20
кәсіби қабілетінің сапасын бағалаудың қағидаларына және олардың
ұйымның түпкі нәтижесіне қосқан үлестеріне байланысты.
3.
Аралас еңбекақы төлеу жүйесі тарифтік және тарифтік емес еңбек ақы
жүйесінің элементтерінен тұруы мүмкін.
Ұйым еңбекақы жүйесін дербес белгілейді.Бұл ретте, бір ұйымның
өзінде әр түрлі санаттағы қызметкерлердің болуына сәйкес әр түрлі
еңбекақы төлеу жүйесі болуы мүмкін.Нақты бір қызметкерге қатысты қандай
да бір еңбекке ақы төлеу жүйесін қолдану тәртібі еңбек шартында айтылады,
ал ұйымда
қабылданған жалпы тәртіп, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің
актілерінде, мысалы, еңбек ақы төлеу туралы Ережелерде бекітіледі.Ең көп
таралған еңбекақы төлеу жүйесін қарастырайық(4 - сызба).
1. Еңбекақы төлеудің мерзімдік жүйесі (Уақыт бойынша еңбекақы
төлеу жүйесі). Уақыт бойынша еңбек ақы төлеу
кезінде жалақы мөлшері
нақты істелген жұмыс уақытымен және қызметкердің біліктілгіне
байланысты
белгіленген
тарифтік
ставка
бойынша
анықталады
(кызметкердің
лауазымына
сәйкес
жалақысынан).
Мұндай
төлем
қызметкердің еңбегін нормалау немесе орындалған жұмысын есепке алу
мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.
Қарапайым мерзімдік.Бұл төлем жүйесінде еңбекақы тек бір
көрсеткіш–
орындалған
жұмыс
уақыты
бойынша
есептеледі.Төлем,орындалатын
жұмыс көлеміне тәуелсіз, орташа күндік
(сағат) жалақыны (тариф) істелген жұмыс уақытының мөлшеріне көбейту
жолымен жүргізіледі.
Сыйақылы мерзімдік. Мұндай еңбекақы жүйесі сыйақыландырудың
алдын-ала анықталған көрсеткіштер мен шарттары негізінде уақытша
қызметкерлерге, сыйақы
туралы ережелерде көзделген, сыйақы төлеуді
көздейді. Төлем сомасытариф бойынша істелген жұмыс уақытына
ғанатәуелді емес, сонымен қатар белгілі бір сандық және сапалық
көрсеткіштерге жету бойынша сыйлықақыларға да байланысты.
2. Келісімді еңбекақы төлеу жүйесі. Келісімді
еңбекақы төлеу кезінде
әр бір өндірілген өнім бірлігінің (қызметтің, жұмыстың) тиісті сапасына
сәйкес белгілі бір жалақы мөлшері, яғни келісімді ставка орнатылады. Яғни,
өндірілген өнім бірлігінің саны немесе аяқталған жұмыстың көлеміне
(сапасы, күрделілігі мен еңбек жағдайларын есепке ала отырғанда)
байланысты. Келісімді еңбекақы төлеу нысаны еңбек нәтижесінің
көрсеткіштер санын тіркеуге және өндіріс
жылдамдығы мен уақыт
номаларын орнату арқылы нормалауға нақты мүмкіндік болған жағдайларда
қолданылады. Өндіріс жылдамдығы – бұл жұмыс уақытының бірлігі
үшінқызметкермен өндірілуітиіс өндіріс көлемі. Уақыт мөлшерлемесі – бұл
қызметкерге өнімнің (операцияның) бiрлiгін өндiруге қажеттi сағатпен,
минутпен көрсетiлген жұмыс уақытының саны.
Достарыңызбен бөлісу: