Дипломдық жұмысы «Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері»


Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі270 Kb.
#139580
түріДиплом
1   2   3

1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.
Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7 — бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271 — бабы осы кодекстің 7 — бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттелмелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады.

Азаматтық кодекстің 7—бабы әр тдүрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының занды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімнің жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдай да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық міндеттемені де дүниге әкеледі.

Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі зандық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.

Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған — біреудің мүлкін қасақана не кездей соқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады. Міндеттеме азаматтық кодекстің 271 — бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.

Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалы ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме.

2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;

3. Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;

4. Қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (Бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);

5. Басты және тәуелді міндеттемелер;

6. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.

Міндеттеме жағымдағы мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындау түсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұнын өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі, мәселен, саянсай тұрғызуды айтуға болады. Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта тұруын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз шығармасын жасалаған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс. Міндеттеме бір жақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісінен тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақты әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу — сату міәндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міндеттемеде сатып алушының да, сатушының да бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі. Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 269 — бабының 3 — тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.

Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет тандалынад. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұнадай міндеттеме балама деп аталады.

Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады. (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міңдеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады.

Міндеттеменің туындауына орай оларды шарты, шарттан тыс деп те, сондай — ақ бір жақты еркін құжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі (сату — сатып алу тасмалдау, сақтандыру және т.б.).

Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда, болмайды, керісінше азаматтық құқықтық кез — келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай - ақ негізсіз баю салдарының туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз сатып алу және жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында да көрінеді. Бұл жайында Е.Баянов былай айтады: "Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан туындауы да мүмкін Азаматтың құқық теориясында мұндай міндеттемелерді шартсыз міндеттемелер деп те атайды".



2 тарау. Міндеттемелерді орындау

2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптрі
Міндеттемелердің орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетте жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекеті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді. Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқталуына әкеледі.

Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК — тің 272 -291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу — сату, жеткізу, келісім — шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген. Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272 — бап) және міндеттемені нақты орындау (354 - бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын біддіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда — дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс. Міндеттеме тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да норматилвті актілерде, міндеттеме алған жақтарын келісіміңде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы апйтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімімен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме—дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.

Міндеттемені борышқор тап — тинақтай етіп орындауы үшін несие беруші немесе оған өкілетті орган заңында немесе шартта көрсетілген мерзімді, орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс. Жоғары да аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені тиісті дәрежеде орындалады деп айтуға болмайды. Міндеттеменің нақты түрінде, дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көросетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.

З.О. Ашитов тағы бір принципті айқындайды:" Үнемшілдікті сақтау деп міндеттемелерді орындау барысында артық шығымға жібермеу жолдарын қарастыруды айтады. Әңгіме тапсырысты орындау барысында әр — түрлі ресурстарды, мейлінше, тиімді пайдалану туралы болып отыр" - деп тұжырымдайды.

Міңдеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін қанағаттандырады. Осы принципке сәйкес борышқор тап осындай әрекеттеріне баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын нәрселерден бас тартады (мысалы, басқа мүлікті емес, берілуге тиісті мүлікті беру, немесе несие беруіиіге құнын төлей алмайды, басқа жұмысты емес, нақ тапсырылған жұмысты жасау және т.б.). Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматттық кодекстің 354 бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған принципке анағұрлым өзгерістер енгізілген. Біріншіден міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан босатпайды. Демек, аталған принцип борышқор міндеттемні бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.

Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе шартты өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады. Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сомманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады.

Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақта бұл принциптерді араластыруға болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға қарағанда кеңірек. Мысалы, затты уақыттың өткізіп барып беру арқылы нақты орындау мерзімінің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола алмайды.
2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты мәселелер.

Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Соны мен бірге, заңца, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттемені орындалуын үшінші жақа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдаута міндетті.

Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдаумауға құқылы.

Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы ереженің қаралмаса, толықтай және ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес түкті жөнелтуші оны тасмалтайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларынан сәйкес жүкті тасмалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына (басқа теміржол, кеме) жаңа шарт жасамай ақ жүктеледі.

Заңда көрсетілген ретке үшінші жақ, Азаматтық Кодекстің 339, 347—баптарына сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімсіз — ақ несие берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді.

Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алу салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану, иелену, кепілге салық құқығы және басқа құқықтары) айырылу қаупі төмен жағдайда үшінші жаққа беріледі.

Мәселен қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші алдында қарыза бар екендігін және оны өндіріп алу ниетін білсе, сондай — ақ жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімсіз — ақ оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға алушының міндеттемедегі жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші жақтың міндеттемені орындауын қабылдауға міндетті.

Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін төлеген қаржысын қайтарып алуды талап ете алады.

Міндеттемеде оның әр тараптары — несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Егер міндеттемеде борышқордың және несие берушінің жағында бір емес, бірнеше тұлға (қатысушылар) болса, онда көпшілік тұлғалар мен міндеттеме пайда болады. Мысалы, мұрагерлікке қалған жекешеліндірілген пәтердің үш мұрагері оны ерлі — зайыпты адамдарға сатты делік, сонда сатып алу — сату кезінде екі жақтан да көпшілік тұлғалар пайда болады, бұл орайда сатушылар - үшеу, ал сатып алушылар — екеу.

Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетіндегі зат (нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады. Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылық қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі — бір жұмыстар. т.с.с. Демек борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақаіа төлеу тәрізді қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде болуы мүмкін емес.

Міндеттемені тиісінше орындау үшін, борышқор міндеттемеде көрсетілген пәнді орындуы тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышқор біреуге тиіс заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі. Міндеттеменің пәні кейбірінде жекеленген затты беру, ал кейбірінде тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар міндеттеменің ең бастысы — акщалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша соммасын төлеуді талап ететін міндеттеме.

Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар занда қарастырылған. Ақшалай міндеттемені орындалудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы түріндегі белгілі бір соммаға тең теңге түріндегі соммада төленуге тиілс екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сомма Қазақстандық банкаралақ валюта биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға сай келуі қажет. Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берлушілердің мүддесін қорғайды.

ҚР аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысу шетел валютасы сондай — ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайлары немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асыралады. Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сомма (өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір бойы асырау шарты бойынша және басқалары) - ең төменгі жавлақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырады.

Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі.

Міндеттеменің орындалу мерзімі заңы мен және шартпен , сондай—ақ, шарт алдындағы дауды қарайтын органның айқындалуы мүмкін.

Егер міндеттемеде ол орындалатын күн және ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе және оны анықтау мүмкін болмаса, міндеттеме сол күні және тиісінше сол кезең ішінде кезкелген уақытта орындалуға тиіс. Мысалы, құрылыс объектісін бітетін күні міндеттемені орындау күні болып табылады, ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақапаны қайтару - қарыз шартында, несие беруші шартында қарастырылады.

Міндеттеме орындалуға тиісті келісімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында қаралуы мүмкін, ондда әр тарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, он күндік мерзімдер мен өлшенеді. Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, ол мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс. Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орынды мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т.б.). Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезең белгіленген міндеттемені, егер зандарды, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеме мәнінен басқа мерзімге орындау міндеті туындамаса, - борышқор несие беруші оның орындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға міңдетті.

Міңцеттеменің тезарада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын, банкке ақша салатын адам талап ете алады.

Борышқорға аяқ астынан болатын міндеттемені орындау үшін дайындыққа жеті күн мерзім беріледі. Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделегеннен тыс ретте қабылдауы керек.

Егер заңдарда және міңдеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнін туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы. Кәсіәпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беруі және т.б.), не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі (АК , 279 бап). Демек бұл ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады. Борышқордың несие беруші — кәсіпкер мен алдын ала келіспей түрып міндеттемені мерзімінен бұрын орындау оны қиын жағдайға қалдыру мүмкін, өйткені, оның орындалған міндеттемені аяқ астынан қабылдай қоюға дайындығы мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес. Айталық, борышқордың тауар әкелетінін білмегендіктен онда дайын түрған қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген тауарды теміржол бекетінен, кемеден ала қоятындай көлікке алдын-ала шарт жасалмауы да кедергі келтіреді. Содан келіп несие беруші залал шегеді,ал мұның өзі нарық жағдайында қолайсыз нәрсе.

Міндеттеме орыңдалатын жер борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалғанын қабылдатын орын. Мәселен, үйді жөндеп, еденді тазалау, терезені сүрту тек үй тұрған жерде ғана жүзеге асады.

Егер де міндеттеме орындалатын жер заңдарда және міндеттеме мәнінен және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың көрінбесі, ол:

1) міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру — мүлік орналасқан жерде;

2) міндеттеме бойынша тауар және өзге де мүліктік тасмалдауды пайдалана отырып беру мүлкті несие берушіге жеткіз үшін оны бірінші тасмалдаушыға тапсырған жерде;

3) егер бұл міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар және өзге де мүлікті беру — мүлік дайындалған және сақталған жерді;

4) ақшалай міндеттеме бойынша — несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие заңды тұлға болса- міндеттеме пайда болған кезде оның болған жерінде егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерді өзгертіп, бұл туралы борышқорға хабарласа — орындалатын жердің өзгеретуіне байланысты барлық шығындарды соның есебінен жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде және тұрған жерінде;

5) басқа да барлық міндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор занды тұлға болса — оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс.

Міндеттемені орындау тәсілі заңмен және әр жақтың жасасқан шарттары мен айқындалады, және сол міндеттеменің мәні мен туындайды.

Міндеттеме орындау бір жолғыи(заттың құнын толықтай төлеу) немесе несиеге алған мүліктің құнын жабуы, почта, көлік құралдарына төлеу тәрізді мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай және бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шартты бойынша қарызды қайтару). Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше белгіленбесе, және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарды және мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдаумаға құқылы.

Борышқор заңда қаралған ретте нотариат кеңсесіне және соттың денозитіне қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі.

АҚ 291-бабына сәйкес борышқор ақша соммасын және бағалы қағаздарды нотариус пен соттың депозитіне салу құқығына ие.

Егер:


1) несие беруші және орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік берген адам міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмаса:

2) несие беруші әрекет қабілетсіздігі болып және оның өкілі болмаса;

3) міндеттеме бойынша , атап айтқанда бұл мәселе жөнінде несие беруші мен басқа да адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені жайында оның айқындық болмаса;

4) несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жол тартуы және өз тарапынан мерзімін өткізіп алуына байланысты борышқордың міндеттемені орындай алмасы онда борышқор міндеттемелерін орындау үшін өзінен алатын ақшаны депозит шарттарынан, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау шарттарына, ал заң құжаттарымен белгіленген жағдайларды, соттың атынан орналастыруға құқылы.

Ақша немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарына салу және нотариустың не соттың атына сақтау міндеттеменің орындалғаны болып есептеледі. Нотариус пен сот өз кезегінде несие берушіге оның борышқорынан депозитке бағалы қағаздар мен ақшаның келіп түскені туралы хабарлайды. Өзара міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер заңдардан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың, міндеттеме шарттарынан және оның мәнінен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара міндеттерді бір мезгілде орындауға тиіс. Сөйтіп, тараптардың бірінің міндеттемені орындамауы және тиісінше орындамауы өзара міндеттерді орындау және қарсы тараптарды қанағаттандыру кезінде, егер заң құжаттарында және міндеттеме шарттарында өзгеше белгіленбесе, екінші тарапты өз міндеттерін босатады.
2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы. Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау және тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда және келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. АҚ 292 бап талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін аманат кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер жатады.

Қамтамасыз ету әдістері өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуші болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда және тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша соммасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды.

Төртінші топқа біздің заманымызға бұрын сонды тән болмаған әдіс - борышқордың мүлкін ұстап қалу болдып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу — сату шарты негізгі міндеттеме б.т.-ды, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлеу туралы келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. АҚ 292—бабының 3 — тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал, міндеттемені қамтамсыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарасыз болуына әкеліп соқтырмайды. Қамтамсыз ету (қосымша) міндеттемесі жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысананың сақтамауы, мәселен, айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.

Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері. Айып төлеу.

Борышқор міндеттемесін орындамаған не тиісінше ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті заңдар мен және шартпен белгіленген ақша соммасы айып төлеу (айыппұл, өсім ) деп танылады.

Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес.

Айып төлеу — кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасмалдау, мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарды ол ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жолдау және т.б.) қолданылады. Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған кезде қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күні үшін сомманың пайызымен ұсталады. Мәселен, өсім борышқордан тұрғын үй, электр энергиясын пайдаланудағы және т.б. төлем төлеу — уақытын өткізіп алғанына орай өндііріледі. Айыппұл тек қана ақша соммасында және сомманың белгілі — бір мөлшерінде орындалмаған міндеттемеге қолданылады.

Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төленуді заңды және шартты деп екіге бөледі.

Занды түрдегі міндеттемеге, қандай міндеттемені бұзған кезде қолданылатын айқындайды. Заңды айып төлеу көлікпен жүк тасмалдау, өнімді жекткізу, құрлысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады.

Заңды айып төлеу тараптардың міндетінде көзделген — көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріле береді. Егер заңдарда тиім салынбаса, тараптардың келісімімен занды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін.

Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданатынын өздері анықтайды.

Міндеттеменің тиісінше орындалмауынан келген залалдың көлеміне байланысты есепті, айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді. Есепті айып төлеу кезінде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ, онымен залалдың бәрі жабыла қоймайды. Мысалы, міндеттемені орындаумауға байланысты залалдар 5 мың теңгені құрайтын болса, айып төлеу 2 мың теңге болады делік, сонда несие беруші борышқор борышқордан 2 мыңды айып төлеу деп, 3 мың теңгені залал деп өндіріп алуына хақысы бар.

Әдетте айып төлеу есепті сипатқа не. Айып төлеудің бұл түрі барлық жағдайларда, занда және келісімдерде басқаша көзделгеннен басқа ретте, қолданыла береді.

Айрықша айып төлеу. Несие берушіні тек айып төлеуді жүзеге асырумен шектейді. Аталған мысал бойынша тек 2 мың теңгені төлетеді де қояды. Айрықша айып төлеу көлік қатынастарында кеңінен тараған. Ол жүкті тасмалдың жоспарын орындамаған үшін, көлік құралдарының нормадан тыс тұрғаны үшін және т.б. өндіріледі. Азаматтардың қатынасуымен болатын қатынастарға, аиталық, пәтер ақы электр энергиясына төлеу тәрізді салаларға тап осындай айып төлеу түрі қолданылады.

Балама айып төлеуде несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген залалды өндіпте ме, әлде төлеуді жүзеге асыра ма, оған өзінің таңдауын айтуына мүмкіндік береді. Сондай — ақ, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және барышқордың міндеттемені орындау дәрежесінде және барышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін айыппұл мөлшерін азайтуға ескереді. Айып төлеудің негізгі мақсаты барышқордың өз міндеттемесін орындамаған және тиісінше орындамағаны салдарынан несие берушінің шеккен зиянының орнын толтыру болып табылады.

Кепіл.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен ие болады.

Мүлік кепіл мен міндеттемені орындауда қамтамасыз ету несие беруші үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, барышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады. Кепіл бойынша заң және шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді. Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл шаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз барышқордың өзі , сондай — ақ оған үшінші жақтың да құқығы бар.

Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі шарт басқаша талаптардан бастартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы.

Кепілдің пәні кез — келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар (талаптар) бар.

Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және құжаттарымен оларды басқаға беруге тыйм салынған өзге құқықтар кепіл пәні бола алмайды.

Кепіл талаптың қойылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру, кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шағынан өтеу қосылады. Кепіл ұстаушы аталған соммалар бойынша шығыннан орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз ету мөлшері туралы уағдалысқан жағдайда кепіл болашақты пайда болатын талаптарға қатысты да белгіленуі мүмкін.

Шартта кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мөлшері мен орындау мерзімі көрсетуге тиіс.

Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме ноториалды куәландырута жатса, онда кепіл туралы шарт ноториалды куәландірілуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді.

Кепіл туралы шартты өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезенін бастап, басқа мүлік жөнінен — бұл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер біреуге жатпаса кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап т.б. (АК — 310 бап).

Қазіргі қолданылып жүрген зандар кепілге салынып үлгерген затты қайтадан кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартты рұқсат етілген не тиым салынбаған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мұндай мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан келіп кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады. Кепілдің екі түрі бар: а) ипотека ә) кепілзат.

Ипотека — кепілге салынған мүлік кепіл салушының және үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіпорындар, жекеленген құрлыстар ғимараттьары яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) басқа да объектілер сондай —ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне сай кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады.

Ипотека, содай — ақ белгілі — бір мүліктің кепілі заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады.

Бұл орайда әңгіме кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрлыстардың, пәтерлердің жер учаскесіне құқықтың және басқа қозғалмайтын мүліктің (ипотека) кепілі ҚР-ң қозғалмайтын мүліктің ипотекасы туралы заңмен реттелетіндігі жөнінде болып отыр. Ипотека туралы ҚР-ның заңында өзгеше ережелер белгіленбеген ретте ипотекаға АК-тегі кепіл жалпы ережелер қолданылады. Ипотека туралы шартты ипотеканың мәні, оның атауы тұрған жері және бұл мәннің айтарлықтай индентификация үшін сипаттауы, сондай — ақ кепіл, осы несие берушінің құқығын тіркеген осы мүлікке — мемлекеттік органның тіркеуі көрсетлілуі тиіс. Жер учаскесінің ипотекасы туралы шартқа жер ресурстары мен жерге орналастырудың тиісті комиттетері берген осы учаскесі шекарасының сызбасы қоса тіркелуі қажет. Шартта негізгі міндеттеме туралы — міндеттеменің ақшалай құны, туындау негіздері, орындау мерзімі және т.б. көрсетіледі.

Ипотека туралы шартты жасаған кепіл беруші кепіл ұстаушыны ипотеканың мәніне үшінші жақтың белгілі құқықтары жөнінде жазбаша ескертуге міндетті (кепіл құқықтары, жалға беру, және т.б.). Ипотека туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Ол қозғалмайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп есептеледі. Кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының иелігіне беруі кепілзат деп аталады. Жақтардың келісімі бойынша кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда құлыпталып, мөр басылып және белгі қойылуы арқылы сақталады.

Кепілге салынған мүлікті күту мен сақтау кепілге қатысты негізгі міндет болып табылады. Бұл міндетті кепілге салынған мүлік араласқан жақ мойнына алады. Сондай — ақ бұл тарап: кепілге салынған мүлікті сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды, оның ішінде оған үшінші жақтар тараптарынан қол сұғылып талаптар қойылуынан қорғау үшін қажетті шаралар қолдануға кепілге салынған мүліктің жоғалуы және бүлінуі қаупінің пайда болуы туралы екінші тарапқа дереу хабарлауға міндетті.

Азамат кепіл беруші ретінде өзінің жеке тұтынушыдағы мүлікті қысқа мерзімді несиені қамтамасыз ету, үшін кепілдікке салады. Бұл орайда кепіл ұстаушы ломбард б.т. Бұл лицензия негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыратын арнайы ұйым. Заттың кепілі туралы шарт кепілдік билеттерімен рәсімделеді. Кепілге салынған мүлік ломбардқа беріледі, ал өз кезегінде кепіл берушінің пайдасына заттың құнымен сақтаңдырады. Оның кепілге салынған затты пайдалануға, иелік етуге хақысы жоқ. Ломбард кепілге салынған заттардың жоғалуы және бүлінуі үшін жауапты болады.

Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу.

Міңдеттемені орындауды қамтамасыз етудің жаңа әдісі — борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу.

Қазақстандық азаматтық заңдарда борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалуға анықтама берілмеген. Бұл әдістің өзіне тән бір екіншілігі несие беруші заттық құқыққа ие бола түрып меншік иесі бола алмайды. Несие беруші заттың есесіне қайтару, залалдардың орнын толтыру және т.б. өзінің талаптарын заттың құнын қанағаттандырады. Мұңдай әдістің кепіл әдісіне келетін тұстары? бар. Бұл жағдайдың қайсысында болсын несие берушінің, кепіл ұстаушының талаптары алдын ала белгіленген мүлік есебінен орындалады. Сонымен қатар міндеттемені орындаудың осы айтқан әдістері арасында айтарлықтай ерекшелік те бар. Кепіл негізгі міндеттеменің туыңдауына орай бір мезгілде әр міндеттеменің негізгесінде болсын, қосымшасында болсын көрсетілген не көрсетілмегеніне қарамастан негізгі міндеттің бұзылуынан келіп шығады.

Борышқордың мүмкін алып қалу бір жақты әрекет ол заңға негізделген және міндеттеменің ақшалай орындалмауына байланысты (затты төлеу, жоғалғанда қалпына келтіру, және басқа залалдар) белгілі бір заңдық фактілердің туындауынан көрінеді. Бұл әрекет бұзылған құқығы қорғауға бағытталған, сондықтан да, оны несие берушінің бұзылған құқығын өздігінен қорғау деп тануға болады.

Борышқордың мүлкін алып (үстап) қалу құқық сақтаушыға, комиссионерге марапат ретінде, ал сятушыға тауарды төлеу және т.б. ретінде жүреді.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу құқық бұзушының әрекетіне орай (шұғыл) шара қолдану делінеді.

Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу кезінде несие беруші өзінің әрекеті мен борышқорға зиян келтіруі мүмкін. М.Фалькович мұндай жағдайда несие беруші келтірілген зиянды орнына келтіру үшін шарттарға:

1) қорғау әдісі бұзушылыққа сай болу керек.

2) қорғану әдісі оны қажетті қолдануда әрекет шегінен шықпауы тиіс — екендігін айтады.

Кепіл болушылық.

Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтан (борышқордың) несие берушісі алдында сол жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қолсалқы жауаптымын деп міндеттенеді (АҚ 33—бап.) Кепіл болушылық арқалы міндеттеме қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауапкершілігі мәнінен туындайды, егер шартта өз өзгеше көзделмесе кепіл болуышылықта көрсетілген сомма шегінде жауапты болады.

Кепіл болушылық кезінде борышқордың несие берушісі мен оның кепіл болушысы арасында шарт жасалады. Кепіл болушылық қатынастарында үш субъект қатысады. Біріншіден борышқор өзінің негізгі мінднттемесі бойынша кепіл болушымен өзінің орындамаған міндеттерін орындауға тәуекел ететіні жөнінде келіседі. Екіншіден, аталған келісімі негізінде кепіл болушымен негізгі міндеттеменің несие берушісі арасында жасалады.

Бұл қатынастардың өзіндік негізгі тері сол, несие беруші алдында негізгі міндеттеме бойынша борышқор мен қосымша міндеттеменің кепіл болушысы жауапты болады. Мұнда қатынастар құрылымды несие берушінің өз міндетін атқаруына үлкен сенімділік туғызады. Оның белгілері: кепіл болушының міндеттемесін негізгі борышқордың міндеттемесіне толық енмесе ішінара қосалқы қосалқы түрде қосалқы түрде қатысты болады; Кепіл болушы несие беруші алдында борышқордың жетпейтін ақшасы көлемінде жауапкершілікті мойнына алады, бірақ ол кепіл болушылық шартында көрсетілген деңгейден аспауы керек; Несие беруші кепіл болушыға талаптар қоймастан бүрын борышқордың бұл талаптарды ақылға алады орында шараларын ойластырып алады. Сонымен қатар оны қарсы талаптар мен борышқордың мүлкінен өндіріп алудың белгіленген шартына орай жүзеге асады.

Кепілдік.

Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқор мен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік берген адамдар, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді. Кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін.

Кепілдік дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас болып табылады. Негізгі міндеттемеге қатысты кепіл беруші әрқашан үшінші жақ болады. (АК, 270 бабы). Кепілдік міндеттемесі негізгі міндеттемден туындай тұрса да негізгі борышқор оған тікелей араласа алмайды және кепілдік бойынша құқықтық қатынасқа қатыспайды. Кепіл беруші мен борышқор арасындағы қатынас кепіддік бойынша құқықтық қатынастық және негізгі міндеттемеден тыс болады. Әрі оның соңғысы үшін ешқандай маңызға ие емес. Кепілдік шарттары жазбашаны нысанда жасалады. Жазбаійа нысанды сақталу кепілдік шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Кепілдік беруші несие беруші алдында негізгі міндеттеменің тиісінше орындалмауына және міндеттемені борышқордың орыБдалмауынан несие берушіге келген залалға борышқордың жауапкершілігі тұрғысынан. Сонымен бірге бір мезгілде кепілдік шартының талаптарына сәйкес кепіл берушінің жауапкершілігі бір көлемде және шекте қаралуы мүмкін.
Кепіл пұл.
Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілген ақша сомма кепілпұл деп танылады.

Кепілпұл туралы келісім оның негізгі міндеттемесінің соммасы мен түріне қарамастан жарамсыз болудан сақтану мақсатында да жазбаша жасалады. Бұл ерекше негізгі міндеттеме наториалдық жолымен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтарады. Кепілпұл заңға сәйкес, біріншіден төлем міндетін атқарады, өйткені, ол шартқа сәйкес екінші жакқа берілетін нақты ақша саласы болып есептеледі: екіншіден, тараптар арасындағы шарттық қатынастардың барлығын дәлелдейді.

Егер шарт жасалмаса кепілпұл туралы келісім де болуы мүмкін емес; үшіншіден, жасалған шартты қамтамасыз ету құралы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет