3.3. Технологиялық желіні үйлестіру
Табиғи жүзімді қолданып классикалық технологиямен жасалған. Жүзімнің таңдаулы сорттарынан жасалған шарап өндірісі келесі кезеңдерден тұрады:
-
Зертханалық сынама алу;
-
Шикізаттарды қабылдау;
-
Тазалау сеператорына( сабақтарынан айыру) жіберу;
-
Стекательдерден өздігінен аққан жүзім шырынын алу;
-
Стекательдерде қалған жүзімді езу;
-
Алынған шырынды ашытуға жіберу (24-32ºс температурада);
-
Фильтрлеу;
-
Купаждау;
-
Дем алу;
-
Фильтрлеу;
-
Шөлмектерге құю:
-
Орап түю.
Шарапты дем алдыру кезінде шарапты тұнба түзілмес, ақуызды қоймалжың, сары тастар түзілмеу үшін шарапты үнемі бақылап тұру қажет. Сол тұнбаларды жою үшін немесе алдын алу үшін бентонитпен өңдейді және күкірт альдегидін қосады. Сақтау температурасын, ашу және фильтрлеу температурасын қадағалап отыру керек. Фильтрлеуден кейін шарап үлгісін зертханалық тексеруге жіберіледі.
3.4. Өндірістік корпустың көлемін жоспарлау шешімі
Шарап өнеркәсіптерінің дамуы қолданылатын жүзімнің сортты құрамының жақсаруымен, шарап материал өндірісінің технологиясын жақсартылғанымен, дайын өнімнің сапасының жақсаруымен және ағынды автоматтандырылған өндіріске ауысумен тығыз байланысқан:
-
Шектеулі ассортимент жағдайында, бірақ өнімнің жоғарғы көлемінде мерзімді тәсілдерден үздіксіз тәсілдерге ауысу, сонымен қатар тәсілдерді қолдана білу;
-
Технологиялық процесстерді интенсивтеу және шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту мақсатымен технологиялық режимдерді үйлесімді шартқа келтіру;
-
Өндіріс объектілерін унификациялау және дайын өнімнің өзіндік құнын төмендету;
-
Технологиялық процесстерді және жалпы өндірісті толық автоматтандыру;
-
Үздіксіз процесстерді қолданып, мысалы, мерзімді тәсілдерді үздіксіз тәсілдермен қолдану, өндірістің ағындыққа ауысуына жетуімізге болады.
Ағынды әдістерең нәтижелі. Оларда көбінесе үздіксіз жұмыс істейтін аппараттар, қондырғылар және сызбалар қолданылады.
Жылдамдатылған тәсілмен шырынды мөлшерлеудің артықшылығы мерзімді тәсілмен салыстырғанда өте көп. Қолданылатын мөлдірлегіштердің түрлеріне және мөлдірлегіш заттарға байланысты мөлдірлету процесі 30-40 % нәтижелі өтеді. Жылдамдатылған мөлдірлету қондырғы толық автоматтандырылған. Алынатын мөлдір шырынның саласы жоғары.
Сонымен қатар, шарап жасау өнеркәсіптерінің дамуы бірнеше жаңа мәселелер қойып отыр. Ол технология және механикаландырудан басқа, өндірістік процесстерді автоматтандырумен байланысқан. Осыған, қолданып жатқан жабдықтарды тавтоматтандыру, толық автоматтандырылған аппараттар мен машиналарды құрастыру, шикізаттың, жартылай өнімнің және дайын өнімнің сапасын технологиялық процесстің әр түрлі сатыларында, автоматты бақылаудың жаңа жүйелерін қолдану кіреді.
Қазіргі уақытта өнімді үнемді және тиімді пайдалану, сонымен қатар дайын өнімнің сапасын жоғарылату, экономикалық жақсы дамығанын көрсетеді. Бірақ шикізаттың және өнімнің сапасын жылдам және толық бақылау тек қана автоматтандырылған аспаптар мен құралдарды қолданумен мүмкін.
Жүзім шараптарын өндіретін ағынды әдістер өнім шығымының жоғарылауына, шикізаттын шығынын төмендетуге, еңбек өнімділігін жоғарылатуға, экспулатациялық шығындарды төмендетуге және өнімнің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
3.5. Энергетикалық есептеулер
Салқын судың, ыстық судың және будың шығымын есептеу.
Ыстық және салқын су шырын алу цехында: қоректі бункерді, жинақтарды, уатқыштарды, ағызғыштарды, сығымдағышты, сорғыштарды, тасымалдағыштарды, тұндырғыштарды және алаңдарды жуу үшін қолданады.
Қоректі бункердің әр 1 м3 200 л салқын және 150 л ыстық су жуу үшін шығындалады, тәулігіне бір рет жуылады. Қоректі бункердің сыйымдылығы 28 м3 , сонда науқанда:
л салқын су (3.1)
Және
л ыстық су қажет (3.2)
Әр бір ағызғышқа тәулігіне бір рет жуу үшін 900 л салқын және 700 л ыстық су шығындалады, науқанда:
л салқын су (3.3)
Және
л ыстық су қажет (3.4)
Сығымдағышты жуу үшін науқанда:
л салқын су (3.5)
Және
л ыстық су қажет. (3.6)
Сорғыштардың әр бір данасына тәулігіне бір жуғанда 160 л ыстық және салқын су қажет. Сонда бір сорғышқа науқанда:
л ыстық (3.7)
Және 480 л салқын су қажет.
Шырынның 1 м3 көлеміне 200 л салқын және 150 л ыстық су қажет. Жинақтың саны 3 дана, ал сыйымдылығы 2 м3. Сонда науқанында:
л салқын (3.8)
Және
л ыстық су қажет. (3.9)
Тасымалдағыштардың жалпы ұзындығы 40 м деп қабылдағанда, науқанында:
л салқын су (3.10)
Және
л ыстық су қажет. (3.11)
Тұндыру резервуарларының әр 1 м3 жуу үшін тәулігіне 200 л салқын және 150 л ыстық су шығындалады, сонда науқанда сыйымдылығы 20 м3 тоғыз тұндырғышты жуу үшін:
л салқын су (3.12)
Және
л ыстық су қажет. (3.13)
Шырын құбырларының қзындығын 120 м деп қабылдасақ, оларды жуу үшін:
л салқын су (3.14)
Және
л ыстық су қажет. (3.15)
Алаңдардың 1 м2 тіулігіне бір рет жуғанда 2 л салқын су қажет, сонда 150 см2 алаңдарды жуу үшін науқанда:
л салқын су керек. (3.16)
Жалпы ыстық судың шығымы 5% еске алынбаған шығындарды есептесек:
196920 + 196920 * 0.05 = 206766 л (3.17)
Жалпы салқын судың шығымы:
305040 + 305040 * 0.05 = 320292 л (3.18)
Жүзімді өңдеу сызбаларының жабдықтарын науқанда 5 рет 1 атм. Қысымда 50 кг бу шығындалады. Яғни, уатқышты, ағызғышты, сығымдағышты өңдеу үшін:
6 * 50 * 5 = 1500 кг бу қажет. (3.19)
Қабылданған жабдықтарды электр қуатымен цехтағы трансформатор қамьамасыз етеді.
Электроэнергияның шығымын есептеу
-
Күшті жабдықтардың электрлі нүктемесін анықтау үшін:
-
Анықтама материалдарынан Кv коэффицент пайдалануын және жабдықтардың cosα мен tgγ анықтаймыз;
-
Орташа белсенді Рсм және реактивті Qсм қуаттарды ең ауыр ауысымға есептейміз:
, квт
Мұнда: Рн- жабдықтардың номиналды белсенді қуаттылығы.
-
Кu∑ , cosγ∑ және tgα қосындыларын есептейміз:
(3.20)
(3.21)
(3.22)
-
Орташа қосынды белсенді Рсм∑ және реактивті Qсм∑ қуаттылықтарды есептейміз:
(3.23)
(3.24)
-
Кu∑ саны бойынша Кс сұраныстың коэффицентін анықтаймыз;
-
Цехтың белсенді Рр реактивті Qр және толық нүктелерді есептейміз:
; квт (3.25)
; квт (3.26)
; квт (3.27)
Күшті электрлі нүктемелердің нәтижелерін кестеге түсіреміз.
, квт
, квт
-
Цехтың нарықтандыру жабдықтарының электрлі нүктемелерінің есептерін меншіктік қуаттылық әдіс бойынша келесі ретте орындаймыз:
-
Өндірістік бөлімшенің сипаттамасы бойынша жарықтандырғыштарды қабылдаймыз;
-
Арнайы нұсқаулар бойынша бөлімшенің ең төменгі рұқсат етілген жарықтануын Еmin етіп анықтаймыз;
-
Еmin саны және бөлімшенің ауданы F бойынша қабылданған жарықтандырғыштардың меншікті қуаттылығы Ру (Вт/м2) және жарықтандыру қуаттылығы Рж анықталады:
; (3.28)
Мұнда: К3 – қор коэффиценті.
Люминисцентті лампаға К3= 1.8, ал кушо лампаларына К3 = 1.5 тең.
-
Жарықтандырғыштардың саны анықталады:
Мұнда: Р1- жарықтандырғыштың қуаттылығы.
-
Кейін белсенді Р10 және реактивті Qро жарықтандыру қуаттылықтары анықталады. Жарықтандырғыштардың нүктеме есептерінің нәтижелерін кестеге түсіреміз.
-
Цех трансформатор бекетінің қуаттылығын және оны қабылдауды келесі ретте жүргіземіз:
-
Реактивті қуаттылықтың сыйымды қорларының қуаттылығы анықталады:
(3.29)
-
Электрмен қамтамасыз ететін категорияға байланысты трансформаторлы бекеттің санын анықтаймыз. Тамақ өнеркәсіптері 3 категорияға жатады және бекеттерде бір трансформатор орнатылады:
Қондырғыға 3 фазаны, екі орамды май салқындатқышы бар 10 квт трансформатор қабылдаймыз.
Түрі: ТМ 400/10.
4. ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ
Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау» туралы заңы, 28 ақпан 2004 жыл № 528 - II, Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау облысында қоғамдық қатынастарды реттейді жэне еңбек ету процесінде жүмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі құқығын қамтамасыз ету мен сақтауға бағытталған. Бұл сала үлттық саясаттың негізгі принциптерін бекітеді, өндірістегі бақытсыз жағдайлар мен денсаулыққа келтіретін зияндарды ескерту мақсатымен және өндірістік факторлар келтіретін қауіпті, зиянды әсерлерді азайту үшін және иелік түрінен тәуелсіз барлық шаруашылық іс әрекеттер мен өндірістердің барлық түріне арналған.
Еңбекті қорғау бүл, заңды және басқа да нормативті акттер негізіндегі әлеуметтік-экономикалық, үйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық және емдік - профилактикалық іс шаралар мен қүралдарға сүйенген жүзеге асушы жүйе, еңбек процессінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығының сақталуын және оның жүмысқа қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Өндірісте, мекемелерде, кооперативтерде, фермерлік шаруа қожалықтарында және басқа да әр түрлі иеліктер мен шаруашылықтарда оның ішінде тәуелсіз жүмыс берушілер мен еңбектік қарым-қатынаста түратын барлық жүмысшылар еңбекті қорғау қүқығына ие; кооператив, орташа білім беретін мектептің оқушылары, өндірістік практика мен өндірістік оқудан өткен; әскери қызметпен байланысты емес жүмыстарға тартылған әскерилер; сот шешімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, жоғарғы үйымдар анықтаған өндірістегі жүмыс жасау кезінде және қоғам мен мемлекет игілігі үшін үйымдастырылған барлық іс шаралар түріне қатысушылар.
Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы
«Өнімділігі 250 тн/жыл жүзім өңдейтін шағын шарап цехының технологиясын жасау» тақырыбы бойынша дипломдық жобада санитарлы-техникалы гигиеналық шартта мына факторларды ескерген жөн, яғни қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек өнімділігіне эсер ететін факторлар.
Өндірістік санитария мынадай санитарлық жұмыстарды периодты түрде жүргізіп отыруды талап етеді, яғни күнделікті жұмыс орнында ылғалды уборка жүргізіп отыру, ал эстетикасы жұмыс орнын көру рецепторларының реакциясын есепке ала отырып дайындауды талап етеді, себебі жүмыс қалай болғанда да компьютермен байланысты болғандықтан, ал нақтырақ монитормен, ол өз кезегінде организмнің көру жүйесіне зиянды әсер етеді.
Өндірістік санитария жұмыс алаңдарында зиянды өндірістік факторлардың әсерін тоқтататын ұйымдық, гигиеналық және санитарлы-техникалық іс шаралар мен қүралдар жүйесін береді.
Автоматтандырылған жұмыс орындары орнатылған жүмыс жайларында олардың өлшемі (ауданы, көлемі) ең алдымен оларда орнатылған жэне жүмыс істейтін аппараттық қүралдар комплектісінің санына сэйкес келу керек. Оларда ауа температурасының, жарықтанудың, ауа тазалығының сэйкес параметрлері қарастырылады, өндірістік шудан изоляциялауды қамтамасыз етеді жэне т.с.с.
Еңбектің қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін санитарлық нормаларды бір жүмысшыға орнатады, жұмыс аумағының көлемі 15 м кем емес. Қабырға көтерілген немесе тұйық қоршаулармен салынған алаң жасанды жарықтанумен және жалпы алмастырғыш вентиляциямен қамтылғандықтан ауданы 4,5 м3 кем емес. Машиналар залы мен магнитті тасығыштар сақтайтын орындарға арнайы сұраныстар қойылған. Машина залының ауданы ЭЕМ-ң берілген типінің зауыттағы техникалық шарттарына сэйкес келуі керек.
Көлеңке жақта орналасқан, яғни жарық аз түсетін жайларда жасанды жарық немесе араласқан жарықты қолданады. Сонымен қоса қосымша жасанды жарықтану тек қараңғы кезде ғана емес тәуліктің жарық кезінде де қолданылады. Жүмыс орнының рационалды түрде түстік дайындалуы еңбектің санитарлы-гигиеналық шартын жақсартуға, оның өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Жүмыс орнының бояу түсі адамның жүйке жүйесіне, оның көңіл күйі мен соңғы есепте еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді.
Негізгі өндірістік жұмыс аумақтарын мақсатты түрде техникалық қүралдардың түсіне сэйкес бояу керек. Жүмыс аумағы мен жабдықтың жарықталуы жүмсақ, жылтырсыз болуы қажет.
Жұмыс орындарындағы метеорологиялық шарттар
«Өнімділігі 250 тн/жыл жүзім өңдейтін шағын шарап цехының технологиясын жасау» тақырыбы бойынша дипломдық жобада метеорологиялық шартта мына факторларды ескерген жөн, яғни қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек өнімділігіне эсер ететін факторлар.
Өндірістік ортадағы метеорологиялық шарттар — температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы адам организмінің жылу алмасуын анықтайды және организмнің түрлі жүйелерінің функцияналдық жағдайына, қалыпты жағдайына, жұмыс істеу қарқындылығы мен денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Одан қоймай, жылу алмасудың бұзылуынан (салқындап кетуі немесе ысып кетуі) адамға зиянды заттардың, вибрациялар мен басқа да өндірістік факторлардың әсер етуі күшейеді.
Метеорологиялық факторлар жеке дара да немесе олардың бір-бірімен үйлесімі адамның функциялдық іс әрекетіне, қалыпты жағдайы мен денсаулығына үлкен әсерін тигізеді.
Мемлекеттік стандарттармен оптималды микроклиматтық жағдайлар орнатылған. Олар жылулық комфорт пен жоғары жүмыс қабілеттілігі үшін жайлы жағдайлар қамтамасыз етеді. Температураның рұқсат етілген нормасы - 18 ден 250C, қатысты ылғалдылық - 75% шамасында, ауа қозғалысының жылдамдығы — 0,5 м/с, қысым 760-765 мм. Рт. Ст.
Жұмыс алаңында қысқы және өтпелі жыл кезеңінде ылғалдыққа, ауа қозғалысының жылдамдығына қатысты температураның оптималды және рүқсат етілген нормалары келесі таблицада көрсетілген.
1-жұмыстар, отырып, тұрып жасайтын немесе жүрумен байланысты, бірақ ауыр заттарды көтеріп, жылжытуды, физикалық күшті қажет ететін жұмыстар.
2-жұмыстар, жүріп істеумен байланысты, бірақ ауыр заттарды жылжытумен байланысты емес.
3-жұмыстар, жүйелі түрде физикалық күш жұмсауды талап ететін жұмыстар (10 кг асатын ауыр заттарды үнемі көтеріп, жылжыту).
Жұмыс алаңдарында метеорологиялық жағдайлар
Кесте 3.2.
Жұмыс
Категориялары
|
Aya t-сы,°C
|
Салыстырмалы ылғалдылық, %
|
Ауа қозғалысы V, м/с
|
Оптимал
|
Рұқсат етілген
|
Оптимал
|
Рұқсат етілген
|
Оптимал
|
Рұқсат етілген
|
1
|
20-23
|
19-25
|
60-40
|
75
|
0,2
|
0,2
|
2а
|
18-20
|
17-23
|
60-40
|
75
|
0,2
|
0,3
|
26
|
17-19
|
15-21
|
60-40
|
75
|
0,3
|
0,4
|
3
|
16-18
|
13-19
|
60-40
|
75
|
0,3
|
0,5
|
Жергілікті желдетуді есептеу
Жылудың бөлінуін есептеу
А) Адамдардан жылубөліну
Адамдардан жылубөліну жұмыс ауырлығына, қоршаған орта температурасына және ауа қозғалысының жылдамдығына байланысты. Есептеуде нақты жылу пайдаланылады, яғни бөлмедегі ауа температурасының өзгеруіне әсер ететін жылу. Ой жұмысы үшін бір адаммен бөлінетін нақты жылу мөлшері, 10ос кезінде 140 Вт және 35ос кезінде 16 Вт құрайды. Қалыпты жағдай үшін (20ос) бір адамның нақты жылубөлуі 55 Вт жуық құрайды. Әйел адам ересек кісінің жылубөлуінің 85%-ын, ал жас бала - 75%-ын бөледі деп есептеледі. Есептелетін бөлмеде (5х10 м) 5 адам бар. Сонда адамдардың қосынды жылубөлуі құрайды:
Q1=5*55=275 Вт
Б) Күн радиациясынан жылубөліну
Бөлмеге күн радиациясынан келіп түсетін жылу Qост и Qп (Вт), келесі формула бойынша іске асады:
Qшын=Fшын*qшын*Aшын
Qж=Fж*qж
Мұнда Fшын и Fж – шыныланған және жабу беттерінің ауданы, м2
Qшын и qж – күн радиациясынан 1 м2 шыныланған бет арқылы және 1 м2 жабу арқылы жылубөлінулер, Вт/м2;
Ашын – шынылану сипатын ескеретін коэффициент.
Бөлмеде өлшемдері 2х1,2 м2 екі терезе бар. Сонда fшын=4,8 м2.
Географиялқ ендікті 55о-ке тең деп аламыз, терезе оңтүстік-шығысқа қарайды, терезе жақтауларының сипаты – екіқабат шыныланған және ағаш қаптамалары бар. Сонда,
Qшын=145 Вт/м2, Ашын=1,15
Qшын=4,8*145*1,15=800 Вт
Жабу ауданы Fж= 20м2. Жабу сипаты – төбе қуысы бар. Сонда,
Qж=6 Вт/м2
Qж=20*6=120 Вт
Күн радиациясынан қосынды жылубөліну:
Q2=Qшын+Qж=800+120=920. Вт
В) Жасанды жарықтандыру көздерінен бөлінетін жылубөліну.
Жасанды жарықтандыру көздерінен бөлінетін жылубөлінуді есептеу төмендегі формула бойынша жүргізіледі:
Q3=N*n*1000, Вт
Мұнда N – жарықтандыру көздерінің қосынды қуаты, квт;
N – жылулық шығындар коэффициенті (шоқтану шамы үшін 0,9 және люминесцентті шам үшін 0,55).
Бізде ЛД30 (30Вт) екі шамы бар 20 шамдал және Б215-225-200 немесе Г215-225-200 шамы бар 2 жергілікті шамдал бар. Сонда аламыз:
Q3=(20*2*0.03*0.55+2*0.2*0.9)*1000=1020 Вт
Г) Радиотехникалық қондырғылар және есептеуіш техника құрылғыларынан жылубөліну.
Жылу бөлінуді есептеу жасанды жарықтандыру көздерінен жылубөлінуді есептеуге ұқсас жүргізіледі:
Q4=N*n*1000, Вт (9.24)
Радиотехникалық қондырғылар үшін жылулық шығындар коэффициенті n=0,7 және есептеуіш техника құрылғылары үшін n=0,5 құрайды.
Бөлмеде орналасқан: 600 Вт-тан Pentium PRO типті 3 дербес компьютер (мониторларымен бірге) және 130 Вт-тан 2 принтер EPSON.
Q4=(3*0.6+2*0.13)*0.5*1000=1030 Вт
Қосынды жылубөлінулер құрайды:
Qс=Q1+Q2+Q3+Q4=3245 Вт
Qарт –бөлмедегі артық жылу, ол бөлмеде бөлінетін жылу Qс жіне бөлмеден аластатылатын жылу Qшығ арасындағы айырма ретінде анықталады.
Qарт=Qс-Qрасх
Qшығ=0,1*Qс=324,5 Вт
Qарт=2920,5 Вт
Қажетті ауаалмасуды есептеу
Жылуды сіңіруге қажетті кіретін ауа көлемін, G (м3/ч), мына формула бойынша есептейді:
G=3600*Qизб/Cр*p*(tуд-tпр)
Мұнда Qарт – жылудың артығы (Вт);
Ср – ауаның меншікті массалық жылусыйымдылық (1000 Дж/кгс);
Р – кіретін ауа тығыздығы (1,2 кг/м3)
Tал, tкір – аластатылатын және кіретін ауа температурасы.
Кіретін ауа температурасы снип-П-33-75 бойынша жыдың суық және жылы кезеңдері үшін анықталады. Жылуды аластату жылы кезеңде жүргізу қиын болғандықтан есептеуді сол үшін ғана жүргіземіз, tкір=18ос деп қабылдаймыз. Аластатылатын ауа температурасы мына формула бойынша анықталады:
Tал=tжа+a*(h-2) (9.28)
Мұнда tжа – жұмыс аймағындағы температура (20ос);
А – биіктіктің әр метрі үшін температураның өсуі (жылубөлуге байланысты, а=1ос/м деп қабылдаймыз)
H – бөлме биіктігі (3,5м)
Tал=20+1*(3,5-2)=21,5ос
G=2160, м3/ч
Ауа өткізгіштің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау.
Ауа өткізгіштің көлденең қимасының өлшемдерін анықтау үшін бастапқы мәліметері ауаның шығындары (G) және торап телімінде оның қозғалыс мүмкін жылдамдығы (V) болып табылады.
Ауа өткізгіштің қажетті ауданы f (м2), төмендегі формула бойынша анықталады:
V=3 м/с
F=G/3600*V=0,2 м2
Ары қарай есептеу үшін (тораптың кедергісін анықтау, желдеткішті және элекутрқозғалтқышты таңдау кезінде) ауаөткізгіштің ауданы жақын үлкен стандартты өлшемге тең етіп алынады, яғни f=0,246 м2. Өнеркәсіптік ғимараттарда дөңгелек металл ауаөткізгіштер пайдалану ұсынылады. Сонда ауаөткізгіштің қимасын есептеу құбыр диаметрін анықтауда қорытындыланады.
Анықтама бойынша табамыз, f=0,246 м2 ауданы үшін ауаөткізгіштің шартты диаметрі d=560 мм.
Торап кедергісін анықтау.
Желдету торабында қысымның шығынын анықтаймыз. Торапты есептеу кезінде желдету қондырғысындағы қысымның шығынын ескеру қажет. Механикалық желдету жүйесіндегі табиғи қысымды ескерілмейді. Қорды қамтамасыз ету үшін желдеткіш ауаөткізгіште есептік қысымды 10%-ға асатын қысым құру қажет.
Торап телімінің кедергісін есептеу үшін мына формула қолданылады:
P=R*L+Ei*V2*Y/2
Мұнда: R – торап телімдерінде үйкеліске кететін қысымның меншікті шығындары;
L – ауаөткізгіш телімінің ұзындығы (8 м);
Еi – ауа өткізгіш телімінде жергілікті шығындар коэффициенттерінің қосындысы;
V – ауа өткізгіш теліміндегі ауаның жылдамдығы (2,8 м/с);
Y – ауа тығыздығы (1,2 кг/м3 деп қабылдаймыз).
R мәндері анықтама бойынша анықталады (R – d=560 мм және V=3 м/с теліміндегі мәні бойынша ауаөткізгіш диаметрі). Еi – жергілікті кедергі түріне байланысты.
Ауа өткізгішті есептеу нәтижелері және торап кедергілері төмендегі суретте келтірілген торап үшін төмендегі кестеде келтірілген
Ком.3
Ком. 1
Ком.4
Ком.2
Сурет 1
Торап ауа өткізгіштерін есептеу
Кесте 3.3.
№ уч.
|
G, м3/ч
|
L, м
|
V, м/с
|
D, мм
|
М, Па
|
R, Па/м
|
R*L, Па
|
Еi
|
W, Па
|
Р, Па
|
1
|
2160
|
5
|
2,8
|
560
|
4,7
|
0,018
|
0,09
|
2,1
|
9,87
|
9,961
|
2
|
2160
|
3
|
2,8
|
560
|
4,7
|
0,018
|
0,054
|
2,4
|
11,28
|
11,334
|
3
|
4320
|
3
|
4,5
|
630
|
12,2
|
0,033
|
0,099
|
0,9
|
10,98
|
11,079
|
4
|
2160
|
3
|
2,8
|
560
|
4,7
|
0,018
|
0,054
|
2,4
|
11,28
|
11,334
|
5
|
6480
|
2
|
6,7
|
630
|
26,9
|
0,077
|
0,154
|
0,9
|
24,21
|
24,264
|
6
|
2160
|
3
|
2,8
|
560
|
4,7
|
0,018
|
0,054
|
2,4
|
11,28
|
11,334
|
7
|
8640
|
3
|
8,9
|
630
|
47,5
|
0,077
|
0,531
|
0,6
|
28,50
|
29,031
|
Где М=V2 *Y/2, W=M*Ei
Pmax=P1+P3+P5+P7=74,334 Па.
Осылайша желдету торабындағы қысымдар шығыны Р=74,334 Па құрайды.
Желдеткішті және электрқозғалтқышты есептеу
Торапта кездейсоқ қысымға ескерілетін қорды 10% өлшемде алып желдеткіш құратын қажетті қысым құрайды:
Pқаж=1,1*P=81,7674 Па
Аталған бөлме үшін желдету қондырғысында төмен қысымдағы желдеткішті қолдану қажет, өйткені Рқаж 1 кпа-дан аз.
Аэродинамикалық сипаттамалары бойынша өстік желдеткіш таңдаймыз (торап кедергісі 200 Па-ға дейін), яғни желдеткіш құратын толық қысым Ртр (Па) және өнімділік Vтр (м/ч) арасындағы тәуелділік бойынша.
Мүмкін болатын қосымша шығындарды немесе ауаөткізгіштегі ауаның сорылуын ескере отырып желдеткіштің қажетті өнімділігі 10%-ға жоғарылайды:
Vқаж=1,1*G=9504 м/сағ
Анықтама бойынша 06-300 N4 с ПӘК nв=0,65 бірінші жасалудағы өстік желдеткішті таңдаймыз. Желдеткіштің белдікті берілістің ПӘК-і nбб=1,0.
Электрқозғалтқыштың қуаты мына формуламен есептеледі:
N=332 Вт
Қуаты бойынша қуаты N=0,6 квт және айналым жиілігі 2830 айн/мин АОЛ-22-2 электрқозғалтқышын таңдаймыз.
Жарықтандыру талаптары
Жарық адам ағзасын сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ету үшін маңызды зат болып табылады. Сапалы жарықтану кезінде, еңбекті қорғау талаптарына сәйкес, еңбек қабілеттілігі өседі, организмнің шаршауы төмендейді, көрудің қабілеттілігі жоғарылайды, жарақат алу азаяды.
Дипломдық жобада «Өнімділігі 250 тн/жыл жүзім өңдейтін шағын шарап цехының технологиясын жасау» тақырыбы бойынша жарықтануды нормалаудың қажеттілігі туып отыр, сонымен қоса бұл тақырыпшада мыналар сипатталады:
Жұмыс орнының жарықтануына талаптар. Жұмыс орындарындағы жарықтану түрлері
Өндірістік және экімшілікті-қоғамдық жұмыс алаңдарында, жұмыстың көпшілігі қүжаттармен болғанда, жарықтанудың комбинирленген жүйесін қолдану рүқсат етілген (жалпы жарықтануға қосымша жергілікті шам жарықтағыштары орнатылады, олар қүжаттар орналасқан зонаны жарықтандыруға арналған).
ЕО-да жақтаулы табиғи жарықтану қолданылады. Жұмыс бөлмелері мен кабинеттерде табиғи жарықтану болуы қажет. Қалған жерлерде жасанды жарықтану қолданылады.
Табиғи жарықтану жетпеген жағдайда біріктірілген жарықтану қолданылады. Сонымен қоса қосымша жасанды жарықтану тек қараңғы кезде ғана емес тәуліктің жарық кезінде де қолданылады. Жалпы жасанды жарық табиғи жарық жетпеген жағдайда жұмысқа комфорттық жағдай жасау үшін, тәуліктің түнгі уақытында, сонымен қатар табиғи жарығы жоқ ғимараттарда қолданылады.
Жасанды жарық функциональді белгілеумен жүмыстық және авариялық (эвакуациялық және қорғаулық) болып бөлінеді. Қажет болғанда (шырақтардың бір бөлігі) әйтеуір бір жарықтың шырақтарының бір бөлігі кезекші жарықты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Жәмыс жарығы – барлық ғимараттар мен үйлерді қамтиды, сонымен қатар жүмысқа ашық учаскелерді, адамдардың жүретін жерлеріне транспорт жолдарын қамтиды.
Авариялық жарық – жұмыс жарығының авариялық өшірілгенде жұмысты жалғастыру үшін қолданылады.
Эвакуациялық жарық – ғимараттардағы жүмыс жарығы авариялық өшірілгенде адамдарды сол жақтан эвакуациялау үшін қолданылатын жарық. Кезекші жарық — жұмыстан бос уақыттағы жарық. Жасанды жарық – 2 жүйеде жобаланады:
-
Жалпы — бірқалыпты немесе таралмаушы;
-
Құрастырылған жарық (қалыпты жарыққа жергілікті жарық
қосылады).
Қүрастырылғандағы жалпы жарықтың сәулесі кем дегенде 10-тен кем болмауы керек. Ондай болмаса жұмыс орны мен қоршаған кеңістік арасында үлкен қарама-қарсылық жарық пайда болады, сондай-ақ жүмысшының тез шаршағандығына әкеледі жэне оның жарақат болуына себепкер болады. Осы жағдай жергілікті жарықты пайдаланған кезде де байқалады. Сондықтан да тек қана жергілікті жарықты жұмыс орнында пайдалануға тиім салынады.
-
Бөлменің ауданы 120м болса, онда жарық түсу тетіктердің ауданы 16м2 болуы керек. Бұдан табиғи жарық түсу еңбек етудің шарттарына сәйкес болатыны көрінеді.
Табиғи жарықтың аздығынан жұмыс орнында қолдан жасалынған жарық пайдаланады.
Бұдан арықарай қолдан жасалынған жарықтың шешімі жүргізіледі.
Табиғи жарық жеткіліксіз болғанда, жасанды жарық қолданылады. Бүл жалпы тағайындалған жарық беретін қүралдар көмегімен жүзеге асырылады.
Әсер ететін шу. Шудан қорғану
«Өнімділігі 250 тн/жыл жүзім өңдейтін шағын шарап цехының технологиясын жасау» тақырыбы бойынша дипломдық жобада шудың әсерін ескерген жөн, яғни қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек өнімділігіне эсер ететуі.Шу - гигиеналық фактор ретіндегі дыбыстар жиынтығы, ол адамның жүмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.
Шу адамның дыбыс есту мүшелерінің жүмысының нашарлауынан бүрын, оның орталық жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Бірінші адамның есте сақтау қабілеті, көңіл-күйі нашарлайды.
Егер шу үзақ уақыт бойы созылса, онда ол жүмсышының эмоционалды күйіне эсер етеді.
ГОСТ 12.1.003-76 ССБТ тұрғызғандай дыбыс сатысының эквивалентті 50 дба аспау керек. Бүл талапты орындау үшін арнайы дыбыс жүтатын қабырғаға төсеніш қолданылады. Шудың дыбысын пэсейту мақсатында келесіні қолдануға болады:
-Еденді облицовкалау жэне қабырғаларды дыбыс жұтатын материалдарды пайдалану (ол шуды 6-8 дб дейін азайтады);
-Жұмыс орнын экранирование ету ( диафрагменттеу);
-Шуды минималды шығаратын компьютерлік бөлмелерге құрылғыларды орнату;
-Бөлмелерді рационалды жоспарлау.
Шуды пэсейту мақсатында ГОСТ 12.1.003-76 стандарт бойынша қолдану керек, ал дыбысизоляция келесі бөлім снип 11-12-77 талабына сәйкес « Шудан қорғану. Жоспарлау нормасы».
Жұмыс орнындағы ауаны желдету жэне конденционерлеу.
Бөлмедегі еңбек етудің микроклиматтық шарттарды үшін жүмыс орында еңбек етудің оптимальдық шарттарын көтеруді қамтамасыз ету үшін жылу жэне желдеткіш жүйесі орнатылған.
Компьютерлер орнатылған жұмыс орындарында жұмыс бөлмесінің температурасын келесі көрсеткіште ұстау қажет:
■өндіріс орындары үшін 160C.
■ администрацион-конторлық орындар үшін-18°С. Жүмыс бөлмелерінде орнатылған кондиционерлерді қажет жағдайда қолдану және оны пайдалану кезіндегі ережелермен танысу керек.
Үзілетін фильтрді әр 2 аптадан кейін шаңсорғышпен көмегімен тазарту, қатты лайланған жағдайда ыстық сумен жуып, кептіру керек.
Жоғарыдағы айтылған талаптарды компьютерленген кабинеттің жауапты қызметкері орындау керек.
Өнеркэсіпте ауа алмастыру жэне шартқа сэйкестендіру арқылы еңбек гигиенасының нормасына сәйкес келетін ауа ортасын жасайды. Aya алмастыру арқылы температураны, ылғалдылықты жэне ауаның бөлмелеріндегі тазалықты реттеуге болады. Ауаны шартқа сэйкестендіру арқылы оптимальды жасанды климат жасауға болады.
Ауа алмастыру деп бөлмерге м3/сағатына берілетін жэне шығарылатын ауа мөлмерін айтады.
Күн сәулелері, жарықтандырудың жасанды жүйесі-бөлмеге қосымша жылудың түсу көзі. Ayа алмастырудың табиғи жэне жасанды түрін ажыратады. Табиғи ауа алмастыру бөлмелерде ауаны желдік жэне жылу тегеуріндерінің эсері нэтижесінде іске асады.
Жүмыс орнындағы ауа алмастыру жүйесі вентилятор және эжекторлар орнатылған.
Ауа алмастыру жұмыс бөлмелеріндегі ауа температурасын реттеу үшін өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |