Аурудың таралу жолдары
Негізінен аурудың таралуына бірден бір себепкер ол ауру малдар болып саналынады. Ауру әсіресе іш тастаған кездегі бөлінетін сұйық заттары, шуы, өлі туған төлі және оның серігі арқылы сыртқы ортаға тез тарайды. Сол сияқты сарыппен ауыратын малдардың сүті және де организімінен шығарылатын зәрі мен нәжісі арқылы да бруцеллалар көптеп бөлінеді. Осы аталған факторлардың бәрі малдардың тұратын жеріне, суат орындарына, жайылымдарға бруцеллаларды таратады да нәтижеде, сол ортадағы жүрген сау малдар сарып қоздырғышын оп-оңай жұқтырып алады.
Әсіресе ауру малдар іш тастаған кезде сыртқы орта мейлінше көп ластанады. Мәселен іш тастаған саулықтың қағанақ сұйығының 1 милиметрінде бірнеше миллиард микроб клеткалары табылады.
Ал бір саулық төлдеген кезде 3-5 литрге дейін қағанақ сұйығын бөлетін болса, онда сарыптың жіті түрімен ауырған отарларда 150-200-ге дейін саулық іш тастайтынын ескерсек, онда қора-қопсылардың мал тұратын загондардың қаншалықты сарып қоздырғыштарымен ластанатыны өзінен-өзі түсінікті болса керек. Оданда басқа сарыппен ауыратын малдардың төлдері (бұзаулар, қозылар) немесе сарыптың сезілмейтін формасымен сырқаттанатын малдарда бұл індетті таратушылардың бірі бола алатындығы айдан анық. Көбінесе сарыптан сау шаруашылықтардағы малдар, басқа шаруашылықтардан сатып алынып қосылған малдар арқылы ауруға ұшырайды. Өйткені ондай шеттен әкелінген малдар көп жағдайларда табындағы малдарға алдын ала тексерілусіз қосылады.Кей кездерде сарыпқа лабораториялық тексеру кезінде оң реакция берген малдар көпке дейін немесе тіптен бөлініп алынбай сау малдардың арасында ұзақ уақыт қалып қойып аурудың тарауына себеп болады.
Сол сияқты, бұл ауруды әртүрлі кемірушілер әсіресе тышқандармен сарышұнақтар, кенелер мен шыбындар басқада насекомдар тарата алады.
Бұлардың ішінде әсіресе кенелер осы инфекцияны таратуда ең басты резервуар болып саналады, өйткені кенелердің ішінде бруцеллалар ұзақ уақытқа дейін сақталына алады екен.
Аурудың белгілері
Індет жұққан күннен, ең алғашқы белгілерінің байқала бастауына дейін бірнеше ай, ал жас төлдерде бірнеше жылдарға созылуы ықтимал.
Ал негізінде аурудың инкубациялық кезеңі 2-4 аптадан аспайды. Егер қысыр қалған малдар сарыппен ауыртса, онда ауру асқынбай, ешқандай белгісіз өтеді. Буаз малдар ауыратын болса, онда, буаздықтың екінші жартысында немесе тууға жақын қалған кезеңдерде төлін шала-жансар етіп тастап қояды, ал кей уақыттарда әлі туады. Сондай-ақ сарыппен ауырған малдардың буындары (бурсит) қантамырлары (артрит), бұқалармен қошқарларда ұрық бездері қабынады (орхит). Іш тастаған малдардың шуы түспей, соның салдарынан жатыр қабығының қабынуына (эндометрит) әкеліп соғады да соңынан емшегі қабынып, аналық бездері кеселге ұшырайды. Егерде кесел ауьр түрде өтетін болса, онда малдың температурасы көтеріледі, салмағы төмендейді, сауын сирдың сүті азаяды.
Жыныс жолдарының қабынуының арқасында, көп жағдайларда мал организмінің ұрықтану процесстері бұзылып, аналық малдар қысыр қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |