Дипломдық жоба ауыз әдебиетінің ҰСАҚ Үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының рухани қҰндылықтарын қалыптастыру



бет16/17
Дата04.06.2023
өлшемі152 Kb.
#474672
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
усак улгилер сонгы

ҚОРЫТЫНДЫ
Мәселені теориялық тұрғыда зерттеу нәтижесі мен тәжірибелік-эксперимент жұмысы бізге мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершілік мәнін абстрактылы түрде қарап оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшеліктерімен ғана байланыстыруға болмайды.
Әрине, адамзат тарихында пайда болатын адамгершілікке байланысты көптеген категориялар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, баққұмарлық, сыпайы адамгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс тағы басқалары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Адамгершілік құндылықтар коғамының әдет-ғүрыптарымен, ғасырларға созылған дағдылы дәстүрлерімен тығыз байланысты. Шынында да адамгершілікке ие болған адам шындықтың не түрлі тексерулерінен өткен жен.
Халық ауыз әдебиеті ұсақ үлгілері арқылы арухани тәрбие беру балада білім, білік, дағды алуға қажетті сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді қою керек деген көзқарасқа, халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілік тәрбие беру бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген. Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымымен қалыптастыру оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғарғы адамгершілік принцптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан қоғамдық өзгерістер демократияландыру, ізгілендіру процестері баланың дамуын белсенді шығармашыл болуын талап етеді. Мектеп бітірген баланың өмірде кездескен сан түрлі қиындықтардан қиналмай өтуі, оның ақылының, еркінің, сезімінің және оның жалпы даму деңгейіне байланысты.
Ш.Ахметовтың зерттеулерінде қазақ тәрбиесінің ісін негізінен басты сегіз түрлі мәселені қамтиды. Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген, әке-шеше баласына «әдепті бол» дегенді басты міндет етіп қойған. Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген. Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. Төртіншіден, адал, шыншыл болуға үйреткен. Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, «ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол» дегенді, бойларына біртіндеп сіңіре берген. Алтыншыдан, үлкенді ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретеді ең басты міндет әтіп қойған. Жетіншіден, кісі айыбын бітіне баспай, біреуге орынсыз тіл тигізбейтін әдепті азамат бол, әсіресе қарып-қасерлердің табиғи кемдігін бетіне баспа деп үйреткен. Сегіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді ерінбей-жалықпай айтып қана қоймай, жеке өнегелер арқылы көрсетіп отырған.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігіне, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғанында.
Рухани құндылық баланың жеке тұлға болып қалыптасуының рухани арқауы. Ал, рухани құндылық қасиеттердің ішіндегі құңдылықтардың бірі болып саналатын ізеттілік оның басты белгілері кішіпейілділік, қайырымдылық, адамжандылық бала мектепке дейінгі кезеңнен-ақ не жаман, не жақсы деген ұғымдарды салыстыра отырып, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейтеді.
Адамгершілік тәрбие Я.А.Каменский еңбектерінен бастау алады, ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктерімен санасу керек екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік көздеріне сәйкес білім берудің әр түрлі басқыштарын белгіледі. Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінен бастау алады, ол психологиялық мәлеметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазады. Халық ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы рухани адамгершілік тәрбие беруде оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап жан жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей алады екенбіз.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығы үлгілері негізінде оқушыларды рухани құндылыққа тәрбиелеу кешенді түрде ұсынылды. Оқыту әдістерінің бастауыш сыныптарда қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығының үлгілері негізінде оқушыларды рухани құндылыққа тәрбиелеудің маңыздылығы қарастырылды. Әрбір жанрды оқытуда таңдалынған оқыту әдістерінің пайдасы, оларды қолдану жолдары айтылды. Бастауыш сатыда оқытылатын халық ауыз әдебиеті үлгілері айқындалды. Осы жүйеленген жанр түрлері бойынша әрбір жанрдың ішкі мазмұндық түрлері анықталды. Бастауыш сыныптарда оқытылатын халық ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіндік ерекшеліктері сарапталды. Қазақ халық ауыз әдебиеті жанрларының әрқайсысын оқытудың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес әдіс-тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар халықтық жанрлардың оқушылардың тілдік біліктіліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын жұмыс түрлері сараланды.
Бастауыш сыныптарда қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушыларды рухани құндылыққа тәрбиелеудің тиімділігі эксперимент түрінде дәйектелінді. Эксперимент жұмыстарының әрбір кезеңінде жүргізілген жұмыстар берілді. Оқушыларға эксперимент барысында қойылған сұрақтар, сынақ тапсырмалары, тестік тапсырмалардың нәтижелері жинақталып, сараланып, қорытындысы шығарылды. Эксперимент қорытындылары кестелерге түсіріліп, көрсетілді.
Эскперимент кезінде халықтық шығармаларды оқытуда оқушылардын өзіндік ізденістеріне жол ашатын шығармашылық бағыттағы сұраулар, тест-тапсырмалар және әртүрлі әдістемелік жұмыстар жүйелі түрде қолданылып отырды. Мұндай жүйелі жұмыс түрлерін оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп берудің тиімділігі баланың жалпы дамуына игі әсерін тигізетіні эксперимент барысында дәйектелінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет