2.2 Негізгі және қосымша өндірісті ұйымдастыру.
«Октябрьскнефть» МГӨБ 4 ұйымдасқан қызметтерден тұрады:
басқару аппаратынан;
инженерлі – техникалық қызметінен;
өндірістік қызмет көрсету базаларынан;
мекемелер мен цехтардан.
Соңғысы тікелей МГӨБ – ның басшылығына қарайды.
Кәсіпорындағы тұтас өндірістік үрдіс, негізгі және қосалқы үрдістерге бөлінеді.
Мұнайгаз өндіру басқармасында негізгі үрдістерге мұнай және газ өндіру, газды кептіру, айыру және тасымалдауға дайындау жатады.
Қосалқы үрдістердің мақсаты, ол негізгі үрдістерге қолайлы кәсіпшіліктік жағдайлар жасау болып табылады.
Қосалқы өндірістің негізгі функцияларына мыналар кіреді:
- өндірістік қорларды жөндеу және ұстау;
- сумен қамтамасыз ету;
- энергиямен қамтамасыз ету;
- материалдық-техникалық жабдықтау.
МГӨБ қосалқы өндіріске сонымен қатар, ұңғыманы жер асты жөндейтін жерлер, мұнайды дайындау және айдау цехтері, жылумен қамсыздандыру жері жатады.
Қосалқы үрдістерді құру арқылы, техникалық үрдіске қолайлы әсер етуге болады, біртекті және күрделі жұмыстан, жұмысшыларды босатуға мүмкіндік береді.
Келесідей қосалқы үрдістерді белгілеп алу қажет:
- еңбек құралдарының орны ауысып тұруына байланысты, оларды тию және түсіру жұмыстарының үрдістері;
- жасалған еңбек құралдарының сапасын тексеретін және оларды сынайтын бақылау үрдістері;
- өндірістің қажетті параметрлерінің күйін зерттейтін үрдістер;
- пайдалы қазбаларды барлайтын, геологиялық барлау үрдістері.
2.3 Нақты шығындар.
Өндірістік бағдарламаны орындау үшін, 2003 жылдың 23 маусымда бас директордың нұсқауы бойынша мынандай мәселе қойылды: мұнай мен газдың 1 т – на кететін шығындарды – 2350 теңгеден асырмау қажет. 2003 жылдың 5 мамырында қабылданған жоспар бойынша шығындардың көлемі 22417855 мың теңгені құрады, соның ішінде әлеуметтік саладағы өтелмеген шығындар – 48564 мың теңгені құрайды.
Бірақ өндірістік бағдарламаның өзгеруіне орай, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» ААҚ ӨЭД – нің нұсқауы бойынша шығындардың жоспарына келесідей шығындардың түрлері еңгізілді:
- «Шикізат пен материалдар» үшін – 646998 мың теңге.
Соның ішінде:
- компрессорлы газлифтке жіберетін газдың көлемінің ұлғаюына байланысты, ішкі айналым үшін – 73778 мың теңге;
- БОТЭС – тың жабдықтары үшін – 64327 мың теңге;
- компрессорлы газлифтпен өндіріп жатқан 20 ұңғымалардың жабдықтары үшін – 184400 мың теңге;
- плунжерлі газлифтке 10 ұңғыманы көшіруге қажетті СКҚ үшін – 141360 мың теңге;
- ілмекті сымдар үшін – 5000 мың теңге;
- 6 электрманометр үшін – 25704 мың теңге;
- плунжерлі газлифттің жабдықтары үшін – 46294 мың теңге;
- химреагенттерді әкелу үшін – 62858 мың теңге.
«Жаңармай» үшін – 3448 мың теңге.
«Басқа мекемелердің өндірістік сипаттағы жасаған қызметтері мен жұмыстары» үшін төленген ақысы – 14178 мың теңге.
АБК табанын жөндеу үшін – 14178 мың теңге.
«Ақтөбемұнаймашкомплект» ЖШС – гі шығындарды ауыстыру үшін – 9053 мың теңге.
Жолдың ішінде үнемдеуге байланысты, жалпы түзету 14178 мың теңге құрап отыр.
«Басқа шығындар» үшін – 6757 мың теңге.
- плунжерлі газлифтке техникалық қызмет көрсету үшін – 25000 мың теңге;
- БОТЭС – қа қызмет көрсету үшін – 12000 мың теңге;
- газлифті әдісіне қызмет көрсету үшін – 31212 мың теңге;
- тиімді су айдау үшін – 23715 мың теңге;
- бөлек қабаттағы су айдауға техникалық қызмет көрсетуді жоспардан алып тастау үшін – 84525 мың теңге.
Жер астында қалған мұнайдың қорының өзгеруіне (80 млн. т – дан, 50 млн т–ға дейін) байланысты,
«Негізгі қорлардың тозуын» ескеру үшін – 1836153 мың теңге.
«Басқадай шығындыр» үшін – 1136441 мың теңге.
Cоның ішінде:
- мұнай, газ және судың роялтиі үшін – 1001986 мың теңге;
(жоспардағы мұнай үшін – 13550 теңге, түзетілген жоспарда – 18754,56 теңге)
Мүлік салығының өсуіне байланысты,
«Салық төлемдері» үшін – 185586 мың теңге.
«Басқа мекемелердің қызмет көрсеткені» үшін – 9361 мың теңге.
Соның ішінде:
- Жаңажол кенорындағы объектілерді күзету үшін – 6061 мың теңге;
- «Қандыағашжылуэнергия» ЖШС – нің коммуналдық қызмет көрсеткені үшін – 3300 мың теңге.
- «Еңбек ақының шығындары» үшін - 140784 мың теңге, бұл сыйақының барлық түрлерін төлеуіне байланысты.
- «ААҚ – ның қарамағындағы мекемелердің қызмет көрсеткені» үшін – 2531207 мың теңге.
Соның ішінде:
- ЖГӨЗ – тың қызмет көрсеткені үшін – 1951796 мың теңге;
- АМС басқармасының қызмет көрсеткені үшін – 240529 мың теңге;
- ДНС-СЕВЕР бойынша қалпына келтіретін АССМУ үшін – 4434 мың теңге;
Сөйтіп, әлеуметтік саладағы өтелмеген шығындарды – 52067 мың теңгені қосқанда, түзетілген жоспарлы шығындар – 28417908 мың теңгені құрады.
Алынып тасталатын шығындар:
- амортизация үшін – 5382479 мың теңге;
- мұнай, газ және судың роялтиі үшін – 6130378 мың теңге;
- кенорынды жабуға кететін төлемдер – 216000 мың теңге;
- әлеуметтік саладағы амортизация үшін – 1930 мың теңге.
Жалпы бағалайтын жоспарлы шығындар – 16687121 мың теңге.
Өндірілген мұнай мен газдың 1 т – на кететін шығындар:
16687121 мың теңге / 4981,112 мың т = 3350,08 теңге.
2003 жылы нақты шығындар 26996249 мың теңгені құрады.
Соның ішінде алынып тасталатын шығындар:
- амортизация үшін – 5369381 мың теңге;
- мұнай, газ және судың роялтиі үшін – 6206889 мың теңге;
- кен орынды жабуға кететін төлемдер – 398126 мың теңге;
- әлеуметтік саладағы амортизация үшін - 1942 мың теңге.
Жалпы бағалайтын шығындар – 15019911 мың теңгені құрады.
1 т мұнай мен газға кететін нақты шығындар – 15019911 мың теңге / 4992,631 мың т = 3008,42 теңге.
Сонда тиімділік – 3008,42 теңге – 3350,08 теңге = 341,66 теңгені құрады.
Кесте 2.3.1 – 2003 жылы өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар.
Аталуы
|
2003 жылдың
жоспары бойынша
|
2003 жылдың
нақтысы бойынша
|
+,-
|
1. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен жалпы шығындар, мың теңге
|
28417908
|
26996249
|
-1421659
|
2. 1 т мұнай мен газдың толық өзіндік құны, теңге
|
5705,13
|
5407,22
|
-297,91
|
3. Амортизацияны, әлеуметтік саладағы амортизацияны және роялтиді қоспағанда, өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар, мың теңге
|
16903121
|
15418037
|
-1485084
|
Кесте 2.3.1 жалғасы
4. Амортизацияны, әлеуметтік саладағы амортизацияны және роялтиді қоспағанда, 1 т мұнай мен газдың өзіндік құны, теңге
|
3393,44
|
3088,16
|
-305,28
|
5. Амортизацияны, әлеуметтік саладағы амортизацияны, роялтиді және кенорынды жабуға кететін төлемдерді қоспағанда, өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар, мың теңге
|
16687121
|
15019911
|
-1667210
|
6. Амортизацияны, әлеуметтік саладағы амортизацияны, роялтиді және кенорынды жабуға кететін төлемдерді қоспағанда, 1 т мұнай мен газдың өзіндік құны, теңге
|
3350,08
|
3008,42
|
-341,66
|
Кесте 2.3.1 жалғасы
7. Амортизацияны, роялтиді, кенорынды жабуға кететін төлемдерді және ЖГӨЗ – на кететін шығындарды қоспағанда, өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар, мың теңге
|
9517008
|
8531267
|
-985741
|
8. Амортизацияны, роялтиді, кенорынды жабуға кететін төлемдерді және ЖГӨЗ – на кететін шығындарды қоспағанда, 1 т мұнай мен газдың өзіндік құны, теңге
|
1910,62
|
1708,77
|
-201,885
|
2.4 «Октябрьскнефть» мұнайгаз өндіру басқармасында еңбекті және еңбекақыны ұйымдастыру ерекшелігі.
Өндіріс қорларын және жұмыс уақытын, жұмысшы мамандарды рационалды таңдау, орналастыру және тиімді пайдалануды қарастыратын жалпы ұйымдастырудың бір бөлігін еңбекті ұйымдастыру деп аталады.
Еңбекті ұйымдастыруға мыналар кіреді:
- жұмыс орнын ұйымдастыру және онда қызмет атқару;
- жұмыс әлпісі;
- жұмысшы мамандарды орналастыру;
- еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- жұмысшылардың біліктілігін дайындау және арттыру, жарыс ұйымдастыру.
2004 жылдың 1 қаңтарында «Октябрьскнефть» МГӨБ – ның тізімінде 980 адам болды, соның ішінде 692 жұмысшылардың арасында 275 әйел бар.
2003 жылы жұмысқа 90 адам қабылданып, ал жұмыстан 41 адам шығарылды. 2002 жылдан бері мамандардың ауысу коэффициенті 0,04 құрады.
2003 жылы тізімде орташа 945 адам болды, солардың ішінде 664 адам жұмысшылар. Жұмысшылар жалпы 207754 адам/күн жұмыс істеді. Бір жұмысшыға келетін, жұмыс уақытының жоғалтуы 0,047 адам/күн құрады, яғни бұл алдыңғы жылдың деңгейіне сәйкес келеді деген сөз.
Жұмысшылардың еңбекақысы «CNPC – Ақтөбемұнайгаз» ААҚ – ның мақұлдаған жұмыс мерзіміне сай, уақыт жүйесі мен белгілеген тарифті ставкалары бойынша төленеді. Барлық дәрежелер ЕТКС бойынша белгіленсе, ал тарифті ставкалар ЕТС төлеу коэффициентін пайдалану негізінде белгіленді.
Жұмысшылардың орташа дәрежесі, атқарылатын жұмыстардың орташа дәрежесіне сәйкес келеді және ол 3,9 құрайды.
Басқармада құрамында 590 адамы бар 36 бригада құрылды, ол өз кезегінде құрамында 259 адамы бар 14 кешенді және құрамында 331 адамы бар 22 арнайы бригадаларға бөлінеді.
Барлық бригадаларды жоғары білікті мастерлер басқарады. Бригадалардың жасалған жұмыстары бойынша баға беріледі, жақсы істеген бригадаға сыйақы беріледі.
2003 жылы «Октябрьскнефть» МГӨБ бойынша бір жұмысшыға келетін, кіріс салығын ұстамағандағы орташа жалақы – 49,687 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2002 жылдың деңгейімен салыстырғанда 126,8 пайызға, жоспар бойынша 100,2 пайызға артқан. Соның ішінде кәсіпшіліктік – өндірістік қызметкерлерінің кіріс салығын ұстамағандағы орташа жалақысы – 54,093 мың теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2002 жылдың деңгейімен салыстырғанда 126,1 пайызға, жоспар бойынша 100,2 пайызға артқан. 2003 жылы 181606,2 мың теңгенің көлемінде сыйақы төленді, соның ішінде 145369,1 мың теңге өндірістік – шаруашылық қызметті бағалау үшін, 9440,0 мың теңге мұнайшылар күнінің қарсаңында, 9700,0 мың теңге тәуелсіздік күнінің қарсаңында, 17097,0 мың теңге басқа шараларға жұмсалды.
2.5 Жаңажол кен орнын пайдаланудың техникалық – экономикалық көрсеткіштеріне зерттеу жасау.
Экономикалық зерттеуде өнімнің сапасы және түрі, көлемдік көрсеткіштер ерекше орын алады, өйткені олар басқа бөлімдердегі көрсеткіштердің деңгейін анықтайды.
Зерттеудің және өндірістік бағдарламаның орындалуының маңызы, таза өнімнің көлемін және оның түрлерін шығаратын, өткізетін кәсіпорынның қызметінде жатыр.
Өндірістік бағдарламаны зерттеу кезінде, жеткізілген көрсеткіштердің деңгейіне баға беру қажет, оларды алдыңғы жылмен және жоспармен салыстыра келе, олардың өзгеруінің факторын және дәрежесін, жақсаруына ықпал еткен жеке бригадаларды анықтау керек, сонымен қатар осы көрсеткіштердің ары қарай жақсаруына ықпал ететін жолдарды және мүмкіндіктерді ашып алу қажет.
Кәсіпорындағы уақытылы жылдық, кварталды, айлық есеп берулердің көздері болып, олар бойынша жазылған түсініктеме қағаздар, сонымен қатар жеделдік және бухгалтерлік есептер жатады. Кейбір жағдайларда өндірістік қорларды анықтау үшін, технологиялық қондырғылардың жұмыс үрдісін, шикізаттың сапасын және оның пайдалануын арнайы қарау керек.
Жаңажол кен орыны 1983 жылдың қазанынан бастап игеріле бастады. 1984 жылдан, 1988 жылға дейін сынау аймағында бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі кезде кен орында 593 ұңғыма бұрғыланып, соның ішінде 413 пайдалану ұңғымалары, 134 айдау ұңғымалары, 13 бақылау ұңғымалары, 18 су алатын ұңғымалары болып табылады. Қазіргі уақытта пайдалану қорынан 25 ұңғыма, айдау қорынан 3 ұңғыма істемей тұрса, ал жалпы алғанда 33 ұңғыма істемей тұр, бірақ «Октябрьскнефть» МГӨБ – ның мамандары, істемей тұрған ұңғымаларды іске қосу үшін атсалысып жатыр.
Өндіру және айдау ұңғымаларының істемей тұрғандығының негізгі себептері:
- жабдықтарды жөндеу керек;
- құм тығындарын жою үшін ұңғымаларды тоқтату керек.
2.5.1 Техникалық – экономикалық көрсеткіштерге талдау жасау.
2003 жылдың 23 маусымдағы бас директордың нұсқауы 1 т мұнайға және газға кететін шығындар 2350 теңгеден және жоспар бойынша барлық шығын көлемі 22417855 мың теңгеден аспау керек еді, соның ішінде әлеуметтік салаға 48564 мың теңге төленбегеніне байланысты, өндірістік жоспар қайтадан өзгертілді.
Өзгертілген жоспар бойынша барлық шығын көлемі 28417908 мың теңгені құрады, бірақ іс жүзінде жалпы шығын көлемі 26996249 мың теңгені құрады. Яғни бұдан көріп отырғанымыздай, жалпы шығын көлемі 1421659 мың теңгеге немесе 5 пайызға төмендегенімен, керісінше мұнай, газ, судың роялти төлемдері жоспар бойынша 6130378 мың теңгеден, іс жүзінде 6206889 мың теңгеге, кен орынды жабуға кететін төлемдер жоспар бойынша 216000 мың теңгеден, іс жүзінде 398126 мың теңгеге, әлеуметтік саладағы амортизация төлемдері 1930 мың теңгеден, іс жүзінде 1942 мың теңгеге артты.
Осы техникалық – экономикалық көрсеткіштердің осылай өзгеруіне бірнеше мынандай факторлар әсер етті:
Біріншіден, жалпы шығын көлемінің азаюына, жылдық мұнай өндіру көлемінің жоспар бойынша 4981,112 мың тоннадан, іс жүзінде 4992,631 мың тоннаға артуы, сәйкесінше 1 т мұнай мен газға кететін толық өзіндік құн жоспар бойынша 5705,13 теңгеден, іс жүзінде 5407,22 теңгеге дейін азаюы себеп болды.
Екіншіден, мұнай, газ, судың роялти төлемдерінің артуына, жылдық мұнай өндіру көлемінің жоспар бойынша 4981,112 мың тоннадан, іс жүзінде 4992,631 мың тоннаға артуы, айдау ұңғыларының 16 ұңғымаға көбеюі, сәйкесінше су өндіру көлемінің артуы себеп болды.
Үшіншіден, кен орынды жабуға кететін төлемдердің артуына, шығымды аз беретін ұңғымалардың жабылуы, бір ұңғыманың пайдаланудың бір тәсілінен екінші тәсіліне ауысуына себеп болды.
Төртіншіден, әлеуметтік саладағы амортизация төлемдерінің өсуіне, жұмысшылардың санының 90 адамға артуы, еңбекақының және сыйақының өсуі себеп болды.
Қорыта айтқанда, жалпы шығын көлемінің азаюы, бұл кәсіпорынның сондай көлемде пайда көргенін көрсетеді.
2.6 Батырылмалы ортадан тепкіш электрсораптармен жабдықталған ұңғымаларды пайдаланудың тиімділігін анықтау.
Бастапқы мәліметтер:
№ 2025 ұңғыма.
Орнатылған ортадан тепкіш батпалы электрсораптың беруі Q = 85 т/тәу.; ұңғыманың шығымы штуцермен реттелетін Q = 60 т/тәу. ; динамикалық деңгейі h = 783 м ; жұмыс әлпілеріне байланысты сораптың ПӘК - ті 0,25 – тен, 0,45 – ке дейін өзгереді.
Желідегі энергия шығынын ескермеген кездегі сораптың пайдалану қуатын мына формуламен анықтаймыз:
= , (3.7.1)
== Вт = кВт.
Бір тәулікке қажетті электрэнергия:
= кВт× сағ.
Өндірілетін сұйықтың 1 м- на кететін электрэнергия:
/= кВт× сағ.
Осы ұңғыманы кезеңдік пайдалануға көшірген кезде, сорап небәрі 12 сағат жұмыс істейді. Ұңғымада тағайындалатын пайдалану әлпісіне байланысты, бұл уақыт бірнеше кезеңнен тұруы мүмкін. Осы 12 сағаттың аралығында (ұңғымада штуцер болмаған жағдайда) сорап Q = 85 т/тәу. – дей болатын, максималды беруімен жұмыс істейді.
Бұл жағдайда (hс = 0,45 болған кезде) сораптың пайдалану қуатын (3.7.1) – формуласымен былай анықтаймыз:
== Вт = кВт.
Тәуліктегі электрэнергияның шығыны:
= кВт× сағ.
Өндірілетін сұйықтың 1 м- на кететін электрэнергия:
/= кВт× сағ.
Штуцермен шығым шектелген жағдайда және сораптың үздіксіз жұмысы кезіндегі энергияның шығынымен салыстырғанда, кезеңдік пайдалануда 60 ммұнайды өндіру үшін, 8,54/2,37 = 3,6 есе аз электрэнергия шығыны кетеді.
Сонымен қатар желіде, автотрансформаторда және басқа жабдықта энергияның жоғалуының азаюы есебінен, электрэнергиясының үнемділігі арта түседі. Ұңғыманы кезеңімен пайдаланған кезде, оның экономикалық көрсеткіштері жөндеу аралық кезеңінің ұзақтылығы 2 есеге арту есебінен, сораптың жұмыс ұзақтылығының төмендеу есебінен жақсарады.
2.7 ӘЭОТС – қа көшірілген ұңғымалардың экономикалық тиімділігін есептеу.
КТ – ІІ – гі Дт – 1 жиынтығы.
№ 2025 ұңғыма.
Пайдалануға берілген күні 20.07.90 ж.
ӘЭОТС – қа көшірген күні 24.05.03 ж.
Бастапқы шығымы Q = 85 т/тәу.
Ұңғыманы ӘЭОТС – қа көшіру үшін кететін шығындар 116000 доллар = 17400000 теңге.
ӘЭОТС – қа көшіргеннен кейінгі ұңғыманың шығымы Q = 102 т/тәу.
Мұнайдың есептік бағасы – 3280 теңге/т.
Бір күн үшін 102*3280 = 334560 теңге.
Өз құнын толық қайтарып алатын мерзім – 17400000 теңге : 334560 теңге = 52 күн.
52 күннен кейін сорап өзі үшін жұмыс істейді.
3 Еңбек қорғау бөлімі
3.1 Батырылмалы ортадан тепкіш электрсораптарды пайдалану кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторларға талдау жасау.
Өндірісте еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ететін профилактикалық жұмыстарды жүргізу, кәсіпорындағы техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.Өндірісте туатын қауіпті және зиянды өндірістік факторларға байланысты, батырылмалы ортадан тепкіш электрсорапты пайдаланған кезде қандай операциялармен кездесетінімізді қарастырайық.
Батырылмалы ортадан тепкіш электрсорап жабдығы, ұңғымаға сорапты құбырлар арқылы түсірілетін батырылмалы агрегаттан (электрсораптан), қозғалтқышты электрэнергиясымен қоректендіретін арнайы желіден және автоматты басқару станциясынан тұрады.
Электрсорап, арнайы батырылмалы, майға толы, ауыспалы тогы бар электрқозғалтқыштан, қозғалтқышқа сұйықтың енуін болдырмайтын протектордан және ортадан тепкіш көп сатылы сораптан тұрады.
Батырылмалы ортадан тепкіш электрсорапты пайдалану кезінде, мынандай өзіне тән жұмыстар атқарылады: желіні жіберу, орау, барабанға дұрыс қатарлары бойынша жатқызу, сонымен қатар көтеру – түсіру операциялары, өйткені онда желіні сорапты – компрессорлы құбырлармен бірге көтеру немесе түсіру қажеттілігі туады.
Желілік барабанның механизмін рама – шаналарына қондырады, оның бүйірінде барабан желісін бекіту үшін арнайы тіректері бар ферма пішінді кронштейін болады. Трактордың буксирлі қондырғысына бекіту үшін, рама – шаналарының алдыңғы бөлігінде дышло болады. Желілік барабанды алдыға немесе артқа айналдыру үшін, рама – шаналарының артқы бөлігінде накаттар қарастырылған. Жұмыссыз жағдайда накаттарды тіректер ұстайды. Рама – шаналарының алдыңғы бөлігіндегі платформасында привод блогы, лебедка блогы және басқару станциясы орнатылған.
Желіні желіжатқызғыш арбамен ораған кезде, оны барабан бөшкесінің ұзындығы бойынша жатқызады. Бұндай конструкция, барабан мен желімен бірге ұңғыма аумағында немесе барабан мен желісіз кәсіпорын аумағында трактормен тасымалдауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған БОТЭС – тың қысқаша сипаттамасына тоқтала келе, оны пайдалану кезінде қандай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсер ететінін атап өтейік:
БОТЭС электр тогымен жұмыс істейтінін ескерсек, яғни одан туатын қауіп жоғары вольтты энергиядан, электр құралдарын дұрыс пайдаланбауынан болуы мүмкін.
Электрлі жарақаттардың пайда болуының мынандай негізгі жағдайлары бар:
электр тогына қосылған электр қондырғыларына қол сұққанда
электрқондырғыларындағы электрлі оқшауландыруы дұрыс емес металды бөліктеріне қол сұққанда
электрлі оқшауландыруы дұрыс емес орындарының немесе ток жүргізетін бөліктердің жерге тұйықталатын жерлердің қасында болу кезінде.
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда, түсіру – көтеру операциялары аса қауіпті орын алады.
Жабдықты дұрыс пайдаланбағанда, жөндеу жұмыстарын жүргізгенде және оны жұмыс жағдайына қосқан кезде жарақаттар туу мүмкін.
Тасымалдауға жабдықты дайындаған кезде, тасымалдаудың қауіпсіздік ережелерін сақтамаса, айналасындағы адамдарға қауіп және апатты жағдай туғызу мүмкін.
Көмірсутектер, эфирлер, спирттер, альдегидтер, ілеспе газдар және тағы басқа сияқты органикалық заттарды өндіру үрдісінде, қоршаған ортаның ережелерін сақтамаған жағдайда олардың жұмыс орында булануына, олардан улануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
3.2 БОТЭС пайдаланған кездегі қорғану шаралары.
3.2.1 Өндірістік санитария.
Кәсіпшіліктік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормалары, кәсіпорынның аумағына, ондағы су қамсыздандыру жүйесіне және канализациясына, қосалқы құрылыстарға арнайы талаптарды жүктейді.
Кәсіпшіліктік кәсіпорындарды халық қоныстанған аймақтардан арнайы бөлінген аудандарға немесе халық қоныстанған аймақтардан алыс орналастырады.
Қоршаған ортаға шығаратын зиянды және жағымсыз иісті заттардың, сонымен қатар жоғары дыбыстың, дірілдің, ультрадыбыстың, электрлі магнит толқындардың, статикалық электр тогының және ионды сәулеленудің көзі болып табылатын кәсіпорындағы жеке құрылыс нысандарын, технологиялық үрдістер жүретін құрылыстарды, тұрмыстық нысандардан санитарлық қорғану аймақтармен бөлу керек.
Кәсіпорын салынатын алаңдарды таңдау үшін, жергілікті жердің табиғи жел соғуын, тіке күннің тиюін, жер бедерін және аэроклиматтық сипаттамаларын және ауаға тасталатын өндіріс қалдықтарының таралуын ескеру қажет.
Бөлетін зиянды заттарға және оларды тазарту шараларын жүргізуіне, технологиялық үрдіске байланысты кәсіпшіліктік кәсіпорындар бес классқа бөлінеді. Бірінші классқа атмосфераға зиянды заттарды (сынапты өндіру, ацетон және тағы басқа) аса көп мөлшерде тастайтын өндірістің әр түрлі салаларындағы кәсіпорындар (химия, металлургия, машина жасау және тағы басқа) жатады, ал бесінші классқа атмосфераға зиянды заттарды өте аз мөлшерде тастайтын кәсіпорындар (үлкен емес машина жасау кәсіпорындары, тамақ жасау және тағы басқа) жатқызуға болады.Бірінші классқа жататын кәсіпорындағы санитарлық қорғану аймағының ені 1000 м, екінші класс үшін – 500 м, үшінші класс үшін – 300 м, төртінші класс үшін – 100 м және бесінші класс үшін – 50 м құрайды. Кәсіпшіліктік кәсіпорындарды жобалаған кезде, атмосфераға зиянды заттардың тасталуын болдырмайтын технологиялық үрдістер қарастырылуы қажет, ал ондай болмаған жағдайда халыққа зиянды әсер болдырмайтын тиімді шараларды жүргізу керек. Бұған газдан тазалау, шаң аулау, құбырлардың биіктігін өсіру коммуникацияны және аппаратураны саңылаусыздандыру және тағы басқа жатады. Санитарлық қорғану аймақтарға өрттік депоны, гараждарды, қоймаларды, сауда нысандарын орналастыруға және көгаландыруға болады.
Дыбысты және шаңды объектілерді желдің бағытына сәйкес орналастырады. Нысандардың бөлінген жерін көгалдандырады. Кәсіпорын аумағы тек қана өндірістің талаптарына ғана емес, сонымен қатар санитарлық нормаларға да жауап беру қажет, яғни кәсіпорын аймағы тегіс, жарықтандырылған, жүретін және көлік жолдары жеткілікті болу керек. Көлік жүретін жол қалың және оның ені қарсы көлік ағындарын ескеру қажет.
Өндірістік және шаруашылық қажеттіліктерді қанағаттандыратын су құбырлары және суды ағызып жіберетін канализация барлық өндірістік және қосалқы нысандарда болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |