4.1.3 Апаттар.
Негізгі ластаушы көздерге кен орында технологиялық бұзылыстар және жабдықтар сынуы нәтижесінде болатын апаттар жатады. Әсер ету масштабы елеусіз оқиғалармен өте үлкен қалдықтар тастау аралығынада.
Өндірістік апаттар: жабдықтар сынуын болдыратын және қайтадан орнына қою керек құлаған заттар немесе бұрғылау ертінділерін, химикаттарды, қалдықтарды және бұралқы суларды жою барысындағы сәтсіздіктер, мұнайды және мұнай қосылыстарын жою барысындағы сәтсіздіктер. Бұрғылау ертіндісінің түпте жұтылып кетуі. Қабат флюидтерінің жоюдың мүмкін еместігі.
Апаттық жағдайлар: табиғи апаттар, өрт, жарылыс, қауіпті химиялық заттарды жоюдың мүмкін еместігі, ұңғыманы басқаруда болатын апаттар.
4.2 Биосфера компоненттерін қорғау бойынша инженерлік-техникалық шаралар.
Барлама бұрғылаудың қоршаған ортаға әсерін төмендетуге қолданылатын шаралар кешені жобада қарастырылған.
Негізгі қоршаған ортаны қорғау шаралары келесілер:
- ұңғыма конструкциясы;
- бұрғылау қондырғысының конструкциясы;
- бар қауіптерді ескеріп тиімді жабдықтарды таңдау;
- жұмыс барысын бақлаудың бекітілген процедураларын қолдану;
- жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
- қалдықтарды басқаруды жоспарлау;
- мұнай төгілген кезде жұмыс жасау шараларын жоспарлау.
Қоршаған ортаға әсерді төмендету бойынша шаралар қоршаған ортаға әсер ету көздерін анықтауға бағдарланған. Олар қалдық әсерлерді төмендетуге қолданылады. Ұңғымалар қоршаған ортаға болатын әсер елеусіз болатындай етіліп жобаланған. Қоршаған ортаға минималды әсер ететін бұрғылауға пайдаланудың экологиялық талаптарына сәйкес жабдықты таңдау және қоршаған ортаға ең аз зияны бар жабдықтарды қолдануды қамтамасыз ететін жұмыс барысын бақылау процедуралары кіреді.
Атмосфераға зиянды заттардың тасталуын бақылау үшін жобаның барлық сатысында қозғалтқыштарды сәйкесті жағдайда ұстау керек.
Мұнай төгілулерін болдырмау үшін бағалау нәтижелерінде анықталған қауіпке негізделген қабат флюидтерімен жұмыс жасау жазбаша процедураларына қарау керек.
Қалдықтарды ұстау және теңіз ортасы ластануының алдын алу қалдықтарды басқарудың дайындалған жоспарын талап етеді.
4.2.1 Атмосфералық ауаны қорғау.
Атмосфераны тиімді қорғау үшін ҚР “Атмосфералық ауа туралы” заңына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша келесі талаптар қарастырылған:
- ҚР нормативтік актілерін және қалдық тастаудың нормативтік шектерін сақтау;
- ұңғыманы сынау бағдарламасы минимумға жеткізілуі керек;
- ұңғыманы сынау барысында мұнайды өртеу үшін жанған өнімнің тарап кетуін қамтамасыз ететін алаулы оттықтарды қолдану;
- химиялық реагенттерді тасымалдаудың, сақтаудың және дайындаудың жабық жүйелерін қолдану;
- мониторинг жүргізу.
Мұнай өндірісіндегі жағымсыз әсерді азайту үшін келесі шаралар орындалуы керек:
- мұнайды жинаудың арынды жүйесін герметизациялау;
- мұнай өнімдерін жинау және дринаждауға ЕПП-16 дренаждық сыйымдығын қолдану;
- СНИП Ш-42-80 сәйкес құбырлардың пісірілген қосылыстардың тігістерін бақылау;
- сырттық (изоляциялық жабын) және ішкі коррозияны басу (ингибиторды БР-2,5 блогымен енгізу).
4.2.2 Су ресурстарын қорғау және рационалды пайдалану.
Мұнай кен орнын игеру кезінде мұнаймен қоса қабаттық су алынады. Судың сипаттамалары 2.3-тарауда көрсетілген. Қарастырылып отырған сулар құрамы бойынша бірдей.
Қабат қысымын ұстап тұру үшін қабатқа су айдау ағын суларды утилизациялаудың мәселесін шешер еді, бірақ кеніштердің суарынды режиміне байланысты қабат қысымын ұстап тұру қажет емес.
Өрт жағдайында резервуарларды суытудан қалған ағын сулар, жаңбыр сулары және еріген қар сулары құдыққа ағып, одан әрі жылжымалы құралдармен тұндырғыш-сыйымдылыққа жеткізіледі.
Су ресурстарын және іргелес жатқан территорияны өндіріс объектілерінің кері әсерінен қорғау үшін келесі шараларды орындау керек:
- суды есепке алуды және оны қолдануды бақылауды суөлшегіш аппаратураны қолдану арқылы қамтамасыз ету;
- барлық өндірістік ағын суларды, сонымен қатар мұнаймен қоса табылған суды жинау, тазалау және утилизациялаудың герметизацияланған жүйесін құру;
- технологиялық алаңда бордюрлар мен жаңбырқабылдағыш-тарды салу.
4.2.3 Литосфераны (топырақты, жер қойнауын) қорғау.
Топырақпен жер қойнауын қорғау үшін жобада келесілер қарастырылған:
- ҚР нормативтік актлерін және заңдарын сақтау;
- қалықтар шығармайтын және қабат флюидтеріңнің төгілуін болдырмайтын барлама ұңғымалар констукциясын және технологиялық құрылысын қолдану;
- улылығы аз бұрғылау ертінділерін және жуу сұйықтарын, сондай-ақ табиғи негізді ертінділерді қолдану;
- нақты жолдар бойынша көліктер қозғалысы;
- өндірістік операциялар аяқталғанан кейін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
- мониторинг жүргізу.
Геологиялық ортаға әсер ететін мүмкін негативті әсерлер:
- кен орынды пайдалану кезінде және ұңғыларды бұрғылау кезінде – жыныстардың мұнаймен, қабат сулармен, бұрғылау ерітінділерінің токсикалық реагенттерімен ластануы тау жыныстардың табиғи жату жағдайын бұзу.
- автокөліктің қозғалысы кезінде топырақ түзуші субстраттардың бұзылуы, рельефке әсер етуі, топырақты ластауы.
Мұндай негативті әсерлерді азайту үшін келесі шараларды іске асыру керек:
- ластану потенциалы және қоршаған ортаға әсері минимал материалдарды, техникалық құралдарды, технологиялық процесстерді қолдану;
- ұңғыларды пайдалану кезінде ластаушы заттардың көлемін минималдау;
- қауіпсіз көму үшін максималды утилизациялау, қайта өңдеу.
4.2.4 Жануарлар әлемін қорғау.
Жануарлар әлемін қорғау бойынша жобада келесі шаралар қарастырылған:
ішкі құжаттарды және ҚР нормативтік актілерімен заңдарды сақтау;
- құстары тіршілік ететін жерлерге жақындауды шектеу;
- ұңғымаларды сынауды күндізгі уақытта жүргізу;
- бондық қоршаулардың болуы;
- көліктердің жылдамдығын шектеу және олардың нақты айналым бойынша жүруі;
- жануарлар әлемін қорғау және аң аулауға тыйым салу үшін әкімшілік, құқықтық және экономикалық шаралар қабылдау;
- моиторинг жүргізу.
4.3 Мұнай қалдықтарын жою.
Кесте 4.3.1 – Қалдықтарды пайдаға асыру және қайтадан қолдану.
Мұнай, жайлы шүберектер, химикаттар, жағатын майлар
|
20м3.
|
өртеу
|
Батареялар, электр. жабдық, күндіз жарықтандыру флуоресцендік түтіктері
|
8м3.
|
өңдеу
|
Кесте 4.3.1 жалғасы
Бояулардың қаңылтыр банкалары, бос бөшкелер
|
280 бөшке, 420 банка
|
бөлшектеу, бумен тазалау, қайта қолдану
|
өртке қарсы жабдықтар, мұздатқыштар
|
6м3.
|
кәсіпорынға
орналастыру
|
Күл
|
2.4т.
|
көму
|
Медициналық қалдықтар
|
<1м3.
|
басқарып өртеу
|
ҚР топтастыруы бойынша 4-класс
|
Қағаз, қатты қағаз, ағаш
|
14м3. қағаз, 24м3
|
өртеу
|
Нейлон, пластмасса
|
10м3.
|
өртеу
|
Асхана және коммуникация қалдықтары
|
340м3.
|
өртеу
|
Қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қалдықтар
|
33т.
|
көму үшін нығыздау
|
металлолом
|
36м3.
|
өңдеу, қайта қолдану
|
Ағаш тығырықтар
|
3330 тығырық
|
қайта қолдану
|
Кәсіпорын қалдықтарынан атмосфераның ластану қаупін анықтау:
Тұрмыстық массивтегі атмосфераның ластану қаупін анықтау керек, егер жер бетіндегі шоғырлануы SO2=0.4мг/м3, NO2=0.17мг/м3
Шешуі: Күкіртті газ және азоттың екі тотығының сумация әсері бар, сондықтан j индексін келесі формуламен анықтаймыз:
J=C1/ШМШ1+С2/ШМШ2+…+Сn/ШМШn,
мұнда: ШМШ-шекті мүмкін шоғырлану (ПДК);
j=CSO2/ШМШSO2+СNO2/ШМШNO2=0.4/0.5+0.17/0.085=2.8>1
j=2.8>1 болғандықтан кәсіпорынның атмосфераны ластау қаупі бар және табиғатты қорғау шаралары талап етіледі.
Егерде ластаушы заттардың таралғанан кейінгі шоғырлану мөлшері ШМШ мәнінен артып кетпесе атмосфераның өзін өзі қорғау және ластаушы заттардың мөлшерін тарату қабілеті бар болғаны.
ШМШ-бұл таза ауада таралған кезде нормативті ШМШ мәнінен артып кетпейтін, кәсіпорынның шаңгазды қалдықтарымен бірге атмосфераға тасталатын ластаушы заттар мөлшері.
Қортынды
Жаңажол кен орыны мұнайгазды кен орындарының қатарына жатқандықтан, бұл кен орында мұнай да, газ да немесе екеуі де бірге өндіріледі. Соған байланысты кен орын фонтанды, газлифтті, штангалы терең сорапты және штангасыз сорапты пайдалану әдістермен пайдаланып келеді.
Жоғарыда аталғандардың ішіндегі штангасыз сорапты, яғни батырылмалы ортадан тепкіш электрсорапты пайдалану әдісіне газ факторы әсер етеді, өйткені мұнаймен бірге ілеспе газдар шығады.
2004 жылдың 1 қаңтарына дейін БОТЭС – қа 6 ұңғыманың көшірілгеніне қарамастан, оның ПӘК - нің үлкендігі басқалармен бәсекеге түсе алатынына байланысты, бұл тәсіл әлі де қолданылып келеді.
БОТЭС – пен жабдықталған ұңғымадағы газ факторымен, газ айырғыштар мен диспергаторлардың күресе алуы, бұл оның ПЭК – нің өзгермеуіне және ұңғыма шығымының төмендемеуіне, керісінше ұлғаюына (85 т/тәу – нен, 102 т/тәу – не дейін) әкеліп соғады, яғни оларды техникалық – технологиялық жағынан пайдалану тиімді екенін көрсетіп қана қоймай, БОТЭС – қа да қосымша тиімділік береді.
Ал, БОТЭС – қа көшірілген ұңғыма құнының толық қайтару мерзімінің қысқалығы (52 күнде), бұл әдістің экономикалық жағынан да тиімді екендігін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
1. 2002 – 2003 жылдар аралығындағы “Октябрьскнефть” МГӨБ – ның есеп берулері.
2. “Октябрьскнефть” МГӨБ – ның 2003 жылғы есеп беруі.
3. Э.С. Воцалевский, З. Е. Булекбаев, Б. А. Искужиев и другие
Справочник “Месторождения нефти и газа Казахстана ” Алматы, 1999 г.
4. В. И. Щуров “Технология и техника добычи нефти” М. Недра 1983 г.
5. Ш. К. Гиматудинов “Справочник по добычи нефти” М. Недра 1986 г.
6. Н. А. Ерешенко “Геология нефти и газа ” М. Недра 1968 г.
7. В. Н. Ивановский, С. С. Пекин, А. А. Сабиров “Установки погружных центробежных насосов для добычи нефти ” М. Нефть и газ РГУ нефти и газа им. И. М. Губкина 2002 г.
8. Под редакцией А. Х. Мирзаджанзаде “Технология и техника добычи нефти” М. Недра 1986 г.
9. И. Т. Мищенко, В. А. Сахаров, В. Г. Грон, Г. И. Богомольный “Сборник задач по технологии и технике нефтидобычи” М. Недра 1984 г.
10. В. М. Муравьёв “Справочник мастера по добычи нефти” М. Недра 1981 г.
11. В. М. Муравьёв “Технология и техника добычи нефти” М. Недра 1981 г.
12. А. М. Юрчук “Расчеты в добыче нефти” М. Недра 1969 г.
13. А. Х. Шарипов “Охрана труда и техника безопасности на нефтегазодобывающих предприятиях” М. Недра 1975 г.
14. Ведомственная система безопасности труда и охраны окружающей среды в филиалах и объектах ОАО “СНПС - Актобемунайгаз” Актобе 2001г.
Достарыңызбен бөлісу: |