Дипломдық жұмыста «Регион Нефтепродукт»



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата14.02.2023
өлшемі1.3 Mb.
#469550
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2019 5B050800 Алтынбек, Рысбек, Кетебаева

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


11 
МАЗМҰНЫ 
Кіріспе 12 
1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудитін 
ұйымдастырудың теориялық негіздері 15 
1.1 Нарықтық экономикадағы еңбекақы 15
1.2 Еңбекақы нысандары мен жүйелері 19
1.3 Еңбекті нормалау оның тиімділігін жоғарлату механизмі ретінде 23
2 Еңбек ақы бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастыру 27 
2.1 «Регион Нефтепродукт» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің 
ұйымдастырылуы 27 
2.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 30
2.3 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитін жүргізу тәртібі 37
3 «Регион Нефтепродукт» ЖШС мәліметтері негізінде еңбек 
ресурстарын талдау және еңбекақы есебін жетілдіру жолдары 43
3.1 Еңбек ресурстарының пайдаланылу тиімділігін талдау 43
3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті жетілдіру 
жолдары 46
Қорытынды 56 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 58
Қосымша А 60 


12 
КІРІСПЕ 
Тақырыптың өзектілігі кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын 
есепке алу Қазақстанда да, шетелде де кез келген ұйымның бухгалтериясы 
қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады, өйткені еңбекақы 
төлеу шығындары бірыңғай әлеуметтік салықпен бірге өзіндік құн 
құрамында айтарлықтай үлес салмағын алады, яғни кәсіпорынның пайдасына 
әсер етеді. Жалақы және одан ұстап қалу есебі бухгалтердің неғұрлым көп 
еңбекті қажет ететін және жауапты жұмыс учаскелерінің бірі болып 
табылады. Ол кәсіпорынның барлық есеп жүйесінде орталық маңызды 
орындардың бірін алады. 
Кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкер өндірістің басты құндылығы 
болып табылады. Сондықтан еңбекті жан-жақты қарастыру жасырын 
өндірістік ресурстарды анықтаудың кепілі болып табылады. Еңбекті бірнеше 
бағыттар бойынша талдау орынды болып саналады, олардың ішіндегі ең 
маңыздысы: жұмыс істейтіндердің құрамын, сандық құрамның динамикасын; 
жұмыс уақытын пайдалануды; қызметкерлердің білім деңгейін; еңбекақы 
төлеуді талдау болып табылады. 
Еңбекті есепке алудың және оны төлеудің негізгі міндеттері- 
қызметкерлердің жеке құрамын, олардың орындаған уақыты мен жұмыс 
көлемін дәл есептеу; еңбекақы төлеу және одан ұстап қалу сомасын дұрыс 
есептеу; ұйым қызметкерлерімен, бюджетпен, әлеуметтік сақтандыру 
органдарымен және ҚР зейнетақы қорымен есеп айырысуды есепке алу, 
еңбек ресурстарының ұтымды пайдаланылуын бақылау, еңбекақы төлеу; 
есептелген еңбекақы мен әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдарды өндіріс 
және айналым шығындарының шоттарына дұрыс жатқызу болып табылады. 
Кәсіпорындарда жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп 
айырысулардан басқа өзге операциялар бойынша есеп айырысулар да жүзеге 
асырылады – берілген заемдар бойынша есеп айырысулар (жеке тұрғын үй 
құрылысына, бау-бақша үйін сатып алуға және т.б.), материалдық залалды 
өтеу бойынша есеп айырысулар, кредитке сатылған тауарлар үшін есеп 
айырысулар. 
Жұмыс күші - бұл адамның физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің 
жиынтығы, оның еңбекке қабілеттілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында 
"еңбекке қабілеттілік" жұмыс күшін тауар етеді. Бірақ бұл ерекше тауар. 
Оның басқа тауарлардан айырмашылығы, біріншіден, құнды өзі тұрғаннан 
артық жасайды, екіншіден, оны тартпай-ақ кез келген өндірісті жүзеге асыру 
мүмкін емес, үшіншіден, негізгі және айналым қорларын пайдалану дәрежесі 
(тиімділігі) оған байланысты. 
Еңбекке ақы төлеу-бұл жұмыс берушінің қызметкерлерге заңдарға, өзге 
де нормативтік құқықтық актілерге, ұжымдық шарттарға, келісімдерге
жергілікті нормативтік актілерге және еңбек шарттарына сәйкес олардың 
еңбегі үшін төлемдерді белгілеуін және жүзеге асыруын қамтамасыз етуге 
байланысты қатынастар жүйесі. 


13 
Жалақы – бұл еңбек үшін төленетін сыйақы, қызметкердің біліктілігіне, 
күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына байланысты жұмыс, 
сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер. 
Қызметкерлерге олар өндірген өнімнің санына және жұмыс істеген 
уақытқа сәйкес есептелетін сомалар еңбекақы төлеу қоры болып табылады. 
Оған есептелген жалақы, сыйлықақылар, үстемеақылар, өтемақы 
сипатындағы төлемдер, жұмыс істемеген уақыт төлемдері және т. б. 
енгізіледі. 
Еңбекақы төлеумен байланысты есеп айырысуларды бухгалтерия 
қызметкерлердің санын, жұмыс уақытын өндіру мен пайдалануды есепке алу 
жөніндегі үлгілік бастапқы құжаттардың, қосымша төлем парақтарының 
және басқа да бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырады. Қабылданған 
құжаттар тексеріледі, өңделеді және олардың негізінде әрбір қызметкердің 
еңбекақысы есептеледі,тұтастай алғанда ұйым бойынша және қажет болған 
жағдайда оның құрылымдық бөлімшелері бойынша есептелген жалақы қоры 
анықталады. 
Дипломдық жобаның мақсаты – еңбекақының экономикалық табиғаты 
туралы теориялық және методологиялық аспектілерді жалпылау негізінде 
жұмыскерлердің еңбек ақысын басқару ерекшеліктерін зерттеу және «Регион 
Нефтепродукт» кәсіпорнындағы еңбек ақы жүйесі мен аудитін ұйымдастыру 
жағдайын зерттеу. Яғни, кәсіпорын мысалында еңбекақыдан ұстап қалу мен 
шегерімдерді есепке алу мәселелерін қарастыру болып табылады және ҚР-ғы 
еңбек ақыны жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау. 
Дипломдық жобаның мақсатына сәйкес негізгі міндеттер: 
- экономикалық санат ретінде еңбекақы төлеудің мәнін, еңбек ақы 
төлеу нысандары мен жүйесін зерттеу және өзге операциялар бойынша есеп 
айырысуларға талдау жүргізу; 
- еңбекақыдан ұстап қалулар мен шегерімдерді есепке алудың 
теориялық аспектілерін ашу және оларды нормативтік реттеу; 
- еңбек ақы және басқа операциялар бойынша есептеулерді 
автоматтандыру бойынша іс-шараларды ұсыну,негізгі нормативтік реттеуші 
құжаттарды қарастыру; 
- еңбекақыға жүргізілетін аудитті қарастыру. 
Зерттеу пәні болып кәсіпорындардағы қызметкерлерге еңбекақы 
төлеу есебі табылады сонымен қатар, бірыңғай экономикалық субъект 
ретінде біріккен кәсіпорындар тобының шоғырландырылған қаржылық 
есептілігін осы есептілікті пайдаланушылардың мүдделері көзқарасы 
жағынан талдау әдістемесі табылады.Бұл жұмыста көбіне еңбекақы төлеу 
нысандарына, еңбекақыдан ұстап қалу төлемдеріне, қосымша еңбекақы 
түрлеріне мәліметтер кеңінен ашылып жазылған. 
Зерттеу объектісі ретінде отандық холдингтік құрылымдарының 
қаржылық есептілі мен оның көрсеткіштеріне әсер етуші факторлар мен 
үдерістер алынды. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары 
негізінде толық мәліметтермен жазылған. 


14 
Зерттеудің әдістемелік базасыболыптеориялық және методологиялық 
заңнамалық құжаттар, нормативті - құқықтық актілер, оқулықтар, 
электронды порталдар мәліметтері, қаржылық есептіліктің халықаралық 
стандарттары, Қаржы министрлігінің ресми материалдары, отандық 
шоғырландырылған құрылымды ұйымдардың қаржылық есептілігі болып 
табылады. Жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік 
ғалымдардың еңбектері, кезеңдік шығарылымдар мен ғаламтор желісіндегі 
ғылыми-тәжірибелік басылымдар пайдаланылды. 
Жобаның көлемі мен құрылымы.Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш 
негізгі бөлімдерден және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. 
Кіріспеде еңбек ақының мазмұны, оны басқару қажеттілігі мен бүгінгі 
таңдағы өзектілігі туралы айтылған.
Екінші бөлім Қазақстан Республикасында бүгінгі таңдағы қалыптасқан 
еңбекақы деңгейі мен динамикасын талдау мен ЖШС-нің қызметін 
және ондағы еңбекақыны басқару жүйесін талдауға арналған. 
Үшінші бөлімде еңбекақыны төлеудегі шетелдік тәжірибесі 
және
Қазақстан Республикасындағы еңбекақы төлеуді жетілдіру бойынша 
ұсыныстар жасалған. 
Қорытынды бөлім дипломдық жұмыстың мазмұнына сәйкес оның 
барлық. бөлімдері бойынша қорытындылар мен тәжірибелік ұсыныстардан 
тұрады. 
Дипломдық жобаны орындаушылар. Дипломдық жобаның 1.1, 2.2, 3.2 
бөлімшелерін орындаған – Кетебаева Назерке. 1.2, 2.1, 3.2 бөлімшелерін 
орындаған – Рысбек Талшын. 1.3, 2.3, 3.1 бөлімшелерін орындаған – 
Алтынбек Дана. 


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет