М. А. Сейдинова франклин делано рузвельт – XX ғасырдағы америкалық ұлы саясаткер



жүктеу 197.13 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі197.13 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ
М.А. СЕЙДИНОВА

ФРАНКЛИН ДЕЛАНО РУЗВЕЛЬТ –

XX ғасырдағы америкалық ұлы саясаткер

Қарағанды 2014







АЛҒЫ СӨЗ
1941 жылы қаңтар айының аяғында өз хаттарының бірінде ұлы неміс жазушысы – нацистік Германияға эмиграцияланған гуманист Томас Манн Ақ үйде президент Ф. Рузвельт ілтипат көрсеткен қабылдау туралы былай жазады: "одан әрі біздің саяхатымыз қызықты, әрі шаршататын болды – әсіресе, бізді керемет көңілмен қабылдаған келесі кезеңде әрине қызықты болды. Оның бас айналдырар шыңы, dinner-ге шақырылған басқа қонақтарға төменде күтуге тура келген кезде жұмыс кабинетінде коктейль ішу болды. Бізде «онымен» бірінші таңғы ас болған. "Ол" тағы да қатты әсер қалдырды немесе, дәлірек айтсақ, тағы да менің қызығушылығымды оятты және көңілімді өзіне аудартты: осы қулықтың, шуақтылықтың, еркеліктің, құбылмалылық пен адал сенімнің қоспасын сипаттау қиын, бірақ онда нұрлылықтың бір белгісі бар және мен оған өзімнің көзқарасым бойынша, құлдырауға тиістіге туа біткен қарсылас ретінде бауыр бастым". Құлдырауға тиісті фашизм болуы керек.

Антифашист жазушының осы ескертуі АҚШ-тың 28-ші президентінің, бәлкім осы елдің ең атақты мемлекеттік қайраткерінің күрделі және қарама-қарсы ішкі бейнесін соншалық тура және айқын береді.

1929-1933жж. әлемдік экономикалық дағдарыспен басталған және Антигитлерлік коалиция күшінің жеңісімен аяқталған кезең адамзат тағдырында ерекше орын алады. Рузвельттің және оны қоршағандардың ролі АҚШ-тың экономикалық және сыртқы саясат позициясын сақтауға және нығайтуға бағытталған әлеуметтік және сырты саяси стратегиясы принциптерін анықтауда және жүзеге асыруда ерекше зор. Сондай-ақ, оның есімімен АҚШ-тың сыртқы саясаты мен дипломатиясы тарихында ең тамаша беттердің бірі, жеке алғанда, Кеңестер Одағымен дипломатиялық қатынастарды нормалауды бекітуіне, АҚШ-тың антигитлерлік коалицияға қатысуына байланысты.

Ел ішінде «жаңа курсты», 1929-1934 жж. терең экономикалық дағдарыстан кейінгі кезеңде елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруда көрнекті роль атқарған демократиялық бағыттылық курсын, ауыр әлеуметтік-саяси күйзелістерден құтылуға мүмкіндік берген курсты қалыптастыруда және жүзеге асыруда Рузвельттің ролі ерекше зор.

Рузвельт өзін ерекше, жағдайды астарлы сезінетін, тенденцияларды дұрыс табуға және қоғамның барлық тобының көңіл-күй өзгерісіне дәл жауап беруге қабілетті икемді саясаткер ретінде көрсетті.

Өз класының адал ұлы болып қала отырып, Рузвельт елдегі болып жатқан қоғамдық-экономикалық құрылысты сақтау мен дамыту және бүкіл әлемде АҚШ-тың басым орнын нығайту үшін бәрін істеді. Рузвельттің басқа көптеген президенттерден айырмасы әрқашан парасатты және прагматикалық саясаткер болып қалды.



«Өз елің үшін жаныңды беруге әзір болу маңызды; бірақ елің үшін өмір сүру одан да маңыздырақ»

Франклин Рузвельт
Франклин Делано Рузвельт 1882 жылы 30 қаңтарда Нью-Йорк штатында Гайд-паркте солтүстік-шығыс штаттардың саяси шеңберінде үлкен байланыстары болған бай-қуатты жер иеленуші және кәсіпкер отбасында дүниеге келген. Білімі бойынша заңгер, Гортонда арнайы жеке мектепте, Гарвард және Колумбия университеттерінде оқыды. 1905 жылы өзінің алыс туысқаны, мемлекеттік қайраткер және АҚШ президенті Теодор Рузвельттің (1858 - 1919) немере туысы Элеонора Рузвельтке үйленеді.

1907-1910 жылдары заң фирмасында жұмыс істеді. Рузвельт Демократиялық партия қатарында белсенді саяси қызметке ерте араласты. 1910 жылы ол Нью-Йорк штатының сенатына сайланады. 1913-1920 жж. - Вильсон президенті үкіметінде теңіз министрінің көмекшісі, АҚШ-тың әскери-теңіз қуатын күшейту үшін сөз сөйлейді, бұл жаһандық масштабта «үлкен келдек» саясатын жүзеге асыру үшін өте қажет болды [1].

1920 жылы - Демократиялық партияға АҚШ-тың вице-президенті постына кандидат. Жеңіліске ұшырап, жеке заң практикасына және кәсіпкерлікке оралады. 1921 жылы тамыздан бастап полиомиелит салдарынан өмір бойы мүгедек болып қалады, өз бетінше еркін қозғалу қабілетін жоғалтады. 1928 жылға дейін «көлеңкеде» қалады, өзі туралы қоғамдық немесе саяси аренаға жарияламайды, бірақ Демократиялық партияны басқаруда барған сайын көзге түсерлік фигура бола түседі.

Ф. Рузвельттің жақын жол ашарлары, АҚШ президенттері кезінде АҚШ-тың сыртқы және ішкі саясатының қалай қалыптасқанын қарастырайық.

АҚШ-тың қалыптасу және дамуының барлық кезеңдері ішінде олардың көрші елдермен қатынастары қарақшылық пен зорлық принциптеріне негізделді. Сыртқы саясат іргетасында «негізгі идеяның» бірі Монро доктринасы, президент Дж. Монро жариялаған конгреске жолдауында АҚШ-тың сыртқы саясат принциптерінің декларациясы болып табылды. Әлемді америкалық және еуропалық жүйеге бөлу және АҚШ-тың еуропалық елдердің ішкі істеріне араласпауы және осыған сәйкес соңғылардың Америка континенті елдерінің ішкі істеріне араласпау принципін алға жылжытты. Принцип қысқаша түрде былай тұжырымдалды: "Америка америкалықтар үшін".

«Мен әлемдегі ең ақылды адам емеспін, бірақ мен, шүбәсіз, ақылды жақтастар таба білемін»

Ф. Рузвельт
Латын Америкасы испандық-португалиялық және басқа шетелдік биліктен біржола азат етілді. АҚШ Латын Америкасында бөлінбейтін билік орнатуға талпынды. Монро декларациясында АҚШ күшінің артуын жаңа аумақтарды қосып алуға және жаңа штаттарды құруға тәуелді етіп қойған принципті негіздеу әрекеті жасалады, бұл Латын Америкасына (Латын Америкасына ғана емес) қатысты АҚШ-тың экспансионисттік талпынысы туралы куәландырды. Осы доктрина жалауы астында Мексикаға (1846-1848 жж.) қарсы басып алушылық соғысында оның аумағының жартысынан көбін күшпен тартып алды. Одан әрі Монро доктринасының экспансионисттік тенденциялары Олни доктринасында (1895г.) және Теодор Рузвельттің (1904г) қосымшасында даму алды, онда АҚШ-тың «халықаралық саяси күш» ролін жүзеге асыруға талабы тікелей жарияланды. ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында-ақ АҚШ Кубаға, Мексикаға, Гаитиге, Доминикан республикасына, Никарагуаға, Панамаға және басқа елдерге интервенция қолданды.

Экономикаға және ішкі саяси және әлеуметтік жағдайларға қатысты айтсақ, бірінші дүниежүзілік соғысқа екі жарым жылға «кешігіп» кіріскен АҚШ одан ешқандай байқарлық шығынға ұшырамастан шығып кетті. Керісінше олардың экономикалық және қаржылық күші, олардың бүкіл әлемдегі әсері шексіз артты. Соғысып жатқан елдерге әскери жеткізілімдер АҚШ-ты ба йытты, олардың экономикасының артуына ықпал етті, ал қаржылық заемдер Антанта елдерін төленбес қарыздарлыққа айналдырды. Одан әрі республикалықтардың он жылдық басқару жолағы, ХХ ғасырдың ХХ жылдарына сай келген «Кэлвин Кулидж президентінің дәуірі» өнеркәсіптік шумен, қаржылық афераларда қоғамның олигархиялық басшы тобын екпінді байыту арқылы белгіленді. Осы байыту АҚШ монополияларының соғыстан, соғыстан кейінгі күйзелістен, тоқыраудан және ішкі саяси дағдарыстардан қансыраған және әлсіреген АҚШ бәсекелестері есебінен әлемдік шаруашылық жүйесінде жетекші ұстанымдарды қамтамасыз ету базасында жүрді.



«Арқанның ұшына жеткен кезде түйін түйіңіз де, қатты ұстаңыз»

Ф. Рузвельт
Әскери пайданың алтын жаңбыры арқасында кең технологиялық түрлендіруді жүзеге асырып, америкалық экономика бүкіл басты әлемді артқа тастап алға үлкен серпіліс жасады [2].

Ірі капиталдың насихаттау рупорлары, АҚШ экономикасында басқа елдердің экономикасына тән қарама-қайшылықты болдырмайтын жаңа экономикалық заңдар әрекет ететінін бекіте отырып, иллюзияны таратты. Ештемемен шектелмеген бәсекелестік, әлеуметтік серіктестік, мемлекеттің бизнес істеріне араласпау мүмкіндіктерін, техницизмге табыну және ұлттық басымдықты өзіне үйлестірген "өркениеттің жаңа, америкалық типін" дамыту тұжырымдамасы ресми идеология рангына көтерілді.

Монополистік капитал экономика мен саясатта командалық ұстанымдарды қамтыды. Оның агрессиялық басталғыштығы, қоғамды ақшалы магнаттар тарапынан бас пайдасы үшін озбырлықтан қорғауға арналған көптеген мекемелердің іруіне, антирадикал тарихпен тұншықтырылған және «жаңа капитализм жарнамасына» сенген кең масса тарапынан консервациялық көңіл-күйдің көтерілуіне алып келді.

1921-1933 жж. республикашылдардың үкіметтік курсы іскер топтардың барлық ең алыс құмарлықтарына жауап берді. Нарықтық қатынастардың тікелей үкіметтік реттеу мен бақылаудан бос ештемемен шектелмеген стихиясына бас ию үкіметтің экономикалық стратегиясының ең маңызды элементі болды. Вашингтон департаменттерінде ең атақтысы: "Бизнесті өзін-өзіне беріңіздер, ал ол бізге қамқорлық жасайды" деген сөз. Мемлекет ролі жалғыз қорғаныш қызметі саласында ғана мойындалды. Бизнес еңбекшілердің өз әрекеттерінің барлық түрлерін қатаң үкіметтік бақылауға мүдделі және капиталға барлық басымдықты беретін және еңбекшілер ұйымының ыдырауына, олардың моральдық қарусыздануына алып келген жұмыс мәселесінде осындай саясатқа бұлжытпай қол жеткізді [1].

Демократтар (осы партияның белсенді қайраткері Ф. Рузвельт болды) республикашылдардың билеуші партиясы сияқты радикализмнен межеленді (осы арқылы қоғамдық-саяси және экономикалық құрылысты түбегейлі қиратуға бағытталған кез келген революциялық идеология мен саясат түсіндірілді) және кедейліктің соңғы іздерін «біржола» жоюға уәде беріп, өздеріне, дегенмен, өзін ешбір жағдаймен байланыстырмастан, күшіне немесе күш қолдану қаупіне сүйене отырып, жалғыз-жалғыздан өзінің империялық амбицияларын жүзеге асыру ғана емес, сондай-ақ, АҚШ-қа тиімді күштер балансын барлық жерде қамтамасыз етуге қабілетті Американың барлық жағынан күштілігіне ессіз сеніммен сенуге мүмкіндік бермеді [3].

Вудро Вильсонның АҚШ-тың мессиандық ролі туралы ұранына адалдығын сақтап, олардың әлемдік көшбасшылыққа талпынысын өзгертпестен демократтар республикашылдардың сыртқы саяси иллюзиционизміне халықаралық істерге белсенді ену тұжырымдамасын, бірақ тағы да Вашингтонның әлемдік даму барысын растау мүддесінде қарама-қарсы қойды.

1928 жылы наурызда көлеңкеде ұзақ болғаннан кейін Рузвельт ұлттық мойындау үшін күрестің жаңа турына алғашқы қадам жасады. Қуатты, жағдай өзгерісіне бірден түсінетін және оған оңай ыңғайланатын, өз жұлдызына көзсіз сенетін Рузвельт Солтүстік-шығыстың қаржылық-өнеркәсіптік шеңберінде қолдауды және Демократиялық партияның әсерін пайдаланды.

Рузвельт республикалық әкімшіліктің анағұрлым әлсіз ұстанымына, оның сыртқы саяси курсына соққы беруді шешті. Ол оларды Ұлт лигасымен және Халықаралық сотпен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін «әлем принциптерін» құлдыратқаны үшін кінәлады. Рузвельт АҚШ үшін континентте олардың өздері берген жандармдық қызметтерді ешкіммен санаспастан орындаудың мүмкін еместігі туралы баяндады. «Бауырлас елдерді» вассалдық тәуелділікте ұстау үшін өзгерген жағдайға анағұрлым сәйкес келетін әдістерді пайдалануды ұсынды. "Канонер дипломатиясы" анағұрлым жымиғыш, анағұрлым ұжымдық болуы тиіс еді.

Экономикалық дағдарыс. Сонымен қатар, экономикада мәселелер көбейе бастады, ел 1929-1933 жылдары қатты экономикалық дағдарысқа үздіксіз жылжи бастады.

Ең жоғары экономикалық белсенділік кездерінің өзінде жұмысссыздық 4 %-дан төмен түскен жоқ. Жүргізілген зерттеулер, «гүлдену» кедейлік пен байлық арасындағы шыңырауды тарылтумен емес, оны кеңейтумен қатар жүрді. Халықтың кейбір категориясы үшін «гүлдену» сол күйі қол жетпес фантома болып қалды. Бұл кейбір өнеркәсіп салаларының жұмысшыларына (көмір шығару, жеңіл өнеркәсіптің көптеген салалары), ірі капитал ығыстыратын ұсақ кәсіпкерлерге және фермерлерге қатысты болды. Ауыл халқы созылмалы аграрлық дағдарыс соққысынан кедейлене түсті. Өнеркәсіптік тауарлар мен ауыл-шаруашылық өнімдерінің бағалары арасындағы «қайшылықтар» үнемі алшақтай түсті, бұл фермерлердің жұтауына және жерлерінен айырылуына алып келді [2].

Үкіметтің араласуына бәрінен бұрын мүдделі қайта өндіру дағдарысының қыспағында қалған фермерлік және тұтастай аграрлық экономика секторы барлық экономикалық онша алыс емес болашақтың түп бейнесі болды.

Еңбекшілер құқығына шек қою, олардың ұйымдарында қудалау, ереуілдік және саяси қызметті, дарашылдық пен нәсілшілдіктің тоқтаусыз насихаты, жолы болмайтындар мен сорлыларды жек көру Рузвельт айтқандай «жаңа экономикалық феодализмнің» - қоғамның олигархиялық басшы тобының абсолюттік, ештемемен шектелмеген озбырлық дәуірінің қайта оралу жағдайын тудыра отырып, терең тамыр жіберді.

1929 жылы америкалық жұмысшының жұмыс күнінің ұзақтығы басқа индустриялық елдерге қарағанда көп болды. Жұмыссыздық бойынша әлеуметтік сақтандыру болмаған, бұл кезде еуропалық мемлекеттерде баяғыда-ақ болған. Бала еңбегін пайдалану, қаралар мен әйелдер дискриминациясы АҚШ-ты ең төмен елдермен тең етті. Америкада "гүлдену" жылдары халық массасы жан төзбес жоқшылық пен заңсыздық билігінде қалды, олардың масштаб тереңдігі АҚШ шекарасынан тыс белгісіз болды.

1929 жылы ел әлемдік экономикалық дағдарыстың үсті-үстіне дамуына ұшырады. Банкроттық легі, өндірістің құлдырауы (ең төменгі белгісі – 1932 жылы), жұмыссыздардың көп миллиондаған армиясы капиталисттік экономика қарама-қайшылығының және әлеуметтік теңсіздік тереңдігінің бетін ашты. Әлеуметтік сақтандыруда мемлекеттік саясат ондаған жылдар бойы «қатаң дарашылдық» формуласымен өрнектелді, бұл дағдарыстың миллиондаған құрбандарына қамқорлық олардың жеке істері немесе болмаған жағдайда жергілікті билік және жеке қамқорлық қорларының ісі болып табылады.

Нью-Йорк дағдарыс соққысын бірінші болып қарсы алды. Жұмыссыздар армиясы жылдам өсті, әлеуметтік шиеленіс апатты түрде арта түсті. Тегін нан кесегі мен бір шұңқыр кофеге кезек ұлғайды, кедейлерге арналған түнемелер толып кетті.

Торыққан, ызаланған жұмыссыздар тобыры бос қазына туралы білу үшін ғана және көз жасын ағызатын газ бен келдектердің көмегімен таратылуы үшін ғана муниципалитеттерді алды.

Рузвельт саяси күрес ортасында. 1928 жылы Рузвельт өзі және өзінің жақтаушылары күтпеген жерден сайлауларда жеңіске жетті және президенттікке алғашқы қадам жасап, Нью-Йорк штатының губернаторы болады. Губернатор болған соң, Рузвельт ұлттық ауыртпалықтың ең ірі ошағына бетпе-бет келді.

Рузвельттің Нью-Йорк штаты губернаторының постысында болуы көпшілігінің пікірінше, айтарлықтай жетістіктермен берілген жоқ. Штат экономикасы барлық жердегідей соншалық аяушылық күйде болды, ал штат билігі Вашингтондағы әкімшілік сияқты күту позициясын алды. Тек 1931 жылы тамызда губернатор ТЕРА көмегінің Уақытша төтенше әкімшілігін құрды, ол жұмыссыздарға жедел көмекті қамтамасыз етуі тиіс. Алайда ТЕРА үкіметтің жұмыссыздарға көрсететін полициялық қатыгездік аясында Рузвельтке президент креслосы үшін күрес бастап қажетті Гувер президентінен психологиялық басымдық берді. Бүкіл елде қарқынды реакция тудырған 1932 жылы жазда Вашингтонға көмекке келген дүниежүзілік соғыс ардагерлерін өрескел жазалағаннан кейін Рузвельт Нью-Йорк штатында оны ашаршылық бүлігін «тыныштандыру» үшін Ұлттық гвардия үндеуінен алып қалған жеке басының ақылдылығына алғыс айтты.

Сайлау компаниясының басталуы 1932 жылы халықтың кең массасының радикал күйінің күрт көтерілуіне сәйкес келді. Өнеркәсіптік қалалардың көшелері наразы адамдарға толды, қызып тұр және деревня кенттері баррикадалармен қарсы тұруға дайын, полициямен және қожа жалшыларының бандаларымен қарулы көтеріліске шықты. Ел ішінде жұмыссыздардың аштық жорығының толқыны жүріп өтті, олардың саны мен ұйымдастыру белсенділігі артты. Конгресте үнемі бунттардың сөзсіз шығуы және олардың одан үлкен нәрсеге айналуы туралы дебаттар жүргізілді.

Рузвельт Демократиялық партияда пісіп-жетілген өзгерістің қажеттігін бәрінен де терең және ұшқыр мойындады. Рузвельттің 1930 жылы күзде өзін Нью-Йорк штаты губернаторының постына қайта сайлау бойынша шеберлікке өткізген компаниясы Демократиялық партия басшылығында, көпшілігі ойланғандай осы әрекетсіздікке ұшыраған физикалық түрде қуатсыз саясаткер партияны даңқсыз құлдыраудан сақтауға қабілетті екеніне скептиктердің көзін жеткізді.

1931 жылы көктемде Рузвельт "жаңа және әлі сыналмаған құралдар" туралы, эксперимент жасау, «елдің экономикалық және әлеуметтік балансында» өткен өзгеріс шамасына қарай елді жаңа басшылыққа сеніп тапсыру қажеттігі туралы айтты. Рузвельт штаттың заң шығару жиналысында жұмыссыздарға көмекке қаржы бөлу және қоғамдық жұмысты ұйымдастыру енетін әрекет ету бағдарламасын ұсынды. Президент Гувердің кедейлерге көмектесу ісіне үкіметтің араласуы жаман екені туралы тезисін табанды түрде қайталау аясында осы өтініштер революциялық түрде естілді. 1932 жылы көктемде сайлау алды компаниясы барысында радиодан сөз сөйлеген Рузвельт «Ұмытылған адам» туралы өзінің атақты сөзін айтты. Ол экономикалық жоқшылықтың тұтынудың төмен деңгейімен пайда болуын түсіндірді (Маркс бойынша нақты дерлік) және табысты қайта үлестіру мәселелеріне назар аударды. Гувердің миллиондаған қарапайым америкалықтардың жоқшылығын білдіретін және дәулетті кластардың көмек көрсетуге тұтастай бағдарланған экономикалық саясаты банкротталған элитарлық тәсіл көрінісі ретінде сынға ұшырады. Сөзі демократиялық төмен халықтың үмітін оятты және жоғарыдағылардың ызасын келтірді.

Рузвельт демократиялық партия басшылығын, партияға оның көпшілікке жақындығын білдіретін жаңа сипат беру қажеттігіне, оппозицияда он екі рет болғаннан кейін партияны жақындап қалған сайлау тұрғысынан сайлаушылардың көпшілігін жеңіп алу мәселесіне қайта бағдарлауға сендіре білді. Рузвельт партияны оның көпшілік базасын бұқараның демократиялық топтары – жұмысшылар, фермерлік, қаланың орта топтары партиясының туы астына жинау есебінен нығайтуға шақырды. Ол: "Елде екі реакциялық партияға орын жоқ" екенін мәлімдеді. Халық альтернативаны, жаңа курсты көкседі. Рузвельт ұсынған, дағдарыстан шығудың жаңа жолын іздеуге бағытталған сайлау алдындағы бағдарлама, қарапайым адамға қатысты бағдарлама "Жаңа курс" (new deal) атауын алды.

Рузвельт, Америка халқы нағыз сайлау өткізуді аңсайды деп мәлімдеді. "Біз либералды принциптер, жоспарлы әрекеттер, халықаралық істерге жоғары мәдениет тәсіліндегі партиясы болуымыз керек және халықтың басым көпшілігі үшін максимум пайдамен еңбек етуіміз керек".

Рузвельт АҚШ президенті және оның "жаңа курсы". Рузвельт көп басымдықпен жеңіске жетіп, президент болды. Миллиондаған жұмысшылар, фермерлер, қаланың орташа тобының өкілдері "жаңа курс" партиясы үшін дауыс берді, халық өзгерістер болғанын қалады.

1933 жылдың көктемі жаңа әкімшілікті батыл әрекет етуге мәжбүрледі. Көптеген штаттарда банкроттық туралы хабарлап, барлық банктар жабылғаны белгілі болды. Іскерлік өмір әрең деп жандана бастады. Банктардың жабылуы толық экономикалық күйреу қаупін тудырды. Болашақ алдындағы қорқыныш миллиондаған адамдарды қамтыды. Қалың топ салынымдарын қайтаруды талап етіп, банктарды қоршап алды. Кәсіпорындар, мектептер, муниципалитеттер жабылды. Кабинеттің бірінші кезектегі міндеті банктік дағдарыс болды. Президент декреті банктерді төрт күндік мәжбүрлеп жабу, АҚШ-тан алтынды, күмісті және қағаз ақшаларды алып шығуға тыйым салу туралы хабарлады. Рузвельт өзінің айтқанына қол жеткізді – бірнеше күннен кейін банктік жүйенің тұрақтылығы қалпына келтірілді.

Наурызда президент Конгреске жұмыссыздарға көмектесудің бірқатар шараларын, жұмыссыз жастар үшін арнайы еңбек лагерьлерін ұйымдастыруды, бүкіл ел бойынша қоғамдық жұмыстарды кеңінен дамытуды, жұмыссыздардың аш отырған отбасыларына тікелей материалдық қолдау көрсету үшін штаттарға қаржылық көмекті қарастыратын жолдау жіберді.

Әбден жұтаған, қарызға мүліктері мен жерін сатып жіберген, ашынған фермерлердің жаппай қозғалысының алдын алу үшін Рузвельт фермерлік берешекке мораторий туралы заң, сонымен қатар, ААА (the Agricultural Adjustment Act) заңы ретінде белгілі ауылшаруашылығын қалпына келтіру туралы заң шығарды. Оның басты идеясы – фермердің өнім шығаруға жұмсайтын және оны жүзеге асыру кезінде алған бағасы арасындағы «қайшылықты» жою. Сұраныс пен ұсынысты теңгеру және ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын көтеру үшін жердің бір бөлігі ауылшаруашылық айналымынан алып тасталды, сол үшін фермерлерге субсидиялар төленді.

Маусымда жұмысбастылықтың федералдық қызметін құру туралы және тұрғын үй кредиті бойынша қарыздылықты қайта қаржыландыру туралы заң қабылданды. Одан әрі қарыздан бас алмай қалған фермерлікке жеңілдік әкелген фермер шаруашылығын кредиттеу туралы заң шығарылды [1].

Бірақ ең маңызды, әрі алысқа баратын іс-шара НИРА (The National Industrial Recovery Act) өнеркәсібін қалпына келтіру туралы Заң болды. Өнеркәсіпті реттеу мақсаттары хабарландырылды: кәсіпкерлердің жеке топтары арасындағы кооперация арқылы, үкіметтің ықпал етуі, түсімнің төмендеуіне, іскерлік табандылықты бұзуға, инвестиция мен жұмыс бастылықты қысқартуға алып келетін «талқандаушы бәсекелестікті» жолға қою кезінде жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында ынтымақтастыққа қол жеткізу арқылы «жалпыға бірдей рақатты» қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлер тобы арасында қатынастарды реттеу өнеркәсіпті мәжбүрлеп картельдестіру арқылы қол жеткізу шешілді. Жұмысбастылықты арттыру, сатып алу қабілетін арттыру және тауарлық рынокты тұрақтандыру үшін түрлі салалар өзін "адал бәсекелестік кодекстерімен" шектеуге тиіс болды. Әрбір салада үкіметтің бақылауымен, өндіріс пен өтімнің қатаң белгіленген нормаларын шығарып, бағалар деңгейі мен коммерциялық кредит шартын анықтап, бағаларды төмендету процесін тоқтауға болатыны болжанды. Өнеркәсіпкерлер топтарының міндетіне кәсіподақтармен жалақының минимум өлшемдерін және жұмыс күнінің максимум ұзақтығын келістіру жүктелді. Осы кодекстер бойынша түпкілікті шешім президенттің қолында болды. НИРА бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау президент құрған Ұлттық қалпына келтіру әкімшілігіне жүктелді [3].


«Біз өзін-өзі шексіз жақсы көру жаман мінез белгісі екендігін әрдайым білетінбіз; ал енді бұл жаман экономиканың да белгісі екендігін түсіндік»

Ф. Рузвельт
1933 жылы мамырда қабылдаған Көмек туралы төтенше заң (ФЕРА) ең қауіпті ойсыраған жерді жабуы тиіс болды. Штат аштық қаупін және халықтың жаппай қайыршылануын жою үшін жарты миллиард доллар қаржы бөлді.

"Жаңа курстың" бастапқы кезеңдегі заңдарының негізгі көпшілігі төтенше асығыстықта, Рузвельттің билікке келген алғашқы үш айында қабылданды. Бұл америкалық капитализмге өз Ватерлоосынан құтылуға көмектескен жүз күн болды. Ең маңызды қорытынды, экономиканың дағдарыс фазасынан өткені болды, қалпына келтірудің барлық белгілері көз алдында.

Бірақ егер іскерлік белсенділікті қалпына келтіру саласында үкімет қабылдаған шаралар жақсаруға алып келген болса, онда миллиондаған адамдарға қатысты мәселелер, - жұмысбастылық мәселелері жоспарында жетістіктер біршама жұпыны болды. Сонымен қатар, 1940 жылы кезекті президенттік сайлауда аз уақыт бұрын 1931 жылға қарағанда күйреу шегінде жұмыссыздар көп болды. Тек соғыс қана АҚШ экономикасын кезекті құлдыраудан және жаппай жаңа жұмыссыздықтан құтқарды.

Алғашқы «жүз күн» заңнамасы ондағы таза экономикалық мәселелердің басымдығы туралы өтініштерге қарамастан ең алдымен психологиялық бетбұрыс жасауға, тыныштық енгізуге, қысымы ауыспалы шекке жеткен қазандықтан бу шығаруға арналған болды.

Рузвельтке реформаторлықтың шамалы алуан түрлілігі бәрінен жақын болды, ол 1912 жылға қарай, қауіпті дағдарыс шегінде капиталдың бақыланбайтын қожалық етуі нәтижесінде болған әлеуметтік қатынастар мемлекетінің қамқорлығы астында реттеу мақсатында құқықтық институттар экономикасы мен түрлендіруін мемлекеттік реттеу идеяларын жүзеге асыра отырып, президенттер Теодор Рузвельт пен Вудро Вильсонның саяси философиясында кристалданды.

Миллиондаған адамдардың өзгерістерге қол жеткізу батылдығын байқаған Рузвельт ұлттық саясат туымен реформаға курс жариялай отырып, олардың армандарына қадам жасайды, бірақ реформа дәрежелі, әлеуметтік теңсіздіктің тек ең сорақы көріністерін ғана жолға қоятын және қалыптасқан ережелерге қол сұғылмайтындығын сақтайтын жоғары топтық болды [1].





«Жақсылық пен Жамандық арасында ымыраға ешқашан қол жеткізу мүмкін емес»

Ф. Рузвельт
Пайымдаушылықтан және іркілістерден бастап Америка мемлекетінің тарихында, әлеуметтік сақтандыру туралы, еңбек қатынастары туралы, ірі жағдайларға салық салу туралы, кәсіподақ құқықтарын теңдессіз кеңейту туралы заңдармен қоса, ең радикал әлеуметтік заңдарды қолдауға қарай бұрылыс үшін жаңа импульсті 1935 жылғы жаңа сайлау алдындағы компания берді. "Жаңа курс" жаңа эволюциядан өтті, анағұрлым радикал болды. Президенттің жұртшылық алдындағы сөзі дәулетті кластың шексіз ашкөздігін және ең төмен сынамадағы әуегейлік рухында монополистердің айуандығын әшкерелеуге толы болды. Рузвельт сол арқылы буржуазиялық прогрессизмнің басты – өзіне көпшілікті бағындыру және оларды жаңартылған екі партиялық жүйенің бақылаумен ұстау мәселесін шешті.

Монополия мен олардың баспасөзі тарапынан қысым көрген Рузвельт жарияланған реформалардың жүзеге асырылуын тежеді, өзін, сақтық жасап, ешқандай қатаң міндеттермен байланыстырмады.

Рузвельттің президент постында болуының үшінші мерзімінің аяғына қарай контрреформаға реакция мен қозғалыс күшіне енді. Бұның себептерінің бірі буржуазияның таптық мүдделеріне тұтастай бағынған либерализмнің жоғары топтық, элитарлық сипаты болды. Спонтандық, ретсіздік - оның ерекше сипаты, демократиялық көпшілік бастамасынан қорқу - оның тектік белгілері болды.

Рузвельттің президенттік мансабының басында оның сыртқы саяси ұстанымы изоляционисттік болды. Еуропа мен Алыс Шығыста жаңа дүниежүзілік соғыс ошақтары пайда болды. Президенттің осындай ұстанымы, АҚШ нейтралитетіне, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруда бейбітшілік сүйгіш державалардың күшін қолдаудан бас тартатынына сеніп, өзінің жаһандық стратегиясын құрған гитлерлік Германия мен милитаристтік Жапония үшін тиімді болды. 1935 жылы АҚШ-та агрессорлардың айқын пайдасына нейтралитеті туралы заң қабылданды. АҚШ Англиямен және Франциямен бірге фашистік агрессияға ықпал ету жауапкершілігін бөлісті. 1937 жылы Испанияға қару жеткізуге эмбарго туралы заң қабылдады, онда республиканың фашистік бүлікшілермен және германия-италиялық интервенттермен шайқасы болып жатты. Президент жүргізген сыртқы саясат басты мәселеге – әлемдік аренада АҚШ-тың экономикалық және әскери-стратегиялық ұстанымын нығайтуға бағынады.

Сыртқы рыноктар үшін күрес, «қол еркіндігін», халықаралық жағдайлармен байланыссыздығын, халықаралық жанжалдарды реттеу бойынша ұжымдық күш салудан бас тартуды болжайтын "экономикалық ұлтшылдық" саясатында АҚШ-тың монополистік топтарының қызығушылығын анықтады.

Осы топтарда болжағандай елде тұрақтап, адамгершілік басымдық сезімімен Еуропалық және Азия континенттерінде қанды драмаларды бақылап, біраз пайда түсіруге болар еді. Бірақ Рузвельт, жаңа заман жағдайында изоляционизм мүмкін емес екенін түсінді, сондықтан да тартымды имидж жасау үшін және елдегі соғысқа қарсы көңіл-күйдің артуын ескере отырып, бейбітшілікті нығайту бойынша ұжымдық күш салуға шектеулі араласты.

Рузвельт, өзінің әлемді талқандау әрекетіне теріс қатынасы өзгеріссіз және оның үкіметі Ұлт Лигасы күштеріне бейбітшілікті сақтау ісіне ықпал етуге, бірақ... өзінің симпатиясы мен антипатиясының таза адамгершілік өрнегінен шықпастан дайын екенін көрсету рақатынан бас тартпады.

Президент, АҚШ және басқа мемлекеттер агрессор ретінде қарастыратын елге қарсы бағытталған ұжымдық шараларға кедергі жасамауға уәде берді, алайда оның елі агрессор елге қарсы қандайда бір ұжымдық санкцияларға қатыспайды.

Бейбітшілікке дерексіз шақыру және АҚШ-тың Францияны Германия тарапынан қауіп-қатер алдында жеткілікті түрде күшті етіп көруге қызығушылығына нұсқауы Гитлерді алдай алмады. Олар оны Версальдық бейбітшілік шарты ревизиясынан бас тартуға мәжбүрлемеді. 1933 жылы 14 қазанда Германия үкіметі, Версаль шартының әскери баптарына қатысты қол еркіндігін ала отырып, Ұлт лигасынан шығатыны туралы мәлімдеді, бұл Еуропада тұрақтылықтың шайқалуына алып келді.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ Америка қалаған бағытта басқа үкіметтердің саясатына ұдайы қысым жасау үшін «кеңестер» беру, басқа мемлекеттердің сыртқы саяси актілерін немесе, керісінше, үнсіздік позициясын жұрт алдында қолдау және т.б. практиканы кеңінен пайдаланды. Сол уақытта басқа мемлекеттерге әсер етудің ұқсас тәсілі АҚШ-тың өзін байланыстырған да, ештемеге міндеттеген де жоқ, олар өздеріне кез келген жағдайда толық еркін әрекетті қалдырды. Құдіретті күштер – Германияның әскери өнеркәсібімен берік бұғаумен байланысқан ірі монополисттік бірлестіктер Рузвельттің гитлерлік Германиямен дипломатиялық байланыстарды нығайту жолымен жүруіне қол жеткізіп, қысымды күшейтті. Алайда, өздерінің жендеттік бейімділігін көрсеткен ацеисттік режиммен жақындасу елде жалпы демократиялық көтерілу және елде антифашисттік көңіл-күйдің артуы жағдайларында мүмкін болмады.

Америка фирмалары нацисттік Германия қару-жарағының үлкен партиясын, оның ішінде әскери ұшақтарды сатты. 1935 жылы бірінші мамырда Германия үкіметі, өзіне әскери авиацияны жасауға тыйым салған Версаль шарты міндеттерінен азат деп санайтынын мәлімдеді. 16 наурызда Германияда жалпыға міндетті әскери бағыныштылық туралы декрет жарияланды. Ал бұл Германияның қарусыздануын қарастыратын АҚШ-тың Германиямен оңаша бейбітшілік шартын бұзу болды. Рузвельт маңындағы парасатты саясаткерлер, жаңа заманғы бөлінбейтін және өзара тәуелді әлемде мұхиттың арғы жағында тыныш отыру және тіпті Еуропадағы әскери апаттар есебінен баю мүмкін емес екенін көрсетті.

Ол 1945 жылы 12 сәуірде Уорм-Спрингсте (Джорджия) миына қан кетіп, қайтыс болды.

Рузвельт АҚШ-ты әскери және экономикалық қатынаста әлемдегі ең қуатты держава етті, оған 1945 жылдан кейін тек бір ғана Кеңестер Одағы қайшы келуге тырысты [4].
Әдебиеттер тізімі
1. Уткин А.И. Дипломатия Франклина Рузвельта. - Свердловск: Изд-во Урал. ун-та, 1990. – стр.12.

2. http://ru.wikipedia.org/wiki/

3. http://to-name.ru/biography/franklin-ruzvelt.htm

4. http://www.peoples.ru/






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет