Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу»



бет5/10
Дата24.04.2016
өлшемі0.8 Mb.
#79061
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ұйымдастырушылық – құқықтық жабдықтауға қойылатын талаптар


Автоматтандырылған АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.

АЖ-ны тұрғызу – ақпараттық кезеңдерін зерттеу, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдеуді, жүйе элементтерінің әрекетттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі де, жұмысы көп кезең.

Ұйымдастырушылық – құқықтық қамтамасыз етуінің қызмет атқаруы келесіден тұрады:


Ақпараттық жүйені құруда және оның қызмет көрсетуі үшін негізгі ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі сұрақтарды шешеді. Жүйені талдау, қызмет көрсетуінің технологиясын өңдеу. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ақпараттық жүйе қызмет атқаруы кезінде қызметкерлердің

Іс - әрекеттеріне қажетті төмендегі құжаттар жиынтығы болуы керек:



  • басқаруды ұйымдастыру құрылымы;

  • қызмет етуі бойынша нұсқаулар;

  • операторларға нұсқау;

  • қызметтердің орындалуы мен тәртібі;

Есеп кешенін шешуде қолданушының техникалық құрал – жабдықтарымен есептерді шешу үрдісі кезінде ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жеткілікті болуы шарт. Есеп кешенінің тиімді жүзеге асуы үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету келесі шарттарды қанағаттандыру керек:

  • объектіні автоматтандыруға және есептер кешенін қолдануға, іске қосуға, дайындауға жауапты тұлғаны тағайындау;

  • нақты емес ақпараттарды ұсыну, әр түрлі жіберген қателерді, уақтылы ұсынбаған ақпараттарға жауапты тұлғаны тағайындау;

  • барлық технологиялық талаптардың орындалуын қадағалау;

  • ақпаратты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жобасында қарастырылған шектеулерден шықпау;

  • есептер кешеніне қол жеткізуге білікті мамандар мен жеке қызметкерлерге ғана ұсыну.

Жобалау үрдісі кезінде ұйымдастырушылы қамтамасыз ету бойынша өңделетін қолданушыға берілетін нұсқау түсінікті, нақты орындалатын іс - әрекеттер көрсетілуі керек.

Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды. Яғни, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика – математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заман есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен оны қолданудың ұйымдастыру құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-нің фүнкционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары АЖ-ні тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде – мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді.

АЖ-ның функционалдық бөлімі – бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайтын ішкі жүйелердің немесе есептер жиынтығының және есептердің бірігуі. Функционалдық ішкі жүйе – бұл ақпараттық жүйенің қызметімен шектелген бөлімі. Басқарудың негізгі қызметтері – болжау, жоспарлау, жедел басқару, есеп, талдау, реттеу. Осы негізгі қызметтер объектінің негізгі қызметтерінің түрлерімен байланыста болады. Функционалдық бөлім құрамына өндірісті техникалық дайындау, материалдық қорларды басқару, еңбек қорларын басқару, қаржылар, бухгалтерлік есеп кіреді.

АЖ құқықтық жабдықтау – АЖ функциялау мен құрудағы құқықтық нормалар жиынтығы. АЖ өңдеу деңгейіндегі құқықтық қамтамасыздандыру жүйе өндіруші мен тұтынушы арасында келісіммен, жүйе өндірудегі үрдісті реттеумен, әртүрлі ресурстарды үрдіспен қамтамасыз етумен байланысты нормативтік актілерден тұрады. Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ әрекетін регламенттейтін, салық төлеуші реестрлерін құрудағы базаның нормативтік түсініктер, жаңа ақпараттық технология енгізуге қажетті әдістемелік құжаттар жиынтығынан тұрады.

Құқықтық қамтамасыздандыру АЖ-ні құру мен жоюды заңды көрсету үшін арналған.


Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар


Техникалық қамтамасыз ету – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.

Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады.Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.

Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-келген объектінің, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.

Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:



  • Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;

  • Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің болуы;

  • Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;

  • Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек.

Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:

  • есептеу техникасының құралдары;

  • телекоммуникация мен байланыс құралдары;

  • /ЛВС/ жабдықтау құралдары;

  • әртүрлі банк қызметін автоматтандыратын бұйымдар: автомат-кассир, сауда жүйесінің терминалдары, пластикалық карточкалар;

  • ақшамен жұмысын автоматтандыратын құралдар.

Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді. Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір параметлерде сақтау,ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар, интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.

Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және және сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек.

Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқаруда ақпарат жинау, өңдеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:


  • монитор SVGA, тышқан, стандартты 107 пернелер тақтасы;

  • процессор жиілігі 100МГЦ кем болмауы тиіс;

  • жедел сақтау 32 MBt және жоғары;

  • винчестер 600 MBt және жоғары;

  • UPS;

  • Дисплейдің экраны 800*600 нүктеден жоғары болуы тиіс;

  • Windows 9x және жоғары операционды жүйе;

  • Принтер.

Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет. Техникалық жабдықтау 6 кестеде көрсетілген.

Кесте 6. Техникалық жабдықтау





Техникалық құралдар атауы

Физикалық модуль


Сипаттамалары

ДЭЕМ Intel Pentium 4

Процессор

Зерделік сақтаушы құрылғы

МҚДЖ

Монитор


Батырмалар тақтасы

Тышқан


Intel, 2.4MHz
512Mb

120Gb


17 дюймдік

102 батырмалы

2 баспалы


Принтер

Принтер

HP LaserJet

Факс – модем

Факс – модем

Sony – 42S

Телефон

Телефон

Panasonik



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет