Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ОҚушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру



бет13/14
Дата30.04.2024
өлшемі241 Kb.
#500173
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Дип.-ОҚУШЫЛАРДЫ-САЛАУАТТЫ-ӨМІР-САЛТЫНА-ХАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАСЫ-АРҚЫЛЫ-ҚАЛЫПТАСТЫРУ

X. Үйге тапсырма: “Салауатты өмір сүрейік” тақырыбына эссе жазу.
ҚОРЫТЫНДЫ
Денсаулықтың қай анықтамасы болсын оны адам организмінің бейімделуі, қарсыласуы, күресуі, өз мүмкіндіктерін кеңейтуі деген тұжырымға негізделген. Бірақ денсаулықты организмнің атқаратын қызметтерін ескермей пайымдау мүмкін емес екені де күмәнсіз. Адам – тірі жүйе,оның негізін физикалық пен рухан, табиғи мен әлеуметтік, тұқымқуалай берілген және жүре қалыптасқан бастамалар құрады. Денсаулық тіршілік барысында жастық ерекшеліктеріне, организмнің қоршаған ортамен арақатынасына, әлеуметтік әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Денсаулық организмнің өзгермелі сыртқы және ішкі ортаға бейімделуін, ағза жүйелерінің қызметтік қорларын, генеративтік, танып білу және әлеуметтік қызметтерді сақтап кеңейтуге бағытталады. Мұндай сау адамға тән қызметтерді іске асыруға көптеген сыртқы және ішкі факторлар, соның ішінде әлеуметтік-мәдени-саяси жүйе, жеке бастың өмір салты, денсаулық потенциалы, бейімділіктері мен қабілеттері, қоршаған орта. Демек, денсаулық әдістемесі адам ағзасын сыртқы ортамен тығыз байланысты біртұтас жүйе ретінде қарайтын жүйелі тәсілге негізделген кешенді, тұтас, көп өлшемді болуы керек.
Осы негіздерге сүйене отырып жүргізген зерттеу жұмыстарымыздың негізгі бағыты денсаулық деңгейінің қаншалықты дәрежеде екеніне көз жеткізу.
Демек, салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы жылдан-жылға толықтырыла түсетін болса дені сау, жаны сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндігіміз артатынана толық сенім білдіреміз.
Үшінші күйді дер кезінде анықтап, ағзаның не оның белгілі бір мүшесімен жүйесінің әлсіреген қызметтік қорларын толықтыру, сол арқылы денсаулық потенциалын арттыру. Бұл мәселе ағзаның әр жүйесіне тән өзіндік физиологиялық қорларын арттыру немесе компенсаторлық механизмдерді жұмылдыру. Яғни ағза жүйелерінің қорлары, денсаулық қорын түзеді. Денсаулық қоры неғұрлым жоғары болса, соғұрлым денсаулық саны көп, ал ауру қаупі керісінше төмен. Біздің зерттеу жұмысымыздағы адам ағзасындағы физиологиялық қорды бағалау принципі жүрек ырғағын реттеу қызметінің қаншалықты орталықтандырылғанын ескеруге негізделген.
Валеологияда қолданылатын пайымдаушылық әдістемесінде денсаулық ағазаның сыртқы орта әсерлеріне бейімделудің физиологиялық механизміндеріне, оның өзінше ұйымдастыру, даму және сақтана білу қабілеттеріне негізделген. Валеологияда ағза жүйелерінің қорларын, олардың генетикалық, физиологиялық, психологиялық, генеративтік қызметтерін тұрақты деңгейде сақтау және іс жүзінде асыру механизмдерін толтыру қорларын зерттейді.
Жоғарыдағы зерттеу жұмысымызды қортындысын бағалай келіп төмендегідей оймен түйіндедік – ол, жас ұрпақтың толыққанды денсаулығын қалыптастыру. Денсаулықты қалыптастыра отырып сақтау, нығайтудың, аурудан сақтанудың бірден – бір жолы – салауатты өмір салты, денсаулық мәнін әр адамның саналы түрде түсініп, сауықтыру процесіне белсене қатысуы. Демек, валеологиялық бейімділігі бар адамды тәрбиелеп қалыптастыру – “Қазақстан - 2030” ұлттық сауықтыру бағдарламасын іске асырудың басты бір шарты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.
Қорыта айтқанда, бастауыш сыныптағы бала жақсы балалардың бүкіл мүшелерінің қалыптасып дамуындағы ең қарқынды кезең. Дәл осы кезде гигиеналық дағдыларды үйретіп отырып, оның аңыздылығын түсініп, үйреншікті дағдыға айналдыра алсақ, өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыраалсақ, пәнді оқытудағы мақсатқа жеттік деп айтуымызға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет