Дипломдық жоба мамандыгы 5В072900 Құрылыс Қарағанды 2019


Ішкі өрт сөндіру негіздері



бет22/34
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450964
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
туржан пояснилка

5.3 Ішкі өрт сөндіру негіздері

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:- Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау; - ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру; - өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.

Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi. Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс. Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi. Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттiк органдар әзiрлеп, iске асырады.

Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған iс-әрекеттер болып табылады. Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.

Ішкі өрт болмауы үшін адамдар келесі жұмыстарды алдын-алуы керек:

- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткiзу, сатып алу және жеткiзiп беру;

- жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;

- ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу;

- заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;

- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;

- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;

- оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;

- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;

- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;

- өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;- өрт қауіпсіздігі саласындағы қатерлерді тәуелсіз бағалау;

- тiзбесiн мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет