Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қаржылық есеп беру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау»



жүктеу 1.27 Mb.
бет2/5
Дата17.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
1   2   3   4   5


Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық-шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:

- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетгі төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде керсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;

- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

- жалпы табыс -өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімнің нақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын каржылық нәтижесі;

- кезең шығыстары - өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік кұнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;

- негізгі қызметтен тұскен табыс (зиян) - жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;

- негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) - кәсіпорынның негізгі кызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидии т. б.)

- салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы - негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс ;

-табыс салығы бойынша шығыс —11 БЕС салығы бойынша шығысы;

- салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны) - салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);

- төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) — есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;[44]
«ҰК ҚТЖ» АҚ –ның 2005 жылда болған қаржылық-шаруашылық нәтижелері бойынша есеп беруін қарастырайық.

Кесте 2


«ҰК ҚТЖ» АҚ

(атауы)

(мекен-жайы) Шымкент қаласы

ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІННІҢ

НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ 1 қантар 2006 ж

(млн теңге)





Көрсеткіштер атауы

Сызық жолының коды

Табысы

Шығысы

Сатылған өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен түсім

01

5605,0

X

Сатылған өнімнің (кызметтің, жұмыстың) өзіндік құны

02

*

4878,0

Жалпы табыс(01-02)

03

727,0

х

Кезең шығыстары-Барлығы:

04

X

96,0

онын ішіңде: Жалпы және әкімшілік шығыстары (82)

05

X




Сату бойынша шығыстары(31)

06

X




Пайыз бойынша шығыстары (83)

07

X




Негізгі кызметтен түскен табыстары (зияндары) (03 - 04)

08

631,0




Негізгі емес қызметтен түскен табыстары (зияндары) (70 -84)

09

-

х

Салық салынғанға дейінгі әдеттегі кызметінен түскен табысы (08 +09)

10




х

Заңды тұлғадан ұсталынған табыс салығы (85)

11

X

121,0

Кейінге қалдырылған

салықтар








х

Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (10 - 11)

12

510,0

х

Төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) (86)

13

218,0

х

Таза табысы (зияны) (12± 13)

14

292,0

х

Қаржылық –шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру бойынша «ҰК ҚТЖ» АҚ-ы 2005жылды, яғни көрсетілген 2006 жылдың 1 қаңтарындағы есебі бойынша - 292 мың тенге таза табыспен аяқтаған.

- таза табыс (зиян)— есептік кезенде «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның алған қаржылық нәтижесі.

Сонымен, каржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері: 701(6010) - "Негізгі қызметтен түскен табысы", 712(6030) - "Негізгі емес қызметтен түскен табысы", 801(7010) - "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны", 811(7110) - "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату барысында жұмсалған шығындары", 821(7210) - "Жалпы және әкімшілік шығындары", 844(7430) - "Негізгі емес қызмет бойынша шыққан шығындары", 851(7700) - "Табыс салығы бойынша шыққан шығыңдары", 712(6030) - "Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатуға байланысты шегерімдер, сондай-ақ баға шегерімдері", 727(6280) -"Төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциядан келген табыстары (зияндары)", 724(6120) - "Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табысы (зияны)" шоттарының деректерінің негізінде шығарылады. Басқаша айтқанда, есеп беруге қажетті барлық деректерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапкан мәліметгерден тікелей алынады.[47.]



Ақша қаражатының козғалысы туралы есеп беру. ХҚЕС №7 талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялык, және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

№7 халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайыңдағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.[48,]

Ақша қаражаттарынның қозғалысы туралы есеп беру- Бұл «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді сипаттайды. Бұл есеп беруді жасаудың қажеттілігі белгілі бір есеп кезеңінде серіктестік құралдарының көзін және бұл құралдардың қалай қолданылып жатқандығын көрсету қажеттілігімен туындады.

Акционерлік қоғамның кассасында жалпы ақша сомасы 510,0 млн теңгені құрайды. Соның ішінде:

Тауарларды (жұмыстарды,қызмет көрсетулерді) сатудан түскен табыс-469 млн теңге.

Алынған аванстар – 33,0 млн теңге.

Басқалар – 8,0 млн теңге.

Ақша қаражатының есептен шығуы – 190,0 млн теңге.

Түскен ақша қаражаттының таза соммасы – 320,0 млн теңге.

Ақша қаражаттының есептен шығуы – 40,0 млн теңге.

Ішкі шаруашылық есеп айырысу нәтижесі бойынша ақша – 240,0 млн теңге.

Жалпы жиынның өсуі немесе кемуі өткен кезең бойынша - 40,0 млнтеңге.

Есеп кезеңінің басындағы ақша қаражаттары- 76,0 млн теңге.

Есеп беру кезеңі соңында ақша қаражаттары -36,0 млн теңге.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақшаа қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялык немесе қаржылык қызметгің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады.

Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлык төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық кызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен жәнет.б. шығыстарынын тұрады.[48]

Жанама әдістер — бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық кызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржьшык-шаруашьшық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі. Жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянга ағымдағы актавтер мен міндеттемелерге, акша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап тұзетулер енгізіледі.

«ҰҚ ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің келесі формасы ол , яғни кәсіпорынның – «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі».

Кәсіпорын ұйым «ҰК Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру 1 қаңтар 2006 ж.
Кәсіпорын ұйым «ҰҚ ҚТЖ»АҚ № 3 нысаны

Өлшем бірлігі млн теңге



Кесте 3

Көрсеткіштер

Сызық жолының коды

сомасы

1.Операциондық қызметтен алынған ақша қаражатының қозғалысы







Барлық түсім,соның ішінде:

010

510,0

Тауарды (жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім

011

469,0

Алынған аванстар

012

33,0

Пайыздар

013




Дивидендтер

014




Роялти

015




Басқалар

016

8,0

Ақша қаражаттарының есептен шығуы

020

190,0

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге төлемдер

021

35,0

Берілген аванстар

022




Еңбек ақы бойынша төлемдер

023

102,0

Басқа да активтердің өзгерісі

024




Бюджетпен есеп айырысу

025

43,0

Басқа да төлемдер

026

10,0

Операциондық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы

030

320,0

2. Инвестициялық қызметтен алынған ақша қаражатының қозғалысы







2.1. Түскен ақша қаражаттары, соның ішінде:

040




Негізгі құралды, материалдық емес активтерді және басқа ұзақ мерзімді активтерді сатқаннан түскен табыс

041




Қаржылық инвестицияны сатқаннан түскен табыс

044




Басқа да түсімдер

046




2.2. Ақша қаражатының есептен шығуы

050

40,0

Негізгі құралдарды сатып алу

051

27,0

Материалдық емес активтерді сатып алу

052




Ұзақ мерзімді активтерді алынуы

053

13,0

Қаржылық инвестицияны сатып алу

054




Ұсынылған заемдар

055




Басқа да төлемдер

056




Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы

060

40,0

3. Қаржыландыру қызметінен алынған ақша қаражатының қозғалысы







Түскен ақша қаражаттары:

070




Акцияны шығару

071




Ұзақ мерзімді несиелердің түсуі

072




Құрылтайшылардың салған салымдарының түсімі

073




Басқа да түсімдер

074




Ақша қаражатының есептен шығуы

080




Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу

081




Қысқа мерзімді несиелерді өтеу

082




Дивиденттерді төлеу

083




Басқа да төлемдер

084




Қаржыландыру қызметінен түскен ақша қаражатының таза сомасы

090




Ішкішаруашылық есеп айырысулар







1. Филиалдарды қаржыландыру

100

230,0

2.Транзитті-табысты шотқа қалдықты аудару

110

470,0

3.Көбею(+)/азаю(-)ішкішаруашылық есеп айырысу нәтижесіндегі ақша

120

240

Жалпы: Ақшаның көбею(+)/азаю(-)




-40

Есептік кезеңнің басындағы ақша қаражаттары




76

Есептік кезеңнің соңындағы ақша қаражаты




36

Ақша каражатының қозғалысы туралы 1қаңтар 2006 жылға берген есебінде 36млн теңге аяқтадық.Яғни, 2005 жылдың 1 қаңтарында ақша қаражаттарының қозғалысы туралы берілген есебінен 40 млн кеміген.

Я

ғни, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның Ақша-қаражаттары қозғалысы туралы 2006 жылы 1 қаңтарда берген есебінен, біз есепті кезеңнің ақша қаражаттары сомасынан, есептік кезеңнің соңындағы ақша қаражаттарының едәуір көбейгенін көреміз.

Түсіндірме хат-ол қаржылық есеп пен одан алынған басқа да материалдармен толықтырылады. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп-қисаптағы қандай саясатты ұстанып отырғаны туралы мәлімет берілуі қажет. Және де есепті қолданатын адамдардың қажеттілігіне сәйкес маңызды мәлімет берілуі қажет. Мысалы: түсіндірме хаттың ішіне мынадай түсініктемелер кіреді: белгіздіктер мен тәуекел туралы; қаржылық есепте көрсетілмеген кез-келген қайнар көздер мен міндеттемелер туралы; Ал нарықтың географиялық сигменті туралы мәлімет, оның бөлімдік ерекшеліктері туралы, қызмет түрлері туралы, және де баға өзгерісінің түсініктемесі мен ықпалы туралы мәлімет қосымша болып саналады.

Түсіндірме хатта — «ҰК ҚТЖ» АҚ жасалған негізгі аналитикалық кұжат. Онда, бірінші кезекте, бизнес-жоспарының барлык тауарлары бойынша негізгі себептерімен қоса, орындалу жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезенде кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады.

«ҰК ҚТЖ»АҚ-ның түсіндірме хаттында қаржылық есеп берудің бір бөлігі ретінде келесі негізгі мәселелерді ашуы керек.

1. Есеп бөлігіне қатысты субъекттің есеп саясатында қаралған негізгі ережелері.

2. Түсініктеме жазба баланс бойынша ұзак, және ағымдағы активтерді, меншік капиталын, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетуі керек.

3. Қаржылык,-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазба.

4. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада баяндалуы керек.

5. Түсініктеме жазбада кәсіпорынның қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайына жалпы баға берілуі керек.


II.Қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау

2.1. «ҰҚ ҚТЖ» АҚ-ның активтерін талдау
«ҰК ҚТЖ»АҚ-ның активтері- кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Активтер – бұл құндылық бағасы бар субъектілерінің мүліктік байлықтары мен құндылықтары.

Активтерді сипаттау үшін олардың құрамы мен құрылымы, олардағы болған өзгерістер зерттеледі.

Кәсіпорынның активтерінің жұмылдыру коэффициенті ағымдағы активтерінің құнын кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына бөлу арқылы есептеледі.

Қаржы тұрғысынан бұл көрсеткіштің артуы кәсіпорынның мүлкінің жұмылдырылуын, оның айналымдылығының, оның жеделдеуін, оның пайдалану тиімділігін жоғарлауын көрсетеді.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның ағымдағы активтері мен ұзақ мерзімді активтерінің қатынас коэффициенті төмендегі формуламен анықталады.

К ағымдағы активтер мен ұзақ мерзімді активтер = Ағымдағы активтер/ Ұзақ мерзімді активтер.
К = 13781мың/18770мың = 0,734
«ҰК ҚТЖ»АҚ-ның дебиторлық қарыздарын талдау үшін ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын қарастыру қажет.

Ағымдағы активтері мен мүліктің өтімділігінің өсуіне қарамастан «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның жетекшілері оның құрамындағы өзгерістерді бағалау қажет. Дебиторлық қарыздың пайда болуымен орнығуын талдауға көп көңіл бөлу қажет, өйткені олар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі. Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық қарыздың өсуін емес, ол оның мөлшері мен формасы, қозғалысы ықпал ететінін атап өткен жөн.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ы қарыздың екі түрін: бірқалыпты және ақталмаған деп бөледі.

Дебиторлық қарыздың құрамы мен құрылымымен толық танысып болған соң оған нақты құн тұрғысынан баға беру қажет. Бұл дебиторлық қарыздың қайтарылмай қалуымен байланысты. Оның қайтарымдылығы ағымдағы шарттармен өткен тәжірбиелер нәтижесінде анықталады. Қарыздың қайтарымының жалпылама көрсеткіші болып айналымдылық табылады.[38]

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ғы дебиторлық қарыздың өтімділік көрсеткіші – дебиторлық қарыздың ақша құралдарына айналу жылдамдығын сипаттайды. Осылайша дебиторлық қарыздың өтімділігі мен сапалық көрсеткіші болып – оның айналымдылығы болуы мүмкін.

Айналым коэффициенті өнімді сатудан алынатын пайда көлемінің орташа дебиторлық қарызға қатынасы ретінде есептеледі.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-нің қаржылық есебінің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кесте құрылады.


«ҰҚ ҚТЖ» АҚ-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы.

Кесте 4




Көрсеткіштер



2003 жыл

2004 жыл

Жыл бойындағы өзгеріс (+;-)

Құрылы-мының өзгеруі (4гр.-2гр.)

сомасы мың тг.

Үлес салмағы, %

сомасы, мың тг.

Үлес салмағы, %

Млн тг. (3гр.-1гр.)

% (5гр.:1гр.*100)







Активтер құны, барлығы соның ішінде:

1.1. Ұзақ мерзімді активтер:

а) негізгі құралдар;

ә) Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз

1.2. Ағымда-ғы активтер:

а)Қысқа мерзімді дебиторлық борыш

ә) тауар.

б) ақшалар



200,0

74,0


60,0
14,0

126,0
67,0


37,0
22,0



100

37

30


7

63
34


18,2
10,8



349,0

94,0


68,0
26,0

255
77,0


102,0
76,0



100

27

19,5


7,5

73
22


29,2
21,8



+149,0

+20,0


+8,0
-

+129,0
+10,0


+65,0
+54,0



+74,5

+27


+13
-

+102
+15


+176
+245



x

-10


-10,5
+0,5

+10
-12


+11
+11






Кәсіпорын-ның өндірістік потенциалы-ның құны

60,0

30

68,0

19,5

+8

+13

-10,5

4-кесте мәліметтерінен «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң активтерінің нақты құнын көрсететін баланс валютасын 2004 жылы 149 млн теңгеге немесе 74,5%-ке артқандығын көруге болады.

Бұл «ҰК ҚТЖ»АҚ-ның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобилдігін анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың,өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. [33,38]

Екінші әдістемеде «ҰК ҚТЖ»АҚ-ның өндірістік потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады (4). Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кn ≥ 0.5 қалыпты болып есептеледі.

Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірістік потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған «ҰК ҚТЖ» АҚ-да 2003жылы – 60 млн теңгені, 2004жылы соңы – 68 млн теңгені құрайды, яғни 8 млн теңгеге немесе 13%-ға өскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциял үлесі 2003 жылы 13,37 пунктке кемігенмен 2004 жылы 19,5%-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

2-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешіледі. Егер «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның ағымдағы активтердің үлесі 2003 жылы 27 пунктке көп болса (63-37), 2004жылы ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 46 пунктке асып кетті (73-27) және 73%-ды құрады. Яғни, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның 2003,2004жылдарды талдау барысында ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 3 есеге артық (102: 27) болып отыр.

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобилдьді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады, яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады. Бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.[38]

Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі 2003жылы 0,63 (126:200), ал 2004жылы 0,72 (255:349) құрады. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Талданып отырған «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң бұл көрсеткіш деңгейі 2003 жылы – 1,73=(126:74), ал 2004 жылы – 2,7=(255:94) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. 2004 жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 2 есеге (255:126), ал екіншілер – 1,2%-ға (94:74) ғана өскен. «ҰК ҚТЖ» АҚ ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементтінің жағдайын зерттеу қажет. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударылады. Өйткені бұл көрсеткіш «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.

Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Алайда біздің «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң негізгі құралдардың активті бөлігінің үлес салмағы 2003жылы-30қарағанда, 2004 жылға-19,5 құрады.

Негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесінің 0,13 пунктке кемуі, олардың өсу қарқынының барлық негізгі құралдардың өсу қарқынынан айтарлықтай дәрежеде артта қалуының нәтижесінде болып отыр. Барлық негізгі құралдар құны – 13%-ға (8:60*100) өскен. Бұл әрине «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезеңі ретінде қарастырылуы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті 2003 жылы – 0,63 (56:93), ал 2004 жылы – 0,68 (37:555) құрайды, яғни 0,05 пунктке өскен.

Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи тозғандығын және ескергендігін көрсетеді. Кейбір экономисттердің бағалаулары бойынша 50%-дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға қатаң көңіл аударуы тиіс.

Әрі қарай, келесі 5-аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ң ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы


Кесте 5




Көрсеткіштер

2003 жыл

2004 жыл

Өсуі (+), кемуі (-), %

сомасы, млн тг.

үлес салмағы, %

сомасы, млн тг.

үлес салмағы, %

1

Ағымдағы активтер, соның ішінде:

1.1Тауарлы-материалдық қорлар

1.2.Дебиторлық борыш

1.3Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1.4.Басқа да ағымдағы активтер


126

37

67


22

-


100

29,4


53,2
17,4

-


255

102


77
76

-


100

40

30


30

-


х

+10,6


-23,2
+12,6

-

5-кестедегі келтірілген мәліметтер «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттар мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 2004 жылда 76 млн теңгеге немесе 12,6% -ға көбейген.

Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті 12,6 есеге көбейген және 30%-ды құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Ең мобильді қаражаттар сомасының көбеюі және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам жоғарлауы кәсіпорынның төлеу қабілетінің жеткіліктілігін сипаттайды. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильдігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы, кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 10,6%-ға өсті және ол 2004жылы 102 млн теңгені құрады. Олардың үлесі 0,36пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса жоғары (40%) болып отыр. Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң материалдық ағымдағы активтер негізінен материалдар есебінен көбейген, олардың көлемі 2004жылы 102 млн теңгені құрады, бұл 2003жылмен салыстырғанда – 2,5 есеге көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5%-ға азайған.

2004 жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өскен. Егер оның көлемі 2003 жылы – 67 млн теңгені құраса, 2004 жылы ол – 77 млн теңгені құрайды немесе 11,6%-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,53 пунктке азайды [2].

Дебиторлық борыш неге көп өскендігін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады.

Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет. [38]

Айта кеткен жөн, «ҰК ҚТЖ» АҚ-ң қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оның меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілетіне ешбір ықпал етпейді.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-ң дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлем мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық борыштың құрамы мен құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сай келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.[43]

Баланстың активі кәсіпорынның меншігіндегі жалпы мүлкіне баға береді және де мүліктің құрамында айналым құралдары мен айналымнан тыс қаржыларды бөліп көрсетеді. Кәсіпорын мүлкіне баланста құны көрсетілген негізгі қорлар, айналым қаржылары және басқа да құндылықтар кіреді. 6-кестеде «ҰК ҚТЖ» АҚ мүлкін бағалаудың есептері келтірілген.
«ҰК ҚТЖ» АҚ мүлкін бағалау, млн.теңге

Кесте 6


Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқулар 2004 жыл

Ауытқулар

2005 жыл





жыл басына

жыл соңына

жыл басына

жыл соңына

абсолютті

шамада


%

абсолютті шамада

%

І.Барлық мүлік, соның ішінде:

160,8

349,0

349,0

730,0

188,2

2,2 есе

381

2,2 есе

Айналымнан тыс активтер

НҚ және басқа да айналымнан тыс актавтер

24,4

68,0

68,0

307

43,6

2,8 есе

239

4,8 есе

- мүлікке %-бен қатынасы

15,2

19,5

19,5

42,0

4,3




22,5




2.1.материалдық емес активтер

-

4,0

4,0

-

4,0

100

-

-

•материалдық емес активтерге %-бен

-

5,9

5,9
















2.2.негізгі қорлар

24,4

64,0

64,0

307,0

39,6

2,6 есе

234

4,8 есе

• негізгі қорларға %-бен

100

94,0

94,0

100

-6,0




6,0




2.3.Бітпеген өндіріс

-

-

-

-

-

-

-

-

-Бітпеген өндіріске %-бен

-

-

-

-

-

-

-

-

2.4.Ұзақ мерзімді ; қаржылай салымдар

-

-

-

-

-

-

-

-

-Ұзақ мерзімді қаржылай салымдар %-бен

-

-

-

-

-

-

-

-

3.айналым қаржылары

112,4

255,0

255,0

397,0

142,6

2,3 есе

142,0

155,7

-айналым қаржыларына

%-бен


70,0

73,0

73,0

54,4

3,0




-18,6




3.1.материалдық айналым қаржылары

45,8

70,0

70,0

89,0

24,2

152,9

19,0

127,0

- материалдық айналым ; каржыларына %-бен

40,7

27,4

27,4

22,4

-13,3




-5,0




3.2. ақша қаржылары мен қысқа мерзімді 1 міндеттемелер

0,3

76,0

76,0

36,0

75,7

253,3 есе

-40,0

-47,4

• ақша қаржылары мен кысқа мерзімді 1 міндеттемелерге %-бен

0,27

30,0

30,0

9,0

29,7




-21,0




3.3. дебиторлық берешек

52,0

77,0

77,0

246,0

25,0

148,0

169,0

3,2 есе

дебиторлық берешекке %-бен

46,3

30,2

30,2

62,0

-16,1




31,8




3.4.алынған кұндылықтар бойынша ққс

6,1

2,0

3,0

26,0

-4,1

32,8

23,0

8,7 есе

алынған құндылықтар бойынша ҚҚС %-бен

5,4

0,8

1,2

6,5

-3,2




5,3




4.шығындар

24,0

26,0

26,0

26,0

2,0

108,0

0

100

шығындар %-бен

15,0

8,0

8,0

3,7

-7,0




-4,3



Кәсіпорынның мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің серпінділігін талдай отырып, есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің жалпы құны 381 мың тенгеге немесе 2,2 есе, ал 2004 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 188,2 мың тенгеге немесе 2,2 есе (323 мың тенге/160,8 мың тенге) артқандығын байқаймыз. Жалпы 2005 ж. кәсіпорынның мүлкінің көлемінің артқандығы байқалады.

Кәсіпорынның мүліктерінің құрамында есепті кезеңнің басына айналым қорлары 73 % құрады. 2005жылы олар 142 мың тенгеге артып, олардың кәсіпорын активіндегі үлес салмағы 54,4 %-ға дейін өтімділігі жоғары ақша қаржылары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың айналым қаржыларындағы үлесі 21 % -ға дейін төмендеді (40 мың тенгеге азайды). Сонымен бірге, дебиторлық берешек 2005 ж. басында 30,2 %, ал 2005 жылдың басында 62 % құрады. Мұндай жағдай кәсіпорын үшін тиімді, өйткені оның 169 мың тенгеге артуы (3,2 есе), айналым қаржыларының 1,2 есеге артқандығын білдіреді (169 мың тенге. /142 мың .тенге. х 100 %).[40]

1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет