Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ОҚушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру



бет12/14
Дата30.04.2024
өлшемі241 Kb.
#500173
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дип.-ОҚУШЫЛАРДЫ-САЛАУАТТЫ-ӨМІР-САЛТЫНА-ХАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАСЫ-АРҚЫЛЫ-ҚАЛЫПТАСТЫРУ

IV. Қызығушылығын ояту. “Кім тапқыр” ойыны.

  1. Дөп-дөңгелек қос шыны,

Бұзылмайды достығы.
Өмір бойы екеуі,
Қол ұстасып өтеді. (Көзілдірік)

  1. Асқар тауда, қалың орман,

Кейде оны шөптей орам. (Шаш)

  1. Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең сусын қанады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады. (Сүт)

  1. Көрінбейді көзіңе,

Тіл қатпайды өзіңе.
Жығады ол күн сайын,
Балуандардың өзін де. (Ұйқы)

  1. Оң жағымда бес сарбаз

Сол жағымда бес сарбаз. (Он саусақ)
V. Сергіту сәті.
Тұрады алшақ аяғым,
Кері еді көкірек.
Еркін тыныс аламын
Санаймын:
-Бір! Екі! – деп.
Дене шынықтыру жаттығуларын көрсету.
Ән:
Солдат болам мен ертең
Тасытқан соң күшімді,
Шынығуды бітіріп,
Тазалаймын тісімді,
Жуынамын күтініп.
Оқушыламен бірге отырып жаттығу жасап, сөзжұмбақ шештіремін.
VI. “Денсаулық” сөзіне мақал-мәтел айту.
Д – Дәрі шөптен, ақыл көптен
Е – Емнің алды еңбек
Н – Негізгі байлық денсаулық
С – саулық байлық негізі
А – Ас адамның арқауы
У – У ішсең өлерсің
Л – Ластың досы шыбын
Ы – Ыдысы тазаның ырысы таза
Қ – Қотыр қолдан жұғады
VII.Шығармашылық жұмыс. Балалардан дені сау адам қандай болу керек екенін сұрап, толықтыру. Дені сау адам ол қандай адам?
Дені сау адам:

  • шыныққан

  • еңбекқор

  • білімді

  • көңілді

  • қоғамға пайдасын тигізеді

  • белсенді

  • кез келген мәселені шеше алады

  • елімізді көркейтеді

  • денсаулығы мықты.

VIII. Сөзжұмбақ.
Сұрақтары:

  1. Адамның басты байлығы не?

  2. Дені сау адамның көңілі қандай болады?

  3. Біз салауатты өмірдің несін сақтауымыз керек?

  4. Деніміз сау болуы үшін не ішуіміз керек?

  5. Сау денеде салауатты не болады?

  6. Асқар тауда қалың орман,

Кейде оны шөпей орам.

  1. Жаны саудың несі сау?

IX. Қорытынды.
Оқушыларды үш топқа бөліп “Егер де мен ” ойынын ойнатамыз. Ойын шарты бойынша 1-ші топтағылар мұғалімдер, 2-ші топтағылар спортшылар, 3-топтағылар дәрігерлер болып, “Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” тақырыбы бойынша өз ойларын жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет