. Өткізу көлемін ұлғайту мақсатында көтерілмей, алдыңғы жылғы бағамен сатылды. Өткізілген өнім көлемі болжанғандай ұлғайды, соған сәйкес, өнімді өткізуден түскен табыс та өсті. Бірақ мұнда ескерілмеген жағдай, бұл- - шикізат бағасының өсуі, және соның есебінен өнімнің өзіндік құнының да өсуі.Кестеде көріп отырғанымыздай, өнімді өткізуден түскен табыс 2004 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда әрине өсті. Бірақ өнімнің өзіндік құны да өскенін байқаймыз.
Оларға маркетинг бөлімін құру, ең болмағанда, кадр басшысына маркетолог немесе инициативті қызмет атқару үшін арнайы жұмыскерді штатқа енгізу қажет. Әрине кәсіпорын иелеріне бұл шығындар алып келеді, бірақ өндірістің тұрып қалуы әлдекқайда көп шығын алып келуі мүмкін.
2 ұсыныс - өнім тізімін кеңейту. Тек металды – пластикалық профильдер дайындауға емес сонымен бірге гипсокартон үшін профильдер, профнастил шығару, стандартты емес құрылғыларды өзінің пайдалануына ғана емес сату үшін өндіру, осылайша сұранысты өсіру. Ал сұраныс өссе, өндіру көлемі де өседі, өндірісті кеңейтуге тура келеді, бұл өндірістік қуаттылықтың жоғарылауына себепші болады.
3 ұсыныс – инновацияны жетілдіру. Бұл қазіргі кезде өте үлкен сипат алуда. Жапондықтардың айтуынша, инновация деп тек жаңа техника мен технолгиыны ғана түсіну емес, бұл енгізілген кез келген жаңашылдық. Ол жаңа идеялардан немесе жаңа өнім шығару ьолуы мүмкін. Қазіргі кезде құрылыс күрт дамуда. Осында мысалы, Астанада 3 қабатты терезелер өндіруде.
Кәсіпорын бұл нарықты зерттеп, оларға қажетті материалдар, соның ішінде профильдерді анықтап, жаңа ассортимент енгізуіне болады. Сонымен бірге жаңа шығарыла бастаған станоктар өндірісін ары қарай жетілдіре беру керек. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің стратегиясы материалды-техникалық және тауарлы материалдық қорларды кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін ұдайы жоғарылауын қамтамасыз ететіндей деңгейде Остап тұрудың бағыттары мен әдістерін таңдауда жатыр.
-
ұсыныс – меншік ақпараттар қөздерін құру.
Ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиясы өз кезегінде бәсеке қабілеттілікті жоғарылату шараларының арасында байланыстырушы бубн қызметін птқарады. Өйткені оның қызметі кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасына бағытталған. Ол қағидаларды қалыптастыру және басқару есері жетілдіруді өзіне қосады. Сонымен қатар маркетинг тік зерттеулерді ұйымдастыру және аудит бағыттарын таңдау жұмыстарын да өзіне жатқызады.
Тауар нарығының конъюнктурасын зерттеу. Тауарлар өндірісіні мен жабдықталуымен сипатталатын көрсеткіштерді талдауға негізделеді: сатудың, қоймадағы тауарлык қорлардың көлемі мен құрылымы. Сондықтан ақпаратты қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – тұрғындар сұранысының негізгі даму заңдылықтары мен көрсеткіштерінің сандық және сапалық сипаттамасын бере алатын көрсеткіштер жүйесін құру. Оларға мыналар жатады:
-
ассортименттегі тауарлар өндірісі;
-
тауар ассортиментін жаңарту;
-
материалдар, шикізатпен, өндірістік қуаттылықпен қамтамасыз етілу;
-
ассортименттегі тауарлар қоры;
-
ассортименттегі тауарлар сатулары;
-
нарықтағы кәсіпорын алатын үлестің өзгеруі;
-
нарықтағы бәсекелестер алатын үлестің өзгеруі;
-
тұтынушылар сұранысындағы өзгерістер.
5 ұсыныс – кәсіпорынға басқару стратегиясын енгізу. Кәсіпорынның бәсекеге қабілетін басқару жүйесінің ең негізгі қағидасы – бұл кәсіпорынның қызмет түрі мен дамуының стратегисы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технологиямен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын ескере отырып оның потенциалдары мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.
Маркетингтік зерттеулер есебімен стратегиялық жоспарлау жүргізу керек. Әйтпесе бұл жоспалаудың кейбір артықшылықтары жоғалуы мүмкін.
Ал бұл артықшылықтарсыз кәсіпорын дами алмайды және мүлдем бәсеке қабілетсіз болып қалуы мүмкін – бұл толық банкроттылық жағдайы.
Қазіргі таңда кәсіпорынды тиімді әрі ұтымды басқару жүйесі әліде болса төмен деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар нарық қатынастарына бейімделген басқарудың функционалды механізмі дайындалмағандықтан, бәсеке жағдайында туындайтын көптеген мақсаттарға қол жеткізіле бермеуі. Сондықтан кәсіпорындар заман талабына сай, қазіргі басқару қағидасына негізделген, жоғары бәсекелік потенциалды және стратегилық бағытты қамтамасыз ететін басқару жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын енгізу қажет болып табылады.
Басқару жүйесі жүйелік және жағдайлық тәсілдердің келесі қағидаларында құрылуы қажет:
-
толық щаруашылық және өндірістік тәуелсіздік;
-
кәсіпкерлік қызмет түрлерін ер кін таңдау;
-
қоршаған орта мен нарық қажеттілігін бағыт-бағдар жасау;
-
қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты басқарудың жүйесімен потенциалдық инновациялық бейімделуі;
-
нарық талаптары мен инновацияның байта қалыптастыруға байланысты басқару құрылымының органикалық түрде даму;
-
өзін-өзі дербес қаржыландыру;
-
ұйымның міндеттеріне сәйкес, екологія мен табиғатты пайдалануға сақтықпен қарау, ресурстарды ұтымды пайдалану;
-
нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкес жүйенің бейімділігі, сенімділігі, икемділігі мен оперативтілігі.
Негізінен ұйымдық-жобалаудың ең маңызды міндеттері болып келесілер есептелінеді:
-
басқарудың ұйымдық құрылымын тиімді ету;
-
қызметкерлеодің жұмыс уақытын тиімді қолдану және еңбек жағдайымен қоса жұмысты орындау технологиясын жетілдіру;
-
қызметтің ақпараттық және құжаттық қызмет көрсетілуін дамыту және ұйымдастыру мен есептегіш техникамен бөлімшелерді жарақтандыру. .
Ұзақ мерзімді перспективада кез келген кәсіпорнының бәсекелестік күресте жеңіп, топ жарып алға шығуына мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті стратегияның маңызы соңғы кезде күрт артуда. Барлық кәсіпорындар қатал бәсекелестік жағдайда тек ұйымның ішкі жағдайын қадағалап қана қоймай, олардың айналасында болып жатқан өзгерістердің артынан ілесуге мұрша беретін ұзақ мерзімді бәсеке қабілеті стратегиясын құрастыра бастауы заман талабы болып отыр.
Кәсіпорынның бәсекелестігін жоғарылату стратегиясының жүйесін
келесідей үлгіде көрсетуге болады:
-
кәсіпорынның сыртқы ортада жүзеге асыратын, атап айтқанда тауарлық, баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы қағаздар нарығындағы іс-әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету, сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.
-
кәсіпорынның ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс шығындарын төмендету, инновациялық қызмет, қызметкерлерді ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.
Өндірісте шығындарды төмендету стратегиясы өндірістік шығындарды азарту есебінен кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған. Ол өндіріс факторлары әрі өндірістің басынан тауарлардың потенциалды тұтынушыға дейінгі қозғалысындағы шығындарды стратегиялық талдаудың есебінен шығындарды қалыптастыру үрдісін реттеудің қағидаларын жасап шығару қажет.
Персоналды ынталандыру стратегиясы тиімді, жоғары сапалы. Әрі дер кезінде нарық талаптарын қанағаттандырған жағдайда персоналдың қызығушылығын туғызатындай жағдайларды жасауға бағытталған. Ынталандыру механізмі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталуы тиіс.
Бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі болып, жоғарыда айтып кеткендей, ол кәсіпорынның бәсеке қабілеттелігі жоғарылату, сол сияқты „Прогресс-СМ” ЖШС- кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементері мен байланысын қамтамасыз ететін бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру қажет. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жадайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процессін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар атап кеткендей бәсекеге қабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.
6 ұсыныс- ұйымдастырушылық қызметінің бағдарламасын жасап шығару керек. Мұндағы ұйымдастыру жетекшілігінің міндеті – шаруашылық механизмін құру. Ол сыртқы деңгейдегі өзгнрістерге тез бейім болу керек. Бұл анықталмағандықты және шаруашылық қызметтегі тәуекелді азайтады.
«Прогресс – СМ» ЖШС стратегиялық жоспарлау шегінде кәсіпорын басқару бойынша мынадай көптеген сұрақтар шешілу керек:
- жалпы ұйымдастырушылық стратегия жасау;
- бәсекелестер ортасын талдау;
- кәсіпорынның негізгі мақсаттарын анықтау;
- нарықтағы қызметінің ең маңызды деген факторларын басқару;
- тауарлар нарығындағы маркетингтік стратегияны құрастыру;
- тапсырыстар портфелін басқару;
- даму перспективаларын шығару;
- кәсіпорынның жалпы даму концепциясын құрастыру.
Бәсеке қабілеттілікке мемлекеттік қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатаң күресте қол жеткізілетіні баршаға мәлім.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шағын кәсіпкерліктің бүгінгі таңда нарықтық жағдайда алатын орны ерекше. Бұған шет ел тәжірибесі дәлел бола алады.
Шағын кәсіпкерліктің жұмыссыздықты азайту, елде орта топты қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту сияқты экономикалық, әлеуметтік функцияларды атқаруы оның Қазақстан Республикасы экономикасында да маңызды сипат алып отыруын көрсетеді..
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік көптеген түрде дамуда. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлік экономиканың жаңа сала түрлерін қамтуда. Оның оңтайлы даму мына себептерге байланысты – ол, жеке меншік, экономикалық іс-әрекеттің еркіндігі.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қолдау саясаты жүргізілуде. Соған байланысты Қазақстандағы кәсіпкерліктің маңыздылығын айқындаған, қазіргі кездегі даму жағдайын талдап, мәселелерін ортаға салған және олардың шешу жолдары қарастырылған Қазақстан кәсіпкерлерінің Конгресі өткізілді. Қазақстан Президенті өзінің халыққа Жолдауында да шағын кәсіпкерлікті қолдау ретінде республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге бөлінетіндігін атап өткен болатын.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың 2006- 2008 жылдарға арналған Бағдарламасы қабылданды. Ол кәсіпкерлік инициативасының еркіндігін іске асыру үшін жағдайлар туғызу және мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесін құру мақсатында құрылды.
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлернің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын активтердің жалпы саны алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий бойынша анықталады: жұмыскерлердің орташа саны және активтердің жалпы құны.
Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай- ақ мынадай ұйымдық- құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін:
- толық серіктестік;
- коммандиттік серіктестік;
- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
- өндірістік кооператив.
«Прогресс – СМ» ЖШС 1997 жылы «РМЗ» ААҚ – ы сегменттелуі нәтижесінде бөлініп шығып, Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына және басқа да заң актілеріне сәйкес құрылды.
«Прогресс – СМ» ЖШС құрылыс материалдар өндіру саласында қызмет етеді. Негізгі қызметі – арнайы профиль шығару. Негізінен тапсырыс бойынша жұмыс істейді.
Арнайы профиль ассортименті тек размерлер бойынша бөлінеді. Ол технологиялық процесстер құжаттарында және прайс – листерде көрсетілген.
Профиль: - ПЖ – 28,5 х 17,5, ПЖ – 40 х19 х 7,5 , ПЖ – 16 - ПЖ – 33 х 20 , ПЖ – 26 х 24 х 22 х 13 , ПЖ – 35 х 30 х 19, ПЖ – 30 х 21,5 х 9, ПЖ – 32,5 х 20 х 16, ПЖ – 15,5 х 34,5, ПЖ – 35 х 30 х 20 х 10, ПЖ – 35,3 х 30 х 38,5, ПЖ – 24,5 х 34,5, ПЖ – 25 х 35, ПЖ – 35 х 32, ПЖ – 19 х 59, ПЖ – 33 х 45, ПЖ – 17 х 63, ПЖ – 35 х 62,5, ПЖ – 50 х 50, ПЖ – 56 х 56.
2001 жылы арнайы профильдің көтерме бағадағы көлемі (мың тг.) есепті жылғы қолданыстағы бағамен – 13458,4 құрады, бұл көрсеткіш 2002 жылы – 5682, 2003 жылы – 75471 болды. Барлық қызмет түрлерін қоса алғанда, барлығы – 2001 жылы – 13539, 2002 жылы – 28192, 2003 жылы – 92997 мың теңге құрған. Мұнда 2002 жылы өткен жылғымен салыстырғанда көтерме бағадағы өнім көлемі (акциздер мен ҚҚС – сыз) өскен. 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 64805 мың тг-ге көбейген. Бұл көрсеткіштің өсу себебі – кәсіпорын өніміне сұраныстың артуы, кәсіпорынға келіп түскен тапсырыстар санының артуы.
Кәсіпорын өнімінің сапасы техникалық жағдай бойынша анықталады. Мұнда техникалық талаптар, мысалы, профильдердің размерлерінің шекті ауытқулары номиналды размерлерінен ұзындығы бойынша плюс 40 мм-ден аспау керек. Сонымен бірге онда қауіпсіздік талаптары, қабылдау талаптары көрсетілген.
2004 жылдан бастап «Прогресс - СМ» ЖШС «Қазақстандық сертификация орталығымен» келісімшартқа отырды. Келісімшарті бойынша «КЦС» өзіне аралық, сертификациялық тексерулер жүргізуді артады.
Кәсіпорынның өнім өндіру нарығындағы рөліне, алатын орнына тоқталсақ, кәсіпорын өнімі сұранысты қанағаттандыруға қабілетті және өткізу нарықтары тек Үштөбе, Талдықорған қаласын қамти қоймай, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Теміртау және Өзбекстан, яғни сыртқы нарықты да қамтиды.
«Прогресс - СМ» ЖШС– нің тұрақты тұтынушыларына әр түрлі құрылыс кәсіпорындары жатады. Мысалы: «Қали» ЖШС-і, «Реал-Пласт» ЖШС-і, «НОРЕ» ЖШС-і, «Ас-Ай» компаниясы, «Иртыш-Комплект» ЖШС-і, «Меркур Строй Сервис» ЖШС-і, «СОНЕТ» ЖШС-і, «Гепро-Терезе» ЖШС-і, «Алматы-Пласт» ЖШС-і, «Тамшылар» ЖШС-і, «PAKPEN» АҚ-ы, «Қаз. инвест. компан. «ХУАСИН» ЖШС-і, «Металпласт» ЖШС-і, «Россика Пласт» ЖШС-і, «Выбор» ЖШС-і, «ALUWIN» ЖШС-і, «Сто Пласт» ЖШС-і, «W&B» ЖШС-і, «Trans Petroleum» ЖШС-і, «Компания Строй Центр» ЖШС-і, «S.B.» ЖШС-і, «Риик» ЖШС-і, «ЦЕНТРПЛАСТ» ЖШС-і, «Рейз Алпласт» ЖШС-і, «ЭМЗ» ЖШС-і, «Каратал Пласт» ЖШС-і, «Таир-СВ» ЖШС-і, «Версия LTD» ЖШС-і, «Век» ЖШС-і, «Эммануил» ЖШС-і, «Асыл» ЖШС-і.
Қазіргі кезде «Прогресс – СМ» табысты қызмет жүргізуде. Бірақ табыстың төмендеу тенденциясы пайда болуы әбден мүмкін. Табысының өсуі сұраныс өсу, өндіріске жаңа өндірістік қуаттылығы жоғары құрал – жабдықтарды енгізу есебінен болды. Бірақ кәсіпорында маркетинг қызметі жетілмеген. Сол себепті ол өз нарығында үлесі айтарлықтай емес. Маркетинг қызметі келісімшарт бойынша басқа кәсіпорын қызметін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдай келе оның меншік капиталының аздығы есебінен қарыз капиталына тәуекелділігін атап өтуіміз керек. Және ақша қаражаттары есебінен төлем міндеттемелерін жабу - төменгі деңгейде.
Бірақ «Прогресс – СМ» ЖШС қызметінің кемшіліктеріне қарамастан, кәсіпорын жұмыс істеуде, дамуда. Өндіріс қуаттылығы 2002 жылмен салыстырғанда өсуде. Тұрғындарды жұмыспен қамтуда, және бюджетке жыл сайын прогрессивті түрде салық төлеу арқылы кіріс көзі болып табылуда.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Абсалянова Н. Индустриально-инновационная перестройка экономики. //Байтерек, 2003, № 1.
-
Актуальная проблема развития экономики Казахстана в третьем тысячилетии: Сборник научных трактатов – Алматы: Экономика, 2000г.
-
Анализ и аудит в системе управления предпринимательской деятельностью: Учебно-практ. Пособие/ Под ред. Т.А. Тасмаганбетова. – Алматы: Юнчи, 1999г.
-
Блинов А.О. „Малое предпринимательство организационные и правовые основы деятельности” М.: 1998г.
-
Блинов А.О., Шанин И.Н.: Предпринимательство на пороге ІІІ тысячилетия, М.: 2000
-
В.А. Рубе. Малый бизнес история, теория, прктика.
-
Васильченко В.А. Развитие предпринимательства усилением стимулирующей функции налогов: Дис. .... канд..экон.наук: 08.00.05.- Алматы, 2002.
-
Внешняя торговля и совместное предпринимательство Республики Казахстан: Стат.сборник/ Агентство РК по статистике; Под ред. А.А. Смайлова – Алматы , 2002.
-
Внутри фирменное планирование. М.:Бухалков, 2000
-
Волкова О.И. Экономика предприятия. М.: 1998
-
Геммерлинг Г.А. Ваше дело: самоучитель по индивидуальному предпринимательству. – М.: Лаборатория Базових Знаний, 2000
-
Говорин А.А. Инфраструктура современного предпринимательсва: проблемы теории и практики. - М.: Финстатинформ, 1999.
-
Дуйсенбаев К.Ш. Анализ фиансового положення предприятия. Алматы 1998г.
-
Егоров В.Н., Варакута Ф.А. Планирование на предприятии М.: Инфро. 2000г.
-
Есентугелов А. Долгосрочное стратегия развития экономики и размешение производственных фирм в Казахстане. // Аль-Пари,2000, №6
-
Идрисова Э.К. Налоговое регулировпание предпринимательской деятельности в Республике Казахстан: (На примере малого и среднего бизнеса): Автореферат дис. ... канд..экон.наук 08.00.10./ КазГАУ. – Алматы, 1998
-
Ильин . Планирование на предприятии. М.: 2000
-
Жолдасбаева Г.Ө. „Кәсіпорын экономикасы„– Алматы: Экономика, 2002
-
Жолдасбаева Г.Ө. „Кәсіпорын экономикасы„ : Алматы, Экономика, 2003
-
Қазақстан және оның аймақтары, Стат.жинағы, 2003, № 3
-
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы. 2003- № 49
-
Қазақстан Республика Үкіметінің. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006ж.ж.арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асару жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы: 2004ж., 6 ақпан, № 149 //Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республика Үкіметінің Актілер жинағы. 2004, № 6.
-
Қазақстан Республикасының Заңы „Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы // Егемен Қазақстан.- 2002. – 10 шілде.
-
ҚазЭУ хабаршысы – 2002, №3
-
Континент. 2002, № 3
-
Крылов Э.И. Анализ эффективности инвестиционной и инновационной деятельности предприятия. М.: 2001.
-
Н.Назарбаев. Участник международной конференции „Наука третьего тысячелетия” // Каз.правда. 2000, 11 мая.
-
Планирование деятельности фирмы. Алексеева М.М.: Москва. „Финансы и Статистика”, 2001
-
Предпринимательство в Республике Казахстан / КазГАУ; Окав К.О. и др. – Алматы : Экономика, 2000
-
Предпринимательство в Республике Казахстан : По сост.на 1 июля 2003 года. – Алматы: Юрист 2003
-
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2004ж.19 наурыз
„Бәсеке қабілетті Қазақстан,
Бәсеке қабілетті экономика,
Бәсеке қабілетті халық үшін”
-
Реали и перспективы высшего экономического образования Казахстана на стыке эпох: Материалы международного науч. – практ. конф.: сб. науч.тракт. – Алматы : Экономика, 2000
-
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск. 2003г.
-
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: 1999.
-
Стратегический план развития в РК до 2010г.: Собрания актов Президента РК и Правительства РК, 2001г., № 43, 44. стр. 240,244, 250.
-
Стратегия экономической стабилизации Казахстана: взгляд в ХХІ веке – Материалы международного науч. – практ. конф.: сб. науч.тракт. – Алматы : Экономика, 2000
-
Тоқтап тұрған кәсіпорындарды және тиімділігі шамалы өндірістерді саралаудың, кейіннен оларды белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берудің 2001-2005ж.ж. арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы: 2001ж. 17 шілдедегі № 969 Қаулысы // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.- 2001ж. - № 26.
-
Хрипач В.Я., Суша Г.З. „Экономика предприятия”.: Минск. Экономпресс. 2000г.
-
Управление компанией Э.А. Уткин.: Москва, 1997г.
-
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктің пайдаланатын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі. //Егемен Қазақстан.-2003.-17 сәуір.
-
„Экономика Зарубежных Стран” Погорлецкий А.И.: Издательство, Михайлова В.А.. Санкт-Петербург, 2000г
-
ҚР мен оның өңірлерінің әлеуметтік – экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері. Алматы, 2005 / ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
-
Статистический ежегодник , Алматы, 2004 /Агентство РК
Достарыңызбен бөлісу: |