Дипломдық жоба ауыз әдебиетінің ҰСАҚ Үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының рухани қҰндылықтарын қалыптастыру


Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы рухани құндылыққа бағыттау тәрбиесіне қатысты жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың қорытындысы



бет15/17
Дата04.06.2023
өлшемі152 Kb.
#474672
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
усак улгилер сонгы

2.3 Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы рухани құндылыққа бағыттау тәрбиесіне қатысты жүргізілген тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың қорытындысы

Мектептің бастауыш сатысында қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы рухани құндылыққа тәрбиелеудің қазіргі жай-күйін бақылап-бағалау мақсатында тәжірибелік-эксперимент жүргізілді. Эксперимент жұмыстары жүйесі байқау, оқыту, қорытындылау кезеңдерінен тұрды. Экспериментке бастауыш сыныптар оқушылары тартылды. Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеудің әдістемесін жасау және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерістен өткіздік.


Байқау эксперименті кезінде сабақ процесін байқап-бақылау арқылы қазақ халық ауыекі шығармашылығының үлгілерін оқыту жайы, ауыз әдебиетінің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік маңызы, оқушылардың халықтық шығармаларға деген ынта-ықыласы, қызығушылығын анықтап білу мақсатында мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында әңгімелесу, пікір алмасу, сауалнама жүргізу жұмыстары іске асырылды. Байқау эксперименті кезінде оқушылардың халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша жалпы деңгейлерін анықтау мақсатында сынақ-тапсырма үлгілері дайындалды. Олар оқушыларға таратылды.
Тапсырма:
1) Ертегі түрлерін атап, олардың ерекшелігі неде екенін қысқаша айтыңдар.
2) Жарапазанды қай кезде айтады, жатқа айтып беріңдер.
3) Мақал мен мәтелдің айырмашылығын айтыңдар.
4) Шығармашылығын жырының не туралы екенін, неге үйрететінін таратып айтыңдар.
Сынақ нәтижесі былайша қорытындыланды:
Оқушылар ертегі түрлерін біледі, бірақ тұрмыс-салт ертегілерінің ерекшелігін айтуда қиналады. 60% жарапазанның қай кезде айтылатынын біледі, алайда 92% бірдей жарапазан мәтінін білетіні көрінді. 33% мақал мен мәтелдің айырмашылығын айта алады. 37% шығармашылығын жырының негізгі идеясын таратып айтуда шорқақтық көрсетті.
Сонымен қатар оқушылардың ауыз әдебиетіне деген ынта-ықылас, қызығушылық дәрежесін білу мақсатында әңгімелесу, сұраулар қойылып, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел айтып берулері сұралды.
Мұның қорытындысы пайыз есебімен төмендегі кестеде көрсетілді.
2 кесте - Бастауыш сынып оқушыларының ауыз әдебиеті үлгілеріне қызығушылығы



Оқушы саны

Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің қайсысын қызығып тыңдайсың, сүйіп оқисың?

Ертегі

Жұмбақ

Жаңылтпаш

Мақал-мәтел

50

70%

60%

30%

65%

Оқушылармен әңгімелесуден, берген жауаптарынан байқалғаны: барлық бала дерлік ертегіні ұнатады өздері қызығып оқиды, ойларынан шығара алады. Оқушылар достық, сыйластық, батырлық, еңбекқорлық, мейірімділік, тапқырлық, шындық жайындағы ертегілерді жақсы көретіндерін білдірді. Айтып берулерін өтінген кезде, көбінесе «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен арыстан», «Тапқыр қоян», «Алтын сақа», «Қожанасыр» туралы әңгімелерді жақсы білетіндерін байқатты және мақал-мәтелдерді айтуға ерекше қызығушылық танытты.


Сондай-ақ, оқушылардың аңыз әңгімелер, өтірік өлең, арнау-тілек өлеңдерін, салт жырларын, шығармашылығын жырынан үзінділер айтуға дайындықтарының шамалы екендігі де байқалды. Эксперимент сыныптарының оқушылары таңдап алынған тиімді әдіс тәсілдерді қолдана отырып, халық ауыз әдебиеті жанрлары бойынша арнайы нұсқаулар, ұсыныстар, әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігіне сәйкес жұмыс түрлері, әрбір сыныптағы оқу материалдары негізінде дайындалған үлгі-сабақ жоспарларымен оқытылды. Эксперимент нәтижелері бақылау сыныптарымен салыстырмалы түрде қаралды. Эксперимент барысында қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту нәтижесі эксперимент сыныптары және бақылау сыныптары арасында салыстырмалы түрде қаралды.

3 кесте - Халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту сапасының салыстырмалы көрсеткіші








Эксперимент сыныптарындағы оқыту сапасына тән белгілер

Бақылау сыныптарындағы оқыту сапасына тән белгілер

1.

Сабақтың мақсаты анық, нақты қойылған (білімдік, дамытушылық, тәрбиелік)

Сабақтың мақсаты жалпы қойылған.

2.

Сабақты өткізу әдісі түрлендірілген.

Сабақты өткізу әдісі біртекті.

3.

Мұғалімнің сабақ барысында нұсқау беру, мотив тудыру, шығармашылыққа жетелеу әрекеті басым.

Мұғалімнің сабақ барысында басқарушылық әрекеті басым.

4.

Сабақта оқушы еркін қөзқарасты, шығармашыл тұлға ретінде көрінеді.

Сабақта оқушы қабылдаушы, еске сақтап, қайта жаңғыртушы ретінде қарастырылады.

5.

Сабақта білімді меңгерту мүмкіндік деңгейді көрсетеді.

Сабақта білімді меңгерту міндетті деңгейді көрсетеді.

6.

Сабақты өмірмен байланыстыруда жаңа көзқарастар, тұжырымдар көрініс береді.

Сабақты өмірмен байланыстыру күнделікті тұрмыстық деңгейде көрініс табады.

Эксперимент кезінде мақсатты түрде тәжірибеден өткізілген тағы бір мәселе – оқушылардың ауыз әдебиеті жанрларын қабылдауы және оның мәнін түсіну деңгейлері. Ол үшін эксперимент және бақылау сыныптарына арнайы сұрау-тапсырмалар таратылды. Олардың мазмұны Ә қосымшасында берілді.


Сонымен қатар сыныптар бойынша оқу материалдарының ішкі мазмұнынан сұраулар мен тапсырмалар берілді:
– «Кім неден күшті» ертегісінде мұз өзінен нені күшті дейді, неліктен? Оның тағы қандай күштілігін айта аласың?
– Ертегідегі күшік пен мысыққа берілген сипаттаманы айтып беріңдер.
– Малдардың төлдеуі мен дыбыс шығаруына байланысты сөздерді атап айтыңдар.
– Егер де Қаңбақ шал «піс, қазаны», «құс, есегі», «ұр, тоқпағымен» сендерге кездессе, не істер едіңдер?
– Егер де бақ ішінен ертегідегідей байлық тауып алсаң не істер едің?
– Өз ойыңнан құрастырған ертегіңде қандай кейіпкерлер болады?
Бұл тұрғыдан байқалғаны, эксперимент сыныптарында оқушылармен жанр жөнінде алдын-ала теориялық деңгейдегі дайындықтар (әрбір жанр туралы ұғым беру, түсіндіру, анықтамасын айту, мысал арқылы дәлелдеп көрсету және т.б.) жүргізілді. Ал бақылау сыныптарында оқушылар алдын-ала мұндай дайындықтан өтпестен, сабақ барысы кезінде оқулықта берілген білім мазмұнымен, тақырыптар бойынша ұсынылған әдістемелік аппараттағы сұрақ-тапсырмаларды орындау деңгейінде ғана әрекет жасады. Мұның өзі бақылау сыныптарында оқушылардың жанрды қабылдауына біршама қиындықтар тудырды, яғни оқушы зейінінің шашыраңқылығы, мақсатты бағытталудың нақты еместігі, теориялық білімдерін практикада көрсете алмауы, нақты мысалдармен дәлелдеуге шорқақтығы, қызығушылық тудырудың әлсіздігі, сабақ барысының үйреншікті, бірқалыпты жағдайда өткізілуі т.б. байқалды. Салыстырмалы түрде екі сынып деңгейі 4-кестеге түсіріліп, көрсетілді.

4 кесте - Оқушылардың жанр түрлерін қабылдауы мен оның мәнін түсіну деңгейлерінің көрсеткіші








Жанр түрлері

жаңылтпаш

жұмбақ

мақал-мәтел

ертегілер

Эксперимент сыныптары

82%

95%

88%

98%

Бақылау
сыныптары

51%

45%

49%

56%

Сондай-ақ эксперимент барысында әсіресе, ауыз әдебиеті үлгілері бойынша мәтінмен жұмыс жүргізуге ерекше мән берілді.


Эксперимент сыныптарында әрбір жанрдың мәтімен жұмыс жүргізуге арнайы нұсқаулар, ұсыныстар жасалып, нақты сабақ үлгілері берілді. Осының негізінде жүйелі жұмыстар жасалды. Мұның бақылау сыныптарымен салыстырмалы көрсеткіші төмендегі 5-кестеде берілді.

5 кесте - Оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы жұмыс жүргізу деңгейлерінің көрсеткіштері





Мәтінмен жұмыс жүргізу

Эксперимент сыныптары
(оқушы саны 26)

Бақылау сыныптары (оқушы саны 24)

Мәтінді толық түсінгендері

72%

48%

Мәтінді ішінара түсінгендері

22%

37%

Мәтінді толықтай түсіне алмағандар

0,6%

15%

Оқушылардың алған білім деңгейінің көрсеткіштері олардың шығармашылық жағынан дамуынан да байқалады. Эксперимент барысында халық ауыз әдебиеті үлгілерінің әрқайсысын оқыту кезінде жүргізілетін шығармашылық жұмыстарға мән беріліп, әрбір жанрдың ерекшелігіне сәйкес шығармашылық жұмыстар сараланып берілді. Жұмыстың бұл түрі эксперимент сыныптарында жүйелі түрде жүргізіліп отырылды. Жұмыс нәтижелерінің экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі деңгейлері 6-7 кестелерде салыстырылды.


Эксперимент тобында: экспериментке дейін жоғары деңгейде – 29,2%-ды, орта деңгей – 38,6%-ды, төменгі деңгей – 32,2%-ды көрсетсе, эксперименттен кейін жоғары деңгей – 50,5 %-ды, орта – 34,3%-ды, төменгі – 15,2%-ды құрады.
Ал бақылау тобы экспериментке дейінгі және кейінгі кезеңдерде: жоғары – 22,2% - дан 23,9%-ға дейінгі; орта – 29,5%-дан 30,3%-ға дейінгі; төменгі – 48,3%-дан 45,8%-ға дейінгі аралықтағы деңгейлерді көрсетті.

6 кесте – Халық ауыз әдебиеті шығармашылғы арқылы эксперименттік топ оқушыларының рухани құндылыққа тәрбиелеудің нәтижесі





р/с

Кезеңдері

Жоғары деңгей

Орта
деңгей

Төмен деңгей

1.

Эксп.дейін

(29,2 %)

(38,6 %)

(32,2 %)

2.

Эксп.кейін

(50,5 %)

(34,3 %)

(15,2 %)

7 кесте – Халық ауыз әдебиеті шығармашылғы арқылы бақылау тобы оқушыларын рухани құндылыққа тәрбиелеудің нәтижесі





р/с

Кезеңдері

Жоғары деңгей

Орта
деңгей

Төмен деңгей

1.

Эксп.дейін

(22,2 %)

(29,5 %)

(48,3 %)

2.

Эксп.кейін

(23,9 %)

(30,3 %)

(45,8 %)

Халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы эксперименттік топ оқушыларының сөйлеуін дамыту жұмыстарының нәтижесі бойынша оқушылар білімінің сапасы жоғары деңгейдегі көрсеткіші – 21,3 %-ға артты, ал төменгі деңгейдегі көрсеткіш – 17 % - ға кемігенін анықтадық.


Бақылау сыныптарында шығармашылық жұмыстар кейбір жанр түрлерінен ғана біртекті қалыптасқан, үйреншікті түрде, жүйелілік сақталмастан жүргізілетіні байқалды.
Негізінен, халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша шығармашылық жұмыстар жүргізу қызықтылығымен әрі жан-жақтылығымен ерекшеленеді, өйткені өнердің барлық саласымен байланыстыруға мүмкіндік мол, сонымен қатар пәнаралық шығармашылық байланысқа да жақсы келеді. Өмірмен байланыстыруда жаңаша идеялар тудыруға, жобалар құруға, болашақты фантазиялап, қиялмен елестетуге, армандауға және т.б. шығармашылықпен жол ашылатыны дәлелденді.
Эксперимент жұмыстарының нәтижелілігін тексеру мақсатында халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша төмендегідей тест-тапсырмалармен (үлгілері Б қосымшасында көрсетілді) тексеру ұйымдастырылды:
Қорыта айтқанда, мектептің бастауыш сатысында қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы рухани құндылықты қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана отырып, әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігіне сәйкес жүйелі түрде мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізу, нақты нұсқауларға сүйену, жұмыс жүргізудің көрсетілген жолдары мен ұсыныстарды орындауға қол жеткізгенде халықтық шығармаларды меңгертуге, оған қызығушылықты арттыруға, сөйтіп нәтижелі көрсеткіштерге жетуге болатынына эксперимент жүргізу кезінде көз жеткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет