Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау 5В010500 «Дефектология» мамандығы бойынша


Анықтаушы экспериментін ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сипаттап, қорытындылау



бет14/20
Дата23.11.2023
өлшемі220.27 Kb.
#484213
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Реферат тақырыбы Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңін-emirsaba.org

Анықтаушы экспериментін ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сипаттап, қорытындылау.

Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындауда фонематикалық есту және дыбыстық талдау қабілетінің маңызы өте зор. Сондықтан осы зерттеу жұмысы балалардың фонематикалық түсініктерін тексеруге бағытталған.


Балалардың фонематикалық түсініктерін тексеру барысында мынадай көрсеткіштерге сүйендік:

  1. Тапсырманы орындау жылдамдығы;


  2. Нұсқауды түсінуі;


  3. Тапсырманы орындау іскерлігі;


Зияты зақымдалған балалардың фонематикалық түсініктерін, яғни дыбысты қабылдауы мен ажыратуын, жинақтауын және сонымен қатар дыбыстық талдауын анықтауға төмендегідей тапсырмалар берілді:



1.Фонематикалық қабылдауы мен ажыратуын тексеруге бағытталған тапсырмалар:
1-тапсырма. «А, О» дыбысын естігенде қолыңды көтер.
2-тапсырма. «У, Т » дыбысын естігенде шапалақта.
3-тапсырма. «Л, Т,» көк жалауды көрсет.
4-тапсырма. Буындарды қайтала: ат –ал от –ол, ут-ул. Буындарды талдау- жинақтау әдісімен айттық.
5-тапсырма. Сөздерді қайталап айтып бер: ата, ала, от, ол. Сөздерді буындарды қайталағанда талдау-жинақтау әдісін қолдандық. Оқушылардың жауаптарын хаттамаға жазып отырдым. Жауаптарын талдап кесте құрастырдым.
2.Фонематикалық талдауын тексеруге бағытталған тапсырмалар
Фонематикалық талдауды тексеру үшін Г.А.Мовкебаеваның әдістемесі қолданылды.
Ол әдіс зерттеуді дауысты дыбыстан бастауды ұсынады және де ол дыбыс сөздің басында дауысты және сөздің соңында дауыссыз дыбыс тұратынын көрсеткен:
1-тапсырма. Сөздің басында түрған дауысты дыбысты ата. «Әтеш, алмұрт, анар»
2-тапсырма. «Қасқыр» сөзіндегі соңғы дыбысты ата? Өзің бірге қосылып қасқыр деп айт.
3-тапсырма. Сөзде неше дыбыс бар екенін анықта: «Банан» сөзінде.
4-тапсырма. Сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін анықта: парта.
5-тапсырма. Сөзде неше буын барын анықта: алмұрт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет