Дипломдық жоба 4 бөлімнен тұрады



бет9/13
Дата15.06.2016
өлшемі0.84 Mb.
#137679
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

2 Экономикалық бөлім

2.1 “Құмкөл мұнай” МГӨБ-ң ұйымдастырудың сипаттамасы

Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру.

Мұнай өндіру бойынша басқарма ұйымдастыратын төрт топ бөлімшелерден тұрады. Инженер–техникалық қызметтерді басқару аппараты. Өндіріске қызмет ететін цехтардың базасы мен МГӨБ қарайтын мекемелер.

Негізгі өндіріске мұнай мен газ өндіретін цех (ЦДНГ) кіреді. Көмекші өндіріске ұңғыны жер асты жөндеу, мұнай-газ дайындап тасымалдайтын (ЦППН), жылумен қамтамасыз ететін және канализация участкілері және т.б. кіреді.

Көмекші участкілер мен қызмет атқаратын бөлімшелерді құру техникалық прогреске және өдірісті ұйымдастыруды жақсарту шаралары жұмысшыларды бір тектес және күрделі жұмыстардан босатты. Өндірісті дұрыс жолға қою және оның үздіксіз жұмыс жасауы көбінесе көмекші шаруашылықтарға байланысты болады. Көмекші цехтарды ұйымдастыру мұнай өндіру жоспарын орындау талабына сәйкес болуы керек.

Көмекші өндіріске көмек көрсету өндірістік базасы (ККӨБ), пайдалану құралдарын прокаты жөндеу цехы (ПҚПЖЦ)=ПРЦЭО, ұңғыларды жер асты және күрделі жөндеу цехтары (СЖАҚТКЦ)= ЦКПРС, электроқұралдармен, электрожабдықтармен прокатты жөн-деу цехы (ЭҚ мен ЭЖПЖЦ)=ПРЦЭО иЭО және жабдықтайтын сылау шаруашылығы.

Қызмет ету өндірістік базасы жоғарыда көрсетілген цехтардың жұмысын ұйымдастырып дер кезінде негізгі өндірісті тоқтатпай үздіксіз жұмыс жасауын қамтиды.

3.1.сурет – “Құмкөл мұнай” МГӨАҚ-ның өндірістік құрлымы.

“Құмкөл МГӨБ-ң еңбекті ұйымдастыру және жалақы алу ерекшеліктері”.

Еңбекті ұйымдастыру қай мекемені алса да, оның ішінде мұнай өндіру өнеркәсібінде өндірісті ұйымдастырудың бір бөлігі болып саналады.

Оның үлесіне тиімді жағдайды қарастыру, орналастыру және жұмысшы кадрлардың жұмыс уақытын және өндіріс құралдарын дұрыс пайдалануын қарастырады.

Оның үлесіне тиімді жағдайда, кәсіпшілікте еңбекті ұйымдастыруға жұмыс режимі, жұмысшы кадрларды орналастыру, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі, тыңдау, дайындау және жұмысшылардың іскерлігін арттыру өз ара жарыс ұйымдастыру. Мұнай және газ өндіретін комплексті цехта екі бригада жұмыс істейді.

Әр бригадада 20 адам жұмысшы вахталы экспедициялық әдіспен 15 күнмен жасайды. Жұмыс уақыты күніне 12 сағат цехтың бастығы мен оның орынбасарлары 20 күн жұмыс жасайды.

Жұмысшылардың еңбек ақысы тарифті жүйесімен төленеді. Инженер-техникалық жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалпы сипатты кестемен төленеді.



2.2 Техникалық басшылық органдары

Техникалық басшылық органдары (техникалық геологиялық өндірістік бөлімдері) өндіріс резервтері болып табылады, және өнім сапасын арттыруға, техникалық, технологияны жетілдіруге тікелей қатысты. Еңбек бөлімі қызметкерлердің жұмыс күнін пайдалануын өндіріс деңгейінде еңбек ақысын төлеуді бақылайды.

Материалды-техникалық жабдықтау және финанс бөлімі – материалды байлықтар қорының шығының азайту шараларын қарастырады.

Жоспарлау бөлімі барлық техника-экономикалық жұмыстарды ұйымдастыруды және методикалық жұмыстарды басшылық береді. Жоспарлау бөлімі сондай-ақ барлық жылдың жоспарлауын бақылап, оның орындалу барысын қадағалап отырады.

Техника-экономикалық бөлімі тиімді техника-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жүргізілетін шараларды өткізіп олардың жалпы тиімділіктерін есептеулерін береді.

2.3 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді талдау

Игерудің техника-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы жасалады. Мұнай өндірудің жоспары 2002 жылда 104 пайызға орындалуы, мұнда мұнай өндірудің нақты көлемі 1930,78 мың тонна, ал жоспар бойынша 1857 мың тонна ұңғылардың орташа тәуліктік шығымы соңғы жылдарда жоспарғыдан төмен, яғни, 34,5 тонна болды. Бұл 2001 жылдың есебі бойынша, өйткені қабат сулануы өсе түсті, соған байланысты бұрын жасап тұрған фонтандық ұңғылардың өнімі азайды, кейбір ұңғылардың терең сорапты тәсілге аударуға тура келеді.

Бірақ бұл 2000 жылғы есептен аз шама. Оны қабат қысымның төмендеуінен түсінуге болады. Жұмыс істеп тұрған қордың пайдалану коэффиценті 2001 жылда 0,98-ге тең. Өндіріс қызметкер-лердің саны соңғы жылдары өсті, ол негізінен пайдалану құралдарынын техникалық жағынан жарамсыз болып, оны жоспарлы ескерту жөндеу керек болуында. Еңбек өнімділігі жоспарға қарағанда жоғары. Жоспарлы жоғары өнім өндіруімен түсіндіріледі.

Өнімнің өзіндік құны өткен жылға қарағанда 155 пайызға өсті, ол жоспар 2001 жылы 1607,93 теңге, ал 2002 жылы 2489 теңге.

Бұл алынатын негізгі қорлардың жарамсыз болуымен өндіретін мұнай өнімінің түсіп кетуімен байланысты. Өзіндік құнның өсу есебі негізінен алатын құрал жабдықтардың қымбаттауынан және басқа қосымша өндіріске байланысты кейбір жұмыстардың бағасының өсуіне байланысты.

Жылдар бойынша 2001 жылдан 2003 жылға дейін ұңғылар саны 57-232-ге дейін өсті. Тек соңғы 2003 жылғы жаңадан енгізілген ұңғылар саны жоспар бойынша 20-ға жетті.

Тұтыну қоры жоспар бойынша 1032200 мың теңге, орындалу пайызы 113.

Жалпы кәсіпорын бойынша жұмысшының орташа еңбек ақысы жоспар бойынша 69968 теңгеден 74807 теңгеге жетіп отыр. Осы көрсеткіштердің бәрін қорыта келіп, мұнай тапсыру жоспарына келетін болсақ, кең орны бойынша жоспарды 18043,114 мың тонна, нақты 1914,69 мың/тонна болды.

Жалпы мұнай тапсыру 104 пайызға орындалды.

2.4 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау

Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау жасау есепті жылда өнім өндіру 104 пайызға орындалатынын көрсетеді. Жоспардан жоғары 176130 мың теңгенің өнімі шығарылады. Шығарылған өнімнен түскен пайда 4772,3 млн теңгені құрайды. Бір тонна мұнайдың өзіндік құны 2439 теңге. Товарлы өнімнің өзіндік құнының жоғарлап кетуіне келесі факторлар әсер етті: жыл ішінде материал-дардың шикізат-энергетика ресурстарының бағасының өзгеруі, сондай-ақ шикізат-энергетика тарифтері мен бағасының өзгеруі және жүк тасымалы тағы басқаларының тарифтерінің өзгеруі.

Есепті жылда істеп тұрған қордың жөндеу нәтижелерінен жақсы көрсеткіштері көрінеді. Олар түп аймақты ыстық мұнаймен өңдеу, құм тығындарын жою, сұйықтың жоғары жылдамдығы арқылы өнім алу, сондай-ақ игерудің механикаландырылған әдісіне көшу мен Құмкөл кен орны бойынша ұңғылар енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет