1 Жалпы ережелер
Дипломдық жоба өзінің мазмұны бойынша колледждің бітіруші студенті мамандығына сәйкес өз бетінше дайындаған ғылыми-зерттеу жұмысын білдіреді. Дипломдық жоба Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарына сәйкес орындалады. Әдістемелік нұсқаулықтың дайындалу мақсаты – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша дипломдық жобаларға қойылатын жалпы талаптарды белгілеу болып табылады
1.1 Дипломдық жоба мақсаты, міндеті және мазмұны
Дипломдық жобаны білім беру бағдарламалары бойынша оқитын колледждің әрбір бітіруші түлегі орындайды: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 1305000 «Ақпараттық жүйелер»
Дипломдық жобаны орындау мақсаты:
– теориялық білімді жүйелеу, бекіту және кеңейту;
– дипломдық жоба тақырыбына байланысты сұрақтарды зерттеу;
– өз бетінше талдау және техникалық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгеру;
– бітірушілердің оқу және техникалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
– есепті-графикалық дағдыларды дамыту, нормативтік құжаттарды қолдана білу (МемСТ және т.б.)
Дипломдық жобаның мазмұны мен түсіндірме жазбаның бөлімдері мамандықтың бейініне, дипломдық жобаның тақырыбы мен сипатына байланысты анықталады.
2 Дипломдық жоба тақырыптарының белгіленуі, бекітілуі мен берілуі
Дипломдық жоба тақырыптарын дипломдық жоба жетекшілері әзірлейді, пәндік-циклдік комиссия отырысында қаралады, оны колледж директоры бекітеді.
Дипломдық жобаның тақырыбы өндірісте шешуге тура келетін нақты міндеттерді, білімділік пен біліктілікті, дағды көлеміне сәйкес келуі тиіс. Тақырыптың атауы қысқаша және жұмыстың негізгі мазмұны мен мақсатын анық білдіруі тиіс.
Диплом жоба тапсырмасын директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен бекітіледі. Дипломдық жобаға тапсырма дипломдық жобаға тігіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |