Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)



бет6/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
гр8

1.2 Ауруды анықтау жолдары
Сарыпқа қарсы күресу шараларының ең басты шарты ауруды дер кезінде дұрыс анықтау болып саналынады.
Малдардың сарыпын негізінен бактериологиялық, серологиялық, аллергиялық, биологиялық әдістердің көрсеткішіне қарай отырып және де, эпизоотологиялық деректермен бірге аурудың клиникалық белгілерін ескере отырып анықтайды.
Осы жоғарыда аталған әдістердің ішінде ең сенімдісі ол бактериологиялық әдіс болып табылады. Бірақ та бактериологиялық әдістің де бірқатар кемшіліктері бар. Атап айтқанда бұл әдіс өте күрделі, әрі ұзақ уақыт (1-1,5 ай) керек ететін әдіс, және де кей уақыттарда тексерілуге әкелінген патологиялық материалдар бұзылып іріп немесе шіріген болса, онда бұл әдістің көмегімен ондай биоматериалдардан сарып қоздырғышын бөліп алу мүмкін емес.
Клиникалык диагноз қою
Сарып ауруы малдарда созылмалы түрде өтеді де соған байланысты, клиникалық белгілерде ауруға тән емес, тұрақсыз және де ондай белгілер басқада жұқпалы аурумен ауырған малдардада кездесетіні байқалады. Көптеген жағдайларда сарыптың клиникалық белгілерінің айқын болмауының салдарынан ауруды уақтылы дұрыс анықтауға мүмкіншілік болмай қала береді. Міне сондықтанда ауру мал дер кезінде анықталмастан ұзақ уақыт сау малдардың арасында қалып қояды да, ауруды сау малдарға таратып жатады.
Сонда да болса сарыптың клиникалық белгілерін ескере отырып басқада лабораториялық әдістердің көмегімен ауруды толық анықтауға болады. Жалпы сарыппен ауырған әр түрлі малдардың клиникалық белгілері ұқсас келеді, дегеніменде олардың өзіндік ерекшіліктеріде аз емес.
Мәселен ірі қара малда сарып көп жағдайларда клиникалық белгісіз болып, үстіртін түрде өтеді. Ауырған сиырдың ең басты белгісі ол іш тастау (аборт). Негізінен буаз құнажындар 3-4 айлық және де 6-7 айлық буаз кезінде іш тастайды, ал кексе буаз аналықтар олармен салыстырғанда әлдеқайда кемірек төлін өлі туады. Кейбір аурудың жіті түрімен ауырған мал фермаларындағы құнажындардың 50 және одан да көп проценттері іш тастауы ықтимал. Сонымен бірге сарып ауыруына душар болған буаз сиырлардың іш тастауына санаулы (2-3 күндер қалғанда оның сыртқы жыныс органдары қызара ісініп, жатырынан қызғылт түсті иіссіз кілегей ағады. Ауыруға шалдыққан сиырлардың жатырында бруцеллалардыц патогендік әсерінен кейін қабыну процестері пайда болады.
Содан барып сиыр организмімен төлдің арасындағы физиологиялық байланыс процесстері бұзылады да, соның салдарынан іштегі төлдің дұрыс қоректенбеуіне, содан соң төлдің өлі тууына әкеп соғады.
Мұндай малдың шуы көпке дейін түспестен ақырында әртүрлі эндометрит, метрит сияқты ауруларға әкеп соғады.
Сарыппен ауырған ірі қара малдың ішінде көбінесе іш тастау бірінші тума құнажындардың арасында жиі орын алады. Сарыптың салдарынан іш тастаған құнажындар әдетте келесі жылдары ұрықтандырылуға күні келмейтіндіктен қысыр қалуға әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет