Дипломдық жоба "Жаңажол кен орында электрлі ортадан тепкіш сораптардың тиімділігін арттыру"



бет6/7
Дата05.03.2016
өлшемі0.66 Mb.
#42441
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Өндірістік нысандар. Еңбектің оптималды санитарлық – гигиеналық қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін, бір жұмысшыға келетін жұмыс орынының көлемін, ауданын білу керек.

Нысан түрі технологиялық үрдіске байланысты таңдалып алынады.

Желдету қондырғысы болуы керек. Санитарлық нормаларға сәйкес әрбір жұмысшыға келетін өндірістік орынның көлемі және ауданы, сәйкесінше 15 м және 4,5 м болуы керек. Өндірістік орындардың биіктігі 3,2 м – ден кем болмауы керек, өйткені одан төмен болған жағдайда , жарықтың таралуы және орынның желдетуі қиын болады. Едендер және төбелер аз жылу өткізгішті, шаңдарды ұстамайтын болуы шарт.

Жұмысшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін санитарлы тұрмыстық орындар бар. Бұндай орындарға асханалар, киім шешетін және жуынатын бөлмелер, темекі тартатын орындар және емдеу мен бірінші көмек көрсететін дәрегерлік пункттар жатады.

Өндірістік үрдістердің санитарлық сипаттамасына байланысты тұрмыстық орындарының ауданы, жабдығы мен қондырғысы тағайындалады.

Санитарлық белгісіне байланысты барлық өндірістік үрдістер төрт топқа бөлінеді:

І топқа – шаңдар мен зиянды заттарды тастамайтын және қалыпты метеорологиялық жағдайларда жүретін үрдістер жатады.

ІІ топқа –ауыр физикалық жұмыспен байланысты, қолайсыз жағдайларда және зиянды заттарды шығара жүретін үрдістер жатады.

ІІІ топқа – зиянды заттардың бөлінуі аса байқалатын үрдістер жатады.

ІV топқа - өнімнің сапасын қамтамасыз ететін, ерекше талап қойылатын үрдістер жатады.



3.2.2 Батырылмалы ортадан тепкіш электрсораптармен жабдықталған ұңғымаларды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі.

Батпалы сораптардың қондырғыларын пайдаланудың, демонтаждаудың, монтаждаудың барлық жұмыстары, “Мұнай өндіретін кәсіпшіліктердегі қауіпсіздік ережелеріне” және “Электрқондырғыларды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздік ережелеріне” сүйеніп орындалуы керек.

Жұмыстарды жүргізудің қауіпсіздігі бойынша арнайы талаптары, келесідей ережелердің орындалуын қарастырады:

Аппараттардың бекітілу беріктігін, жер үсті электржабдықтың байланысын, ток жүретін бөліктерді ұстау мүмкіндігімен байланысты жұмыстарды тексеру керек және ол жұмыстар, қондырғы, рубильник токтан ажыратылған кезде жүргізілуі керек.

Трансформатордың (автотрансформатордың), басқару станциясының және желінің бронясы жерсіндірілген болуы керек.

Ұңғыманың шегендеу тізбегі жерсіндірілген контурмен немесе нольдік желімен қосылған болуы керек.

Басқару станциясындағы релейлі аппараттарды және өлшеу құралдарды қондырғанда, жөндеу үшін алғанда, реттегенде, тексергенде және монтаждағанда, қондырғы өшірілген болуы тиіс және оны, біреуінің біліктілігі 3 топтан төмен болмайтын, екі маман жүргізуі қажет.

Басқару станциясынан, ұңғыма сағасына дейін, арнайы тіректер арқылы жер бетінен 400 мм биіктікте желі жүргізіледі.

Қондырғы жұмыс істеп тұрған кезде, қол сұғуға болмайды.

Қондырғының оқшаулануының кедергісі 1000 В – қа дейін болады.

Басқару станциясындағы рубильник блогын ауыстырғанда және жөндегенде, станциядағы ток желісі ажыратылған болуы қажет.

Батпалы агрегаттың бөліктерін қосқан кезде, қолмен шлицті муфтаны ұстауға болмайды.

Жер үсті электржабдықты, желінің электрқозғалтқышқа бекітілген жерді қарауды және батырылмалы электрсораптардың электржабдықтарын жөндеуді электрмонтерлер жүргізеді.

Мұнарада немесе треногада белбеуге, ал мачтаның аяғына хомутпен бекітілген кронштейндегі шынжырдың көмегімен желілік ролик ұстатылады. Бұндай операция жүргізіліп жатқан жердегі алаң қоршалған болуы қажет және түсіру – көтеру қондырғысының баспалдағы немесе қауіпсіздік белбеу бар болуы керек. Көтеру – түсіру операциялары кезінде, ролик арқылы өткізілетін желі мұнараның элементтеріне, треноганың мачтасына тимеуі керек.

Ұңғыманың түбіне батырылмалы электрсорапты түсіру кезінде келесідей талаптарды орындау қажет:

Батырылмалы сораптағы электржабдық токтан ажыратылуы тиіс.

Сорапты түсіру жылдамдығы 0,5 м/сек. – тан аспауы керек.

Желі көтеру құбырлар тізбегіне бекітілген болуы керек.

Барабаннан желіні жіберу және оны орау механикалық түрде жүргізілуі тиіс. Ұңғыма сағасында батырылмалы электрлі ортадан тепкіш сорапты сынау барысында, желіге қол сұғуға болмайды.

Барабансыз желіні тасымалдауға болмайды.

Ұңғыма сағасында батырылмалы электрлі ортадан тепкіш сорап арнайы хомуттармен құрастырылуы тиіс.

Батырылмалы электрлі ортадан тепкіш сораптармен жабдықталған ұңғымаларды қалыпты пайдалану үшін, сақиналы кеңістіктен газ алу үшін ұңғыма сағасынан құбыр тартылуы керек және сораптың беруін реттеу үшін айдау құбырларында бұрандамалар болуы қажет.



3.2.3 Өрттік – жарылыстық қауіпсіздік

Жаңа ұңғымаларды бұрғылау барысында, оларда ашық фонтандауды алдын алатын шараларды қабылдау қажет. Ұңғыманы игергенде және сынағанда, жерлердің құлауын ескеру қажет. Өндіру және айдау ұңғымаларының пайдалануы, лақтырыстарды және ашық фонтандауды болдырмайтын саға жабдығына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Жүзеге асуы тиіс:

- мұнай мен суды дайындайтын, айыратын және жинайтын жүйе толық саңылаусыз болуы керек;

- лақтыру желісінің жарылу жағдайы кезінде, ұңғыманың жұмысы автоматты түрде тоқтауы тиіс;

- МҚДО – ға газмұнайлы қоспаны тасымалдайтын құбырларда ішкі және сыртқы коррозиядан қорғайтын бет болуы керек;

- ТӨҚ – тың, СС – ның, ұңғыманың түсуін ескеру қажет;

- ұңғымадан топтық қондырғыларға және басқа нысандарға дейінгі өртке қарсы қашықтық 40 м – ден кем емес болуын сақтау керек;

- топтық қондырғылардан өрттеу көздеріне дейінгі қашықтық 100 м болуы тиіс;

- вагондардың арасындағы қашықтық 3 м – ден кем болмауы керек;

- газдалған аймақ аптасына 1 рет тексерілуі тиіс;

- қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар және демалу, реттеу клапандары күнделікті бақылаудан өту керек;

- өртенбейтін материалдармен жабдықтарды жылудан оқшауландару керек;

- ұңғыма қондырғыларының, сораптардың, бұрандамаларының жағдайына бақылау жасау керек;

- жаңармайларды арнай белгіленген жерлерде сақтау керек;

- мұнайды қыздыратын пештердегі температураны реттейтін қондырғылар бақыланып тұруы тиіс;

- ұңғыманы монтаждағанда және демонтаждағанда, лақтырыстың болдырмауын қарастыру керек;

- қолайсыз климаттық жағдайларда қауіпті жұмыстарды тоқтату керек

- өрт болған жағдайда, жұмысшыларды қауіпті аймақтан алып кету, құтқару сияқты жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс.

3.3 Мұнай және газ өндіретін цехтағы апатты жою жоспары.

Жарылыстық - өрттік қауіпті объектілердегі мүмкін апаттарды жоятын жоспар болуы керек. Онда апаттарды алдын алу, апатты жағдайда персоналдың жедел әрекет етуін және апатты жою шаралары қарастырылуы қажет.


Кесте 3.3.1 - Апатты жою жоспары.


№, реті

Апаттардың түрлері және пайда болу орындары

Апатты жою және адамдарды құтқару шаралары

Орындауға жауапты адамдар

Адамдарды құтқара

тын заттар

дың орналас

қан жері


«Ақберен» АФРГКП – ның және «Өрт сөндіруші» АФРГП – ның іс - әрекеті

1

2

3

4

5

6

1.

Ұңғымадан, АТӨҚ – қа дейінгі шығару коллекторы

ның жарылуы



Цехтың бастығына

немесе оның орынбасарына хабарлау керек



  • әскери отрядты шақыру керек

  • адамдарды құтқару және оларды алып кету шараларын қабылдау керек

  • ЛЭП және КИПиА желісін өшіру керек

  • ұңғымадағы бұрандаманы жабу керек

  • шығу жіптерінің блогындағы бұрандаманы жабу керек

  • кейінгі жұмыстарды қосымша жоспар бойынша жүргізу керек




бірінші

байқаған


мастер,

ДГСД – ның

кезекші

операторы


электриктер

оператор

оператор

жауапты

жетекші


Цехтағы СИЗ үшін орын

«Ақберен» АФРГКП – ның, ДПД – ның, «Өрт сөндіруші» АФРГП

ДГСД – ның жеке құрамы газдалған аймақтақалып қалған адамдарды құтқарады, жұмысшыларға хабарлайды, апат маңында өрттерді болдырмау шараларын жүргізеді және басшының нұсқауын орындайды




Кесте 3.3.1 жалғасы

2.

АТӨҚ –тан ЖжДО – ға дейінгі мұнайгазды жинайтын коллектор

дың жарылуы



Цехтың бастығына

немесе оның орынбасарына хабарлау керек



  • «Ақберен» АФРГКП – ны шақыру керек

  • ЖжДО – ның бастығына хабарлау керек

  • берілген коллектор бойынша жұмыс істеген АТӨҚ – ты және ұңғымаларды жабу керек

  • газдалған аймақтағы адамдарды құтқару және оларды алып кету шараларын қабылдау керек

  • КИПиА желісін және ЛЭП – ті ажырату керек

  • ұңғымалар тоқтағаннан кейін АТӨҚ – қа қарай бағытталған, мұнайды жинайтын коллектордағы бұрандамаларды жабу керек

  • мұнайды жинайтын коллектордағы мұнайды АТӨҚ – ғы ВП – 16 – ға ағызып жіберу керек

  • алдағы жұмыстарды қосымша жоспар бойынша жүргізу керек




бірінші байқаған

кезекші оператор

мастер

ДГСД – ның операторы



кезекші

электрик
«Ақберен» АФРГКП – сі


жауапты


жетекші







Кесте 3.3.1 жалғасы



3.

ЖжДО – ғы айырғыштардың істен шығуы

  • кәсіпшіліктің ішіндегі барлық АТӨҚ – тың және ұңғымалардың жұмысын тоқтату керек

  • алдағы жұмыстарды қосымша жоспар бойынша жүргізу керек




мастер
жауапты

жетекші



Цехтағы СИЗ үшін орын




4.

Жұмысшы және көмекші айырғыштың істен шығуы

  • цехтың бастығына немесе оның орынбасарына хабарлау керек

  • айырғышпен бірге жұмыс істейтін ұңғымаларды жабу керек

  • ұңғымаларды АТӨҚ – пен байланыстыратын бұрандамаларды жабу керек

  • айырғыштағы қысымды салыстыру керек

кезекші оператор
мастер

мастер


Цехтағы СИЗ үшін орын

«Ақберен» АФРГКП – ның, ДПД – ның, «Өрт сөндіруші» АФРГП

ДГСД – ның жеке құрамы газдалған аймақта қалып қалған адамдарды құтқарады


Кесте 3.3.1



5.


6.


Газ құбырының істен шығуы

Кенорынныңобъектісінде өрттің пайда болуы




  • «Ақберен» АФРГКП – ны, «Өрт сөндіруші» АФРГП – ны және медбөлімді шақыру керек

  • цехтың бастығына немесе оның орынбасарына хабарлау керек

  • ЖжДО – ның бастығына хабарлау керек

  • КИПиА желісін және ЛЭП – ті ажырату керек




  • газ құбырының жұмысын тоқтату керек

  • айырғыштағы газды ДНС – ке көшіріп және факелді жағу керек

  • алдағы жұмыстарды қосымша жоспар бойынша жүргізу керек

Цехтың бастығына, ЦИТС – тің технологына хабарлау керек



  • өртті сөндіретін команданы шақыру керек

  • адамдарды құтқаратын және өртті сөндіретін шараларды қабылдау керек

  • КИПиА желісін және ЛЭП – ті ажырату керек

  • объектінің жұмысын тоқтату керек

кезекші оператор

кезекші оператор


кезекші

электрик


«Ақберен» АФРГКП – ның командирі

жауапты


жетекші

бірінші байқаған


«Өрт сөндіруші» АФРГП


Цехтағы СИЗ үшін орын

Цехтағы СИЗ үшін орын



«Ақберен» АФРГКП – ның, ДПД – ның, «Өрт сөндіруші» АФРГП

ДГСД – ның жеке құрамы газдалған аймақта қалып қалған адамдарды құтқарады

ДПД – ның, «Өрт сөндіруші» АФРГП– ның

жеке құрамы қауіпті аймақта қалып қалған адамдарды құтқарады, жауапты жетекшінің басшылығымен

өртті сөндіру жұмыстарын жүргізеді

Кесте 3.3.1 жалғасы



7.

Электрэнер

гиясының сөніп қалуы



Цехтың бастығына, ЦИТС – тің технологына хабарлау керек

  • бас инженерге хабарлау керек

  • электриктердің жедел бригадасын шақыру керек




бірінші байқаған

кезекші оператор

мастер









4 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

4.1 Атмосфераны, гидросфераны және литосфераны (топырақ, жер қойнауы) ластайтын көздер ретінде технологиялық үрдістерді талдау.

Жаңажол кен орынында барлама ұңғымаларды бұрғылау бағдарламасы бойынша күнделікті жұмыстар қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етеді. Апаттық жағдайлар және басқа оқиғалар қоршаған ортаға басқа қауіп төндіреді, олар жеке қарастырылады.

Биосфера компоненттерін ластаушы негізгі көздер.

Негізгі ластаушы көздер келесілер:

- мұнай өндіру;

- Аташ карьері;

- тазартылған бұрғылау шламын көметін орындар;

Осылайша, мұнай қалдықтарын тастау келесі жағдайларда жүзеге асады:

- бұрғылау қондырғысын жинау;

- жою және құлату;

- бұрғылау жұмыстары.

Атмосфераға қалдықтар тастау келесі жағдайларда болады: бұрғылау қондырғысын жинау, жою және құлату, бұрғылау жұмыстары. Қалдықтар келесі жағдайларда тасталады: бұрғылау қондырғысын жинау, жою және құлату, бұрғылау жұмыстары.



4.1.1 Атмосфераны ластау көздері.

Атмосфераның химиялық ластануы. Жаңажол кен орнының атмосфераға әсер ету көздері өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру, жинау және өңдеуге қажетті негізгі және қосымша өндірістердің жүйелері мен құрылымдары, технологиялық жабдықтар, қондырғылар болып табылады.

Жаңажол кен орнының өнеркәсіптік алаңында ластаушы заттардың 30 стационарды көзі анықталды, оның 25-і ұйымдастырылмаған.

Ұйымдастырылған көздерге қазандардың түтіндік мұржалары, топтық өлшеу қондырғыларының оттық жүйелері, өнеркәсіптік ғимараттардың вентиляциялық құбырлары жатады.

Ұйымдастырылмаған көздерге сальникті, фланецті қосылыс-тардың, бақылау және жапқыш – реттегіш арматураның тығыз емес жерлерінен; арматураның тығыз емес жерлерінен; жабдықтар мен қондырғылардың тығыз емес жерлерінен; қатты, сұйық және газ тәрізді орталардың ашық беттері жатады.

Ұйымдастырылған көздердің жалпы саны 5 (қалыпты режим) және ұйымдастырылмаған көздердің саны 25. Ластаушы көздер жер бетіндегі (2м), төмен (2 – 10м), темпиратурасына байланысты сұйық (10 – 50) және ыстық (200 – 800) болып бөлінеді.

Жаңажол кен орнында жобаланған жұмыстар барысында атмосфераны негізгі ластау көздері:

- іштен жану қозғалтқыштарында жанармай жағу;

- ұңғыманы сынау барысында қабат флюидтерін алаулы оттықта жағу;

- қалдықтарды өртеу;

- мұнайы бар шламдарды жылулық десорбциялау;

- шаңдану.

Жаңажол кен орнында барлау жобасы бойынша атмосфераға тасталатын қалдықтарды бағалау үшін қалдықтардың стандартты факторлары қолданылған.

Адамның ағзасына әсеріне байланысты лақтырылатын заттар санитарлық нормаларға сәйкес 4 класқа бөлінеді. Жаңажол кен орнының объектілерінен 1 класты заттар жоқ, 2 класты заттардан атмосфераға лақтыратын заттар: азот диоксиді – 52.613 т., акролеин – 0.046 т., фторлы сутек – 0.0001т. Жалпы 2 класты лақтырылатын заттар мөлшері – 52.659 т. 3 класты заттардан күкіртті ангидрид – 3.658 т., сажа – 0.791 т., пісіру аэрозолі – 0.0034 т. Жалпы мөлшері – 4.452 т. 4 класты заттардан көмірсутектер – 81.903 т. және көміртек тотығы – 174.537 т. Жалпы мөлшері – 256.44 т.

Кесте 4.1.1.1 – Күнделікті іс-әрекет барысындағы қалдықтар көлемі


Қалдық көзі

Мөлшері

Техникалық су

1.137м/(ауыз су+басқа көздер)

Артық техникалық су

<30м/күн

Ұңғыманы сынау барысында алаулы оттықтан бөлінген мұнай

0-70литр

Газды қоспаларға лақтырылатын заттардың 99,75%, қатты заттарға

0,25% келеді.

Газды қоспаларда негізгі үлесі (56%) көміртек оксидіне, 26% көмірсутектердің үлесіне, 17% азоттың диоксидіне тиеді.

Ең қатерлі заттар: азот диоксиді, акролеин және фторлы сутектің (2 қауіптілік класы) көлемі 1,4%.

Жаңажол кен орнының объектілерімен атмосфераға лақтырылатын заттардың толық тізімі 4.1.1.2-кестеде келтірілген. Кестеде шектеулі рұқсат етілген концентрациясы (ШРК), лақтырылатын заттардың көлемі (М) т/г, заттардың қауіптілік класы (ЗҚК) келтірілген.

Кесте 4.1.1.2





Ластаушы заттардың атауы

Қауіпті

лік класы



ШРК максимал

ды бір реттік, мг/м3



ШРК орта тәуліктік, мг/м3

Бір жылда лақтырыла

тын зиянды заттар көлемі, т.



1

Азот диоксиді

2

0.085

0.04

52.613

2

Фторлы сутек

2

0.02

0.005

0.0001

3

Акролеин

2

0.03

0.01

0.046

4

Күкіртті ангедрид

3

0.5

0.05

3.658

5

Сажа

3

0.15

0.05

1.791

6

Пісіру аэрозолі

3

0.15

0.05

0.0034

7

Көміртек тотығы

4

5.0

3.0

174.537

8

Көмірсутектер

4

1.0

1.5

81.903

Барлығы










314.551

Атмосфераға әсер ету бойынша ластаушы көздер тікелей әсер етуімен сипатталады. Ластаушы заттардың шығарылуы негізінен үздіксіз, жыл бойына жүреді.

Лақтырыстардың құрамында 2 және 3 қауіптілік класты зиянды заттар бар:

қауіпті – азот диоксиді, акролеин, фторлы сутек;

аз қауіпті – көмірсутектер, көміртек оксиді.

Жаңажол кен орнындағы алынған ЗҚК қауіптілік критериі: 11534.48<10 өнеркәсіптің үшінші қауіптілік класына жатады.

4.1.2 Литосфераны ластау көздері.

Қатты қалдықтар.

Шлам. Бұрғылау ертіндісімен жабылған “ылғал шлам” анағұрлым маңызды қатты қалдықтар болып табылады. Шламның болжанған салмағы және көлемі 4.1.2.1-кестеде келтірілген.

Кесте 4.1.2.1 – Шламның жобаланған көлемі және салмағы



Жаңажол кен орынында

Аралық

І-аралық, 1000м.

ІІ-аралық, 2300м.

ІІІ-аралық, 3265м.

IV-аралық, 4000м.

жалпы

Минералды ылғал шлам

735м3.

1462т.


446м3.

906т.


128м3.

265т.





1309м3

2633т.


Сулы

ылғал шлам












40м.

99т.


40м.

99т


Өндірістік қалдықтар.

Жұмыс барысында жиналатын қалдықтар ҚР-да төрт топқа болінеді:

1-класс, аса қауіпті (медициналық қалдықтар);

2-класс, қауіпті (қорғасын батареялар, күндіз жарықтандыру түтіктері, бояулар қалдықтары);

3-класс, онша қауіпті емес (бұрғылау ертінділері, малы шүберектер, метал қалдықтары, кеңсе қалдықтары);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет