Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір – денсаулық кепілі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: салауатты өмір салты жайлы оқушылырдың ой-пікірін қозғау, өміргк деген көзқарасын қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығы және дене қозғалысы жаттығуларын үнемі жасауға, денсаулықты күтіп отыруға бейімдеу, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, тірек-сызба, сұрақ-жауап, көрнекілеу,әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, үлестірмелі қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу; түгелдеу; оқушылар назарын сабаққа аудару.
I.Үй тапсырмасын сұрау.
үйге берілген тапсырманы сұраймын. (“Венн диаграмма” әдісі арқылы талдатамын).
II.Жаңа сабақ.
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: “Салауатты өмір – денсаулық кепілі” оқушыларға “Салауатты өмір салты” деген сөзге ассоциация құрғызамын
Оқушыларға жаңа тақырыпты сурет бойынша түсіндіремін.
Ауыз қуысы біздің денсаулығымызды сақтайтын жеріміздің бірі. Тісті біз таза ұстауымыз керек. Яғни, тісті күнде екі рет жуу қажет.
Тамақты өз уақытында, үш мезгіл ішуіміз керек. Сол кезде денсаулығымыз мықты болады. Тамақ ішер алдында қолымызды жууымыз керек. Тамақ адамға күш-қуат, жігер, ынта, ниет беріп тұрады.
Суға апта сайын түсу бізге пайдалы. Бойымызды таза, ұқыпты ұстау дене мүшеміздің дамуына көп көмегін тигізеді.
Ұйқыны уақытында ұйықтап, таза бөлмеде дем алуымыз қажет.
Партаға дұрыс отыру омыртқа жотамыздың жақсы дамуына көмегін тигізеді.
III. Пысықтау:
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты мақсаты дені сау болу, білімді, денсаулығы зор ұрпақ өсіру, жан-жақты білім арқылы денсаулықты сақтауға үйрету. Кез келген әрбір адам физикалық, рухани, әлеуметтік тұрғыдан денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын ұсынуы тиіс. Жат әдеттен аулақ болып, уақытты босқа өткізбей, денсаулыққа пайдалы іспен айналысу, мысалы, таза табиғатқа серуенге шығу, жүгіру, суға шомылу жене тағы басқаларды ескерген жөн.
“Ең басты дәрі-дәрмек – таза ауа, суық су, ара мен бата” деген қағиданы кім қалай түсінеді? Пікірлеріңді тыңдайық.
Ал, балалар, сендер жас кездеріңнен салауатты өмір салтының талаптарын өз бойларында қалыптастырып, әдетке айналдырсаңдар, дәрігерге аз барасыңдар, өмірдегі мақсаттарыңа еш кедергісіз жетесіңдер, білім алуға уақыттарың көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |