Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қаржылық есеп беру және оның негізгі көрсеткіштерін талдау»


ІІІ. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары және оны



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#141501
түріДиплом
1   2   3   4   5

ІІІ. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары және оны дамыту жолдары
3.1. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары

Капитал рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне, сондай-ақ халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептің бірегейлігі қамтамасыз етілуі қажет.

Мұндай бағыт ұстанған жағдайда «ҰК ҚТЖ» АҚ-дағы бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабыны сай жаңаша құруды талап етеді. Егер «ҰК ҚТЖ» АҚ-дағы жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін таппайды. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның қызметі жөніндегі және қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар тұнық және сенімді, орындалып, мұның барлығы да халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талабымен тығыз байланысты болған жағдайда, қаржы салымшы инвесторлар өздерінің салған капиталының қалай және қандай тиімділік дәрежесінде жұмсалғандығын біліп, бақылап отырады.

Мынаны атап көрсету керек: Қ.Б.Е.С. нарықтық экономикаға көшу кезеңінде белгілі бір рөл атқарды. Алайда елдің экономикасын көтеру мен бағалы қағаздар нарығының шарты. Сондай-ақ қалыптасқан әлемдік үрдістер Х.Қ.Е.С - ына көшу тәуелсіздік жағдайында еліміздің сөзсіз қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Халықаралық стандартқа көшу ұйымдарға басқару мен ішкі бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады, капиталды жеңілдетуге қол жеткізу, сондай-ақ, ішкі сонымен бірге сыртқы пайдаланушылардың сапалы, сенімді және салыстырмалы хабарлама мен қамтамасыз етеді.

Жаңа стандартқа көшу сонымен бірге қаржылық және қор қорығының дамуына қосымша серпін береді. өйткені әлеуметті инвестор, сондай-ақ кредиторларда ұйымдардың экономикалық қызметінің нақты жағдайын сипаттайтын және оның тиімділігін осы заманғы әдістемелерге сәйкес бағалау мүмкідігін осы заманғы хабарламалар беруге мүдделі болып отыр.

Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын (ХҚЕС) түзу және тура қолдану үшін стандарттардың қандай есеп объектісіне арналғандығын, мұның мәтінін, ресми статусын, қандай құжаттардан тұратындығын, есептің қай түрінде қолданылатындығын, рұқсат етілген негізгі әдістердің мағынасының түсініктілігін, стандарттарды жекелеген ережелерінің мәні сияқты көптеген мәселелерді «ҰК ҚТЖ» АҚ-дағы өз міндетін атқарушы тұлғалар жақсы білуі керек.

Сонымен, стандарттар қаржылық қорытынды есеп мәселелерін реттеуге арналған. «ҰК ҚТЖ» АҚ халықаралық қаржылық есеп стандартына өтпек бұрын мынаны ескергені жөн. Әрбір халықаралық стандарт қандай сұрақтарға жауап беретіндігін.

1. Қаржылық қорытынды есеп мазмұнын тану үшін қандай есеп объектілері қай кезде есепке алынады?

2. Қаржылық қорытынды есеп объектілері қалай бағаланып өлшенеді?

3. Қаржылық қорытынды есеп өрісінде қандай ақпараттар қалыптасады?

Халықаралық деңгейге тән каржылық қорытынды есеп стандарттарының атқаратын міндеттеріне мыналар жатады:

1. Сыртқы мүдделі тұлғаларды пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етуге арналғанесеп және қорытынды есеп стандарттар жүйесін қалыптастыру;

2. Халықаралық деңгейде бухгалтерлік есеп пен стандарттар арасын гармониялық үйлесімділікке салуды қамтамасыз ету;

3. Бухгалтерлік есеп жүйесін өз мәнінде түсіну мен жүргізу үшін ұйымдарға әдіснамалық көмек беру. [48]

Халықаралық стандарттар бухгалтерлік баланстан, табыстар мен шығындар есебінен, ақша қозғалысы есебінен туындайтын ұйымдардың қаржылық қорытынды есебін даярлауға, меншікті капитал өзгерісі есебінен,

Сондай-ақ дайындалған қаржылық есеп маңызын қосымша түсіндіруге бағытталған сападағы түсіндірме хаттар т.б. қосымша түсіндіруші материалдардың қалай және қандай бағытта қолданатындығына арналған.

Сонымен, ХҚЕС деп-бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүргізудің жалпы принциптерін анықтайтын ресми құжатты айтамыз.

Қазіргі кезеңдегі ХҚЕС мыналардан құралады:

1. Тұжырымдамалық концепциядан;

2. 40-тан аса қолданбалы стандарттардан;

3. 25–тен аса қосымша түсіндірулерден.[48]

«ҰК ҚТЖ» АҚ-дағы қолданыстағы Ұлттық есеп стандарттарына қарағанда ХҚЕС-тің артықшылығы мыналар:

- халықаралық деңгейде әр елдердегі білімді ғалымдар мен алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу мүмкіндігі;

- ХҚЕС мазмұнын ашық талқылау кезеңдерінен өткізу және тиісті стандарттарды есеп тәжірибесіндесінде қолданып көру (опробация) кезеңдерінен өтуі;

- бухгалтерлік есеп құжаттарын компаниялар арасында жалпы әлемдік деңгейде салыстырып отыруды қамтамасыз ету;

- компаниялардың шоғырландырылған қорытынды есеп дайындауға жұмсалатын шығындарын барынша қысқартуды қамтамасыз ету;

- қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар үшін халықаралық стандарттардың түсініктілігі және қарапайымдылығы;

- тұрақты түрде жетілдіріліп отыруы.


ХҚЕС мазмұнын зерттеуші ғалымдардың ұсыныстары мен жеке пікірлеріне қарағанда және біздің пайымдауымызша стандарттар мазмұнына тән кемшіліктер де жоқ емес.

Бұларға мыналар жатады:

- нақтылы есеп объектілеріне тән қолданбалы ұсыныстар және түсіндірмелер, қосымшалар мен мысалдардың нақтылы түрде қалыптаспағандығы;

- ХҚЕС негізінен экономикасы нарықтық қатынастар мен дамыған елдер есебіне арналғандықтан экономикалық процесі жаңадан дамып келе жатқан елдерде қолданудың кейбір қиындықтары;

- ХҚЕС-тің ұсыныстық сипаты, оның үстіне ХҚЕС-ті міндетті түрде қолдану керек еместігі жөніндегі ұсыныс есеп жүйесінің гармониялық үйлесімділігінқамтамасыз етпейді.

ХҚЕС-ті бөлшектеп қолдануға болмайды. Мұның өзі кешенді процестер қатарына жатады. Қорытындалған қаржылық есеп әрбір стандарт мазмұнының талабыны сай келуі керек. Егер стандарт мазмұны толығымен қолданылмаған жағдайда қорытындыланған қаржылық есеп ХҚЕС талабына сәйке келмейтін болып танылады.

Қаржы есептілігінің халықаралық есеп стандарттарына көшу кезіндегі Х.Қ.Е.С - бойынша бастапқы балансты жасауды талап етеді, ол Х.Қ.Е.С - на сәйкес ұйымның есебін жүргізу үшін бастау болып табылады.

«ҰК ҚТЖ» АҚ Х.Қ.Е.С. бойынша өзінің бастапқы балансын Х.Қ.Е.С. бойынша өзінің алғашқы қаржы есептілігіне ұсынуға міндетті болмайды. яғни 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көшкен ұйым бухгалтерлік есепті жүргізген және Қ.Б.Е.С -ына сәйкес 2004 жыл үшін қаржы есептілігінің толық топтамасыз еттеді. Содан соң тек баланс есебін ғана алады және Х.Қ.Е.С. бойынша қайта есептемейді, ол Х.Қ.Е.С - ына сәйкес ұйымдардың есеп жүргізу үшін бастапқы баланс қызметін атқарады.

Сонымен бірге "Халықаралық қаржы есептігінің стандарттарын алғаш қабылдау" IFRS8 - мынаны талап етеді: ұйымның Х.Қ.Е.С. бойынша алғашқы қаржы есептілігі Х.Қ.Е.С-на сәйкес ең болмағанда бір жыл үшін хабарламаның енуі қажет. Сөйтіп ұйымдар 2006 жылдан бастап Х.Қ.Е.С - на сәйкес қаржы есептілігін жасайды және 2006 жыл көшу, түзету немесе салыстырмалы деректер жылы болып табылады.

Сонымен бірге Х.Қ.Е.С. бойынша бастапқы бухгалтерлік баланстың қайта есептеу кезінде таңдап алынған есеп саясаты, Х.Қ.Е.С. бойынша алғашқы қаржы есептілігінде (2006 және 2007 жылдар үшін) пайдаланатын болады. Бұл орайда есеп саясаты Х.Қ.Е.С. бойынша алғашқы қаржы есептілігінің есепті күнінде (2006 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2007 жылдың 1 қаңтарына) қолданатын әрбір халықаралық стандарттың талаптарына жауап беруге тиіс. [48]

Мына жәйт ешкімге құпия емес: біздің бухгалтерлеріміз бухгалтерлік есеп жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан Х.Қ.Е.С-ын әдістемелік түсіндіру мен оларды алғаш қолдану тәртібін күтуде. Сонымен бірге мынаны да атап көрсету керек: Х.Қ.Е.С-ын қолдану стандарттар ұсынатын активтердің міндеттемелерінің, табыстардың, шығыстар мен капиталдың есебі мен есептілігінде көрсету нұсқаларын таңдауға негізделеді. Сондықтан да, Қаржы Министрлігіне ғана үміт артуға болмайды, керісінше өздеріңіздің бухгалтерлік пайымдамаларыңызды белсенді түрде қалыптастырсаңыз, стандартты зерттеулерінің, жалпы айтқанда, кәсіпорынның міндеттері мен мүдделерін негізге ала отырып, Х.Қ.Е.С-ын қолдануға айланып дайындалу керек.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі депортаменті директорының орынбасары Ж.Айтжанова. Х.Қ.Е.С - қаржы есептігінің баршамызға ортақ және бірдей үғынуға қажетті осы заманғы стил ретінде, капиталды ықпалдастыру, экономиканы шапшаң дамыту үшін негіздемеге қызметін атқарады. Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігінің және инвестиция тартуының, соның нәтижесі ретінде, бүкіл Қазақстан экономикасының өзекті негізі боп табылады. Ал Х.Қ.Е.С - ын білу онымен жұмыс істеу осы заманғы бухгалтер мен аудиторлардың ғана емес, сонымен бірге басшы беделінің қажетті сапалық белгісіне айналып отыр.

Сонымен қатар нарықтық қатынастар заманында бухгалтерлік кәсіп атқарушылар келеңсіз жағдайлардан және сыртқы күш көрсетіп пайда күнемдікке салынушылардан сақ болу керек. Экономикалық өмірге енген бухгалтерлік есеп стандарттарынан ауытқымай жалған ақпараттар жасаушыларды, өтірік пен алдауға итермелеушілерді жақындатпау.

Кәсіби бухгалтердің этикалық кодексі тексеру шара қолдану механизмдерін іске асыруға бағытталуы керек. Мұның үшін кәсіби бухгалтер. Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалы жасалуын қамтасыз етіп жоғары дәрежедегі идеяны сақтау керек. Сонда ғана біздің елімде бухгалтерлік есеп жүйесі дамып еліміздің дамуына үлес қосады.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-на ХҚЕС - ын енгізумен бухгалтерлердің әдет - ғұрпы толығымен өзгеретін болады. Олардың басты міндеті - салық комитеті алдында есеп беру, ал енді оларға есеп беру мен есеп алу басқа түрлерін, атап айтқанда қаржы есебін үйрену керек болады. Инвестициялар мен акционерлік капиталдың жылдан-жылға өсуіне байланысты халықаралық стандарттар бойынша нақ қаржы есебі бухгалтерлік есепке алудағы бұдан былайғы саясатты айқындайтын болады, ал инвесторлар мен акционерлер өздерінің инвестициялары мен акционерлер өздерінің инвестициялары мен капиталының қозғалысы туралы есептерді стандарттық нысан бойынша табыс етуіне мүдделі болады.
3.2. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сай есеп беретін САР және СІРА сертификаттарымен бағаланған

бухгалтерлерді дайындау бағыттары
Бухгалтерлер бүгінде - кез келген елде, оның ішінде Қазақстандағы ең көп кәсіби топ. Соңғы деректер бойынша, ел экономикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес секторының жұмыс істейтіп кәсіпорында орташа есеппен 1.5 бухгалтерлерден келеді.

Сонымен бірге бухгалтерге қойылатын талаптар да өсе түсуде. Бүгінде бухгалтердің өзіндік бағасын кәсіби мамандағы, практикалық тәжірибесінде. Мамандықтың басты басымдылықтарының бірі - оның халықаралық деңгейде ықпалдастығы болып отыр. Өйткені ірі ұлттық және трансұлттық «ҰК ҚТЖ» компаниялар да, сондай ақ шағын және орта бизнестің «жалға түсірілген» жұмыс берушілері де өз бөлімшелерінен жоғары сыныптағы сертификаттарған бухгалтерлерді көргісі келеді.

Сондықтан да халықаралық сертификат алуға емтихандар тапсыруға дайындық кезінде бухгалтерлерге ұдайы көмек жасауда Палата ең басты міндеттерінің бірі деп есептейді. Палата жанынан сертификаттау жөніндегі комитет құрылып, ойдағыдай жұмыс істеуде. Ол сертификаттау мәселелерімен шұғылданады; сертификаттандырылған бухгалтерді бақылайды және олардың есебін жүргізеді, емтихандық модулдер жасауға қатысады; сертификаттандырылған бухгалтерлер қызметінің мониторингін жүргізеді.

Сондай-ақ Палатада Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі комитет жұмыс істейді. Ол бухгалтерлер мен аудиторларды оқыту және олардың біліктігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін жасау мен шұғылданады, халықаралық сертификат алуға емтихан тапсырушыларды дайындықтан өткізеді, ЕССБА және СІРА - EN және басқалардың ұсынымдары негізінде оқыту үшін оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлейді.

Бухгалтерлерді сертифаттаудың САР және СІРА деген екі деңгейі бар. Бұл сертификаттарға емтихан тапсыру рәсімі былайша өтеді. Бірінші деңгей (САР): сертификаттандырылған бухгалтер-практик - үш емтихан тапсырады. Бұлар қаржы еседі бір, есебі - бір салық және құқық. Бұл емтихандарды тапсыру үшін елу және оданда көп ұпай алу керек. Бұған қоса іздемпаздар ақпараттық технологиялар бойынша курстардан өтуге тиіс. Егер кандидат елу ұпай алса, осының негізінде ол кәсіби бухгалтер ұйымына мүше болу туралы өтініш береді.

Екінші деңгей (СІРА): халықаралық сыныптағы сертификаттандырылған «кәсіби бухгалтер» Үміткер САР біліктілігіне емтихан және тағы да төрт емтихан тапсыруға тиіс. Бұлар: қаржы есебі - екі, басқару есебі - екі, қаржы менеджменті, аудит. Барлық емтихандар бойынша 75 және одан да көп ұпайлар алу керек. Сондай - ақ бірінші деңгейдің «салық және құқық» пәнін де 75 - ке одан да жоғары ұпайға ұпайға тапсыру қажет. Осы емтихандарды тапсырған жағдайда іздемпаздық жоғары сынаптағы «кәсіби – бухгалтер» деп аталатын СІРА сертификатын алуға құқығы болады. Бірақ бүгінгі таңда барлық емтихандарды толып тапсырып, осындай сертификат алған мамандар шын мәнінде жоқ болып отыр. Бұл сертификаттар бухгалтерлік есеп саласындағы даярлықтың жоғары деңгейде екенін дәлелдейді, бұл - оның иеленушінің жақсы біліктілігі бар екенін қоғамдық мойындау. Практикалық тұрғыда мұның өзі мансаптың өсуі үшін және жоғары ақы төленетін маман болу үшін береді.

Емтихандарға бухгалтер өздігінен де, сондай - ақ мамандырылған ақылы курстарда. Мысалы: Қазақстан Республикасы Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институтында дайындала алады. Жоғарыда аталған комитеттер мүдделі ұйымдар мен бірлесе отырып, осы процестерді үйлестіреді.

Бұл сертификаттаумен Қазақстанда "РКАСМА" (И8АГО) корпорациясы шұғылданады. Бірақ ойдағыдай тапсырып қана қоймай, сонымен бірге кәсіби ұйымдардың бірінде болуға тиіс. Қазақстанда Аудиторлар палатасы және К.Б.А. палатасы осындай қоғамдық кәсіби бірлестіктер болып табылады. Осынау палаталардың бірінде мүше болу емтихандарды ойдағыдай тапсырған кезде сертификат алуға мүмкіндік береді.

Сертификаттық өзінде үш халықаралық ұйымның логотипі бар. Мұның өзі осы құжатты сол беделді халықаралық ұйымдардың мойындайтығын көрсетеді. Бұлар ХҚЕС - Қаржы есептігінің халықаралық стандарттары жөніндегі Халықаралық комитет, БАХК - Бухгалтерлермен аудиторлардың халықаралық кеңесі. Соңғысы сол сертификаттарды тікелей береді және сертификаттандырылған маман оның мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымдардың бірі (Қазақстан Республикасының Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы), яғни үш кәсіби қоғамдық институт кәсіби біліктілігін растайды.

Бухгалтерлерді есепке алу туралы заңда 2003 жылдың 3 қаңтарынан бастап халықаралық стандарттар ірі кәсіпорындарға енгізілетін болады, ал 2004 жылдан бастап ХҚЕС - на барлық кәсіпорындар өтуі тиіс деген. Көп адамға бұл процесс күрделі болып көрінеді. Бұған объективті себептер бар, бұлардың бастыларының бірі - кадрлар даярлау проблемасы. Көптеген басшылар тарапынан бұл шаралардың мақсаты мен міндетін түсінбеушілігі.

Бұл стандарттар бізге не үшін керек? Ұлттық стандарттар бізге неліктен ұнамайды? Біз керек етейік не керек етпейік, ғаламдастыру - объектілік шындық болып отырғанын бәрімізге түсінетін уақыт жетті. Біз әлемдік экономикалық кеңістікке еніп келеміз, ал бухгалтерлік есеп дегеніміз - бизнес тілі, ал біз бүкіл әлем мен осы тілде сөйлесуге үйренуге тиістіміз.

Палатаның мақсаты мен міндетіне ортақ мүшелік жарнамаларын үнемі төлейтін ортақтасады, мүшелік жарнамалары үнемі төлейтін және Палата жарғысының қағидаларын орындайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар Палатаның мүшелері бола алды. Палата мүшелері толық мүшелері және қауымдасқан мүшелері болып бөлінеді. Сертификаттау жөніндегі емтиханларды ойдағыдай тапсырған адам, сондай - ақ білікті аудитор толық мүше бола алады. Ал Бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы қызметті жүзеге асырушы кез -келген маман қауымдасқан мүше бола алады.

Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар палатасы құрылғанға дейінгі біздің қызмет саласында Аудиторлар палатасы ғана жұмыс істеп өз қатарына білікті аудиторлар біріктірген. өкінішке орай, кәсіби бухгалтерлердің үлкен әлегі осындай беделді қоғамдық ұйымға қамтылмай қалған еді. Осыған байланысты жаңа Палата ұйымдастырылып, енді аудиторлар ғана емес, сонымен бірге бухгалтерлер де оның мүшелері болады.

Мұндай құрылымның құрылу қажеттілігі жаңа кезеңнің болмысын туындап отыр, әлемдік экономикалық кеңістікте ықпалдасу, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің халықаралық стандартқа көшуі бухгалтерлерден жоғары кәсіби білікті халықаралық ұйымдардың сертификаттары мен растауды талап етеді.

Оған арнайы емтихандар тапсырып және кәсіби ұйымның мүшесі болып қол жеткізуге болады. Бүған қоса, жоғарғы тәуелділікпен байланысты мамандық өкілдері сияқты, бухгалтерлердің де бүгінгі таңда заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау талап етеді.

Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар палатасының басты мақсаттарын нақ мына түйіндер айқындайды: оның мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік құқықтары мен еркіндіктерін іске асыру мен қорғау, олардың мүдделерін қолдау, белсенділігін дамыту кәсіби мамандығын арттыру, кәсіби стандарттар негізінде бухгалтерлік есепті одан әрі жетілдіруге жәрдемдесу, кәсіби бухгалтер кадрларына даярлау мен қайта даярлауға көмектесу.

Осы мақсаттарға орай палата мынадай міндеттерді шешеді:

• Бухгалтерлік есеп саласындағы қызметкерлердің сертификаттауына және кәсіби білімі деңгейін арттыруға жәрдемдеседі;

• Бухгалтерлік есеп жөніндегі халықаралық стандарттарды зерделеуге, енгізу мен таратуға көмек көрсетеді.

• Бухгалтерлерді оқыту мен олардың біліктігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін жасайды, оқыту үшін оқу бағдарламалары мен әдістемелік әзірлейді.

• Оның мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік құқықтары мен еркіндіктерін іске асырады әрі қорғайды, олардың кәсіби мүдделерін қолдайды әрі қанағаттандырады, белсендігін арттырады, сондай - ақ:

• Кәсіби бухгалтер кадрларын даярлау мен қайта құру даярлауға көмектеседі.

• Бухгалтерлер және салық заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді.

• Бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді.

• Халықаралық стандарттар мен басқалары негізінде бухгалтерлік есепті одан әрі жетілдіруге жәрдемдеседі.

Қорытынды
Мен бұл дипломдық жұмысты қорытындылай келе, «ҰК ҚТЖ» АҚ қаржылық есеп беруінің негізгі мақсаттары мен пайдаланушыларға қандай дәрежеде керек екендігін, оның қандай талаптарға сай болу керектігін, ХҚЕС өткеннен кейін қандай пайдалылыққа алып келетінін осы дипломдық жұмысты жаза келе, толығымен түсіндім десем болады. Қаржылық есеп беру процессін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады.

Қаржылық есеп беру «ҰК ҚТЖ»АҚ басқарушы органдардың жұмысын және субьектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Сондай-ақ қалыптасқан әлемдік үрдістер ХҚЕС-ына көшу тәуелсіздік жағдайында еліміздің сөзсіз қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Халықаралық стандартқа көшу ұйымдарға басқару мен ішкі бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады, капиталды жеңілдетуге қол жеткізу, сондай-ақ, ішкі сонымен бірге сыртқы пайдаланушылардың сапалы, сенімді және салыстырмалы хабарлама мен қамтамасыз етеді.

Жаңа стандартқа көшу сонымен бірге қаржылық және қор қорығының дамуына қосымша серпін береді. 2004 жылдың 11 шілдеде қол қойған «Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасымен ХҚЕС-ына көшуді нақты мерзімдері акционерлік қоғамдар үшін – 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қалған ұйымдар үшін 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленген.

ХҚЕС – қаржы есептігінің баршамызға ортақ және бірдей ұғынуға қажетті осы заманғы стил ретінде, капиталды ықпалдастыру, экономиканы шапшаң дамыту үшін негіздеме қызметін атқарады. Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігінің және инвестиция тартуының, соның нәтижесі ретінде, бүкіл Қазақстан экономикасының өзекті негізі боп табылады. Ал ХҚЕС –ын білу онымен жұмыс істеу осы заманғы бухгалтер мен аудиторлардың ғана емес, сонымен бірге басшы беделінің қажетті сапалық белгісіне айналып отыр.

Бұл стандарт бізге не үшін керек? Ұлттық стандарттар бізге неліктен ұнамайды? Біз керек етейік, не керек етпейік ғаламдастыру – обьективтік шындық болып отырғанын бәрімізге түсінетін уақыт жетті. Біз әлемдік экономика кеңестігіне еніп келеміз, ол бухгалтерлік есеп дегеніміз- бизнестің тілі, ал біз бүкіл әлеммен осы тілде сөйлесуді үйренуге тиіспіз.

Халықаралық стандартқа көшу не береді ?Әлбетте, егер қайсы бір басшы өз кәсіпорынының нақтылы өсуіне мүдделі болса, онда мұның өзі нақтылы өсуіне мүдделі болса, онда мұның өзі халықаралық инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Ел үшін тұтас жалпы ішкі өнімді өсіреді, сондай-ақ экономикалық көлеңкелі секторын айналымға қосуға мүмкіндік береді.

Біз бухгалтерлік есепті реформалау, жетілдіру барысында еліміздегі бизнесменнің жұмысын жандандыруға көмектесеміз. Еліміздің зайырлы мемлекет болуымыз үшін кемшіліктерімізді жойып, ол шараларға тиімді жағдай жасау керекпіз.

Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіруіміз үшін біз ХҚЕС-ына сай есеп беретін бухгалтерлерімізді дайындауымыз керек.

«ҰК ҚТЖ» АҚ-дағы бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабыны сай жаңаша құруды талап етілуі керек.. Егер «ҰК ҚТЖ» АҚ-дағы жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттар талабына сәйкес болса, онда халықаралық капитал рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері өз мәнін табады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазакстан Халқына Жолдауы 3- наурыз 2007 жыл.

2. Абрютина М.С., Грачев А.В. "Анализ финансово экономической деятелыюсти". - М: "Дело и сервис", 2000.

3. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ - М.,1997.

4. Большаков С.В. Основы управления финансами.- М, 2000.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік үсынымдары. - Алматы: Кәусар бұлақ, 2004

6. Инструкция по бухгалтерскому учету бюджетных учреждений.

7. Андросов А.М. Бухгалтерский учет. - М.: Финансы и статистика, 1996.

8. Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами. - М.: Финансы и статистика, 2000.

9. Кондраков Н. П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит. - М.: Перспектива, 1994.

10. Кеулімжаев К.К. Корреспонденция счетов. - Алматы: БИКО, 2000.

11. Кеулімжаев К.К., Төлегенов Э.Т., Байдаулетов М.Б., Құдайбергенов Н.А. Субъектінің қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденция. - алматы: Экономика, 1998.

12. Ковбасюк М.Р., Соколовская З.Н., Беспалов В.И. Анализ финансовой деятельности предприятия с использованием ПЭВМ.-М.: Финансы и статистика, 1997.

13. Кутер М.И. Теория и принципы бухгалтерского учета. — М.: Финансы и статистика. Экспертное бюро 2000.

14. Курятова В.А., Эргашев X.X. Бухгалтерский учет основы теории. - М.: Маркетинг 1999

15. Нидлз Б., Андерсон., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета. Пер. с англ. Под ред. Соколова Я.В. - М.: Финансы и статистика, 1999.

16. Палий В.Ф. Палий В.В. Финансовый учет. - М.: ФБК Прес, 1998.

17. Подольский В.И. - М.: аудит, ЮНИТИ, 1997.

18. Подольский В.И., Дик В.В. Бухгалтерский учет на персональных ЭВМ.-М.: 1996.

19. Радостовец В.К., Радостовец В. В., Шмидт О. И. Бухгалтерский учет на предприятии. - Алматы: Центраудит - казахстан, 1998.

20. Тасмағанбетов Т.А., Омаров В.А., Әлімбекова Б.А., Рабатов О.Ж., Байболтаева Н.Ә., Радостовец В.К. Қарже есебі. - Алматы: Дәуір, 1998.

21. Төлегенов Э.Т. Бухгалтерлік ақпарат жүйелері.-Алматы:Экономика, 2001.

22. Умнов Э.А., Чисгов Д.В. Бухгалтерский учет на персональной ЭВМ: Учебный практикум мо ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерия» (6.0 версия). - М.: 1995.

23. Фигурнов В., Давыдова В., Нуралиев С, Постанова С, «1С: Бухгалтерия» -проф. Для Windows У5 версия 6.0.

24. М.С.Ержанов, А.М.Ержанова. «Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов» А:2003г.

25. Хорнгрен Ч.Т., Дж. Фостер. Бухгалтерский учет: управленческий аспект. -М.: Финансы и статистика, 2000.

26. Чистов Д.В. Основы компьютерной бухгалтерии: Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета бухгалтерского учета в 1С.

27. Шишкин А.К., Микрюков В. А., Дышкант И. А. Учет, анализ, аудит на предприятии. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 1996.

28. Энтони Р., рис. Дж. Учет: ситуации и примеры. - М.: Финансы и статистик, 1999.

29. Юдевич Е. Налоговые правонарушения и ответственность за их совершение. - М.: Аудит и налогообложение, 4/2001. - 20 с.

30. Документации по пакету «1С: Бухгалтерия».

31. Энциклопедия общего аудита. -М.: Дело и сервис, 1999.

32. Журнал «Компьютер плюс бухгалтер». В типографии «Бизнес - Информ», 1999-2001.

33. Налетова И.А. Анализ финансово-хозяйственной деятельности. Учебно-методическое пособие. - М.: Форум, 2005.

34. Нидлз Б. Принципы бухгалтерского учета.-М.:«Финансы и статистика», 2004.

35. Нурсеитов Э.О. Ликвидность баланса и платежеспособность предприятия.// «Бюллетень бухгалтераң, 1998. - ғ46.

36. Основы финансового менеджмента. Учебник. - М, 1999.

37. Родионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. - М, 1995.

38. Ришар Ж. Аудит и анализ хозяйственной деятельности предприятия - М.: Аудит, ЮНИТИД997.

39. Родионова В.М., Федотова М. А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции - М.: Изд-во Перспектива, 1995.

40. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. -Минск: ИП "Экоперспектива", 2000.

41. Табурчак П.П. и др. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия. - М.: Изд-во Феникс, 2003.

42. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансовый анализ - М.: Аудит и финансовый анализ, 1995.

43. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: 1996.

44. В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдулин «Кәсіпорындагы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003ж.

45. Социально-экономическое развитие Южно-Казахстанской области за январь-март 2004г, Управление статистики ІОКО, Шымкент, 2005 г.

46. Реалии социально-экономичсского развития Казахстана. Сборник научных трудов, Под ред. О. А.Яновская. А., 1999.

47. Бухгалтер бюллетені // Қаңтар, №2//, 2006ж.

48. Ә.Әбдіманапов. «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері»

Алматы,2006ж.

49. «ҰК ҚТЖ» АҚ 2003,2004, 2005 ж.ж. жылдық есептері.



Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары:
ҚЕХС 1 «Қаржылық есеп беруді көрсету» (IAS 1 “Presentation of Financial Statements”)

ҚЕХС 2 «Қорлар (запастар)» (IAS 2 “Inventories”)

ҚЕХС 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп берулер» (IAS 7 “Cash Flow Statements”)

ҚЕХС 8 «Таза табыс немесе кезеңдегі зиян шегу, фундаменталды қателер мен есеп саясатындағы өзгерістер» (IAS 8 “Net Profit or Loss for Period, Fundamental Errors and Changes in Accounting Policies”)

ҚЕХС 10 «Шартты жағдайлар мен есеп беру күнінен кейін орын алған жағдайлар» (IAS 10 “Events After the Balance Sheet Date”)

ҚЕХС 11 «Подряд келісімшарттары» (IAS 11 “Construction Contracts”)

ҚЕХС 12 «Табысқа салынатын салық» (IAS 12 “Income Taxes”)

ҚЕХС 14 «Сегменттік есеп беру» (IAS 14 “Segment Reporting”)

ҚЕХС 15 «Бағалардың өзгерісінің әсерін сипаттайтын ақпарат» (IAS 15 “Information Reflecting the Effects of Changing Prices”)

ҚЕХС 16 «Негізгі құралдар» (IAS 16 “Property, Plant and Equipment”)

ҚЕХС 17 «Жал» (IAS 17 “Leases”)

ҚЕХС 18 «Пайда (түсім)» (IAS 18 “Revenue”)

ҚЕХС 19 «Жұмысшыларға сыйақылар» (IAS 19 “Employee Benefits ”)

ҚЕХС 20 «Үкіметтік субсидиялар есебі және үкімет тарапынан көрсетілген көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» (IAS 20 “Accounting for Government Grants and Disclosure of Government Assistance”)

ҚЕХС 21 «Валюта бағамдарының өзгерісінің әсер етуі» (IAS 21 “The Effects of Changing Foreign Exchange Rates”)

ҚЕХС 22 «Компаниялардың бірігуі» (IAS 22 “Business Combinations”)

ҚЕХС 23 «Займдар бойынша шығындар» (IAS 23 “Borrowing Costs”)

ҚЕХС 24 «Бір-бірімен байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» (IAS 24 “Related Party Disclosures”)

ҚЕХС 26 «Зейнетақымен қамтамасыз ету бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары) бойынша есеп және есеп беру» (IAS 26 “Accounting and Reporting by Retirement Benefit Plans”)

ҚЕХС 27 «Еншілес компанияларға инвестициялар есебі мен байланыстырушы қаржылық есеп беру» (IAS 27 “Consolidated Financial Statements”)

ҚЕХС 28 «Ассоциацияланған компанияларға инвестициялар есебі» (IAS 28 “Investments in Associates”)

ҚЕХС 29 «Гиперинфляция кезінде қаржылық есеп беру» (IAS 29 “Financial Reporting in Hyper inflation Economies”)

ҚЕХС 30 «Банктердің және оған ұқсас қаржылық институттардың қаржылық есеп беруіндегі ақпаратты ашып көрсету» (IAS 30 “Disclosures in the Financial Statements of Banks and Similar Financial Institutions”)

ҚЕХС 31 «Бірлескен қызметке қатысу туралы қаржылық есеп беру» (IAS 31 “Financial Reporting of Interests in Joint ventures”)

ҚЕХС 32 «Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету мен ұсыну» (IAS 32 “ Financial Instruments: Disclosure and Presentation”)

ҚЕХС 33 «Акцияға табыс» (IAS 33 “Earnings per Share”)

ҚЕХС 34 «Аралық қаржылық есеп беру» (IAS 34 “Interim Financial Statements”)

ҚЕХС 35 «Тоқтатылатын қызмет» (IAS 35 “Discontinuing Operations”)

ҚЕХС 36 «Активтердің құнсыздануы» (IAS 35 “Impairment of Assets”)

ҚЕХС 37 «Резервтер, шартты міндеттемелер және шартты активтер» (IAS 37 “Provisions, Contingent Liabilities and Contingent Assets”)

ҚЕХС 38 «Материалдық емес активтер» (IAS 38 “Intangible Assets”)

ҚЕХС 39 «Қаржы құралдары: қабылдау мен бағалау» (IAS 39 “Financial Instruments: Recognition and Measurement”)

ҚЕХС 40 «Инвестициялық мүлік» (IAS 40 “Investments Property”)

ҚЕХС 41 «Ауыл шаруашылығы» (IAS 41 “Agriculture”) [49,5Б]



Түйіндеме
Диплом жұмыста келесі сұрақтар қарастырылған: Кәсіпорынның қаржылық есеп беру көрсеткіштері және талдауы. Тексеру объектісі «ҰК ҚТЖ» АҚ болып отыр.

Қаржылық есеп беру элементтерімен және талдау әдістемесі қарастырылған.

Жұмыста келесі мәліметтер көрсетілген:

1.Қаржылық есеп берудің теориялық негіздері.

2.Қаржылық есеп берудің негізгі көрсеткіштерін талдау.

3.Қаржылық есеп берудің ХҚЕС-ке өту артықшылықтары.




Резюме
В дипломной работе были рассмотрены следующие вопросы: Показатели финансовой отчетности предприятия и его анализ. Объект исследования: АО «НК КТЖ».

В работе рассматриваются элементы финансовой отчетности и методы анализа.

В работе предложено следующие данные:

1.Теоретические основы финансовой отчетности.

2.Анализ основных показателей финансовой отчетности.

3.Преимущество перехода ФО на МСФО.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет