7.4 Өнімнің сипаттамасы
Біздің өніміміздің сипаттамасы: халыққа қажетті ет өнімдерін, атап айтқанда бұқа және жылқы еттерін өндіру болып табылады. Асыл тұқымды бұқалар мен жылқы түрлерін көбейту.
7.5 Маркетинг жоспары
Қалада бірнеше ірі кәсіпорындар бар. Цехтар, ірі ет комбинаттары бар. Ол біздің бәсекелестеріміз. Оларда тұрақты сұранысты құрайды.
Аталған өнімдер нарыққа бейім. Өнімдер кез-келген тұтынушының жеке талабына, талғамына, сәйкестендіріліп және ескеріле отырып шығарылып сатылады.
Негізгі тұтынушыларға жеке тұрғындар, ірі кәсіпорындар мен фирмалар жатады. Бәсекелестер өніміне қарағанда сапаның жоғары болуы мен бағаның төмендігі, сонымен қатар қосымша сервис арқасында компания өнімі нарықта бәсекеге қабілетті болып табылады.
Бәсекелестер: ет комбинаттары, шағын шаруа қожалықтары т.б. ет өндіру шаруашылықтары. Өніміміз ОҚО бойынша ең сапалы болады. Өніміңіздің ерекшелігі: өңірімізде халық санының көп болуымен қатар ауыл шаруашылық саласының дамығанына байланысты қызметімізді қолданады.
7.6 Өндірістік жоспар
Бизнесті жүргізу үшін ауылдық жерде 100 га жерде қыстық және жаздық күндері ұстауға арналған 110х10 м ферма. Сонымен қатар тағы қосымша қоралар салуға арналған жерлер бар.
Кәсіпорын ғимараты негізгі және көмекші цехтардың кешенінен тұрады. Кәсіпорынның өзіндік құрылымына келесі факторлар ықпал етеді.
Техникалық прогрестің дамуы, оның деңгейі ;
Басқару формасының түрлері;
Техникалық процестің автоматтандыру деңгейі
Өндіріс процесінің техникалық артықшылығы;
Жұмысшылардың механизацияландыру дәрежесі;
Өндірістің материалдық техникалық базасы;
Шикізатты өндеу көлемінен шығатын дайын өнімнің түрлері;
7.7 Ұйымдастырушылық құрылымы
Шаруашылықтың бүкіл қозғалысын бас директор атқарады. Бас есепші мен шаруашылық әкімшілігіне қаржы – шаруашылық есеп, бақылау қызметі жүктелген. Бөлімдер жоғары квалификациялы маман-кадрлармен және мықты инфрақұрылыммен жабдықталған.
Басқару персоналдарына қойылған талап міндеттемелер:
Қатаң техникалық бақылау;
Жоғары сапалы өнім;
Жаңа техникалық нормаларға сәйкес дайын өнімге қол жеткізу;
Есеп және бақылау бөлімін барынша нығайту;
Басқару бөлімінде нарықтағы тауардың жоғары сапалы және ыңғайлы бағамен болуы жайлы мәселелер жақсы қолға алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |