Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Ол диплом жобасында бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделеді және араб сандарымен нүктесіз, абзат жолдан нөмерленеді. «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ» сөзі тақырып ретінде бас əріптермен жолдың ортасына жазылып, нөмірленбейді. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ деген құрылымда дерек-көздері араб сандарымен нөмірленіп жəне азат жолдан шегінісінен жазылуы тиіс.
Диплом жобасының мәтіні бойынша пайдаланылған мәліметтер реттік нөмері бойынша және тік жақшамен қолдану ретімен сілтеме жасап көрсету керек. Бірдей мәлімет көзі бірнеше рет қайталанған жағдайда тік жақшаның ішіне реттік номерінен басқа да, сол бетке сәйкес номері де көрсетіледі (мысалы, [1], [2], [3],...., [х]).
Қосымша диплом жобасы мәтініндегі сілтемелер тәртібіне сәйкес, жобаның жалғасы ретінде келесі бетіне тіркей беру керек. Әрбір қосымшаны жаңа беттен басталады. Егер олар біреуден көп болса, онда қосымшалар қазақ алфавитінің əріптерімен А əріптен басталып, Ё, З, Й, О, Ч, Ы, Ъ, Ь əріптерінен басқа əріптермен белгіленеді. «Қосымша» сөзінің алдында оның ретін көрсететін əріп жазылады.
«Қосымша» сөзі тақырып ретінде бас əріптен басталып, қалғаны кіші əріптермен жолдың ортасына жазылады. Егер дипломдық жобада қосымша ретінде дербес мәні бар құжат пайдаланылса, оны түпнұсқада өзгеріссіз дипломдық жобаның қосымшасына салады. Қосымшаларда дипломдық жобаның қалған бөлігі бар жалпы беттердің ретімен нөмірленуі тиіс.
Əрбір қосымшаның мəтінін қажет болған жағдайда бөлімдерге, бөлімшелерге, тармақтарға, тармақшаларға бөлуге болады. Қосымшаларда бөлімдер, бөлімшелер, тармақтар, тармақшалар, графикалық материалдар, кестелер мен формулалар əрбір қосымшаның шегінде нөмірленеді. Нөмірдің алдында осы қосымшаның əріпі қойылады.
Иллюстрациялар мен кестелер əрбір қосымшаның шегінде нөмірленеді.
Мысалы, А.1 – сурет, А.1– кесте.
Қосымшалар бірнеше бетте болса, əрбір келесі бетте – «А қосымшаның жалғасы» деп жазу керек. Қосымшалар оқу жұмысының қалған бөлігімен біртұтас беттік нөмірмен нөмірленуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |