Дипломдық жоба "Жаңажол кен орында электрлі ортадан тепкіш сораптардың тиімділігін арттыру"



бет3/7
Дата05.03.2016
өлшемі0.66 Mb.
#42441
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

1.6 Жаңажол кен орнын игеру жағдайы.

Жаңажол кен орыны 1978 жылы ашылды. Кен орында тәжірибелі - кәсіпшілік игеру 1983 жылдан басталса, ал кәсіпшіліктік игеру 1987 жылдан басталды.

Кен орын бойынша 2003 жылы 4064,721 мың т. мұнай және 1336,4597 млн. мілеспе газ өндірілді. Мұнай алу қарқыны жалпы шығарылатын қорлардан 3,36 %, ал бастапқыда шығарылатын қорлардан 5,27 % - ды құрады.

Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 31 т/тәу. болды. Өндірілетін өнімнің орташа сулануы жылдың басында – 8,1 % - ды құрады.

Игеру басталғаннан, 2004 жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі аралықта 44121,321 мың тонна мұнай өндіріліп және ол шығарылатын қорлардан 36,4 % -ды құрады. Мұнайды шығару коэффициенті 0,1 – ге тең болды.

Игеру басталғаннан бері 12572,7419 млн. м ілеспе газ алынды. Барлық шоғырларда игеру, қабат қысымын су айдау әдісі арқылы ұстаумен жүргізіледі.

2003 жылы су айдау көлемі 8968,93 мың м құраса, ал игеру басталғаннан бері 66338,965 мың м су айдалды, бұл өз кезегінде қабаттық жағдайдағы сұйықтықты 70,8 % - ға алуды қамтамасыз етеді.

Ұңғымалар қорының ішінде пайдалану ұңғымаларының саны – 446, соның ішінде істеп тұрған – 413 ұңғыма, ал айдау ұңғымаларының саны – 134, соның ішінде істеп тұрған – 124 ұңғыма.

Жалпы кенорын бойынша 8 пайдалану объектісі белгіленді және игеріліп жатыр, соның ішінде 4 – уі: А, Б, В сол., В оңт., КТ-1 бірінші карбонатты қалыңдығында жатса, ал қалған 4-уі: Г3, Д3, Д ж., Д т. және Г т., КТ – 2 екінші карбонатты қалыңдығында жатады.

А объектісі – мұнайлы жапсары бар газконденсатты шоғыр болып табылады. 2004 жылдың 1 қаңтарында істеп тұрған, өндіру ұңғымаларының қоры 24 ұңғыманы құрады.

2003 жылы мұнай өндіру 42,975 мың т – ны құрады, ілеспе газды өндіру 12,1934 млн. м- ты құрап, бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 5,1 т/тәу болды. Жыл басынан өндірілетін өнімнің орташа сулануы 1,7 % - ды құрады. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 0,46 % - ды құрады.

Игеру басталғаннан бері А жиынтығының шоғырынан 479,91 мың т. мұнай мен 114,9055 млн. м ілеспе газ алынды. Шоғыр бойынша қорларды шығару деңгейі 5,2 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,0094 – ті құрады.

А жиынтығының оңтүстік аймағында су айдау 1992 жылдан, ал солтүстік аймағында 1995 жылдан жүргізіліп келеді. Су айдау үшін 2 ұңғыма іске қосылып, 2003 жылы 28,97 мың м су айдалды.

Игеру басталғаннан бері А жиынтығының шоғырына 519,847 мың м су айдалып, қабаттық жағдайларда алынған сұйықтың орнын толтыру – 53 % - ға жетті.

А жиынтығы бойынша келесідей геологиялық – техникалық шаралар іске асырылды: №№ 490, 552 ұңғымаларда қосымша перфорация жүргізіліп, соның арқасында қосымша 0,717 мың т. мұнай өндірілді. № 552 ұңғыманы НДГ – ға ауыстырудың арқасында, қосымша 0,628 мың т. мұнай өндірілді.

Б объектісі – газды телпегі бар мұнайлы шоғыр болып табылады. 2004 жылдың 1 қаңтарында істеп тұрған, өндіру ұңғымаларының қоры 89 ұңғыманы құрады.

2003 жылы мұнай өндіру 708,485 мың т – ны құрап, ал ілеспе газды өндіру 195,2381 млн. м- ты құрады. Өндірілетін өнімнің орташа сулануы 11,1 % - ды құрады. Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 22 т/тәу болды. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 3,5 % - ды құрады.

Игеру басталғаннан бері объект бойынша 7316,663 мың т. мұнай алынды. Шоғыр бойынша қорларды шығару деңгейі 35,2 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,12 – ні құрады.

Б жиынтығында игеру, оның оңтүстік аймағында барьерлі су айдау, ал солтүстік аймағында ошақты су айдауды қолдану арқылы жүргізіліп келеді. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша су айдау үшін 29 ұңғыма бар. 2003 жылы 1229,345 мың м, ал үрдіс басталғаннан бері 10347,928 мың м су айдалып, қабаттық жағдайларда алынған сұйықтың орнын толтыру – 70 % - ға жетті.

Б жиынтығы бойынша келесідей геологиялық – техникалық шаралар іске асырылды: №№ 451, 105, 444, 408,461 ұңғымаларында қосымша перфорация жүргізіліп, соның арқасында қосымша 2,971 мың т. мұнай өндірілді. №№ 456, 188, 402, 105 ұңғымаларында сулы горизонттарды оқшауландыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қосымша 0,142 мың т. мұнай өндірілді. №№ 848, 719, 4451, 467 ұңғымаларында ТҚӨ іске асырылып, соның арқасында қосымша 0,338 мың т. мұнай өндірілді.

Компрессорлы газлифтке №№ 130, 848, 454, 460,456,719,714 ұңғымалары көшіріліп, соның арқасында қосымша 2,084 мың т. мұнай өндірілді.

2003 жылы үздіксіз – дискретті газлифтке №№ 110, 451, 720, 443 ұңғымалары көшіріліп, қосымша мұнай өндіру көлемі 7,768 мың т – ға жетті. № 716 ұңғыма ШТС – қа көшірілді. Плунжерлі газлифтке №№ 929, 927, 452, 315, 436, 196, 455, 432 ұңғымалары көшіріліп, қосымша мұнай өндіру көлемі 11,9333 мың т – ға жетті.

В сол. объектісі – газды телпегі бар мұнайлы шоғыр болып табылады. 2004 жылдың 1 қаңтарында істеп тұрған, өндіру ұңғымаларының қоры 59 ұңғыманы құрады.

2003 жылы 708,485 мың т. мұнай, 38,4084 млн. м ілеспе газ өндірілді. Өндірілетін өнімнің орташа сулануы 40,7 % - ды құрады. Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 5,5 т/тәу болды. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 1,13 % - ды құрады.

Игеру басталғаннан бері объект бойынша 8290,588 мың т. мұнай алынды. Шоғыр бойынша қорларды шығару деңгейі 64,1 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,21 – ді құрады. Игеру басталғаннан бері 2124,7427 млн. м ілеспе газ алынды.

Шоғырға газ,сумен әсер ету арқылы объект игеріліп жатыр, ал 16 айдау ұңғымасы арқылы барьерлі қатарға су айдалып жатыр. 4 ұңғымада ошақты су айдау жүргізіліп жатыр.

В сол. жиынтығы бойынша мынадай шаралар іске асырылды: № 163 ұңғымада сулы горизонтты оқшауландыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру көлемі 10,388 мың т – ны құрады.

Компрессорлы газлифтке №№ 147, 301, 376, 611 ұңғымалары дайындалып және көшіріліп, соның арқасында қосымша 2,204 мың т. мұнай өндірілді.

В оңт. объектісі – үлкен емес газды телпегі бар мұнайлы шоғыр болып табылады. 42 өндіру ұңғымалары арқылы пайдалану жүргізіліп жатса, соның ішінде 35 ұңғыма ғана істеп тұр. 2003 жылы мұнай өндіру 156,387 мың т – ны құрап, ал ілеспе газды өндіру көлемі 41,1359 млн. м-ты құрады.

Өндірілетін өнімнің орташа сулануы 37,8 % - ды құрады. Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 11,5 т/тәу болды. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 3,1 % - ды құрады.

Игеру басталғаннан бері В оңт. жиынтығының шоғырынан 4154,786 мың т. мұнай мен 1044,237 млн. м ілеспе газ алынды. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шоғырдан қорларды шығару деңгейі 83,3 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,275 – ті құрады. Обьект бойынша аудандап су айдау 10 ұңғымада жүргізіліп жатыр. Игеру басталғаннан бері алынған сұйықтықтың орнын 90 % - ға толтыру үшін, қабатқа үрдіс басталғаннан бері 7089,346 мың м, ал жыл басынан 315,14 мың м су айдалды.

В оңт. жиынтығы бойынша мынадай шаралар іске асырылды: № № 636,718 ұңғымаларында, сулы горизонттарды оқшауландыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру көлемі 0,117 мың т – ны құрады. № 363 ұңғымада қосымша перфорация жүргізіліп, соның арқасында қосымша 0,072 мың т. мұнай өндірілді. Компрессорлы газлифтке №№ 342,361 ұңғымалары көшіріліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру көлемі 1,238 мың т – ны құрады. Плунжерлі газлифтке №№ 155, 645 ұңғымалары көшіріліп, қосымша мұнай өндіру көлемі 0,080 мың т – ға жетті.

Д ж., Д т., Д – 3, Г – 3 деген 4 игеру объектісі, кенорынның КТ – 2 екінші карбонатты қалыңдығында белгіленді. Г т. – 1 жиынтығы қайтымды қормен игеріледі.

Д ж. объектісі – мұнайлы шоғыр болып табылады. 2003 жылы 308,892 мың т мұнай, 79,7451 млн. м ілеспе газ өндірілді. Істеп тұрған 30 өндіру ұңғымалары арқылы пайдалану жүргізіліп жатыр.

Өндірілетін өнімнің орташа сулануы 1,3 % - ды құрады. Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 29,7 т/тәу болды. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 1,4 % - ды құрады.

2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, игеру басталғаннан бері Д ж. жиынтығында мұнай өндіру көлемі 3493,486 мың т – ға жетті, ал алынатын қорларды шығару деңгейі 15,8 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,058 – ді құрады. Игеру басталғаннан бері ілеспе газды өндіру көлемі 850,7445 млн. м-ты құрады.

3 қатарлық су айдау жүйесінің әдісі арқылы қабат қысымы ұсталады, осыған орай су айдау үшін 11 ұңғыма бар. Үрдіс басталғаннан бері 5032,38 мың м, ал 2003 жылы 508,98 мың м су айдалды, бұл игеру басталғаннан бері қабаттық жағдайларда алынған сұйықтықтың орнын 74,3 % - ға толтырады деген сөз.

Д ж. жиынтығы бойынша мынадай геологиялық – техникалық шаралар іске асырылды: істен шығарылған қордан № 38 ұңғыма пайдалануға енгізіліп, онда қосымша мұнай өндіру 4,52 мың т – ны құрады.

БОТЭС – қа №№ 3007, 2124, 2086 (Д ж.+Д т.) ұңғымалары көшіріліп, онда қосымша мұнай өндіру 2,522 мың т – ға жетті.

№ 2031 (Д ж.+Д т.) ұңғымасында ТҚӨ жүргізіліп, соның арқасында қосымша мұнай өндіру 6,643 мың. т – ны құрады.

Компрессорлы газлифтке №№ 2133, 2116 ұңғымалары көшіріліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру 8,506 мың т – ны құрады, сонымен қатар Д ж.+Д т.-гі №№ 2028, 2049, 2099, 2029, 2030 ұңғымалары да, компрессорлы газлифтке көшіріліп, оларда қосымша мұнай өндіру 28,626 мың т – ны құрады.

Д т. объектісі- мұнайлы шоғыр болып табылады. 2003 жылы 283,596 мың т мұнай, 73,3837 млн. м ілеспе газ өндірілді. Шоғыр 25 өндіру ұңғымалары арқылы игеріліп жатыр.

Өндірілетін өнімнің орташа сулануы 0,9 % - ды құрады. Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 46,7 т/тәу болды. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 3,0 % - ды құрады.

2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, игеру басталғаннан бері Д т. жиынтығында мұнай өндіру көлемі 2580,423 мың т – ға жетті, ал алынатын қорларды шығару деңгейі 27,3 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,1 – ді құрады. Игеру басталғаннан бері ілеспе газды өндіру 628,8855 млн. м- ты құрады.

3 қатарлық су айдау жүйесінің әдісін қолдану арқылы шоғыр игеріліп жатыр. 2003 жылы 260,65 мың м су айдалса, ал үрдіс басталғаннан бері 3073,669 мың м су айдалды. Бұл игеру басталғаннан бері қабаттық жағдайларда алынған сұйықтықтың орнын 64,0 % - ға толтырады деген сөз. Су айдау 5 ұңғыма арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Д т. жиынтығы бойынша мынадай геологиялық – техникалық шаралар іске асырылды: компрессорлы газлифтке №№ 2017, 2092, 2042, 2043, 3026 ұңғымалары көшіріліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру 8,653 мың т.-ны құрады. № 2032 ұңғымасында ТҚӨ жүргізіліп, соның арқасында қосымша мұнай өндіру көлемі 6,220 мың. т-ны құрады. БОТЭС – қа №№ 2025, 2032 ұңғымалары көшіріліп, онда қосымша мұнай өндіру көлемі 9,399 мың т – ға жетті.

Д – 3 объектісі – мұнайлы шоғыр болып табылады. Шоғыр 35 өндіру ұңғымалары арқылы игеріліп жатыр. 2003 жылы 289,103 мың т мұнай, 75,0047 млн. м ілеспе газ өндірілді.

Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 45,5 т/тәу болды. Өндірілетін өнімнің орташа сулануы 0,8 % - ды құрады. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 8,9 % - ды құрады.

2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, игеру басталғаннан бері Д – 3 жиынтығында 2580,423 мың т. мұнай, 628,8855 млн. мілеспе газ өндірілді. Қорларды шығару деңгейі 49,8 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,1 – ді құрады.

Пайдалануға 18 жаңа ұңғыма енгізіліп, оларда мұнай өндіру көлемі 67,495 мың т – ны құрады.

Д – 3 жиынтығы бойынша мынадай геологиялық- техникалық шаралар іске асырылды: № 2232 ұңғымасында сулы горизонттарды оқшауландыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қосымша 3,430 мың т. мұнай өндірілді. Компрессорлы газлифтке №№ 2361, 2371, 3313, 3305, 3317, 3310 ұңғымалары көшіріліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру көлемі 10,606 мың т – ны құрады.

№№ 3327, 3316, 3300, 3314, 3355, 3322 ұңғымаларында ҚҚЖ жүргізіліп, соның арқасында қосымша мұнай өндіру көлемі 5,053 мың. т – ны құрады.

3 қатарлық су айдау жүйесінің әдісін қолдану арқылы шоғыр игеріліп жатыр. 2003 жылы 415,795 мың м су айдалса, ал үрдіс басталғаннан бері 1709,921 мың м су айдалды. Бұл игеру басталғаннан бері қабаттық жағдайларда алынған сұйықтықтың орнын 56,2 % - ға толтырады деген сөз. Су айдау 4 айдау ұңғымалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Г – 3 объектісі – екінші карбонатты қалыңдық бойынша негізгі игеріліп жатқан объект және газ телпегі бар мұнайлы шоғыр болып табылады. 2004 жылдың 1 қаңтарында істеп тұрған, өндіру ұңғымаларының қоры 118 ұңғыманы құрады.

2003 жылы 2119,126 мың т. мұнай, 819,1897 млн. м ілеспе газ өндірілді.

Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 54,8 т/тәу болды. Өндірілетін өнімнің орташа сулануы 3,1 % - ды құрады. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 6,15 % - ды құрады.

2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, игеру басталғаннан бері Г – 3 жиынтығында 16097,498 мың т. мұнай, 5542,1487 млн. мілеспе газ өндірілді. Қорларды шығару деңгейі 46,7 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,13 – ті құрады.

Г – 3 объектісі, щоғырға сугазбен әсер ету, газ телпегінің орталығына су айдау арқылы игеріліп жатыр. Су айдау 48 айдау ұңғымалары арқылы жүзеге асырылып жатыр. 2003 жылы 5346,96 мың м су айдалса, ал үрдіс басталғаннан бері 24629,976 мың м су айдалды. Бұл игеру басталғаннан бері қабаттық жағдайларда алынған сұйықтықтың орнын 90 % - ға толтырады деген сөз.

Г – 3 жиынтығы бойынша мынадай геологиялық – техникалық шаралар іске асырылды: №№ 2431, 3500, 3480, 3503, 3426, 3550, 2355, 3409, 3457, 3504, 3473, 3479, 3408 ұңғымалары бұрғылаудан шығарылды. Жыл басында жаңа ұңғыларындағы мұнай өндіру көлемі 87,49 мың т – ны құрады. № № 2341, 3412 ұңғымаларында сулы горизонттарды оқшауландыру жүргізіліп, соның нәтижесінде қосымша 18,382 мың т. мұнай өндірілді.

№№ 2377, 2376, 2446, 2453, 2444, 2358, 3476, 2407, 3434, 2425, 3475, 2451 ұңғымалары компрессорлы газлифтке көшіріліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру көлемі 17,73 мың т – ны құрады. №№ 2559, 2449, 2441, 2558, 3472, 3503, 3462 ұңғымаларында қосымша перфорация жүргізіліп, соның арқасында қосымша мұнай өндіру көлемі 60,05 мың т – ны құрады.

ШТС – қа № 3426 ұңғымасы көшіріліп, онда қосымша мұнай өндіру көлемі 0,025 мың т – ға жетті.

№ 2547 ұңғымасында ҚҚЖ жүргізіліп, соның нәтижесінде қосымша 1,524 мың т. мұнай өндірілді. №№ 2557, 3472, 2399, 2402, 2444, 3419, 3465, 2436, 2407, 2429 ұңғымаларында ТҚӨ жүргізіліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру көлемі 3,848 мың т-ны құрады. Істен шығарылған қордан №№ 66, 61 ұңғымалары пайдалануға енгізіліп, оларда қосымша мұнай өндіру көлемі 23,08 мың т-ны құрады. №№ 2394, 2380, 3550, 3465, 2580 ұңғымалары НДГ-ге көшіріліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру көлемі 6, 667 мың т – ны құрады.

Г т. – 1 объектісі – 2004 жылдың 1 қаңтарында істеп тұрған, өндіру ұңғымаларының қоры 2 ұңғыманы құрады.

Бір ұңғыма бойынша мұнайдың орташа шығымы 25,6 т/тәу болды. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Г т. – 1 жиынтығында 9,896 мың т. мұнай және 5542,1487 млн. мілеспе газ өндірілді. Мұнайды алу ырғағы, бастапқыда шығарылатын қорлардан 0,9 % - ды құрады.

Игеру басталғаннан бері Г т. – 1 жиынтығында 91,089 мың т. мұнай, 29,6017 млн. мілеспе газ өндірілді. Қорларды шығару деңгейі 8,3 %, мұнайды шығару коэффициенті 0,01 – ді құрады.

2002 жылдың осы кезеңдегі Жаңажол кен орынының игеру көрсеикіштерімен салыстырсақ: мұнай өндіру 84,721 мың т – ға, ілеспе газдың көлемі 154,2 млн. м- қа артып, ал бір ұңғымаға келетін орташа шығым өскен жоқ. Су айдау көлемі 735,26 мың м- қа артты.

Кен орын бойынша істеп тұрған өндіру ұңғымаларының қоры 413 ұңғыманы құрады. Жеке ұңғыма бойынша жүргізілген шараның нәтижесінде және жаңа ұңғымаларды енгізуге байланысты мұнай өндіру өсті.

Жалпы кен орын бойынша жыл басынан мынадай шаралар іске асырылды:

- пайдалануға жаңадан 31 ұңғыма енгізіліп, оларда мұнай өндіру көлемі 154,985 мың т – ны құрады.

- 16 ұңғымада қосымша перфорация жүргізіліп, оларда қосымша мұнай өндіру көлемі 63,738 мың т – ны құрады.

- 22 ұңғымада сулы горизонтты оқшауландыру жүргізіліп, оларда қосымша мұнай өндіру көлемі 32,699 мың т – ны құрады.

- 28 ұңғымада ТҚӨ жүргізіліп, оларда мұнай өндіру көлемі 21,316 мың т –ны құрады.

- БОТЭС – қа 6 ұңғыма көшіріліп, оларда мұнай өндіру көлемі 11,921 мың т – ны құрады.

- компрессорлы газлифтке 63 ұңғыма көшіріліп, оларда қосымша мұнай өндіру көлемі 97,755 мың т – ны құрады.

- НДГ-ға 10 ұңғыма көшіріліп, оларда мұнай өндіру көлемі 15,063 мың т –ны құрады.

- істен шығарылған қордан 4 ұңғыма пайдалануға енгізіліп, оларда мұнай өндіру көлемі 27,600 мың т – ны құрады.

- плунжерлі газлифтке 19 ұңғыма көшіріліп, оларда мұнай өндіру көлемі 12,749 мың т – ны құрады.

- ШТС – қа 6 ұңғыма көшіріліп, соның нәтижесінде қосымша мұнай өндіру көлемі 0,045 мың т-ны құрады.

- 7 ұңғымада ҚҚЖ жүргізіліп, олар бойынша мұнай өндіру көлемі 6,577 мың т-ны құрады.

- 16 ұңғыма су айдау үшін көшірілді.



1.6.1 Өндірістік бағдарламаның орындалуы.

2003 жылы 4064,7 мың т. мұнай өндіру жоспарланған , ал Жаңажол кен орынында 4064,7 мың т. мұнай өндірілді, яғни жоспар 100 % - ға орындалды. Өткен жылмен салыстырып көрсек, осы кезеңінде 3946,595 мың т. мұнай өндірілді немесе нақты мұнай өндіру 1,02 пайызға ұлғайды. Жоспар бойынша 3977,792 мың т. тауарлы мұнай тапсыру керек еді, бірақ іс жүзінде 3946,595 мың т. тауарлы мұнай тапсырылды немесе жоспар 99,2 пайызға орындалды. Жоспар бойынша 916,412 млн. м ілеспе мұнайлы газды өндіру керек еді, бірақ іс жүзінде 927,910 млн. м ілеспе мұнайлы газ өндірілді немесе жоспар 101,3 пайызға орындалды.

Қабат қысымын ұстау мақсатымен, қабатқа жоспар бойынша 8961,250 мың мсу айдау керек еді, бірақ іс жүзінде 8968,930 мың м су айдалды немесе жоспар 101,1 пайызға орындалды. Жоспар бойынша 34 ұңғыма пайдалануға енгізілуі керек еді, бірақ іс жүзінде 31 жаңа ұңғымалар (№№ 2431, 3500, 3480, 3318, 3328, 3503, 3327, 3319, 3322, 3316, 3426, 3550, 2355, 3315, 3334, 3409, 3457, 3355, 3348, 3504, 3329, 3473, 3353, 3358, 3306, 3479, 3362, 3354, 3408, 3325, 3361) пайдалануға енгізілді немесе жоспар 91,2 пайызға орындалды.

1.6.2 Өндіру қоры бойынша негізгі ұйымдастырушылық –техникалық шараларының орындалуы.

Техникасы мен технологиясы.

2004 жылдың 1 қаңтарында Жаңажол кен орыны бойынша жалпы ұңғымалар қоры 593 ұңғыманы құрады, солардың ішінде өндіру қорына – 413 ұңғыма, айдау қорына – 134 ұңғыма, бақылау қорына – 13 ұңғыма кіріп, ал қалған 33 ұңғыма бос тұрды. Өндіру қорындағы 413 ұңғыма істеп тұр, соның ішінде 229 ұңғыма фонтанды әдіспен пайдаланады, 19 ұңғыма терең сорапты пайдалануға көшірілді, 95 ұңғыма компрессорлы газлифтке көшірілді, 47 ұңғыма үздіксіз-дискретті газлифтік әдісімен пайдаланады, 18 ұңғыма плунжерлі газлифтке көшірілді, 6 ұңғыма БОТЭС – қа көшірілді.

БОТЭС – қа көшіру, 6 ұңғымада ұйымдастырылды.

Кесте 1.6.2.1



№, реті

Ұңғыманың №№

Шығымы, т./тәу.

Жөндеуге дейін

Жөндеуден кейін

1

2025

85

130

2

2032

58

104

3

3007

23

45

4

490

10

15

5

2086

30

70

6

2124

12

25

БОТЭС – қа 6 ұңғыманы көшірудің нәтижесінде, қосымша өндіру көлемі 11,921 мың т-ны құрады.

2004 жылдың 1 қаңтарында бір ұңғымаға келетін орташа тәуліктік шығым 29,8 т./тәу. болды.

Белгіленген ұйымдастырушылық-техникалық шараларына байланысты 2003 жылдың жоспары бойынша 34 жаңа ұңғымалар пайдалануға енгізілуі тиіс еді, бірақ 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 31 жаңа ұңғымалар іске қосылды, оларда қосымша мұнай өндіру көлемі 154,985 мың т – ны құрады, бірақ жоспарда 232,500 мың т. мұнай өндіру көзделген болатын.

Мұнайды өндіруді жетілдіру үшін жыл бойы зерттеу қорында, жоспар бойынша өндіру қорында, қосымша перфорацияға байланысты 29 ұңғ./опер. жүргізу тиіс еді, бірақ іс жүзінде 16 ұңғ./опер. жүргізілді. Шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде жоспар бойынша қосымша 58,0 мың т. мұнай өндіру көзделген болса, бірақ іс жүзінде қосымша 63,738 мың т. мұнай өндірілді.

2003 жылы НҰТШ байланысты өндіру қорынан 64 ұңғыма компрессорлы газлифтік пайдалануға көшірілді. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 63 ұңғыма көшіріліп, оларда жоспар бойынша қосымша мұнай өндіру 151,04 мың т – ны құрау тиіс еді, бірақ іс жүзінде қосымша мұнай өндіру 97,755 мың т – ны құрады.

2003 жылы НҰТШ байланысты жоспар бойынша өндіру қорынан 13 ұңғыма үздіксіз – дискретті газлифтке (ҮДГ) көшірілуі тиіс еді, бірақ 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 11 ұңғыма көшіріліп, оларда жоспар бойынша қосымша мұнай өндіру 47 мың т – ны құрау тиіс еді, бірақ іс жүзінде қосымша мұнай өндіру 15,063 мың т – ны құрады.

2003 жылы НҰТШ байланысты жоспар бойынша өндіру қорында 70 тұз қышқылымен өңдеу (ТҚӨ) жүргізілуі тиіс еді, бірақ 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 28 ТҚӨ жүргізілді, соның арқасында жоспар бойынша қосымша мұнай өндіру 13,125 мың т – ны құрау тиіс еді, бірақ іс жүзінде қосымша мұнай өндіру 21,316 мың т – ны құрады. Өндіру ұңғымаларының қоры бойынша басқа шаралармен бірге жүргізілген ТҚӨ - дің саны 200 ұңғ./опер.-ны құрайды.

НҰТШ байланысты жоспар бойынша 19 өндіру ұңғымада қабатты қышқылмен жару (ҚҚЖ) жүргізілуі тиіс еді, бірақ іс жүзінде 7 ұңғымада жүргізілді. Нәтижесінде алынған тиімділік 7,600 мың т – ны құрады.

2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоспар бойынша 40 өндіру ұңғымада сулы горизонтты оқшауландыру жүргізілуі тиіс еді, бірақ іс жүзінде 22 өндіру ұңғымада жүргізілді, оларда жоспар бойынша қосымша мұнай өндіру 40 мың т-ны құрау тиіс еді, бірақ іс жүзінде қосымша мұнай өндіру 32,699 мың т-ны құрады.

2003 жылы жоспар бойынша 20 ұңғыма плунжерлі газлифтке (ПГЛ) көшірілуі тиіс еді, бірақ 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 20 ұңғыма көшіріліп, оларда жоспар бойынша қосымша мұнай өндіру 20,0 мың т –ны құрау тиіс еді, бірақ іс жүзінде қосымша мұнай өндіру 12,749 мың т – ны құрады.

2003 жылы жоспар бойынша 3 ұңғыма БОТЭС – қа көшірілуі тиіс еді, бірақ 5 ұңғыма көшірілді, оларда қосымша мұнай өндіру 11,921 мың т – ны құрады.

2003 жылы жоспар бойынша 3 ұңғыма өзінің газын пайдаланатын газлифтке көшірілуі тиіс еді, бірақ 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 ұңғыма (№ 3503) көшірілді.

2003 жылы жоспар бойынша істен шығарылған қордан 3 ұңғыманы іске қосу керек еді, бірақ іс жүзінде 4 ұңғыма іске қосылды, оларда қосымша мұнай өндіру 27,600 мың т-ны құрады.

Жыл бойы №№1,2 мұнай өндіретін цехтердің күшімен, ұңғымаларды және шығару желілерін ыстық мұнаймен жуу, сонымен қатар жойғыш пен еріткіштерді айдаудың көмегімен мұнай коллекторлары мен СКҚ-дың лифті, АСПО жиналымнан және гидрат түзілуінен тазартылды:

- 2324 ұңғ./опер. ыстық жуу ;

- 583 ұңғ./опер. химиялық өңдеу ;

- УКТ күшімен 432 жер асты жөндеу жүргізілді ;

2003 жылы Жаңажол кен орынында коррозия ингибиторларының көмегімен жер ұсті мен жер асты жабдықтарын коррозиядан қорғау, АСПО – ны алдын алу жүргізілді. Қазіргі уақытта “Ақтөбехимкомбинат Кели” фирмасының жойғыштары мен ингибиторлары пайдалынады: KW – 201, KO – 101, KL – 301 және сонымен қатар KL – 99 жойғышы.

Химреагенттердің шығыны:

СНПХ – 7850 – 467,7 т .

Метанол – 832,7 т.

KO – 101 – 176,2 т.

KW – 201 – 288,2 т.

KL – 301 – 44,7 т.

KL – 99 – 341,4 т.

KL – 6555 – 373,7 т.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет