Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу»



бет8/10
Дата24.04.2016
өлшемі0.8 Mb.
#79061
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2 Маркетингтік ақпараттық жүйесін

жобалау




2.1 Мәселенің қойылымы




Жобаны тұрғызуда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану, АЖ-ны құрастырудың технологиясын дұрыс тұрғызу – құрастыру жұмысының шығыны мен мерзімін азайтып, сапалы жүйелерді тұрғызуға мүмкіндік береді.


АЖ-ны жобалау әдісі дегеніміз сәйкес жобалау жабдықтарын қолдану арқылы АЖ-ны тұрғызу тәсілі [8]. Мұндағы жобалау жабдықтарына – типтік жобалау шешімдері, Қолданбалы программалар пакеті, АЖ-ның типтік жобалары, жобалаудың құралдық жабдықтары,яғни МББЖ, амалдық жүйелер жабдығы, программа генераторы жатады.

Жобалаудың барлық әдістері, жобалау жұмыстарын автоматтандыру дәрежелеріне сәйкес: түп нұсқалы жобалау, типтік жобалау, автоматтандырылған жобалау болып топтарға бөлінеді. Түп нұсқалы жобалау АЖ-ны тұрғызудың бастапқы тарихи деңгейінде қолданылады. Бұл әдістің кемшілігі ол үлкен еңбек сіңіруді, әрі жобалау мерзімінің ұзақтығын қажет етуі және АЖ-ны жұмыс істету тұрақсыздығы, жүйенің жаңа жағдайға нашар бейімделуі болып табылады.

Типтік жобалау әдісі – АЖ-ны жобалауда оған аз шамалы өзгерістер ендіріп пайдалана беруге болатындай, тұрғызылатын жүйенің көптеген құрамды бөліктерге бөлшектенуін және олардың әрқайсысына дайын жобалау шешімін құрастыруды шамалайды.

АЖ-ны тұрғызудың жаңа бағытына автоматтандырылған жобалау жатады. Автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану, кейбір АЖ-да объектіні басқарудың ақпараттық үлгісін құрастырумен сүйемелдеуді ұсынады, сондықтан бұл әдіс үлгілік жобалау деп те аталады. Бұл әдіс АЖ -ны жобалаудың барлық сатыларында қолданылады, және оның негізгі ерекшелігі әдістің өз үлгісінің түрінің болуы, басқару үлгілерінің өңделуі, әр сатыда қолданылуы, жобалау құжаттарының құрастырылуы, еңбек шығынының аздығы, сенімділігінің жоғары деңгейлігі болып табылады. Ал кемшілігі программалық жабдықтарының қымбаттылығы.

Ақпарат жүйелерінің түрлері: АЖ-ны тұрғызу мен функционирлеудегі жинақталған тәжірибелер мен басқару объектісінің сипатына қарай өзгешелеу. Сондықтан осының барлығы жүйелердің әр түрлі топтарының пайда болуына әсер етті.

АЖ төмендегідей болып жіктеледі: басқару объектісінің сипаты, басқару объектісінің түрі, шешімдерді қабылдау кезеңдері мен байланыстың үдетілуі, басқару деңгейі, орталықтану дәрежесі.

Қазіргі уақыттағы АЖ-ның барлық түрлері ақпараттық – анықтама жүйелер секілді жұмыс істейді, яғни ол нақты объектіні басқару шешімін қабылдаумен әлсіз байланысқан.

Орталықтану деңгейіне қарай, АЖ - орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөлінеді. Сондай-ақ, АЖ-ны екі негізгі топқа бөлген тиімдірек, олар: кез келген автоматтандырылған басқарушы жүйелерге кіретін жүйелер және жеке мақсаттық тағайындалу мен қолдану саласын иемденетін жүйелер.



2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны

Есеп – бұл кіріс және шығыс нәтижелерін нақты бір формада көрсететін автоматтандырылған функцияның бір бөлігі [8].

Ақпараттық жүйедегі жүзеге асырылатын есептер кешенін маркетингтік ақпаратты жинау, өңдеу және талдау құрайды. Бұл есептер кешені төмендегі есептерден тұрады:


  • ішкі есеп беру;

  • ағымдағы ақпаратты жинау;

  • маркетингтік зерттеулер жүргізу;

  • маркетингтік ақпаратты талдау.

Есептердің өзара байланысының сызбасы 6 суретте келтірілген.




6 сурет. Есептердің өзара байланысының сызбасы

2.3 Кіріс ақпараты
Кіріс ақпараттары – ақпараттық жүйенің қызметтері орындалуы үшін пернелерден сигналдар, құжаттар түрінде келетін мәліметтер мен ақпараттар[8]. Кіріс құжаттары өз алдына алынатын файлдар негізінде жедел болып бөлінеді, ол кәсіпорынның қаржы-шаруашылық фактілерін, материалдық, еңбек, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер, сонымен қатар анықтамалық – мәліметтерді көрсетеді. Өңдеуге жіберілетін ақпарат бақылаудан өтуі керек, сондай-ақ программалық бақылау да қарастырылуы тиіс. Есеп кешенінің кіріс құжаттарына:

  • сұраулар

  • қажеттіліктер

  • ұсынылымдар

кіреді

Кіріс құжаттарының тізімі 8 кестеде көрсетілген.


8 кесте. Кіріс құжаттарының тізімі

Идентифи


катор

Аты



Ұсынылу формасы

Келіп түсу кезектілігі

Қолданушы



1

2

3

4

5

Zapros

Сұраулар

құжат

күнделікті

маркетолог

Potrebnosty

Қажеттіліктер

құжат

күнделікті

маркетолог

Predlozh

Ұсынылымдар

құжат

күнделікті

маркетолог

“Сұраулар”, “Қажеттіліктер”, “Ұсынылымдар” кіріс құжаттарының сипаттамасы төменде келтірілген (9 кестеде).


9 кесте. Массивтерді сипаттау



Атауы



Идентификатор

Сұраулар

Zapros

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


Номері

Num

9(4)

Сатып алушының аты

Z_Name

A(30)

Өнімнің аты

P_Name

9(4)

Өнім бағасы

P_Cost

9(4)

Сатып алу көлемі

O_prodazh

9(12)

Жеңілдіктер

Pr_skid

9(9)

Атауы



Идентификатор

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


Қажеттіліктер

Potrebnosty

Номері

Num

A(30)

Сатып алушының аты

Z_Name

9(12)

Өнімнің аты

P_Name

A(30)

Өнім бағасы

P_Cost

A(20)

Тапсырыс көлемі

O_prodazh

9(6)

Атауы



Идентификатор

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


Ұсынылымдар

Predlozh

Номері

Num

9(4)

Сатып алушының аты

Z_Name

A(30)

Өнімнің аты

P_Name

9(12)

Өнім бағасы

P_Cost

A(30)

Тапсырыс көлемі

O_zakaz

A(20)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет