Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент



бет9/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#124902
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

VI. Экономика
6.1 Сайрам ауданы бойынша мал ауруларынан келетін шығындарды есептеу

Малдың өлімінен, мәжбүр союдан, жоюдан келген шығын келесі формуламен есептеледі:

У=МхЖхЦ-Сф,

Мұндағы:


М - өлген, мәжбүр сойылған, жойылған мал саны;

Ж - әр жастық-жыныстық топтағы малдың орташа салмағы, кг;

Ц - өнім бірлігінің орташа сату бағасы, теңге;

Сф – сойылған немесе өлген малдың өнімін сатудан түскен табыс (ет, тері және т.б.), теңге.

Сайрам ауданы бойынша бруцеллез ауруынан 2007 жылғы мүйізді ірі қараның шығынын есептеу:

У = 28х180х500 - (28х24500) = 1 834 000 теңге.

Сайрам ауданы бойынша бруцеллез ауруынан 2007 уақ малдың шығынын есептеу:

У = 50х30х600 - (50х1200) = 840 000 теңге.

Барлығы: 2 674 000 500 теңге.

Мал төлінің (6 айға дейінгі бұзау, 4 айға дейінгі қозы, лақ) өлуі немесе сойылуынан келетін экономикалық шығын көбірек болады, себебі төл алуға және оны өсіруге еңбек және материалдық ресурстар көбірек жұмсалады.

Малдың бұл жастық тобынан келетін экономикалық шығын келесі формуламен есептеледі:

У = М х (Сп + Вп х Т х Ц) - Сф

Мұндағы:

Сп- туған кездегі төлдің құны (туған кездегі төлдің құнын анықтау әдістемесін қара);

Вп – орта тәуліктік тірі салмағының өсуі, кг;

Т- өлген, мәжбүр сойылған, жойылған малдың жасы, күн.

Сүтті сиырлардың төлі:

У = 10 х (25270 + 10 х 21 х 70) – 0 = 399700 теңге.

Етті сиырлардың төлі:

У = 5 х (44000 + 10 х 21 х 500) – 0 = 745000 теңге.

Уақ малдың төлі:

У = 25 х (4587,27 + 2 х 21 х 600) – 0 = 744681,75 теңге.

Барлығы: 1 889 381,75 теңге.

Өнім сапасының төмендеуінен келген экономикалық шығын келесі формуламен анықталады:

У = Вр х (Цзб),

Мұндағы:


Вр – сапасы төмен өнімді сату көлемі, кг, ц;

Цз және Цб – сәйкесінше сау және ауру малдан алынған өнімнің сату бағалары, теңге.

Сүтті сиырлар үшін:

У = 4500 х (70-45) = 112500 теңге.

Етті сиырлар үшін:

У = (43х130) х (500-400) = 559000 теңге.

Уақ малдар үшін:

У = (75х20) х (600-400) = 300000 теңге.

Барлығы: 971500 теңге.

Малдың ауыруына байланысты төлден айырылудың экономикалық шығыны келесі формуламен анықталады:

У = ( Кр х Рв - Рф ) х Сп ,

Мұндағы:


Кр – қабылданған туу коэффициенті;

Рв – мал түрлері бойынша туатын аналықтардың мүмкін саны, бас.

Рф – нақты туылған төл саны, бас;

Си – бір төл басының туылған кездегі шартты құны, теңге.

Алынбаған төл санын 3 әдіспен анықтауға болады:


  • қандайда бір ауру кезінде өлі туған төл санын нақты есепке алу арқылы;

  • біртектілік принципін сақтай отырып, ауру тараған және тарамаған шаруашылықтардағы әр 100 аналықтан алынған төл санын салыстыру арқылы;

  • шаруашылықтағы әр 100 аналықтан алынған төл санын облыстық, республикалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы.

Төлдің құнын осы төлдің қалыптасуына қажетті уақыт ішінде шығындалған азық есебінен алуға болатын негізгі өнімнің (сүт, ет, жүн) құны бойынша белгілейді.

Сүтті (Ст1) және етті (CT2) сиырлардан алынған бұзаудың құнын келесі формулалар бойынша анықтайды:

Ст1 = 3,61 х Ц,

Мұндағы:


3,61 – сүтті сиырлардан бұзау алу үшін шығындалған азық есебінен алуға болатын сүт көлемі, ц;

0,88 - етті сиырлардан бұзау алу үшін шығындалған азық есебінен алуға болатын өсім көлемі;

Ц – базалық майлылығы бар 1ц сүттің сату бағасы, теңге, немесе жақсы семірген ірі қара малдың 1ц тірі салмағының бағасы, теңге.

Ст1 = 3,61х7000 = 25270 теңге.

Ст2 = 0,88 х Ц, Ст2 = 0,88 х 50000 = 44000 теңге.

Жүнді (Ся1), жүнді-етті және етті (Ся2) қойлардан алынған қозының құнын келесі формулалар бойынша анықтайды:

Ся1 =0,84 х Ц / Пя

Мұндағы:


0,84 – жүнді қойдың бір аналығынан төл алу үшін шығындалған азықтың есебінен алуға болатын жүн көлемі;

8,41- жүнді-етті немесе етті қойдың бір аналығынан қозы алу үшін шығындалған азық есебінен алуға болатын қойдың тірі салмағының өсім көлемі;

Ц - 1 кг жүннің сату бағасы, немесе жақсы семірген қойдың 1кг тірі салмағының бағасы, теңге;

Пя – аналық басына шаққандағы төл саны, бас.

Ся2 = 8,41 х Ц/ Пя= 8,41 х 600/1,1 = 4587,27 теңге.
6.2 Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары және оны есепке алу әдістемесі

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары келесі шығындардан құралады:

-ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын еңбеккерлердің еңбекақысы;

- ветеринарлық құрал-жабдық, приборлардың және басқа ветеринарлық өндірістік қорлардың баланстық құнынан амортизациялық төлемдер;

- техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету шығындары;

- шығындалған ветеринарлық препараттардың, құралдардың, жанар-жағар майлардың құны;

- уақытша сою алаңдары, пастеризациялық қондырғылар, шлагбаум, сою өнімдерін, өлекселерді залалсыздандыру шығындары.

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын еңбеккерлердің еңбекақысына (ветеринарлық дәрігерлер, фельдшерлер, дезинфекциялық қондырғылардың жүргізушілері және т.б) олардың еңбекақысы, 21% әлеуметтік сақтандыру төлемдері, еңбекақы қорының 6,8% мөлшеріндегі ақылы демалыс, мамандардың іс-сапар шығындары кіреді.

1 айлық еңбекақы шығындары:

Е = 4 х 26500 + 6 х 23600 + (4 х 26500+6 х 23600) х 0,21 + (4х26500 + 6 х 23600) х 0,068 = 247600 + 51996 + 16836,8 = 316412,8 теңге.

Күндік еңбекақы айлық еңбекақыны 25,6 күнге бөлу арқылы, ал сағаттық – күндік еңбекақыны 7 сағатқа бөлу арқылы есептеледі.

Іс-сапар шығындары нақты мәліметтерден алынады.

Амортизациялық төлемдер белгіленген номативтер бойынша жүзеге асырылады.

1 кесте


Құрал-жабдық аталуы

Саны

Бірлігінің бағасы

Жалпы сметалық құны

Амортизациялық төлемдер

%

теңге

Ветеринарлық емхана

1

1200000

1200000

5

60000

Ветеринарлық дезинфекциялық қондырғы

3

1500000

4500000

10

450000

Ла­бораториялық дөңгелек тербелткіш

1

24000

24000

15

3600

Суытатын қондырғы

1

45000

45000

10

4500

Центрифуга

1

50000

50000

10

5000

Сефадексе О-150

1

65000

65000

10

6500

Спектрофотометр СФ-46

1

48000

48000

10

4800

Магниттік араластырғыш

2

8000

16000

15

2400

Барлығы







5948000




536800

Материалдар мен шикізат шығындары:




Атауы

Өлшем бірлігі

1 өлшем бірлігінің бағасы (теңге)

Саны

Сомасы (теңге)

Фенобендазол

гр.

30

150

4500

Политрем

гр.

40

90

3600

Альбен

дана

10

90

900

Азинокс

дана

7,73

220

1700

Азипирин

дана

48,1

10

480

Барлығы










11180

Энергетикалық шығындар:




Шығын элементтері

Өлшем бірлігі

1 өлшем бірлігінің бағасы (теңге)

Саны

Сомасы (теңге)

Электоэнаргия

Квт/сағ.

7,63

1200

9156

Жанар-жағар май

тонна

65000

2,4

156000

Су

м3

47,8

700

33460

Барлығы










198616

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары

У2= 316412,8+536800+11180+198616= 1063008,8


6.3 Ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі және оны есептеу әдістемесі

Республиканың аймақтарында (облыс, аудан) ауыру коэффициентін (К32) аймақтағы ауырған мал санын жалпы мал санына бөлу арқылы есептейді.

Сайрам ауданы үшін:

Ірі қара мал бойынша:

К32 = 43/129060 = 0,0003

Уақ мал үшін:

К32 = 75/211640 = 0,00035

Өлу коэффициентін (Кл1) өлген мал санын ауырған мал санына бөлу арқылы есептейді.

Мәжбүр сою коэффициентін сойылған мал санын ауырған мал санына бөлу арқылы есептейді.

Өнімді жоғалту коэффициентін жалпы жоғалтылған өнім көлемін ауырған мал санына бөлу арқылы есептейді.

Болдырылмаған шығынды есептеу кезінде экономикалық шығыннның келесі үлестік мәндерін қолданады: 1 ауырған, өлген, ауырып жазылған, мәжбүр өлтірілген және қолда бар малға шаққанда.

1 ауырған малға шаққандағы экономикалық шығынның үлестік мәнін (Ку1) анықтаған кезде жалпы шығын сомасын ауырған мал санына бөледі.

971500+1 889 381,75+2 674 000 / 128 = 43241,63 теңге

1 қолда бар малға шаққандағы (Ky5) шығынның үлестік мәнін анықтаған кезде жалпы экономикалық шығынды қолда бар мал санына бөледі.

5534880,16/129060+211640 = 16,22 теңге.

Аймақта аурудың алдын алу және салдарын жою нәтижесінде болдырылмаған экономикалық шығынды келесі формула бойынша есептейді:

Пу3 = ( Мо х Кз2 - Мз) х Ку1,

Мұндағы:


Мо- аймақтағы ауруға бейім мал саны (аудан, об­лыс, республика), саны бас;

Кз2, - аймақтағы малдардың ауыру мүмкіндігі коэффициенті;

Мз – аймақтағы ауырған мал саны, бас;

Ку1, - 1 ауырған малға шаққандағы экономикалық шығынның үлестік мәні.

(34700х0,0065 – 128) х43241,63 = 4218221 теңге.

Аурудың алдын алу, сауықтыру және емдеу шараларының нәтижесінде алынған экономикалық тиімді Эв келесі формула бойынша есептейді:

Эв= Пу + Дс + Эзв,

Мұндағы:


Пу- ветеринарлық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде болдырылмаған экономикалық шығын, теңге;

Дс - өнім көлемі мен сапасын арттыру есебінен алынған қосымша құн, теңге;

Эз - ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану нәтижесінде еңбек және материалдық ресурстарды үнемдеу, теңге;

Зв - ветеринарлық іс-шараларды жүргізу шығындары, теңге.

Эв= 4218221 + 2480,4 + 1715,75 - 1063008,8 = 3159408,3 теңге

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолдану нәтижесінде өнім көлемі мен сапасын арттыру есебінен алынған қосымша құнды Дс келесі формула бойынша есептейді:

Дс = (Впо - Впэ) х Ан ,

Мұндағы:


Впо и Впэ – 1 емделген малға шаққандағы дәстүрлі және жаңа тиімді құралдарды қолданған кездегі өндірілген немесе сатылған өнімнің құны, теңге;

Ан –емделген мал саны (жұмыс көлемі), бас.

Дс = (432,6-427,3) х 468 = 2480,4 теңге

Ветеринарлық іс-шараларға жұмсалған өндірістік шығындар немесе күрделі қаржылардың өзгеруі есебінен нәтижесінде еңбек және материалдық ресурстарды үнемдеу (Эз), теңге, келесі формула бойынша есептеледі:

Эз =[(Сб + Ен х Кб) - ( Сн + Ен х Кн )] х Ан ,

Мұндағы:


СБ и Сн - 1 емделген малға (жұмыс бірлігіне) шаққандағы дәстүрлі және жаңа вариант бойынша ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалғын ағымдағы өндірістік шығындар, теңге;

Ен– капитал салымдарының тиімділігінің нормативтік коэффициенті, 0,15;

Кб и Кн –сәйкесінше базалық және жаңа вариант бойынша жұмыс бірлігіне үлестік капитал салымдар;

Ан - ветеринарлық іс-шараларды жүргізудің жаңа құралдары мен әдістерін қолданып атқарылған ветеринарлық жұмыс көлемі, теңге.

Эз =[(26,6 + 0,15х54654) - (22,7 + 0,15х43241,63)] х 1063008,8 = 8224,7 - 6508,95 = 1715,75 теңге

1 теңге шығындарға шаққандағы ветеринарлық іс-шаралардың экономикалық тиімділігі (Эт) экономикалық тиімділікті ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалғын шығындарға бөлу арқылы есептеледі:

Эт = Эв / Зв

Эт = 3159408,3 / 1063008,8 = 2,97 теңге.

Капитал салымдарының тиімділігін олардың қайтарымдылығы, қацтарылу мерзімі, капитал салымдарының ең жақсы варианты және 1 теңге капитал салымына үнемделген шығындар бойынша белгілейді.

Қосымша капитал салымдарының қайтарымдылығы кв) келесі формула бойынша есептеледі:

Окв = Эв / Кд

Мұндағы:


Эв – алдын алу, сауықтыру және емдеу шараларын жүргізу нәтижесінде алынған жылдық экономикалық тиім, теңге;

Кд - ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге жұмсалған қосымша капитал салымдары, теңге. Ол келесі формула бойынша есептеледі:

Кд = Ен х (Кн - Кб),

Мұндағы:


Ен – капитал салымдарының тиімділігінің норматитік коэффициенті, 0,15;

Кн – жаңа капитал салымдары, теңге;

Кб – базалық капитал салымдары, теңге.

Кд = 0,15 х (1063008,8 – 926540,3) = 20470,275 теңге.

Окв = 3159408,3 / 20470,275 Кд = 154,34

Ветеринарлық іс-шараларға жұмсалған қосымша капитал салымдарының қайтарылу мерзімі (Ткв) келесі формула бойынша есептеледі:

Ткв = Кд в

Ткв = 20470,275 / 3159408,3 = 0,0065.



VII. Бизнес жоспар

7.1 Аннотация

Бизнес-жоспар тақырыбы: Сайрам ауданы бойынша ауылшаруашылығы малдарының бруцеллез (сарып) ауруының алдын алу және онымен күресу шараларында жасалатын бизнес-жоспары

Фирма аты: «Көлкент» ӨК

Мекен-жайы: Оңтүстік Қазақстан Облысы, Сайрам ауданы, көлкент ауылы

Байланыс сымтетігі : 37 250

Кіммен жасалған: Нишанбаев Абдусалам Абдиваитович

Бизнес сферасы: Тамақ өнеркәсібі және қызмет саласы

Қызметтің негізгі түрлері: Өндіріс

Басталу мерзімі: 2008 жыл

Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептелініп жасалған: 3 жыл


7.2 Түйіндеме

Өндірістік кооперативтің басты даму бағыты болып мал шаруашылығы, оның ішінде ет өнімі, мал шаруашылығының бизнес-жоспары, өзіндік өндіріс басқару жүйесі бойынша қалыптасқан. Шығарылған өнімді аудан және облыс орталықтарына жеткізіп отырады. Шаруашылық әр жылдары әртүрлі көлемде мемлекетке, базарларға, шағын коммерциялық орындарға өз өнімдерін бөліп отырады. Бұл жерде етті бағыттағы бұқалар мен жылқылар өсіріліп, олардан мейлінше жоғары сапалы ет алу басты мақсат болып отыр. Біздің мақсатымыз осы өндірістік кооперативтегі бұқалар мен жылқы шаруашылығындағы өнімділігін арттыру бірінші кезекте тұрады. Кәдімгі бұқалар тірідей салмағы 450-500 кг, ал жылқының тірідей салмағы 350-400 кг. Осы мақсатқа жету үшін біз шетелден асыл тұқымды, етті көп беретін 20 бұқа мен 25 жылқы әкелуге қаржы жұмсадық. Қаржы көлемі 35 000 АҚШ доллары.

Инвесторлармен жұмыс жасау әлі жолға қойылмаған. Олармен жұмыс жасайтын болсақ қаржы жағынан да, техника жағынан да оңай әрі тиімді болар еді.
7.3 Кәсіпорынның сипаттамасы

Соңғы 3 жыл мерзімде негізгі қаржылық көрсеткіш негіздері кестедегі 1 бас бұқадан және жылқыдан алынатын ет өнімін жылдық табысын есептейміз.

Негізгі нысаны: өз шығындарын азайта отырып, пайда табу.

Кәсіпорынды қаржыландыру көздері:

- өнімдерді сатудан, тауарлардан, қызмет көрсетуден түскен пайда есебінен;

Жобаның жақсы кадрлармен қамтамасыз етілуі: лауазымды орынға ие болу үшін қызметкердің орта стажы бес жылдан кем болмау керек.





Уақыт мерзімі

Жалпы түрлері бойынша сату көлемі

Табыс

Пайда

Таза пайда

2008

80

5 878 920

1 979 785

1 979 785

2009

85

6 549 728

2 389 244

2 389 244

2010

90

7 678 450

3 200 540

3 200 540

Алға қойылған мақсат ет өнімін арттыру, мал тұқымдарын асылдандыру, бизнестің күшті жақтары ол өз тұтынушыларымы, тұрақты клиенттеріміз көп қожалақтың негізгі мақсаты ет бағытындағы бұқа мен жылқы тұқымдарын көбейтуді алға қойып отыр. Бұқа мен жылқы еті қоңды болуы үшін оны құнарлы азықтармен азықтандыру керек.



Менеджмент

«Көлкент» ӨК 15 адам қызмет атқарады. Бас директор, бас есепші, менеджер-консультант, инженер-механик. Кәсіпорынның қалған қызметкерлері қарапайым жұмысшылар. Әкімшілік қызметкердің жалақысы 55 мың теңгеден жоғары, ал жұмысшылардікі 35 мың теңге айлық көлемінде.

Жақсы кадрлармен қамтамасыз етілу: әкімшілік қызметкер орнына қызметке тұру үшін қызметкердің орташа жұмыс стажы 3 жылдан кем болмауы керек.

Қызмкеткердің аты-жөні: Нышанбаев А.А.

Жасы: 25.

Мекен-жайы: Сайрам ауданы, Көлкент ауылы.

Байланыс сымтетігі: 37 250.

Бизнестегі орны: Директор.

Жалақысы: 75 000.

Жұмыс тәжірибесі: 3 жыл.


Қызмкеткердің аты-жөні: Ахметниязов Г.

Жасы: 26.

Мекен-жайы: Сайрам ауданы, Көлкент ауылы.

Байланыс сымтетігі: 37 478.

Бизнестегі орны: Менеджер-консультант.

Жалақысы: 55 000.

Жұмыс тәжірибесі: 4 жыл.
7.4 Өнімнің сипаттамасы

Біздің өніміміздің сипаттамасы: халыққа қажетті ет өнімдерін, атап айтқанда бұқа және жылқы еттерін өндіру болып табылады. Асыл тұқымды бұқалар мен жылқы түрлерін көбейту.


7.5 Маркетинг жоспары

Қалада бірнеше ірі кәсіпорындар бар. Цехтар, ірі ет комбинаттары бар. Ол біздің бәсекелестеріміз. Оларда тұрақты сұранысты құрайды.

Аталған өнімдер нарыққа бейім. Өнімдер кез-келген тұтынушының жеке талабына, талғамына, сәйкестендіріліп және ескеріле отырып шығарылып сатылады.

Негізгі тұтынушыларға жеке тұрғындар, ірі кәсіпорындар мен фирмалар жатады. Бәсекелестер өніміне қарағанда сапаның жоғары болуы мен бағаның төмендігі, сонымен қатар қосымша сервис арқасында компания өнімі нарықта бәсекеге қабілетті болып табылады.

Бәсекелестер: ет комбинаттары, шағын шаруа қожалықтары т.б. ет өндіру шаруашылықтары. Өніміміз ОҚО бойынша ең сапалы болады. Өніміңіздің ерекшелігі: өңірімізде халық санының көп болуымен қатар ауыл шаруашылық саласының дамығанына байланысты қызметімізді қолданады.
7.6 Өндірістік жоспар

Бизнесті жүргізу үшін ауылдық жерде 100 га жерде қыстық және жаздық күндері ұстауға арналған 110х10 м ферма. Сонымен қатар тағы қосымша қоралар салуға арналған жерлер бар.

Кәсіпорын ғимараты негізгі және көмекші цехтардың кешенінен тұрады. Кәсіпорынның өзіндік құрылымына келесі факторлар ықпал етеді.


  1. Техникалық прогрестің дамуы, оның деңгейі ;

  2. Басқару формасының түрлері;

  3. Техникалық процестің автоматтандыру деңгейі

  4. Өндіріс процесінің техникалық артықшылығы;

  5. Жұмысшылардың механизацияландыру дәрежесі;

  6. Өндірістің материалдық техникалық базасы;

  7. Шикізатты өндеу көлемінен шығатын дайын өнімнің түрлері;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет