Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Сыртқы экономикалық байланыстың аймақтық саясаты»



бет5/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#180436
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7


Сурет 2 - Сыртқы сауда айналымындағы шет елдерінің үлесі

ТМД елдерінің сыртқы сауда айналымы 13,4% төмендеді. ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 486,5 млн. АҚШ долл. (немесе 22,4%) құрады, өткен жылдың 561,6 млн. АҚШ долл. қарсы. ТМД-ң елдерінің ірі елдер – серіктестер бойынша сыртқы сауда айналымының құрылымы келесі түрде көрінеді:

Кесте 7 – Сыртқы сауда айналымындағы ТМД елдерінің үлесі





2002 ж.

2007 ж.
Ресей Федерация

33,4%

42,8%

Украина

16,1%

15,0%

Беларусия

14,6%

12,3%

Өзбекстан

15,8%

10,1%

Қырғызстан

16,6%

18,1%

Басқа ТМД елдері

3,5%

1,7%


Сурет 3- Сыртқы сауда айналымындағы ТМД елдерінің үлесі, 2002ж.


Сурет 4-Сыртқы сауда айналымындағы ТМД елдерінің үлесі, 2007ж.

2007 ж. экспорт көлемі 1712,6 млн. АҚШ долл. құрады, яғни ол өткен жылдың көрсеткіштерінен 6,4% жоғары. (1610,2 млн. АҚШ долл. 2001 жылға).

Импорт алмастыру қазіргі сатыда өнеркәсіптің нақты секторын көтерудің негізгі бағыттарының бірі болды. Импорт алмастыру отандық тауарөндірушілерді қолдау, сауда балансын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру үшін орасан резерв болып табылады.

Импорт алмастыру бағдарламасы облыста төртінші жыл іске асырылады. Жылдан жылға импорт алмастыру өнімдерін шығару көлемінің өсіп отырғаны байқалуда. 2005 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артып, қазіргі кезде 25 млрд, теңгеден асып отыр.

2000 жылға арналған облыстық бағдарлама 12 кәсіпорынның қатысуымен басталса, 2007 жылы оған 147 кәсіпорын қатыстырылған.

2000 жылы импорт алмастыру өнімінің «Арселор Миттал» ААҚ мен «Қазақмыс» Корпорациясы» АҚ импортының көлеміндегі жеке үлес салмағы 9,5 % құрады, қазіргі уақытта ол екі есе артқан.

Импорт алмастырудың облыстық Бағдарламасын іске асыру оң нәтижесін берді. Жалпы облыстың өңдеу өнеркәсібінде, сондай-ақ, машина құрылысы, химия, жеңіл өнеркәсіп, өнеркәсіп құрылыс материалдарының және басқа да өнімдері өсуде.

Бұйымдардың номенклатурасы облыста бұрын шығарылмаған, ал қазіргі кезде сатып алушы кәсіпорындар - жергілікті тауарөндірушілер импорт шығарушылар сатып алып жүрген өнімдердің жаңа түрлерімен толыға түсті. Солардың қатарында «Алаш» ЖАҚ шығаратын ферромарганец және силокомарганец; «Краст» ЖШС және «Скиф» ЖШС жеткізіп беретін лак-бояу өнімдері, «Монета Дитерджентс» ЖШС шығаратын синтетикалық жуу құралдары, «Углесинтез» ЖШС шығаратын көмір сілтілі реагент, сұрыптау прокат («Металлекс» ЖШС»); «Киіз аяқ киім» ЖШС шығаруға кіріскен жүннен басылған аяқ-киім және құрылыс киіздері; «Еркиногнеупор» ЖШС отқа шыдамды кірпіштер; «Карагандинский завод асбоцемизделий» ЖШС жеткізіп беретін асбоцемент трубалары; «Арселор Миттал» ААҚ мырышталған жаймалары, «Карагандарезинотехника» ААҚ шығаратын резина маталы және резина тросты ленталар, сұйық көмір қышқылы («Алаш» ЖАҚ химия металлургиялық заводы) және басқалар. Тұралап қалған кәсіпорындардың саны 14% артық төмендеді.

Импорт алмастырушы өнімдерді өндіретін тұралап қалған кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қатарына қосылды. Кірпіш шығаратын «Монолит» ЖШС», синтетикалық жуу құралдарын шығаратын «Монета Дитерджентс» ЖШС, қалыпты , қалыпсыз жеңдік бұйымдар, резина маталы және резина тросты ленталар, гуммирленген валдар шығару жөніндегі цехтарды іске қосқан «Караганда резинотехника» ЖШС, «Абай тігін фабрикасы» ААҚ және тігін бұйымдарын шығаратын қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындары; «Темірші» ААҚ мүліктік кешені базасында құб өнідірісі игерген «Вторпром» ЖШС; тері бұйымдарын шығаратын «Медет» ЖАҚ және басқалар да бар. Жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Соңғы бес жыл ішінде облыстың төлемдік балансында экспорттың импортқа қарағанда нақты абсолютті салмағы байқалып отыр, осы жылдары экспорт құрамы 78-79%.

Сонымен қатар облыстағы импорт алмастырудың барлық резервтерінің бәрі бірдей қолданылмайды және ғалымдардың өнеркәсіпшілермен бірлесе отырып оларды қолданысқа енгізу жөнінде жұмыс істеуі қажет.

Қазіргі кезде бәсекеге төзімді өнім өндіруші кәсіпорындар қазірдің өзінде толық қамтылған. Бірақта өнеркәсіптерді модернизациялау процессі өнім сапасына, түрлеріне, алынатын тапсырыстар көлеміне тікелей әсер етуде, баяу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Үкіметі импорт алмастыруды дамыту міндетін экспортқа бағытталған өнімдерді құрайтын жоғары технологиялық даму, өндірістің жоғары қосымша құны арқылы қойып отыр.

Осыған байланысты аймақтың индустриалды саясаты - жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары қосымша құнды тауарлар өндіру үшін кеңейту және жаңа кәсіпорындар құру.Ол үшін жоғары технологиялық өндірістер дамытылып, өндіріске жаңа ғылыми жобалар белсенді енгізілетін болады. [8,39]

2006 жылы Қарағанды облысының шаруашылық субъектілері 143 әлем мемлекеттерімен сыртқы сауда байланыстары жөнге қойылды және кеңейтілді, оның ішінде ТМД – 23, Европамен – 37, Азиямен -28, Америкамен -29, Африкамен -19, Австарлиямен -7. Біздің облыстың өнімдері әлемнің 97 еліне қажетті, 116 ел өз өнімдерін біздің аймаққа жеткізуді іске асырды.

Экспорттың негізгі тұтынушылары болып Қытай, Италия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Түркия табылады.

Облыстың ірі экспортқа бағытталған кәсіпорындары болып және олардың негізгі тауарлары - «Миттал Стил Теміртау» АҚ қара металл прокаты; «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – тазартылған мысы табылады.

Экспорт көлемінің өсуі негізінен, мыс көлемін экспортқа – 69,6 пайызға арттыру табылады, осылайша, 2006 жылы қара металл прокаты – 2,9 млн. тонна 1,1 млрд. АҚШ дол. экспортқа шығарылды, бұл облыстың экспорт шығару көлемінің 22,0 пайызын құрайды. Бұл жағдайда орташа баға тоннасына 370,0 АҚШ долл. құрайды. Қара металды жеткізуші болып «Миттал Стил Теміртау» АҚ табылады.

Шет елге тазартылған мыс жеткізу 2,4 млрд. АҚШ долл. 338,7 мың тоннаны құрады, бұл облыстың экспортқа шығару көлемінің 48,7 пайызын құрайды. бұл жағдайда орташа баға тоннасына 6939,4 АҚШ долл. құрады.Облыстағы тазартылған мыс жеткізуші болып «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС табылады.

2008 жылғы бағалау бойынша сыртқы сауда айналымы 6,4 млрд. АҚШ долл. құрады (2007 жылға 105,9 пайыз), оның ішінде экспорт – 5,4 млрд. АҚШ (2007 жылға 110,9 пайыз), импорт – 1,1 млр. АҚШ долл. (2007 жылға 86,2 пайыз).

Экспорт көрсеткіштерінің өсуі қара металл, көмір, мыс, цинк, өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс пен алтын, ферросплавтардың артуы есеібінен болады.

Экспорт бойынша болжамданған мәліметтер талдауы 2007 жылдан бастап 2009 жылдар бойынша экспортқа шығатын тауарлардың негізгі түрлері болып мыналар қалатынына қорытынды жасауға ықпал етеді:

- «Арселор Миттал» АҚ – қара металл прокатын экспортқа 2007 жылы - 1,8 млрд. АҚШ долл. арттыратын болады.

- Тазартылған мыс пен ерітінді – жыл сайынғы экспортқа көлемі 1,9 млрд. АҚШ долл. құрайды, бұл түрлі түсті металдың нарық әлемінде өсуімен; «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Лондонның қаржылық биржасында тіркелуімен түсіндіріледі. Бұл корпорацияның өз өнімдерін өздерінің ешкімнің көмегінсіз жоғары құнмен сатуына ықпал етеді.

- тас көмір мен лигнит – 2007 жылы экспортқа 102,0 млн. АҚШ долл. құрайды. Негізгі экспортер-кәсіпорындар болып «Арселор Миттал» ААҚ КД , «Шұбар көл» ААҚ, «МУГОТЕКС» ЖАҚ табылады.

- «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс, алтын шығаруды жоспарлауда, бұл күмісті экспортқа шығу көлемі жылына 81,3 млн. АҚШ долл. және алтын жылына 56,2 млн. АҚШ долл. құрайды деген сөз.

- металды цинк – тауары 2003 жылға дейін шығарылмады десе де болады. Цинк зауытын іске қосуға байланысты металды цинк 2007 жылы - 197,6 млн. АҚШ долл. құрайды.

Негізгі экспорттық тауарлар болып табылатыңдар:

Қара металдар прокаты физикалық есептеуде өткізу көлемі бойынша 12% - ке, ақшалай көріністе өткізу көлемі бойынша 24,2% - ке ұлғайды. Өткізудің орташа бағасы 10,9% - ке өсті. Егерде 2002 ж. қара металдар прокатын өткізудің орташа бағасы 1 тонна үшін 181,60 АҚШ долл. құраса, онда 2007 ж. бір тонна үшін 201,42 АҚШ долл. құрады.Бір тонна үшін 19,82 АҚШ долларына ұлғайды.

Тазартылған мыс – экспортты бейімделу мәні бойынша екінші орындағы өнім айналым соммасы бойынша 8,2%-ға, физ. Көлемі бойынша 3,6%-ға, өткізудің орташа бағасы 4,7%-ға төмендеді. Жезқазғанның мысқорыту заводының мысы – бұл ең жоғары пробалы-99,99%, Қазақстаннан тыс жерлерде танылмал мыс. Ол Канада, Австрия, Германия, Туркия, Сауд Арабиясы мен Қытайға экспортталынады. «Қазақмыс» Корпорациясы дүние жүзілік мыс өндірушілердің ондығына кіреді. Кен өндірудің ғажап технологиясының арқасында Қазақстан мысының өзіндік құны өте төмен. 2002 жылы Қазақмыста ресейдің «Норильский никель» және «Североникель»металлургиялық компанияларының делегациясы болып кетті, және де фин компаниясы «Оуткумпу», чили компаниясы «Codelco» тәжірибесімен алмасу үшін Қазақмыс корпорациясының өкілдерін қабылдады.

2007 ж. Қытайға экспорттық жеткізілімді жүзеге асыру бойынша мыс сымының экспорты 1,7 есеге ұлғайды.Түсті металл ломы мен қалдықтардың экспортын міндетті түрде лицензиялау жағымды түрде жоғары қосымша құнды өнім экспортының өсуінде көрінеді. Осылайша, үкімет төмен қосымша құнды өнімнің үлесін азайту үшін курсты жүзеге асыруға мәжбүр.

Экспорт географиясының кеңеюіне көрші елдердің нарығын зерттеу мен үйрену, Қарағанды облысының экспорттық потенциалы бар тауарлар мен қызметтер тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар, және оларды ҚР шетелдердегі елшілігіне жіберу жағдай жасайды. Қазіргі уақытта ААҚ «Қарағанды Конфеты», КД “Арселор Миттал” ААҚ «Қарағанадырезинотехника», ААҚ«Саранрезинотех-ника», ЖАҚ «ЗОЦМ», ЖАҚ ЖШК «ЭФЕС Қарағанды сыразаводының» тауарларын жылжыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сатып алудың орташа бағасын талдау келесі өнімдер бойынша ұлғайуды көрсетеді:


  • Мал немесе өсімдік майлары. 2002 ж. өткен жылмен салыстырғанда сатып алудың орташа бағасы 40,8%-ға өсті;

  • Маргарин. . 2002 ж. өткен жылмен салыстырғанда сатып алудың орташа бағасы 11,5%-ға өсті;

  • Қант қосылған минералды және газдалған сулар. 2002 ж. өткен жылмен салыстырғанда сатып алудың орташа бағасы 17,7%-ға өсті;

  • Тұз және таза натрий хлориді. 2002 ж. өткен жылмен салыстырғанда сатып алудың орташа бағасы 32%-ға өсті.[8,45]

Экспорттық мүмкіндіктердің кеңеюіне іскерлік кездесулер жағдай жасайды, осылайша, өзара пайдалы серіктестік негізінде нарықта пайда болатын мәселелер шешіледі. Мұндай кездесулерді ААҚ «Испат Кармет» мамандарының тобы Қытайда, Кореяда, Ресей мен Украинадан, қазақстандық металлдың бәсеке қабілеттігін көтеру, металлдың сапасын жоғарлату мәселесін талқылау үшін 20 кәсіпорынның менеджерлері жиналған Мәскеу қаласында өткізді.

Металлургиялық комбинаттың туған күні деп №1 домна пеші өзінің бірінші қазақстандық шөңкесін шығарған күн 1960 жылы 3-ші маусымы саналады. Бірақта ААҚ “Арселор Миттал” - жаңа типті өндірістік бірлестіктің жыл есебі Қазақстан сияқты ТМД елдері үшін де 1995 жылдың 17-ші қарашасынан басталған. ҚР-ның Үкіметінің шешімімен 2000 жылы 40 жыл болған Карметкомбинат LNMGroup меншігіне өтіп, қазіргі кезде кең таралған халықаралық жеке меншік компаниялар құрамында “Арселор Миттал” болып жұмыс істеп жатқанына 8 жыл толды.

Бұл комбинаттың жекешелендірілуі Қазақстанда біріншілердің бірі болды және оның жемістілігі елде нарықтық ортаның құрылуына жетуші фактор болды. Жаңа жетекшіліктің келуімен комбинатта жаңарулар басталды. Фирманың мамандары комбинатқа қайта ұйымдастыру бойынша нақты бағдарламамен келді. Басқа да металлургиялық зауыдтарды орнына келтіру жұмыстарынан тәжітибелері бар мамандар өндіріс, маркетинг, капитал салымы, жөндеу және құрал-жабдықты модернизациялау бойынша стратегиялық жоспарлар жасады.

ААҚ “Арселор Миттал” LNMGroup -тың маркетинг саласындағы тәжірибесімен іскерлік әлемінде жақсы танымал. ААҚ “Арселор Миттал” сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыра отырып,шаралар кешенін жүзеге асырды.

Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарының алдыңғысы ААҚ “Арселор Миттал” әлемдік металл жабдықтаушыларының бірі болып табылады. Кәсіпорын жетекшілігі әлемдік нарыққа тиімді шығумен өз тауашасын жеңіп алу мақсатында өндірістік секторда маркетингтік бағдарламаларды жүзеге асыруға аса көп көңіл бөледі. Фирманың төменгі құнмен сапалы өнімнің өндірушісі болғысы келетін мақсатымен маркетингтік бағдарлама келесі бағыттар бойынша экономикалық негізделген шешімдерді қабылдауға бағытталған. Олар: шығарылатын өнім номенклатурасы, өндірісті материалды-еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, өндіріс шығындары мен бағалар, пайда және тиімді өндіріс.

Осылайша, экспорттық операцияларды ұйымдастыру бұл – ААҚ “Арселор Миттал” өткізу бөлімінің инженерінің мықты дайындығы және тәжірибесін талап ететің ұзақ және еңбекті керек ететін жұмыс болып табылады.

Барлық процесс – шаралар кешенін яғни экспорттық тауарды жасауға бағытталған өндірістік–шаруашылық қызмет, өзіне экономикалық қызметті сараптау, мақсатты нарықты таңдау, маркетинг кешенін жасау және оны жүзеге асыруды қосатын ұйымдастырылған экономикалық қызмет және үшінші кезең ол таңдалған сатып алушымен экспорт бойынша келісім жасауға бағытталған оперативті – коммерциялық қызметті қосады.

Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорны ААҚ “Арселор Миттал” халықаралық саудаға белсенді қатысады. Әлемнің 75 елімен әрекет ете, өзінің экспорттық әлеуетін ұлғайта отырып, “Арселор Миттал” өндіріс процесін модернизациялау және техниканы жетілдіру бойынша белсенді саясат жүргізеді. Өндірісті барлық қажетті материалдармен қамтамасыз ету және ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ету мақсатымен “Арселор Миттал” Қазақстан нарығында да ірі импортер болып табылады.

Сыртқы нарық қарқыны Қазақстанның кен-металлургиялық кешенінің қазіргі мәселелерін анықтайды, мысалы, екінші қайта бөлу өнімдері (феррохром, листовой прокат) көптеген тарифтік және тарифтік емес шектеулерге түседі, әлемдік нарықта Республикамен соңғы қолданысқа металл өнім шығарылмаған.

Құрылыс индустриясы мен өндіру саласында металл өнімге деген сұраныстың жоғарылығын, машина жасаудың жеткілікті дамымағандығы болашақ металды тұтынудың көбеюіне мемлекет тарапынан тікелей белсенді араласу қажет.

Мемелекет тарапынан араласудың бір шарасы ол импорттың орның басу саясаты мемлекеттің қатысуымен болатын ірі жобаларды ынталандыруды күшейту болып табылады. Металл өнімнің экспортын қолдау және сыртқы нарықтарда қазақстандық өндірушілерді қорғау үшін келесілер қажет:


  • Бүкіл Әлемдік Сауда Ұйымына Қазақстан қосылғанға дейін сыртқы нарық конъюнктурасының өзгеруін есепке ала отырып, металлоөнімге экспорттық баж салығын бекіту – сыртқы нарыққа Қазақстандық металлоөнімнің дискриминациялық емес жағдайын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жүргізілетін келіссөздерді белсендіру.

  • Бүкіл Әлемдік Сауда Ұйымына кіру кезінде ЕврАзЭС шеңберінде әлемдік бірыңғай саясатты жасау. Толық технологиялық циклмен ірі тікелей интеграцияланған құрылымды жасау және оның ЕврАзЭС шеңберінде әлемдік нарыққа шығару.

Технологиялық және географиялық шекаралық кеңею мен жаңа қоғамдық институттардың дамуы ғаламдық масштабта бәсекелестікпен сипатталатын іскерлік ортаның қалыптасуына әкелді. Ортаның айрықшаланатын ерекшелігі болып өндіріс базасы үшін шет елдерін қолдану және халықаралық масштабта өнімді өткізу табылады.

Қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қатынастарын дамыту халықаралық қатынастарда қазақстандық өндірушілердің атақты имиджын құру мен іс жүргізу үшін кәсіпорын мамандарының білім секторын кеңейтуді талап етеді.

Халықаралық еңбек бөлінісі кезінде Қазақстанның негізгі мамандануының бірі болып кен өндіру өнеркәсібі табылады. ТМД-ның экономикалық кеңістігінде Қазақстан цинк, мыс, қорғасын, тантал, хром және темір рудасын өндіру бойынша алдыңғы қатарды алады.

Қазақстанның кен металлургиялық кешені кәсіпорны өзінің өнімінің 95%-ын экспорттайды. Республиканың экспортының жалпы көлемінде тауарлық құнмен кешен үлесі 35 %-ды құрайды.

Кен-металлургиялық кешені экономиканың базалық бірі болып табылады және ҚР-ның макроэкономикалық көрсеткіштерінің қалыптасуына маңызды әсер етеді.

Қазіргі кезде Республикаға металлоөнім импортының көлемі де көп. 2001 жылы импорт көлемі: сортталған болаттан жасалған жобалар-357 мың тонна, ферросиликомарганец - 9,314 мың тонна, темір жол жолдары үшін қара металдан жасалған бұйымдар - 59,7 мың тонна. Елде екінші ретті түрлі металды қайта өңдеу өндірісі жоқ

Қазақстан бұрын листік және сорттық прокат шығарумен мамандандырылған. 1998 жылғы таратылудан кейін ААҚ “Арселор Миттал” сорттық прокат өндірісімен айналысатын кәсіпорын тек листік прокат қана шығаратын болды.

Сонымен қатар, негізгі тұтынушылары болып, кен-металлургиялық кешенді кәсіпорны табылатын, сорттық прокат импортының саны өсуде. Ішкі метал нарығын жандандырудың негізгі факторлары болып, экономиканың барлық саласында негізгі қорларды жаңарту, өндірістің өсуі және металды тұтынушы салаларды – машина жасау, құрылыс және энергетиканы инвестициялау табылады.

Инвестициялық сала. 2007 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 147,3 млрд. теңгені немесе 2006 жылғы деңгейге 91,3 пайызды құрады. 2007 жылы инвестицияның азаюының негізгі себебі 2006 жылы мынандай: Қазақстан-Қытай мұнай өткізуі «Атасу-Алашанькоу» пайдалануға енгізу (26,8 млрд. теңге), «Миттал Стил Теміртау» АҚ үзіліссіз қорғасын құю цехын пайдалануға беру (34,9 млрд. теңге) ірі жобаларды іске асыру, «Жәйрем ГОК» - ның ғимараттарына, жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізумен (3,0 млрд. теңге), технологиялық жабдықтарды модернизациялаумен түсіндіріледі.

2006 жылы осы кәсіпорындар негізгі капиталға 36,9 млрд. теңге инвестиция салған, бұл 2005 жылғы деңгейдің 57 пайызын құрайды.

Біраз инвестиция қара және түсті металлургия өңдеу саласына және инвесторлардың энергетика объектілерін, көмір өнеркәсіптерін алуларына, қолданыстағы кәсіпорындардың рудалық базасын кеңейту мен негізгі қорларын жаңартуға салынған.

Шет ел инвестицияларының көбірек көлемі (65,5 пайыз) шет елдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындармен игерілген. Шет ел инвестицияларының қалған бөлігі 34,5 пайызы шет елдің өз меншігі кәсіпорындарына келеді. Олардың арасында: «Арселор Миттал» АҚ мен «Қарағанды сыра шығару зауыты эфес» ЖК ЖАҚ, онда шет ел инвестициясы есебінен қолданыстағы кәсіпорындарды қайта жөндеу іске асырылады.

2006 жылы кәсіпорындар мен ұйымдар, халық қаражаты өндіріс қорларын жаңартуға жіберілген, жаңа қуаттар мен басқаларды енгізу 94,7 млрд. теңгені құрады (2005 жылға 110,7 пайыз).

Инвестициялар көлемінің динамикасын төмендегі - суреттен байқауға болады:


млрд. теңге

Сурет 5 - Инвестициялар көлемінің динамикасы

2007 жылы негізгі капиталға 38, 5 млрд. теңге шет ел инвестициясы игерілетін болады, бұл 2006 жыл деңгейіне 130 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылы негізгі капиталға кәсіпорындар мен ұйымдар, халық қаражаты есебінен инвестиция 104,2 млрд. теңгені немесе 2006 жылғы деңгейге 110,1 пайызды құрайды. Облыс кәсіпорындары бірқатар жаңа өндірістерді енгізуді жоспарлауда, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес өндірісті қайта жөндеу, жаңа негізгі қаражатты ауыстыру мен алу, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерін алу мен қайта жөндеу.

Облыстағы инвестиция салу бойынша басымдылықты құрылым саласында тау кен рудасы мен өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясы, газ бен су өндірісі болып қалуда.

Республикалық бюджет қаражаты (4,7 млрд. теңге) күрделі жөндеуге, су шаруашылық объектілерін жаңғырту және салуға, автожолдарды салу және жөндеуге, медициналық құралдарын жетілдіруге, халықты ауыл шаруашылық өнімдермен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған.[9,23]

Жергілікті бюджеттегі қаражаттар (4,6 млрд. теңге) белгіленген басымдылыққа сәйкес облыстық маңызды автожолдарды күрделі жөндеуге, аймақтық су құбырлар желілерін қайта жаңартуға, сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау объектілерін жөндеуге бағытталған.

2007 жылы негізгі капиталдағы шет елдік инвестиция көлемі 38, 5 млрд. теңге , немесе жалпы инвестиция көлемінің 34,5 %-ын құраған. Оның ішінде «Арселор Миттал» АҚ-да шет елдік инвестиция есебінен металлургия зауытын қайта жаңартуы жүргізілген, болатты үздіксіз құю цехының құрылысы басталған.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты 37,8 млрд. теңгені құраған, олар өндірістік қорларды жаңартуға, жаңа қуаттар енгізуге, сонымен қатар, «Қазақмыс Корпарациясы» АҚ, «Арселор Миттал» ААҚ, «Жайрем КБК» АҚ т.с.с. кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған.

2004-2007 жылдары облыс бойынша негізгі капиталдағы инвестициялар барлық қаржыландыру көздері есебінен 567,4 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде-121,2 млрд. теңге-2004ж., 137,1 млрд. теңге-2005ж. және 161,8 млрд. теңге-2006ж.,147,3 млрд.теңге-2007 жылдарға сәйкес.

Республика бюджеті есебінен 2005-2007 жылдары негізгі капиталдағы инвестициялар болжам бойынша 5,4; 6,2 и 6,6 млрд. теңгені құрайды. 2005 жылдағы инвестицияның өсуі селолық аудандардағы білім беру объектілерінің құрылысына жобалы түрде бөлінген қаражатқа байланысты. Республикалық және облыстық маңыздағы автожолдарды қайта жаңартуға, облыстың селолық аудандарындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға, сонымен қатар, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жөндеуге бағытталған.

2005-2007 жылдары жергілікті бюджеттен қаражат автожолдарды күрделі, орта жөндеуге және бір қалыпта ұстауға, тұрғын үй шаруашылық объектілерін қайта жаңартуға бағытталады.

Жергілікті бюджет есебінен инвестициялар жұмсау селолық аудандардағы білім беру объектілерін салу және қайта жөндеу арқылы білім беру саласына да көзделген.Алдағы жылдарда инвестициялар жұмсау көздерінің негізі мемлекеттік емес сектордағы кәсіпорындардың өз қаражатынан болады. 2005-2007 жылдары кәсіпорындардың күрделі салымы 52,1 млрд. теңге көлемінде жоспарланған, жылдарға сәйкес 56,3 млрд. теңге және 53,4 млрд. теңге. 2005-2007 жылдары инвестициялар шет елдік инвесторлар қаражаты есебінен 2005 жылы-14,9 млрд. теңгені құрайды, 2006 жылы-16,1 млрд. теңге және 2007 жылы- 16,5 млрд. теңге.

Салалық құрылымындағы инвестициялар салу басымды секторы болып кен өндіру және өңдеу, электр энергия, газ және су өндіру және үлестіру өнеркәсібі табылады.

Туризм саласы.

Облыста туристік қызметпен айналысатын 52 туристік фирма мен 5 жеке кәсіпкер бар. Оның ішінде туроператорлық қызметті -5, турагенттікті -42, экскурсияны -3, басқа туристік қызметті -2 іске асырады. Орналастыру объектілерінің саны -99, оның ішінде орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер объектілерінің саны – 41.

Туристік қызметпен айналысатын туристік фирмалармен жеке кәсіпкерлер қызмет көрсету көлемдері 2006 жылы 321,3 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 3,2 есеге – 99,4 млн. теңгеге көп.

Қарағанды облысының инфрақұрылым туризмінің объектілері болып табылатындар:



  • Қарқаралының Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі;

  • демалыс үйлері: «Миттал Стил Теміртау» АҚ «Шахтер», «Тас бұлақ» «Жемчужина» және «Каскад»;

  • 10 демалыс зонасы (Ақтоғай ауданында Тораңғылық ауылдық округінде Балқаш өзенінің бойында – 530 орынға арналған 9 демалыс зонасы, Шұбартүбек кентінде - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС БГМК «Голубые купола» және «Зеленый мыс» 1 демалыс зонасы);


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет