Вакцинация тиімділігі туралы фактілер:
* Вакцинация аурулардан қорғайды, адам өмірін сақтайды және денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады.
* Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация тек вакцинацияланған адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғауға мүмкіндік береді.
* Дәл осы вакцинация полиомиелит ауруын 99% — ға азайтуға мүмкіндік берді.
* Адамның папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинациялау жатыр мойны обырының 90%-на дейін алдын алуға мүмкіндік береді.
* HPV вакцинасы тұрақты скринингпен бірге жатыр мойны обырының алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады.
* Жүктілік кезінде қызамықпен инфекция ұрықтың өліміне немесе туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін. Бала кезіндегі қызамыққа қарсы вакцинация адамды өмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді.
* В гепатитіне қарсы вакцина В гепатитінің вирусын жұқтырудан және оның созылмалы ауруы мен бауыр қатерлі ісігінің дамуынан 95% қорғауды қамтамасыз етеді.
* Біріктірілген вакциналарды қолдану – мысалы, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы вакциналар (АКДС) клиникаға барынша аз барумен және инъекциялардың ең аз санымен вакцинациялауға мүмкіндік береді, осылайша бала үшін стрессті азайтады.
Иммунизацияның арқасында жер бетінде шешек жойылып, полиомиелит жойылуға жақын. Иммундау дифтериядан, сіреспеден, көкжөтелден және қызылшадан жыл сайын 2-3 миллион өлімнің алдын алады.
Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы иммундау балалардың және бүкіл халықтың денсаулығына мемлекеттің кешенді қамқорлығының бір бөлігі болып табылады.
Ең үздік әлемдік тәжірибе негізінде екпе күнтізбесін үздіксіз жетілдіруге, оған жаңа тиімді вакциналарды енгізуге ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасының профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық, полиомиелит, туберкулез, эпидемиялық паротит, В гепатиті, HIB, пневмококк инфекциясы бойынша жоспарлы иммундауды жүзеге асыру көзделген. Қазақстан Республикасында вакцинация күнтізбесі бойынша егу оңай және тегін.
Елімізде вакциналар мен инъекциялық материалдардың сапалы жеткізілуін қамтамасыз ететін заңнамалық база бар, вакциналарды болжау және сатып алу процесі бар, олардың рөлін жақсы түсінетін және бұл жұмысты атқарып жатқан тиісті органдар бар. Ұлттық күнтізбеде қолданылатын вакциналардың сапасына ДДҰ алдын ала квалификациясы арқылы кепілдік беріледі. Профилактикалық егу жоспары негізінде қауіпсіз, уақтылы, сапалы және толық иммундаумен қамтамасыз етуге кепілдік беретін вакциналар мен қауіпсіз иммундау құралдарына қажеттілік есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |