Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент



жүктеу 1.54 Mb.
бет8/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.54 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4.2 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау

Мемлекеттің міндеті оның функциясы ретінде қарағанда тіршілік әрекеттердің қауіпсіздігі халықты қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу объектілерді төтенше жағдайлардан олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекеттік саясатын жүргізу басым салалардың бірі болып табылады. Бұл шаруашылықта еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жауапкершілік шаруашылық басшысына жүктелген, ал сала бойынша бас мамандарға жүктелген.


4.3 Өндірістік потенциалды қауіп-қатерлерін талдау

Ауырған малдың зәрі, қиы, сілекейі, сүті, жүні, терісі, өлексесі арқылы әр түрлі зиянды микробтар жайылымды, суды, қора-жайды, құрал-саймандарды ластайды. Ол микробтар түскен ортасында бірнеше айлар бойы тіршілік етіп, сау малға, адамға ауру таратуы мүмкін. Сондықтан оларды зарарсыздандыру үшін қора-жайға дезинфекция жасалынып отырады.

Дезинфекцияға физикалық, химиялық әдістер қолданылады. Физикалық әдістерге — микробтарды жою үшін күннің көзін, ыстық буды, отты пайдалану жатады. Мысалы, мал фермаларының маңындағы арам шөптерді жұлып, күн көзінің тікелей түсуіне мүмкіндік жасаса, күн сәулесі туберкулез микробын, аусыл вирусын тез арада өлтіреді. Ал ферма айналасындағы жерге сіңген микробтарды жою үшін, оны терең етіп жыртып тастаса күн сәулесі ондағы микробтарды да тегіс қырып салады. Болмаса ондай жерді қопарып топырағына хлорлы әк араластырады.

Дезинфекция бірінен соң бірі жүргізілетін екі процестен тұрады. Алдымен дезинфекция жасалатын затты, қора-жайды, мал тұратын орынды мұқият тазалайды, содан кейін дезинфекциялау жұмысы басталады.

Дезинфекция үш түрлі мақсатпен, атап айтқанда, аурудан сақтандыру, ауру қоздырғыштарының тарауын тежеу және ауру қоздырғыштарын жою мақсатында жасалады [3].

Негізінде шаруашылықта жұқпалы ауру шықпаса да аурудан сақтандыру дезинфекциясын үнемі жүргізіп отыру керек. Бұл дезинфекцияның әсіресе мал көп шоғырландырылатын комплекстер үшін маңызы зор. Профилактикалық дезинфекция жылына екі рет: жазда және күзде жүргізіледі.

Туберкулез, бруцеллез ауруларынан сақтандыру мен оларды жою туралы нұсқауда малдың ауру-саулығын тексеріп, ауру малды оқшаулаған сайын, тежеу дезинфекциясын жасау міндеттелген [2].
4.4 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатер дәрежесімен топтастыру

Күшті әсер ететін улы заттар мен улы заттар булары ауа арқылы саңлаулы жайларға, саңлаулары бекітілмеген ыдыстар мен қораптарға жеңіл еніп, ұнның, жарманың, көкөністердің ішкі қабатын, нанның сыртқы қыртысын, тұз бен қантты жоғары дәрежеде зарарландырады. Еттің алдымен майлы жерлеріне жиналады.

Бактериялық зақым ошағында орналасқан азық-түлік ашық шаңдарда, саңлаулары бекітілмеген орындарда сақталса, инфекциялық аурудың қоздырғышарымен залалдану қауіпі туады.

Бактериялық рецептуралар залалданған аймақта ұзақ уақыт өзінің зақымдаушы қасиеттерін сақтайды. Әсіресе төменгі температурада және бұлыңғыр ауа райы кезінде ұзақ сақталады. Олар жайлардың ішінің жоғары жағында, ыдыста, сонымен қатар микроорганизмдер белсенді көбейетін әртүрлі тамақ өнімдерінде тіршілігін жоймайды. Мәселен, шикі сүтте тырысқақ қоздырғышы – 1-6 тәулік, ал қайнатылған сүтте 10 тәулікке дейін, сары майда 20-30 тәулікке дейін, қара нанда 1-4 тәулік, ақ нанда – 1-26 тәулік, картопта 14 тәулікке дейін сақталады.

Осыған байланысты ыдыс пен қорап тамақ өнімдерін қорғауда бірінші дәрежелі рөл атқарады. Қорғау қасиетіне қарай ыдыстар үш санатқа бөлінеді: жоғары, бірінші және екінші.

Мал шаруашылығы қора қопсыларының қорғаныс қасиеттерін күшейту мақсатында қабырғаны сыртынан айнала қалыңдығы 40-50 см, биіктігі терезеге дейін жететін топырақ үйіп, қоршалды [1].

Мал қораларын салар алдында ең бірінші оның орнын дұрыс таңдап, дайындап алады. Мал қорасының өзі ауылдың болашағына сәйкес жоспарлы түрде салынуы қажет. Сонымен қатар ол жер мал дәрігерлік-санитарлық шараларға, өрттен қауіпсіздендіру ережелеріне, шаруашылық жағдайының талаптарына сәйкес болуы шарт. Бұрын кейбір аса жұқпалы аурулардың (қарасан, топалаң) қоздырғыштары табылған жерге қора салуға болмайды. Мал фермалары ауылдың ық жағынан салынады. Темір жолдан, машина жолынан 300 м қашықтықта салынған. Қора-жай салынатын жер энергиямен, сумен қамтамасыз етуге қолайлы.
4.5 Санитарлық-техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар

Шаруашылықтағы жасалынған жоспар бойынша іс бөлмелерін жақсы тазалықта ұстау, жұмысшыларды және қызметкерлерді арнайы киіммен жабдықтау, жеке қорғаныс заттары және тиісті әдебиеттермен, нұсқаулармен қамтамасыз ету. Қауіпсіз жұмыс жүргізу тәсілдеріне оқыту мен үйрету курстары мен семинарларын өткізу.

Зиянды заттармен жұмыс істегенде арнайы киім, арнайы аяқ киім және де басқа қорғану заттарымен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар әр түрлі қол жуатын заттар мен материалдармен және де қысқы уақытта арнайы қысқы киіммен жабдықтау.

Қысқы айларда жұмысшыларды қысқаша оқытудан өткізіліп, көктем айларында жұмысшылар арнайы аттестациядан өтіп, емтихандар тапсырады.

Жұмысқа түсердің алдында әрбір жұмысшымен қызметкер кіріспелі нұсқаулардан өткізіліп тұрады [3].

Шаруашылықта демалыс бөлмелері, шешініп-киінетін орындар, жуынып-шомылатын арнайы орындар мен жақсы жабдықталған әжетханалар жұмыс істейді. Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету орыны жұмыс істейді және әр түрлі жұқпалы аурулар және олардың таралу жолдары және де еңбекті қауіпсіздендіру туралы көптеген, лекциялар мен әңгімелер өткізіліп тұрады.

Жұмыс орындары плакаттар мен қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулармен жабдықталған. Жануарлармен жұмыс істегенде абай болу шаралары қаралған. Әртүрлі жарақаттар алып қалмау үшін барлық мүмкіндіктер қаралған.

Жұмысшылардың жеке гигиенасын сақтау істері қатаң бақыланып жақсы жолға қойылған. Жұмысқа қабылданатын жұмысшылардың бәрі тегіс алдын ала медициналық тексеруден өткізіледі. Әр айда 1 рет профилактикалық тексеруден өткізіліп тұрады. Жылына 1 рет жұмысшылар бруцеллез бен туберкулезге қарсы диспансерлік медициналық тексеруден өткізіліп тұрады. Әрбір жұмысшыға арнайы санитарлық кітапшалар беріліп, әкімшілік тарапынан қатаң бақылау қойылған.
4.6 Технологиялық жабдықтар техника қауіпсіздігі

Технологиялық жабдықтар техника қауіпсіздігі фермадағы ауылшаруашылық объектілерді техника жабдықтары адам және мал талдайды. Фермадағы техникалық жабдықтар олар:

- сүт сауып алатын аппарат

- жем – шөп таситын техникалық жабдықтар

- электротрансформаторлар

- нәжіс жинайтын техникалық жабдықтар

- транспорт т.б.

Техникалық жабдықтар қауіпсіздік шаралары жақсы меңгеріліп және техника салалары орындалатын болса адам және мал денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді.

Республикамыздың көптеген шаруашылықтарында малды қыста қорада бағады. Алайда бұл қораларда малға жайлы жағдай жасалуы қажет. Сонымен қатар барлық ауыр жұмыстар механикаландырылып, малшы-бақашылардың еңбегі жеңілдетілуі тиіс.

4.7 Электр қауіпсіздігі.

Электр пайдалану өте ыңғайлы. Бірақ оларды орнатқанда және пайдаланғанда қауіпсіздік ережелері сақталмаса бақытсыздыққа ұшыратады.

Электр энергиясының зұлымдық ерекшелігі – ол көзге көрінбейді, әрі иісі мен түсі жоқ. Электр тогы күтпеген кезде, адам электр тогы өтетін тізбекке жанасқан мезетте зақымдайды. Электр тогымен зақымдалмау үшін келесі қауіпсіздік ережелерін есте ұстаңыз:

- техникалық қорғау құралдарында айқас тұйықтауларды болдырмас үшін электр жүйелері әрқашан жөнделген болуы тиіс; зақымданған розеткаларды, сөндіргіштерді, лампалық патрондарды, құралдар мен шырақтарды токка қосулы тұрғанда ауыстыруға, жөндеуге болмайды, бұл жұмыстар құралдардың ажыратқыш тұтқалары тоқтан ажыратылған жағдайда ғана атқарылады.

- Электр құралдарын желіге қосу тәртібін міндетті түрде сақтаңыз. Бірінші электр сымы құралға қосылады, содан кейін ғана желіге жалғанады.

- Ақаулы электр құрылғыларын, электр штепсель айырының орнына жалаңаш сымдардың ұштарын, сонымен бірге қолдан істелінген электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.

Біріншілей көмек көрсету әдістері – тез арада адамды ток әсерінен ажырату. 1000 В дейін кернеуден ажырату үшін кебу таяқты, тақтайды және т.б. кебу заттарды пайдалану керек. Ток әсерінен ажыратқаннан кейін мынадай дәрігерге дейінгі көмек көрсетілуі қажет:

- егер зақымдалушы есін жоғалтса, онда оны төсенішке ыңғайлы жатқызып, үстін киіммен жауып, дәрігер келгенше үзбей тынысы мен тамырының соғысын қадағалап, тыныштықта ұстау қажет.

- егер тұрақты тамыр соғысы мен тыныс алуы сақталып, бірақ адам есінен танса, оны төсенішке түзу және ыңғайлы жатқызып, белдігі мен киімін ағытып, таза ауа келуі мен толық тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүсәтір спиртін иіскету керек.

- егер зақым алушының демалысы нашарласа, онда оған жүрекке жанама уқалау мен жасанды дем беру жұмыстары атқарылады [1].


4.8 Өрт қауіпсіздігі.

Шаруашылықтағы жұмысшылар мен қызметкерлердің барлығы чтегіс өртке қарсы іс-шараларға және жеке қауіпсіздік жәнен өртке қарсы қауіпсіздік заттарымен қалай қолданылуы жөнінде түсіндіріліп, оқытылған.

Өртке қарсы қолданеылатын барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ашық отты пайдалану мен темекі шегуге тұратын топтар құрылған.

Шаруашылықта соңғы жылдарда өрт шығу жағдайлары кездеспейді.

Өрт кезіндегі тәртіп. Адамдарды көп қабатты үйлерден эвакуациялау әдістері. Өрттің өршуі – негізінен, өрт сөндірушілерді дер кезінде шақырылмауына көп байланысты болады. Сол сияқты, адамдардың жанып жатқан ғимараттан тез шығарудың да маңызы зор.

Адамдарды құтқаруға әрекет жасау. Өрт сөндірушілерді шақырумен қатар оны сөндіруге әрекет ету қажет, ал егер адамдарға тікелей қауіп төнсе, оларды көшіруге қимыл жасау керек. Егер өрт ағаштан тұрғызылған ғимаратта басталса, онда өрттің орнына, көлеміне қарамастан адамдарды жедел эвакуяция жасау керек. Бірінші кезекте балаларды құтқаруға әрекет жасаған жөн, себебі өрттен қорыққан олар, төсектің, столдың астына, шкафтың ішіне, көрпеге тығылады, шақырғанда дыбыс бермеуі де мүмкін. Өтетін жерді бөгеп тастағандықтан заттарды шығаруда, адамдарды құтқаруда, отты сөндіруде айтарлықтай қиындық туғызады. Сондықтан заттардың, жан-жануарлардың эвакуяциясын ұйымдасқан түрде жасауға әрекет етуге қам жасау керек. Өрт сөндіру машиналарының жүріс-тұрысына кесірін тигізбеуі үшін, оттан шығарылған заттар, бұйымдар алысырақ жерлерге жинақталды.

Өртті өшіру. Өрт сөндіру құралдары, онымен жұмыс істеу ережелері. Өрттің басталуына жанатын заттардың, оттегінің, ауаның заттардың тұтануына қажетті температура беретін жылу импулсі керек. Ал оны өшіру үшін, осы қажетті заттарды салқындату немесе отқа керек оттегі мен ауаның жолын кесу қажет [2].
4.9 Төтенше жағдайлар

Азық-түлікті, жем-шөпті және суды қорғау – Азаматтық қорғаныс органдары, жергілікгі әкімшіліктер үшін ғана емес, барлық тұрғылықты халық үшін де жауапты міндет екені анық. Әрбір ересек адам қауіпті радиациялық факторлардың әсеріне, күшті әсер ететін улы заттарға, инфекциялық қоздырғыштарға қарсы алдын-ала керекті іс-шаралар жасамаса, орны толмас үлкен шығындар болатынын білуі тиіс. Әрқайсымыз азық-түлікті, жем-шөпті, суды төтенше жағдайлардан қорғай білуіміз керек.

Радиациялық қауіпті обьектілердегі авариялардан қауіпті радиоактивті, ал химиялық қауіпті объектілердегі авариялардан химиялық залалдану туады. Бұған қоса инфекциялық қоздырғыштар да аз қауіп әкелмейді

Ядролы энергетикалық құрылғының авариялық процесі туындағанда шаң-тозаң тәрізді, тұман (аэрозоль) және басқа да ұсақ бөлшек түріндегі радиоактивті өнімдер жерге шөгеді, ауамен және желмен ұшып, айналаның бәрін залалдайды.

Радиоактивті заттардың адам организміне залалданған тамақ және су арқылы енуі аса қауіпті. Олардың саны белгіленген мөлшерден асса, адам сәуле ауруына ұшырайды.

Күшті әсер ететін улы заттар мен улы заттар қорғалмаған азық-түлік, су, жем-шөп үшін барлық күйінде (сұйық тамшы, қатты, тұман және түтін тәрізді, газ және бу тәріздес) аса қауіпті. Бұл заттар ағаштан жасалған қораптау ыдыстарына 5-10 мм-ге дейін, фанераларға - 3-4 мм тереңдікке дейін еніп, брезент, кардон, 4-5 қабатты қағазға, көптеген полимер пленкаларға, кенеп қапшықтарға сіңеді. Еріп ері сіңе отырып, олар қорғалмаған өнімдерді залалдайды [1].

Ядролық жарылыстың радиация деңгейінің өлшемін белгілеу.

Жағдайды картаға түсіруді жеңілдету және радиация деңгейінің төмендетуін қадағалау үшін ядролық жарылыстан кейінгі радиация мөлшерін бір уақытқа келтіру. Т1=12 сағат 15 минутта объект аймағындағы (Р) радиация деңгейі 37 Р/сағ құрады.

Егер ядролық жарылыс Т2 = 1 сағат 45 минут болған болса, жарылыстан 1 сағат өткеннен кейінгі радиация деңгейін анықтаңыз.

Тапсырманы орындауға арналған бастапқы мәліметтер №18 кестеде берілген.

Шешімі:

Радиация деңгейін өлшеген уақыт пен жарылыс болған уақыттың айырмашылығы:



1515 – 1145 = 30 минут болады.

(№19 кесте) бойынша тік бағана (30 минутпен) көлденең бағанадағы есептеу уақытын (1 сағат) қиылысқан жерінен К-коэффициентінің мәнін табамыз – ол 0,60 тең. К = 0,6.

Ядролық жарылыстан кейін 1 сағат өткен соң радиация деңгейін шығарамыз: Р = 0,6 Р/сағ.

Егер ядролық жарылыс болған уақыт белгісіз болса, онда радиация деңгейінің төмендеу жылдамдығы бойынша анықтауға болады.

Р = 0,6 · 37 = 22,2 Р/сағ.
Қолданылған әдебиеттер:


  1. Махнаов Б., Сатаев М.И., Сатаева Н.М. «Тіршілік қауіпсіздігі». Шымкент, 2005.

  2. Арпабеков С. «Өмір тіршілік қауіпсіздігі». Алматы, 2004.

  3. Қожабеков З. «Мал аурулары». Алматы , 1989.


V. Қоршаған ортаны қорғау
5.1 Кіріспе

Ғылыми техникалық процесс элементтерінің дамуына қатар адамдардың табиғатқа зиянды әсері күннен күнге артып келеді. Қазіргі уақытта ол табиғи факторлардың әсерімен бірдей болып отыр, бұл қоғам мен табиғат арасындағы ара қатынастың түбегейлі өзгеруіне соқтырады.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау қазіргі уақытта біріңғай экологиялық саясатты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қарастырылады.

Тамақ өндірісі халық шаруашылығының негізгі шараларының бірі. Ол халық шаруашылығын көптеген өнім түрлерімен қамтамасыз етеді. Олардың ең маңыздылары: тыңайтқыштар, сілтілер әр түрлі қышқылдар және т.б.

Қазақстан Республикасының біздің облыстағы қоршаған ортаны қорғауға байланысты негізгі алға қойған мәселесі жабдықтарды модернизациялау, алдыңғы қатарлы шығынсыз және қалдықсыз технологияларды енгізу шикізаттың және отын энергетикалық ресурстарды кешенді өңдеу болып табылады. Өмірдің құндылығы таза ауа, таза су, таза тамақ және тірі табиғатпен көпшілікте ғана артатынын есте сақтау керек. 1997 жылы 15 шілдедегі «Табиғат және оның байлықтары Қазақстан Республикасының халқының іскерлігі және жарастылық негізгі өмірі болып табылады, және тұрақты әлеуметтік экономикалық ел дамуын және әл-ауқатты жақсартушы болып есептеледі» деген. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы ҚР конституциясына сәйкес қабылданады.

Қоғамның барлық мүшелері әрекеті немесе топтар қазіргі және болашақ ұрпақ үшін, экономикалық ұрпақ үшін және әлеуметтік қоршаған ортаны қорғау негіздерінде бағытталған болуы қажет, және де шаруашылық және басқа іскерліктің және табиғи экологиялық жүйеге биологиялық түпкілікті сақтауға әсерлерін болдырмау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды рационалды қолдануды ұйымдастыруға бағытталған болуы қажет.

Қоршаған ортаны қорғау келесі принциптерді сақтау негізінде жүзеге асырылады.

1. Адам өмірін және денсаулығын қоршаған ортаны қорғау қалпына келтіру және сақтау, тұрғындардың дем алу және еңбек ету үшін қолайлы жағдай жасау шаралары.

2. ҚР нарықтық қатынастар шартында тұрақты дамуға және қазіргі және болашақ дені сау қоршаған орта қолайлығына өту мақсатында әлеуметтік экономикалық мәселелер және қоршаған орта мәселелерін тең шешу.

3. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жағымсыз экологиялық жағдайға ие территорияларда бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру.

4. Табиғи ресурстарды рационалды қолдану және өндіру.

5. Биологиялық түрлілікті сақтауды қамтамасыз ету және ерекше экологиялық ғылыми және мәдени маңызға ие, қоршаған орта объектілерін сақтау.

6. Қоршаған ортаға төнетін қауіптің алдын алу, қоршаған ортаға әсерлерді бағалау.

7. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың бұзылғаны үшін жауапкершілікті мемлекеттік бақылау және мемлекеттік реттеу.

8. Тұрғындардың жалпы қоғамдық бірлестіктерде және қоршаған ортаны қорғау төңірегіндегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белсенді және демократиялы ат салысу:

а) халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық істер жүргізу.

Экономика-экологиялық мәселелерді шешуде қорғаушы күші өндірістік күштер болып табылады.

Олар өндірістік қатынастармен тығыз байланыста бола отырып материал және мәдени жағдай үшін әдістерді анықтайды біздің елімізде қоршаған ортаны қорғаудың атқарылатын шаралары жеке алып қарағанда өндірістік өнеркәсіптік қажеттіліктерге суды шектеп пайдалану және екіншіден қалдық суларды жалпы қолданылатын канолизацияға тастау үшін мұқият тазалауды қарастырады.

Судың барлық өмірлік процестеріндегі баршамен мойындалған.

Сусыз адам 8 тәуліктен артық өмір сүре алмайды және бір жылда адам бір тоннаға жуық тұтынады.

Өсімдіктер 90% судан тұрады.

Су ауыл шаруашылығы өндірістің барлық шаралары үшін қажет.

Табиғи сулар дегадациясы бірінщі кезекте тұз құрамының өсуіне байланысты. Сулардың тұздануының негізгі себебі, құмның таралуында. Бұл жағдайда су топырақта көп тұрақтамайды, оны дымқылдандырмайды және топырақтағы су көздерін толтырмайды ал керісінше өзендермен негізгі ағып кетеді. Су саласының және біздің еліміздегі атмосфера негізгі критерийі болып МШК есептеледі. Бірақ олар алыс және барлық заттар үшін бекітілмеген. Су қазандықтарындағы МШК анықтамаған жаңа заттарды тастауға рұқсат етілмейді.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңында көптеген талаптар көрсетілген.

Жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылық құстарына арналған қора жайлар салу үшін барлық ветеринариялық-зоогигиеналық талаптарға және экологиялық талапқа сай болу керек.

Әрбір жеке заңды тұлғалар, аумақты, құс шаруашылығы қора жайларын, жем шөп, құстардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге міндетті.

Зоотехникалық-ветеринариялық нормативтері бойынша қора жайдың ішіне ауа қозғалысының әртүрлі денсаулыққа зиян келтіретін зиянды газдарды сыртқа шығару үшін вентиляциялық тесіктері қарастырылуы керек.
5.2 Қоршаған ортаның ластануын төмендететін іс-шаралар

Басты мақсат – мал шаруашылығын экологиялық тұрғыдан қорғап ауру тудырмау, оның алдын алу. Бұл бағытта гигиеналық шаралардың жүргізудің мәні орасан зор. Әсіресе, дезинфекфия, дезинсекция, дератизация және дезодорация, өлексені дер кезінде утильдеу шараларын жүргізіп отыру – малды инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғаудың кепілі.

Шаруашылықтағы мал өсіретін қора-жай ауасын зерттеген кездегі көптеген мәлімет анықтамалар бойынша егер малды күтіп-бағу жұмысы жақсы ұйымдастырылып, күнделікті өте сапалы төсеніштерді пайдаланып ондағы қора-жай ауасында әртүрлі улы газдар: аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы болмайды. Ол газдардың қора-жайда болуы оның тазалығының өте төмен екендігінің көрсеткіші.

Мал қора-жайы ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі көмір қышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұруы керек немесе қалаң қамыс немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану; мал жататын орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету жүйесін пайдалану. Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады.

Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатылған.

Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптасқан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін қорадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету.

Топыраққа органикалық және неорганикалық (патогенді және шарттың патогенді вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, геогельминттер жұмыртқалары) түскен кездегі оның экологиялық жағдайын бағалау жөніндегі гигиеналық нормалар ғылыми тұрғыдан негізделген.

Топырақты экологиялық тұрғыдан қорғау жұмыстарын іске асыру кешенді шараларын жүргізуді керек етеді. Оның ішінде топырақты тазарту және малды топырақтан жұғатын аурулардан сақтандыру жөніндегі шаралар қолданылуда.

Тиісті ауыспалы егіс жүйесімен бірге, жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштардың себудің маңызы бар. Олар екпе дақылдар егу, бұларды жойып батпақты учаскелерді қорғату, екпе өсімдіктердің қолайлы жағдайлар туғызады. Топырақты су басып, батпақтана бастаса арықтар қазылып, жиектері көтеріледі.

Топырақ індеттері мен геогельминтоздардың алдын алу үшін ондай қауіп бар өрістерге мал жаю тоқталып, өрістер қоршалып, ауруға тез шалдығатын малға вакцина егіледі. Эпизоотиялық шаралар жоспарына сай өлексе көмілетін орындар тәртіпке келтіріліп, малды қашалап бағу және қашаларды отыру ұйымдастырылады. Бұл биологиялық дегельминттеу деген сөз.

Экологиялық шаралар арқасында мал фермалары қалдықтардан тазартылады, топырақты ластайтын көздері анықталады, көң сақталатын орындар жабдықталып, тағы басқа жағдайлар жасалады.

Көңді шаруашылықта жердің құнарлығын арттыру үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Ат қорадан шыққан қөңдерге кейбір шаруашылықтартан сұраныстар болады және оны кезекке тұрып алып кетеді.

Топырақты органикалық қалдықтармен ластанудан және топырақ инфекциясы қоздырғыштарынан қорғау үшін мал өнімдері, шикізаттары (жүн, сүйек, мүйіз, тері) сақталатын қоймаларды, сондай-ақ тері зауытты, жүн жуғыштарды, май зауыты, мал сою алаңдарын және тағы басқа салу, орналастыру және пайдалану кезінде экологиялық ережелерді сақтау қажет.

Малды дезинфекциялау арқылы біз мал үстіндегі әртүрлі бүрге, бит және сондай-ақ адам денсаулығына қатер тигізетін шыбын-шіркейден құтылу үшін сақтандырады. Мал күтудің бастамасы ол қораларды дезинфекциялау.

Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі – қораны тазалау, екіншісі – дезинфекциялық ерітінді шашу. Объектілерді тазалауға әртүрлі механикалық әдістерді (күрек, тырма, сыпырғыш) және кешенді гидротазалағыш технология қолданады. Механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды.

Дезинфекция жүргізуге жататын нысандар: мал қорасы, құралдар, жабдықтар және малды күтуге арналған заттар, қора ауасы, ферма территориясы (серуең алаңы), малды көлікке тиеу және түсіру алаңы, ветеринарлық-санитарлық нысандар, көлік, малды сауу қондырғысы, сүт ыдыстары, арнайы киімдер, қи, садыра және лас су.

Тазалау кезінде әсіресе ақырға, науаларға, қабырғаның төменгі жағына, қабырға ортасындағы қалқандарға, еденнің ашық саңылауына және қи тазалайтын каналға аса көңіл бөлінуі тиіс. Әсіресе, олардың бетінің ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі оларда кездесетін кішкентай саңылаулар, темір-бетон конструкциялары, шыны т.б. беті жылтыр материалдар дезинфекциялық ерітінділерді ұзақ ұстап тұра алмайды.

Егер объект нашар тазаланса, онда химиялық дезинфекциялық ерітінділер, нысан бетіндегі жабысып қалған органикалық заттармен адсорбцияға түседі, соның салдарынан ауру қоздырғаш микробтарға өз әсерін толық тигізе алмайды немесе бактерицидтік қасиеті едәуір төмендейді.

Ат қорада әр жылқы басына тәулігіне 70 л су кетеді, оның ішінде 45 л су жылқыны суаруға, ал қалған 25л су ат қорадағы тазалыққа жұмсалады. Құлындарға тәулігіне 45 л су керек, 35 л суды ішуге, 10 л су тазалық орнатуға керекті болып табылады.
5.3 Есептеу бөлімі

«Шымкент құс» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шыққан қатты қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін мына формуламен анықтаймыз:

У = γ · К · МТ

бұл жерде γ – қатты қалдықты тастау, орналастыру үшін төлемақы, γ = 770 т.

К – аумақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші

Оңтүстік Қазақстан үшін К = 3.

МТ – қалдықтың мөлшері, т/жыл.

У = 3 · 770 · 5,3 = 12243 теңге/жыл

Қоршаған ортаға топырақты ластағаннан тигізетін шығын 12243 теңге бір жылға құрайды.

Қорыта айтар болсақ, бұл бөлімде біз мал шаруашылығының қоршаған ортаға әсерін қарастырдық.

Өндірістің қоршаған ортаға аса қауіпі жоқ, мал шаруашылығы тиімді деп есептейміз.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет