Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент


Малдың сарып ауруын басқа жұқпалы аурулардың ажырата білу жолдары



бет3/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#124902
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.4 Малдың сарып ауруын басқа жұқпалы аурулардың ажырата білу жолдары

Кейбір малдардың сарып ауруы көбінесе жасырын түрде өтеді. Соған байланысты, алғашқы кездерде аурудың клиникалық белгілері тұрақсыз, белгісіз және де әр малда әртүрлі болып келеді. Сондықтан әсіресе аурудың алғашқы кезеңдерінде белгілерінің айқынсыз ауруға тән болмауының салдарынан бұл сырқатты басқа да жұқпалы, немесе жұқпалы емес кей кездереде жарақаттың әсерінен болатын аурулардан дұрыс ажырата білудің мәні зор.

Сарып ауруын буаз малдар ауырғанда іш тастайтын және төлін шала туатын кампилобактериоз (вибриоз) лептоспироз, қошқардың жұқпалы қарақапталы, саймонеллез сияқты жұқпалы аурулардан, және де бір қатар жұқпалы емес аурулардан дер кезінде дұрыс анықтай білген жөн. Сарыппен ауырған малды уақтылы дер кезінде клиникалық белгілерінен сүйене отырып басқа індеттерден дұрыс ажыратып алудың мэні бар. Өйткені мұндай жағдайларда, ауру асқынбайды, ең бастысы дер кезінде жеке бөлініп алынса ауру сау малдың теңіне таралмайды. Сарып ауруының белгілері жоғарыда аталынып өтілген жұқпалы аурулармен өте ұқсас келетіндіктен ол аурулардың кейбір ерекшеліктерін және де ондай ауруларлды дұрыс анықтау жолдарын атап өткенді жөн көрді. Өйткені көптеген жағдайларда аурудың дұрыс анықталмауының салдарынан қоғамдық малдың тұрақтылығы одан алынатын өнімі төмендеп ара-тұра өлім-жетімге ұшырауына әкеліп соғады. Мәселен, биік риоз ірі-қара мен қайда кездеседі. Көбіне іш тастатқызатын жұқпалы ауру басқа малдар ауырмайды. Аурудың қоздырғышы инек таяқшаға ұқсас. Спирал тәріздес микробтар. Биік риозға шалдыққан табындағы сиырлар мен құнажындар буаздықтың түрлі кезеңдерінен (10%)-не дейін. Іш тастайтынды немесе қысыр қалады. Кейбір сиырлар уақтылы туғанымен бұзауларын шала-жансар етіп немесе өлі туады. Ондай сиырлардың шуы кешеуіндетіп түседі, қонымдылығы төмендейді, жатыры тарынады, кейбіреулері шығынға ұшырайды. Сол сияқты отардардағы сауықтар көбінесе буаздықтан екінуіі жартысында іш тастайды.

Сондықтан да бибриозды сарыптан дұрыс ажырату үшін, түсікті тұтас күйінде мал дәрігерлік лабороториялық, сериологиялық және бактериологиялық зерттеуден өткеннен барып қорытынды диогноз қойылады.

Лептоспироз. Аурумен мал түліктерінің барлығы және де жабайы жануарлардың көбі ауырады.

Аурудың қоздырғышы спироедті тобына жататын жіңішке сприалға ұқсас ұзындығы 5-18 см, ал ені 0,2-0,3 микрон шамасындағы нектоспералар.

Бұл ауру негізінен үш түрде өтеді – жіті, жітілеуі және созылмалы болып. Аурудың жіті түріне шалдыққан бұзаулардың дене қызуы 40-45°С-қа дейін көтеріледі, күйіс қайтармайды, тәбеті нашарлап, жайылмайды, жүргенде тәлтіректейді, жалпы жағдайы төмендеп жата береді. Аурудың басталғанынан бір апта уақыт өткеннен соң ауызбен көздерінің сілекей қабықтары сарғайып, нәжісінің түсі бозара бастайды. Лептоспирозды, сарыптан және де басқа да жұқпалы індеттерден дұрыс ажырату үшін ең алдымен аурудың белгілерімен ішкі орындардағы сарғыш өзгерістерді бетизоотологиялық деректермен лабороториялық зерттеулерді, әсіресе отырып диагноз қояды.

Егер диагноз қою қиынға соғатын болса, күдікті малдардан қан алып құрамындағы эритроцияттер, лейкоциттермен, гемглобиндердің физиологиялық деңгейден ауытқуын анықтап лептоспирозға соңғы диагноз қояды.

Клиникалық белгілері жағынан сарып ауруына сәйкес келетін індеттің бірі сальмонеллез (паратиф).

Бұл аурумен буаз саулықтар, сиырлар, биелер ауырып іш тастайды. Сальмонелезбен жас бұзаулар 20-60 күндік кезінде, ал қозылар 5-20 күндік кезінде жиі ауырады. Паратиф негізінен жіті және созылмалы екі түрге өтеді.

Аурудың жіті түрімен ауырған бұзаулардың азыққа деген тәбеті төмендейді, ден қызуы 40-41°-қа дейін көтеріледі. Ауру малының нәжісі сұйылады, кейде қан аралас іші өтеді. Мұндай бұзауларға дер кезінде шығу емдеу шараларын жасамаса олар 5-7 өлуге ұшырайды.

Ал індет созылмалы түрге өтетін болса, онда бұзаулардың дене қызуы 39-40° аспай, шамалы іш өтеді, нәжісінің түсі сарғыш болып іріктеніп, көпіршікке айналады.

Ауруға буаз саулықтар шалдыққанда, алғашқы күндері бірен-саран қойлар іш тастайды, ал шамамен он күнене соң отардағы саулықтар жаппай қозы тастайды немесе төл өлі тастайды.

Індет басталған саулық отарларында жаңадан туған қозылар трапиттен ауыра бастайды. Олардың іші өтеді, ет алмай нашарлап, өкпесі қабынады. Онда қозыларға жедел емдік шаралар жасалынбаса олардың 60%-тейі шығынға ұшырайды.

Міне сальмонолездің осындай өзіндік белгілерімен ерекшеліктерін, эпизоотологиялық деректеріне және ең бастысы бактериологиялық зертеулердің қорытындысын ескере отырып диагноз қояды. Парафитті әсіресе дисперция, лезинтерия, калибактериоз, ал саулықтар жаппай іш тастағанда сарып аурулырынан дұрыс ажырата білген абзал.

Мәселен дисперцияға және колибактериозға жас бұзаулар алғашқы он күннің ішінде шалдықса, ал противте туғаннан он күн өткеннен соң ғана шалдыға бастайды.

Сарып қоздырғышына генетикалық ең жақын келетін ауру ол қошқарлардың жұқпалы қарақапталы (эпидимит) болып табылады. Өйткені бұл ауруды бруцелла обиз деп аталатын микроб қоздырады.

Бұл ауру сауықтарға ауру қошқарлардан жұғады, ал қарақаптал жұққан сауықтар іш тастайды немесе қысыр қалып, төлдемейді. Алғашқы түрінде қошқарлардың дене қызуы 41°-қа дейін көтеріліп емдері қабылынады. Ауру қошқарлар жүргенде ауырсынады, артқы екі аяқтарын ауырсынады. Бұл ауруды анықтау клиникалық, эпизоотолгиялық, бактериологиялық және серологиялық зерттеулер жүргізу арқылы қойылады.


1.5 Сарып ауруынан сау шаруа қожалықтарында жүргізілетін сақтандыру шаралары

Сарып ауруы жоқ шаруа қожалықтаныда малдардың бұл індетке шалдықпауын қамтамасыз ету үшін ең бастысы малдәрігерлік-санитарлық және зоогигиеналық тәріпті қатаң жүргізу керек. Мәселен, әрбір мал өсіріп сүт өндіретін қожалықтағы малдар (ірі қара, қой, ешкі) екінші бір қожалық малдарымен қосылып кетпес үшін сыртынан шарбақпен қоршалуы керек. Фермаға кіріп-шығу үшін малдәрігерлік-санитарлық өткізгіш пункті жасалуы керек. Ол үшін фермаға кіретін жерден машина-тракторларын доңғалағын зарарсыздандыратын дарбазаның енімен бірдей, ұзындығы 10 м тереңдегі 40 см етіп цементтелген дизкедіргі шұңғырлары жасалынады.

Ондай шұңғырларды дизенфекциалайтын ерітінді мен (3%-формальдегид, 3%-тік каустикалық сода және 10-15 %-тік ас тұзы) толырып отырады.

Сол сияқты, фермаларға және де мал қораларына кіретін дәліздерге ұзындығы 1,5м тереңдігі 15см етіп дезинфекциялайтын кілемше төселінеді. Ондай кілемшелерді ағаш ұнтақтарынан немесе кәдімгі жалпақ резіңкеден жасайды да оны үнемі 5%-тік фенолдың, креолинімен 5%-тік күйдіргіш натрмен, 2%-ті формальдегидпен немесе олардың қосынды ерітіндісімен ылғалдандырып тұрады.

Ферма территорияларын және қоражайлардың ішін әрдайым санитарлық тәртіпте, тазалықты ұстау мақсатымен айына бір рет санитарлық күн өткізіп тұрады. Бұл күні барлық қора жайлардың едені, азықтандыру астаулары, қабырғалары, есік-терезелер, сол сияқты басқада сол малдарды күтіп-бағуға қолданылатын құрал-жабдықтар мұқият тазартылады. Астаулар, клеткалар, қорлардың қабырғалары жаңа сөндірілген әктің 15-20 проценттік сулы ерітіндісімен әктелініп, дезинфекцияланды. Мал шаруашылығындағы комплекстер жабық үлгідегі мекемелер сияқты қатаң тәртіппен жұмыс істеуі тиіс. Ферманың территориясына ол жерде істемейтін бөгде адамдар немесе бөтен малдар, және ол фермаға қатысы жоқ транспорттардың кіруіне тиым салынады.

Ондағы малдарды күтіп-бағатын адамдар сол сияқты сауыншылар, бақташылар арнайы жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіліп, жұмыс уақыты біткенен соң жұмысшылар санитарлық пункте шешіп, жуынып өздерінің киімдерін киіп кетуі қажет. Ал ферманың территориясынан жұмыс жұмыс киімімен шығып кетуге немесе басқа бір көрші малшаруашылық обьектілеріне жұмыс киімімен баруға рұқсат етілмейді. Сол сияқты ферма қызметкерлері әрбір тоқсан сайын бір рет медициналық тексеруден өтіп тұрулары керек.

Сарып ауруынан сақтандырудың ең басты шартының бірі мал отардағы малды жаңадан әкелінген малдармен толықтыруда арнайы нұсқауларды басшылыққа алу болып саналады. Мәселен табынды тек қана сарыптан сау шаруашылықтан алынған малдар мен немесе сол шаруашылықтың өзіндегі сарыптан сау жетілген қозылар немесе бұзауларды қосу арқылы толықтыруға рұқсат етіледі.

Жаңадан табынды толықтыруға әкелінген малдардың аурудан таза екендігін сендіретін куәліктеріне қарамастан оларды басқа малдардан бөлек жерде 30 күндік карантинге қойып сарып және туберкулез ауруларына тексереді. Егер әкелінген малдар бәрі бірдей сау болса онда оларды табынға қосады. Ал ондай карантинде тұрған малдардың ішінен бір немесе бірнеше сарыппен туберкулезбен ауру мал шықса сарып ауруынан таза емес фермадағы малдарға апарып қосады.

Жекеменшіктен немесе мал базарынан сатып алынған малдарды өте қатаң тәртіппен ұстау қажет немесе сатып алар кезде малдәрігерлік құжаттарын тексеріп алған жөн.

Сарыптан таза шаруашылықтың малын бұл аурудан сақтандыру үшін, көршілес орналасқан шаруа қожалықтардың малдарында осы ауру барма, жоқпа соны еске алу керек. Өйткені көршілес қожалықтың малдары сарыппен ауру болса, онда суат, жайылым арқылы немесе қосылып кеткен жағдайларды сау малдар ауруды тез жұқтырып алады.

Сондықтан да бұндай жағдайларда, сау малдардың жайылымына су ішетін жеріне ауру малдардың түспеуін қаматамсыз ету қажет. Ол үшін жайылымды суатты қоршап, шектендіру керек.

Әрбір сүт өндіретін қожалықтарда міндетті түрде малдэрігерлік пункт, изолятор мал соятын пункт, малдэрігерлік санитарлық өткізгіш, дезинфекциялағыш ванна және де малдәрігерлік-профилактикалық емдеу шараларын өткізу кезінде малды кіргізіп ұстап тұратын бөренеден немесе темірден жасалған қақпан болуы шарт. Сол сияқты 1 шақырым жерде, жаңадан әкелінген малдарды, 1 ай каратинде үстау үшін арнайы қора болуы керек.

Мал шаруашылығының қайта өркендеуіне, сондай-ақ жекеменшік көшірілуіне байланысты малмен айналысатын, жеке қожалықтардың территорияларында және жайылымдарында жұқпалы індеттердің әсіресе сарып ауруының қадағалайтын мал дәрігерлік ережелерді қатаң сақтап, фермаларда зоогигиеналық-санитарлық жұмыстарды әрдайым уақтылы жоғарғы санада жүргізіп отыру қажет.

Сүт өндірумен айналысатын қожалықтарда сарып ауруының алдын алуда дезинфекциялық шараларға ерекше талап қойылады.

Дезинфекцияны ЛСД-2, ВДМ, АДТ, ДЧК сияқты стационарлық немесе көшпелі дезинфекциялау қондырғыларының көмегімен жүргізіледі.

Сарыптан сау шаруашылықтарында жылына бір рет барлық малдарды осы ауруға серологиялық (РА, РСК, РДСК) немесе аллергиялық реакциялармен тексеріп отырады. Ал, қажетті болса ірі қара малдарды оданда жиі тексеру керек.


1.6 Сарыптан таза емес шаруа қожалықтарындағы жүргізілетін сауықтыру шаралары

Малдарды сарып ауруымен ауырған шаруақожалықтарды, фермаларды немесе ел-мекендерді сарып ауруынан таза емес»- деп жариялап оларға шектелу қойылады.

Соған байланысты сарыптан таза емес шаруа қожалықтарында ауруды жою үшін сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Сауықтыру үшін алдымен жоспар жасалынады. Жоспарды шаруашылықтың төрағасы бас мамандарымен келісе отырып талқылап бекітіледі.

Ондай жоспарда, сауықтыруға қажетті шаралар көрсетіледі. Мәселен: ең алдымен сауықтандыратын шаруашылыққа қысқаша мінездеме берілді: шаруашылықтың қашан құрылғаны негізгі өндіретін өнімі (ет, сүт немесе жеміс, сүт), шаруашылықтың жалпы жер көлемі оның ішінде шабандық және жайылым жердің аумағы, тұрғындағы немесе қожалықтағы малдардың жалпы саны, мал тұратын қоралардың есебі, оларда қанша басқа орын бар малдар байлауда бола ма, әлде бос күйінде жүре ме, мал фермаларында неше мал фелдшері орын, мал дәрігерлік-санитарлық обьекттер (изолютор емдейтін орын, мал дәрігерлік-санитарлық, өткізгіш пастерлегіш қондырғылар, дезинфекциялық кілемшелер, кедергілер) бар, оларға дезинфекциялайтын дәрі-дәрмек жеткілікті ме. Міне осының бәрін талдап анықтағанда ғана сауықтыру жұмыстарын қандай тәсілмен және сауықтандырудың уақытын дұрыс анықтайтынның мүмкіншігі туады.

Содан соң жеке фермалар және табындардың сарып ауруына байланысты эпизоотлогиялық жағдайлары анықталады. Мұнда әсіресе, сарыппен қандай малдар; жас малдар ма әлде сауын сиырлар ма қанша бұқалар ауырды, сонымен бірге ауру бұл қожалықта қанша уақыттан бері орын алған, содан бәрі сауықтыру шарлары жүргізілді ме жоқ па, шаруашылқтағы малдар бұл ауруға қарсы егілген, аурудың шығу себебі: стан қоздырғышының малдардың арасында таралу жолдары анықталады.

Сонымен бірге, жоспарда шаруашылық-ұйымдастыру, мал дәрігерлік-санитарлық, арнайы мал дәрігерлік және де эпидемияға қарсы шаралар белгілері, оларды орындау үшін жауапты адамдар бекітіледі. Жоспарда негізінен мынынадай шаралар қаралуы тиісті: егер де жоқ болса сиырлар туатын бөлме, бұзаухана, санитарлық өткізгіш, изюлятор салу; сүтті пастерлейтін пунктті аппаратармен жабдықтап сүтті және қаймағы алынған сүтті міндетті түрде заласыздандыру шаралары;

- ауру малдардың орнын толықтыру үшін сарыптан сау шаруашылықтан мал сатып алу немесе өзінде бар жас бұзауларды оңаша өсіріп жетілдіру;

- жеке табындар мен оларға жайылым және суат орындарын анықтап бекітіп беру;

- малдарды сарыпқа серологиялық әдіспен тексеру және қара-қапшыны және оның территориясын дезинфекциядан, дератизациядан өткізу график;

- малдарды құнарлы жем-шөптермен қамтамасыз ету жолдары;

- сияқты қаржы. Құрылыс материалдары және техникалық жабдықтар, құрал-саймандармен қамтамасыз ету;

- мал күтімімен айналысатын адамдарды сарып ауруынан сақтандыру тағы да бақа, індетті түбегейлі жою шарлары қарастырылады;

Жоспармен шаруа қожалықтың барлық жұмысшы қызметкерлерін қатыстырып болған соң жоспарды іс-жүзінде асыруға кіріседі.

Ауру сиырлардан алынған бұзауларды шаруашшылықта қалдырып оларды өсіріп, өндіріске қолдануға болмайды. Өйткені ондай бұзаулар анасынан туғанда сарып ауруын жұқтырып алуы ықтимал.

Сарыптан сау емес, маладарды бір табынан екінші табынға ауыстыруға, сатуға немесе басқа малдарымен толықтыруға рұқсат етілмейді.

Сиырлар мен құнажындарды қолдан сарыптан сау бұқалардың ұрығымен ұрықтандырады.

Әсіресе мұндай қожалықтарда буаз малдар туатын бөлме ұйымдастыруға баса назар аудуарған жөн. Өйткені сарып ауруының зардабынан малдар жеке бөлмеде түрып іш тастаса ауру басқа сау малдарға тарамайды. Туатын малдарға арналған бөлмелері бар фермаларда ауру аз болады, ал бөлмелері жоқ фермада, сарып ауру малдардың арасынан кең тарап, жалпылама іш тастауға және туғаннан соң әртүрлі ауруларға (метрит, эндометрит) шалдығуға әкеліп соғады.

Сарыпқа қарсы жүргізетін шаралар системасында соңғы кездерде ірі ашруашылықтың өзінде сау бұзауларды бөлек өсіретін ферма ұйымдастыру жұмыстарына баса көңіл бөлуде. Мұндай әдіспен өсірілген бұзаулардан ұрыққа түсер кезінде жаңадан жеке табын құралады да басқа сарыптан сау емес табындарды ауыстырып жіберіліп отырады.

Дезинфекциялағыш кедергісі бар мал дәрігерлік-санитарлық өткізгіштерді, арнайы үлгі-жобалар немесе мүмкіншілікке байланысты өзгертіп салуға болады. Оның құрамында дезинфекциялағыш кедергісі бар өткізгіш пункті, демалатын, киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер, душ және жұмыс киімдерді арнайы дезинфекцияда өткізетін бөлмелер болуы керек.

Ферманың территориясына кіре берер жерде тереңдігі 15 см, ұзындығы 1,5 м аяқ киімдерді дезинфекциялайтын кедергі болады.

Ол үшін шағын астаушаға ағаш ұнтағын салып 5%-тік креолин, 2%-тік формальдегид ерітіндісімен ылғалдандырады.

Транспорт көліктерінің доңғалақтарын дезинфекциялау үшін дарбазаның енімен бірдей етіп ұзындығы 10 метр, 40см тереңдіктен цементтенген астаушы жасайды. Астау оқтын-оқтын 3%-тік формальдегид 3%-тік каустикалық сода және 10-15%-тік ас тұзынан тұратын дезинфекциялағыш ерітіндімен толықтырылып тұрады.

Сол сияқты, малдардың тезегін кең қоймасына арналған траншеяларға кемі 8-ай бойы залалсыздандыруға да болады.

Ал, сұйық, қоймалжың, бөкпе тезектерді, негізінен химиялық әдіспен яғни аммиак (1м3 тезекке массасына 30 кг) немесе формальдегидті (1м3 тезекке 7,5кг формалин) қосып біріншісінде 5 тәулік, ал екінші жағдайда 72 сағат аралығында зарарсыздандырады.

Одан да басқа барлық мал қораларда профилактикалық дезинфекциялар жүргізіліп отырады.

Сарыптан сау емес шаруашылықтардан өндірістік сүтті шикі күйінде мемлекетке өткізуге тиым салынады. Сарыпқа теріс жауап беретін сауын сиырлардан алынған сүттерді 85-90° температурада, 20 минут, немесе 70° температурада 30 минут уақыт пастеризатор қондырғысынаң көмегімен зарарсыздандырады. Бұндай сүттер, сүт заводында тағы да бір рет кәдімгі режимде пастерлденеді. Сарыпқа оң жауап берген сиырлардың сүтін қайнатады немесе қайта өңдеп еріткен-май жасайды. Ал сарып ауруының клиникалық белгілері бар сиырлардан өндірілген сүттерге дезинфекциялық ерітнділерді қосып зарарсыздандырады.

Ондай сүтті адамға ішуге немесе малға беруге болмайды.


1.7 Сарып ауруының адамға жұғуын болдырмау шаралары

Сарып-созылмалы түрде өтетін жұқпалы ауру. Бұл індет адамдарға негізінен ауру малдардан сыртқы орталарға, әсіресе жайылымдарға суат орындарына, қара жайларға, жем-шөп сол сияқты малдарды күтіп-бағуға арналған құрал-жабдықтарға жұғады. Мұндай сарып қондырғышы тарлалған орталар инфекциясының байырғы көзі болып табылады да ондай орталарда жүрген малдар ауруды тез жұқтырып алуға ықтимал.

Сарып ауруды адамдарға көбінесе ұсақ малдардан (қой мен ешкі) және де ірі қара малдардан жұғады.

Әсіресе адамдар туым кезінде, іш тастаған малдардан, шуы түспей қалған малдарға мал дәрігерлік жәрдем жасау кезінде және де өлі туған төлдерді ұстағанда ауруды жұқтырып алады. Ал малшылар ауру малдарды сойып терісін алғанда, қозылардың жүнін қорыққанда, тоғытқанда қаркөл қозылардың терісін сорттағанда, жүнін, түбітін түткенде және де ауру малдың сүтін қайнатпастан шикі күйінде ішкенде ауруға шалдығады.

Бұл аурумен мал дәрігерлік мамандары жиі ауырады. Олар туатын малдарға ветеринарлық акушерлік жәрдем жасау кезінде бруцеллаларды жұқтырып алады.

Сондықтан да сарып ауруының таралуының негізгі көзі малдар болып табылады. Өйткені малдардың организмінде бруцеллалар сақталып өсіп-өніп содан соң сыртқы ортаға бөлінеді немесе тікелей басқа тез қабылдайтын организмге жұғады.

Сарып ауруын адамдардың арасында болдырмау үшін ең алдымен бруцеллалардың өте жұғымтал, сыртқы ортаның әсеріне төзімді, малдан адамға жұғу факторларының көпшілігін, малодардың барлық түрінің ауыратындығын және де әр түрлі жастағы адамдардың ауыра алатындығын еске ала отырып сақтандырған жөн. Ал аурудың негізгі себебі мол болғандықтан қандай ауру малдың адамға қаншалықты қауіпті екенін ескере кеткен жөн.

Әр түрлі малдың организмінде биолдогиялық қалыптасқан жағдайда әр түрлі бруцелллалар өсіп-өніп ауруды қоздыра алады. Мәселен Br. Melitensis - қой мен ешкіде, Br. abortus- ipi қара малдда, Br.suis- шошқада, Вг. neotoma-егеуқұйрық тышқандарда, Br. ovis- тек қойда, ал Br. canis- итте сарып ауруын қоздырады. Ал адамдарға ең қауіптісі уақ малдар болып саналады, өйткені оның қоздырғышы Вг. meltensis адам организмінде сарып ауруын қоздыруға биологиялық бейімділігі жөнінен патогенді келеді.

Ірі қара мал және шошқа, ешкі мен қойға қарағанда адамға аз қауіпті. Өйткені Br. abortus және Br. Suis, Br. melitensis пен салыстырғанда әлсіз патогенді болып саналады. Алайда бруцелла абортус қоздырғышының кейбір 6,7,9 сияқты биотиптері көптеген жағдайларда сарып ауруының адамдар арасында кеңінен таралуына бірден-бір себеп бола алады.

Басқа малдар мен үй жануарлары өздігінен сарыпты адамға жұқтырмайды. Дегенмен де сарып ауруына ұшыраған ірі қара немесе уақ малдармен бір жерде тұрған немесе бір жайылымда жүрген жылқылар инфекцияны олардан жұқтырып алып адамдарды сарып ауруына душар екені белгілі.

Сол сияқты ауру түйенің сүті (шұбат) бұл індетті адамға жұқтыра алатындығы байқалған.

Сарып эпизоотологиясында отар маңындағы иттер де байланысты екен. Иттер негізінен іштастаған ұрықты өлі туған төлдерді, жеу арқылы сарыпты жұқтырып алады. Бірақ адамдардың сарыппен ауруына иттердің аса айрықша эпидемиолоогиялық қатысы жоқ көрінеді.

Ал енді сарып ауруын адамдардың арасында болдырмау үшін ең бастысы адамға «ең қауіпті» - деп есептелінетін іш тастаған немесе өлі туған төлдерді, төлдеу кезінде бөленетін патологиялық заттарды, төсенгіш шөп-сабанды, құрал-сайманды, шөбін тағы басқада сарып қоздырғышын жұқтырады-ау деп күдіктенетін заттарды уақтылы әрі сапалы залалсыздандырудың сақтың мәні зор.

Алайда сарыптан адамдарды сақтандырудың ең бастысы, ол ауру малдардан өндірілетін азық-түлік өнімдер мен шикізаттарды дер кезінде заласыздандыру болып саналынады.

Көбінесе адамдар ауру малдың сүтін пісірмей ішкенде, сүт сауғанда және одан әртүрлі тағамдар жасағанда қолының жарақаттанған жерінен немесе сондай жұмыстардан соң таза емес қолымен тамақ ішкенде ауруды жұқтырып алады.

Сондықтан сарыптан сау емес шаруашылықтардағы сиырлардан өндірілген сүттерді міндетті түрде пастерлеуден өткізеді. Ол үшін арнайы пастерлегіш қондырғылары бар пункт жабдықтандырылады. Ал егер де ондай мүмкіншілік жоқ болса онда сүтті 90-100° температурада қайнатып залалсыздандырылады.

Сарыппен ауыратын малдардың еттері де сойған кезде адамға қауіпті. Сондықтанда ондай ауру малдарды ет-шұжық цехтарына арнайы нұсқауда көрсетілген ережелерді сақтай отырып союға болады.

Мұндай цехтарда ауру малдарды союға сарыпқа қарсы егілген әрі толық дайындығы бар және де барлық сақтық киім-кешектермен қамтамасыз етілген адамддарға ғана жіберуге болады.

Сарыптың клиникалық белгілері бар малдардың еттерін 2 кг-нан қалыңдығы 8см етіп осып, 3 сағат бойы қазанда қайната пісіріп залалсыздандырады.

Сарыпқа оң реакция көрсеткен қой мен ешкі және шошқаның еттері 90°-тем-да 1 сағат уақыт өңдеуден өткізіліп, пісірілген және пісіріп-сүрленген колбаса дайындайды.

Жеке қожалықтардағы малдардың сүтін немес етін базарда сату үшін оларды малдәрігерлік санитарлық тексеруден өткізіп, тиісті құжаттары түгел болған (форма №2) жағдайда рұқсат етіледі. Бақылаудан өтпеген ет немесе сүт азықтарын базарда сатуға тиым салынады.

Сондай-ақ сарыптан адамдарды сақтандырудағы басты факторлардың бірі ол сарып қоздырғышының адам организміне өтпеуін қамтамасыз ету.

Ол үшін ауру малдар мен жұмыс жасайтын адамдарға барлық керек адамдар қажет. Мәселен ондай адамдар арнайы киімдерін, дезинфекциялық және керекті дәрі-дәрмектер қамтамсыз болуы керек және олар жұмыс барысында және басының тазалығын сақтау ережелерін бұлжытпай орындауы қажет.

Ауыл шаруашылығы бруцеллезімен күресуде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі бұйрығымен бекітілген №632 5.11.2004 жылы жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-эпидемиологиялық ережесі басшылыққа алынуы керек. Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған: жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алуға, бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға, бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.

Бруцеллезға қарсы шаралар ұйымдастыру шаруашылығы ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады. Жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алу үшінм уақытында бақылау жұмыстарын жүргізу қажет. Ол үшін серрологиялық әдістерді қолданады. Олардың ішінде ресми тестілеудің нәтижелері ең дұрысы деп саналады. Бруцеллез диагностикасы үшін ресми тесттер болып комплементті байланыстыру реакциясы және иммуно-ферменттік анализ болып табылады.

Қазақстан Республикасының аймағында жануарларды бруцеллезге қарсы профилактикалық мақсатта егу шектелген вакциналармен ветеринария саласындағы өтілетін мемлекеттік органның рұқсатымен жүргізіледі. Сонымен қатар вакцина егер кезде ол аймақтың статусы меңгерілуі керек. Яғни арнайы ережедегі баптар сақталуы керек.


ІІ. Өзіндік зерттеулер нысаны мен әдістері
Сайрам ауданы Көлкент ауыл округінде бірнеше ӨК, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, жеке меншік адамдар ауыл шаруашылығы малдарын өсірумен айналысады. Мал басының өсе бастағаны байқалады. Ауыл округінде сиыр табындарында, қой отарларында малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары толық жолға қойылмаған, сондықтан негізгі мал басы қыстан бастап жаз айларына дейін туатыны белгілі болды. Және де мал басы жастарына байланысты бөлінбей, тіпті әртүрлі мал (сиыр, қой, ешкі, жылқы) бірге бағылатыны жиі кездеседі. Мал табындары наурыздан желтоқсан айына дейін жайылымдарда болып, қыста қолда ұсталынады. Сңғы жылдары адамдар арасында бруцеллездің анықталуы жиілеп, көбеюде. Көлкент ауылында індеттануды зерттеу 6 табында жүргізілді. Олар бір-бірімен қосылмай жеке бағылатыны анықталды. Қан алу жұмыстарына қатысып, лабораторияда сараптау жұмыстарына қатыстым. Лаборатория жағдайында келіп түскен пат-материалдарды алыну, тексерілу жағдайларына қатысып, әрбір заттық тексеруметодикасын диплом жұмыстарында өзіндік тексеру бөліміне қостым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет