Дипломдық жоба бастауыш сынып оқушыларының ұжымын қалыптастыруда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі



бет18/19
Дата21.11.2023
өлшемі155.6 Kb.
#483974
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Дипломды жоба бастауыш сынып о ушыларыны жымын алыптастыруда (1)

ҚОРЫТЫНДЫ
Табысты тәрбие жұмысынсыз үжымды топтастыру мүмкін емес. Педагогика ғылымының тұжырымы бойынша, тәрбие қоғамдық құбылыс- ол күрделі қарама-қайшылығы мол әлеуметтік тарихи процесс.
Тәрбиенің мәні мен мақсаты және жүйесі өмір сүріп отырған қоғам саясатымен, экономикалық жүйесіне байланысты туындайды. Әрбір қоғамдық формацияларда адамдардың материалдық және рухани өмірінің үздіксіз өзгеріп отыруына сай, қарым-қатынастардың жаңа формалары туып, тәрбиенің мазмүнына жаңа идеалар енеді. демек, әрбір қоғамдық жаңа формацияның алмасуымен, әлеуметтік, философиялық және діни ой-пікірлер де өзгерісте болды, тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне ықпал жасайды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір қоғамның алға дамуы болмайды.
Тәрбие процесі дегеніміз - жеке адам мен балалар үжымын әлеуметтік түрғыдан кіалыптастыруда, оларды өмірге дайындап крғамда өз орнын гпаба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен крғамға пайда келтіруден, өз басына крнағаттанған сөзіммен кцрауға тәрбиелеу.
... Адам жеке адам болып туылмайды, ол даму барысывда қалыптасады.
Адам өмірге келгеннен ер жету кезеңіне дейін негізінен тэрбие
арқылы өзгерістерге ұшырайды. Дамудың қозғаушы күші - қарама-қайшылықгардың өзара күресі. Қарама-қайшылықгар ішкі, сыртқы және жалпы болып бөлінеді
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасының қалыптасуын әсер ететін бірдін-бір маңызды фактор – сынып оқушылары, яғни ортасы. Осыған орай, мұғалім, әсіресе, сынып жетекшіісі өте маңызды әрі жауапты міндеттерді орындайды .Ол сынптағы тәрбие жұмыстарының үйымдастырушысы жэне оқушылардың ұстазы болып табылады,оқушыла коллективін ұйымдастырады, тәрбиелейді, мұғалімдердің, ата-аналармен жұртшылықтың тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеті - оқушыларды тәрбиелеу жэне оларды тату ұжымға ұйымдастыру. Оның назарын оқу жұмыстарының мэселелері,білім дәрежесін арттыруға аударады. Бірақ ол бұлардың шешімін табуға ең алдымен тэрбиеші ретінде қарайды.Ол тәрбие құралдарына (оқу міндеттеріне саналы және жауапты қатынаста тәрбиелеу,оқу барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібіне,режимін сақтауға үйрету жэне т.б.) сүйене отырып ,сапасын арттыруда мүғалімдерге көмектеседі.
Мұгалімнің қызметі тұтас оқушылар ұжымы мен жеке окушыларга ықпалының бүкіл жиынтығын қамтиды. Жақсы сынып жетекшісі болу, оқушылар үжымын қалыптастыру оңай емес.Бірақ өз білімін табандылықпен жетілдіріп,тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қараған жоғары моральдық қасиеттері қалыптасқан, балаларға деген сүйіспеншілігі мол іскер педагог қана оқушылар ұжымының моделін жоғары деңгейде жасай алады деген ойдамыз.
Біз зерттеу жұмысымыздың барысында жағңартылған білім мазмұны негізінде бастауыш сынып оқушыдарының ұжымын қалыптастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қарастырдық.
Сынып ұжымын қалыптастырулағы мұғалім мен сынп детекшісінің ролін, кәсіби құзыреттілігн нақтыладық. Әсіресе, сыныптан тыс жүмыстар барыснда, яғни, олимпиадалар, спорттық жарыстар, үйірмелер жүргізу барысында қалыптасатын балалар ұжымының критерийлерін анықтауға тырыстық.
Эксперименттік тәжірибе жұмысы барысында кіші жастағы мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастыруға бағытталған екі жылдық бағдарлама ұсындық. Жүргізілген тәжірибе жұмыстары барысында бақылау сыныбы мен эксперимент сыныптары арасында болған өзгерістердің нәтижелерін сұрыптай келе, балалар ұжымын қалыптастыру сыныптан тыс жұмыстар төңірегінде жоғарғы деңгейде жүзеге асатынына көзіміз жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет