Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Жаңақорған ауданы тұрғындарының вакцинопрофилактикаға деген көзқарасын анықтау»


РСТ-Рентген Спектрлік талдау ВГВ-



бет2/21
Дата12.02.2024
өлшемі0.66 Mb.
#491661
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
П.Ә Дұрыс Алмасқызы шыгаратн

РСТ-Рентген Спектрлік талдау
ВГВ-Вирусты гепатит В
HPV-Адам папилломавирусы
ИП-Иммунопрофилактика
БЦЖ-Bacillus Calmetta Gerena
ҚҚП-қызылша,эпидемиологиялық паротит,қызамық

Кіріспе.
Тіркес сөздер:Вакцина,Вакцинопрофилактика,Иммундау Жүйесі,Өмір сапасы,Иммундаумен қамту,В вирусты гепатит,шешек,екпе,пайыздық қамтылу,екпеден бас тарту,иммунопрофилактика,полиомиелит,гемофильді таяқша,пневмония,менингит,доза,Адам папилломавирусы.
Тақырып өзектілігі.
Вакцинопрофилактика - дамыған және дамушы елдер халқының барлық әлеуметтік топтарындағы инфекциялық ауруларды бақылаудың неғұрлым қолжетімді және экономикалық тиімді құралы. Бұрын жаппай вакцинациялаудың мақсаты тұрғындардың инфекциялық аурулармен сырқаттанушылығын төмендету және олардың салдарынан болатын өлімді азайту болса, қазіргі уақытта қол жеткізілген эпидемиялық салауаттылықты сақтау болып табылады.ДДҰ-ның пікірінше, қазіргі уақытта иммундау жылына шамамен 2-ден 3 миллионға дейін өлімнің алдын-алуға мүмкіндік береді.Жиі ауыратын пациенттерде вакцинациядан бас тартудың себебі тұрғындардың вакцинацияға деген теріс көзқарасы болып табылады. Тұрғындарды вакцинациялау денсаулық сақтаудың ауруларды бақылау мен алдын-алудың ең тиімді стратегиясының бірі екендігі дәлелденді.2025 жылға қарай жекелеген елдердің ұлттық иммундау бағдарламалары аясында қол жетімді барлық вакциналармен 90 пайыздан астам қамтуға жаһандық шақыру бар.Вакциналар,сөзсіз,денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тиімді араласулардың бірі болып табылады.Қаржылық жағынан аса қымбат болмағанымен,халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына үлкен пайда әкеледі.Бүкіл әлемде вакциналар жыл сайын миллиондаған адамдарды аурудан аурудан және мүгедектіктен қорғаудан басқа,3 миллионнан астам адамның өмірін сақтай алады.ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайын 5 жасқа дейінгі 10,6 миллион бала қайтыс болады,ал олардың шамамен 1,4 миллионы вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардан зардап шегеді.Батыс елдерінде көптеген жұқпалы аурулардың таралуы,ауруы және өлім-жітімі айтарлықтай төмендеді,негізінен емшек және жас балаларға бағытталған ұлттық иммундау стратегиясына байланысты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша вакцинациямен қамтудың тиісті шамасына қол жеткізілмегендігін айтып өткен жөн.Көрсеткіштің төмен болуы Коронавирус пандемиясының әсерінен 2020 жылғы наурыздан мамырға дейін төтенше жағдай режимін енгізумен байланыстыруға болады. Биыл өңірлерде жоспарлы контингентті иммундаумен қамту, сондай-ақ өткен жылы вакцинацияны өткізіп алған адамдарды вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцинамен қамтылатындардың қатарынан 24 976 адам профилактикалық егуден бас тартты, олардың 58% – жеке сенімдері бойынша, 23,2% – діни сенімдері бойынша, 12,8% – вакциналарға сенімсіздіктен, 6% – БАҚ-тағы теріс ақпарат нәтижесі бойынша. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында вакцинациядан бас тартудың 3417 жағдайы тіркелген.Халықтың вакцинацияға деген теріс көзқарасы көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарында мақсатты тақырыптық медициналық-әлеуметтік жарнаманың болмауына және санитариялық ағарту жұмысының жеткіліксіздігіне байланысты екенін атап өткен жөн.
АҚШ ауларды бақылау және алдын алу орталықтарының жаңа зертттеуіне сәйкес,өткен жылы АҚШ-тағы әрбір бесінші тұрғын вакцинациядан бас тартқан.Соңғы жылдары тұрғындардың вакциналардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылығы АҚШ пен басқа елдерде алдын алуға болатын аурулардың бірнеше ірі өршуіне ықпал етті. 2019 жылы АҚШ-тағы қызылша ауруы-27 жылдағы көп жағдай Нью-Йорк және Вашингтон Штаттарындағы ата-аналар балаларды вакцинациялау ережелерін сақтамаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет