Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ОҚушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру


Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілері



бет6/14
Дата30.04.2024
өлшемі241 Kb.
#500173
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дип.-ОҚУШЫЛАРДЫ-САЛАУАТТЫ-ӨМІР-САЛТЫНА-ХАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАСЫ-АРҚЫЛЫ-ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1.2. Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілері.

Адам туралы ғылымның жаңа бағыттарының бірі – салауаттану, бұл “денсаулық” деген мағынаны білдіреді. Сондықтан салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны – адамның денсаулығы. Салауаттану кіріктірілген ғылым болғандықтан, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл ғылымның негізін салушы И. И. Брехман “денсаулық” ұғымына жаңаша мән берді.


Барлық ғылым сияқты салауаттанудың өзіндік даму жолы бар. Салауаттанудың даму тарихы ежелден басталады, әрі ол медицинамен тығыз байланысты. Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Жердің түкпір-түкпірінен жинақталған қолжазба, сурет, әдет-ғұрып, философиялық, діни және көптеген ғылыми мектептердің ізденуі арқылы жетті.
Салауаттану ғылымын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған клиникалық медицина, физиологтар, гигиенистер және басқа ғылым салаларының мамандары, олар салауаттанудың ғылыми тұжырымдамасын құруға өз үлесін қосты.
Қоғам дамуының барлық кезеңдеріндегі адамның аурумен күресуі емдеу амалдарын ізденумен, халықтық және ғылыми медицинаның дамуымен сипатталады. Қазіргі клиникалық медицина негізінен аурулардың себептерін айқындауға және емдеу амалдарына көбірек көңіл бөлуде. Егер медицина тек ауруларды емдеу жолдарымен ғана айналысса, салауаттанудың негізгі мақсаты – денсаулықты сақтау мен нығайту – салауаттанудың алдын алу, яғни ауруды болдырмайтын дене күйін қалыптастыру.
Сондықтан салауаттанудың негізгі міндеті – денсаулықты зерттеу, әртүрлі ауытқуларды, мүшелердің қызметі бұзылғанын ерте анықтап, салауатты өмір сүруді қалыптастыру арқылы дер кезінде аурудың алдын алу. Сонымен, салауаттану – адамның денсаулығын сақтау мен оны нығайту туралы ғылым. Кейде оны сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым деп те атайды. Бірақ бұл дұрыс емес, себебі науқастарда да денсаулығын сақтауға үйретуге тиіс.
Салауаттану термині қазір барлығына мәлім, бірақ көп адамдар әлі оның мақсаты мен міндеттерін, дамуын, ғылыми жетістіктерін біле бермейді. Алайда қазіргі уақытта салауаттанудың міндеті мен мақсатын көпшілік қауымға түсіндірудің қажеттілігі туындап отыр.
Профессор Г. К. Зайцевтің тұжырымдауы бойынша “салауаттану – бұл адамның денсаулығын салауатты өмір сүру арқылы сақтап қалу”. Салауаттану – салауатты өмір сүруді қалыптастырудың ғылыми негізі.
Салауаттану санитарлық және гигиеналық тәрбиеден тұрады, себебі ол адамды өз денсаулығын сақтауға үйретеді, әрі ол денсаулықты сақтаудың құралы.
Зерттеу барысында салауаттану ғылымында әлі де шешілмеген мәселелер бар екені айқындалды. “Баршаның денсаулығы” тақырыбындағы бүкіл әлемдік денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша денсаулықты сақтау туралы сұрақтарға жауапты тек адамдардың өмір сүретін ортасынан (отбасы, мектеп, мекеме) іздеу қажет деп түсіндіреді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының көбінің жекеменшікке өтуіне байланысты денсаулыққа жаңа көзқарас қалыптастырған жөн. Сондықтан денсаулықты сақтауға көпшілікті, әсіресе өскелең ұрпақты үйретудің жаңа жүйесін қалыптастырудың мәні үлкен. Мұндай тәсіл салауаттанудан білім беруді әдіснамалық және әдістемелік қамтудың қазіргі уақытқа сай болуын қажет етеді.
Қазіргі уақытта мектептерде вариативті оқытудың бір түрі ретінде “Салауаттану” курсы енгізіліп отыр. Бірақ көпшілік жағдайда бұл пәнді мамандығы жоқ мұғалімдер беруде. Бұдан денсаулық сақтаудың “зиян келтірме” деген негізгі қағидасы бұзылады. Сондықтан салауаттанудан тек сертификаты бар немесе биология пәнінің мұғалімдері ғана сабақ беруі керек. Сонымен бірге мектептерде байқаудан өтпеген, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте бекітілген көптеген оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға тыйым салынуы қажет.
Сауалнама жүргізудің нәтижесінде көптеген мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар “Салауаттану” пәнін таңдап алады. Олар бұл пән денсаулықты сақтауда өте қажет деп түсінеді. Бірақ қозғалу белсенділігі, тиімді тамақтану немесе психологиялық, кикілжіңді болдырмау, өзін өзі реттеу сияқты тақырыптар тек салауаттану мәселелерінің бір ғана жолы болып табылады. Ал салауаттануды дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жаңа критерийлерді, ұғымдарды, негізгі тәсілдерді айқындаудың қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ денсаулықты сақтаудың жаңа критерийлерін анықтау мұғалімдермен бірге дәрігерлер, психологтер, гигиенистер және физиологтер қатысуы қажет. Әрине, мұнда жаңа технологияларды, интербелсенді әдістерді, әсіресе тіршілікке қажетті мәселелер бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану, яғни салауаттану аспектілерін кешенді түрде шешу керек.
Салауаттануды тек шартты түрде медициналық және педагогикалық деп бөледі. Салауаттануды оқытуда педагогикалық бағыттың маңызы зор. Оқушылар өз денсаулығын сақтау және қорғау жолдарын білуі керек. Салауаттану ғылымының дамуы, сонымен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру мемлекеттік бағдар болып, ұлттың генофондын сақтап қалуға, адамгершілік, дене, психикалық және ұрпақ денсаулығын сақтап қалуға бағытталады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты сақтау және тіршілікке бейімделу арқылы қамтамасыз етеді. Мұғалім балаға қажетті түрткіні қалыптастыруға көмектеседі. Ол адамның жеке қажеттілігі және білімді меңгеруі арқылы жүзеге асады.
Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегі арқылы салауатты өмір салтының үлгісін құруға болады. Оған ата-аналар, мұғалімдер, ғылым, спорт, өнер және мәдениет қайраткерлерінің өмірінің үлгісі мысал бола алады. Өкінішке орай, қоғамда көбінесе денсаулық мәдениетінің төмендегені байқалады, оған тәрбиеге жағымсыз, рухани жағынан төмен бұқаралық-ақпарат құралдарының өнімдері әсер етеді. Осыдан мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік және жоғары оқу орындарында салауаттану сабақтарын өткізу өзекті мәселеге айналуда.
Адам денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде, оны қалыптастырудың әдістері мен жолдары туралы жеке ғылымның қажеттілігі туындап отыр. Бірақ атам заманнан белгілі болып келе жатқан салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде жиналған мәліметтердің ғылыми болжамы жасалмады, ол тек эмпирикалық сипатта болып келеді.
Салауаттанудың зерттеу нысаны денсаулық болғандықтар, денсаулыққа сипаттама берейік. Бұл ұғымсыз медицина да, салауаттану да ғылым ретінде қалыптаса алмайды. Ғалымдардың денсаулыққа берген бірнеше сипаттамалары бар. Олардың саны қазір 600-ге жетіп отыр. Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының денсаулыққа берген сипаттамасы қазіргі жағдайда ескіріп қалды, яғни оны толық аша алмайды.
Профессор А.А.Остроумовтың айтуынша “денсаулық дегеніміз бұл организм күштері мен қоршаған ортаның арасындағы тепе-теңдік күйі”. Кіші медициналық энциклопедияда денсаулыққа берген сипаттама мынадай: “денсаулық дегеніміз организмнің табиғи күй, яғни қалыпты, өзін-өзі реттей алатын, барлық мүшелер жүйесі үйлесімді қызмет атқаратын қоршаған ортамен динамикалық тепе-теңдікте болатын күй”.
Ал патофизиологтердің айтуы бойынша “денсаулық дегеніміз әртүрлі қоғамдық және еңбек әрекетіне толық қатыса алатын болмыс”.
Профессор В.П.Казначеев денсаулықты “физиологиялық, биологиялық даму, сақтану үрдісі және адамның өмір сүруіндегі әлеуметтік белсенділігі” деп таниды.
Профессор А. Г. Шедрина “Денсаулық өлшемі” тақырыбындағы әдістемесінде денсаулыққа мынадай тұжырымдама береді: “Денсаулық дегеніміз бүтін, көп бағытты динамикалық күй, ол әлеуметтік және экономикалық орта жағдайларында генетикалық потенциалды жұмсау нәтижесінде дамиды, адамның биологиялық және әлеуметтік қызметін қамтамасыз етеді”.
Сонымен, көптеген авторлардың пікірлерін тұжырымдай келе профессор В.В.Колбанов: “адамның денсаулығы дегеніміз - тіршіліктің табиғи жағдайының үздіксіз реттелуі ол организмнің өздігінен және реттелу қабілеттілігімен сипатталады. Гомеостазды қамтамасыз ету, психикалық және соматикалық мәртебені жетілдіру барысын, мүшелер мен мүшелер жүйесінің өзара үйлесімдік қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға бейімделу, биологиялық және әлеуметтік қызмет атқару үшін қосымша және компенсаторлық механизмдерді пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Осы аталған белгілердің бірінің болмауы денсаулықтың жартылай немесе толық бұзылғанын білдіреді. Денсаулықтың толық болмауы өмір сүруге қайшы келеді”, - дейді. Бұл тұжырым денсаулыққа толық сипаттама береді.
Қазіргі жағдайда адамның дамуын оның денсаулығынан тыс қарастыруға болмайды. Денсаулық сақтаудың тек диагностикаға және ауруларды емдеуге негізделуі индивидуумның денсаулығын сақтауға мүмкіндік бермейді, ол адамның өз денсаулығына селқос қарауды қалыптастырады. Ешқандай медицина адамның өз денсаулығы туралы білімін толықтыра алмайды, себебі ауырғаннан гөрі ауруды болдырмау жеңілірек.
Егер білімнің мақсаты – адамның дамуы болса, онда мектепте білім берудің негізгі бағытының бірі – оқушыларды денсаулықты сақтауға, бағалауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру әр мұғалімнің міндеті болуы қажет. Көптеген мектептерде салауаттануға арналған кабинеттер ашылып, онда көрнекілік құралдары, денсаулық жөніндегі әдебиеттер, техникалық құралдар жинақталған. Бұндай сынып кабинеттерінің болуы оқушылардың білімін арттырады.
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін аудан көлемінде әдіскерлер болуы қажет. Олар мұғалімдерге, мектептерге қажетті әдістемелік кеңес беріп, жинақталған тәжірибелерді таратып, жаңа технологиялармен таныстырады (өмірге қажетті дағдылар, оқытудың интерактивті тәсілдері, тағы басқалар).
Бұрын педагогикалық институттарда студенттер арнайы медициналық курстан өтетін. Курстан өткен соң медбике атағына ие болатын. Өкінішке орай оңғы кезде ол жойылды.
Қазіргі уақытта мектепте оқытылатын пәндер қатарына салауаттануды енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Ел Президентінің “Қазақстан – 2030” Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірінде - “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты” тармағында “азаматтарының өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаны таза ұстауға тәрбиелеу үшін” салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 30 маусымдағы №905 Қаулысының “Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы туралы”, 4.3. тарауында:
- салауаттану пәнін оқытуды базистік оқу жоспарына енгізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мақсатты бағдарламаларды мектепке дейінгі, мектептер оқу үрдісіне енгізу, жете зерттеу қажет делінген.
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы желтоқсанның 24-сіндегі республикалық жалпы білім беретін мектептерге “Салауаттану – денсаулықты сақтау” оқу бағдарламасын енгізу туралы №572 бұйрығы жарық көрді.
Осы бұйрықтардың нәтижесінде “Салауаттану” пәні мектептердің оқу жоспарларының вариативті бөлімінен орын алады. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептердің 85 пайызы салауаттану сабақтарын жүргізеді, ал орта және жоғары оқу орындарының 55-64 пайызында салауаттану сабақтары өтіледі.
1998 – 2001 жылы жүргізілген екінші ұлттық зерттеулер бойынша осы салауаттану сабақтарын өткізу нәтижесінде шылым шегу 11 – 14 жастағы балалар арасында 6 пайызға, 15 – 17 жастар арасында 10,0 пайызға, 18 – 19 жас арасында – 6 пайызға төмендеген. Сонымен бірге балалар арасында ішектің жұқпалы ауруларының, суық тию ауруларының азаюы байқалады. Сондай-ақ оқушылардың зиянды заттарға әуестігінің төмендегені, рухани денсаулығының жоғарылауы байқалады. Сондықтан, салауаттану білімі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптатырудың дағдылары мен түрткіні тудыруға көмектеседі, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, әр баланың өз денсаулығын қорғауға және кикілжіңді болдырмауға үйретеді. Салауаттану сабақтарында оқушылар өз денсаулығын бағалай білуге, денсаулық деңгейін анықтауды үйренеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісі тек кішкене топтарға таралатын қысқа науқан ғана емес, оны кең ауқымда қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру керек екенін әр мұғалім ойында сақтауы тиіс.
Салауаттану туралы білім нәтижелерін болжап, денсаулықты тез арада дамытады деген ұғым қалыптаспау керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик Н.М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды”. Профессор В.В.Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі “денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін” сөзіне негізделу керек дейді.
Жасөспірімдердің денсаулық туралы білім деңгейін көтеруде, оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайтуда, жастардың рухани мәдениетін көтеруде елеулі табыстарға қол жеткізу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруды түбірлі өзгертіп, білім беру ұйымдарының оқу жоспарына салауаттану негіздерін енгізу керек.Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілерімен сандық және сапалық көрсеткіштері.
Салауаттану - адамның денсаулығы және оны сақтау туралы ғылым. Салауаттану ғылымы денсаулықты физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қарастырғандықтан, денсаулықты сақтау және нығайту әдістері жөніндегі гигиеналық ережелерді қорытып шығарады. Салауаттану жеке тұлғалық және қоғамдық болып жіктеледі.жеке тұлғалық салауаттану – төменгі негізгі аспектілер бойынша адамның гигиеналық білімдері мен денсаулығыннығайту жөніндегі дағдылар кешенін қамтиды:
А) жеке гигиена – денені, киімді, тұратын үйін, тамақ өнімдерін, суды таза ұстаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін, жұмыс орнының жарық болуын, желдетіліп тұру режимін, мектептегі температуралық режимді, партада дұрыс отыруды қарастырады.
Б) қозғалыс белсенділігі – таңертеңгі гимнастиканы міндетті түрде өткізуді, физикалық жаттығуларды жүйелі орындауды, спорттық және қимылдық ойындармен айналыысуды, жүзуді жүгіруді тағы басқаларды ойластырады.
В) шынығу – организмді су, күн, ауа сияқты табиғи факторлармен шынықтыру шараларын, организмнің суыққа, түрлі ауруларға төзімділігін, қарсы тура алу қабілетін арттыратын әртүрлі әдістер мен тәсілдерді орындауын қарастырады.
Г) психо гигиена мен психопрофилактика – бұл психоэмоционалдық денсаулықты нығайтуға арналған шаралар кешені. Яғни эмоционалдық ширығуды жоюға көмектесетін психофизикалық жаттығулар кешенін (аутотренингтер) білуі және орындай алуы. Құрбылар арасында, үйде, отбасында және қоршаған адамдармен мейірімді қарым-қатынастар орнатып, келіспеушілікті, ашу-ызаны болдырмау.
Д) дұрыс тамақтану - денсаулық үшін тиімді тамақтану маңызды, яғни тағам калорялы және әртүрлі болуы керек. Тамақтану рационына барлқ негізгі тамақ өнімдері қамтылуы тиіс: ет (белок), өсімдік және жануар текті майлар, көмірсулар, жемістер, көкөністер, таза су. Тамақтану режимін сақтау, яғни күніне 4-5 рет белгілі сағатта тамақтану қажет. Тамақты мөлшерден артық ішпеу және тұзды, тәтті тағамдарды көп жемеу керек.
Е) жұқпалы аурулардың алдын алу – санитарлық - гигиеналық талаптар мен ережелерді сақтау. Жеке гигиена ережелерін қатаң орындау, егу жұмыстарын уақытында жүргізу. Жұқпалы ауруы бар адамдармен қарым- қатынас жасаған кезде гигиена ережелерін сақтау, ауру жануарлар мен құстарға жоламау. Жұқпалы аурулардан сақтандыратын алдын ала егу жұмыстарын уақытында жүргізу.
Қоғамдық салауаттану – адам денсаулығын қорғау мен нығайту жөніндегі дәрігерлік және әлеуметтік – экономикалық мәселелер шешімін қамтитын шаралар кіреді.
Қоғамдық салауаттанудың төмендегідей білімдері бар:
Медициналық салауаттану – отбасындағы, үйдегі мектептегі, еңбек ұжымындағы, қоғамдық орындардағы гигиена және жеке гигиена ережелерін зерттейді. Қоршаған ортадағы ауа, су, топырақ тағы басқасанитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалайды. Қоршаған ортаға уландырғыш заттардың мөлшерден тыс жіберілмеуін бақылайды. Сондай-ақ ауыз суды уландырмауды, ауру тудырғыш микроорганизмдермен ластанбауды, ауыл шаруашылық өнімдерінде пестицидтердің болмауын қадағалайды.
Экономикалық салауаттану – адамдардың материалдық қамтамасыз етілуін, олардың өмір сүру деңгейін, адамдардың еңбек етуіндегі, тіршілік етудегі, сондай-ақ денсаулығын сақтаудағы құқықтарының бұзылмауын қарастырады.
Әлеуметтік салауаттану – қоғамның әлеуметтік қолайлы болуын, білім, мәдениет, өнер, діни ұйымдардың деңгейін және олардың адамдарға әсерін зерттейді. Аам - тек биологиялық тіршілік иесі емес, сонымен бірге әлеуметтік жеке тұлға. Оның денсаулығы ол өсіп-дамитын қоршаған ортасына байланысты болады. Сондықтан қоршаған ортаны қалайқорғаса, денсаулығын қалай сақтайтыны, қорғайтыны соған байланысты болады. Ол өзінің, жақындарының және қоршаған адамдардың денсаулығын сақтауға жауапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет