Дипломдық жұмысы «Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері»


тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің



бет3/3
Дата16.06.2016
өлшемі270 Kb.
#139580
түріДиплом
1   2   3

3 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің

жалпы мәселелері.
3.1. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтың жауапкершіліктің ұғымы және негіздері.
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық - құқықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақта бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетті түлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.

"Міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамаудың несие берушіге мүлікті зиянды салдарларын тигізіп мүліктік нұсқа келтіреді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс."

Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады.

Ең алдымен, азаматтық -құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайту да , осы мақсаттың аддын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық - құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады.

Азаматтық құқықтың қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.

Азаматтақ - құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:

а) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;

ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;

б) борышқордың міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болуы;

г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау б.т.

Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін (мысалы міндеттемені бұзғаннан келетін залалдық орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікгі белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.

Азаматтық- құқықтық жауапкершілік — Азаматтық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, ереже бойынша азаматтық - құқықтық қатнастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.

Азаматтық - құқықтық жауапкершілік түсінігі — заң ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы (позитивті) жауапкершілікті бөліп құрайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасы мен жүзеге асырылуы деп біледі.

Мұндай жауапкершілікке міндеттеменің тиісінше орындауда азаматтық - құқықтық жауапкершілік әр қилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.

Басқа автордың тұжырымдауы бойынша: "Заң жүзіндегі жауапкершілік әр қашанда мінез құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол құқық бұзушының мінез-құлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективтік жауапкершілік деп атайды".

"Заң жүзіндегі жауапкершілік өзінің жасаған іс - әрекеті үшін есеп беру міндеті құқығымен реттеледі" деген де пікір бар. Өзінің әрекетінде есеп беру міндеті құқық бұзушылық болмаған жағдайда да болатындығын еске сала кеткен жөн. Жауапкершілік дегенді — "мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбірлеу шарасын қолдану " — деп те түсіндіретіндер де кездеседі.

Мұндай көз қарастың кемшілігі сол, борышқордың несие берушіге келтірген залалын өз еркімен қалпына келтіру немесе айыпты төлеуде азаматтық - құқықтық жауапкершіліктен айналып кету мүмкіншілігін туғызады.

Азаматтық - құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.

Мысалы, міңдеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлде кімге мүліктің залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.

Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі- бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс. Азаматтық - құқықта залал ұғымын міндеттемені қарыздар орындаған жағдайда несие беруші алуы ықтимал, несие беруші өндірген шығындарды, оның мүліктерінің жоғалуы немесе зақымдануы, сондай-ақ ол алмаған табыстар түсіндіріледі, яғни бір адамның екінші адамға мүліктік нұқсан келтіруі залал болып табылады. Сөйтіп, залалдардың екі түрі бар: бір жағынан - тура мүліктік нұсқан, екінші жағынан - борышқор міндеттемесін орындаған жағдайда болуға тиісті несие берушінің табыстары. Қандай жағдайда болсын шаруашылық шарттарын бұзғаны үшін келісімі мен жауапкершілікті шектеуге болмайды. Материалдық нұқсан толық өндіріліп алынуы тиіс.

Жауапкершіліктің көлемі төмендеген жағдайда мүліктік жауапкершіліктің тәртібі және одан босанудың шарттары толық белгіленген.

Мүліктік жауапкершілікке тарту үшін белгілі — бір шарттар қажет. Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:

1) Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекетсіздігі);

2) Жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;

3) Құқық бұзушының құқыққа қайшы іс - әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;

4) Құқық бұзушының кінәсі.

Нақты тұлғаға азаматтық - құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы азаматтық-құқықтық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта, кейбір жағдайларды заң азаматтық - құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауаикершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды: Мысалы, жоғары қауіптілік көзін иеленуші занды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді.

Енді азаматтық - құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әр қайсысына тоқтала кетелік.

Құқықка қайшы тұлғалардың қылықтары - азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негізі.

Құқыққа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз - заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс - әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзуға әкеп соғады.

Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудың бірден — бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды. Тұлғаның құқыққа қайшылығының жағдайы іс-әрекеттеріне әрекетсіздіте көрінуі мүмкін. Тәртіптің саналықпен жүзеге асуы басқаға, яғни құқықтық бұзушылық құрамының субъективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты. Құқыққа қайшылық пен кінәліліктің шатыстыру заң әдебиеттерінде де, сот тәжірибесінде де кездеседі, әлі кездесіп те жүр. Сонымен қатар, жауапкершілікке тартудың әрбір шарты қателіктерден ада болуы үшін әрқайсысы міндетті түрде басқаларынан бөлек талдануы қажет.

Занды, міндетті, бұйрықты орындау, құқықты жүзеге асыру, жәбірленушінің келісімі, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік тәрізді жағдайлар құқыққа қайшы тұлғаның қылығы болып есептелмейді. Оның бөрі белгілі бір негіздерді сақтай отырып, сапалы түрде атқаруды қажетсінеді, ал олардың бұзылуы-құқыққа қайшылық, міне, оның салдарынан жауапкершілік мәселесі туындайды.

Кінә-азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі.

Жалпы заң ілімі кінәлі тұлға өзінің заң бұзу әрекетін немесе әрекетсіздігін жан дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.

Қылмыстық зандарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік міндеттемелерді орындамау тұрғысынан болады. Занды біле тұра бұзу және оның келтіретін зиянды салдарын болжау да қасақаналық болып саналады, ал абайсыз занды бұзған тұлға заңды бұзғанын тіптен сезбейді және оның зиянға әкеліп соғатын салдарын болжай да алмайды алмайды. Бірақ ол нақтылы жағдайларды ескере отырып, мұны сезе де, болжай да алуы керек еді. Кейде азаматтық қатынастарда тараптардың екі жағы да кінәлі болуы мүмкін. Мұндай аралас кінә жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру жауаптылығы екі жаққа бірдей жүктеледі.

Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек занда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Мысалы, қатерлі қауіп көзі болып тадылатын ұйымдар кінәсіз жағдайда да келтірілген шығынды өтеуге міндеті. Керісінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да келтірілгензиян үшін жауап бермейді.

Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-тармағына сәйкес, егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданңанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Сөйтіп, азаматтық құқықта тұлғаның өз қылығына заң кінәні субъективтік, психикалық қатынас деп қарамайды, керісінше тұлғаның өз іс-әрекеті салдарынан болған жайсыз нәтижелерді немесе ағаттықты қалпына келтіруге мүмкін болатын шараны алмағанына мән береді. Біздің заманымыздың тұжырымы бойынша жақта тұлғаның қылығы істің шын болмысымен салыстырылуы керек, бұл орайда, тұлғаның мүмкіндігі бола тұра өзіне тиесілі нәрсені орындамағаны есепке алынады.

Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-тармағының жалпы нормасы кәсіпкерлік саласына қолданылмайды. Ак-ң 359 бабының 2-тармағында кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген: міндеттемені орындаманан немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа кінәсі болмаса да жауап береді. Демек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындай алмаған кәсіпкерге жоғары жауапкершідік жүктеледі.
Зиян.

Зиян-заңмнен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын делінеді.

Азаматтық кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген заладды толық қалпында келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма имперактивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді. Мемлекеттік өкімет билігі органының зандарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ, осы органдарының лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе занды тұлғаға келтірілген залалды Қ.Р-сы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.

Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:

1. Құқық бұзылған тұлға жасаған немесе зақымдануы (нақты нұқсан).

2. Сол тұлғаның ұқсастығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).


Себепті байланыс-азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі.

Азаматтық жауапкешілікті анықтау үшін құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Мүліктік залалдың себептеріне оның алдындағы жағдайлар емес, нақты жағдайда оны туғызған нәрселер жатады. Бұл былай деген сөз: қандай бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасағандағы (немесе әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс-әрекеттің (немесе әрекетсіздіктің) кездейсоқ бола қалған іс емес, сол іс-әрекетке байланысты (немесе әрекетсіздігіне байланысты) дағдылы, қалыпты ретіментуғандығын анықтау шарт.

Борышқордың заңды қайшы әрекеттері мен несие берушіге келтірілген залалдардың әрбір жағдайында олардың арасындағы қажетті айқын, тікелей байланысты қалыптастыру. Себепті байланыстың мәні міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік шарттарына тиісті т.б. Әрбір нақтылы істі қарағанда соттың міндеті: зиянның жасалуы алдында болған оқиғалар тізбегінен қалыпты жағдайда, дағдылы жолымен зиян келтіретін іс-әрекеттің біреуін ерекше бөліп шығару. Егер, құқық бұзушылық пен зиянның пайда болуының арасында «қалыптың себепті байланыстар барлығын анықтау мүмкін болмаса, бұл ретте зиян шектірушіге жауапкершілік артуға дәлел жоқ.

Кейде құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау қиындыққа соқпайды (мәселен, мылтықты аңғырттықпен ұстап біреу-міреуді өлтіріп алған реттерде). Бірақ ерекше күрдулі жағдайларды себепті байланысты анықтау үшін сарапшының (дәрігерлік, техникалық.т.б. көмегі қажет болады. Мүмкін, зиянның болуына құқық бұзушының іс-әрекеті де себеп болуы мүмкін. Бұл ретте оканың қалыпты жағдайында зиянның орын алуына іс-әрекеттердің қайсысының шешуші рөл аттқарғанын анықтау керек. Мысалы: АК, 935-бабына сәйкес жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды. Ал егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зианының орын алуына немесе ұлғайуына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінің дәрежесіне қарай өтеу мөлшері азайтылуға тиіс.


3.2. Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық - құқықтың жауапкершіліктің түрлері және мөлшері.
Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздерді, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айруға болады. Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс деп бөлінеді, яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр жақтың өзара шартынан,сондай ақ басқа да әреттерінен туындайтын құқықтық қатнастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық-пайдалы нәтижижерге қол жеткізуі болып табылады, бірақ, заң, мен шарт олардың мүмкін болатын құқүқ бұзушыларына орай міндеттері мен жауапкершілік осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс-әрекеттерінің сол нормалармен реттейді.

Әдетте екі жаққа бірдей әрі мелінше қатал талаптар қойылады. Шарттан тыс қатынастар құқұққа қайшы келетін екі жақтың бірінің кездейсоқ әрекеттерімен сипатталады. Сол септі, әлбетте, жауапкершілік қатынастары өзгелерінен бөлек реттеледі, заң шығарушы жәбірленушіге қарағанда құқық бұзушыға барынша қатаң қарайтыны табиғи нәрсе.

Егер құқық қатынасында жауапкершілік субьектілері бірнешеу болса, онда жауапкершілік үлестік немесе ортақтасқан сипат не субсидиялы болып есептеледі.

Құқұқтық қатнастың екі жағынының да кінәсі болған жағдайда оны аралас кінә деп атайды. Егер бір жақта бірнеше адамның кінәсі бар болатын болса, оны бірлескен кінә дейді.

Міндеттемеде тұлғалар көп болғанда, сондай-ақ міндеттемені орындау үшүнші жақпен жүзеге асырылатын жағдайда, регрестік талаптар бойынша жаукершілік туындайды.

Заң жауапкершілік шарасы бойынша залалдың толық өтелуін талап етеді. Кейбір міндеттемелерде жауапкершіліьсгің борышқордан белгілі-бір затты жеке беру міндеті туралы түрі де кездесуі мүмкін. Мұндай шаралар негізінен алғанда, заңда немесе шартта әдейі көрсетілмей-ақ қолданыла берді. Жауапкершіліктің басқа шаралары жалпы ережеге сай келеді, әрі заңның немесе шарттың арнайы көрсетуімен жекелеген міндеттемеде қолданылады.(Мысалы, есеп айрысу құқық қатнастарында кездеседі). Тағы бір шаралар бас міндеттемеге қосымша ретіңце қарастырылады және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету құралы ретінде көрініп, сонымен бір мезгілде жауапкершіліктің шарасы (өлшемі) болып табылады және ақшалай болып келеді.

Жауапкершіліктің мөлшері жауапкершіліктің түріне және басқа да жағдайларға байланысты әр қалай анықталады.

Залалдың орнын толтыру кезінде өзгертілетін бағаның қандай деңгейде болу керектігі есепке алынуына байланысты ол мәселені шешуде маңызды рол атқарады. Азаматтық кодекстің 350 бабында мұндай шешім қарастырылған. Егер зандарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеме орындалуға тиісті жерде залал анықталған кезде борышқор несие берушінің талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнгі бағаға жүгінеді. Ал егер талап ерікті түрде қанағаттандырылмаған жағдайда сол талап арыз берілген күнгі қолданылған баға назарға алынады. Мән - жайларды негізге ала отырып, сот шешім шығарған күні не нақты төлем төленген күні қолданылған бағаны назарға ала келіп залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.

Залалдың орнын толтыру жәбірленушінің мүліктік жағдайын қалпына келтіруді мақсат етеді. Әдетте залал толық көлемде қалпына келтіруге тиіс. Осыған байланысты азаматтық - құқықта залалдың толықтай орнын толтыру принципі қаралған.

Егер міндеттеменің орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындалмауы екі тараптың да кінәсінен болса, сот соған сәйкес борышқор жауапкершілігінің көлемін азайтады. Сот, егер несие беруші міндеттеменің орындалмауынан немесе тиісті дәрежеде орындалмауынан келтірілген залал көлемінің ұлғаюына касақана немесе абайсызда себепкер бола, немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса борышқор жауапкершілігінің мөлшерінде азайтады.


3.3 Міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтың реттелуі.
Міндеттеме өзінің құрамына кіретін құқықтар мен міндеттер толық жүзеге асқан сәттен бастап тоқтатылады. Бұл көбіне — көп оны орындаудың нәтижесінде болады. Бірақта несие беруші борышты кешіргенде немесе оны орындауға мүмкіндік болмайтындай болса, негізгі мақсаты жүзеге асырумен байланысты емес тоқтауларда болады. Сөйтіп, міндеттемені тоқтату дегеніміз міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою б.т.

Шарттық міндеттемелерді тоқтатудың негізгі себептеріне олардың тиісінше орындалуы, қарсы талапты қанағаттандыруы, несие беруші мен борышқордың бір адам ретінде үйлесуі, тараптардың келісуі, орындауды атқарудың мүмкін еместігі, борышқордың немесе несие берушінің өлімі жатады. Міндеттемені тоқтатудың басты және мейлінше, кең тараған тәсілі оның тиісті деңгейде орындалуы болып табылады.

Заңдар мен шартта міндеттемені тоқтатудың басқа да негіздері көзделуі мүмкін.

Міндеттемені тоқтатудың барлық негіздерін мынадай екі топқа бөлуте болады:

1) өзінің қатысушылары еркімен тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, жаңарту, есепке жатқызу, бас тартуды ұсыну, борышты кешіру) ;

2) өзінің қатысушыларының еркінен тыс тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, азаматтың қайтыс болуы міндеттеменің тоқтатылуына әкеледі, заңды тұлғаны тарату, және т.б.);


Міндеттемені тоқтатудың жекелеген әдістері.

Міндеттемені тоқтатудың мейлінше тиімді түрі — оны орындау. Яғни міндеттеме тиісті дәрежеде орындалуы керек, несие берушінің құқықтарын жүзеге асыру міндеттеменің мәніне, әдісіне, орындалатын жеріне және т.б. толық сәйкес жүзеге асуы керек. Міңдеттеме тиісінше орындалмаса да тоқтатылмайды, қайта қосымша міндеттер (айып төлеу, залалды өтеу, және т.б.) жамалады.

Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатылуы мүмкін (АҚ 369 бап). Бас тарту төлемі міндеттемені тоқтатудың жаңа негізі болып табылады, оның өзі бұрын азаматтық кодексте болған емес. Бас тарту төлемінің мән-мағынасы міндеттемнің пәнін басқа мүлік беру немесе ақша мен алмастыру болып табылады. Сондай—ақ жұмысты орындау немесе қызмет көрсетуді де ұсынуы мүмкін.

Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген бір — тектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлік — бөлігімен тоқтатылады. Жаңғыртылуы - міндеттемені тоқтату әдісі ретінде бастапқы міндеттемені жаңа міндеттемемен ауыстыру туралы әр жақтың өзара келісімімен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады.

Азаматтың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берілмейді.

Жаңғыртылумен бірге тоқтатылатын қосымша міндеттемеге кепілді, кепіл болушылықты, міндеттеменің орындаудың басқа да әдістері, сондай — ақ ақшалай міндеттеме бойынша марапаттауды (ынталандыруды) жатқызуға болады. Бұл бойынша М.К.Сүлейменов: "Залалды қалпына келтіру құқығы тоқтауға жатпайды, өйткені залалды өтеуді қосымша міндеттеме деп тануға болмайды, ол кез — келген міндеттемеге тән және де жаңғыртылу оны тоқтата алмайды" — деп айтады.

Азаматтық кодекс міндеттемені тоқтатудың басқа да негіздерін қарастырады. Оған борышқор мен несие берушінің бір тұлға болып келуін жатқызуға болады (371 - бап). Бұл кәсіпорын қайта құрылған кезде орын алады, мәселен, кәсіпорынға оның борышқоры келіп қосылады. Мұндай жағдайда жаңадан құрылған занды тұлға әрі борышқор әрі несие беруші болады. Мұндай нұсқада міндеттеме болуы мүмкін емес, сондықтан ол тоқтатылады.

Қорытынды
Тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ Азаматтық құқықтағы міндеттемелер қоғамдық қатнасты реттегенде үлкен маңызы бар. Өйткені міндеттемелер болмаған жағдайда қалай мемлекет қызметін атқарар еді, ол барлық экономикалық, әлеуметтік саяси жағынан ықпалын зор тигізеді. Біз жалпы міндеттемелердің орындалуын, оның орындалуына байланысты пайда болатын құқықтық жауапкершілікте және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырдық.

Міндеттеменің жекеленген түрлері тәжірибеде (практикада) кеңінен қолданылуда, оларға сатып алу —сату, айырбас сыйға тарту, мердігерлік, және т.б. кіреді.

Міндеттемелердің шарттардан және басқа негіздерден туындалуы тәртіпке қарай нақты түрде және белгіленген мерзімде орындалады. Егер міндеттемелердің тиісті түрде орындау немесе өзге де міндеттемені орындау прициптері, орындалмаса кінәлі тарапқа мәжбүрлеу шарассы қолданылады. Оларға мыналар жатады: Міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамағаннан келтірілген залалды нақты орындалуына мәжбүр ету.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді былай десекте болады, зандарда немесе тараптардың келісімімен қаралған қосымша мүліктік сипаттағы борышқорға әсер ететін әдіс, оның - негізгі міндеттемені орындауына түрткі болатын және негізгі міндеттемені тиісті дәрежеде немесе орындалмаған жағдайда несие берушінің қызығушылықтарын қанағаттандырады.

Тараптардың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, әдістері жазбаша нысанда істелуі тиіс. Азаматтық құқыққа бұрыннан мәлім болған бір жақты шарт түрі, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, банкроттық жағдайда, сатып алу-сату (өндірісті, жерді сатып алу-сату, мүліктік құқық-жер пайдалану құқығы, және т.б.) қазітргі уақытта басқа көзқарас алды және тез дамуда, қолданылуын табуда. Жаңа шарт түрлері пайда болуда рента, факторинг, франчайзинг, сенімгенрлікпен басқару және т.б. Бұл процесс жалғасуда. Себебі мемлекет дамыған сайын оның қоғамдағы қажеттіліктері өзгеріп, зандарда өзгереді. Осы міндеттемелер тақырыбын зерттеу барысында қазіргі қолданылып жүрген заңымыздың, яғни азаматтық кодексте грамматикалық деймізбе, әлде кішкене баптарында қарама-қайшылықты анықтадым. Яғни ол, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінде әңгіме болып отыр.

Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады деп көрсетілген. Ал осы аманат Азаматтық кодекстің 330-бабында кепіл болушыны деп алынған, яғни кепіл болушылық ол, кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.

Менің ойымша осы келеңсіздікті жою үшін Азаматтық кодекстің 292-бабындағы аманат деген сөзді кепіл болушылық деген сөзге ауыстыруды ұсынып отырмын. Оны қабылдау, қабылдамау құзырлы органның немесе лауазымды адамның қолында.

Тағы бір айта кететін жай, шарттық міндеттемелерді болу әр-түрлі критерилерге байланысты зандық әдебиеттерде әлі де талас жүруде.

Менің өз көз-қарасым бойынша міндетемелер институтын бөлу борыш қордың қызмет ету садасы бойынша дұрыстау болар еді. Яғни мүлікті беру жұмысты істеу қызмет жасау. Бұл Азаматтық кодекстің 268 — бабындағы міндеттемелерді анықтаудағы дәрежесіне сай келер еді. Осыған сәйкес келесі шарттық міндеттемелер түрін көрсетуге болады:

1. Мүлікті жеке меншікке беру немесе өткізу міндеттемесі. (Мысалы, сатып алу — сату, ауыстыру, сыйға тарту, энергия мен және басқа да шикізаттар мен қамтамасыз ету, жалдау);

2. Мүлікті пайдалануға беру міндеттемесі (мысалы, мүлікті жалдау (аренда), соның ішінде лизинг, концессия, қайтарымсыз мүлікті пайдалану, үйді жалдау);

3. Жұмыстарды істеу міндеттемесі (мысалы, мердігерлік, соның ішінде құрылыс салуға, жоспарлы-іздестіруге, жақсылап жөндеуге, тәжірибелі — конструкторлық жұмыс т.б.)

4. Қызмет көрсету міндеттемесі (мысалы, транспорттық міндетеме, сонымен қатар, жеткізіп беру, транспорттық экспедиция, банктық қызмет көрсету, сақтау, сенімгерлікпен басқару т.б.).

Сонымен сөздің кең мағынасында міндеттеме дегеніміз — жазбаша нысандағы, сөзсіз орыңцалуға қажет ететін ресми түрде берілген уәде. Бұл жағдайда әңгіме жоғары сапалы адамдардың имандылық сипатындағы қабылдаған міндеттемелері туралы болып отыр.

Біз міндеттемелердің керекті сұрақтарын қарастырдық. Олар қоғамдағы қатынастарда көп жағдайларда қолданылады. Мемлекеттің дамуындағы бір алғы шарты болып табылады. Міндеттемелер заман ағысына қарай алға дамиды береді. Міндеттемелердің туындауы көбінесе шарттардан, мәмілелерден, зиян келтіру саддарынан, занда көзделген басқа да негіздерден туындайды. Оларды орыңдуу борышқордың өз іс-әрекеттерімен істеуі қажет. Егер міндеттемелер негізсіз себептермен, орындалмаса, борышқор жауапты болады, яғни айыппұл төлеиді немесе залалдың орнын толтырады. Егер өз еркімен істемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде істетіледі. Сөйтіп азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалып, қалпына келтіріледі. Біздің еліміздің өтпелі кезеңінде экономиканы, халықтық, әлеуметтік жағдайды ең нәтижелі және сенімді құқықтық реттеу туралы құралы ретінде міндеттеме екені сөзсіз деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Алматы, "Жеті — жарғы", 1998 ж.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жалпы және ерекше бөлімдер, "Юрист" баспасы, 2001 ж.

3. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 22-желтоқсан. 1995 ж.

4. "Банкроттық туралы " Қазақстан Республикасының заңы 21-қаңтар. 1997 ж.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме, ред. басқарған Сапарғалиев F. Аударған С.Бақтыгерейүлы — Алматы: Жеті — жарғы, 1999 ж.

6. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық- Алматы, Жеті — жарғы.1998ж.

7. Гражданский кодекс Республики Казахстан. общая часть, коментарии. Алматы, Жеті — жарғы, 1-2 том, 1998 г.

8. Мемлекет және құқық негіздері. Н.Дулатбеков, С. Амандықова, Астана. Фолиант. 2001ж.

9. Е.Баянов. Мемлекет және құқық негіздері, оқулық, Алматы, Жеті — жарғы, 2001 ж.

10. Шарттар жинағы, құрастырған Р.А.Темірғалиева. Алматы, Әділет, 2001 ж.

11. Алексеев С.С. Проблемы теорий права М. Ч.-І. 1992г.

12. Гражданское право, в 2-х том,уч для вуз, Е.А. Суханов 2-е изд. I перераб и доп. М. издателство БЕК, 2000г.

13. Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы-Алматы: Қаз МЗА, 2001ж.

14. Сапарғалиев F. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері-Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994ж.

15. Булгакова Д.А. Теория государства и права (уч.методичекое пособие)- Алматы, Дәнекер. 2001 г.

16. Лазарев В.В., Липеть С.В. Теория государстваи права: учебник для вуз. - М. "спарк" 1998г.

17. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық. Қ.Д.Жоламан, А.Қ. Мұхтарұлы. Алматы, Қаз М.З.У. 1999 ж.

18. З.О.Ашитов Егемен Қазақстан құқығы, Алматы, жеті — жарғы, 1997ж.

19. Гражданское право, 1-том уч. для вуз: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, КазГЮА 2000г.

20. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., Овчиников И.Н. 1998г.

21. Гражданское право. Под ред. доктора профессор юридических наук А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996г.

22. Основы гражданского право. М.Г.Маркова.

23. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.

24. Гражданское право. Е.А.Суханов.

25. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, "Әділет- Пресс", 1997г.

26. Гражданское право. Учебник/Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. М.,1997г.

27. Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва. Гражданское право, часть в*торая в вопросах и ответах. Москва юристь 2001г.

29. Алексеев С.С. Проблемы теории права- М., 1972г.

30. Гражданский Кодекс РК толкование и комментирование, Алматы, 1997 г.

31. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ.Сапарғалиев. 1995ж.

32. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика. Белякова М.А. 1996г.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет