Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асыру барысын зерттеу» 5B051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»


Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік басқару құрылымы



бет2/7
Дата23.04.2023
өлшемі0.79 Mb.
#472634
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Алтайханова-А.-Диплом

1.2 Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік басқару құрылымы


Әлеуметтік қорғаудың басқару органдары және оларға ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық органдары отбасын, қарт адамдарды, ардагерлер мен мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін мемлекеттік қолдауды, әлеуметтік қызметтер жүйесін дамытуды, зейнетақымен қамсыздандыру және еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құрайды.
Әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырушылық негіздері - халықпен жұмыс жөніндегі басқару және функционалдық мекемелер. Олар өз құзыреті шегінде халықты әлеуметтік қорғау функцияларын орындайды. Сонымен, халықты әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырушылық негіздері-бұл органдар мен лауазымды тұлғалардың құрылымы мен атауын, олардың мәртебесін, қалыптастыру тәртібін, құзыретін, өкілеттілікті шектеуді және т. б. анықтауға байланысты мәселелер кешені.
Халықты әлеуметтік қорғау саласын басқару құрылымын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болатын, халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін басқару органдары мен мекемелердің жиынтығы арқылы қарастырылады. Біріншісіқызметінің мақсаттарының бірі халықты әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруды ұйымдастыру болып табылатын, яғни бұл органдардың қызметі азаматтардың түрлі санаттарын әлеуметтік қорғауға тікелей бағытталған атқарушы биліктің республикалық және өңірлік органдары жатады.
Бұл топқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы биліктің уәкілетті органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жатады, сондай-ақ кәмелетке толған азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органы (егде жастағы адамдар мен мүгедектер, балалар мен балалары бар отбасылар, ауыр өмірлік жағдайларға тап болған тұлғалар және т. б.); ҚР Білім беру саласындағы басқаруды жүзеге асыратын және ҚР Мемлекеттік ғылымитехникалық саясатын жүргізуді қамтамасыз ететін ҚР Білім және ғылыми министрлігі (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оқушылар мен студенттер, дене, психикалық, ақыл-ой дамуында ауытқулары бар балалар); мемлекеттік жастар саясатын, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, ҚР аумағында туризм саласындағы мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар (кәмелетке толмағандардың, жастардың, дене шынықтыру және спортшылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету); халықтың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ететін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі; курорттардың, емдеусауықтыру орындары мен табиғи емдік ресурстардың жұмыс істеуін, дамуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін; ҚР аумағында дәрілік заттардың айналымын бақылайтын органдар. Бұл топқа Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы берілген жекелеген мемлекеттік өкілеттіктерін жүзеге асыратын облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары; сондай-ақ мүгедектікті, оның себептерін, басталу мерзімі мен уақытын белгілеу үшін оны жүргізуді қажет ететін адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүзеге асыру мақсатында құрылған медициналық-әлеуметтік сараптама мекемелері жатқызылады.
Екінші топқа әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау функциясын жүзеге асыратын органдар жатқызылады.
Үшінші топқа аудандардың жергілікті басқару органдары кіреді. Бұл деңгейде әлеуметтік қорғау басқармасын әкімшілік құрылымындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
Соңғы топты халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер құрайды. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: халыққа әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері (халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен кешенді орталықтары, отбасы мен балаларға көмек көрсету орталықтары, әлеуметтік-оңалту орталықтары және т. б.) және халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында қызмет көрсететін мекемелер (көпфункционалды орталықтар, халықты жұмыспен қамту орталықтары, кәсіптік бағдар беру және халықты психологиялық қолдау орталықтары) [7].
Осылайша, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін басқару барлық деңгейлерде жүзеге асырылады, әрбір органға өз өкілеттіктері, міндеттері, функциялары бекітілген, оларды орындауға көп жағдайда халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жай-күйі да, өңірдің, қаланың, жеке азаматтың әлеуметтік жағдайы да байланысты.
Халықты әлеуметік қорғаудың ұйымдастырылуының негізі «басқарудың функциялары» терминімен жүзеге асырылады. Басқарудың әрбір функциясы белгіленген басқару субъектілері арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті экономикадағы басқарудағы өзгеріс біліктілік пен орындалатын қызметтердің өзгеруіне, сәйкесінше басқару органдарының құрылуына алып келді.
Еңбек сферасында мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттары, әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары, бірыңғай қаржы жүйесі мен республикалық бюджеттегі барлық органдардағы жұмысшылардың еңбекақысы ҚР Президентімен бекітіледі. Ал мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының бағыттарын ҚР Үкіметі анықтайды.
ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар санын қысқарту» туралы Жарлығына байланысты 1996 жылы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылды. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы аз қамтылған отбасыларды, сондай-ақ мемлекеттік көмекке мұқтаж еңбекке қабілетсіз топтарды әлеуметтік қорғауда, еңбек және халықты жұмыспен қамту айналасындағы мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік басқарудың орталық органы болып табылады (Сурет 3):
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қабылдаған шешімдері, сондай-ақ еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы нормативтік актілерді қолдану бойынша түсініктемелер барлық субъектілер үшін бірдей болып табылады.

Сурет 3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылымы.
Ескерту - [8] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Министрліктің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады: еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мына компоненттердің дамуын қарастырады:

  • республика азаматтарына мемлекетік бюджет есебінен бірдей мөлшерде мемлекеттік көмек беруді;

  • міндетті әлеуметтік сақтандыруды;

  • жинақтаушы зейнетақы жүйесін (Сурет 4):


Сурет 4. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі.
Ескерту - [8] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:

  • тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;

  • негізгі қатерлердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдырынан айырылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

  • халықтың әлеуметтік сақтадыру жүесіне қатыспайтын әлсіз топтарына әлеуметтік көмек тәсілдері;

  • азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізу.

Өңірлік деңгейлерде халықты әлеуметтік қорғауды басқару жүйесін лсуғорн Жұмыспен қамту, жұмыссыздық, дәрежесімен жұмысқа орналастыру, дейін жұмыссыздыққа берілетін көзқарас жәрдемақылар мен инфрақұрылымы төлемдерді төлеу ауруханаларды мәселелері Мемлекеттік болып жұмыспен қамту қызметімен реттеледі.














Жұмыспен Азаматтарға Жұмыссыздар- Жұмыс іздеу- Республика қамту бойын- сәйкес жұ-мыс ды тіркейді шілердің кәсіби лық, территоша азаматтар- табуға, ал және жәрдем- бағдар-лануын, риалдық
ға, жұмыс жұмыс ақыны қоса кәсіби (облыстық, берушілерге, берушілер мен алғанда әлеу- оқытылуын қалалық,
кәсіпкерлерге кәсіпкер-лерге меттік көмекті және аудандық)
еңбек шарттары, бос орын-- жұмысшы лайықты жүзеге асырады дайындықтан өту жұмыс- жұмыспен қамту

дар, жұмысқа табуға көмек тарын ұйым- бағдарламала- тұру туралы береді дастырады рының жүзеге ақпараттық асуын
кеңес береді қадағалайды
Сурет 5. Мемлекеттік түрлері жұмыспен қамту қызметінің атқаратын қызметтері.
Ескерту-[13] әдебиет негізінде мемлекеттік автор құрастырған
Мемлекеттік қтхалң жұмыспен қамту қызметінің жүйесіне т қржмыналар кіреді:

  • ҚР ұраныЕңбек және орын жұмыспен қамту министрлігінің спен жұмыжанындағы жұмыспен қамту кнді шдепартаменті;

  • мемлекеттік беру жұмыспен қамту қорының кеңес ң ндаму және атқарушы тлру д басқармасы.

Жұмыспен қамту кнді шдепартаменті құралады:

  • Орталық соңғы аппараттан;

  • облыстық, қалалық төлді н жұмыспен қамту орталықтарынан кәсіби және еңбек н бюдж биржасынан;

  • жұмыспен қамтылмаған бірақ халықты кәсіби күшіне бағдарлау мен нәтижесі кәсіби оқыту гжүз

орталықтарынан;

  • ауылдық ңбжұмыспен қамту орталықтары тұрғыдан мен еңбек қтздң жұмбиржасынан.

«Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» жүзеге асырады. Осы мақсаты көздей отырып, басқарма өз құзіреті шегінде 6-суретте көрсетілгендей функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Көрсетілген функциялардың әрқайсысының өзінің халықты әлеуметтік қорғауды жүзеге асырудағы орны бар (Сурет 6):
аудандық, қалалық Жұмыспен қамтуды халықтың өмір сүру
жұмыспен қамту және үйлестіру және әлеуметтік саясаттың деңгейін бағалау,
әлеуметтік бағдарламалар бағдарәлеуметтік ламалар бағыттарын айқындау және бөлімдерінің, жұмыспен
қамту орталықтарының басқармасы халықты әлеуметтік қолдау жүзеге
қызметін үйлестіру, оларға шаралар жұмыстарды ын
асыру
ұйымдық -әдістемелік және үйлестіру іс -тәжірибелік көмек
көрсету
әлеуметтік әлеуметтік аса мұқтаж кедейлік шегінен белгіленген азысебетініңқ-түлік көмекке мұқтаж қорғау азаматтарға
және жұмысқа төмен отбасыларға
тұра алмай жүрген саласындағы әлеуметтік мемлекеттік атаул құнынан төмен
азаматтар үшін нысаналы қолдауды ы әлеуметтік көмек болған
жұмысқа индикаторды ұйымдастыру көрсету бойынша жағдайда

ұйымдастыруды орналасудағы жоспарлауды жұмыстарды үйлестіру қодау көрсетәлеуметтік у жақсарту қамтамасыз ету
Сурет 6. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметтері.
Ескерту - [8] әдебиет негізінде автомен құрастырылған
Жергілікті деңгейде әлеуметтік қамсыздандырудың бөлімдері жұмыс жасайды, олардың құзіреттіліктеріне мыналар кіреді:

  • зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақы тағайындау, оларды төлеу және жеткізу қызметтерін ұйымдастыру;

  • қарт азаматтарға, мүгедектерге, кәмелет жасқа толмаған балалары бар отбасыларға және мемлекеттік қолдауға мұқтаж халықтың басқа топтарына әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ оларға заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жеңілдіктер, санаторлық-курорттық емделуге және арнайы жүріп-тұруға жолдамалар қамтамасыз етілген;

  • қарттар мен әлеуметтік қамтамасыз ету және тағы да басқа мекемелердегі мүгедектерге материалдық-тұрмыстық, медициналықәлеуметтік, мәдени қызмет көрсету.

Жұмыспен қамту департаменті өз құзіреті саны шегінде қамтамасыз етеді:

стбмларды Сурет 7. Жұмыспен қамту қтхалң департаментінің қызметтері.
Ескерту- [13] әдебиет жұмыс негізінде автор құрастырған
рдбж Мемлекеттік жұмыспен қамту лдарж органдары жұмыспен қамту қорының қаражаттарын жүйесі жедел басқаруда әкімші қызметін күрделі атқаратын заңды мы тұлғалар болып сурет табылады.
1.3 Халықты жұмыспен қамтуды және әлеуметтік қорғауды
ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
Әлеуметтік қорғау жүйесін зерттеудің шетелдік тәжірибесі еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып жасалды. Еуропалық комиссияның есебіне қарағанда Еуроодақ елдерінде негізгі төрт модель бар: континентальдық, англосаксондық, скандинавиялық және оңтүстік еуропалық.
Бисмарктық деп аталатын континентальдық модель әлеуметтік қорғаудың деңгейі мен кәсіби қызметтің ұзақтығының арасындағы байланысты анықтайды. Қамтылғандардың төлемі есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік сақтандыру оның негізі болып саналады. Аталған модельдің негізі принциптері XІX ғ. Германияда қалыптасты. Канцлер О. Бисмарк кейіннен басқа индустриялды елдерге үлгі болған сол кезеңдегі әлеуметтік қорғаудың прогрессивті негізін жасады. Германияда күні бүгінге дейін қолданылатын әлеуметтік саладағы үш сала сол кезде пайда болды. Олар қартықтаы мүгедектікті және өндірістегі оқыс жағдайлардан туындаған ауруларуды қамсыздандыру. Аталған модельдің негізгі принциптері Австрия, Франция, Бенилюкс елдерінде де қолдыналады [10].
Әлеуметтік сақтандырудың міндеттеріне қарамастан (Германияда ол заңмен бекетілген) ол толық сақталмайды. Бұл жалақы деңгейінің өсуіне байланысты болатын ерікті сақтандыру мен бөлінген қаражат есебінен жүзеге асады.
ГФР-дің әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру айрықша маңызға ие. Мұнда көптеген батыс Еуропа елдеріндегі сияқты әлеуметтік сақтандыру міндетті және жеке сақтандыру жүйесіне бөлінеді. Оның негізгі бөліктері: медициналық және зейнеткерлік сақтандыру, мүгедектік, жұмыссыздық, сәтсіз оқиғалардан сақтандыру. Неміс моделін зерттеуге арналған еңбектерде әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі принциптері ретінде мыналарды атайды.

  1. Сақтандыру қағидасы. Аталған көмекті қаржыландыру сақтандыру ұйымы мүшелерінің төлемдері есібінен жүзеге асады. Жеке салымдар негізінде әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Жалақысының белгілі бір мөлшерін сақтандыру қорына берген адамның бұрынғы жалақының көлеміне сай көмек алуға құқығы бар. Әлеуметтік сақтандыру принципі эквиваленттілік ережесімен қатар бөлудің элементтері де кіреді.

  2. Қамтамасыз ету қағидасы. Әлеуметтік көмек бұрынғы салымдарына қарамастан беріледі және бюджетке түсетін салық есебінен жүзеге асады. Бұл принцип бойынша әлеуметтік көмек алатындар бұрын ешқандай салым төлемегендер, бірақ мемлекет алдындағы еңбектері үшін осындай құқыққа ие. Бюджет есебінен қаржыландыру бюджет жағдайы мен экономиканың тиімділігіне тікелей байланысты. Бұл принципті сақтандыру принципін қолдануға болмайтын кезде жүзеге асыру керек.

  3. Қамқорлық қағидасы. Әлеуметтік көмекті әрбір қажет адам қиын жағдайдан шығу үщін өзіне керекті көлемде алады. Қамтамасыз ету принципі сияқты бұл да мемлекеттік бюджет жағдайына тікелей байланысты. Қамкорлық принципі ГФР экономикасындағы әлеуметтік қамту жүйесінің ажырамас бөлігі. Себебі сақтандыру және қамтамысыз ету принципі барлық қауіпті қамти алмайды [11].

ГФР-дағы әлеуметтік қорғау жүйесі өзін өзі басқару принципіне негізделген. Бірақ мемлекеттің сақтандыру ұйымдары жұмысына араласуына кедергі келтірмейді. Мемлекет әлеуметтік қорғау ұйымдарының заңды сақтауын қадағалайды.
100 жылдан астам уақыт өмір сүріп келе жатқан Германиядағы өзін-өзі басқару негізіндегі сақтандыру ұйымдары сақтандырушы мен сақтанушы байланысын жақындата түсүге септігін тигізеді, өзін-өзі басқару принципі әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына және әлеуметтік серіктестікті қолдауға негіз болады.
Германиядағы әлеуметтік қорғау мекемелері қоғамдық ұйымдар мәртебесіне ие. Бұл неміс зерттеушілерінің пікірінше, барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі басқару органдары демократиялық принципте екі жақтың тығыз қарым-қатынас орнатуына жағдай жасайды. Мұндай ұйымдық-құқықтық форма елдегі кәсіподақ қозғалысының денгейіне байланысты тиімді болып отыр.
ГФР-дағы әлеуметтік қорғау жүйесіне әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыратын қарым-қатынас тән. Зейнеткерлікке және өндірістегі жағдайлардан туындаған ауруларға байланысты қамтамасыз ету ұйымдары жұмыс істейді. Жұмыссыздықты сақтандыру әлеуметтік қорғау жұйесіне кірмейді, әлеуметтік сақтандырумен қатар басқа көмек механизмдері қарастырылған. Ол барлық төлемақы түрлері беткенде жүзеге асады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландыру сақтанушылар төлемі есебінен жүзеге асады. Бірақ оның негізгі көзі сақтандыру толемдері болып табылады. Олар медициналық, зейнеткерлік, жұмыссыздықты сақтандыру формаларына бөленеді.
Әлеуметтік сақтандыру ұйымдарында қаржылық қиындық туындағанда, мемлекет оның міндеттерін атқарады.
Ұлыбритания мен Ирландияда қолданылатын англосаксондық модель немістердікінен бөлек. Ағылшын экономисті У. Беверидждің баяндамасы негізінде қалыптасқан. Беверидж оны үкіметке 1942 ж. таныстырды. Оған Кейнстің қоғамдық өндірістің жылдамдығы төлемақыға байланысты, төмен табысты әлеуметтік топтың мүддесіне сай кірісті бөлу керек деген идеясы қатты әсер етті. Беверидж әлеуметтік қорғау жүйесін құруды ұсынды.
Біріншіден, барлық материалдық көмекке зәру жандарға тарату, екіншіден бірдей көлемдегі зейнетақы мен төлемақы түріндегі әлеуметтік қызметтің үйлестіру принципін ұсынды. «Кіріске сай жалақың» деген талапты Беверидж әділ деп есептеді. Себебі, көптеген жағдайларда кеткен шығынның мөлшеріне қарамастан, зейнетақы мен төлемақы теңдігі байқалды.
Бұл модельдің негізінде әрбір адамның қандай топқа жататындығына қарамастан, минималды әлеуметтік қорғауға құқығы бар. Беверидж концепциясының мәні-тамақ, тұрғын үй, медициналық қажеттіліктерге кететін аз мөлшердегі шығынға байланысты бір кіріске кепілдік беруінде.
Бұл модельде кәсіби емес, ұлттық ынтымақтастық басты орында. Әлеуметтік қорғаудың қаржылануы сақтану кірістерінің есебінен жүргізіледі. Отбасылық төлемақылар мен денсаулық сақтау мемлекеттік бюджеттен, ал өзге әлеуметтік төлемдер жолдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілердің төлемдерінен қаржыландырылады. Бисмарк моделінен бұл модельдің айырмашылығы - әлеуметтік көмекке негізделген, сондай-ақ, төлемақы алу үшін мендетті түрде кірісті есептейді.
Англосаксондық модельдің кейбір ішкі өзгешеліктері де бар. Мәселен, Англияда медициналық көмек кіріс деңгейіне қарамастан, барлығына бірдей көрсетілсе, Ирландияда тек төмен төлемақы алатындарға ғана беріледі.
Әлеуметтік қорғаудың британдық жүйесінің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, қарттық, ауру, жұмыссыздық сияқты әлеуметтік қауіппен айналысатын арнайы институттары жоқ. Әлеуметтік сақтандырудың барлық бағдарламасы бір жүйеге біріктірілген. Екіншіден, әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттік мекемелер маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік қорғаудың үйлестіру жүйесі екі ірі топқа бөлінеді, ол елдің барлық тұрғындарын қамтиды: зейнеткерлер, мүгедектік, әлеуметтік көмек, уақытша жұмыссыздыққа байланысты бағдарламалар кіретін ұлттық әлеуметтік сақтандыру [12].
Барлығы азаматтарға, Англия территориясында ұзақ мерзім тұрын жатқан шетелдіктерге медициналық қызмет көрсететін ұлттық денсаулық сақтау.
Бүгінгі әлеуметтік сақтандырудың негізгі әлеуметтік бағдарларын бөліп көрсетуге болады: алдағы кірістерге негізделген сақтандыру схемасы; кіріске бағытталмаған әлеуметтік бағдарламаларға және белгілі бір топқа арналған әлеуметтік бағдарлама.
Бағдарламаның алғашқы түрі ХХ ғ. 40 жылда Беверидж концепциясының негізінде қалыптасқан. Ол біріккен сақтандыру қорын құруды қарастырды.
Бұл қор есебінен зейнеткерлік және медициналық сақтандыру, ауруға төлемақы, мүгедектікке байланысты зейнетақы қаржыландырылады. Әлеуметтік сақтандырудың ағылшындық жүйесі Еуропалық Қауымдастық елдерінен өзгеше, әлеуметтік қамтудың мемлекеттік жүйесі төмен төлемақы төлейді. Бірақ, бұл жеке сақтындыру схемасының жүзеге асуымен түсіндіріледі.
Кіріске негізделмеген бағдарламаларға өзге кірістері жоқтарға берілетін тұрғын үй субсидиясы сияқты әлеуметтік көмек жатады. Бұнда тілек білдірушінің кірісі есептеліп, соған сәйкес төлемақы тағайындайды. Бағдарламалар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Белгілі бір топқа арналған, кіріске негізделмеген бағдарламалар мемлекеттік бюджеттің сақтандыру мен қаржыландыру жүйесіне енбеген адамға арналған [13].
Бұл бағдарламаларға әлеуметтік қолдау мүгедектерге, қарттарға және балаларға төлемақы түрінде көрсетіледі.
Әлеуметтік қорғаудың екінші түрі – мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмек. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтер тегін болғандықтан сақтандыру принциптері туралы сөз қозғамаған дұрыс.
Ұлыбританияғы әлеуметтік қорғаудың қаржыландыру жүйесі денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтандыру болып бөлінеді. Біріншісінің 90% бюджет есебінен, екіншісі, жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлердің төлемдері есебінен қаржыландырылады. Екеунен түскен салық отбасының төлемдерге, осы жағдайлардан сақтандыруға жұмсалады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде сақтанушылар кіріс көлеміне байланысты төртке бөлінеді:

  1. жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлер. Оларға белгілінген кіріс жалақыдан есептеледі.

  2. сақтандыру кірісі аптасына 4,55 фунд/стерлинг және қосымша жылдық жалақыдан 6,3 % болатын азаматтар. Оларға белгіленген минимум 5450, максимум 18200 фунд/стерлинг. Бұл топтың кірісі ауруларға, қарттарға, жүктілерге жұмсалады.

  3. екі топқа қарағанда керекті құқықты иемденуге сақтандыру тәжірибесі жетіспейтін не жұмыс жасамайтындар. Бұлардың сақтандыруы ерікті түрде болады. Әлеуметтік қамту көлемі де алдыңғы екі топқа қарағанда төмен.

  4. мекеме басшылары, әкімшілік-басқару өкілдері. Олардың кіріс көлемі бірінші және екінші топқа қарағанда артық болады.

2 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ (Алматы облысы мысалында)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет