Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Сыртқы экономикалық байланыстың аймақтық саясаты»



бет3/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#180436
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
- жоғары білікті қызметкерлердің болуы;

  • ресурстық базаның импортқа аз бағыныштығы немесе бағынышсыздығы;

  • экспортқа арналған машина жасау, химия, тамақ салаларының бағыттары және олардың дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттігі;

  • ИСО 9000 сериялы сапа менеджменттің халықаралық жүйесін енгізу;

  • диверсификация мен құрылымдық қайта құруға жоғары әлеуетті қабілет.

Құрылымдық саясаттың негізі:

  • металлургиядағы, машина жасаудағы, химия және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудегі әлеуетті зерттеулерді қаржылай қолдау және салықтық ынталандыру;

  • осы салалардың, сонымен қатар жаңашыл технологияларды, материалдар мен машиналарды әзірлеу және енгізу негізінде энергетика, кен өндіру өнеркәсібін ғылымға негізделгендігін жеделдетіп көтеру.

Және де таңдау көмегі тоқыма, аяқ киім салаларына және құрылыс индустрия кәсіпорындарына көрсетіледі.[6,21]

Облыс экономикасының басымды саласы - кен өндіру және металлургия салаларын табысты дамыту жоспарланған кезеңде өнеркәсіптің басқа салаларын дамыту үшін негіз болып табылады. Қарағайлы п. жылына 1,5 млн. тонна өнімділікті байыту фабрикасын сауықтыруға және жылына 0,5 млн. тонна қуатты «Абыз» алтын-полиметаллды рудник салуға «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ 2,1 млрд. теңге жібереді. 2005 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ БКМК шығаратын зиян газдарды, әсіресе бірінші кезектегі күкірт диоксидін бейтараптандыратын экология цехының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар 2004 жылы жаңа ПВ-2 пештің (Ванюков пеші) сынауы және іске қосуы көзделуде. Лондондағы металл биржасында тазартылған мысты тіркеу жоспарлануда.

Жылына 4 млн. тонна өнімділікті «Жаман Айбат» мыс өндіретін кен орнының және 180 км Жезқазған қаласына дейін жүретін темір жолының құрылысы басталған.

«Балқаштүстімет» БКМК ӨК салқындату, зиян газдарды тазарту және абсорбциялау бөлімінің құрылысы жалғастырылуда. Белгіленген бағдарлама бойынша 2005 жылы объектіні іске қосуы жоспарланған.

2005 жылы «Арселор Миттал»ААҚ болатты үздіксіз құятын қондырғының жұмысы басталады, бұл кәсіпорынға шығаратын болаттың номенклатурасын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді, өндірістің көлемі жылына 5,2 млн. тонны құрайтын болады. Осы жобаны іске асыру 2-і технологиялық кезегін алу (слябинг жасау және құрам дайындау) есебінен өнімнің өздік құнын едәуір азайтуға, сонымен қатар дайын илектің техникалық сипаттамасын жақсартуға мүмкіндік береді. 2004 жылдың қазан айында бірінші машинаны (І кезекте УНРС), екінші машинаны 2005 жылы іске қосу жоспарлануда. 2006 жылға қарсы өнеркәсіп өнімі 412,1 млрд. теңгеге өндіріледі, 2007жылмен салыстырғанда өсімі 113,2% құрайды.

Франция және Ресей компанияларымен бірлесіп жылына 3,0 мың тонна қуатты «Aliant Paint» ЖШС сыр-бояу материалдар шығаратын зауыт іске қосылған. Өндіріс түрлі сипатты және қасиетті бояулар шығаратын еуропалық модульді технологиямен қамтылған.

Қарағанды қаласында дәрі-дәрмек, оның ішінде дүниежүзіндегі ұқсасы жоқ ісікке қарсы қолданатын шөпдәрі «Арглабин» шығаратын фармацевтикалық зауыты салынып жатыр.

Химия саласының, машина жасау, тамақ өндірісінің үлесі ұлғаяды. Осыған орай жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі «Арселор Миттал» ААҚ және «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ үлесі 2007 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 74,9%-ға, 2015 жылы 65%-ға дейін азаяды.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласындағы жұмыс мынаған бағытталады:


  • өнімнің тауарлық түрін орауды жақсарту;

  • барлық сала кәсіпорындарында ИСО9000 сериялы сапа менеджментін енгізу;

  • өңдеу үшін шикізат сапасын жақсарту және көлемдерін тұрақтандыру үшін өнеркәсіп мал шаруашылығын дамыту;

  • өнім түрлерін көбейту және оның қосымша құнын көтеру үшін бидай және басқа ауыл шаруашылық дақылдарды күрделі өңдеу бойынша үздік инновациялық технологиялар игеру.[6,25]

2004-2006 жылдары облыста дамыту институттармен бірлесіп басымды жоғары технологиялық және инновациялық өндіріс іске қосылды.

Мемлекеттік дамыту институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар:

1.Еден жабу өндірісі ( «Құрылыскомплект-А» ҚФ ЖШС) – жоба «Акцент», «Винфлекс НБ» типті еден жабу коммерциялық ПВХ өндірісін ұйымдастыруға, жылына 14 млн. м2 қуатты инеалғыр талшықты еден ПВХ жабуларға бағытталған. Жоба құны 480,5 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 3 жыл;

2.Жылу күш қондырғыларға экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыш сериясын құру («Темір мен мыс» ЖШС) - жоба ыстық сумен жабдықтайтын ауаны, су және ауа жылуын салқындату үшін жергілікті желдетпе жүйесінде қолданатын жылу күш қондырғыларға экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыш тәжірибелі -өндірістік сериясын құруға бағытталған. Жобаның құны – 7,7 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 1 жыл;

3.Бейнеграмметрикалық жол өлшеу жүйесі («Тұлпар» ЖШС) – жоба деректерді лазерлік көмескі жарығы және компьютермен ө өңдей отырып, темір жол сипатын анықтайтын көрінісін өзгерту үшін жабдықтарды өндіруге бағытталған. Жобаның құны – 650,0 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 2 жыл;

4. Фармацевтика зауытын салу (Фитохимия институты) - жоба жылына 2 млн. ампула және 2 млн. сауыт көлемінде ісікке қарсы қолданатын «Арглабин» дәрі өндірісіне бағытталған. Бұл теңдессіз, дүние жүзінде ұқсасы жоқ дәрі. «Арглабин» Қазақстан Республикасында ісікке қарсы құрал болып тіркеліп, «Негізгі өмірге қажетті дәрі-дәрмектер және ҚР дезинфекция құралдарының тізіміне» қосылған;

5. Болатты құбырлардың өндірісі («Темір мен мыс» ЖШС) – жоба 4-шектегі өнімнің - халықаралық API-5L стандарты бойынша диаметрі 102-426 мм мұнайгаз сортаментінің болатты тік тігісті құбырлар өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2 жыл, зауыттың жобалық қуаты жылына 120 мың тонна дейін орнатылуы мүмкін. Құбырларды өндірген жағдайда «Арселор Миттал»ААҚ болатты илегін пайдалану жоспарлануда;

6. Кірпіш зауытын салу («Уралдомнаремонт» ААҚ) – жоба жылына 20,0 млн. дана көлемінде үздік француз технологиясы бойынша қайта құрылған кірпіш өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Жоба құны 792,0 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 5 жыл;

7.Асинхронды электрқозғалтқыш өндіру («Қарағанды электротехникалық жабдықтар зауыты» ЖАҚ) – жоба жылына 8,0 мың дана мөлшерінде 20-120 кВт қуатты асинхронды электр қозғалтқыш өндіруді ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстанда аталған өнім шығарылмайды. Жобаның құны 120,0 млн. теңгені құрайды, іске асыру мерзімі – 3 жыл.Бұдан басқа жыл сайын экономиканың нақты секторын дамыту бағдарламасына сәйкес жұмыс істейтін және жаңадан құрылатын өнеркәсіптің тамақ, жеңіл, химия, металлургия және басқа салалар кәсіпорындарында жаңа өндірістер ашылатын болады.[7,13]

Бірнеше инвестициялық және инновациялық жоба аймақтық деңгейде жүзеге асырылды:

1. Электр энергияны есепке алатын құралдар өндіру («АИМ ЛТД» ЖШС) – жоба «Темір 1» электр энергияны есепке алатын құралдар шығаруға бағытталған. Жоба құны – 21,9 млн.теңге, іске асыру мерзімі – 2 жыл;

2. Ақтас және Ақшоқы -3 кендерінің кварц желін терең байыту зауытын салу («Қаратас-Абад» ЖШС) – жоба жартылау өткізгіш, жарық- техникалық, оптика- талшық және кремний өнімдеріне арналған аса таза кварц шығаруға арналған. Жобаның құны – 900,0 млн. теңге, іске асыру мерзімі – 3 жыл;

3. Лифт өндірісін ұйымдастыру («Қарағанды лифт жасау зауыты» ЖШС) - жоба бұрайтпа технологиясы бойынша лифт жинауды ұйымдастыруға бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2004 жыл. Болжамдаған өндіріс көлемі – жылына 360-тан 600 бірлік өнімге дейін;

4.Құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіп кешені («Караганданедруд» АҚ)- жоба француз технологиясы бойынша керамика кірпіш және жабынқыш өндірісіне, швед технологиясы бойынша құм-тасты қоспалар өндіруге және өңдеуге бағытталған. Іске асыру мерзімі – 2 жыл. Жоспарлаған көлемі – 30 млн. дана кірпіш;

5. Өзге жолдарымен атомды су тегін алу аэроионды технологияны игеру («Абсолют-Қазақстан Компаниясы» ААҚ) – жоба ауа тазарту технологиясын аэроионды сынау және енгізуге бағытталған. Іске асыру мерзімі – 1 жыл;

6.Ұсақтайтын өзектер өндірісі («Қазақмыс Корпарациясы» АҚ «Қарағанды құю – машина жасау зауыты» ААҚ) – жоба жылына 8,4 мың тонна диаметрі 100-120 мм ұсақтайтын өзектер өндірісін ұйымдастыруға бағытталған. Бұл Қазақстандағы жалғыз өндіріс, бұйым бағалары импорт бұйымдарға қарағанда 2 есе төмен. Жүзеге асыру мерзімі – 2004 жыл;

7. Жабынқыш және кірпіш өндірісін ұйымдастыру («Осакаров кірпіш зауыты» ЖШС) – жоба кірпіш зауытын салуға бағытталған, 10,0 млн. дана жабынқыш және кірпіш шығару;

8. Жаңа кен орындарын дайындау: («Қазақмыс корпорациясы» АҚ) Абыз, Жаман-Айбат, («Нұрдәулет» ЖШС) Көкзабой, («Казвольврам корпорациясы» ЖШС) Қараоба

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде облыста 5 кластер құрылады. [7,18]

Кәсіпорындар басшыларына, облыстың қалалар мен аудандар әкімдеріне, ғылыми ұйымдар мен институттарға ұсынған инвестициялық және инновациялық жобалар базасы құрылған.

Экономика салаларын дайындау шегінде Дүнижүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіру үшін аймақтық деңгейде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:


  1. Облыс кәсіпорындарында сапа жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс;

  2. Аймақтық бизнес, ассоциациялар, бірлестіктер, Сауда Өндірістік Палатасы өкілдерінің қатысуымен Казақстанның ДСҰ-ға кіру мәселесі жөнінде семинарлар, конференциялар, «дөңгелек стөлдер» ұйымдастыру;

  3. «Қарағандылық сапа» тауар өндірушілер арасында аймақтық конкурс өткізу. [7,19]

Инновациялық саясат дүниежүзілік деңгейдегі технологиялық әзірлемелерді белгілі салалар мен өндірістерде жеделдеткен өнеркәсіптік игеруге бағытталады.

Металлургиялық комплексінің бағдары металл өнімдерінің сапасын көтеру, номенклатураларды кеңейту және кластерлер құру болып табылады.

Металлургиялық өнеркәсібінің жоғарғы нәтижелеріне бар қуаттарды барынша пайдалану, тұрып қалуды қысқарту, жаңа техника мен технологиялар енгізу арқылы жеткен.

«Арселор Миттал»ААҚ 2002-2004 жылдары болатты үздіксіз құю жаңа технологиясын енгізуге 300 млн.АҚШ доллар жұмсады. 2005 жылдан бастап диаметірі 400-1200 мм болатты құбырлар өндіретін зауыт салынды.Өндіріс көлемін өсіру мақсатында машина жасайтын кәсіпорындар өнімнің жаңа түрлерін игеруде жұмыс істейді, өндіріске қайта жаңартуын және қайта пішіндеуін жүзеге асырады.

Химия өнеркәсібіндегі технологиялық бағдар синтетикалық және композициялық материалдар, оның ішінде жаңа буындар өндірісі, ресурс сақтайтын шағын тоннажды химия өндірісі болып табылады.



    1. Облыстың сыртқы сауда айналымы және салалар бойынша сыртқы

экономикалық қызметі

Еліміздің қазіргі кезіндегі дамуы қоғамдық өмірдің бүкіл сферасындағы сапалы өндірістермен және динамизмділігімен ерекшеленеді. Радикализация, жаңару және демократизация процесі барлық саяси, экономикалық және әлеуметтік сфераларды түртіп өтті.

Қазіргі кезде шаруашылықты басқарудың әкімшілік – командалық жүйесінен кетіп, біртіндеп қатаң орталықтандырылған жоспарлаудан және шаруашылық қызметтің көп түрлеріндегі монополиядан кетіп, бірте-бірте экономикалық қатынастардағы икемділік пен бар ресурстарды дұрыс қолдануға үйреніп келеміз.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты нарықтық қатынастарды дамыту бағытында көптеген заңдар мен қаулылар қабылданған. Сонымен қатар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін реттеп, ынталандырып отыратын, оның ішінде сыртқы экономикалық сферада да, көптеген заңдар мен қаулылар қабылданған.

Бұл жағдайда елдер арасындағы халықаралық экономикалық қатынастар мен Қазақстанның әлемдік шаруашылыққа тартылуының ролі өседі. Қазіргі уақытта өзіңнің ұлттық экономикаңды табысты дамыту үшін басқа елдермен саяси және экономикалық сферада өз байланыстарың болу керек. Халықаралық саудада, капитал қозғалысында және еңбек ресурстарында, сонымен қатар, халықаралық валюта-қаржылық қатынастарға белсене қатыса отырып, Қазақстан өз әлеуетін толық жүзеге асырып, өз экономикасын жоғарғы деңгейге көтере алады.

Қазақстан өзінің тәуелсіз сыртқы экономикалық саясатын 1991 жылдан бастап жүргізуде. Қазіргі таңда біз әлемнің көптеген мемлекеттерімен экономикалық байланыстамыз. Біздің кәсіпорындармен шығарылатын өнімдер әлемнің көп бөліктеріне экспортталады. Ал, бұл мемлекетке экономикаға валюталық әсер етуге мүмкіндік береді. Және де Қазақстан Республикасының шетел инвестицияларын белсенді түрде тартып, көптеген халықаралық валюта - қаржылық институттармен белсенді жұмыс істейді. Осылайша, халықаралық капитал қозғалысына тартылады.

Қазіргі кезде әлемде халықаралық еңбек бөлінісіне қатыспайтын мемлекет жоқ. Оның ішінен ҚР-да ерекшеленбейді. Оның орны мен ролі өндірістің дамуымен таиғи, сатып алынған артықшылықтармен анықталады. Қазіргі таңда Қазақстан минералды шикізат өндіруге маманданған. Мұндай жағдайда техника – экономикалық көрсеткіштермен байланысты маңызды артықшылықтарымыз бар. Осының негізінде біздің сыртқы саудамыз құрылады: шикізат экспорты, дайын өнім импорты. Бірақта егер ҚР-сы экспорт әлеуетін әрі қарай дамытқысы келсе, онда ол тек дайын өнім өндірісінің деңгейін ғана жоғарлатып қоймай, сыртқы сауда операцияларын дұрыс ұйымдастыруы керек.

Қазақстанның әлемдік нарықтық кеңістікте еркін экономикалық жүзуіне өзіндік компастың және әлемдік еңбек бөлінісінде өз орнын табатын және әлемдік нарық мұхитында болашақта дұрыс бағыт табатын сауатты капитал керек. Ол үшін біз өндірістік өнеркәсіптің қай саласында басымдылық орын алатынымыз, қай салада біз монополист болатынымыз, қай салада біз өзімізді дайын өніммен қанағаттандыруымыз керек, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қай салада өз өндірісімізді дамытуымыз керек және қай салада бірлескен мемлекетаралық кәсіпорынды құруымыз қажет екенін анықтап алуымыз керек.

Бұл және басқа сұрақтарға республиканың экономикалық әлеуетін, өндірістік өнеркәсіп құрылымын зерттеп және халықаралық еңбек бөлінісінің даму факторларының тарапынан әлемдік еңбек бөлінісіне Қазақстанның қатысуына сипат бере отырып жауап бере аламыз.

Қазақстанның экономикалық жағдайы оның байлығымен анықталады, берілген кезеңде ол Қазақстан әлемдік нарыққа шығып, басқа өндірушілермен бәсекеге түсе алатын табиғи ресурстар болып таблады. Атап өтетін жайт, қазіргі заманда ғылыми – техникалық әлеует үлкен роль алатын кезде, экономикалық әлеуеттің ажырамас бөлігі, күшті экспорттық әлеует құруда әртүрлі дамыған ресурстар, әсіресе инфрақұлырым, жоғары маманданған кадрлар және білім ресурстары маңызды роль атқарады.

Экспорттық әлеует дегеніміз – ұлттық экономиканың әлемдік нарыққа бәсекеқабілетті өнім шығаруы және экспорттық мамандану саласында динамикалық ауысуды жүзеге асыру болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, елдің даму факторларының маңыздысы – ол экспорттық әлеуетті ұлғайтуға бағыт, ал оның тұрақтылығы мен тиімділігі экспорттық стратегия жолымен жүзеге асады.

Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі жағдайында кез келген елдің әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңыздылығын қайта бағалау қиын. Ол әлем елдерінің экономикалық даму және қоғамдық құрылыс сипатынан тәуелсіз олардың төлем, есеп айырысу, ғылыми – техникалық, сауда экономикалық, өндірістік байланыстарының объективтік негізі болып табылады.

Халықаралық еңбек бөлінісін экономикалық категория ретінде өзінің ішкі құрылымы мен сәйкесінше өзінің даму әдістері бар. Халықаралық еңбек бөлінісінің бөлінбейтін бөліктері болып өндірісті халықаралық мамандану және халықаралық өндірісті кооперациялау табылады.

Халықаралық кооперациялау мен халықаралық мамандану халықаралық еңбек бөлінісінің жай формалары ғана болып табылмай, сонымен қатар, оның мәнін ашатын элементтері болып табылады.

Қазақстанның өндірісінің салалық құрылымы да маңызды өзгерген. Қазіргі уақытта өндірістік өнеркәсіптің 46,9 %-өңдеуші өнеркәсіп, 44,3 %-ы кен өндіру өнеркәсібі және 8,8 %-ы өндіріс пен электроэнергия, газ, суды бөлуден тұрады.

Осылайша, географиялық фактор тарапынан халықаралық еңбек бөлінісі қатысады.

Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу сипатына әсер ететін республикамыздағы өтіп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта құруларды ескеріп өту керек.

Бірақта, экономикалық әлует шикізатбайлығы мен интелектуалды ресурстарға қарамастан Қазақстан алдыңғы біраз жылда сыртқы нарыққа тек шикізат өнімімен шығады.

Отандық өндірістің экспорттық бағыттық деңгейін сараптай отырып, машина жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібін есептемегенде барлық өнеркәсіп экспортқа айналдырылған деп толық негізбен айтуға болады.

Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы 2008 жылы 6400,0 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 5350,0 млн. АҚШ долл. импорт – 1050,0 млн. АҚШ долл., оң сальдосы – 4300 млн. АҚШ долларды құрады. 2007 жылғы облыстың сыртқы сауда айналымы 5452,2 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде экспорт – 4223,8 млн. АҚШ долл. импорт – 1228, 3 млн. АҚШ дол., оңтайлы сальдо – 2995, 5 млн. АҚШ долл.

2007 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2006 жылмен салыстырғанда , 30,5 пайызға, экспорт – 41,9 пайызға, импорт – 2,3 пайызға артты. 2002 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2001 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға, экспорт – 6,4%-ға, облыс импорты - 5,3 %-ға өскен. (Кесте 5)

Кесте 5 -2001-2008 жылдардағы облыстың сыртқы сауда айналымы

(млн.АҚШ долл)



 

2001 жыл

өткен жылға %-бен

2002 жыл

өткен жылға %-бен

2006

жылға есеп беру



өткен

жылға %


2007 жылға

есеп беру



өткен жылға %

2008

жылға бағалау



өткен

жылға %


ССА

1963,8

101,7


2034,6

103.6


4176,4

110,0

5452,2

130,5

6400,0

117,3


Экспорт

1491,3

96,4

1587,1

106.4

2975,7

108,0

4223,8

141,9

5350,0

126,6

Импорт

472,5

124,5

447,5

94.7

1200,0

115,2

1228,3

102,3

1050,0

85,4

Сальдо

1018,8

97,7

1139,6

100.9

1775,7

102,2

2995,5

110,1

4300

100,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет