Эвристикалық әдіс – оқушылардың оқыған шығармасы бойынша ой толғауларын жандандыруға септігін тигізеді. Эвристикалық әдіс – эвристикалық әңгіме түрінде өз бетінше жүргізу арқылы көрінеді. Бұл әдісті сабақта қолданудағы мақсат – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Эвристикалық әдіс оқушылардың шығарма мәтінімен жұмыс жүргізуінде және оны талдауды ұйымдастыруда қолданылып отырды. Онда шығарма оқиғаларының себеп-салдарын айқындау, ондағы көріністер мен кейіпкерлердің өзара байланыстылық жақтарын түйсінуде оқушылардың мұғалімнің «неліктен» деген сұрағына жауап қарастырылды. Эвристикалық әңгіме кезінде мұғалім сұрақтар жүйесін жоспарлағанда әрбір қойған сұрағы алдыңғы сұрақтан туындайтындай болуы тиістілігі ескерілді. Ауыз әдебиеті үлгілерін оқытқанда эвристикалық әдісті қолдану өз нәтижесін берді. Мұғалім оқушылардың ертегі мазмұнын қабылдауы, алған әсерлері жөнінде әңгімелесу барысында сұрақтар қойып, тапсырма беру кезінде осы әдіспен жұмыс жүргізді. Оқушылар ертегі мазмұны бойынша оқиғалардың себептерін ашып, ондағы көріністердің, кейіпкерлердің бір-бірімен өзара байланыстылығын табудағы туындайтын сұрақтардың шешімін өз бетінше табуға әрекет жасауға төселдірілді. Жұмбақ жанрымен жұмыс жүргізгенде, оның шешімін іздестіру барысында себеп-салдарын анықтау, тапқан жауабын дәлелдеу іс-әрекеттері, байланыстылық логикасын табу, салыстыру т.б. мәселелерге ден қойылды.
Шығармашылықпен оқу әдісінің мақсаты мен өзіндік ерекшелігі шығарманы көркем қабылдауды белсендіруінде, яғни көркемдікті сезіндіру, көркемдік бейімділік пен қабілеттілікті қалыптастыру, бейнелі, көркем ойлауды дамыту болып табылады. Көркем шығарманы оқу ғылыми-танымдық мәтіндерді оқу процесінен едәуір айырмашылығы бар. Көркем шығарманы оқуда сөзге мән беру, сөз иірімдері мен ырғаққа назар аударту, қиялдау, көңіл-күй сезімдеріне ерік беруді қажет етеді. Мұғалім оқушыларды көркем сөзді тыңдай және ести білуге, одан ләззәт алуға үйретуі, мәнерлеп оқуды меңгертуі кезінде бұл әдіс жиі қолданылады. Сондай-ақ бұл әдісті қолдануда оқушының өз күшін шығармашылықпен пайдалана білуіне, оны көрсете алуына жағдай туғызуы тиістігі ескерілді. Шығармашылықпен оқу әдісі өнерді керкем қабылдауды тереңдетуге және өмірлік құбылыстарды эстетикалық қабылдауға бағытталып отырды. Бұл әдісті халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытқанда пайдаланудың маңызы зор. Әсіресе, ертегіні қабылдау, ертегі мәтініндегі бейнелі сөздерге мән беру, дағдылы сөздер мен сөз иірімдерін сезіне білу, қиялдау арқылы ертегі мазмұнын шығармашылықпен дамыту сипатындағы жұмыстарда олардың атқаратын қызметі үлкен. Мәселен, ертегінің басталуын, аяқталуын өзгерту, ертегі сюжетін өзбетінше құру т.б. жұмыстарда баланың қиялы, тілі, ойы ұштала түседі. Сондай-ақ өз ойынан жұмбақ, жаңытпаш, мақал-мәтел т.б. құрастыру да осы жүйедегі жұмыстарға жатады.
Ауыз әдебиеті үлгілерімен жүргізілетін басқа да шығармашылық жұмыстарды орындауда осы әдісті қолданудың пайдасы көп болды. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін модельдеп оқытудың тиімділігі дәлелденді. Осы орайда ауыз әдебиеті жанрларын жеке-жеке модельдеп оқытуды көздедік. Әрбір модельге сол жанр түріне қатысты жүргізілетін негізгі жұмыс түрлері топтастырылды. Бұл модельдер барлық сыныпқа ортақ болып келеді, сынып жоғарылаған сайын біртіндеп күрделендіріліп отырылады. Сондай-ақ, оқытудың бұл әдісінің артықшылығы – оқушылардың жұппен (құрбысымен, парталасымен), топпен (құрамында үш-төрт оқушы бар шағын топтармен) ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндіктер беретіндігінде. Сонымен бірге өзін-өзі бағалауға, өзгелердің (құрбысының, парталасының, топтағы басқа мүшелердің) әрекеттерін өзара бағалауына септігін тигізеді.
Әрбір модель оқушыларға халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту барысында есте сақтауға үйрету, тіл ұстарту, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру, сөз мағынасын ажырату, оқу дағдыларын (саналы оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу) қалыптастыру, әдеби-теориялық мағлұматтарды меңгерту, мәтінмен жұмыс істеуге үйрету, тілдерін дамыту, шығармашылыққа баулу сияқты оқу мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары бастауыш сатыда дамыта оқыту технологияларына негізделген «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» қағидасы бойынша «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» кезеңдерінен түзілетін, осы кезеңдерді жүзеге асыруда «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. әдіс-тәсілдері шығармалықпен қолданылуда. Осы әдіс-тәсілдерді қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда қолдану балаларды қызықтырып, шығармашылыққа баулып, ой-өрісін дамытатыны ескеріліп, үлгі-сабақ жоспарларын жасауда ұсынылды.
Кіші жастағы оқушылардың әдеби білімдерін көтеруде ғалым О.В.Джелелей ұсынған бірден-бір тиімді әдістер тобы пайдаланылды:
– сезімдік-түсініктілік әдісі: мұғалімнің шығарманы оқушылармен ешбір қосымша түсіндірме жұмысын жүргізбестен, еліктеу негізінде мәнерлеп оқуы;
– түсіндірмелі оқу: шығарманың мазмұнын бөліктерге бөле отырып, біртіндеп сұрақтар арқылы талдау;
– әдебиеттік оқу: әдебиет элементтерін талдау арқылы оқу;
– тәрбиелік оқу: Рухани құндылық-эстетикалық тұрғыдан еркін әңгімеге негізделген оқу;
– оқу – кітаптан қарап шығу: кітаптың ақпараттық-анықтамалық аппаратына және оның көркем-графикалық безендірілуіне мақсатты бағытталған оқу;
– шығармашылық оқу: жоғарыда аталған әдістердің кез-келгені негіз бола алатын, алайда оқығанын мақсатты бағытталған түрде аудиторияға қарата, нәтижесін көрсете отырып шығармашылықпен жүзеге асыру.
Аталған әдістер тобы сабақты түрлендіріп өткізуге септігін тигізді.
Жоғарыда таңдалынып алынған оқыту әдіс-тәсілдері оқыту эксперименті кезінде әрбір жанрды оқытуда, жанр мәтінімен жұмыс жүргізу кезінде, мәтінді талдау барысында қолдандылды. Сондай-ақ әрбір жанрды оқытудың әдістемелік нұсқауларын дайындауда, үлгі-сабақ жоспарларын жасауда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Жұмыстың бұл бөлімінде рухани құндылық тәрбиесіне қатысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерге, зерттеудің тәжірибелі-эксперимент жұмысына талдау беру арқылы бастауыш сынып оқушыларын Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы рухани құндылыққа тәрбиелеудің тиімді жолдары мен әдістері, тәсілдері мен құралдары қарастырылады.
Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы рухани құндылыққа тәрбиелеу тұлғаға саналы ықпал етеді. Бұл ықпал нәтижесінде тұлға сенімінің негізін құрайтын рухани құндылық санасы мен мінез-құлқы қалыптасады, ол тұлғаға саналы мақсатталған әрекет жасауға мүмкіндік етеді. Қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын Рухани құндылық тәрбиесінде қолдану, бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта жөнінде нақты көзқарастарын қалыптастыруға, түрлі қатынастарда, өмірлік жағдаяттарда дұрыс мінез құлық тандауына ықпал етеді. Әрине ол, тек қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын рухани құндылық тәрбиесінде қолдануда түрлі форма, әдіс, құралдарымен тәсілдерін біліктілікпен саралап, пайдалана алған жағдайында болуы мүмкін. Рухани құндылық тәрбиесінде қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын тиімді қолдануда әрекет, ұжым және өзіндік тәрбиенің алатын орны ерекше
Тәрбие пpoцeci түрлі ic әрекетте жүзеге асады Н.И.Болдырев көрсеткендей "іс әрекетсіз тәрбие болуы мүмкін емес" . Тәрбие процесінде Рухани құндылық білімнің нақты мазмұнын беріп, жинақтаған тәжірибені қолдана отырып, Рухани құндылық норма үлгісін көрсете білу қажет. Ол уақыты жағынан үнемді, оқушылардың ақыл-ойымен сезімінің дамуына, идеалды мінез құлық үлгілеріне еліктеуіне мүмкіндік беретін репродуктивтік (түсіндірмелі-көрнекі) ic әрекет арқылы жүзеге асады. Іс әрекет оқушылардың Рухани ережелерді меңгеруіне, оларда абстрактылы-логикалық ойлау мен қоғамдық мінез-құлық нормаларын талдай білу біліктілігін дамытуына ықпал етеді. Оқу ic әрекетінде, оқытушылар мен құрбыластарымен қарым қатынасында балалардың өмipлiк тәжірибесі молая түседі. Бастауыш сынып оқушыларының қайғысы мен мұңы, көңіл-күйі толғаныстары оқу әрекетімен байланысты.
"Әдебиеттік оқу" оқулыктарының мазмұны мұғалімдерге балаларда, мақсатқа бағытталған Рухани құндылық түсініктерін қалыптастырудағы мүмкіндігі мол. Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығымен қатар қазақтың ақын, жазушыларының да шығармашылығы оқушылардың Рухани құндылық түсініктерін қалыптастыруға, қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын игеруіне қолайлы жағдай туғызады.
Біздің пiкipiмізшe, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде, оқушылардың оқыған шығармасына деген қатынасын, Өзінің ол жөніндегі пiкipiн анықтау өте маңызды. Мәтін мазмұнын саналы түciнy, оқушыны ойлануға, шығарма кейіпкерлері әрекетін бағалауға, өзінің жеке тәжірибесімен салыстыруына итермелейді.
Біз оқушыларды әдеби, халықтың ауыз әдебиеті шығармашылығы кейіпкерлерінің әрекетін ғана емес, сонымен бipгe олардың сезімін, әрекет-қылықтарындағы негізгі себептерін түсінуге ұмтылдырдық. Себептерді талдау балаға кейіпкер психологиясын терең түсінуге көмектеседі. Мысалы: батырлық ертегілер мен қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын меңгеру кезінде, оқытушы оқушыларға тікелей көмек көрсетіп, мінездеме берудің тәсілдерін үйретеді. Ең алғаш мінездеме беруді ауызша, онан кейін жазбаша түрінде береді. Балалар алдымен ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлерін топтайды. Кейін келе жеке кейіпкерлерге мінездеме беруді үйренеді және ic әркеттерімен салыстырады.
Сонымен, ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы балалар ұжымын қалыптастыру, ұжымдық дәстүрлердің пайда болуына, бастауыш сынып оқушыларының бip-бipінe көмек бepyiн, қоршаған адамдарды түсіне алуын қалыптастыруға және Рухани құндылық тәрбиесін тиімді етіп жүргізуге мүмкіндік береді. Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы рухани құндылыққа тәрбиелеудің келесі бip жолы өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады.
Мұғалімнің басты міндеті, балаларға қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын игерту процесінде қалыптасқан үлгіге сәйкес өзін-өзі тәрбиелеу формаларын Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері арқылы қолдана білуін үйрету. Оқушылардың рухани құндылық жағынан өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруы үш нeгiзгi бағытта жүргізілді.
Ауыз әдебиетінің ұсақ үлгілері бүгінгі уақытқа дейін сақталып келе жатқан, халықтың педагогикалык ойлары мен тәрбиелік тәжірибесінің жиынтығы ретінде қолдану.
өзін өзі тәрбиелеуге байланысты туындайтын сұрақтарға,ұжымда
қоғамдық пiкip қалыптастыру.
оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің мәнін түсіндіру, оны жүзеге асыру
жолдарын көрсетуге көмек беру.
Мысалы, қазақ халқының ауыз әдебиеті әдебиеті бала бойындағы үлгі ететін адами қасиеттерді талдауда бiз ұйымдастырған «Отанды сүю отбасынан басталады», «Ер қанаты-ат», «Алты жаста ат міндім», «Досы көпті жау алмайды» мәнерлеп оқу сайысы, пікір-талас, дөңгелек стол түріндегі өтілген ic шаралар балалардың арасында үлкен белсенділік тудырды.
Тәрбие объектісіне байланысты, бірнеше формаларды қарастырайық:
Рухани құндылық тәрбиесінің ұжымдық формасы, алуан түрлі шығармашылық ic әрекетке енген, бүкіл сыныпты қамтитын форма. Қазақ шығармашылығын жырын қолдану арқылы біз көптеген ұжымдық жұмыс формаларын, үйірмелік жұмыс түрінде, 1-2 сыныптарда "Қазақ шығармашылығын epтегілepi - шығармашылығын жырының (эпосының) кәусары" тақырыбында; 3 сыныпта музыка сабағында "Эпос сарыны" тақырыбында; 4 сыныпта "Бабам айтқан асыл жыр" атты үйірме жұмысында; 3-4 сыныптарда "Атадан қалған асыл жыр" тақырыбында сыныптан тыс түрлі ic шараларда ұсындық.
Бүгінгі таңда "әдіс", "тәсілдер", "тәрбие әдістері" деген ұғымдарға бірнеше түсініктер бар. Біз олардың ішінде И.С.Марьенконың анықтамасын қолдаймыз. "Рухани құндылықты қалыптастыру әдістері деп", - тәрбие ic әрекеті нәтижесінде - оқушыда әлeyмeттiк құнды мінез-құлық нормаларымен қатынастарын қалыптастыру мақсатында, оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына педагогикалық ықпал жасаудың объективті қажетті тәсіл.
Бұл анықтамаға сүйенетін болсақ әдістер, тәрбиенің принциптері мен заңдылықтарына негізделген, оның (тәрбиенің) мәнін білдіреді және оларды жүзеге асыруға бағытталған. Педагогикалық процестегі әдістер тиiмдiлiгi, ондағы атқаратын қызметімен, әрекет амалдарымен және де қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын қолданудың өзара ықпалды жеке шарттарымен анықталады. Рухани құндылық тәрбиесі әдісін жіктеуде түрлі принциптер қолданылады, дегенмен теориялық талдаулар, ондағы көзқарастардың барлығы бірдей нақты бола бермейтінін көрсетеді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармашылығын талдау, орындау арқылы оқушылар адамдар қатынасының күрделілігін, iшкi рухани толғанысын, сырт көзге көрінбейтін сезімдер әлемін бақылауға, бағалауға үйренді .
Достарыңызбен бөлісу: |