Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Жаңақорған ауданы тұрғындарының вакцинопрофилактикаға деген көзқарасын анықтау»


Жергілікті реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады



бет10/21
Дата12.02.2024
өлшемі0.66 Mb.
#491661
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
П.Ә Дұрыс Алмасқызы шыгаратн

Жергілікті реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:

  1. Әлсіз реакция- вакцина енгізілген орында гиперемия немесе диаметрі 2, 5 см-ге дейінгі инфильтрат гиперемиямен.

  2. Орташа- реакция инфильтрат диаметрі 2,6 см 5,0 см лимфангоитпен немесе лимфангоитсіз.

  3. Күшті реакция- инфильтрат диаметрі 5,0 см 8,0 см; - лимфангоит және лимфаденит болуымен.

Вакцинадан кейінгі жалпы реакциялар дене температурасың жоғарылауымен, әлсіздікпен немесе жылай берумен көрінуі мүмкін. Жалпы реакциялардың қарқындылық дәрежесін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады:

  1. Әлсіз реакция -дене температурасы 37,5°С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары болмайды;

  2. Орташа реакция- дене температурасы 37,6°С 38, 5°С дейін көтеріледі, интоксикация симптомдары шамалы;

  3. Күшті реакция -дене температурасы 38,5°С жоғары, бірақ интоксикация симптомдары қысқа. Тірі вакциналарды еккенде табиғи инфекция әлсіреген түрде толықтай дерлік көрініс беруі мүмкін. Мысалы: қызылшалық моновакцина балалардың 5-15%-да 4-14 күн аралығында арнайы реакция береді. Ол дене температурасынын 37,5-38,50С жоғарылауымен, катаральді көріністермен (жөтел, аздаған конъюнктивит, ринит) және аз мөлшердегі бозғылт-қызғылт бөртпелер шығуымен сипатталады. Балалар бұл кезде қоршаған ортаға жұқпалы емес. Тірі паротит моновакцинасын енгізгенде, кейбір балаларда вакцинациядан кейінгі 4-12 күн аралығында дене температурасынын жоғарылауы және катаральды белгілер байқалады. Кей жағдайларда құлақ маңы безінің аздаған және қысқа уақытқа (1-2 күн) ұлғаюы байқалады. Көбінесе вакцинадан кейінгі реакциялар АКДС вакцинасын енгізгеннен кейін байқалады. Кейбір балаларда екпеден кейінгі алғашқы 1-2 тәулікте дене температурасының 37,5- 390С көтерілуі, мазасыздық, ұйқы бұзылысы, тәбетінің төмендеуі, кейде құсу түріндегі жалпы реакциялар және вакцина енгізген орында гиперемия және ісіну түріндегі жергілікті реакция болуы мүмкін.Сонымен қатар, аймақтық лимфа түйіндерінің 15-20 мм дейін ұлғаюмен жүретін жалпы қалыпты реакциясы болуы мүмкін. Ал лимфа түйіндерінің ұлғаюы 20 мм асса арнайы ем тағайындау қажет. Лимфадениттердің кері дамуы 6-9 ай бойы жүреді. БЦЖ кейін жергілікті реакция алғаш вакцинация жүргізілген балаларда тек 4-6 аптадан кейін дамиды. Бастапқыда вакцина енгізілген жерде қызарған дақ, одан кейін диаметрі 5-9 мм болатын папула пайда болады. Кейіннен папула везикулаға, пустулаға одан қабыршаққа айналып, тыртық қалыптасады. Сипатталған реакциялар қалыпты жағдай болып табылады және ешқандай дәрілік заттармен өңделуді қажет етпейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет