Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)


Бактериологиялық әдіспен диагноз қою



бет7/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
гр8

Бактериологиялық әдіспен диагноз қою
Бұл әдіспен ауруды анықтау үшін сырқат немесе сарыппен ауырады-ау деп күдіктенетін малдардан алынған патологиялық материалдарды мысалыға: сарыптың салдарынан іштен өлі түскен төлдің ішкі органдарымен бірге, төлдің қарнындағы қоректік заттарын, төлдің шуын, қағанақ сұйығын, іш тастағанда бөлінетін сұйық заттарын және де ауырып өлген малдың бауыр, көкбауыр, бүйрек, жүрек артүрлі бездер сонымен бірге зәрін, сүтін таза күйінде зерттеуге болады.
Бактериологиялық әдістің негізгі мақсаты жоғарыда аталған патологиялық заттардан сарыптың қоздырғышын (бруцеллаларды) арнайы жасанды қоректік орталарда өсіріп, бөліп алу болып саналады.
Бұл әдіс негізінен 3 кезеңнен тұрады:
1. Бактериоскопия. Ол үшін зерттеуге экелінген патологиялық заттардың бірнеше жерінен шыны бетінде жұқпа дайындалады. Жұқпаларды Грам немесе Козловский әдістелесінің көмегімен бояулайды.
2. Бруцеллаларды бөліп алу. Бұл кезеңнің мақсаты тексерілуге түскен паталогиялық заттардың кесінділерін құрамында 3%-тік глицерин және 0,5% -тік глюкозасы бар, бауыр-ет агар қоректік ортасында арнайы ультракүлгін сәулелерімен тазартылған бокста егіп, белгілі температурада (37° С) термостатта 2 тәулік көлемінде өсіріп бөліп алу болып саналады. Егілген қоректік ортада бөтен микроорганизмдердің өсіп шығуын тежеу үшін, алдын ала қоректік ортаға (агарға) генцианвиолеттің 1%-тік су ерітіндісі 1:200000 қатынаста қосылады. Бруцеллалардың таза төсіп шығуы үшін ең бастысы егілген пробиркалармен Петри табақшаларында 5-10% көмірқышқыл газы және ортаның рН-ы 7,2 немесе 7,4 болуы қажет. Сарыптың қоздырғышын ауру малдың қанынан бөліп алу үшін, таза күйінде алынған қанды, құрамында 0,5% лимонқышқылы натриы бар бауырдан жасалған сорпаға 1:10-1:15 қатынаста егеді. Ал көзделген қоздырғыштар тез және таза өсіп шығу үшін, оны 1 ай уақыт термостатта 37° С температурада сақтайды. Әр бір 5-10 күн сайын егілген флаконнан жұқпа алынып қоректік агарға егіліп, бруцеллалардың өсуін қадағалап тұрады.
Нәтижеде өсіп шыққан қоздырғыштардың бруцелла екеніне жеткізу үшін, оны агглютинация реакциясымен зерттейді.
3. Биологиялық зерттеу әдісі. (Биологиялық әдіспен диагноз қою деген бөлімде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет