Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұСҚаулық


Дипломдық жобаны рәсімдеу бойынша ұсыныстар



бет7/13
Дата13.11.2022
өлшемі346.83 Kb.
#464761
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Норма

7 Дипломдық жобаны рәсімдеу бойынша ұсыныстар
7.1 Дипломдық жоба құрылымы

Дипломдық жоба құрылымы келесі ретте болуы тиіс:



  1. титул парағы (А қосымшасы);

  2. дипломдық жобаны орындауға арналған тапсырма (Ә қосымшасы);

  3. дипломдық жобаны орындау кестесі (Б қосымшасы);

  4. дипломдық жобаға түсіндірме жазба (В қосымшасы);

  5. мазмұны;

  6. кіріспе;

  7. негізгі бөлім;

  8. арнайы бөлім;

  9. экономикалық бөлім;

  10. еңбек қорғау;

  11. қорытынды;

  12. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  13. қосымша.

Дипломдық жобаның жалпы көлемі (қосымшасыз) 50-70 бетті құрауы тиіс. Көлемнің жоғары болуы – дипломдық жобаның кемшілігі және лайықсыздығы деп танылады.
Титул парағы дипломдық жобаның бірінші беті, онда негізгі мәліметтер жазылады. Титул беті дипломдық жобаның жалпы бет нөмірлеу санына қосылады, бірақ титул бетіне бет нөмірі қойылмайды.
Диплом жобасының мазмұнына – диплом жобасының барлық негізгі бөлімдері және тарауларымен тараушаларының беттерінің нөмерлері кіреді. Бөлімдері мен бөлімшелерінің атаулары диплом жобасының мазмұны бойынша көрсетілген атаулармен толықтай сәйкес келуі керек, олардың атауларын қысқартып жазуға жол берілмейді. «МАЗМҰНЫ» сөзі бас əріптермен жолдың ортасында тақырып ретінде жазылады жəне нөмірленбейді. Мазмұнына кіргізілген тақырыптар бас əріптен басталып, жай əріптермен жазылады.
Кіріспеде тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысанасы көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге қойылған зерттеу сұрақтарының қысқаша сипаттамасы мен нақты зерттеу әдістері бейнеленуі керек. Осыған қоса топтың әрбір мүшесінің жобаға байланысты қандай бөлімдерге жауапты екендігі мен жауапкершілік көлемі көрсетіліуі керек. Кіріспенің көлемі 3 беттен аспауы керек. «КІРІСПЕ» сөзі тақырып ретінде бас əріптермен жолдың ортасына жазылады жəне нөмірленбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет