Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Сыртқы экономикалық байланыстың аймақтық саясаты»



бет2/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#180436
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

  • Халықаралық өндірістік кооперация, трансұлттық корпорациялардың еншілес компанияларға капитал салымы. Мысалы, әр түрлі елдердің дербес заңды кәсіпорындары халықаралық корпорация шеңберінде салалық, технологиялық, бөлшектік мамандану саласында тығыз ынтымақтастық орнатады. Капитал экспорты осындай байланыстарды қамтамасыз етеді.

  • Өндірісі дамыған елдердің капиталдың қомақты бөлігін экономиканың өсу қарқынын қолдау, алдыңғы қатарлы өндіріс салаларын дамыту, еңбекпен қамту деңгейін қолдау үшін тартуға бағытталған экономикалық саясаты.

  • Дамушы елдердің шетел капиталын тарту жолымен өз экономикасын дамытуға “жарлылық шеңберінен шығуға” талпынған экономикалық мінез-құлқы.

  • Шекарадан өтетін капитал ағынына бағыт беруші және реттеуші халықаралық қаржылық ұйымдардың қызметі басты ынталандырушы болып отыр.

  • Елдер арасындағы табыстар мен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық келісім тауарлық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты, соған сәйкес инвестиция тартуды дамытуға жағдай жасайды.

    Әлемдік шаруашылықта капитал жылжуының субъектілері, оның пайда болуының көздері ретінде жеке коммерциялық құрылымдар, мемлекеттік, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар саналады.

    Капиталдың жылжуы және оның пайдаланылуы мынандай сипатта іске асырылады: өндірістік, саудалық және басқа да кәсіпорындарға тікелей инвестиция салу; портфельдік инвестициялар (шетелдік облигация, акция, құнды қағаздарға салынады); мемлекеттерге өндірістік, саудалық корпорацияларға, банктерге және басқа да қаржылық мекемелерге несиелік капиталды орта мерзімді және ұзақ мерзімді халықаралық несие түрінде (немесе қарыз) беру; экономикалық көмек: тегін немесе жеңілдік түрінде несие (пайызсыз, төмен пайызбен).

    Әлемдік тәжірибеде капиталдың орын ауыстыруы мен шетелдік инвестициялардың арасында нақты айырмашылық жүргізіледі.

    Капиталдың орын ауыстыруына мыналар кіреді: шетелдік әріптестермен жасалған операциялар бойынша төлемдер, қарыз беру (бес жылға дейінгі мерзімге), ерекше капиталды орналастыру мақсатында шетелдік компаниялардың акцияларын, облигацияларын және басқа да құнды қағаздарын сатып алу, құнды қағаз портфелін әртараптандыру және т.б.

    Шетел инвестициялары деп капитал қабылдайтын елде компанияны басқаруға қатысу және бақылау орнату мақсатын көздеген капиталдың орын ауыстыруы түсініледі.

    Тікелей инвестицияға қабылдаушы елдегі капитал салымы объектісін басқаруға мүмкіндік беретін күрделі қаржы жұмсалымын жатқызуға болады.

    Тікелей инвестицияның негізгі түрлеріне келесілер жатады: шетелде кәсіпорындар ашу, оның ішінде еншілес компаниялар құру немесе филиалдар ашу; контракт негізінде бірлескен кәсіпорындар ашу; табиғи байлықтарды бірлесіп зерттеу; шетел капиталын қабылдайтын елдегі кәсіпорындарды сатып алу немесе иемдену («жекешелендіру»).[4,78]

    Портфельдік инвестициялар – шетелдік кәсіпорынның қызметін тікелей бақылауға мүмкіндік бермейтін, акциялар, облигациялар және басқа да күрделі қаржы жұмсалымы түрі. Портфельдік инвестициялар – аса ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және жекеменшік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыру үшін шетел капиталын тартудың маңызды көзі. Шетелдік портфельдік инвестицияларды іске асырушы делдалдар болып, көбінесе ірі инвестициялық банктер саналады

    Тікелей инвестициялаудың портфельдіктен негізгі ерекшелігі мынада, портфельдік инвестор өзі инвестиция салатын кәсіпорынды басқаруға ұмтылмайды. Бірсыпыра халықаралық компаниялардың жарғысы бойынша, оларға көп жағдайда компанияны басқаруға қатысуға, тіпті директорлар кеңесіне сайлануға тиым салынады. Ол қосымша мамандар штатын, ерекше көңіл бөлуді қажет етіп, және де басты компанияның инвестициялық саясатын іске асыруда икемділікті төмендетер еді.

    Инвестициялардың негізгі бөлігі және оны іске асырушы Трансұлттық корпорациялар «үштікте» (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған. 10 ірі қабылдаушы елдер үлесіне 2/3 инвестиция ағыны, 100 кіші елдерге – 1% тиеді. Дамыған елдер тобы ішіндегі инвестицияның жедел өсуін фирмааралық бірігу үдерісімен және әріптестер акциясын сатып алумен байланыстыруға болады.

    Халықаралық валюталық қатынастар сыртқы экономикалық байланыстардың елеулі серпінді түрлерінің бірі болып табылады. Олар әлемдік шаруашылық байланыстарда ақшаны пайдаланғанда туындайды.

    Халықаралық валюталық қатынастар әлемдік шаруашылық байланыстарда валютаның қызмет етуімен пайда болатын, әлемдік шаруашылық субьектілерінің қызметі нәтижелерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып саналады.

    Көп жағдайларда шаруашылықтық қызметтің нәтижелерімен өзара айырбас және соған байланысты халықаралық есептеулер ақша түрінде іске асырылады. Сондықтан бір елдің ақша бірлігіне екіші елдің ақша бірлігі қарсы тұрады. Ұлттық ақшалар елдің шекарасы ішінде қолданылса, олар ұлттық ақша бірлігі болып қалады. Әр түрлі себептермен олар ұлттық шекараның сыртына шықса, жаңа сапаға ие болады - валютаға айналады. Ақша бірлігін әр түрлі салада қолдану «валюта» терминіне көп мағына береді. Валюта деп: белгілі елдің ақша бірлігі; шет мемлекеттің ақша бірлігі; халықаралық есептік валюталық бірліктер (арнаулы өзара қарыз құқтары СДР, Еуропалық валюталық бірлік ЭКЮ) түсініледі.[5,102]

    Валюталық қатынастар халықаралық сауда, халықаралық капитал миграциясының даму нәтижесінде пайда болады. Бірақ валюталық қатынастар салыстырмалы дербестікке ие және ғаламдық экономика жағдайында оларға өсу үрдісі тән. Валюталық қатынастардың ұдайы өндіріске әсері айтарлықтай болып келеді.

    Валюталық бағам. Ұлттық ақша бірліктері бір-бірімен белгілі бір үйлесіммен теңгеріледі. Валюталық бағам екі валютаның арасындағы қатынас, заңды түрде белгіленетін, немесе сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасатын бір валютаның басқа елдің ақша бірлігімен көрсетілген ерекше бағасы. Ұлттық валютаның бағамы басқа елдің ақша бірлігімен белгілі бір валюта жиынтығы (валюталық қоржын) немесе халықаралық бірлік түрінде көрсетіледі.

    Валюталық бағам атаулы және нақты болып бөлінеді. Атаулы бағам – ұлттық валютаның шетелдік валютаға айырбасталғандағы, немесе керісінше, белгілі нақты «бағасы». Күн сайын мерзімдік басылымда жарияланып отыратын валюта бағамы егер ерекше айтылмаса, атаулы болып саналады.

    Нақты бағам атаулы бағамды екі елдегі баға деңгейінің қатынасына көбейту жолымен табылады. Нақты валюталық бағамды сол мемлекеттің негізгі саудалық әріптесі болып табылатын елдердің орташа бағасының негізінде де есептеуге болады. Бұл жағдайда нақты валюталық бағам ұлттық тауарлардың шетелдік тауарларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады.

    Валюталық бағам сыртқы экономикалық байланыстарға үлкен әсер етеді: ол сол елдің өндірушілеріне тауарларының өндірістік шығындарын әлемдік нарықтың бағасымен салыстыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп ол сыртқы экономикалық байланыстарды іске асырудың бағдары болып, экономикалық қызметтердің қаржылық нәтижелерін болжауға мүмкіндік береді; валюта бағамының деңгейі елдің экономикалық жағдайына тікелей әсер етеді, ол оның төлем балансының жағдайынан көрінеді; валюталық бағам әлемдік жиынтық өнімді елдер арасында бөлуге әсер етеді.

    Сондықтан бұл салада әр түрлі елдердің мүдделері қарама-қарсы келеді және оқтын-оқтын дау-жанжалдар туындайды. Ол қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктердің шиеленісін шешуге бағытталған мемлекеттік және халықаралық деңгейде шешімдер қабылдауды қажет етеді.

    Валюталық жүйе. Валютаны сатып алу және сатуға байланысты тұрақты қатынастардың қалыптасуы және заңды бекітілуі тарихи әуелі ұлттық, сонан кейін әлемдік валюталық жүйенің қалыптасуына алып келді. Валюталық жүйе валюталардың өтуімен және олардың ұйымдастыру түрімен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық және әлемдік валюталық жүйе өзара бірнеше элементтерден құралады. Оның негізі валюта: ұлттық жүйеде ұлттық валюта, әлемдік жүйеде – халықаралық төлем және резервтік қаржы қызметін атқаратын, резервтік валюталар, сонымен бірге халықаралық есептік валюталық бірліктер болып табылады. Валюталық жүйені сипаттауда валютаның өтімділік дәрежесі маңызды роль ойнайды. Ол валютаның шетелдік ақша бірлігіне еркін айырбасталу дәрежесін көрсетеді. Бұл көзқарас бойынша валюталар еркін өтімді (еркін пайдаланылатын валюталар), ішінара өтімді және өтімсіз (тұйық) болып бөлінеді.

    Ұлттық валюта басқа елдің валютасына тепе-теңдік бойынша айырбасталады. Ол заңды түрде белгіленетін қатынас болып табылады. Валюталық жүйе қызмет атқару үшін валюталық бағам режимі маңызды роль ойнайды. Екі қарама-қарсы режим бар: тіркелген (кейбір жағдайда тар шеңберде ауытқуы мүмкін) және еркін өзгермелі (сұраныс пен ұсыныстың әсерімен анықталатын), сонымен бірге олардың әр түрлі үйлесімі мен түрлері. Валюталық жүйеге сонымен бірге валюталық нарық режимі және алтын нарығы сияқты элементтер кіреді. Халықаралық валюталық өтімділікті реттеу керекті элементтердің бірі. Ол халықаралық міндеттемелерді өтеуге халықаралық есептеулерді реттеуге қолданылатын төлем қаржыларының барлығы. Валюта жүйесінің келесі элементі болып реттеуші, бақылаушы және басқарушы ұйымдар табылады. Оларға ұлттық және халықаралық ұйымдар жатады.

    Халықаралық валюта нарығы халықаралық несие нарығымен тығыз байланысты. Соңғысы елдер арасындағы несие ресурстарының қозғалысын ұйымдастыру саласын және түрін көрсетеді. Ол орта және ұзақ мерзімдік шетелдік несиелер берілетін несиелік капиталдың бір бөлігі болып табылады.

    Сыртқы экономикалық байланыстар дамыған сайын тауарлар мен қызмет көрсетудің жаңарған топтары халықаралық мәселе объектісі болып, экономикалық қызыметтің жаңа түрлері пайда болуда.

    Осы заманғы қарқынды еларалық экономикалық байланыстар деңгейін төмендегілер көрсетеді: әлемдік шаруашылықта халықаралық еңбек бөлінісі дәрежесінің тереңдігі; әлемдік шаруашылықтық байланыстардың серпінділігінің күшеюі және көлемінің өсуі. Бұндай қорытынды жасауға шетел инвестициясы және халықаралық капитал қозғалысы көлемінің өсуі, халықаралық өндіріс көлемінің және технология мен ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратпен айырбас ауқымының артуы мүмкіндік береді; дәстүрлі халықаралық дайын бұйымдармен сауданың көлемінің артуы, сипатының сапалық өзгеріске ұшырауы. Ол таза коммерциялық сипаттан ұлттық өндірістік үдеріске қызмет көрсету құралына айналды; ХХ ғасырдың соңғы ширегінде бүкіл әлемді орап алған қаржы капиталының қарқынды өсу сипаты. Осы заманғы халықаралық экономиканың ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы қаржылық сипаты. Халықаралық ақша айналымы көлемі нақты экономиканың жалпы өнімінен он есе басым. Қаржы капиталының толқыны әлемдік экономика кемесін суға батыруға жақын. Ол елдік, аймақтық, әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында. Халықаралық қаржы капиталы дүниежүзілік жалған капитал «пирамидасын» онан сайын тарқатып отыр. Қаржы капиталы көлемі нақты экономикадан бұрынғыдан да көп қашықтауда. Бұл қарама-қайшылықты теңдестіру үшін «пирамида құрылысына» «дамып келе жатқан қаржы нарықтары», оның ішінде бұрынғы социалистік елдер нарықтары тартылуда.[5,26]

    «Пирамидаға» әлемнің көптеген елдері қатыстырылып отыр. Жақын болашақта оның құрылысына жаңадан кімді болса да қосу мүмкін емес. Халықаралық экономиканың елеулі сілкіністерін болдырмау үшін жаңа қаржылық тетіктер ойлап табу керек. Оның мақсаты жалған және нақты экономикалар арасындағы айырмашылықты жою, немесе, «пирамиданың» негізін кеңейту, болмаса қаржылық саудагерлердің жаппай сәтсіздіктерін болдыру. Үш варианттың икемді үйлестіріліп қолданылуы да мүмкін;


    • өзіндік «салық революциясы» жолымен халықаралық инвестициялық ахуалды ырықтандыру. Ол үшін көптеген елдер арнайы экономикалық аймақтар ұйымдастырады;

    • елдер мен аймақтардың сауда-экономикалық интеграциялануы үдерісінің жылдамдауы және тереңдеуі, әлемдік экономиканың блоктық қайта құрылуы;

    • елдер, компаниялар, олар өндіретін және өткізетін тауарлар арасындағы бәсекенің интернационалдануы. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі бәсекенің басты субъектісі әлемдік нарықта белсенді қызмет жүргізуші компаниялар болып табылады.

    Әлемдік шаруашылықтың дамуының басты үрдісі болып планетарлық ортақ капитал, тауар және қызмет нарығын құруға ұмтылу, жеке елдердің дүниежүзілік шаруашылықтық кешенге экономикалық жақындауы және бірігуі табылады. Ғаламдану құбылысын екі тараптан қарауға болады. Макроэкономикалық деңгейде ғаламдану елдердің және жеке аймақтардың өз шекараларының сыртында экономикалық белсенділікке жалпы ұмтылуы. Мұндай ұмтылыстардың белгілері: ымырашылдық, сауда және инвестициялық кедергілерді алып тастау, еркін кәсіпкерлік аймақтар құру және т.б.

    Микроэкономикалық деңгейде ғаламдану деп кәсіпорынның ішкі нарығының сыртындағы қызметінің кеңеюі түсініледі. Кәсіпкерлік қызметтің ұлтаралық немесе көп ұлттық бағытталуынан айрықша ғаламдану «әлемдік нарықты» немесе әлемдік үштіктің нарығын (Солтүстік Америка, Батыс Европа, Жапония) игеруге бірдей тәсілді қолдануды көрсетеді.

    1.2 Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару

    Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті рефор­ма­лау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сырт­қы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы эко­но­ми­ка­лық қызметке экономикалық қызығушы­лық­та­ры­ның артуы бой­ынша министрліктердің, ведомстволар­дың, кәсіпорын­дар мен ұйымдардың құқықтарын ке­ңей­туде алғашқы қа­дам­дар жасалды.

    Республиканың министрліктері мен ведомстволары және аса ірі бірлестіктер мен кәсіпорындар экспортты жоғары сапалы өнімдермен маңызды түрде қамтамасыз етуді жүзеге асыра бастады. Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өкілеттіктер мен құқықтар орталық органдардан алынып, жергілікті жерлерге көбірек қосымша өкілеттіктер беріле бастады.

    1989 жылдың сәуір айынан бастап барлық кәсіп­орын­дар мен ұйымдарға сыртқы нарыққа өз бетімен шығу және коммерциялық қызметті жүргізу құқы берілуі нәтижесінде, кәсіпорындар, республикадағы сыртқы экономикалық ке­шен­нің басты буынына айналды. 1988-ші жылдан іс жүзінде кез келген мемлекеттік және кооперативтік кәсіп­орындар сыртқы нарыққа шыға алады. Дегенмен, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру негізінде валюталық өз шығынын өзі өтеу қағидалары (принциптері) қаланды.

    Республикада сыртқы экономикалық қызметті дамы­ту­дың алғашқы сәтінен бастап СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленген болатын, нақтысында:


    • сыртқы экономикалық байланысқа қатысушы­лар­дың тіркелуі;

    • мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктер туралы мәлімдеу;

    • лицензиялауды қоса отырып, жалпы мемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорт және импорт тәртібі және т.б.

    Дегенмен, барлық қолданылған шаралар кәсіпорын­дар­дың, кооперативтер мен ұйымдардың өз бетімен сырт­қы нарыққа шығудағы мүмкіндіктерін төмендетуге әкелді. Сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) алғашқы кезден әкімшілік әдістермен басқару, әсіресе экспорт бой­ынша іс-қимыл жасау, тікелей өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің экспорт-импорт операцияларын маңызды түрде шектеді, сондай-ақ оларды орталық­тан­ды­рыл­ған басқару органдарына тәуелді етіп қойды.

    Қазақстанның егемендік алуымен республикадағы сырт­қы экономикалық қызметті түбегейлі демократия­лан­дыру, осы саладағы барлық меншік нысандарындағы, оның ішінде тұтыну кооперацияларындағы кәсіпорындардың дербестігін маңызды түрде кеңейту бойынша шаралар іске асырылды.

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конститу­ци­я­­сының ережелері негізінде Қазақстандағы сыртқы эконо­ми­калық қызметті басқару жүйесін одан әрі дамыту жал­ғас­тырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі анық­тай­тын тізім бойынша экспортқа мемлекеттік монополия өнім­­дердің жекелеген түрлеріне ғана белгіленеді.

    ҚР Конституциясымен қаралған, мемлекеттік билік ор­ган­дарының жүйесіне, биліктің үш тармағы: заң шыға­ру­шы, атқарушы және сот билігі кіреді.

    Ұйымдар мен кәсіпорындар сыртқы нарықта жұмыс іс­теу кезінде өздерін кең түрде көрсете алуына мүм­кін­дік­тері бар. Дегенмен, олардың дербестігі шексіз емес, олар үш билік тармағы мен жер-жердегі басқару органдарының ықпалды әсерінде болады. Қазақстан Республикасындағы заң билігі, екі палатадан тұратын ҚР парламенті атынан жү­зеге асырылады.

    Қазақстан Республикасындағы жоғары сот билігі Кон­сти­туциялық Кеңеспен, Жоғары сотпен және Жоғары Тө­ре­лік сотпен жүзеге асырылады. Сот жүйесінің негізгі та­ғай­ындалуы сыртқы экономикалық қызмет аясындағы – отан­дық, сол сияқты шетелдік кәсіпорындар мен кәсіп­кер­лер­­дің заңмен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын қарайды.

    Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы сырт­қы экономикалық қызмет пен оны басқару заң акті­ле­рімен реттеледі. Заң актілерімен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР үкіметінің, яғни атқарушы биліктің қау­лы­лары мен жарғылары бірінші кезектегі маңызға ие.

    Сыртқы экономикалық қызметті басқаруда Қазақ­стан­да атқарушы билік органдары маңызды рөл атқарады:



    1. ҚР сыртқы экономикалық байланыстар Министр­лігі мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының шешім­де­рі­не сәйкес, мемлекеттік сыртқы эконо­ми­калық саясатты жа­сау және оны жүзеге асырумен, СЭҚ-ті үйлестіру және рет­теумен айналысады.

    Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі ҚР сыртқы сауда және төлем баланстарына болжамдар жасау­ды әзірлеуге, халықаралық экономикалық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың жұмысына қатысады, ха­лық­аралық шарттар жасау туралы ұсыныстар әзірлейді жә­не ҚР Үкіметінің тапсыруы бойынша шарттар жасайды.[2,59]

    Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі (СЭБМ) сауда өкілдіктерінің, сауда Кеңесшілері аппарат­та­ры­ның және Қазақстан Республикасы елшіліктерінің сау­да-экономикалық мәселелері бойынша атташесі қызметіне басшылықты жүзеге асырады.



    1. Сауда экономикасы министрлігі мемлекеттік эко­но­микалық саясатты жүзеге асырады. Мүдделі министр­лік­тер мен ведомстволардың қатысуымен сыртқы экономика­лық саясатты қалыптастыру, СЭБ-ті дамыту, экономика­лық байланыстар мәселелері бойынша үкіметаралық шарт­тар жасау бойынша ұсыныстарды әзірлейді.

    2. ҚР Мемлекеттік кеден комитеті (МКК) респ­уб­ли­ка­ның кеден саясатын жасау және оны жүзеге асыруға қа­ты­насушы, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы ор­та­лық құқыққорғау органы болып саналады.

    3. ҚР Ұлттық банкі республиканың бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады. Ол мемлекеттік биліктің басқарушы және атқарушы органдарына тәуелсіз және өзінің қызметінде Ұлттық банкі туралы Заңды және басқа заң актілерін басшылыққа алады. Республика Ұлттық банкі шетел валютасындағы кез келген операцияны ше­тел­де, сондай-ақ республиканың өзінде жүзеге асыруға құқы бар.

    4. Сыртқы істер министрлігі.

    5. ҚР мемлекеттік салық қызметі.

    6. ҚР білім және ғылым министрлігі және атқару билігінің басқа министрліктері (мысалы, отын, энергетика, көлік министрлігі және т.б.).

    1.3 Аймақтық саясатты жүзеге асырудың негіздері

    Тәуелсіз мемлекетіміздің аймақтық саясатын жүзеге асыру тиімді басқару жүйесін қалыптастырмайынша жоғары нәтижеге жеткізбейтіндігі көптеген дамыған мемлекеттердің тәжірибесімен дәлелденіп отырған ақиқат. Қазіргі уақытта ешбір мемлекет ел ішіндегі тиімді аумақтық басқару жүйесінсіз бәсекеге қабілетті болып, әлемдегі өзінің лайықты орнына ие бола алмайды. Өздерінің мемлекеттік басқару жүйесін қазіргі талаптарға сай «жаңартқан» мемлекеттер өз аумақтарында шаруашылық кәсіпорындарын орналастыру үшін, шет ел инвестицияларын тарту үшін тартымдырақ бола түсті. Ал, бұл қазіргі ғаламдану үрдісі белең алып отырған әлемдік бәсекелестік жағдайында аса маңызды.

    Экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамып отырған елдерде аймақтық дамуға мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:



    • «әділдік», яғни барлық аймақ тұрғындары үшін жақсы тұрмыс-жағдайына жетудің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;

    • «тиімділік», жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайын көтеру мақсатында әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану талап етіледі.

    Бұл екі мақсат қарама-қайшы да бірыңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат басымдыққа ие болса, дағдарыс кезеңінде екінші мақсат алдыңғы орынға шығады.

    Қазіргі кезеңде аймақтық-экономикалық жүйенің күрделенуіне орай басқарудың көп деңгейлі жүйесі кеңінен таралып отыр. Соған сәйкес қалыптаскан теориялық негіздерге жүгінейік. Жоғары деңгейдегі басқару құрылымы өзінен кейінгі басқару құрылымдарына үш негізгі тәсілмен ықпалын тигізеді:



    • мақсаттар қою арқылы;

    • белгілі бір күтілетін нәтижені жүктеу аркылы;

    • ресурстарға шектеу қою арқылы.

    Басқарудың әр түрлі деңгейлерінің арасында өкілеттіліктер, жауапкершіліктер және функциялар болып бөлінеді. Бекітілген өкілеттілік аясында әрбір басқару құрылымы өз бетінше басқару шешімдерін қабылдауға құкықтары бар. Басқарудың жоғары деңгейі ағымдағы қызметке, соңғысы өзінің функцияларын орындай алмаған жағдайда ғана араласа алды. Бір деңгейдегі басқару құрылымдары тікелей бір-бірімен өзара әрекеттесе отырып, басқарудың жоғары деңгейлерінің көмегінсіз өздерінің мәселелерін шеше алады. Басқару деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесу бөлінген өкілеттіліктер мен функциялар шегінен шығып кететін болса, келісімшарт түріне жүзеге асырылады. Өкілеттіліктерді бөлгенде функцияларның қайсысын ерекше орындау қағидасымен, ал, қайсысы үшін басқарудың әр түрлі деңгейлеріне ортақ жауапкершілік бекіту керектігін ескеріп, соған сәйкес оңтайлы шешімдер табу маңызды болып табылады.

    Қазіргі кездегі менеджменте мәселелерді шешудің әртүрлі әдістері бар: басқару мәселелердің нақты әдістері, басқару процестерін модельдеу, шешім қабылдауды ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету және т.б.

    Қазақстанда теориялық және қолданбалы статистика, мәселелерді шешудің экономика - математикалық модельдері жеткілікті жақсы жамыған. Ақпаратты өңдеу, өндірісті басқару, шешім қабылдау процестерін автоматтандыруы аздау дамыған.

    Алайда басқару тиімділігі тек мәселелерді шешу тәсілдерінен ғана тәуелді емес, сонымен қатар айтарлықтай дәрежеде шаруашылық механизмі мен мемлекеттік реттеу жүйесінен де тәуелді. Сондықтан, шетелде сәтті пайдаланатын басқару модельдері (стратегиялық және оперативті) Қазақстанда әрқашан тиімді қолданыла алмайды, бұл нарықтық қатынастардың жетілу дәрежесінен түсіндіріледі.

    Егер менеджмент тәсілдерін ұйымдарды басқарудың макроэкономикасы жағынан қарастырсақ, басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерді әрекет ететін және өзгеретін шаруашылық механизмі шегінде белсенді еңгізілетінін байқауға болады.

    Басқару стилі- қарамағындағылармен жұмыс істегенде менеджер пайдаланатын әдістер мен тәсілдер жүйесін таңдау. Стильді таңдаудан жетекшінің беделі тәуелді болады. Стиль келесі факторлардың әсерінен қалыптастырылады:



    1. кәсіби дайындық;

    2. жетекшінің объективтігі мен жауапкершілігі;

    3. жұмыс істеу тәжірибесі мен дағдылары;

    4. өмірлік талаптар мен құндылықтар;

    5. тұлғаның психикалық қасиеттері.

    Басқару стилі келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

    1. аппараттық басқарудың жеке буындары мен жұмыскерлері арасында өкілеттілік пен жауапкершіліктің негізделген үлестірілуі;

    2. қарамағындағылардың дағдыларын ескере отырып, мәселелерді шешуді тапсыру;

    3. қармағындағыларға қөңіл бөлу;

    4. ұжымның бірлігі;

    5. басқарушылық шешімдерді ұйымдастырғанда ерік пен талаптылық таныту.

    Автократиялық басқару стилі - менеджерлер бұйрықтарды орындаушылардың пікірін сұрамай бұйрық беретін стиль. Жетекші билікті өз қолына алады, барлық мәселелерді өзі шешіп, өз еркін қарамағындағыларға жіктейді.

    Авторитарлы стильдің белгілері:



      1. Жазалауды қолданады;

      2. Психологиялық қысым жасайды;

      3. Бұйрықтар мен тапсырмаларды қолданады;

      4. Әрдайым қадағалау және қарамағындағыларға талап етушілік;

      5. Өзіне деген сынды болдырмау, қарамағындағыларды сыңға алу;

      6. шешім қабылдауда еріктілік пен бастамашылық жоқ;

      7. Қарамағындағылармен ресми есім қатынаста болмайды;

      8. Адамдар арасындағы қатынастар емес, тек өндірістік көрсеткіштерге көңіл бөледі;

      9. Ұжымда жағымсыз психологиялық орта болады.

    Демократиялық басқару стилінде шешім қабылдауда ынтымақтастық байқалады. Белгілері:

    1. Қарамағындағылар шешім қабылдауға қатысады;

    2. Демакратиялық қызметкерлерде бастамашылық пен дербестілікті тәрбиелейді, көтермелеумен көндіруді пайдаланады;

    3. Өкіметтіліктің децентротуациясын жоғары дәрежесі;

    4. Қарамағындағылармен салыстырғанда өз басымдылығын көрсетеді, ұжымдағы істердің жағдайы, болашақ қиыншылықтар туралы мәлімдейді;

    5. Ең және теріс жақтарын көрсететін, қызметкерлердің жұмысын қадағалайды;

    6. Қарамағындағыларды жоғары дәрежелі қажеттіліктері мен ынталандырады;

    7. Ұжымдағы жағымды психологиялық орта.

    Либералды басқару стилі - жетекшінің ұжым істеріне араласпауы мен сипатталады, ел барлық мәселелерді шешуді қарамағындағыларға сеніп тапсырады, бастамашылықты аз танытады, қарамағындағылардың кез келген шешімі мен келіседі. Қызметкерлер толығымен ерікті, оның сындарына құлақ салмайды, ал қызметкерлермен айналыспайды.

    Шешім - бұл бірнеше мүмкін нұсқалардан біреуін немесе бірнешеуін таңдаудың әлеуметтік- психологиялық актісі.

    Басқарушылық шешімді дайындау сатысында жағдайдың экономикалық талдауы жүргізіледі: ақпаратты іздеу, жинау және өңдеу, шешімді талап ететін мәселелер айқындалады және қалыптастырылады. Шешім қабылдау сатысында көпнұсқалы есептеулер негізінде жүргізілетін альтернативті шешімдер және әрекеттер курстарын жетілдіру және бағалау жүзеге асырылады; оңайлы шешімді таңдау критерийлерін іріктеп алу, ең жақсы шешімді таңдау және қабылдау. Шешімді жүзеге асыру сатысында шешімді нақтыландыру және оны орындаушыларға жеткізу үшін шаралар қолданылады, оның орындалу барысының бақылауы жүзеге асырылады, қажетті түзетулер еңгізіліп, алынған нәтижеге баға беріледі.[5,86]

    Басқару технологиясы - бұл басқару процессін және оны құраушы функцияларды орындау тәсілдері, жолдары және реті. Кез келген технология процессінде еңбек заты өкінішіне айналады.

    Басқару айналымының уақытын ескеретін басқарылу шартын теңсіздікпен өрнектеуге болады:


    1. ақпаратты жинауға, беруге және өңдеуге жұмсалатын уақыт;

    2. шешімді қабылдауға жұмсалатын уақыт;

    3. басқарушылық шешімді орындауды дайындауға жұмсалатын уақыт;

    4. ағымдағы өндірістік процесті орындауға жұмсалатын уақыт.

    Кәсіпорын басқарылады, егер барлық басқарушылық шешімдерді жетілдіру және қабылдау бұрын қабылданған басқарушылық шешімдерді жүзеге асыратын сол сәтте болып жатқан процесстер аяқталғанша жүзеге асады.

    Басқару технологиясы басқарушылық айналымдар мен олардың өндірістік айналымдармен және тауарлардың өмірлік айналымдармен рационалды әрекеттесу уақытын ескеру тиіс.

    Басқару технологиясы өндіріс және тауарларды (қызметтерді) іске асу технологиясына сәйкес келуі тиіс және олардың процесстерінің үзіліссіздігі мен басқарылуы қамтамасыз басқарылуы тиіс.

    Өзара байланысты басқару функцияларын орындау реттілігі - бұл басқарушылық еңбектің мәні, технологиясы.

    Сызықтық құрылым - бастық жетекші, өзіндік жетекшілік, басқарудың барлық функциялары. Еңбектің вертикальді бөлінуінде негізделенеді, деңгейлер бойнша басқару. Басқарудың сызықтық құрылымы басқару объектісіне тікелей әсер етуді қамтамасыз етеді және дара басшылық принципін көздейді. Әрбір жетекші басқару субъектісіне ие, тек бір жетекшіге бағынышты және оның алдында жауап береді.

    Артықшылықтары: дара басшылық принциптерін қамтамассыз етеді, қайшылықты бұйрықтар болмайды, оперативті мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді, өкілеттілікті көшіріп алу болмайды, жетекшінің жұмыс нәтижесі үшін толығымен жауап беру қамтамасыз етіледі.

    Кемшіліктері: Бір байланыс арнасы пайдаланады, жетекші бүкіл мәселені кешенді көре алмайды, жетекші барлық басқару функциялары бойынша терең білмге ие болу керек, құрылым икемділігі төмен және өзгеретін шарттарды тез ескереді.

    Әрекет ету саласы және ғылыми пән ретінде басқару мен экономика тығыз байланысты. Басқару әрекетінде экономика ғылымы мен танылған өндіріс, айырбас, үлстіру және тұтыну кезінде адамдардың әрекет етуінің заңдары мен заңдылықтары пайдаланады. Сонымен қатар адамдардың ұйымдастырушылық және басқарушылық, дамушы экономиканың объективті шарттарын көрсететін басқарушылық шешімдердің нәтижелері экономика ғылымының дамуы үшін негіз ретінде қызмет етеді.Өндірістің шешуші факторы тиімді дамуы мен пайдалануы оңай қолдануды қамтамасыз етуді талап ететін ақпарат пен ғылыми білім болып табылады.Өндіріс факторлары ролінің өзгеруі және тағы басқа сияқты экономикалық категориялар мазмұны мен ролін қайта қарастыру қажеттілігін тудырады.

    Бәсекедегі сәттілікке көмектесетін өндірісті басқарудың жаңа жолдары жұмыскерлердің шығармашылық энергиясын ынталандыруды, оларды басқарудың әртүрлі деңгейлерінде шешімдерді қабылдауға қатыстыруды қарастырады. Ең бастысы адам капиталы болады.

    Нарықтық экономиканың дамуымен кәсіпорындарды басқару көбірек дәрежеде мемлекеттің экономикалық саясатынан тәуелді болады.

    Басқаруда негізгі факторларға стратегиялық шешімдер айналады, барлық деңгейдегі басқарушылардың қоғам мен басқарылатын кәсіпорындар жұмыскерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілік артады.

    Қазіргі кездегі менеджмент ғылыми сыйымда әрекет ету саласына айналуда және айтарлықтай дәрежеде жоғары кәсіпқой пен жан- жақты білімді талап етеді.

    Аймақтық басқарудың кез келген деңгейі басқарушылық қызметтің нақты түрлерін орындаумен сипатталады, яғни, құрылымның әрбір деңгейіне қатысты нақты функциялардың болуы. Аймақтық басқарудың нақты функцияларының жиынтығы басқару деңгейінің негізгі сипаттамасы болып табылады. Оларды бөлудегі бастапқы негіз - аймақтық басқарудың нақты әр деңгейінің мақсаттары мен міндеттері. Әр деңгей жоғары деңгеймен келісе отырып, өзінің мақсаттарын қалыптастырады.

    Аймақтық басқару құрылымының деңгейлері бойынша функциялар мен міндеттерді бөлу және қалыптастыру төменнен, яғни басқару объектісінен, сол сияқты жоғарыдан - басқару субъектісінен де таралуы тиіс. Функциялар мен міндеттер тым орталықтандырылу негізінде қалыптастырылса, төменгі деңгейлерге артық немесе жүзеге асырылмайтын функциялардың берілу қаупі туындайды, сол сияқты оларды орталықсыздандыру арқылы қалыптастырған жағдайда маңызды стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ескерілмей қалу қаупі бар. Басқару деңгейлері бойынша нақты функцияларды бөлгенде төменгі басқару деңгейлерінің басымдығы немесе теңдігі сақталуы тиіс. Бөлу барысында басқару органдарының міндетті өкілеттілігіне аймақты басқару мақсаттарына жауап бермейтін және нарықтық қатынастар арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілер өздері жүзеге асыратын функциялар енгізілмеуі қажет.

    Осыған байланысты аймақты басқарудың көптеген функцияларын бөлудің негізгі ережесі болып субсидиялық қағидасы табылады. Ол қағидаға сәйкес басқарудың нақты функциясы оны тұтынушыға барынша жақын болуы тиіс. Демек, басқару деңгейлері арасында бөлінген функциялар басқару объектісінің мақсатына қаншалықты сай болса, басқару да соншалықты нәтижелі болады. Сонымен қатар басқару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлгенде сақталуы қажет бірқатар қағидаларды атап өтейік:


    • өкілеттіліктердің жеткілікті болу қағидасы, оған сәйкес функцияны орындайтын басқару деңгейінің өкілеттілігі оны тиімді жүзеге асыру үшін қажет және жеткілікті болуы тиіс;

    • өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің сәйкестік қағидасы, белгілі бір функцияны орындаудағы жауапкершілік берілген өкілеттіліктер шегінен асып кетпеуі қажет, сондай-ақ бұл өкілетгіліктерден кем болмауы да шарт;

    • ресурстармен қамтамасыз етілу қағидасы, басқару деңгейіне сәйкес нақты функцияны жүзеге асыру қажетті материалдық, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет.

    Баскару деңгейлері арасындағы функцияларды бөлу бағалаудың сарапшылық (эксперт) әдістерін қолдану негізінде белгіленген қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Басқарудың белгілі бір деңгейінде функцияны тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауда аумақтық бірліктердің түрлі сипаттамаларын ескеру талап етіледі, атап айтқанда, халық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым функциялар жоғарыға берілмей, басқарудың аймақтық деңгейлерінде қалады. Аумактық бірліктердің экономикалық және аймақтық дамуы қаншалықты жоғары болса, дамуға қатысты функциялардың көбі сол аймақтың басқару органдарының құзіретінде қалдырылады.[4,65]

    Нақты функцияның жүзеге асуының тиімділігін бағалау әрбір деңгейде тиімділіктің әр түрлі экономикалық және техникалық көрсеткіштерімен анықталады. Функцияны жүзеге асырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар деңгейге сол функция бекітіліп беріледі. Аймақтық басқарудың әрбір нақты функциясының жүзеге асырылуына және оның тиімділігіне басқару объектісінің қанағатгандырылу деңгейі үнемі сарапшылық бағалау негізінде анықталып отырылуы тиіс.

    Осы теориялық негізге сүйене отырып, Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясатты жүзеге асырудың құралы ретіндегі басқару ерекшеліктерін Қазақстанның аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы ретіндегі басқару ерекшеліктерін қарастырайық.

    Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылады. Осыған орай, аймақтық экономикалық саясат, орталық үкіметпен қоса аймақтық билік органдарымен де жүргізілуі тиіс. Тек орталық билікте ғана жалпы елдің экономикалық өсуін ынталандыру, жалпы аймақтық шиеленісуді азайту үшін аймақ пен салалар арасындағы пайданы тиімді қайта бөлу, елдің экономикалық дамуындағы терең аймақтық және салалық теңсіздікті қысқартуға мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығу тәрізді күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік бар. Ал аймақтық деңгейдегі билік болса өз мүдделеріне сәйкес, өз өкілетгіліктері шегіндегі мәселелермен айналысады.

    Аймақтық дамуды басқару осы орталық пен аймақтар арасындағы мүдделерді үйдестірудін нысандары мен әдістерін колдануды, аймақаралық және аймақішілік материалдық ресурстар мен қаржылық ағындарды пайдалану арасындағы өзара байланысты күшейтуді, республиканың, әсіресе дағдарыстық аймақтардағы субъектілердің әлеуметгік-экономикалық дамуына мемлекеттік қолдау механизмін жетілдіру тәсілдерін көздейді. Қазіргі кезендегі аймақтар дамуының негізгі басқарушылық астары ретінде республикалық және аймақтық бағдарламалардың өзара әрекеттесуі мен үйлесуі, болып жатқан өзгерістерге сай олардың оңтайлы сәйкестігі қарастырылады.

    Аймақтық саясаттың екі деңгейлілігі екі басқару субъектісі - орталық (Үкімет) пен аймақты (аймақтық басқару органдары) анық бөліп көрсетумен байланысты болып отыр. Бұл деңгейлердің әрқайсысы өздерінің баскару аясында, функцияларын орындауда толықтай дербестікке ие. Барлық мәселе - осы аялар мен функциялардың қалай бөлінетіндігінде, аймақтық басқару органдарына қаншалықты бостандық берілгендігінде және басқару субъектілерінің арасында қандай катынастар орнатылғандығында. Жалпы алғанда екі түрлі нұсқа болуы мүмкін: біріншісі, орталық аймакпен салыстырғанда артықшылықты жағдайға ие болады; екіншісі, аймақтардың мейлінше дербес бола отырып орталықпен айқын қатынастар орнатуы.

    Аймақтық саясатты жасақтаудың мәні аймақты басқару функцияларын бөлу қағидаларын, мемлекеттік және жергілікті деңгейде аймақтық саясатты жүзеге асыру қағидаларын, соны мен қатар нақты экономикалық механизмдерді жасақтау болып табылады (1-сурет).

    Орталық (реттеудің мемлекеттік деңгейі



    Аймақты дамудың мемлекеттік реттеу қағидалары

    Бюджетаралық қатынастар механизмі




    өнеркәсіптік инвестициялық саясат механизмі




    Басқару обьектісі: аймақ



    Жергілікті бюджет салық механизмі



    Аймақ(жергілікті басқару органы екінші деңгей)



    Аймақтық дамуды жергілікті реттеу қағидалары

    әлеуметтік саясат механизмі












    Жергілікті өзін-өзі басқару және басқада саяси құқықтық механизмдер



    Сурет 1. Мемлекеттік аймақтық саясаттың құрамы мен құрылымы

    Орталық үкімет аймақтық саясатты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырады және экономиканың даму жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде - экономикалық мақсаттар, ал экономикалық өсу кезеңінде аймақтық мақсаттар артықшылыққа ие болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

    1.Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру;

    2.Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру.

    Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру тек ірі, жалпы-мемлекеттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды даму деңгейі жоғары аймақтардың деңгейіне жеткізу, бірақ мұндай жағдай халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс

    3.Аймактардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;

    4.Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

    Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру аймақтық деңгейдегі басқару функциялары рөлінің өсуіне алып келеді. Осыған орай билік деңгейлері арасында өкілеттіліктерді, жауапкершіліктер мен функцияларды бөлу жүзеге асырылуы тиіс. Биліктің барлық деңгейлері:


    • халыққа аймақтық кепілдіктерді ұсынуы және негізгі конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс;

    • шаруашылық жүргізудің әр түрлі механизмдерін қолдануды реттеуі қажет;

    • халыққа қажетті, бірақ пайдасы аз және тиімділігі төмен кәсіпорындарды ұйымдастыру мен қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы тиіс;

    • басқару органдары аймақтың артта қалған аудандарын дамыту саясатын жүргізуі керек;

    • табиғат қорғау шараларын жүргізуі тиіс.

    Аймақтық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі аймақтың ерекшелігін, олардың шешетін стратегиялық және тактикалық міндеттерінің сипатын ескеретін, икемді және сараланған болуы керек.

    Сонымен аймақтарды басқару келесілерді талап етеді:

    - республикалық және аймақтық деңгейлердегі басқару органдарының функциялары мен өкілеттіліктерін шектеу. Бұл басқару функцияларының қайталануына жол бермеуге, басқарудың ұйымдық құрылымының иерархиялылығын белгілеуге, әрбір деңгейдің шаруашылық жүргізу нәтижелеріне жауапкершіліктерінің шамасын анықтауға мүмкіндік береді;

    - республикалық басқару органдарының, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің аймақтық жүйелерін басқаруға аймақтық басқару органдарының қатысуының негізгі нысандарын табу.

    Аймақтық басқарудың маңыздылығы мен қайтарымы әлемдік шаруашылық жүргізу тәжірибесімен де дәлелденіп отыр. Атап айтқанда, экономикалық даму тұрғысынан алдыңғы қатарға шығу үшін міндетті түрде нарықта сұранысқа ие аймақтық ресурстардың жеткілікті болуы, экономикалық әлеуетке ие болу шарт емес. Көбінесе дамудың, оның ішінде аймақтық дамудың да жоғары деңгейінің кепілі баскарудың азық түрлерін колдану, басқару өнерін игеру, шаруашылық айналымға аумақтағы экономикалық әлеуетті тарту, аймактың өзі үшін, басқа аумақтар үшін экономикалық қызмет нәтижелерін пайдалана білу екендігі шет ел тәжірибесімен айқындалған.[3,186]

    Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқарудың тиімділігін арттырудың мемлекеттік стратегиясы ең алдымен, халықтың өмір сүруінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге, елдің экономикалық кеңістігінің тұтастығы мен бірлігін сақтауға, экономиканың нақты секторының тұрақты дамуы үшін жағдайлар қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Аймақтық экономиканың қызмет етуінің айқын белгіленген шекарасының болуы, аумақтардағы шаруашылық жүргізу мен аймақтық-экономикалық дамуды басқарудағы дербестіктің барған сайын арта түсуі аумақтың тұрақты, тиімді дамуын қамтамасыз ететін экономикалық саясатты жасақтаудағы аймақтық басқарудың жауапкершілігін күшейте түседі. Нақ осы аймақтық басқару халықтың өмір сүру жағдайы мен деңгейіне, қоршаған ортаның қорғалуына, аймақ экономикасының инвестициялық тартымдылығына, оның бәсекеге қабілеттілігіне жауапты болады.

    Нарықтық шаруашылықтың негізгі категориясы бостандық категориясы болып саналады. Нарықтық экономика «тек қана тұтынудағы таңдау еркіндігі, кәсіпкерлік еркіндік, жеке-меншікті иелену еркіндігі (өндірістің құралдары да енеді) келісім-шарт жасасу еркіндігі қамтамасыз етілгенде жұмыс істейді.

    Экономикалық тұрғыдан еркіндік деп өндіріс және тұтыну туралы шешім қабылдауды айтамыз. Бірақ таза нарықтық экономика өзі шеше алмайтын бірқатар маңызды қоғамдық қажеттіліктер бар. Бұл қажеттіліктерді тек қана нарықтық қатынастарға арнайы институттарды енгізу арқылы қанағаттандыруға болады. Нарықтық экономика объективті түрде макроэкономикалық диспропорцияларды тудырады; ғылымдағы іргелі зерттеулерді ынталандыруды қамтамасыз етпейді; ірі жобаларды инвестициялауды ынталандырмайды; қабылданған шешімдердің зардаптарын қарастырмайды және т.б. Сонымен бірге, нарықтық экономика адамның кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз ете алмайды, маңызды аймақтық мәселелер – жұмыссыздық, табыс деңгейінің, инфляция және т.б. туындайды.

    Бұл мәселелерді шешудің екі жолы бар. Алғашқысы, нарықтық шаруашылықтың мәнін және негізінде аймақтық проблемалардың ұзақ мерзімді шешу қайшылықтарын білу және профилактикасына негізделген жалпы экономикалық тәртіпті құру. Екіншіден, бұл аймақтық мәселелерді олардың туындауына және байқалуына байланысты шешу. Бұл жағдайды жүйесіз, тұрақсыз, шұғыл деп негіздеуге болады. Өркениетті мемлекет нарықтық экономиканың қазіргі заманғы дамуындағы тұрақты, ұзақ мерзімді басымдығын қамтамасыз етуі қажет.

    «Таза» нарықтық экономикамен салыстырғанда оның аймақтық моделінде жаңа компоненттердің жүйесі пайда болды:



    1. Экономикалық өсудің іске асырылатын аймақтық механизмін қамтамасыз ету;

    2. Қоғамның жағдайын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасау;

    3. Әлеуметтік консенсусқа қол жеткізу үшін табыстар мен мүліктерді тең бөлуге ұмтылу;

    4. Қоғамның еңбекке жарамсыз азаматтарына көмектесу;

    5. Жасырын жұмыссыздықты болдырмауға ұмтылу;

    6. Еңбекті қорғау және еңбек жағдайлары құқықтарын қамтамасыз ету;

    7. Несиелік және салықтық жеңілдіктер беру арқылы азаматтардың тұрмыс жағдайын өсіру;

    8. Халықтың өмір сүру жағдайын қолдау; болашақ ұрпақ үшін тұрақты даму моделіне көшу экологиялық зардапты төмендету. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осындай аймақтық саясат, аймақтық қорғау, аймақтық әділеттілік, аймақтық қамтамасыздандыру, аймақтық сақтандыру, аймақтық көмек пен аймақтық қамқорлық сияқты категорияларға тоқталу қажет.

    Әлеуметтік саясат интеграциясы ақша, несие, валюта саясаты, жұмысшының еңбек нарығындағы, кәсіпорындағы орны және т.б. жағдайларда қолданылады. Қандай да болмасын экономикалық саясаттың өлшемі бір мезетте тура немесе жанама болсын, өзінің артынан аймақтық зардаптарды тартады және аймақтық түсінікке ие болады. Экономикалық саясаттың көмегімен аймақтық проблемалардың пайда болуын ескеруі қажет. Олар пайда болған жағдайда басқа бір сфераларға қатысты болатын басқа өлшемдердің екінші ретті әсер етуі екендігін тексеру қажет, өйткені ең жақсы экономикалық саясатты өткізу кезінде де көмекші аймақтық өлшемдерді қабылдау қажеттілігі туындайды.Әлеуметтік саясаттың негізінде аймақтық қорғаудың тиімді жүйесін құру жатыр. Әрбір мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарда «аймақтық қорғау» түсінігі әртүрлі қарастырылады.

    Қазіргі уақытта аймақтық қорғаудың концептуальді негіздері тек қана жинақтала бастады, және осында түсіндірмелі аппаратының өңделуі қалай қажетті болса, солай осы проблема бойынша жиналған тарихи тәжірибенің мағынасы болды.

    Кең мағынадағы аймақтық қорғау жүйесі-бұл өмір сүру жағдайын қамтамасыздандыру шарттарын анықтайтын құқықтық, аймақтық- саяси және экономикалық кепілдіктер жүйесін айтамыз:

    - еңбекке жарамды азаматтарға еңбекке өзіндік қызметі негізінде;

    - мемлекет есебінен аймақтық, бірақ мемлекет белгілеген өмір сүру минимумынан төмен болмауы қажет.

    Тар мағынада аймақтық қорғау жүйесі – нарықтық қатынастар жағдайында халықтың жеке топтарының арасында пайда болатын экономикалық және құқықтық статустағы қайшылықтарды басуға бағытталған мемлекеттің түзетуші-реттеуші жүйесі.

    Нарықтық шаруашылықтың аймақтық функциясының тиімділік критериі қоғамның еңбекке жарамды мүшелерінің белсенділігін сақтау, қоғамдық өндіріске белсенді қатысуға өздеріне кінәлі емес, себептері бар жарамсыз мүшелерді қорғау, сонымен қатар өздерінің шаруашылық функцияларын белсендіру және іскерлік қабілеттерін іске асыру үшін қосымша қаражат қажет ететіндерді қолдау. Сондықтан аймақтық-нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік саясат тек экономикалық бостандық сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар аймақтық әділеттілікті қарастыруы қажет.

    Осыған байланысты, қазіргі уақытта көптеген Батыс мемлекеттерінде аймақтық қамтамасыздандыруға кеткен шығындар еңбек факторын «өте қымбат» етеді деген ой қалыптасқан. Олар еңбек ақыға кеткен шығындардың бөлігі болып саналады, соның негізінде бәсекелестік қабілетті төмендетеді және жұмысбаспен қамту сферасындағы саясатқа кері әсерін тигізеді.

    Әлеуметтік қамтамасыздану жүйесін қандай да бір аймақтық топтардың экономикалық және аймақтық өмір сүруін қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы ретінде түсіндіруге болады. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты зейнеткерлік сақтандыру, ауырған жағдайда сақтандыру, түрлі қатерлерден сақтандыру және жұмыссыздықтан сақтандыру салаларындағы аймақтық көмек көрсету болып табылады. Әлеуметтік қамтамасыздандырудың аймақтық қорғаудың негізгі блогы ретіндегі өзекті элементтеріне аймақтық сақтандыру, аймақтық көмек және аймақтық қолдау жатады.

    Әлеуметтік сақтандыру жүйесі - аймақтық-еңбектік сферадағы үш субьектінің «жұмыс беруші – жұмысшы – мемлекет» қарым-қатынасына негізделген реттеудің басты механизмдерінің бірі. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзекті проблемасы болып оның қаржыландырылуы саналады. Әлеуметтік сақтандырудың барлық түрлері бойынша жарналардың қажетті өлшемдерін ғана емес, сонымен қатар әрбір аймақтық субьектінің: жұмыс берушінің – жұмысшының – мемлекеттің үлесін анықтау қажет. Сақтандырудың негізгі сипаттық белгісіне жарналар есебінен көрсетілетін көмектерді қаржыландыру және жарналар мен аймақтық қызметтер көлемі арасындағы тығыз қарым-қатынас жатады. Көмек көлемі сақтандырылған индивидтің алдын-ала салымына бағдарланады.[5,63]

    Әлеуметтік көмек - өмір сүру жағдайларын, ал кей кездерде даму жағдайын қолдану мақсатында объектіге мемлекет тарапынан міндетті қамтамасыздандырылған көмек көрсету.Әлеуметтік көмек принципі бюджеттен қаржыландыруды және алушының жеке қажеттілігіне бағдарлануды білдіреді. Мұндай көмек көлемі бұрын төленген жарналар сомасына тәуелді емес. Бірақ аймақтық көмек көрсету барысында екі жағдай ескерілу қажет: біріншіден, көмек алушы адамдар қауымдастығының интеграциясына байланысты, өзі белсенділік көрсетуге міндетті, екіншіден, аймақтық саясаттың тетіктері заңдық, келісім-шарттық, адамгершілік сфераларында көмек көрсетудің басқа мүмкіншіліктері болмағанда, қосылады.

    Әлеуметтік қолдау еңбек ақы, жеке немесе жанұялық бюджетке берілмеген жағдайда, төтенше ауыртпалықтар түскен кезде көрсетіледі және салықтар есебінен қаржыландырылады. Соған қарамастан қолдау бұрын төленген жарналар сомасына, бірақ мұндай көмектің түрі мен көлемі алдын ала анықталған және қосымша табыстар немесе көмек алушының мүліктік жағдайы ескерілмейді. Егер аймақтық қамтамасыздандыру жүйесінің елеулі бөлігі аймақтық қолдау принципіне негізделіп құрылса, бұндай жағдай аймақтық-экономикалық принциптерге қарамастан, мемлекеттің қаржылық жағдайына немесе бюджеттің қиыншылық жағдайына, қамтамасыздандыру деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

    Әлеуметтік қорғау жүйесінің өзіндік жеке құрылымы бар, яғни бұл оның біртұтастығын қамтамасыз ететін тұрақты байланыстардың жиынтығы. Жүйені құраушы элементтерге бір-бірінің арасындағы қарым-қатынастар елдегі саяси режим, қоғамның негізгі құндылықтарымен, өмірлік көз қарастарымен анықталатын аймақтық қорғау субьектілері мен обьектілері жатады. Жоғарыда аталған факторлардың негізінде қоғамдық жүйенің экономикалық және саяси тұрақтылығына қамтамасыздандыру мақсаты түрлі құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын, аймақтық қорғау механизмдері жасалынады.

    Осыған байланысты, аймақтық қорғау құрылымы аймақтық қорғау субьектілері мен обьектілері, құралдары (ресурстар және институттар), механизмдері мен өмірлік стандарттары болуын қажет етеді. Бірқатар тәуекелдердің болатындығын ескеріп аймақтық қорғау құрлымының, аталып өткендей көп деңгейлі, бірақ берілген құрылым оның әртүрлі деңгейлерде әрекет етуін қамтамасыз етеді.Жекелеген құрылымдық элементтерді қарастырып, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтап көрейік.

    Сонымен, аймақтық қорғау обьектілеріне ұдайы өндірістің экономикалық, жанұялық, мәдениеттік функцияларын тасымалдаушылар ретінде азаматтар жатады. Кең мағынада, қоғамның барлық мүшелері, азаматтардың барлық категориялары аймақтық қорғалуы тиіс. Әлеуметтік қорғау обьектілері – республика халқы, аймақтық класстар, таптар, жеке азаматтар. Бірақ билік иелері кімнің мүддесін көздегеніне, қоғамның меншігіндегі ресурстарға қарамастан, бүгінгі күні аймақтық көмек негізінен практикада қоғамның әл-ауқаты төмен мүшелеріне көрсетіледі.

    Әлеуметтік қорғаудың әмбебаптылық сипаты қылмыстық қоғам мен мүгедектерді оқиғалардан құқықтық қорғауда көрінеді. Әлеуметтік қорғау обьектілерін анықтау аймақтық топтардың, жалпы қоғамның немесе әрбір азаматтың мүдделерінің басымдығын айқындау үшін керек.

    Көптеген ғасырлар бойы әртүрлі елдерде мемлекет аймақтық қорғаудың негізгі субьектісі деп саналды, яғни аймақтық қорғау функциясының орындалуын қамтамасыз ететін аймақтық институттар мен ұйымдар.

    Сонымен бірге әлеуметік қорғаудың белсенді субьектілеріне мемлекеттің қалыптасуының тарихи алғышарты болып табылатын ұжымдар, жанұя, индивидтердің өздері жатады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде аймақтық қорғау субьектілері бизнес өкілдері, жергілікті өзіндік басқару органдары болып саналады. Азаматтар жәрдем көрсетін жеке тұлғалардың немесе тұлғалар тобының қатысуымен қоғамдық ұйымдар түріндегі қамқорлық жүйесі маңызды орын алады.

    Сонымен қатар діни ұйымдар, шіркеу, әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де аймақтық қорғау субъектілері бола алады. Жалданбалы еңбек жұмысшыларының мүдделерін қорғайтын кең танымал қоғамдық ұйым жұмысшылар мен жұмыс берушілердің арасындағы ұжымдық-келісімдік қатынастарды реттеуді іске асыратын кәсіби-одақтар болып табылады. Бұл реттеу аймақтық жеңілдіктер мен жалақыға қосымша кәсіпорындардың келісім-шарттағы міндеттемелерін орындауын бақылайды, еңбек тәртібін тұрақтандырады, ынталандыру арқылы еңбек өнімділігін көтереді, жұмыскерлердің стихиялық көтерілістік белсенділігін басады. Кәсіподақтар еңбек жағдайы мен демалысты жақсартуға, медициналық көмек көрсетуге, өмірдегі қиын жағдайларға байланысты адрестік көмек көрсетуге бағытталған аймақтық қорғаудың басқа да шараларын жүргізеді.

    Сонымен, аймақтық басқару саясаты таңдамалыдан әмбебап бағдарламаларға өтті, ең аздан тиімді төлемдер стандартына дейін және табыстарды тиісті деңгейде сақтаудан аймақтық қызметтердің толық кешеніне дейін өзгереді.

    Аймақтық саясат мәселелері және оларды талдау 60-70 жылдары кеңінен тарады. «Мемлекеттің әл-ауқатының артуы» экономикалық теориясы «Аралас экономика» теориясымен тығыз байланысты . Бұл теорияның негізгі идеялары Р.Титлус, С.Струми, Э.Хансен және т.б еңбектерде көрсетілген. Осы теориялардың барлығы нарықтық экономикалы елдердің экономикалық және аймақтық өмірінде мемлекеттің ролін арттырумен байланысты. Олар халықты нарық қамтамасыз ете алмайтын аймақтық қызметтермен қамтамасыздандырады. Мұндай аймақтық қызметтерге білім беру, денсаулық сақтау және аймақтық қамсыздандыру жатады.

    1.4 Аймақтар деңгейінде сыртқы экономикалық байланыстарды басқару


    Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жалпы қа­ғи­даларына (принциптеріне) сәйкес заң актілері, ҚР Пре­зи­ден­тінің жарлықтары мен өкімдері, атқарушы билік орган­да­рының нормативтік актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген тәртіпте қолданылады. Осы­лар­дың барлығы, республика аймақтарының шетелдегі мем­лекеттермен, олардың фирмаларымен сыртқы қа­ты­нас­тар аясында ешқандай құқы жоқ дегенді білдірмейді.

    Мәселен, аймақтық билік органдарының келісімінсіз, қандай да бір аймақтық мүдделерін қозғайтын, мемлекет­тік деңгейде, сыртқы экономикалық қызметтер аясында ма­ңыз­ды бір жақты шешімдер қабылдау мүмкін емес, өйткені барлық салмақ пен ауырлық сол аймақтардың өздеріне тү­се­ді.

    Енді, Қазақстанның аса ірі өнеркәсіпті аймақтарының бірі – Қарағанды облысының сыртқы экономикалық қыз­ме­тін қалай басқару, қалай ұйымдастыруға болатындығын қарастырып көрелік.

    Қазақстанның басқа аймақтарындағы сияқты, Қара­ған­­ды облысында да биліктің үш тармағы өз билігін жүр­гі­зе­ді. Заң билігі – биліктің өкілетті органы болып санала­тын, облыстық маслихат; атқарушы билік – облыс әкім­ші­лі­гі, әкімият, сот билігі соттар жүйесі арқылы таныс­ты­рыл­ған. Облыс орталығы – Қарағанды қаласы. Қалалық мәсли­хат, қала әкімшілігі, соттар билік жүргізеді.

    ҚР Консти­ту­ция­сымен анықталатын өздерінің өкілеттіктері, басқа заң актілері шеңберінде, аймақтық биліктің әрбір тармақтары облыс аумағында орналасқан сыртқы экономикалық бай­ла­ныс жасауға қатысушылардың қызметін бақылау мен бас­қа­руды жүзеге асырады.

    Облыс әкімшілігі мен оның халықаралық және сырт­қы экономикалық байланыстар жөніндегі құрылымдық бө­лімінің облыс деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті жедел басқарудағы маңызы зор. Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі облыс әкімшілігі бөлімінің негізгі қызметі:


    • сыртқы экономикалық қызметтің басым бағыт­та­рын анықтау және облыстың халықаралық бай­ла­ныс­тарын дамыту;

    • шетел инвестицияларын тарту туралы мәселелерді үйлестіру, шетел капиталын қатыстырумен ірі эко­но­микалық жобаларды жүзеге асыруға бақылау жа­сау;

    • облыстың экспорттық әлеуетіне (потенциалына) талдау жасау, оны пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу, шетел делегацияларын қабылдау, олардың облысты аралауын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен мәдени және басқа байланыстар орнату;

    • облыстың валюталық қорына қаржылардың түсуі мен оның жұмсалуына, сыртқы экономикалық қыз­­­­­мет аясындағы заңдардың сақталуына бақылау жа­сау;

    • облыстың сыртқы экономикалық қызметінің мәсе­лелері бойынша заң актілерінің жобасын әзірлеу, көрмелер, семинарлар, таныстырулар, оқу мен тәжірибе-сынақтардан өтуді ұйымдастыру;

    • облысқа берілген өкілеттіктер шеңберінде экспорт пен импортты квоталау мен лицензиялауды жүзеге асыру;

    • облыс аумағына шет ел капиталын қатыстыратын инвестициялық жобаларға сараптық баға беру;

    • облыстағы сыртқыэкономикалық қызмет пен ха­лық­аралық байланыстардың (кеңестер, конферен­ци­я­лар, келіссөздер, таныстырулар және т.б.) бо­ла­шақ және ағымдағы жоспарларын даярлау;

    • облыс аумағында біртұтас сыртқы экономикалық саясат жүргізу мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімшіліктерімен сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру.

    Қарағанды облысындағы сыртқы экономикалық қыз­метті басқару жөніндегі бүкіл жұмыстар облыстық мәслихатпен, қалалар әкімшіліктерімен, Қарағанды сауда-өнеркәсіп палатасымен және Қарағанды кеден басқар­ма­сы­мен, ірі банктермен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі.

    2 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ

    БАЙЛАНЫСТАРЫН ТАЛДАУ

    2.1 Қарағанды облысындағы сыртқы экономикалық байланыстардың

    қазіргі жағдайы

    Қарағанды облысы – еліміздің индустриалды орталығы болып есептелетін Қазақстан Республикасының ірі өңірі.Мұнда қара және түсті металлургия, көмір мен тау-кен өндіру өнеркәсібі ондаған жылдар бойы көшбасшылық ұстанымды иеленіп келеді. Сонымен қатар энергетика,химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы, көптеген басқа салалар қарқынды даму үстінде.

    Алайда Қарағанды облысы тек өзінің өнеркәсібімен ғана емес, сонымен бірге ғылыми әлеуетімен де белгілі. Өңірде соңғы жылдары халықаралық стандарттарға сай сапа менджменті жүйесі, білім берудің инновациялық технологиялары, оқытудың электронды құралдары белсенді түрде енгізіліп келе жатқан ірі техникалық және гуманитарлық жоғары оқу орындары аз емес. Облыстың жоғары оқу орындарында ғылым мен өндіріс интеграциясына, әлемдік білім беру кеңістігіне шығуға ерекше назар аударылуда. Осының бәрі, сайып келгенде, Қарағанды облысына еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп келе жатқан реформаларды іске асыруға зор үлес қосуға мүмкіндік береді, ондай реформалардың басты мақсаты – Қазақстандық тұрғындардың әл-ауқатын жоғары деңгейге көтеру арқылы әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттерінің біріне айналдыру.

    Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемде өзінің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімен үлкен қызығушылық туғызып отыр.Мұндай қызығушылық еліміздің өңірлеріне, оның ішінде Қарағанды облысына, соңғы жылдары белсенді түрде көрініс табуда. Мұның өзі біздің өңірдің жақын және алыс шетелдермен екі жақты ынтымақтастығын жан-жақты дамытуда көрінетін өзінің практикалық нәтижелерін беретіндігі сөзсіз.

    Мәселен, соңғы 10 жылда Қарағанды облысы Ресей Федерациясының, Украинаның көптеген облыстарымен, сондай-ақ Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жекелеген өңірлерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақт астық тура лы келісімдерге қол қойды. Біздің белсенді әріпте стеріміз арасында Үндістанның, Германияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореямен Хорватияның өңірлері бар. Тікелей өңірлік деңгейде орнатылған бұл байланыстар белсенді түрде дамып келеді. Мысалы, тек өткен жылы Қарағанды облысына жақын және алыс шетелдердің 17 ресми делегациясы келді.

    Атап айтқанда, бұл Ресей Федерациясының Челябі, Қорған, Кемеров және Томск облыстарының, Алтай өлкесінің, Украинаның Луган облысының делегациялары, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасының өкілдері болып табылады.

    Осы сапарлар аясында сауда-экономикалық байланыстарды орнату жөніндегі меморандумдарға қол қойылды, бұл біздің өңір мен осы елдер арасындағы тауар айналымын арттыруға, экономикалық, ғылыми және мәдени байланыстарды дамытуға үлкен жәрдемін тигізді.

    Украинадағы Қазақстан Жылы аясында Қарағанды облысы күндері өткізілген Украинаның ірі өнеркәсіптік өңірі – Днепропетровск облысымен іскерлік байланыстардың орнатылуын ерекше бөліп айтуға болады. Біздің өңірлер арасында экономиканың құрылымы мен дамуында ортақ жәйттер көп, бұл өзара тиімді ынтымақтастық үшін қолайлы алғышарттар жасайтындығына күмән жоқ. Және де Днепропетровск қаласында ресми делегациядан басқа қарағандылық кәсіпорындардың басшылары мен бизнесмендердің үлкен тобы болуының да өзіндік мәні бар.

    Сонымен қатар өңір тыныс-тіршілігіндегі маңызды оқиғалардың бірі кең ауқымды халықаралық әріптестік қатынастарды орнатуға едәуір дәрежеде ықпал еткен алдыңғы жылы өткізілген «Қарағандыинвест-2007» І Халықаралық форумы болды. Форумға 30 жақын және алыс шетелдерден 800-ден астам өкілдер қатысуының өзі оның қаншалықты ауқымды болғанын дәлелдейді.

    Олардың ішінде аса ірі компаниялардың, біздің елімізде аккредиттелген дипломатиялық және сауда миссияларының өкілдері, әлемге танымал сарапшылар болды. Әлеуетті инвесторларға энергетикаға,тау-кен өндірісі мен өнеркәсіп кешендеріне,инфрақұрылымдарды, жаңа иновациялық технологияларды дамытуға қатысты бірнеше ондаған ірі жобалар ұсынылды.

    Егер, тұтастай алатын болсақ, оның нәтижесі өңірге 140 млрд. теңгеден астам жалпы сомада инвестиция тарту жөніндегі келісімдер болып табылады.

    Форумның қорытындыларын өрістетуде ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша, құрылыс индустриясында, машина жасауда, химия, көмір және тамақ өнеркәсібі салаларында бірлескен өндірістерді құру жөніндегі ниеттердің хаттамаларына қол қойылды. Мысалы, Қарағанды облысының әкімшілігі, «Сарыарқа» БКК ҰК» АҚ, «KOIF» Корей компаниясы және «Shinhanbank» банкі меморандумға қол қойды, ол бойынша Қарағандыдағы ЖЭО-4, «Panel city» жобасы бойынша қазіргі заманғы тұрғын үй кешені, әлеуметтік нысандар, оның ішінде медициналық мекемелер құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделген.

    Сыртқы экономикалық байланыстарға қатысты, тұтастай алғанда, қазіргі кезде Қарағанды облысының кәсіпорындары әлемнің 90-нан астам елімен қарым-қатынас орнатқанын айта кеткен жөн. Соңғы 6 жыл ішінде экспорт көлемі бойынша көрсеткіш 4 есе өсті, біздің өңір осы көрсеткіш бойынша жоғары деңгейдегі Қазақстан көшбасшылары қатарынан орын алады. Бұл орайда облыс қазақстандық нарықта да өзінің бәсекелестік ұстанымын сақтап келеді.

    Осы орайда бірнеше мысалдар келтіре кетпекшіміз.Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы 2007 жылдың қорытындысы бойынша 9 млрд. долларға жуық болды. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 142,6% құрайды. Экспорт көлемі 7,1 млрд. доллардан асты, немесе 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 143,2% болды. Сонымен қатар импорттың көлемі 1,8 млрд. АҚШ долларына жетті, немесе 2006 жылға қарағанда 145,9%-ға жетті. Сонымен, оң сальдо 5,3 млрд. долларды құрады.

    Қарағанды облысынан экспортталатын негізгі тауарлар арасында қара металдар және одан жасалатын бұйымдар, тазартылған мыс, мырыш, алтын, күміс, минералдық өнімдер және т.б.бар. Негізгі импортталатын тауарлар машиналар және жабдықтар, азық-түлік тауарлары, көлік құралдары болып қала береді.

    Сонымен қатар біздің облысымызда Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған Индустриалды-инновациялық дамудың стратегиясын іске асыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығын айта кету керек. Оның аясында өткізілетін экономиканы әртараптандыру бізге шикізаттық бағыттан арылуға және экспортқа өнім шығаруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қарағанды облысында қазақстандық кәсіпорындарды әлемдік нарыққа шығаруға қабілетті тек бірегей жобаларды біріктіретін «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» Мемлекеттік бағдарламасына енгізілген екі қуатты жоба жүзеге асырылуда.

    Бұл, біріншіден, «Силициум Казахстан» компаниясының металлургиялық кремний шығару зауыты. Оның құны 110 миллион доллардан асады., ал өндірістік қуаты жылына 25 мың тоннаны құрайды. Оны жүзеге асыру, халықаралық сарапшылардың пікірлері бойынша, Қазақстанға жоғары технологиялардың серпінді дамушы нарығына шығуға мүмкіндік береді.

    Екіншіден – бұл жылына қуаты 400 мың тонна болатын сортты прокат өндірісі, оның құны да тым жоғары – 150 миллион доллар. Осының бәрі ішкі нарықты дәстүрлі түрде елімізден тыс жерге экспортталатын материалдармен толтыру, сондай-ақ экспорт пен импорт құрылымын теңдестіру үшін жасалады. Қуатты өнеркәсібі бар өңір қажетті нәрсенің бәрімен өзін қамтамасыз ете алатындай болуы тиіс.

    Бұдан шығатын қорытынды, барлық қолданылып жатқан шаралар, оның ішінде, сыртқы экономикалық және өңіраралық ынтымақтастық саласында, ең алдымен өңір тұрғындарының әл-ауқатының деңгейін арттыруға бағытталған. Сол арқылы біз еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында халыққа Жолдауындағы алға қойған міндетті белсенді түрде орындауға күш саламыз, ондай міндеттің мәні Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру, жаңару дәуірінде – еліміздің әлемдік қоғамдастыққа белсенді ену дәуірінде, біздің егеменді мемлекетіміздің экономикалық та, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздігін де қамтамасыз ету болып табылады.

    Қарағанды облысында индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде өнеркәсіптік өнім көлемі 1,6 есеге артты және 2007 жылы 691,0 млрд. теңгені құрады немесе 2006 жылғы деңгейге (513,0 млрд. теңге) 134,7%. Өндіріс өсіміне «Арселор Миттал» КД шахталарындағы (11%), «Қарағандытүстіметалл», «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорындары ассоциациясының көмір разрездеріндегі жоспарланып отырған көмір өндірісін арттыру әсер етеді.( Кесте 1)


    Кесте 1 - Облыста өнеркәсіптік өнім өндірісі




    Атауы

    2005 жыл

    2006 жыл

    2007 жыл


    Облыстағы өнеркәсіптік өнім көлемі, млрд. тенге

    437,0

    513,0

    691.0

    Өнімнің айғақты көлем индексі %

    103,0

    91,1

    106.0

    Жалпыреспубликалық өнім көлеміндегі үлес салмағы, %

    11,3

    10,0

    10.6

    2005-2007 жж. өнеркәсіптің өсімі едәуір көлемді инвестиция салумен қамтамасыз етілді. Облыс экономикасын дамытуға (қаржылық емес салаларға) 308,1 млрд. теңге салынды.

    2006 жылға негізгі капиталға инвестицияның салалық құрылымының талдауы көрсеткендей, олардың едәуір бөлігі өнеркәсіптік кәсіпорындарға (51,2%), оның 41,8% қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына келеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінде капиталға қолайлы салалар қара және түсті металлургия (инвестиция көлемі 74,8%) болып табылады, Мұнда негізгі жабдықтарды модернизациялау мен жаңартуға инвестициялардың негізгі бөлігі бағытталды. Сонымен қоса, химиялық өнеркәсіпке инвестиция көлемі 2005 ж. Салыстырғанда 3,5 есеге күрт артты, бұл «EURASIAFLOR»АҚ (еден жабындарының өндірісі), «ЮИИ Қазақстан»ЖШС (жарылғыш заттар өндірісі), «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС (дәрілік препараттар өндірісі) сияқты жаңа кәсіпорындарды енгізумен байланысты.

    2007 жылы тау-кен саласының өндіріс өнімінің көлемі 43,8 млрд.теңге, немесе 2005 жылға 166,5% құрайды. Өндіріс өнімі көлемінде тау-кен өнеркәсібінің үлес салмағы 6,5% (2006 ж.). құрайды

    Соңғы жылдары қайта өңдеу өнеркәсібінің құрылымы өзгерді. Машина жасау және басқа салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісінің өсу тенденциясы байқалады, бұл өнеркәсіптің кейбір түрлерінің үлес салмағының қысқаруына алып келді.

    Ең көп өнім өндірісі көлемі металлургия мен металөңдеудің үлесінде.

    Республикалық өнеркәсіптік өндірісте облыс үлесіне мыналар кіреді: темір немесе болат илек 100% ;дайындама түріндегі тазартылған мыс -96,1%; қара металл құбырлар – 91,5%; айырылған күміс – 78,1%; мыс кенін өндіру – 99,3%; тас көмір – 31,0%; темір кені – 27,1% .

    Осыған байланысты 2005 жылы облыста «Металлургия-металөңдеу» пилоттық кластерін құру және дамыту бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыру басталды. (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы №633 қаулысы). Үйлестіру кеңесі құрылды және оның 3 отырысы өтті. Сонымен бірге даму институттарымен бірлесе отырып кластерге қатысушы кәсіпорындар үшін 4 кластерлік конференциялар ұйымдастырылды. Бүгінгі күні кластерге қатысушылар 42 өнеркәсіптік кәсіпорын мен ғылыми институттар болып табылады.

    Отандық кәсіпорындар өнімінің экспорттық потенциалын және бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін кластерді жүзеге асыру мақсатында 2005 жылы 14 қыркүйекте облыс әкімдігі, «Миттал Стил Теміртау»АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы»ЖШС мен «Металлургия-металөңдеу»кластерінің Үйлестіру кеңесі арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

    Осы Меморандумда жергілікті тауар өндірушілер үшін бағаны 5 % түсіру көзделген. Бұл мәселе әлденеше рет Үйлестіру Кеңесі отырыстарында қаралды, баға саясаты бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Арселор Миттал» АҚ басшыларына ұсыныс хаттар әзірленді.

    2005 жылдың 30 қыркүйегіндегі келіссөз барысында «Арселор Миттал» АҚ ішкі нарықта өз өнімінің бағасын 2,0 % түсіруге келіскен. Алайда кластер қатысушыларын бұл қанағаттандырмады, себебі осы тектес өнімнің бағасы Ресей мен Қытайға қарағанда жоғары болып отыр.Металлөңдеумен айналысатын облыс кәсіпорындары металл өнімдерін Қытай мен Ресейден алуға мәжбүр.

    «Металлургия - металөңдеу» пилоттық кластерін құру және дамыту бойынша шаралар жоспарын орындау аясында Теміртау қаласында Индустриалдық парк құру жобасы іске асырылуда. Территориясы анықталды, Теміртау қ. мен Бұқар жырау аудандарында 940 га жер бөлінді.

    Жобаның ТЭН әзірлеуге 2006 жылы облыстық бюджеттен 39,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен 335,0 млн. теңге бөлінді. «Теміртау қ. Индустриалдық парк» ЖШС құрылды. Жобалау-сметалық құжаттың жалпы құны 508,5 млн. теңге.

    2004-2006 ж.ж. кезеңінде облыста индустриалдық-инновациялық бағыттағы 58 өндіріс құрылды, оларда 2174 жұмыс орны ашылды, салынған қаражат сомасы 59,1 млрд. теңгені құрады. Олардың арасында:

    Жылына 100 мың тонна мырыш шығаратын «Балқаштүстіметалл» ХМК «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мырыш зауыты іске қосылды. Зауытта «Дайнатек» канадалық фирмасының жаңа технологиясы, яғни қоршаған ортаны ластамайтын технология қолданылды. Зауыт нарықтың жаңа сегменті-мырыш концентратын қайта өндеуге бағытталған(құрамындағы мырыш 50%) әлемдегі басқа зауыттар құрамында 50% артық мырышы бар концентраттарды қайта өңдеумен айналысады.

    «Alian-paint» ЖШС бояу материалдарының өндірісі басталды. 2005 жылы 900 тоннадан астам бояулар өндірілді. Жобалық қуаттылығына (жылына 3000 т) 2008 жылы қол жеткізеді. Өндіріс кез келген қасиеттері мен сипаттамалары бар бояу өндіруге мүмкіндік беретін европалық модульдік технологиямен жабдықталған.

    «ЮИИ Қазақстан» ЖШС Қазақстанда теңдесі жоқ «Rioflex» сулық-гельдік жарылғыш затының өндірісі басталды.Өндіріс қуаттылығы жылына 12,0 тонна.

    Кәсіпорындардың біріккен қаражаты мен 2004 жылғы облыстық бюджет есебінен қуаттылығы жылына 2 млн. ампула фармацевтикалық зауытының бірінші кезегі енгізілді.Зауыттың негізгі өнімі «Арглабин» ісікке қарсы препараты болып табылады. «Арглабин» бірегей отандық препарат медициналық препараттар реестріне тіркеліп (№003950 09.12.99.), ҚР өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың тізіміне енгізілді.

    Бассейндер, монша, сауналарға арналған «Аквател» кірден қорғаушы әмбебап модульдік жабындар мен кілемшелер шығаратын жаңа өндіріс («Карат» ЖШС) ашылды. Өнімнің Қазақстанда теңдесі жоқ, поливинилхлоридтан компьютерлік графиканы қолдана отырып инновациялық технология бойынша дайындалады.Салынған инвестиция сомасы 7,0 млн. теңгені құрады, жылдық қуаттылығы 3,0 мың шаршы метр.

    «Лека» ЖШС әлемдік стандарттарға сәйкес келетін вентиляциялық жүйелер үшін диаметрі 80-1250 мм спираль ауа құбырларын шығару швейцарлық линиясы іске қосылды. Өндіріске шикізат ретінде «Арселор Миттал» АҚ мырыш илегі қолданылады.

    «Қазцентрэлектропровод» ЖШС-де америкалық фирма «3М» алдыңғы қатарлы технологиясы бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС металлургиядағы 5 бөлік- мыс катанкасын қолдана отырып сым мен кабель өндірісі жолға қойылды.

    2004 жылдың аяғында «Сантехпром» ЖШС-де болат радиаторларды шығару бойынша цех іске қосылды. 2005 жылы болат радиаторлар өндірісі цехы жылына 3600 штук межеге шықты.

    Бағдарламаға енгізілген облыстың инвестициялық және инновациялық жобаларын жылжыту мен жүзеге асыру үшін мемлекеттік даму институттары өзара іс-қимыл бойынша - Ұлттық инновациялық қор, Қазақстанның инвестициялық қоры, Даму банкі, Технологияның инжинирингі мен трансферті орталығы, Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, маркетингтік-талдаушылық зерттеу орталығы, Кәсіпкерлікті қолдау қорымен белсенді жұмыс жүргізілуде.

    Даму нситуттарына 80-нен астам жоба жіберілгенімен, оның 8-і ғана қаржыландырылуға мақұлданды. Жобаны жүзеге асырудың төменгі деңгейлі тиімділігі өтінім беруші тарапынан толық қарастырылмағандығынан және институт менеджерлерінің қарастыру мерзімінің ұзақтығын аңғартады.

    Бұл мәселені шешу үшін «Индустрия және сауда министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігі арасындағы аймақ экономикасын қарқынды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы» Меморандумында бір тармақ қарастырылды. Оған сәйкес Министрлік енгізілген жобаларды даму институттарының қарастыру мерзімін белгілеу мүмкіндігін қарастыруы керек. Жалпы мемлекеттік даму институттарынан 2,2 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды.

    Соған бірлесе отырып 2004 жылы басталып, 2005 жылы даму институттарының 2 жобаны қаржыландыруы аяқталды.

    «Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Eurasiaflor» ЖШС қуаттылығы жылына 1,4 млн. шарша метр еден жабындарының өндірісі басталды. Жобаның құны 480,5 млн. теңге. «Жылуқуаттылық қондырғылары үшін экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыштарын құру» ( "ТММ"ЖШС) жобасына «Ұлттық инновациялық қор» АҚ грант бөлді. Эксперименттік қондырғы құрылды, онда Цельсий бойынша 110 градус жылу температурасыына жеткізілді.

    Одан басқа «Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ бірлесе отырып 2005 жылы басталып, 2006 жылы жалғастырылып мынадай жобалар жүзеге асырылуда:

    1.Панельді ағаш үй құрылысы мен конструкциялы желімделген қырлы бөрене өндірісін ұйымдастыру» («Қарағанды ағаш өңдеу зауыты» АҚ). Жобада құрастырмалы-қалқанды үйлер дайындау көзделген. Құрастыру «Weining» герман фирмасының автоматтандырылған линиясында жүргізіледі.Жоспарланып отырған өндіріс көлемі – 200 үй/жылына, жоспарланған жұмыс орны – 200.

    2. «Арнайыкокс өндірісі мен электр және жылу энергиясын шығару бойынша кешен құру» ( «Қазақстан Инвест Көмір»). Арнайкокс өндірісінің жоспарланып отырған көлемі жылына 1,0 млн. , жоспарланған жұмыс орны – 72.

    «Ұлттық Инновациялық қор» АҚ бірлесе отырып мына жобаларды жүзеге асыру көзделеді:


    1. «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС «Арглабин» ісікке қарсы препаратының өндірісі үшін участок ұйымдастыру»;

    2. «Антилишай» тиімділігі жоғары антитрихофитозды линимент құралын шығару және ветеринарлық тәжірибеге енгізу» ОСКИ (оргсинтез және көмірхимиясы институты).[6,15]

    Экономика салаларын Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) енуге дайындау мақсатында облыс кәсіпорындарында ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу бойынша шаралар өткізілді.

    Осы жұмыс аясында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау қалалары әкімдіктерінде аймақ кәсіпорындары, Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу комитеті Басқармасы, «НаЦЭкС»ААҚ ҚФ, сауда-өнеркәсіп палатасы, Орталық Қазақстан кәсіпкерлерінің ассоциациясы, сапа менеджментінің сертификация мен консалтинг бойынша компания басшыларының қатысуымен кеңестер өткізілді.

    Бүгінгі күні облыстың 51 кәсіпорны сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізді, 24-і енгізуге жұмыс жасап жатыр.

    Облыс әкімдігі көмегімен ҚарМТУ жанындағы стандартизация, метрология және сертификация орталығы, «НаЦЭкС»ААҚ ҚФ, «НаЦЭкС»ААҚ ЖФ, «Қарағанды сапа институты» ЖШС «Дөңгелек үстелдер», Экономика салаларын ДСҰ енуге дайындау мен ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізілді.

    Экономика салаларын ДСҰ енуге дайындау мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен сөз болды.

    Облыста жыл сайын «Қарағандылық сапа» байқауы өтеді, онда облыстың 50-ден аса кәсіпорындары қатысады. Облыстың инновациялық жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының бекітілген ұлттық инновациялық жүйесін дамыту Бағдарламасына сәйкес аймақтық технопарктер инновациялық инфрақұрылымның негізгі институты болып табылады.

    ҚР 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру мен ҚР Премьер-министрінің тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «Технопарк UniScienTech»ЖШС құрылды.

    Технопарктің негізгі міндеті ғылыми-техникалық сфераның, инновациялық бизнестің ресурстарын біріктіру арқылы аймақта тиімді инновациялық орта қалыптастыру, осылайша ғылыми-техникалық прогресті және ғылымды коммерциализациялауды ынталандыру болып табылады.

    Жарғылық капиталы 539,4 млн. тенге мөлшерінде қалыптастырылды. «Технологияның инжинирингі мен трансферті» АҚ (акция үлесі 74,2 %) мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті кейпіндегі облыстық әкімдік (акция үлесі 25,8 %) құрылтайшылары болып табылады. Технопаркке Жарғылық капитал есебінен 100 млн. теңге, жалпы құны 39,462 млн. теңге (Құрылысшылар даңғылы, 4 үй мекенжайдағы кеңсе ғимараты, ғимараттың бір бөлігі Гоголь к., 34) тұратын кеңселік және өндірістік ғимарат берілді.

    Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті «Технологияның инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ технопарктің құрылтайшылары ретінде бірлесе отырып, Серіктестік Қатысушылары құзырлылығы шегінде технопарк қызметін бақылауды және жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, атап айтқанда құрылтайшылардың жалпы жиналысында даму жоспары мен қызметтің негізгі бағыттарын келісу, көлемді инфрақұрылым қалыптастыруда көмек көрсету т.б. жүзеге асырады. Нақ осы кезеңде аймақтың ірі кәсіпорындарының, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және облыстық бюджеттің қатысуымен ғылыми және инновациялық әзірлемелерді қаржыландыру мақсатында венчурлік қор құру мәселесі қарастырылып жатыр. Инновациялық жобалардың деректер базасын толықтыру бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі.

    2005 жылдың қараша айында технопаркта Эксперттік кеңес құрылды, оның құрамына облыстың кәсіпорын мен ғылыми мекемелерінің басшылары кірді. Технопарктің мәліметтер базасында бүгінгі күні 90 жоба бар. Барлық жобалар бойынша бекітілген талаптарға сәйкес өтініш берушілермен жұыс жүргізіледі.

    Оқыту орталығының қызметі аясында ғылым, өндіріс және бизнес өкілдері үшін 3 ірі семинар ұйымдастырылды. Облыстың ЖОО-мен және ҒЗИ-мен ынтымақтастық орнатылды және меморандумдар жасалынды.

    2006 жылдың қазанында Технопарктің Құрылысшылар даңғылы, 4 мекенжайында орналасқан жаңа офистік ғимаратының тұсаукесері болды. «Технопарк UniScienTech»ЖШС жалпы көлемі – 2650 шаршы метр.

    Қаражал,Теміртау, Жезқазған қалаларында жалпы жарғылық қоры 820 млн. теңге болатын 3 инвестициялық-инновациялық қор құрылды.

    Қазіргі таңда «Арселор Миттал» КД ААҚ шахтасында жаңа технологиялар енгізілген, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін «шахта-лава» схемасы бойынша өндірістің сапалы жаңа деңгейіне ауысуы қамтамасыз етілген.

    «Өркен» ЖШС-да («Арселор Миттал» ААҚ кәсіпорны) темір руда өндіру көлемі өскен. Кеңтөбе кен орнында екінші кезектегі байыту фабрикасының құрылысы аяқталуда, ол темір құрамы төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік береді және даяр өнімнің сапасын жақсартады.

    «Батыс Қаражал» шахтасында (Атасу) 1999 жылдан кейін алғашқы рет темір рудасын өндіру көлемін жылына 1 млн. тоннадан асырды. Өндіріс қуатын қайта жаңарту үшін өткен жылы жаңа + 44 м. горизонтының, сонымен қатар темір рудалы қойыртпа алу үшін байыту қондырғылар корпусының құрылысы басталған.Бұдан басқа «Арселор Миттал» ААҚ-да өз қаражаты есебінен темір руда базасын кеңейту жұмысы жүргізілуде.

    «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ-да өндірістік қуаты жылына 4 млн.тонна кен өндіретін Нұрқазған алтын-мыс кен орны іске қосылған. Кен орнында ТМД бойынша алғашқы рет спутниктік байланыспен қамтылған диспетчерлік басқару енгізілген. Кен орнындағы барлық агрегат (эксковаторлар, автосамосвалдар, «Катерпиллер» фирмасының бұрғы қондырғылары және басқа техника) диспетчер дисплейлі спутниктік байланысы бар. Корпорацияның көмір тіліктері көмір өндіру көлемін тұрақты өсіруде (2000 жылы – 6,5 млн. теңге, 2007 жылы – 7,7 млн. теңге). Шикізат базасының қажетті деңгейін қолдау үшін корпорация жұмыс жүргізген жерлер орнына жаңа кен орындарын игеруде.

    Еуразия өнеркәсіп ассоцияциясының кәсіпорындары өндіріс көлемін өсіруде. Осылай «Шұбаркөл Көмірі» ААҚ 2007 жылы 4,3 млн. тоннаға дейін көмір өндірілген, бұл 2000 жылдың көлемінен 2 есе артық. «Тұр» кен орнында 2007 жылы 230,3 мың тонна марганецті қойыртпа шығарылған, 2005 жылдан бастап кен орны 240 мың тонна өнім - жобалық қуатына шығады.

    «NOVA-Цинк» БК ЖШС өнімнің негізгі түрлерін шығару сақталады: жылына 38 мың тонна көлемінде мырыш қойыртпадағы мырыш, қорғасын қойыртпадағы қорғасын – жылына 4,35 мың тонна.

    2007 жылы кең тараған пайдалықазбаларды өндіруге және/немесе барлауға 16 келісім-шарт жасалған. Келісім-шарттың едәуірі (2007 жылы 10) бірлескен барлау және өндіру үшін жасалған, бұл бүгінгі күнде кәсіпорындардың барлау жүргізу және жаңа кен орындарын іске қосу үшін өз қаражатын біле тұра коммерциялық тәуекелге барудың негізгі көрсеткіші болып табылады.

    2007 жылы өңдеу өнеркәсіп өнімінің үлес салмағы 86,8%, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде (2001ж.-80,0%, 2002ж.-82,7%) құраған. (Кесте 2)

    Кесте 2- Өңдеу саласының өнімін өндіру





    2000 жыл

    2001жыл

    2002жыл

    2007жыл

    Өндеу саласының өнім өндірісінің көлемі, млрд. теңге

    237,3

    222,4

    256,9

    315,8

    Өнімнің айғақты индексі көлемі, %-бен

    117,8

    108,2

    106,2

    103,1

    Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу саласының үлес салмағы, %-бен

    87,0

    84,1

    85,5

    86,8

    Соңғы жылдары рынок өзгерісі әсер еткенде қалыптасқан өнеркәсіптегі құрылымдық өзгерістер өңдеу салалары өнімінің үлес салмағының өсіуімен сипатталған. (Кесте 3)

    Кесте 3-Өңдеу өнеркәсібінің құрылымы ( %-бен)






    2000жыл

    2001жыл

    2002жыл

    2007жыл

    Өңдеу өнеркәсіп өнімінің көлемі

    100,0

    100,0

    100,0

    100,0

    Оның ішінде:













    А/ш өнімін қайта өңдеу

    3,4

    4,9

    4,8

    7,8

    Химия

    0,7

    1,6

    1,6

    1,7

    Машина жасау

    0,9

    1,4

    1,3

    1,2

    Металлургия

    93,4

    90,0

    89,7

    86,6

    Басқа салалар

    1,7

    2,2

    2,6

    2,6

    Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіріс және өңдеу көлемі өсуде. Майқұдық және Жезқазған құс фабрикаларының қуаты ұлғайған, бұның арқасында облыс халқы диеталы жұмыртқамен толық қамтамасыз етілген. Ботақара құс фабрикасы «Ақнар ҚФ» ЖШС бройлерлі ет өндіру жөніндегі жұмысы қалпына келді. Абай ауданындағы «Құрма» құс фабрикасында үздік шет елдік технологияларға сәйкес төрт құс қора қайта құрудан өткен, жұмыртқа сапасын анықтайтын зертхана іске қосылған.

    Тамақ өнеркәсібінің өнім түрлерін көбейту, жабдықтарды және технологияларды жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

    «Қарағанды маргарин зауыты» АҚ 2007 жылы ИСО9000 сериялы халықаралық сапа жүйесінің куәлігіне ие болған.

    Саланың үздік және де жылдан жылға өндіріс көлемі мен өнім түрлерін көбейтетін кәсіпорындар «Қарағанды конфеттері» ААҚ, «Қарағанды-Нан Корпорациясы» ЖШС, «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» ШК ЖАҚ, «Бидай-Нан» ААҚ сапа жүйесін енгізуде жұмыс жасауда.

    1999-2002 жылдары резинатехникалық бұйымдар өндіретін республиканың жетекші кәсіпорны «Қарағандырезинатехника» АҚ сауықтырудан өткен. Оның негізінде резинатехникалық бұйымдардың негізгі түрлерін шығаратын 4 жаңа кәсіпорын жұмыс істейді: резинаарқан және резинамата ленталары, жең, қалыпты және қалыпсыз резинатехникалық бұйымдар, біліктер және желдеткіш белбеулер, резина клейі, тауар резинасы, гумирлеу валдар.

    2002, 2007 жылдары резина және пластмасса бұйымдарының өндірісі 31,0% және 57,1% өскен.

    Осы кезде резинатехникалық бұйымдарды сату рыногы Ресей және Орта Азияда игерілуде, Иран және Эстониямен келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорындарда ИСО9000 сериялы сапа менеджмент жүйесін енгізу жұмыстары басталуда. Химия өнеркәсіп өнім көлемінің өсуі 2002 жылы 7,7%, 2007 жылы 2,8% құраған.

    2001 жылы облыста Шахтинск СМС зауыты негізінде жуғыш ұнтақтар өндірісі қалыптасқан. Кәсіпорынның («Монета Дитердженс» ЖШС) жаңа иесі синтетикалық жуғыш құралдар цехына күрделі жөндеу және жаңғырту жүргізген, әлемде белгілі “Акма”, “Аллен Брендли”, “Феррари” фирмаларының бүгінгі күннің жабдықтары мен электроникалары қойылған, “Баллестра” италия компаниясының жуғыш ұнтақтар өндірісі бойынша бүгінгі күннің технологиялық Сабиц желісі енгізілген.

    Машина жасауды дамытудағы маңызды рөл облыстың бірнеше машина жасайтын кәсіпорындарын іске қосқан «Арселор Миттал» ААҚ және «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ келеді.Соңғы жылдары жүргізген машина жасау кешені кәсіпорындарының қайта құрылымдау және технологиялық қайта құрылысы рынок сұранысына және тұтынушылар тапсырысына сәйкес шығаратын өнім түрлерін кеңейтуге, 4-5 шектегі өнім шығаруын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

    Халықаралық сапа жүйе «Имсталькон» ААҚ, «Техол» ЖАҚ Қарағанды металл құрылым зауытында енгізілген.

    «Арселор Миттал» ААҚ. Кәсіпорын қара металл және шойын илектің барлық республикалық көлемін өндіреді. «Арселор Миттал» АҚ ыстық мырыштау желілері енгізілген, диаметрі 20-76 мм, жылына 80 мың тонна жобалық қуатты, 175 млн. теңге тұратын электрдәнекерленген құбырлар өндірісінің цехы іске қосылған. Осы өнім коммуналдық қызмет көрсету және құрылыс саласында талап етіледі. Өткізу рыногы - Өзбекстан, Украина, Қырғызстан және т.б. елдер.

    Қайта құрылған №3 домна пешті техникалық қайта жарақтандыру нәтижесінде техникалық - экономикалық көрсеткіштері жақсарған: пештің өнімділігі шойын жылына 1450 ден 1520 мың тонна дейін өскен, пайдалы көлемі 2700-ден 3200 текше метрге артқан. Инвестиция көлемі 9360 млн. теңгені құраған.

    ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарт сапа жүйесі қарқын енгізілуде. 2007 жылы илек өндірісіне (ЛПЦ-1,2,3 және ЦГЦА) ИСО 9000 сериялы куәлігі берілген, бұған 1 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған.

    Қосымша құн және шектеу дәрежесін өсіру мақсатымен «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ жылына 500 кг зергерлік бұйым өндірістік қуатты БКМК – да зергерлік-сәнді цехы іске қосылған. Бұйымдар толығынан экспортқа жіберіледі. БКМК шаңтұтқыш цехында 99 % зиянды қатты лақтырындылар аулайтын жеті құрғақ электрсүзгі іске қосылған.

    Жылына 100 мың тонна мырыш өндірістік қуатты «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ «Балқаштүстімет» ХМК ӨБ мырыш зауыты іске қосылған. Зауытта канада «Дайнатек» фирмасының қоршаған ортаны ластамайтын - жаңа технология қолданған. Бұдан басқа зауыт рыноктың жаңа сегменті – құрамында 50% мырыш бар мырыш қойыртпасын қайта өңдеуге бағытталған, әлемдегі басқа мырыш зауыттары 50% дан артық мырыш қойыртпаларын қайта өңдейді. 2004 жылы ПВ-2 (Ванюков пеші) жұмысын бастады, бұл құрамындағы мыс көлемі төмен руданы қайта өңдеуге мүмкіндік берді (0,14 %-дан 0,18 % -ға дейін). (Кесте 4)

    Кесте 4-Облыстың өнеркәсіп құрылымы

    %-бен




    2000 жыл

    2001 жыл

    2002 жыл

    2007 жыл

    Өнім өндірісінің көлемі, барлығы

    100,0

    100,0

    100,0

    100,0

    Оның ішінде













    Кен өндіру өнеркәсібі

    6,2

    7,9

    6,6

    6,4

    Өңдеу өнеркәсібі

    87,0

    84,1

    85,5

    86,8

    Одан металлургия

    92,6

    88,9

    88,9

    86,7

    Электр қуатын, газ және су өндіру және үлестіру

    6,8

    8,0

    7,9

    6,8

    Көріп отырғандай өңдеу өнеркәсіптегі негізгі үлесті (85%-дан астым) «Арселор Миттал» ААҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» АҚ ұсынған металлургия құрайды. Осыған байланысты осы кәсіпорындар өнімінің 95-98%-ы экспортқа жіберіледі. Бұл облыс экономикасын әлемдік металлдар рыногының бағасына бағынышты етеді. Және де, экспортқа металлургиядағы 3 шектегі ғана өнімі жіберіледі. Сонымен қатар, экспортқа марганецті қойыртпа, қорғасын, мырыш, алтын, күміс былайша айтқанда шикізат жіберіледі.

    Аймақтың индустриалдық – инновациялық бағдарламасының негізгі мақсаты ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер шығару үшін балансталған индустриалдық кешенін құру болып табылады.

    Өңдеу өнеркәсібіндегі және қызмет көрсету саласындағы бәсекеге қабілетті және экспортқа арналған тауарлар, қызмет, қызмет көрсетуді өндіру аймақтық индустриалдық - инновациялық саясатының негізі болып табылады.

    Өнеркәсіп құрылымындағы негізгі орын металлургия болып қалады. Оның мәселесі басқа салаларды дамыту, олар: машина жасау, тамақ, химия, кен өндіру салалары. Өнеркәсіп өндірістегі олардың үлесін электр қуатын, газ және судың үйлестіруімен бірге 2015 жылы 35%-ға дейін жеткізу облыс экономикасының тұрақтылығын көтереді және дүниежүзілік металдар рыногындағы бағаның өзгеруіне байланысты оның даму көрсеткішінің бағыныштығын азайтады, бұл облыстың индустриалдық саясатының негізгі мақсаттарына және мәселелеріне келеді. Осы мақсатқа жету үшін мынадай өлшемдер таңдалған:


    • жаңа үдемелі әдістерді тарату, технологиялық жүйелер мен жаңа енгізілмелердің басымдылығы;

    • ескі технологиялар мен өңдеу әдістерін қысқарту;

    • салалық құрылымдарды оңтайландыру;

    - өндіретін өнімдердің бәсекеге қабілеттігі және оның түр-түріндегі жаңа 25 -30 %-дан кем емес түрлерінің болуы;



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет