Біріншіден, сабақ барысында отыру қалпын динамикалық алмастыру арқылы өткізіледі. Яғни, бала өзінің дұрыс отырған, отырмағанын, отырысын алмастырып отырады. Оны бір рет үйренген бала өзінің отырысын қадағалай алады. Ол омыртқа жотасының түзулігін сақтауға мүмкіндік береді, өйткені омыртқа адамның өмірінде өте үлкен қызмет атқарады, біздің көптеген ауруларымыз да оның дұрыс қалпының бұзылуынан туындайды. Бұл адам ағзасының энергетикасының негізі. Сондықтан да сабақ барысында баланың дұрыс отыруын қадағалау – ең басты міндет.
Екіншіден, сабақ барысында дене бұлшық ет жүйесін және көру жүйесін ширататын сергітулер өткізіледі. Оны В.Ф.Базарныйдың жүйесі арқылы көру траекторияларының жүйесін қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Мысалы, «спутник» жүйесінде төбеге ілінген түрлі-түсті «планетелерға» назар аударту (сынып бөлмесіне, төбесіне түрлі- түсті шар қолдан жасалған жұлдызшалар ілу арқылы бұл жаттығуды жасауға болады), оларды іздеп табу арқылы көз жанарын, дене бұлшық еттерңін қозғалта отырып, көз бен денені сергіту шараларын жүзеге асыруға болады. Сорл арқылы көру координациясын кеңістікте бағдарлау реакциасын дамытуға болады.
Үшіншіден сабақтағы көрнекі құралдар барынша жылжымалы болуы керек оны ұдайы қозғалту, құралдарды қадағалап отырған балалардың көз белсенділігін арттырады. Олардың жалпы белсенділігі де жоғарылайды. Мысалы, карточкаларды сынып бөлмесінен кез келген нүктесіне апара отырып, бала назарын аудартуға болады.
Төртіншіден, жазу барысында арнайы дайындалған каллиграфиялық нұсқаларды қолдануға болады. Бұл балада аса жоғары шығармашылық, эстетикалық талғамын оятады, «көз-қол» психоматорикалық жүйесін дамытады. Мысалы, балалардың жасына сай өлең, тақпақтар оқыта отырып, оны бала қалай қабылдаса графикалық бейнелеп беруін өтінуге болады. Оларға маторикалық еркіндік бере отырып, өзінің сол сәттегі әсерін қағаз бетіне бере алатын графикалық плассикасын дамытуға қол жеткіземіз. Бұл, әсіресе, төменгі сыныптарда үлкен нәтиже береді.
Бесіншіден, хор арқылы айтылатын әннің әсері өте жоғары. Түрлі әндерді сүйемелдеу арқылы орындай отырып музыканың бала психикасына әсерін эмоцианалды әсерленуді пайдаануға болады. Сонымен, бірге музыкалық гимнастиканы, яғни саз ырғағымен дене қимылдарын орындауды бейді де қолдану керек.
Алтыншыдан, сабақтағы физкултьминутқа, яғни жалпы шаршауды сейілтетін қолдарын, саусақтарын де алдыратын көру және есту қабілеттерінің дамына әсер ете алатын, қысқа ғана жаттығулар жиынтығы.
Жетіншіден, барлық оқу пәндеріне сауықтыру компоненттерін қосу. Бір ғана валеология сабағында денсаулық туралы оқыту. Бұл сабақтың сирек өткізетінін ескерсек, жеткіліксіз болатыны сөзсіз. Сондықтан да барлық пәндкр арқылы кешенді түрде баланың өз денсаулығын сақтауға үйретуден жалықпау керек. Оған неше түрлі әдістерді қолданып денсаулық тақырыбындағы материалдарды, диктаннттар, шығармаларды пайдалануға болады. Демек, оқытушы әр сабақта оқушыларға денсаулықты сақтау мен жақсарту туралы мәліметтер бере алады.
Сегізіншіден, сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүктеу. Оған төмедегі шараларды жатқызамыз::
Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.
Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды да қатыстыру керек.
Валеологиялық паспорт жүргізу. Онда баланың:
ауырып қалған күндері;
денсаулық тобымен дене шынықтыру тобы туралы мәліметтер;
дене сымбаты мен көру қабілетінің көрсеткіштері;
спорт түрлері мен айналысуы, ондағы жетістіктері мен жеңістері туралы мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс.
Оқушылар өздері денсаулық күнделігін жүргізуі тиіс. Онда денсаулық тақырыбындағы ақпараттар, кеңестер, өзіндік сауығу жоспары болуы керек.
Әр оқушыға жеке папка арналуы керек. Онда психологиялық-педагогикалық карта, психолог пен дәрігердің ұсыныстары, баланың жеке даму картасы, оқу бағдарламасын игерудің диагностикасы сияқты құжаттар қаралуы тиіс.
Түрлі мейрамдар спорт ойындарын, эстофеда конкурстар, бикториналар, сынып сағаты , әңгімелер ұйымдастыру.
Баланы еңбекке баулу.үй жұмыстарын орындауға ынталандыру. Оны ата-аналарымен ақылдаса отырып жүзеге асыруға болады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде төмендегі жетістіктерге қол жеткізуге болады:
оқушылардың оқу бағдарламасын игерудің деңгейі артады;
балалардың көру қабілеті мен дене сымбаты сақталады;
олардың жұмысқа деген қабілеті артып, мінездері жақсарады;
балаларда денсаулықты ең басты құндылық ретінде қарастыратын көзқарас қалыптасады;
бала санасында өмірсүйгіштік өзгені сыйлау сияқты жақсы қасиеттер оянады;
ең бастысы балалар адам денсаулығының қандай болмағы – оның өз қолында екендігін түсінеді.
Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігерлердің берген кеңесін ұсынамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |