Қара металл илегін әкеліп жеткізуді - 30,7%-ға, өңделген немесе жартылай өңделген күмісті - 10,4%-ға, кен және мырыш қойыртпаларды - 2,3%-ға, бидай мен меслинаны - 68,2%-ға арттыру есебінен экспорттың өсуі пайда болды.
Машина және құрал жабдықтарын әкеліп жеткізуді - 4,5%-ға, жиһазды- 2,9%,-ға, шинаны-10,1%-ға, қара металлдан жасалған құбыр бұйымдарын – 29,3%-ға, қантты - 52,6%-ға азайту есебінен импорттың төмендеуі пайда болды.
2008 жылдың сыртқы айналымын талдау сыртқы сауда құрылымдағы оң өзгерісті көрсетеді: экспортқа жіберу көлемі 22,0%-ға, импорттық кіріс – 8,4%-ға өскен, сыртқы сауда сальдосы оң болып, 1589,0 млн. АҚШ долларды құрайды.
Сыртқы сауда айналым көлеміндегі алыс шет елдердің үлесі 2008 жылы 73,2%-ды құраған, бұл өткен жылға қарағанда 10,7%-ға артық. Алыс шет елдердің негізгі серіктестері:
Тауар айналымының жалпы көлемінен Қытай – 37,7%, Италия – 6,7%, Германия – 5,1%, Иран – 8,3%, Солтүстік Корея – 1,9%, Вьетнам – 1,7%.
ТМД елдерінің сыртқы сауда айналымы 40,1%-ға ұлғайған. ТМД елдері бойынша негізгі серіктесі: тауар айналымының жалпы көлемінен Ресей Федерациясы – 20,3% , Украина – 2,9%, Өзбекістан – 1,5%.(6 –кесте)
Экспорт бойынша 2005 жылдан 2007 жылға дейінгі мерзімнің деректерін талдау экспортқа жіберетін тауарлардың негізгі түрлері болып қалуға қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
-
«Арселор Миттал» ААҚ 2005-2007 жылдары дүниежүзілік рынокта қара металл бағасы өсуіне байланысты қара металл илегінің экспортын 1,2-4%-ға өсіреді
-
Тазартылған мыс және қорытпалар – экспорттың жыл сайынғы көлемі 524,5 млн. долл. құрайды
-
Тасты көмір және лигнит – 2005 жылы экспорт 58,2 млн. АҚШ долл. құрайды, 2006-2007 жж. жыл сайын 58,5 млн. АҚШ долл. Негізгі экспортқа жіберетін кәсіпорындар - «Арселор Миттал» КД ААҚ, «Шұбаркөл көмір» ААҚ, «МУГОТЕКС» ЖАҚ болып табылады.
-
Мырышты руда және концентрат - 2001 жылы бірлескен қазақстандық-швейцарлық «NOVA ЦИНК» ЖШС кәсіпорны ауыр байыту жүзгін цехын іске қосуына байланысты жаңа машина, құрал сатып алды, 2002 жылы мырыш руда экспорты 18,2%-ға өсіп, 12,06 млн. АҚШ долл., 2007 жылы – жылына 15,6 млн. АҚШ долл. құраған. «Қазақмыс Корпорациясы» 2007 жылдың деңгейінде қалуды жоспарлайды.
-
Өңделмеген мырыш - 2007 жылға дейін осы тауар экспортқа мүлде шығарылмаған. «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ мырыш зауытын іске қосуына байланысты мырыш экспорты 2005-2007 жылдары жыл сайын 59,5 млн. АҚШ долл. құрады.
Қарағанды экспортындағы шикізат тауарлар әлі де құрастырушы негіз болып қалуы анық. Алайда облыс үшін шикізат өңдеу дәрежесінің тереңдеуі және осының негізінде экспорттағы үлесінің одан әрі ұлғаюы әбден анық.
Бұдан басқа өз ауыл шаруашылығын және жеңіл өнеркәсібін қалпына келтіру бойынша қарағандылық импорттағы тұтынушы тауарлар үлесі азайып, машина және жабдықтар - инвестициялық тауарлар үлесі өседі.
2002 жылы ҚР-ң сыртқы сауда айналымы 8 %-ке 15077,1 млн. АҚШ долларынан 16199,6 млн. АҚШ долларын яғни, экспорт 2 %-ға 6445,6 млн. АҚШ долларын құрады. Бірақта мұндай өсу ТМД-дан тыс елдермен тауар айналымның өсуімен яғни, экспорт 5994,3 млн. АҚШ долларынан 25 %, импорт бойынша 3136,1 млн. АҚШ долларына 10 %-ке өскен.
ҚР-ның экспортты-импорттық операцияларының тауарлы және географиялық құрылымын қарастыра отырып, алдыңғы біраз жылда сыртқы нарыққа тек көбінесе шикізат өнімімен шыға аламыз.
Бірақта қазіргі уақыттағы бай табиғи ресурстардың бар болуы бізге өркениетті мемлекет деп аталуымызға құқық бермейді, ол үшін тек соңғы маркалы технологиялармен қамтамасыз етілген өңдеу өнеркәсібін дамытуымыз керек.
Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатын өткізудің құралы болып сауда келісімдері арқылы іске асатын келісімдік тәжірибе, шетел мемлекеттерімен келісім шарттар және сыртқы сауданы реттей, яғни, оған келесі формалар жатады: кедендік тариф, сыртқы сауданы контингенттеу және лицензиялау жүйесі, валюталық реттеу. Олар бізге тауар айырбас және басқа да өзара мемлекет аралық қарым-қатынастар үшін қажетті заңдық негізді құрауды.
Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандырумен Үкімет отандық өндірушілердің қызығушылығын ұмытпай, олардың тауарларының әлемдік нарықта бәсеке қабілеттілігін арттыруға және олардың нарықтық орта талаптарына бейімделуіне көмек көрсетуі түсіндіріледі. Республика нарығында шетел тауарларының болуымен отандық өндіріске қолдампаздық пен тиімді бәсекелестік ортаны құру қажет.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан 475-тен астам шарттарға қол қойған. Оның ішінде ТМД және Балтия елдерімен 242, Еуропа елдерімен 67, Америкамен 41, Азиямен 72, Африкамен 11 келісім шарт.[8,32]
Осылайша, Қазақстанның тәуелсіздігін алған жылдардан бері келесі елдер: Қытай, Ауғаныстан, Сирия, Араб Республикасымен, Иран, Сауд Аравиясы, АҚШ, ЕО елдерімен және де басқа елдермен көпжақты, екі жақты келісім мен шарттарға отырған.
Бұл құжаттардың негізгі мазмұны елдер арасында өзара қатынастар мен достық қатынастардың дамуына мүмкіндік жасайтын әлемдік ғаламдандыру жағдайында өте қажет болатын, ұлттық экономиканың өсуіне әкелетін сауда-экономикалық, ғылыми – техникалық, инвестициялық және мәдениет саласындағы серіктестік болып табылады.
ҚР-дағы сыртқы сауданы реттеуге келетін болсақ, тәуелсіздік жылдарында сыртқы экономикалық қызметті реттейтін көптеген жаң актілері шығарылған. Негізгілері мыналар: ҚР-ның Кедендік Кодексі, 1996ж. 24-ші желтоқсан №54-1 ҚР-ның “ Валюталық реттеу туралы” заңы, 2001 жыл 5-ші қыркүйектен №343 ҚР-ның “Экспорт – Импортты валюталық бақылауды ұйымдастыру туралы” нұсқауы.
Бір жағынан ырықтандыру, екінші жағынан, мемлекет тарапынан тиімді бақылау, тәжітибеде мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуге, экспортты жандандыруға, ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2007 жылдың сыртқы сауда айналымының аймақтық құрылымы келесі түрде берілген:
Алыс шетел елдерінің сыртқы сауда айналымының көлеміндегі үлесі 77,6% (1687,2 млн.АҚШ долл) құрады, ол өткен жылдан 10,3% жоғары. Алыс шетел елдері бойынша сыртқы сауда айналымының құрылымы келесі түрде көрсетілген:
Кесте 6 – Сыртқы сауда айналымындағы шет елдерінің үлесі
|
2002 ж.
|
2007 ж.
|
Қытай
|
20,6%
|
34,3%
|
Италия
|
17,7%
|
11,0%
|
Германия
|
13,7%
|
5,5%
| Иран |
7,1%
|
7,3%
|
Оңтүстік Корея
|
0,0%
|
0,0%
|
Швейцария
|
0,7%
|
2,1%
|
Греция
|
0,1%
|
1,3%
|
Румыния
|
0,2%
|
1,1%
|
Финляндия
|
1,5%
|
1,1%
|
Ұлыбритания
|
1,5%
|
1,5%
|
Достарыңызбен бөлісу: |