Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау. АҚтау 2006 ж. Жоспар



бет4/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.96 Mb.
#5079
түріДиплом
1   2   3   4

Құрал-жабдықтар



Орнатылған

Орнатылмаған




Кәсіпорында орнатуға арналғандары



Кәсіпорын үшін артық

Нақты жұмыс жасайтындар

Жұмыс жасамайтындар

Қоймадағылар

Монтаждағылар

Жинақталған бірақ әлі эксплуатацияға берілмеген

Кіспорын үшін артық құрал-жабдықтар

Қолдануға жарамсыз құрал-жабдықтар


Жоспар бойынша жұмысқа арналғандар

Жоспар бойынша жұмыс жасамайтындар


Сызбанұсқа 2. Өндірістік процесіне қатысуы бойынша құрал-жабдықтардың топталуы.

Құрал-жабдықтар сәйкесінше келесі негізгі құраушыларды кірістіреді: нақты бары, орнатылғаны және әрекеттегісі. Нақты құрал-жабдықтарға кәсіпорынның иелігіндегі барлық, қай жерде орналасқанына (цехтарда, складта) және қандай жағдайда екеніне байланыссыз құрал-жабдықтар кіреді. Орнатылған құрал-жабдықтарға жұмысқа дайындалған және жөнделген цехтарда орналасқан, тіпті орнатылған құрал-жабдықтардың бір бөлігі резервте, жоспарлық жөндеуде, концервацияда, модернизациялауда болуы да мүмкін құрал-жабдықтар кіреді. Әрекеттегі құрал-жабдықтар – бұл ұзақтығына байланыссыз есептік кезеңде іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар.

Құрал-жабдықтарды толық пайдалану мәселесін орнатылмаған әрекетсіз құрал-жабдықтардың санын минимумге түсіруден қорытындыланады. Осы мақсатпен нақты бар, орнатылған және жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың мөлшерін сипаттайтын шамаларын жақындастыру қажет. «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ бойынша құрал-жабдықтар мәліметтері №5 кестеде келтірілген.

Кесте №5.

«Құрал-жабдықтар бойынша мәліметтер».



Құрал-жабдықтар


Базистік жыл


Есептік жыл


Ауытқу


1. Нақты бары, бірлік

59

68

+9

1.1. Орнатылған, бірлік

41

51

+10

1.1.1. Қозғалыстағы, бірлік

26

31

+5

1.1.2. Қозғалысқа түспегендігі, бірлік

15

11

-4

1.2. Орнатылмағаны, бірлік

18

17

-1

Таблица мәліметтерінен 2001 жылы кәсіпорынның 17 бірлік орнатылмаған құрал-жабдықтар бар екенін көріп отырмыз. Бұл құрал-жабдықтар 2 жылға тоқтатып қойылған. Есепті жылды базистік жылмен салыстырғанда әрекеттегі құрал-жабдықтар 5 бірлікке көбейген, бұл өндірісте оң мәнге ие. Әрекетте жоқ құрал-жабдықтардың саны бұрын жөндеуде, модернизацияда жатқан құрал-жабдықтарды іске қосу есебінен 4 бірлікке қысқарған.

Қолда бар құрал-жабдықтарды өндіріске қатыстыру дәрежесі және оны өндірісте қолдануды келесі көрсеткіштер сипаттайды, ол көрсеткіштерді есептеу үшін №5 кесте мәліметтерін пайдаланамыз.

Пайдаланымға берілген құрал-жабдықтардың үлесі – бұл орнатылған құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады.

2000 ж. = 41/59 = 0,69 2001 ж. = 51/68=0,75

Іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі – қозғаалыстағы құрал-жабдықтардың орнатылған құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады:

2000 ж. = 26/41 = 0,63 2001 ж. = 31/51 = 0,61

Паркте бар құрал-жабдықтардың пайдалану дәрежесі – бұл қозғалыстағы құрал-жабдықтардың нақты бар құрал-жабдықтарға қатынасымен анықталады.

2000 ж. = 26/59 = 0,44 2001 ж. = 31/68 = 0,46

Бұл есептеулерден көріп отырғанымыздай есептік жылы пайдалануға берілген құрал-жабдықтар үлесі 0,06(0.75 – 0.69) көбейген, бұл орнатылмаған құрал-жабдықтар санының азаюына алып келеді.

Нақты жұмыс жасайтын құрал-жабдықтардың үлесі 0,02 (0,61–0,63) төмендеген, берілген жағдайда бұл көрсеткіштің төмендеуі құрал-жабдықтардың тозуы және пайдалануға жарамсыздық себебінен үлкен көлемде құрал-жабдықтардың жұмыстан шығу есебінен болып отыр.

Нақты бар құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесінің көрсеткіші 0,02 (0,46 – 0,44) өскен, бұл көрсеткіштің өсуі кәсіпорын паркте бар құрал-жабдықтарды тиімді қолданатынын сипаттайды

Бірақ та паркте бар құрал-жабдықтарды пайдалану деңгейінің өсуі құрал-жабдықтардың қайтарымының өсуіне алып келмейді. Материалдық өндіріс сферасында күрделі проблема болып құрал-жабдықтардың толық сменалық және ішкі сменалық тұрып қалуларын қысқарту табылады.

Жұмыс жасап тұрған құрал-жабдықтарды тиімді арттыру 2 жолмен жүргізіледі: экстенсивті (уақыт бойынша) және интенсивті (қуаттылығы бойынша).

Құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті жолын сипаттайтын көрсеткіштер - құрал-жабдықтар саны, соның ішінде әрекетте жоқ еңбек құралдарының үлесі, істен шыққан уақыты (машина уақыт), машина және станок паркінің құрылымы.

Құрал-жабдықтарды интенсивті пайдалану 1 машина/уақытта өнім шығару көрсеткіштерімен сипатталады, яғни оның өнімділігімен. Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалануды талдау оның жұмысының уақыт балансын қарастырумен байланысты, ол келесі уақыт қорларын қосады:



  • құрал-жабдық өлшемінің календарлы уақыт қоры (талданатын кезеңге календарлы күндер санының көбеюі арқылы есептелінеді);

  • номиналды уақыт қоры (бір кезеңде жұмыс сменасының көбеюі жұмыс сменасының уақыттық ұзақтығына тең);

  • тиімді уақыт қоры жоспарланған кезеңнің ішінде тиімді пайдаланылатын уақыт мөлшерімен анықталады. Ол номиналды уақыт қорына тең, тек оның ішінен жөндеуге, модернизацияға, профилактикаға және құрал-жабдықтардың жапсырмаға кететін уақытын шегерімен тасталады.

  • пайдалы уақыт – құрал-жабдықтардың нақты жұмыс уақыты, жоспарлық емес тұрып қалуларды шегеріп тастағандығы тиімді жұмыс уақыт қоры секілді анықталады.


2000 жыл

● календарлы уақыт қоры = 365 · 24 = 8760 сағ.

● номиналды уақыт қоры = 258 · 2·6 = 310 сағ.

● тиімді уақыт қоры = 3107 – 459 = 2648 сағ.

● пайдалы уақыт қоры = 2648 – 904 = 1744 сағ.

2001 жыл

● календарлы уақыт қоры = 365 ·24 = 8760 сағ.

● номиналды уақыт қоры = 260·2·6 = 3120 сағ.

● тиімді уақыт қоры = 3120 – 362 = 2758 сағ.

● пайдалы уақыт уақыт = 2758 – 847 = 1911 сағ.

Уақыт қорының жиынтығы құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын талдауға мүмкіндік береді. Клендарлы және номиналды уақыт қорларын салыстыру ауыстыру икоэффициентін жоғарылату есебінен, ал номиналды және тиімді – құрал-жабдықтарды жақсы пайдалану есебінен, жұмыс уақытында жөндеуге кететін уақыт шығынын қысқарту есебінен жақсы пайдалануды анықтауға мүмкіндік береді.

Талданып отырған кәсіпорын бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс уақыт қорлары туралы мәліметтер №6 кестеде көрсетілген:

Кесте №6

«Уақыт қорларының бастапқы мәліметтері»
Көрсеткіштер

Базистік жыл (2000)

Есептік жыл (2001)

%

орындалуы

Абсолютті

өзгеріс

1. Календарлы уақыт қорлар

8760

8760

100



2. Номиналды уақыт қорлар

3107

3120

100,4

13


3. Тиімді уақыт қорлар

2648

2758

104,2

110


4. Пайдалы уақыт қорлар

1744

1911

109,6

167


5. Жоспарлы уақыт қорлар

1723

1936

112,4

213

2001 жылы уақыт бойынша құрал-жабдықтарды пайдалану коэффициенттері:

Календарлы уақыт қоры = 1911/8760 = 0,218

Номиналды уақыт қоры = 1911/3120 = 0,613

Тиімді уақыт қоры = 1911/2758 = 0,693

Жоспарлы уақыт қоры = 1911/1936 = 0,987

Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша былай қорытынды жасауға болады: базистік жылмен салыстырғанда нақты номиналды уақыт қоры 100,4% құрайды. Құрал-жабдықтар жұмысының календарлы (100%) және номиналды (100,4%) уақыт қорының проценттерінің әр түрлі болуы нақты жұмыс күндерінің саны және ауыстырылу коэффициенті ескерілгеннен сәл төмен болғанын көрсетеді. Базистік кезеңге тиімді уақыт қоры 104,2% құрады. Базистік жылда құрал-жабдықтарды жөндеуге 459 маш./сағ. (3107 - 2648) кеткен. Нақты есептік жылда жөндеуге 362 маш./сағ. (3120 - 2758) кеткен немесе алдыңғы жылға қарағанда 97 маш./сағ. кем болған.

Базистік жылда құрал-жабдықтардың белгіленген көлемінде оның тиімді жұмыс қоры 2648 ма./сағ. құрады. Ал өндіріс бойынша жоспарды орындауға қажетті уақыт – 1723 маш./сағ. Сәйкесінше құрал-жабдықтардың белгіленген көлемінде кәсіпорынның 925 маш./сағ. (2648 - 1723) пайдаланбаған уақыты қалады. Бұл 1999 жылы құрал-жабдықтардың жоспардан тыс тұрып қалулары болған. Жоспар бойынша өнім шығаруға 1936 маш./сағ., демек, нәтижесінде 25 маш./сағ. (1911-1936) құрал-жабдықтардың тұрып қалулары болған. Бұдан басқа кәсіпорын 847 маш./сағ. (2758-1911) тиімді немесе мүмкін уақытын пайдаланбады. Осылайша тиімді пайдаланбаған және тіпті пайдаланбаған уақыттың толық көлемі (97+925+847)=1869 маш./сағ. құрады.

Бұл кәсіпорынның жіберіп алған мүмкіндіктеріне айғақ болады. Кәсіпорынға құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту қажет. Есептеуіш техникалық қолдануына негізделетін автоматтандырылған жұмыс уақытын бақылайтын және есептейтін құралдар қолданған орынды.

Кәсіпрынның технологиялық саясатын жасау үшін негізгі қорлардың тиімді қолдану көрсеткіштерінің тереңдетілген талдануы қажет және бірінші кезекте қор қайтарым көрсеткішін.

Қор қайтарым деңгейінің жоғарылауына мыналар себепті болады:

● өндірісті механизациялау және автоматизациялау прогрессивті технологияны қолдану, әрекеттегі құрал-жабдықтардың модернизациясы;

● құрал-жабдықтардың уақытын көбейту;

● құрал-жабдықтардың жұмысының интенсивтілігін көтеру, соның ішінде техноологиялық процестердің талабына сай келетін шикізат және материалдардың сапалығын қамтамасыз ету жолымен және өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың квалификациясын көтеру.

● негізгі қорлардың активті бөлігінің үлес салмағын көтеру, қозғалыстағы құрал-жабдықтардың үлесін көтеру.

Құрал-жабдықтарды ішкі сменалық қолдану дәрежесі құрал-жабдықтардың жүктеу коэффициентін (Кжүкт.) сипаттайды, ол нақты жұмыс уақытының (Тн) тиімді уақыт қорына (Тқ) немесе номиналды уақыт қорына қатынасымен анықталады:


Кжүкт. = 1911/2742 = 0,697
Номиналды уақытты пайдалану дәрежесі тиімді уақыт қорының (Ттиім.) номиналды уақыт қорына (Тн) қатынасымен анықталады:

К'р = Ттиім.н

Кр = 2680/2742 = 0,977

Қарастырылып жатқан көрсеткіштер құрал-жабдықтар және жұмыс уақытын пайдалану құрамы құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті формасын сипаттайды.

Қор қайтарымның факторлық жүйесінің себепті байланысын талдау детерминирленген факторлық үлгілерінің бірнеше түрлерін жасауға мүмкіндік береді. Біздің мысалымызда бірнешеуін келтірейік: негізгі қорлардың қорқайтарымының активті бөлігінен (Ф@) тәуелді негізгі қорлардың қорқайтарым үлгісі және де қозғалыстағы машина және құрал-жабдықтар қорқайтарымынан (ФОд) тәуелді негізгі қорлардың қор қайтарым үлгісі, негізгі қорлар құнының активті бөлігінің үлес салмағы (Д@) және активті бөліктің қозғалыстағы құрал-жабдықтардың үлес салмағы (Дд).

ФО = ФО@ · Д@ (2.19)

ФО = ФОд · Д@·Дд (2.20)

Бұл формулаларды толық қор қайтарым формуласын ұлғайту арқылы алуға болады:

ФО = Q/Fc@ · Fc@/Fc

ФО = 152617/23991· 23991/73855 = 2,07 тенге

мұндағы,

Q - кезең ішінде өнім шығарылуы;

Fc@ - негізгі қорлардың активті бөлігінің ортажылдық құны

Fc - негізгі қорлардың ортажылдық құны

Құрал-жабдықтарды пайдалануды толық ауыстыру деңгейін құрал-жабдықтарды ауыстыру коэффициенті (Кауыст,) сипаттайды:
Кауыст, = Тауыст.күн./Nқ. (2.21)

Кауыст, = 18625/305/31 = 1,97 (2001 жыл)


мұндығы,

Тауыст. - смена станоктарының жұмыс жасаған мөлшері;

Ткүн - жұмыс күндер саны;

Nқ. - қозғалыстағы құрал-жабдықтар саны

Бұл коэффициент 2000 жылмен салыстырғанда істелетін жұмыс көлемінің өсуі есебінен 0,62 өскен, ол 2000 жылы 1,35 құрады.

Құрал-жабдықтың пайдалы жұмыс уақыты (Тn):


Тn = Ткүн · Кауыст. · tауыст. · Кжүкт. (2.22)
2000 жыл: Тn = 305·1,35·6,0·0,469 = 1158,7

2001 жыл: Тn = 305·1,97·6,0·0,697 = 2512,8

2001 жылы құрал-жабдықтардың пайдалы жұмыс уақыты 1354,1 сағ. өсіп 2512,8 сағ. құрады.

Құрал-жабдық бірлігіне өнімнің ортасағаттық шығу көлемі (Вr), мың тенге:

Вr = Q/Nкүн/Tn (2.23)
2000 жыл: Вr = 56997,8/26/1158,7 = 1,892

2001 жыл: Вr = 152617/31/2512,8 = 1,952



2001 жылы құрал-жабдықтардың пайдалы жұмыс уақытын, қозғалыстағы құрал-жабдықтардың санын көтеру есебінен құрал-жабдық бірлігіне ортасағаттық өнім шығару көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 0,067 мың тенгеге өсіп 1,959 мың тенгені құрады. Есептеу нәтижелерін №7 «Қор қайтарымды есептеу үшін бастапқы мәліметтер» кестесіне келтіреміз.
Кесте №7.
Қорқайтарымды есптеу үшін бастапқы мәліметтер




Көрсеткіштер

Басзистік кезең

Есептік кезең

Ауытқу

Өсу темпі

1.

Өнім көлемі (Q) мың тг.

56997,8

152617

95619

267,8

2.

Негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құны (Fc), мың тг.

66735

73855

7120

110,7

3.

Негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігінің ортажылдық құны (Fc@) мың тг.

16352

23991

7639

146,7

4.

Қозғалыстағы құрал-жабдықтардың ортажылдық құны (Fcg) мың тг.

14300

21446

7146

149,9

5.

Негізгі қорлардың активті бөлігінің үлес салмағы

24,5

32,5

+8

132,7

6.

Қорлардың активті бөлігіндегі қозғалыстағы құрал-жабдықтардың үлес салмағы

87,5

89,4

+1,9

102,2

7.

Қозғалыстағы құрал-жабдықтар бірлігінің саны

26

31

+5

119,2

8.

Қозғалыстағы құрал-жабдықтар бірлігінің орташа құны, мың тг.

613,2

664,4

+51,2

108,3

9.

Жұмыс күндер саны, (Ткүн)

305

305

-

-

10.

Смена-станоктарының жұмыс жасаған мөлшері, Тауыс.

10705

18625

+7920

173,9

11.

Ауыстыру коэффициенті, (Кауыст.)

1,35

1,97

+0,62

145,9

12.

Бір ауыстырудың ұзақтығы, (tауыс.) сағ.

6,0

6,0

-

-

13.

Смена ішінде құрал-жабдықтарды тиеу коэффициенті

0,469

0,697

+0,228

148,6

14.

Құрал-жабдықтардың пайдалы жұмыс уақыты

1158,7

2512,8

+1354,1

216,9

15.

Бір құрал-жабдыққа ортасағаттық өнім шығару көлемі (Вч)

1,892

1,959

+0,067

103,5

16.

Қозғалыстағы құрал-жабдықтардың қорқайтарымы, тг.

3,99

7,12

+3,13

178,4

17.

Негізгі қорлардың қорқайтарымы, тг.

0,854

2,066

+1,212

241,9

№7 кестенің мәліметтерінен қозғалыстағы құрал-жабдықтардың қорқайтарымының факторлық үлгісі туралы талдауға болады, ол келесідей анықталады:

ФОд = Кауыст. · Кжүкт. · Ткүн · tауыст. · Вr · 1/Фсд (2.24)

ФОд = 1,97 · 0,697. · 305 · 6,0 · 1,959 · 1/21446 = 0,229 тенге,

яғни негізгі қорлардың қорқайтарымының факторлық үлгісі құрал-жабдықтар құрамына, 1 сағат пайдалы уақыт ішінде бір құрал-жабдықтың өнімділігін және уақытты пайдалану көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.

ФОд = Дд · Д@ · Кауыст. · Кжүкт. · Ткүн · tауыст. · Вr · 1/Фсд (2.25)

ФО = 89,4 · 32,5 · 1,97 · 0,697 · 305 · 6,0 · 1,959 · 1/21446 = 666,9 м. тг Факторлардың әсер ету есебін тізбектік амалмен жүргіземіз:


  1. Негізгі қорлардың активті бөлігінің үлесін өзгерту есебінен қор қайтарым көрсеткішін өзгерту:

ΔФО(Д@) = Δ Д@ · Ддо · ФОд (2.26)

ΔФО(Д@) =0,08 · 0,875 · 3,990 = 0,2793 тенге



  1. Қозғалыстағы құрал-жабдықтың қорқайтарымын өзгерту әсерінен негізгі қорлардың қорқайтарымын өзгерту:

ΔФО(Дд) = Δ Дд · Д@1 · ФОд (2.27)

ΔФО(Дд) =0,019 · 0,325 · 3,990 = 0,0246 тенге



  1. Қозғалыстағы құрал-жабдықтың қорқайтарымын өзгерту әсерінен негізгі қорлардың қорқайтарымын өзгерту:

ΔФО(ФОд) = Δ ФОд · Д1@ · Д 1д (2.28)

ΔФО(ФОд) =3,13 · 0,894 · 0,325 = 0,9094 тенге

Факторлардың біріккен әсері төмендегідей:

0,2793 + 0,0246 + 0,9094 = 1,213

Жасалған есептеулерден қорқайтарым өсімі негізгі қорлардың құрамындағы өзгертулердің оң мәніне ие сонымен қатар қозғалыстағы құрал-жабдықтардың қорқайтарым көрсеткішінің өсіміне әсер ететінін көріп отырмыз.

Ары қарай №7 кестенің мәліметтерінен қозғалыстағы құрал-жабдықтардың өзгерісіне әсер ететін факторларды есептеуімізге болады:

1. ΔФОдауыст.) = Δ Кауыст. · Кто · Ткүно · tауыст.о · Вr o · 1/Форт (2.29)

ФОдауыст.) = 0,62 · 0,469 · 305 · 6,0 · 1,892 · 1/613,2 = 1,6419 тенге

2. Құрал-жабдықтарды тиеуді өзгерту әсерінен қорқайтарымды өзгерту (смена ішінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану):

ΔФОдт.) = Δ Кт. · Кауыст1 · Ткүн1 · 1/Фдо (2.30)

3. Бір құрал-жабдықтың орта сағаттық өнімінің өзгеруі нәтижісінде қорқайтарым көрсеткішінің өзгеруі:

ΔФОдr) = Δ Br · Кт1 · Кауыст.1 · Ткүно · tауыст · 1/Форт .о (2.31)

ΔФОдr) = 0,067 · 0,697 · 1,97 · 305 · 6,0 · 1/14300 = 0,0118 тенге

4. Бір құрал-жабдықтың орташа құнының өзгеруі әсерінен қорқайтарым көрсеткішінің өзгеруі:

ΔФОдорт.) = Δ 1/ Форт. · Кт1 · Кауыст.1 · Ткүно · tауыст0 · Вr (2.32)

ΔФОдорт.) = (1/664,4-1/613,2)·0,697 · 1,97 · 305 · 6,0 · 1,959 = - 0,591

Смена ұзақтығы және жұмыс күндер саны қорқайтарымға әсер етпейді, себебі өзгерусіз қабылданған.

Қозғалыстағы құрал-жабдықтардың қорқайтарымының өзгеруіне қалған факторлардың біріккен әсері төмендегіні құрайды:

1,6419+0,1088+0,0118+0,591 = 1,1715 тенге

Құрал-жабдықтарды ауыстыру және тиеу коэффициенттерін көтеру жұмыс уақытын жоғалтуды – толық күндік және ішкі ауыстырылып қалуын төмендетеді, ал ол құрал-жабдықтардың қорқайтарымының өзгеруіне оң әсерін тигізеді.

Құрал-жабдықтың тиеу коэффициентін көтеру нәтижесінде қорқайтарым 1,5331 (1,6419 – 0,1088) жоғарылады. Бір құрал-жабдықтың орташа құнының өсуі қорқайтарымға теріс әсерін тигізіп тұр. Соңғы фактор құрал-жабдықтың орташа құнының оны қымбаттау, бірақ өнімдірек құрал-жабдықтармен жаңарту және ауыстыру нәтижесіндегі өзгеруін көрсетеді.

Интенсивті тиеу коэффициенті өндірілген өнімнің көлемімен өлшенеді.

Экстенсивті тиеу коэффициенті пайдалы уақыттың календарлыға қатынасын құрал-жабдықтардың бірлік шамасына көбейткенге тең:

Кто = 1158,7/365 · 24 · 26 = 3,439

Кт1 = 2512,8/365 · 24 · 31 = 8,892
Құрал-жабдықтың интегралдық тиеу коэффициенті немесе интегральдық тиеу көрсеткіші құрал-жабдықтарды экстенсивті және интенсивті тиеу коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең.

Кт интегр о = 1,892 · 2,439 = 6,507

Кт интегр 1 = 1,959 · 8,892 = 17,419

Интегральдық көрсеткіштің өсім есебі және ауытқуы №8 кестеде «Құрал-жабдықты өндірістік интегральдық пайдалану көрсеткішінің есебі».



Кесте №8.
Құрал-жабдықтарды интегральды пайдалану көрсеткішінің есебі.



Көрсеткіштер

Базистік жыл

(2000 ж.)

Есепік

жыл

(2001 ж.)


Ауытқу

Өзгеру темпі

Құрал-жабдықтарды экстенсивті тиеу коэффициенті


3,439

8,892

+5,453

2,587

Құрал-жабдықтарды интенсивті тиеу коэффициенті


1,892

1,959

+0,067

1,035

Құрал-жабдықтарды интегральды тиеу коэффициенті


6,507

17,419

+10,912

2,677

Есептеулерден көріп отырғанымыздай құрал-жабдықты интегральдық тиеу көрсеткішінің өсуі құрал-жабдықтың экстенсивті жүктемесін көтеру нәтижесінен болып отыр. Интенситві жүктеменің төмендеуі өнім шығаруды көтеру мүмкіндіктерін пайдаланбай отырғанын сипаттайды, қосымша қуаттарды және жаңа капитал салымдарын пайдаланбай-ақ. Бұл коэффициентті өндірістің ұйыдастыру-техникалық деңгейін үйлесімдендіріп, өндірістегі қысқа орындарды жою арқылы көтеруге болады.

Негізгі қорлардың өсуі және олардың сапалы жетілдірілуі көп мөлшерде қол еңбегін автоматқа ауыстыруға, бір жұмысшыға келетін еңбек қорларының салмағы үздіксіз өсуіне алып келеді. Бұл еңбек құрылыс шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді.

Құрылыс шаруашылығының өндірістік негізгі қорлардың салмағының үздіксіз өсуі күрделі қаржы салымдарын бөлуді және әр түрлі ресурстарды тартуды қажет етеді. Сондықтан да ең басты мақсат бар негізгі қорларды тиімдірек пайдалану болып табылады. Бұл үшін әр бір құрылыс ұйымында негізгі қорлардың пайдалану деңгейін оптимальды бағалау мүмкіндігі болуы қажет, себебі оның қорлардағы қажеттілігін дұрыс анықтап және бар резервтерді тиімдірек қолдануды әшкерелеу қажет. Құрылыс ұйымдарының негізгі қорларын тиімді пайдаланбаудың негізгі себептерінің бірі болып машиндердің едәуір жұмыс уақытын жоғалту болып табылады. Практикада құрылыс ұйымдарының жұмысында ішкі сменалық уақытын жоғалтудың басым бөлігі, ал кейде толық күндік тұрып қалулар документке тіркелмейді және есептемеге түспейді. Сондықтан шаруашылықта қолданылатын техника жайлы нақты мәліметтерді нормативті-іздестіру станциялары жүргізетін көп еңбекті қажет ететін терең зерттеулер арқылы алуға болады.

Толықкүндік жағдайлар барлық машина түрлерімен жұмыс уақыт қорының 20% құрайды, және оның қысқаруы әзірше байқалмайды. Көбінесе бұл жоғалтулардың елеулі себебі машиналардың жөндеуге келуі болып табылады.

Ішкі сменалық уақыттың көп мөлшердегі өнімді емес шығындарға жұмыстары технологиялық транспортпен байланысты машиналарға ие. Ішкі сменалық уақыттың өнімді емес шығындарының негізгі бір белгісі болып транспорттың жоқтығынан тұрып қалулар табылады. Келтірілген құрылыс мөлшендерінің толық күндік уақытты жоғалтуларының мөлшері туралы мәліметтер машидерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету сұрақтарын қоса құрылысты ұйымдастыруды жетілдіру аймағында бірталай резервтердің бар екенін куәландырады.

Бұл қорқайтарым көрсеткіштерінің талдауы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануға әр түрлі факторлардың әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты ұйымдардың негізгі қорларын пайдалану деңгейін объективті бағалау тәсілдерін жасау олардың негізгі қорлардағы қажеттілігін дәйекті анықтау мақсатымен, қорлардың тиімді құрамы мен құрылымын шығару мақсатымен, сонымен қатар құрылымын шығару мақсатымен, олардың резервтерін тиімді пайдалану мақсаты құрылыс шаруашылығы үшін актуальды мәселе болып табылады.

3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру

жолдары мен резервтері.
3.1. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтері.
Резервтер болып пайдаланбаған, өндірістік күштердің өнімділігін көтеретін нақты мүмкіндіктері саналады. Резервтерді зерттеу олардың сандық бағасын белгіленген уақыт кезеңіне, өндірістің түріне, оның функционирленуінің орнына және мамқсатына байланысты, сонымен қатар лимиттенген ресурстардың бар болуына қолданылатын өзінің мақсаты бар. Резервтерді толық немесе жартылай қолдану өндіріске нақты шаралардың әсерін анықтайтын шараларды жүзеге асыратын жолдармен қол жеткізеді. Бұл шаралардың топталуы мүмкін болатын негізгі бағыттар өндірістің тиімділігін арттыратын факторлар болып есептелінеді.

Өндіріс процесінде негізгі өндірістік негізгі қорлармен жабдықталған жұмысшылар қатысатын болғандықтан негізгі қорларды иентенсивті пайдаланудың резервінің көпшілік бөлігі біржола еңбек өнімділігінің өсуінің резерві де болып табылады. Бірақ жекеше еңбек өнімділігінің жоғарылауы оның өндіргіш күшінің өсуі негізінде қол еңбегінің бірлігіне де өнімнің бірлігіне де негізгі қорлардың шығынының көтеріліп кетуіне байланысты болуынан олардың арасында толықтай түйісуі жоқ. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың жоғарылауы дәл осы себептен де, яғни оның өнім бірлігіне шығындарын азайтуы жекеше еңбек өнімділігінің көтерілуіндей өндіріс тиімділігінің жеке көрсеткіштерінің көрінісі ретінде тең қаралады, адекваттығы тек қана олардың арасындағы анықталған қатынасы кезінде қамтамасыз етіледі.

Барлық резервтер олардың құрылу көздеріне байланысты 2 топқа жіктеледі:

● Ғылыми-техникалық прогреспен және шаруашылықты жүргізу артықшылығынан пайда болған әлі де шынайы мүмкіндіктерін пайдаланбаған резервтер.

● Шаруашылық-ұйымдастырушылық қызметін және ресурстарды тиімді пайдалануды жақсартудың мүмкіндіктерімен байланысты резервтер.

Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтерудің резервтері есебінде мыналарды ескеру қажет: едәуір резервтердің бар екенін куәландыратын құрылыс машиндерінің негізгі түрлерінің құрылысты ұйымдастыруды жетілдіру облысында, машиндерге жөндеу және техникалық қызмет көрсету сұрақтарын қоса толық күндік және ішкі сменалық уақыт жоғалтулары. «Мұнаугазқұрылыс» ААҚ-да негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды көтеру үшін келесі сұрақтарға назар аударамыз.

● Құрал-жабдық жұмысының уақыты және қуаты бойынша нақты есебін ұйымдастыру, бұл негізгі номенклатураға кірмейтін өнімді дайындаудың резервтік қауттарын жүктеуді реттеу мүмкіндіктерін береді.

● Оптимальды эксплуатация мерзімін анықтау мақсатында әрбір құрал-жабдық бірлігінің жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге және эксплуатацияға кететін шығындар есебі, бұдан кейін құрал-жабдықтарды әрі қарай пайдалану экономикалық пайдалы емес.

Бұл техниканы пайдалану және оған кәсіпорын жұмысшыларының дұрыс шаруашылық қатынасының даму сұрақтарында қолданылатын адам факторы активизациясының негізгі бағыттары болып табылады. Учаскенің, цехтің нормативті өндірістік қуаттылығы кеернеулі жоспарлы ғимараттарды анықтаудың негізгі болып табылады.

Амортизациялық нормаларды анықтаудың қалыптасқан, бар тәртібі кәсіпорындарға өндірістік қорларын толығымен жаңартуға мүмкіндік бермейді, себебі негізгі қорлар көп жағдайда жұмыс жасау мерзімі аяқталудан бұрын олар моральды тозады. Негізгі қорлардың қайтарымы да олардың қызметінің бірінші жартысында жоғары болады. Сондықтан да негізгі қорлардың тозу есебінің әр түрлі тәсілдерін қолданатын халықаралық практикаға назар аударғанымыз жөн. Және де онда кәсіпорын қалаған тәсілін есептік саясатта бекітіп алуына құқылы.

Сонымен қатар есептік жыл ішінде бұл тәсілдер өзгеріп тұруы мүмкін. Амортизацияның нормативтерін және есептеу тәсілдерін, негізгі қорларды қайта бағалау және индекстеуді жақсарту ұсынылады, амортизациялық аударымдарды мақсатты қолдануға бақылау және экономикалық ынталандыру шараларын енгізу.

Берілген жағдайда жеделдетілген амортизация тәсілін қолдану ұсынылады. Оны артықшылығы мынада:

● Кәсіпорынды моральдық тозумен байланысты жоғалтулардан сақтандырады және мүлтіксіз (жаңа) техниканы енгізуге жағдай жасайды.

● Негізгі қорлардың жаңартуын тездетеді және оларды инфляциядан қорғайды, өнімнің бәсеке қабілеттілігін көтереді және т.б.

Жеделдетілген амортизацияда әртүрлі есептеу әдістері қолданылады, солардың ішінде: амортизациялық аударымдарды екі мәрте төмендететін әдісі (жылдар жиынтық әдісі). Бұларды жеделдетілген амортизация әдістері деп атайды, себебі тозу есебін жеделдетеді, оларды қолданғанда негізгі қорлар объектілерін пайдалану мерзімінің басында амортизациялық аударымдардың көлемі, талданатын кәсіпорында қолданылатын амортизацияны есептеудің бір қалыпты әдісін пайдаланғаннан гөрі көп болады. Бірақ бұл арттыру пайдалану уақыты біткеннен кейін аз аударымдармен компенсацияланады. Пайдалану мерзімі бойы барлық есептелген амортизация көлемі объектің амортизацияланатын құнымен бірдей және тең болады.

Амортизациялық аударымдарды екі мәрте төмендететін немесе регрессивті әдіс кеңінен таралым алды. Ол негізгі капиталдың баланстық қалдық құнынан нақты белгіленген проценттер негізінде амортизациялық аударымдарды анықтайды. Осы арқылы амортизацияны есептеудің бір қалыпты әдісінде қолданылатын максималды мөлшері амортизация мөлшерінен екі рет артады; кемитін баланс әдісі, ол пайдаланудың бірінші жылындағы амортизация нормаларын екі есе өсіруді болжайды, екінші жылы қалдық құннан 20% аударым және т.б.; «сандар жиынтығы» немесе «жылдар жиынтығы» немесе «кумулятивті» әдіс, бұл әдісте амортизация нормасы негізгі капиталдың жұмыс жасау мезгілінің бітуіне қалған жылдан санын (сағатын) бөлу жолымен есептелінеді. Мысалға құрал-жабдықтың жұмыс мезгілі 10 жыл, ол мынаған тең:

10+9+8+7+6+5+4+3+2+1 = 55

бірінші жылы амортизация нормасы:

10/55·100=18,2%;

екінші жылы:

9/55·100=16,4%

үшінші жылы:

8/55·100=14,5%

Регрессия принципі осы әдістердің негізінде жатқан бірінші жылы амортизацияны жоғары мөлшерде есептеуге мүмкіндік береді, ал аяғында оны төмендетеді. Ол 2/3 қорлар құнын жұмыс мезгілінің жартысында амортизациялауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындарға амортизацияны есептеу әдісін таңдауға дербестік беру ұтымды амортизациялық саясаттың құрамында жәрдем жасайды, ол еңбек өнімділігіне кері әсерін тигізетін көнерген құрал-жабдықтарды сақтауды тоқтатады, екіншіден кәсіпорынның негізгі қорларын жаңартуға ақшалай ресурстардың тез жиналуына ықпал жасайды.

3.2. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық потенциалдық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.

Кәсіпорынның техникалық потенциалын тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс процесстерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық прогресс шараларын жүргізу және т.с.с.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар болып төмендегілер табылады:

● шығарылатын өнім сипаты;

● шығарылатын өнім көлемі;

● механизация және автоматизация деңгейі;

● мамандандыру және коопеприрование деңгейі;

● кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу жағдайлары.

Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. Қанша шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың және арнаулы прогрессивті жұмыс машиндерінің үлес салмағы артады. Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл осындай сипатта. Климаттық жағдайлардан ғимараттармен құрылыстар үлесу байланысты.

Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концеетрацияның, маманданудың, коопирирлеу және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың массивті элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:


  • құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;

  • станок және машиналардың прогрессивті түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын станоктар, универсалды агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық программамен басқарылатын станоктар;

  • ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша құрал-жабдықтар орналастыру;

  • құрылыс жобаларын дұрыс жасау және кәсіпорынның құрылыс жоспарларын жоғары сапалы орындау;

  • аз пайдалынатын және артық құрал-жабдықтарды және оның бөлек топтарының арасында дұрыс пропорцияларды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды орнату.

Құрылыс көлемі артқан сайын кәсіпорын алдында терең бір проблема болып каапитал салымдарының тиімділігін көтеру табылады, яғни капитал салымдарының бірлігіне келетін материалдық өндіріс саласында қайтарымды көтеру немесе жоғары әлеуметтік эффектіге жету. Капитал салымдарының тиімділігі - өте ауыр көрсеткіш, оның жақсаруы келесі факторлардың комплексінен байланысты болады:

1. Инвестициондық цилды қысқарту, яғни қандай да бір құрылыс объектісін қаржыландырудың басы және оны пайдалануға енгізу аралығы. Бұл кезеңді қысқарту 2 мәселені шешуге мүмкіндік береді:

а) құрылыс объектісіне жұмсалатын халық шаруашылығынан алаңдайтын құралдар, демек олар өнімдерді пайдалану өндірісінде және халықаралық пайдаға қатыспайтын уақытын қысқарту;

б) негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуының арасындағы айырылысты қысқарту;

Бұл мәселелер құрылыстың негізгі объектілеріне капитал салымдарын біріктіру, құрылыс ұзақтығын және қуаттарды меңгеру мезгілін қысқарту есебінен шешілуі мүмкін.

Негізгі құрылыс объектілерінде капитал салымдарын біріктіруді көтеру олардың эксплуатацияға тез енгізуіне және аяқталуына жәрдем береді.

Құрылыс ұзақтығын және кәсіпорындарды реконструкциялау қысқарту – қазіргі замандық құрылыс өндірісінде бірден-бір актуальды мәселе болып табылады. Біздің елімізде құрылыс ұзақтығының қолданылатын нормалары өте жиі сақталынады, нормативтен 1,5 – 2 есе артатын нақты мезгілі белгіленген құрылыс объектілері кездеседі.

Бұл мәселені шешуде маңызды болып құрылыстың ары қарай индустрияландырылуы табылады, ол құрылыстық өндіріске машиндерді кең көлемде енгізу және құрылыстың өнеркәсіптік базаларын дамыту есебінен болуы керек.

Құрылыстық өнеркәсіптік базаларының технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:

● заводтық дайындау, өнімді тасымалдау және объектілерді тұрғызу сатыларында толық еңбек сыйымдылығын төмендету;

● құрылыстың материал сыйымдылығын және отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын төмендету;

● эксплуатацияға енгізілетін объектілердің сапасын көтеру;

● эксплуатациялық объектілердің қажетті сапамен қамтамасыз еткенде құрылыстың құнын төмендету.

Құрылыс ұзақтығын қысқарту үшін құрылыс объектілерінің техникалық дайындалған және жабдықтауды жақсарту үлкен маңызға ие. Құрылыс бөгелістерінің көпшілігі территорияның құрылысты салуға уақытына дайын болмауы (барлық бөгелістердің 10% мөлшерінде), техникалық құжаттамаларының уақытына дайын болмауы (7% мөлшерінде), құрылыста техникалық және технологиялық үзілістер және т.с.с. объектілерді енгізу мезгіліне құрылысты материалдармен, бұйымдармен және конструкциялармен өзіндік өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттылығын меңгеру уақытын қысқарту инвестициялық циклдың қысқаруына әсер етеді.

2. Транспортта және құрылыста өнеркәсіптік базаларының еңбек өнімділігін көтеру. Құрылыс өндірісінің барлық звеноларына және соның ішінде кәсіпорындардың өнеркәсіптік базаларына еңбек өнімділігін көтеру резервтері жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту, техниканы жақсы пайдалану және ең алдымен ауыр қол еңбегімен байланысты болады.

Еңбек өнімділігі тиімді өсуі үшін құрылыс детальдарының және конструкциялардың заводтық дайындылығын көтеру табылады. Бұл еңбек операцияларын құрылыс алаңдарынан заводқа аудару операциясы техникалық прогресстің принципті бағыттарының бірі.

3. Құрылыстың сапасын көтеру. Құрылыс өндірісінде біткен объектілердің ақырғы өнімнің сапасы тек қана олардың ұзақ уақыт пайдалануында ғана әшкереленеді. Өз кезегінде бұл ақырғы өнім сапасы объектілерді тұрғызуға қолданған барлық материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сапасы қиыстырылады. Осылайша құрылысқа қызмет көрсететін әрбір өнеркәсіптік кәсіпорында құрылыспен дайындалған объектінің сапасы сол немесе өзге өлшемде қалыптасады. Бұл жағдай өндірістік кәсіпорындарда жобалауда, олардың қызметін жетілдіруде және өндірілетін өнімнің сапасының бағасын анықтайтын болуы қажет.

4. Құрылыстың басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялар өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, олардың ведомствалық бағыныштылығына байланыссыз. Техникалық прогресс жүрісінде өндіріс звеноларының саны көбейеді, құрылысқа қатысатын ұйымдар арасындағы байланыстар қиындайды және біржола оперативті шешім қабылдау және тарату талаптары көбейеді. Басқару жүйесін бірқалыпты жетілдіру, өндірісті жоспарлаудың барлық стадияларында оптимизационды есептерін пайдалану, басқарушылық еңбектің механизациясы және автоматизациясы - өнеркәсіптік құрылыс базалы кәсіпорындардағы техникалық прогресстің сипатты элементтері болып табылады.

5. Құрылыс құнын төмендету – көптеген фактор санына байланысты нәтижелі көрсеткіш. Еңбек процестерінің көп мөлшерін құрылыстан заводқа ауыстырғанда құрылыс құнымен берілген заводтық өндірістің рөлі артады. Бірақ онымен завод өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне алып келмейді. Кейінгі шығындарға талдау жасап және заводының өзіндік құнын төмендеткен өнімді немесе оның өндіріс технологиясын өзгерткен кезде келесі этаптарда артық шығындарға алып келмейтінін көрсету қажет. Белгіленген шаралардың тиімділігі құрылыс өндірісі деңгейінде тек қана нәтижелік шығындармен бағалануы мүмкін.

Құрылыс жұмыстарын механикаландыру әр түрлі жұмыстарға арналған кең көлемде машин паркін қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты құрылыс техникасын жетілдіру және оның даму тенденциясы салалық қимада үлкен бір мәселе болып табылады. Бұл үшін ары қарай құрылыс техникасының негізгі түрлерін жетілдірудің мағынасын және артықшылығын жеке қарастырайық.

Бірковшты экскаваторлар – циклдік әрекетпен жұмыс жасайтын жер қазатын машиналар, арнайы және универсалды болып келеді.

Экскаваторлардың экономикалық артықшылығы конструктивті және технологиялық артықшылықтарынан шығады. Осылайша ауыстырылатын жұмыс құралдарының номенклатурасын кеңейту және оның спецификалық кинематикасы, сонымен қатар жұмыс қозғалыстарын біріктіретін жылдамдықты тәуелсіз реттеу бұрын қолмен жасалып жүрген жұмыстарды механикаландыруға жағдай жасайды. Бұл мүмкіндік тек қана бағасын түсіріп және мұндай жұмыстардың өндірісін тездетіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген жұмысшыларды жұмыстан босатады. Бұдан басқа эксплуатацияланатын эксковаторлар паркі үшін запас бөлшектерінің номенклатурасы едәуір төмендейді және машина жөндеудің агрегаттық әдісін қолдануға мүмкіндік туады, демек олардың жөндеуде тұрып қалулары төмендейді және пайдаланудың пайдалы уақыты көбейеді.

Басқаруды автоматтандыру нәтижесінде еңбек жағдайларын жақсарту экскаваторлардың өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді, ал олардың приводтарын автоматтандыру энергетикалық ресурстардың үнемдеуіне алып келеді бұның салдарынан машиндердің барлық КПД көтеріледі.

Машиндерге техникалық қызмет көрсетуге арналған уақытты қысқарту оның смена ішінде пайдалану коэффициентін көтеруге және кеңінен тараған экскаваторларға қызмет көрсететін персоналдың санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта техникалық деңгейін ары қарай көтеру гидравликалық экскаваторлардың конструкциясын принциптары болып мыналар табылады: өнімділікті 1,5 – 2 есе көтеру; маатериал сыйымдылығын минимум 20% үлеске және энергия сыйымдылығын 10% үлеске түсіру; мықтылығы жоғары болаттарды енгізу; техникалық қызмет көрсетудің сенімді және еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерінің кенет жақсаруы; басқару жүйелерін жетілдіру және машинистің жұмысына жағдай жасау; микропроцессорлық техниканы құру және енгізу, соның ішінде ақпараттарды бейнелейтін құрылғылар және т.б.

Шетел тәжірибесінде машиндерді жетілдірудің аталған бағыттарды пайдалану үшін тенденциялар байқалды. Экскаваторлардың кең номенклатурасын құру, мини экскаваторларды қоса сипатты болып табылады.

Үздіксіз қимылдағы экскаваторларды ары қарай дамытудың негізгі бағыттары болып оның эксплуатациалық сипаттарын (өнімділігі және сенімділігі) көтеру; универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту.

Өнімділік эксплуатациялық сипаттардың негізгісі, ол қондырғылардың қуаттылығын көтеру жолымен, жоғалтуларды төмендету, өндеудің жаңа процесстерін қолдану арқылы көтеріледі. Үзіліссіз қозғалыстағы экскаваторлардың өнімділігін ары қарай көтерудің негізгі факторлары болып жұмыс процестерін жетілдіру табылады. Жұмыс органдарын гравитионды және инерционды түсіру, жұмыс жылдамдығын көтеруді қолдану перспективталы.

Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың өнімділігінің негізгі факторы болып оның автоматтандырылуының деңгейін көтеру табылады. Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың сенімділігін арттыру осы заманғы топталған бұйымдарды және материалдарды пайдалану жолымен жүреді, сонымен қатар жұмыстан шыққан және эксплуатацияда тексерілген детальдарды пайдалануға мүмкіндік беретін оның унификациясын жоғары деңгейге көтеру. Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту әр түрлі ауыстырылатын жұмыс құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Жетекші елдердің тәжірибесінде автогрейдерлерді шығарушылар қуаттылығы және массасы әр түрлі типтегі автогрейдерлерді шығаруға үлкен көңіл бөледі. Бір типтік автогрейдерлердің кеңейтумен бірге дәстүрлі машиналар да жетіледі. Жетілдіру негізінде келесі бағыттарда жүреді: жүргізушінің еңбегіне жайлы жағдай жасау, жаңа шуды басатын, кондиционер орнатылған кабиналар жасау, техникалық күтіммен қызмет көрсету аралық мерзімін едәуір ұзартуға мүмкіндік беретін жаңа майлағыш жүйелерін қолдану, машиндерді құрастырудың модульдық әдісін дамыту.

Жер қазатын машиндер паркінің негізін бульдозерлер құрайды. Оларға жер жұмыстарының барлық көлемінің 40%-ті келеді. Жер жұмыстарының құрылысын жүргізгенде бульдозерлер және қопсытқыш бульдозерлер маңызды дәрежеге ие. Бульдозерлердің және қопсытқышы бар бульдозерлердің анықталған даму тенденциясы болып келесілер табылады: бір типті бульдозерлер көбейту және жетілдіру, сонымен қатар минибульдозерлер жасау; машиндердің техникалық қызмет көрсеткіштерін және жөндеуін жеңілдету жолымен олардың эксплуатациялық үнемдеуін жоғарылату, жұмысқа дайындалу уақытын азайту; визуальдық бақылауды және механикаландырылған майлауды қамтамасыз ету; техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді жеңілдететін және тездетін тиімді диагностикалық құрылғыларды арнаулы құралдарды қолдану және т.б.

Отандық және шетелдік тәжірибені құрылыста қазіргі машиндерді құрастыру және қолдану облысында зерттеу олардың дамуының келесі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: машинистің еңбек жағдайын ары қарай жақсарту, кабиналарды машиннің негізгі тораптарының жұмысын бақылайтын информатика құрылғыларымен және қоршаған ортадан қорғайтын жүйелерімен жабдықтау; вибрациялы машиндерді пайдаланып еңбек өнімділігін арттыру, оларды автоматтық басқару құралдарымен және жұмыс циклын түгелдей автоматтандыруға мүмкіндік беретін борттық электронды есептеуіш машиналармен жабдықтау.

Құрылыстың өнімділігін және сапасын көтерудің қажетті шарты болып қажетті нәтижеге мүмкіндік беретін құрылыс машиндерінің тиімділігі жоғары жұмыс органдарын қолдану және іздеу табылады. Прогрессивті бағыттары болып әр түрлі құрылыс материалдарымен жұмыс жасай алатын универсалды және көпфункционалды машиндерді шығару. Техниканы жетілдірудің қажетті шарты болып машиндерге қызмет көрсетуге еңбек сыйымдылығын төмендеткенде олардың сенімділігін көтеру табылады.

Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды көтерудің, жоспарлаудың негізгі формасы болып техникалық дамуының, өндірісті ұйымдастырудың және кәсіпорынның техникалық қайта құралдануының жоспары табылады.

Техникалық даму және өндірісті ұйымдастыру жоспарында негізгі өндірістік қорларды пайдалануды көтеру шаралары келесі тарауларға топталған:


  1. Прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті механизациялау және автоматтандыру;

  2. Құрал-жабдықтардың қозғалыстағысын модернизациялау және көнергенін ауыстыру;

  3. Өндірісті басқаруды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жетілдіру;

  4. Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелі-конструкциялық жұмыстар;

  5. Ғылыми еңбекті ұйымдастыруды енгізу.


Қорытынды
Нарықтық экономикаға өтумен байланысты басты орында өндірістік кәсіпорындардың тіршілік етуі негізгі қорларды тиімді пайдалануында, осыған байланысты дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау және оның актуалдығы шартталады.

Ұсынылған дипломдық жұмыста мынадай негізгі жағдайлар айқындалған, олар: кәсіпорынның негізгі капитал құрамы және құрылымы, кәсіпорынның негізгі қорлар қозғалысы, олардың техникалық жағдайының есебі, пайдалану көрсеткіштерінің анализі, жекелегенде негізгі қорлардың қорқайтарылымы, негізгі қорлардың қорқайтарылымына әр түрлі факторлардың әсер етуі арқасында өзгеруін зерттеу, оларды тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары келтірілген, олардың ішінен негізгілері кәсіпорындағы негізгі қорлар сұрақтарын оперативті шешу үшін есептеуіш техниканы толықтай пайдалану және жетілген программамен қамтамасыз ету, яғни бір ортаға топталып ЭЕМ есеп жүргізу.

Амортизация нормативтерін және есептеу әдістерін, негізгі қорлардың қайта бағалау жүйесін және индексациясын жетілдіру, амортизациялық аударымдардың экономикалық ынталандыру шараларын және мақсатты пайдалануын басқару ұсынылады. Кәсіпорынға негізгі қорлар классификация түрлеріне өзгертулер енгізу ұсынылады.

Классификациясын өзгеру – оларды классификациялық топтарға таратқанда негізгі қорлардың функционалдық арнаулығын дәл анықтауға мүмкіндік береді, бөлек топтардың мағынасын өндірістік процесстерде олардың сипатын өзгертуге мүмкіндік береді.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларды тиімді пайдалану және жағдайын талдауды жетілдіру бойынша келесі қорытындыларды және ұсыныстарды құрастыруға болады. 2001 жылы өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың ортажылдық құны 2000 жылмен салыстырғанда 10,7% өсті (73855/66735 = 110,7), ал жоспарды орындау проценті 102,6% құрады (73855/72000= 102,6). Қорлардың активті бөлігінің құны (машиналар және құрал-жабдықтар) 2000 жылмен салыстырғанда 46,7% өсті, яғни бұл қозғалысқа жаңа құрал-жабдықтар енгізілгендігімен түсіндіріледі.

Негізгі қорлардың техникалық жағдайын талдау негізгі қорлардың көп бөлігі жақсы жағдайда екенін көрсетеді. Талдау қорытындысы бойынша жарамдылық коэффициенті 93% құрады, ауыстыру коэффициенті 2001 жылы 20,7 % құрады. Барлық негізгі қорлар бойынша тозу коэффициенті жыл аяғына 0,003 (0,064 – 0,067) төмендеді және 0,064 немесе 6,4% құрады. Кәсіпорынның негізгі қорлардың техникалық жағдайының берілген көрсеткіштері кәсіпорында негізгі қорлардың техникалық деңгейі өндірістің берілген көлемін толық масштабты орындауға жағдай туғызады.

Кәсіпорынның негізгі қорларын сапалы пайдалануды сипаттайтын көрсеткіш – қорқайтарымы болса жүргізілген талдау бойынша өнеркәсіпті-өндірістік және олардың активті бөлігі алдыңғы жылмен салыстырғанда өскен.

Құрал-жабдықтарды пайдаланудың анализі 2000 жылмен салыстырғанда номиналды уақыт қоры 100,4% (3120/3107) құрады. Құрал-жабдықтар жұмысын календарлы (100%) және номиналды уақыт қорларының әр түрлі пайдалану проценттері есептік жылдағы нақты жұмыс күндерінің саны ескергеннен төмен болғанын куәландырады. 2000 жылмен салыстырғанда есептік жылы (2001 жыл) тиімді уақыт қоры 104,2 % (2758/2648) құрады. Өткен жылы құрал-жабдықтарды жөндеуге 459 маш./сағ. жұмсалған. Есептік жылы құрал-жабдықтарды жөндеу уақыты 97 маш./сағ. келіп 362 маш./сағ. құрады. Бұл көрсеткіштің өзгеруі кәсіпорын 2001 жылы негізгі қорларды тиімді пайдаланғаны көрінеді. Бұл анализ пайдаланбаған немесе тиімді пайдаланбаған уақыттың көлемін есептеуге мүмкіндік берді, ол уақыт 1869 маш./сағ. құрады. Тиімсіз пайдаланбаған уақыттың негізгі себептері болып бұрын жоспарланбаған 2000 жылғы болған жоспардан тыс тұрып қалулар, төрт күндік жұмыс аптасы екені анықталады.

Нарықтық экономикада қаржылық талдау басқарудың негізгі бір функциясы болып табылады. Есеппен қатар ол осы талдау арқасында тек қана нақты нәтижелердің констанциясын алып қана қоймай санымен қатар негізгі қорларды пайдалану тиімділігіне оң немесе теріс әсер еткен факторларды анықтауға мүмкін болатындай етіп құрылуы қажет.

Кәсіпорында өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың үлкен мөлшері папйдаланатындықтан қойылған мәселелерді аналитикалық жұмыстарды механикаландыру немесе автоматтандыру жолымен шешу ұсынылады. Қорқайтарымға талдау жүргізгенде экономико-математикалық әдістерін және ЭЕМ қолдану орынды болып табылады.

Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың анализін жетілдірудің басқа бағыты болып негізгі қорлар анализінің жүзеге асып тұрған методологиясын жетілдіру табылады.

Қазіргі кезде негізгі қорлардың жаңарту процесі машиндердің және құрал-жабдықтардың бағасы қымбаттауына байланысты жүзеге асыру қиынға соғып отыр. Құрал-жабдықтарды ауыстыруға және жаңа техннологияларды құруға көп ақша мөлшері қажет. Кәсіпорынның өзінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан бұл жерде инвесторлардың көмегінсіз қиынға соғады.

Кәсіпорында реструризация программасы жасалынып жатыр оның ақырғы мақсаты өндірісте шығындарды бақылайтын оперативті басқару жүйесі құру, ол кәсіпорында толықтай бәсеке қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін көтеруге үлкен әсерін тигізеді.

Жалпы алғанда негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін көтеру келесі бағыттарды кірістіреді:



  1. Өндірістік процестердің механизациясы;

  2. Құрал-жабдықтардың модернизациясы және оларды ауыстыру;

  3. Еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және т.с.с.

Барлық берілген бағыттар кәсіпорынды дамыту жоспарында қарастырылады. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 3-4 жылдан кейін кәсіпорынның бір қалыпты өзінің дамуы қамтамасыз етіледі және әр түрлі тұрақсыз сыртқы факторлар кәсіпорынға айтарлықтай әсерін тигізбейді.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республиасы Агенттігінің статистика бойынша үкімі 28.05.1999 ж. №17: «Негізгі қорлардың бар болуы және қозғалысы және материалды емес активтердің статистикалық есептемелерді құру бойынша құсқайлар».




  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.09.1999 ж. №1308 үкімі: «Негізгі қорлар бойынша жылдық тозу мөлшерін бекіту туралы».




  1. Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 04.12.1995 ж. №13-5-3/10068 хаты: «Негізгі қорлар субъектін бағалау туралы».




  1. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің үкімі 21.10.1994 ж. №1178: «Қазақстан Республикасында негізгі қорларды индекстеу туралы».




  1. Грабового П.Г. және Цая Т.Н. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру – М. 1999 ж.




  1. Радостовец В.К. Бухгалтерлік есеп, Алматы: Бико 1998 ж.




  1. Русак Н.А. Қаржылық талдаудың негіздері, Мн: Меркаванне, 1995 ж.




  1. Савицкая Г.В. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қазметін талдау. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық: 1996 ж.




  1. Снитко Х.Ф. Өнеркәсіптік кәсіпорында негізгі қорлар есебі, конспект шолуы. – Минск: Экаунт, 1993 ж.




  1. Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.




  1. Кәсіпорын экономикасы. Под. ред. В.М. Семенова, - М., 1998 ж.




  1. Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.




  1. Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.




  1. Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.




  1. Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің экономикасы. Алматы: «Баспа», 2002 ж.




  1. Бухгалтерлік есептің Қазақстандық үлгілері және оларға методикаалық ұсыныстар. Бөлім 1. Журнал. Алматы: «Бико», 2002 ж.




  1. Статистикалық есептеме, форма 11 «Кәсіпорын негізгі қорларының қозғалысы және бар болуы» 2000-2001 ж.ж.




  1. Кәсіпорынның жылдық жиынтық табысының декларациясы, форма 100.




  1. Кәсіпорынның 2000 жылғы негізгі қорлар амортизациясының журналы.


Құрал-жабдықтар






Орнатылған

Орнатылмаған




Кәсіпорында орнатуға арналғандары



Кәсіпорын үшін артық

Нақты жұмыс жасайтындар

Жұмыс жасамайтындар

Қоймадағылар

Монтаждағылар

Жинақталған бірақ әлі эксплуатацияға берілмеген

Кіспорын үшін артық құрал-жабдықтар

Қолдануға жарамсыз құрал-жабдықтар


Жоспар бойынша жұмысқа арналғандар

Жоспар бойынша жұмыс жасамайтындар


Сызбанұсқ2. Өндірістік процесіне қатысуы бойынша құрал-жабдықтардың топталуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет